Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
ІнструкціяПосудомийна
Ыдыс жуғыш
машина
Посудомоечная
машина
машина
2
Мазмұны
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық
үрдістерін жете меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді. Қажет жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру
үшін бұл нұсқаулықты сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны
келесі пайдаланушыға берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
МАЗМҰНЫ
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАР 3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету 3
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Қолданылуы 4
Күту менен тазалау 4
Орнату 5
Мұздап қалуға қарсы сақтық
шаралары 5
Суға қосу 5
Электртоғына қосу 6
Қызмет көрсету орталығы 6
Құрылғыны тастау 6
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 7
Оптикалық сигнал 8
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ 8
Бейнебет 9
Кешіктіріп бастау түймешігі 9
Бағдарлама таңдау түймешіктері
Шаю бұйымдары 14
Шайғыш заттың үлестірілетін
мөлшерін белгілеңіз 14
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ 15
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-
АЯҚТЫ САЛУS 15
Ақыл-кеңес 15
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР 16
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ
ЖӘНЕ БАСТАУ 18
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
жуу бағдарламасын таңдап, іске
қосыңыз. 18
Кешіктіріп бастау функциясы бар
жуу бағдарламасын таңдап, іске
қосу 18
Жуу бағдарламасын кідірту 18
Жуу бағдарламасы немесе
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату тәсілі 18
Жуу бағдарламасының соңында
14
19
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3
Құрылғыны босату 19
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ 19
Сүзгілерді алу және тазалау 19
Бүріккіш түтіктерді тазалау 20
Құрылғы корпусының сыртын
тазалау 20
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... 20
Жуу және кептіру нәтижелері
қанағаттанарлықтай емес. 22
Шайғыш зат үлестіргішін қосу
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА 24
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН
КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, іске қосардың алдында осы нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз:
• Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін,
• Құрылғыны дұрыс іске қосу үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны теріс орнату мен іске қосу нәтижесінде орын алған
ақаулықтарға өндіруші жауапты емес.
23
24
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжрибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске
қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға
жуғыш затты ұстауға рұқсат бермеңіз.
• Балалар мен кішкене үй жануарларын, есігі ашық тұрған құрылғыға
жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
• Бұл құрылғының техникалық сипаттарына өзгеріс енгізбеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, ыдыс жуғыш машинада
қолданылатын жуғыш затты өндірушінің қауіпсіздік нұсқауларын
орындаңыз.
117948821-00-052010
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың
қалдығы қалуы мүмкін.
• Құрылғы ішіне зат салып немесе оны босатып жатқанда, адам
жарақаттанып немесе ашық тұрған есікке соғылып қалмас үшін есікті
әрқашан жауып отырыңыз.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
• Бұл құрылғыны тек үйде ғана қолдану керек. Құрылғыны
коммерциялық мақсатта және өнеркәсіпте немесе басқа мақсатта
қолданбаңыз.
• Құрылғыны өзі арналған мақсаттан басқа мақсатта қолдануға
болмайды. Осылайша адам жарақаттануға немесе мүлікке зиян
келтіруге жол бермейсіз.
• Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын, тұрмыста
қолданылатын ыдыс-аяқтарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды, құрылғының қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын, ас құралдары
себетіне ұштарын төмен қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке
көлденеңінен не пышақ салатын себетке салыңыз. (Құрылғы
үлгілерінің барлығы бірдей пышақ салынатын себетпен
жабдықталмаған).
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар, су жұмсартқышқа нұқсан
келтіруі мүмкін.
• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға, жуу бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Тұз түйірлері немесе тұзды су құрылғының табанын
тоттандыруы немесе тесіп жіберуі мүмкін.
• Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа ешбір басқа зат
(мысалы, ыдыс жуғыш машинаны тазалағыш зат, сұйық тазалағыш
зат) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін
айнала алатындығына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып кетуі
мүмкін. Күйіп қалуыңыз мүмкін.
• Ыдыстарды құрылғыдан жуу бағдарламасы аяқталмай тұрып алмаңыз.
Күту менен тазалау
• Құрылғыға күтім көрсетердің алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
• Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің
дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды
жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Құрылғыны су немесе бу бүркіп тазалағышпен тазаламаңыз. Электр
тогына түсу және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Орнату
• Құрылғының еш жерінің тасымалдау барысында бүлінбеген
тексеріңіз. Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
• Ең алғаш іске қосардың алдында, орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Электр желісі және құбыр жүйесіне қосу, орнату және күтім көрсету
жұмыстарының барлығын тек білікті маман орындауға тиіс. Бұл
құрылғы конструкцияларының бүлінуіне немесе адам жарақаттанып
қалуға жол бермейді.
• Құрылғыны орнату барысында, оның ашасының розеткадан
ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электр
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
• Маңызды! Төмендегі әрекеттерді нұсқауларға сай орындаңыз:
– Құрылғыны орнату.
– Ас үй қаптамасының есігін құрастыру.
– Су құю және төгу жүйелеріне қосу.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
5
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан төмендеп кететін жерге
орнатпаңыз.
• Мұздап қалудың салдарынан болған ақаулыққа өндіруші жауапты емес.
Суға қосу
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз.
Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста
болмаған құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз
да, содан кейін су құятын түтікті жалғаңыз.
• Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын
немесе бүлінбегенін тексеріңіз.
• Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің қабырғасы қос қабат материалдан жасалған және
оның ішкі сымы мен қауіпсіздік клапаны бар. Су құятын түтікке осы
түтік арқылы су аққан кезде ғана қысым түседі. Су құятын түтіктен су
ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды тоқтатады.
– Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
– Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
– Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз.
– Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу керек.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің,
электр желісіндегі параметрлерге сай келетіндігіне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан электр қатерінен сақтандырылған, дұрыс орнатылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының майысып
немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан ашасынан
тартып ағытыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
• Құрылғыны жөндеу немесе оған қатысты жұмысты орындау
рұқсатына тек уәкілетті техник ғана ие. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
– Ашаны розеткадан ағытып алыңыз.
– Қорек сымын кесіп алыңыз да, тастаңыз.
Бұйым сипаттамасы
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуға жол бермеу
үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттар қауіпті және
жеміруі мүмкін!
• Бұл жуғыш заттар қандай да бір қатерлі жағдайға алып келсе,
жергілікті ауруханаға немесе дәрігерге хабарласыңыз.
• Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе, дереу жергілікті ауруханаға немесе
дәрігерге хабарласыңыз.
• Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және
көзіңізді сумен шайыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз,
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін
ашық қалдырмаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана
толтырыңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
7
10
1
2
3
4
5
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігі тетігі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
9
8
7
6
8
Басқару панелі
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Үстіңгі бүріккіш түтік
Оптикалық сигнал
Жуу бағдарламасын бастағаннан кейін, құрылғы есігінің астыңғы
жағындағы еденде оптикалық сигнал пайда болады.
• Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қызыл шам жанып тұрады.
• Бағдарлама аяқталғанда жасыл шам жанады.
• Ақаулық пайда болғанда қызыл шам жыпылықтайды.
Құрылғыны ас үй қаптамасының ішіне биіктете орнатқан жағдайда,
оптикалық сигнал көрінбейді.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
9
AB
2
1
3
1 Қосу/өшіру түймешігі
2 Бейнебет
3 Кешіктіріп бастау түймешігі
4 Бағдарлама таңдау түймешіктері
5 Шуылсыз бағдарлама түймешігі
6 Multitab түймешігі
7 Болдырмау түймешігі
8 Индикатор шамдар
9 Функция түймешіктері
Индикатор шамдар
1)
Тұз
Шайғыш зат
Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде ғана
жанады. 'Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған' тарауын
қараңыз.
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат
жанған қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс
әсер етпейді.
1)
Бұл шам шайғыш зат сауытын толтыру қажет болған кезде
ғана жанады. 'Жуғыш және шайғыш затты қолдану' тарауын
қараңыз.
C
45
6
8
7
Басқару панелі
Индикатор шамдар
Бағдарламаның
соңы
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап
қалса, тиісті индикатор шамдар жанбайды.
Бұл индикатор жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады.
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
• Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау.
• Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
• Жуу бағдарламасының соңы. Бейнебетте нөл көрсетіледі.
• Кешіктіріп бастау функциясы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
• Ақаулық кодтары.
• Дыбыстық сигналдарды белсенді күйге көшіру/өшіру.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Бұл түймешікті жуу бағдарламасын 1 сағаттан 24 сағатқа дейінгі
интервал бойынша кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу
бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
9
Бағдарлама таңдау түймешіктері
Осы түймешіктердің көмегімен жуу бағдарламасын таңдауыңызға
болады (Шуылсыз жуу бағдарламасынан басқасын). Түймешіктердің
бірін бейнебетте қажетті бағдарламаның нөмірі көрсетілгенше қайтақайта басыңыз.
Шуылсыз жуу бағдарламасын таңдау үшін тиісті түймешікті басыңыз.
Жуу бағдарламалары туралы толығырақ ақпаратты 'Жуу
бағдарламалары' тарауынан алыңыз.
Шуылсыз бағдарлама түймешігі
Бұл жуу бағдарламасы жұмыс істеген кезде шуыл деңгейі өте төмен
болады.
Шуылсыз бағдарлама кезінде сорғы өте төмен жылдамдықпен жұмыс
істейді. Бұл әдеттегі бағдарламаға қарағанда шуыл деңгейін 25%
пайызға азайту үшін жасалған. Осыған байланысты бағдарлама өте
ұзаққа созылады.
Бұл бағдарламаны қуат тарифі арзанырақ болған кездерде қолданыңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын іске қосу/өшіру үшін осы түймешікті басыңыз.
'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
10
Басқару панелі
Болдырмау түймешігі
Осы түймешіктің көмегімен жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтатуға болады. 'Жуу бағдарламасын
таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына әрекеттерді орындау үшін қолданыңыз:
• Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын қараңыз.
• Multitab функциясы қосулы тұрған кезде шайғыш зат үлестіргішті қосу/
өшіру үшін. 'Келесі жағдайларда не істеу керек...' тарауын қараңыз
• Дыбыстық сигналдарды қосу/өшіру үшін. 'Дыбыстық сигналдар'
тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату
режимінде тұруға тиіс:
• Жуу бағдарламасын және/не кешіктіріп бастау функциясын таңдау
және бастау үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін.
• Дыбыстық сигналдарды қосу/өшіру үшін.
• Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру үшін.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы келесі жағдайда
параметрлерді орнату режимінде тұрады:
– Бейнебетте екі көлденең жолақ пайда болады.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы келесі жағдайда
параметрлерді орнату режимінде тұрмайды.
– Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау
функциясының ұзақтығы көрсетіледі.
– Параметрлерді орнату режиміне қайту үшін жуу бағдарламасын
немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу
бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Дыбысты сигналдар
Дыбысты сигналдар мынаны білдіреді:
• Жуу бағдарламасының аяқталғанын.
• Су жұмсартқыштың деңгейінің электронды тәсілмен бапталғанын.
• Құрылғыда ақау бар екенін.
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. B және C функция түймешіктерін, A, B және C функция
түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтай бастағанша басып
ұстап тұрыңыз.
4. A және B функция түймешіктерін босатыңыз.
Құрылғыны қолдану
5. C функция түймешігін басыңыз.
– A және B функция түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
– C функция түймешігінің индикаторы жыпылықтайды.
– Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
Дыбыстық сигналдар қосулы
Дыбыстық сигналдар сөндірулі
6. C функция түймешігін қайта басыңыз.
– Бейнебетте жаңа параметр көрсетіледі.
7. Параметрді құрылғы жадына оны өшіру арқылы енгізіңіз.
Дыбысты сигналдарды қайта қосу үшін жоғарыдағы әрекеттерді
қайталаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
Әрекеттің әрбірін нұсқауға сай орындаңыз:
1. Су жұмсартқыштың, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетін деңгейге қойылған-қойылмағанын тексеріңіз. Қажет болса, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай отырып, жуу
бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз,
'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
11
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді.
Минералдар мен тұздар құрылғы жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.
Судың кермектігін өлшейтін эквивалентті өлшем бірліктерге мыналар
жатады:
• Неміс градусы (dH°).
• Француз градусы (°TH).
• ммоль/л (миллимоль - әр литрге: судың кермектігін өлшейтін
халықаралық бірлік).
• Су кермектігін өлшейтін Кларк градусы.
Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз. Қажет болса, жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен реттеуіңіз қажет.
Қолмен реттеу
Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші
орынға (суретке қараңыз) қойыңыз.
тәсілмен
10
9
8
7
6
1)
5
2)
1
Электронды жолмен реттеу
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. B және C функция түймешіктерін, A, B және C функция
түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтай бастағанша басып
ұстап тұрыңыз.
4. B және C функция түймешіктерін босатыңыз.
5. A функция түймешігін басыңыз.
– В және С функция түймешіктерінің индикаторы сөнеді.
– A функция түймешігінің индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
– Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
– Үзік-үзік шыққан дыбысты сигнал ағымдық параметрдің орнағанын
хабарлайды.
Мысалы: бейнебетте
/ 5 үзік-үзік дыбысты сигнал = 5-ші деңгей
көрсетіледі.
6. A функция түймешігін, бейнебетте қажетті параметр пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
7. Параметрді құрылғы жадына қосу/өшіру түймешігін басып енгізіңіз.
Су жұмсартқыш электронды тәсілмен 1-ші мәнге қойылса, тұз
индикаторы сөнген қалпы тұрады.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытын толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек
алғаш іске қосқанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытын тұзға толтыру үшін
құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытымен бұрап
жабыңыз.
Тұз сауытын тұзға толтырған кезде, одан су төгіледі, бұл дұрыс.
13
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
1
2
7
3
4
6
5
14
Жуғыш және шайғыш затты қолдану
Тазалау бұйымдарын қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз.
Жуғыш затты өндірушінің, жуғыш заттың орамында көрсеткен
нұсқауларын орындаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің
түймешікті басыңыз.
2.
Жуғыш затты үлестіргішке салыңыз
3. Жуу бағдарламасының алдын ала жуу циклі бар болса, құрылғы
есігінің ішкі бетіне жуғыш заттан аз ғана салыңыз.
4. Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат
үлестіргішіне салыңыз
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше
басыңыз.
Әртүрлі фирма өндірген жуғыш заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді.
Кейбір жуғыш таблеткаларды қысқа мерзімді жуу бағдарламалары үшін
қолданғанда, сондай жақсы нәтиже бермейді. Жуғыш таблеткаларды
қолданғанда, жуғыш зат әбден жуылып кету үшін ұзақ мерзімді жуу
бағдарламасын қолданыңыз.
2
қақпағын ашу үшін 7 оны босататын
1
.
1
.
Шаю бұйымдары
Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай кептіруге
мүмкіндік береді.
Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклі кезінде шайғыш затты
автоматты түрде қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Шайғыш зат үлестіргіштің
түймешікті басыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішті
таңбаламасы ең үлкен мәнді көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы орындалған кезде, төгіліп қалған шайғыш зат
қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалап алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше
басыңыз.
6
қақпағын ашу үшін 5 босататын
3
шайғыш затпен толтырыңыз. 'max'
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта мына мән орнатылған: 3.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 4 (ең көп)
мәндерінің біріне қоюға болады.
Шайғыш заттың мөлшерін
тетігін бұраңыз.
4
көбейту немесе азайту үшін шайғыш зат
Мульти таб функциясы
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс
жуғыш машинаға арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да
жуғыш заттар болады.
Бұндай таблеткалардың жергілікті судың кермектігіне сай келетінкелмейтінін тексеру қажет. Өндірушінің нұсқауларын қараңыз.
Multitab функциясын орнатсаңыз, қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұз индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде, multitab функциясын қоса
алмайсыз.
Құрылғыны су сіңіретін заттарды (мысалы, жөке, ас үй майлықсулықтары) жуу үшін қолданбаңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салардың алдында, мына
әрекеттерді орындаңыз:
– Тағам қалдықтарын алыңыз.
– Табаға күйіп, жабысып қалған тағам қалдықтарын жұмсартыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды төменде көрсетілгендей салыңыз:
– Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл)
ауыздарын төмен қаратып салыңыз.
– Сауыт немесе терең ыдыстарды, ішіне су жиналмайтын етіп
орналастырыңыз.
16
Жуу программалар
– Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды араласып кетпейтін етіп салыңыз.
– Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
– Кішкене заттарды ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
– Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін, басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
– Ыдыс-аяқтарды су барлық жеріне тиетін етіп орналастырыңыз.
• Пластик заттар мен жабысқақ емес материалмен қапталған
кәстрөлдерге су тамшылары тұрып қалады.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін
етіп салыңыз.
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Жуу бағдарламалары
БағдарламаЛастану
1
1)
dB
2
45°-70° AUTO
3
INTENSIV PRO
70°
4
60° 30 MIN
5
50° ECO
6
55° 50 MIN
2)
3)
4)
дәрежесі
Қалыпты
ластанған
Кез келгенФарфор ыдыс,
Қатты ластанған Фарфор ыдыс,
Қалыпты не
шамалы
ластанған
Қалыпты
ластанған
Шамалы
ластанған
Ыдыс-аяқтың
түрі
Фарфор ыдысаяқ пен ас
құралдары
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Фарфор ыдысаяқ пен ас
құралдары
Фарфор ыдысаяқ пен ас
құралдары
Фарфор ыдысаяқ пен ас
құралдары
Бағдарлама
сипаттамасы
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 50°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
Алдын ала жуу
Негізгі жуу
45°C немесе 70°C
1 не 2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 70°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
Негізгі жуу 60°C
Шаю циклы
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 50°C дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
Негізгі жуу 55°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Жуу программалар
17
БағдарламаЛастану
дәрежесі
7
45° GLASS
Қалыпты не
шамалы
ластанған
Ыдыс-аяқтың
түрі
Морт сынғыш
ыдыс-аяқ пен
шыны ыдыс
Бағдарлама
сипаттамасы
Негізгі жуу 45°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
8Бұл тағам қалдықтары ыдысқа
1 рет суық сумен шаю
жабысып, құрылғыдан жағымсыз
иіс шықпас үшін ыдысты жылдам
шаюға арналған бағдарлама.
Жуу бағдарламасын құрылғыны
ыдыс-аяққа әбден толтырғаннан
кейін бастайсыз.
Бұл бағдарламаны қолданғанда,
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
1) Бұл жуу бағдарламасы шуылсыз жұмыс істейді.
2) Құрылғы судың температурасы мен мөлшерін автоматты түрде реттейді. Бұл
құрылғының толық немесе жартылай толтырылғанына, ыдыс-аяқтың қаншалықты
ластанғанына байланысты. Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтынылатын ресурстар
шығыны өзгереді.
3) Құрылғыға салынған ыдыс көп болмаса, бұл бағдарлама уақытты тамаша үнемдеп,
ыдыстың жақсы жуылуына көмектеседі.
қараңыз.
– Бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі пайда болады.
4. Қажет болса, бір немесе бірнеше функцияны таңдаңыз.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын таңдап,
іске қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз да, жуу бағдарламасын таңдаңыз.
2. Бейнебетте кешіктіріп бастау функциясының қажетті мәні сағат
түрінде көрсетілгенше, кешіктіріп бастау функциясының түймешігін
қайта-қайта басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
– Кері санақ автоматты түрде басталады.
– Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері
санақ тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.
– Жуу бағдарламасы тоқтайды.
• Құрылғы есігін жабыңыз.
– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату тәсілі
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы басталмаса,
параметрді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп
тұрса, параметрді өзгерту мүмкін емес. Жаңа параметр таңдау үшін жуу
бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
керек.
Күту менен тазалау
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатсаңыз, таңдалған жуу
бағдарламасы да автоматты түрде тоқтайды. Жуу бағдарламасын қайта
таңдау қажет болады.
1. Бейнебетте екі көлденең сызық пайда болғанша болдырмау
түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының соңында
• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Дыбыстық сигналдар естіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
– Бейнебетте 0 көрсетіледі.
– "Бағдарламаның соңы" индикаторы жанады.
2. Құрылғыны өшіріңіз.
3. Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 10 минут өткен соң құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Құрылғыны босату
• Ыдыстарды құрылғыдан суытып алғаннан кейін бір-ақ алыңыз. Ыстық
ыдыс осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды
алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігі су болып қалуы мүмкін. Тот
баспайтын болат, ыдыстарға қарағанда тез салқындайды.
19
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді алу және тазалау
Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді. Бұл сүзгілер көп
күтімді талап етпесе де, оларды мезгіл-мезгіл тексеріп, қажет болса,
тазалап отыруды ұсынамыз.
1. (A) сүзгісін алу үшін оны сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап, (B)
сүзгісінен алыңыз.
B
A
20
Не істерсіңіз, егер...
2. (A) сүзгісі 2 бөліктен тұрады.
Сүзгіні ағытып алу үшін оларды
бір-бірінен ажыратыңыз.
3. Бөліктерін ағын сумен әбден
жуыңыз.
4. (A) сүзгісінің 2 бөлігін өзара
біріктіріңіз де, үстінен басыңыз.
Олардың бір-біріне дұрыс кірігіп
орналасқанына көз жеткізіңіз.
5. (B) сүзгісін алыңыз.
6. (B) сүзгісін ағын сумен әбден
жуыңыз.
7. (B) сүзгісін әдепкі орнына
қойыңыз. Сүзгінің екі
бағыттағыштың (C) астына
дұрыс кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
8. (A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына
қойыңыз да, сағат тілінің
бағытымен бекігенше бұраңыз.
C
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалған қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
Құрылғы корпусының сыртын тазалау
Құрылғы корпусының сыртын және басқару панелін дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек нейтрал тазалағыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөке немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон)
пайдаланбаңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Құрылғы іске қосылмайды немесе жұмыс жасап тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз
түзете алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
21
Дұрыс жұмыс
істемеу
Құрылғыға су
құйылмай тұр.
Судың қысымы
Су құятын шүмек
Су құятын
Су құятын түтік
Су құятын түтік
Құрылғының суы
төгілмей тұр.
Су төгетін түтік
Су төгетін түтік
Тасқынға қарсы
құрал іске
қосылады.
Бағдарлама
басталмай тұр.
Аша розеткаға
Үйдегі
Ақаулық кодыЫқтимал себебіШешімі
Бейнебетте
келесі
көрсетіледі:
Бейнебетте
келесі
көрсетіледі:
Бейнебетте
келесі
көрсетіледі:
Құрылғының есігі
Су құятын шүмек
бітелген не оған
қақ тұрған.
тым төмен.
жабық.
түтіктегі сүзгі
бітеліп қалған.
дұрыс
жалғанбаған.
бүлініп қалған.
Раковина
түтікшесі бітеліп
қалған.
дұрыс
жалғанбаған.
бүлініп қалған.
Судың шүмегін
ашық тұр.
сұғылмаған.
сақтандырғыш
қорапшасындағы
сақтандырғыш
жанып кеткен.
Су құятын
шүмекті
тазалаңыз.
Жергілікті су
ресурстары
мекемесіне
хабарласыңыз.
Су құятын
шүмекті ашыңыз.
Сүзгіні тазалаңыз.
Түтіктің дұрыс
жалғанғанын
тексеріңіз.
Су құятын түтіктің
еш жерінің
бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз.
Раковинаның
түтікшесін
тазалаңыз.
Түтіктің дұрыс
жалғанғанын
тексеріңіз.
Су төгетін түтіктің
еш жерінің
бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз.
жабыңыз да,
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Есікті дұрыс
жабыңыз.
Ашаны розеткаға
сұғыңыз.
Сақтандырғышты
ауыстырыңыз.
22
Не істерсіңіз, егер...
Дұрыс жұмыс
істемеу
Кешіктіріп бастау
Ақаулық кодыЫқтимал себебіШешімі
функциясы
орнатылған. (Тек
кешіктіріп бастау
функциясы бар
құрылғыларға
қатысты).
Бағдарламаны
дереу бастау
үшін, кешіктіріп
бастау
функциясын
біржола
тоқтатыңыз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны қосыңыз. Бағдарлама үзілген
жерінен бастап жалғасады.
Ақаулық қайта пайда болса, жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Бейнебетте белгісіз ақаулық кодтары пайда болса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті мағлұмат, техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Қажетті ақпаратты мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгісі (MOD.)....................
Өнім нөмірі (PNC)....................
Сериялық нөмірі (S.N.)....................
Жуу және кептіру нәтижелері қанағаттанарлықтай емес.
АқаулықЫқтимал себебіЫқтимал шешімі
Ыдыс-аяқ таза емес.Таңдалған бағдарлама
салынған ыдыс-аяқтың
түріне және ластану
дәрежесіне сай емес.
Себеттерге ыдыс дұрыс
салынбаған, су ыдысаяқтың барлығына
бірдей жетпеген.
Ыдыс-аяқ дұрыс
салынбағандықтан,
бүріккіш түтіктер еркін
айнала алмай тұр.
Сүзгілер ластанған
немесе дұрыс
құрастырылып,
орнатылмаған.
Жуғыш зат өте аз
салынған немесе мүлде
салынбаған.
Салынған ыдыс-аяқтың
түріне және ластану
дәрежесіне сай
бағдарламаны таңдаңыз.
Себеттерді дұрыс
толтырыңыз.
Ыдыс-аяқты бүріккіш
түтіктерге кедергі
жасамайтын етіп,
дұрыстап салыңыз.
Сүзгілердің таза екеніне,
дұрыс құрастырылып,
орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Жуғыш заттың жеткілікті
мөлшерде салынуын
қамтамасыз етіңіз.
Loading...
+ 50 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.