10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК.....................................................................................17
11. СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ....................................18
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді
барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін
функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды
өндіріп келеміз. Құрылғының функцияларын барынша толық қолдануға
мүмкіндік алу үшін осы ақпаратқа бірнеше минут уақыт бөліп оқыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.aeg.com/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
ҚАЗАҚ3
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен осал адамдардың қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
• 3 және 8 жас арасындағы балаларға тиісті
нұсқаулар берілсе, оларға құрылғыны толтыруға
және босатуға рұқсат етіледі.
• Бұл құрылғыны мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек
адамдар тиісті нұсқаулар алған болса пайдалана
алады.
• 3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
• Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Бұл құрылғы үйде не сол сияқты төменде аталған
жерлерде пайдалану үшін жасалған:
– Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
– Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде.
www.aeg.com4
• Тағам ластанбас үшін келесі нұсқауларды
орындаңыз:
– есікті ұзақ уақыт бойы ашпаңыз;
– тағаммен және қол жетімді су ағатын
жүйелерімен жанасатын беттерді үнемі
тазалаңыз;
• ЕСКЕРТУ: Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Өндіруші ұсынысынан басқа,
механикалық құрылғыларды немесе басқа
құралдарды еріту үрдісін жылдамдату үшін
пайдаланбаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Салқындатқыш жүйенің контурын
зақымдамаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Өндіруші ұсынған үлгіге сәйкес
келмейтін электр жабдықтарын құрылғының азық-
түлік сақтайтын бөліктерінде қолданбаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап жуғыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
• Құрылғы ұзақ уақыт бойы бос тұрса, оны сөндіріңіз,
жібітіңіз, тазалап, құрғатыңыз және құрылғының
ішінде зең пайда болмас үшін есікті ашық
қалдырыңыз.
• Бұл құрылғыда жанғыш заты бар аэрозольдық
баллондар сияқты жарылыс қауіпті заттарды
сақтамаңыз.
• Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАЗАҚ5
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Қауіпсіздік техникасына
байланысты құрылғыны кіріктіріп
орнату алдында қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Алғаш рет орнатқаннан кейін не
есіктің орнын ауыстырғаннан кейін
құрылғыны тоққа қосу алдында
кемінде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың
компрессорға қайта құйылуына
мүмкіндік беру үшін қажет.
• Құрылғыға қатысты қандай да бір
жұмыс орындау алдында (мысалы,
есіктің орнын ауыстырғанда) ашаны
розеткадан ағытыңыз.
• Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке не пештің
үстіне жақын орнатпаңыз.
• Құрылғыны жаңбырға шығармаңыз.
• Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
• Бұл құрылғыны тым ылғал немесе
тым суық жерге орнатпаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденге сызат түсіріп алмау үшін
алдыңғы бұрышынан ұстап
көтеріңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнатқанда
қуат сымының кептеліп
немесе оған нұқсан
келмегеніне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Көп тармақты адаптерлер
мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
• Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау не өрт шығу қаупі
бар.
Құрылғының құрамында жылдам
тұтанатын изобутон (R600a), қоршаған
ортамен сыйысымдылығы өте жоғары
табиғи газ бар. Изобутоны бар
www.aeg.com6
салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп
алмас үшін абай болыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
• Тағамды мұздатқыш бөлікке салмас
бұрын, басқа тағамға тимес үшін
материалмен ораңыз.
2.4 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
• Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
2.6 Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек ғана фирмалық
қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
• Өз бетінше жөндеу немесе кәсіби
емес жөндеу қауіпті және кепілдіктің
күшін жоюға әкелуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
• Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
H1
H2
W2
D2
W1
D1
W3
D3
111,63°
ҚАЗАҚ7
• Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнату үшін
орнату туралы
нұсқаулықты қараңыз.
3.1 Өлшемдері
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғы орнықсыз болмас
үшін құрылғыны орнату
туралы нұсқаулыққа сәйкес
бекітіңіз.
Жалпы өлшемдері ¹
H1мм819
W1мм596
D1мм547
¹ құрылғының тұтқасыз және тірек
аяқтарсыз биіктігі, ені және тереңдігі
Пайдалануға қажет кеңістік ²
H2мм820
W2мм596
D2мм550
² құрылғының тұтқасын, салқындатқыш
ауаның айналымы үшін қажет кеңістікті
ескергендегі биіктігі, ені және тереңдігі
Пайдалануға қажет жалпы кеңістік ³
H2мм820
W3мм777
D3мм1120
³ құрылғының тұтқасын, салқындатқыш
ауаның айналымы үшін қажет
кеңістікті, сонымен қатар ішкі
жабдықты сыртқа шығару үшін есікті
толық ашуға мүмкіндік беретін орынды
ескергендегі биіктігі, ені және тереңдігі
3.2 Орналасуы
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін
құрылғыны жылу көзіне жақын жерде
(тұмшапеш, пеш, радиатор немесе
плита) немесе күн сәулесі тура түсетін
12345
www.aeg.com8
жерге орнатпаңыз. Ауаның корпустың
артқы жағында еркін айналатынына
көз жеткізіңіз.
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы
желдетілетін жерге орнату керек.
Бұл құрылғы 10°C бастап 43°C дейінгі
қоршаған орта температурасында
пайдалануға арналған.
Дұрыс температура
ауқымында пайдаланғанда
ғана құрылғы жұмысының
дұрыс болатынына кепілдік
беріледі.
Құрылғыны орнататын
жерді дұрыс анықтай
алмасаңыз, сатушыға,
сатып алушыға қызмет
көрсету немесе жақын
жердегі уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны электр
желісінен ажырату
мүмкіндігі болуы керек.
Орнатқаннан кейін ашаға
қол жету оңай болу керек.
3.3 Электртоғына қосу
• Токқа қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
кернеу мен жиіліктің үйдегі қуат
көзіне сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
кабелінің ашасы контактпен
қамтамасыз етілген. Егер қуатпен
жабдықтау жүйесінің розеткасы
жерге тұйықталмаса, құрылғыны
білікті электршіден кеңес алып,
қолданыстағы ережелерді орындай
отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
• Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары сақталмаса, өндіруші
жауапкершіліктен бас тартады.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
3.4 Желдетуге қойылатын
талаптар
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғы қажетті деңгейде
желдетілуі үшін орнату
жөніндегі нұсқаулыққа
сәйкес орнатылуы тиіс.
3.5 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
Есікті орнату және ашылатын жағын
өзгерту жөніндегі нұсқаулықтары бар
жеке құжатқа жүгініңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есікті басқаша ашылатын
етіп өзгерту кезінде еденге
сызаттан қорғайтын
материал төсеңіз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Қуат индикаторының шамы
1
Температура реттегіш және On/Off
2
тетігі
Frostmatic шамы
3
ҚАЗАҚ9
Frostmatic тетігі және ескерту
4
сигналын бастапқы қалпына қою
тетігі
4.1 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұрап орташа
температураға қойыңыз.
Егер құрылғы ішіндегі температура
тым жоғары болса, Ескерту шамы
жыпылықтайды да, дыбыстық сигнал
қосылады.
3. Frostmatic қосқышын басыңыз,
сонда дыбыстық сигнал сөнеді.
Ескерту шамы ішкі температура
мұздатылған тағамды қауіпсіз
сақтауға болатын деңгейге
жеткенше жыпылықтап тұрады.
4.2 Сөндіру
1. Температура тетігін "O" қалпына
бұраңыз.
Қуат индикаторының шамы сөнеді.
2. Розеткадан электр ашасын
суырыңыз.
4.3 Температураны реттеу
Температура автоматты түрде
реттеледі. Дегенмен, құрылғының ішкі
температурасын өзіңіз орнатуыңызға
болады.
Параметрді құрылғы ішіндегі
температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді екенін ескеріп
таңдаңыз:
• бөлме температурасы,
• есікті ашу жиілігі,
• сақталған тағамның мөлшері,
• құрылғының орналасқан орны.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Құрылғыны қосу үшін:
1. Құрылғының ішіндегі
температураны төмендету үшін
температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
2. Құрылғының ішіндегі
температураны жоғарлату үшін
Ескерту шамы
5
температура тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
4.4 Frostmatic функциясы
Frostmatic тетігі мұздатқыш бөлікте
алдын-ала мұздату және жылдам
мұздату үшін қолданылады. Бұл
функция жаңа тағамды тездетіп
мұздатумен қатар, сақталып тұрған
тағамдарды жылудың әсерінен
қорғайды.
Жаңа тағамды мұздату
үшін Frostmatic
функциясын тағамды
мұздату алдында кем
дегенде 24 сағат бұрын
қосыңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Frostmatic түймесін 2-3 секунд
Frostmatic функциясын іске қосу
үшін басыңыз. Frostmatic шамы
жанады.
2. Тағамды мұздатқыш бөлікке салып,
Frostmatic функциясын 24 сағат
бойы қосып қойыңыз. "Жаңа
тағамды мұздату" бөлімін қараңыз.
Бұл функция 52 сағаттан
кейін өздігінен тоқтайды.
Функцияны кез келген
уақытта Frostmatic
қосқышын 2-3 секунд
басып сөндіруге болады.
4.5 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш камерадағы температура
жоғарылаған кезде (мысалы, электр
қуатының үзілуіне байланысты)
ескерту индикаторы жыпылықтап,
дыбыс беріледі.
Дыбысты кез келген уақытта ескерту
индикаторының тетігін басу арқылы
сөндіруге болады.
www.aeg.com10
Жағдай қалыпқа келтірілгеннен кейін
ескерту сигналы жыпылықтауын
тоқтатып, дыбыс автоматты түрде
өшеді.
4.6 Есік ашық сигналы
Есік шамамен 80 секунд ашық қалса,
дыбыстық сигнал естіледі.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін Frostmatic
функциясын, мұздатылатын тағамды
мұздатыш бөлікке қоярдың алдында,
кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Жаңа тағамды бірінші камераға
немесе тартпаның үстіне біркелкі
орналастырып сақтаңыз.
24 сағат ішінде басқа жаңа тағам
қоспай ақ тоңазытуға болатын
тағамның ең көп мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
(заттаңба құрылғының ішінде
орналасқан).
Мұздату үрдісі аяқталған кезде
құрылғы автоматты түрде алдыңғы
температура параметріне оралады
("Frostmatic функциясы" тарауын
қараңыз).
Есікті жапқаннан кейін, дыбыстық
сигнал тоқтайды.
Қандай жағдай орын алса да,
дыбыстық сигналды сөндіру үшін
Ескерту сигналын бастапқы қалпына
қою тетігін басыңыз.
жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік
береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті
сақтау үшін ауаның алмасуын
жақсарту үшін орнында тұруға тиіс
астыңғы тартпадан басқа, барлық
тартпаларды алып тастаңыз.
Тағамды есіктен 15 мм алыс қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Мысалы, электр қуаты
өшіп қалып құрылғы мұзы
кездейсоқ жібіп кетсе және
электр қуаты, техникалық
ақпарат тақтайшасында
"температураның
жоғарылау уақыты"
бөлімінде көрсетілген
шамадан да ұзақ уақыт жоқ
болса, тағамды дереу
тұтыну не дереу пісіріп,
салқындатып содан кейін
қайта тоңазыту керек.
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз .
5.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды камераға салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 3
сағатқа Frostmatic функциясына қойып
іске қосыңыз.
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды қолдану
алдында оны тоңазытқышта немесе
полиэтилен қалтаға салып, салқын
судың астында ерітуге болады.
Бұл жұмыс қол жетімді уақыт пен
тамақ түріне байланысты болады.
Кішкене кесектерді мұздатылған күйі
пісіруге болады.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ҚАЗАҚ11
6.1 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
• Құрылғының ішкі конфигурациясы
қуатты ең тиімді пайдалануды
қамтамасыз етеді.
• Егер қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
• Температура параметрі суығырақ
болса, қуатты тұтыну соғұрлым көп
болады.
• Жақсы желдетуді қамтамасыз
етіңіз. Желдету торларын немесе
саңылауларын жаппаңыз.
6.2 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
• Тағамды мұздатқыш камераға
салмас бұрын кем дегенде 24 сағат
бұрын Frostmatic функциясын
қосыңыз.
• Мұздату алдында жаңа піскен
тағамдарды орап, желімдеңіз:
алюминий фольга, полиэтилен
пленка немесе қалталар, қақпағы
бар герметикалық контейнерлер.
• Тағамды барынша тиімді мұздату
және жібіту үшін шағын бөліктерге
бөліңіз.
• Барлық мұздатылған тағамдарға
жапсырмалар мен ай-күнді жазу
ұсынылады. Бұл тағамдарды
анықтауға және олардың бұзылуы
алдында қашан қолдану керектігін
білуге көмектеседі.
• Жақсы сапасын сақтау үшін тағам
мұздатылған кезде жаңа болуы
керек. Әсіресе жемістер мен
көкөністер барлық қоректік
заттарын сақтау үшін өнімді
жинағаннан кейін мұздатылған
болуы тиіс.
• Бөтелкелерді немесе сұйықтықтары
бар банкаларды, атап айтқанда
көмірқышқыл газы бар сусындарды
мұздатпаңыз - олар мұздату кезінде
жарылуы мүмкін.
• Мұздатқыш камераға ыстық
тағамды салмаңыз. Бөлікке қою
алдында бөлме температурасына
дейін салқындатыңыз.
• Мұздатылған тағамның
температурасының жоғарылауына
жол бермеу үшін оның қасына
мұздатылмаған жаңа тағамды
қоймаңыз. Бөлме
температурасындағы тағамды
мұздатылған тағамы жоқ,
мұздатқыш камераға қойыңыз.
• Мұз текшелерін, мұздақтарды
немесе лолли тәрізді тағамдарды
мұздатқыштан алған бетте жемеңіз.
Қарып кетуі мүмкін.
• Жібіген тағамды мұздатпаңыз. Егер
тағам жібіген болса, оны пісіріңіз,
суытыңыз да, мұздатыңыз.
6.3 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
• Орташа температура параметрі,
мұздатылған тамақ өнімдерін жақсы
сақтайды.
Құрылғы ішіндегі жоғары
температура параметрі,
құрылғының жарамдылық
мерзімінің қысқаруына әкеледі.
• Мұздатқыш камера мұздатылған
тамақ өнімдерін сақтауға қолайлы.
• Еркін ауа айналымын қамтамасыз
ету үшін тағамның айналасында
жеткілікті орын қалдырыңыз.
• Тағамды дұрыс сақтау үшін азықтүлік қаптамасының
жапсырмасынан жарамдылық
мерзімін қараңыз.
• Су, ылғалдылық немесе конденсат
кірмейтіндей етіп тағамды орау
маңызды.
6.4 Сатып алуға қатысты
ақыл - кеңестер
Азық-түлік сатып алғаннан кейін:
• Ораманың зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз - тағам нашарлауы
мүмкін. Егер орама ісінген немесе
суланған болса, онда ол дұрыс
сақталмаған болуы мүмкін және
тағам жіби бастаған болуы мүмкін.
• Мұздатылған тауарларды еріп
кетпес үшін соңында сатып алып,
жылу өткізбейтін салқын қалтаға
салып, жеткізіңіз.
www.aeg.com12
• Дүкеннен келгеннен кейін
мұздатылған тағамды бірден
мұздатқышқа салыңыз.
• Қалтаның жарамдылық мерзіміне
және сақтауға қатысты ақпаратын
сақтаңыз.
• Егер тағам тіпті жартылай еріген
болса да, оны қайта мұздатпаңыз.
Оны мүмкіндігінше тез тұтыныңыз.
6.5 жарамдылық мерзімі
Тағам түріЖарамдылық
мерзімі (айлар)
Нан3
Жемістер (цитрусты қоспағанда)6 - 12
Көкөністер8 - 10
Етсіз қалдықтар1 - 2
Сүт тағамдары:
Сары май
Жұмсақ ірімшік (мысалы, моцарелла)
Қатты ірімшік (мысалы, пармезан, чеддер)
Теңіз тағамдары:
Майлы балық (мысалы, ақсерке, скумбрия)
Майсыз балық (мысалы, нәлім, камбала)
Асшаяндар
Бұқтырылған моллюскалар және мидиялар
Пісірілген балық
Ет:
Құс еті
Сиыр еті
Шошқа еті
Қой еті
Шұжық
Ветчина
Етті қалдықтар
6 - 9
3 - 4
6
2 - 3
4 - 6
12
3 - 4
1 - 2
9 - 12
6 - 12
4 - 6
6 - 9
1 - 2
1 - 2
2 - 3
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керекжарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жуғыш заттарды, жеміргіш
ұнтақтарды, хлор немесе
май қосылған жуғыш
заттарды пайдаланбaңыз,
қаптаманы бүлдіреді.
ҚАЗАҚ13
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының керекжарақтарын және
бөліктерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
7.2 Мерзімді тазалау
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керекжарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, таза және
қоқыссыз болуын қамтамасыз ету
үшін сүртіңіз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
7.3 Мұздатқыштың мұзын
еріту
АБАЙЛАҢЫЗ
Буландырғыштағы
қырауды ешқашан өткір
металл қырғышпен
қырмаңыз, оны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Мұзды жылдам еріту үшін
өндіруші ұсынған
құралдардан өзге
механикалық немесе басқа
жасанды заттарды
ешқашан қолданбаңыз.
Жібітуге шамамен 12 сағат
қалғанда, құрылғы
жұмысында үзіліс болған
жағдайда ішіндегі суық
жеткілікті болуы үшін
төмен температураны
орнатыңыз.
2. Сақталған тағамды шығарып,
салқын жерге қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының мұзын
еріту кезінде оралып
мұздатылған
тағамдардың
температурасының
жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу
мерзімін қысқартуы
мүмкін.
Мұздатылған заттарды
дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
Қолдарыңыз
мұздатылған заттарға
жабысып қалуы мүмкін.
3. Есікті ашық қалдырыңыз. Еріген
судан еденді шүберек төсеу
немесе жайпақ ыдыс қою арқылы
қорғаңыз.
4. Жібіту үрдісін жылдамдату үшін
мұздатқыш бөліктің ортасына
жылы су құйылған стакан қойыңыз.
Сонымен қатар сындыруға
болатын мұзды ерімей тұрып
алыңыз.
5. Мұзды еріткеннен кейін
құрылғының ішін жақсылап
құрғатыңыз.
6. Құрылғыны қосып, есігін жабыңыз.
7. Температура түймешігін ең үлкен
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны
осы параметрде тұрған қалпы кем
дегенде 3 сағат іске қосыңыз.
Осы уақыттан кейін ғана тағамды
мұздатқыш камераға салыңыз.
7.4 Ауа өткізетін
саңылауларды тазалау
1. Жақтаушаны (A), содан кейін
желдеткіш торды (B) алыңыз.
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау әрқашан жиналады.
Мұздатқыш қырауының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм болғанда жібітіңіз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз немесе
розеткадан электр ашасын
суырыңыз.
CAB
www.aeg.com14
2. Желдеткіш торкөзді тазалаңыз.
3. Ауа дефлекторын (C) еппен тартып
шығарыңыз, онда еріген мұздың
суы жиналмағанын тексеріңіз.
4. Құрылғының астыңғы жағын
шаңсорғышпен тазалаңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіңіз, егер...
7.5 Құрылғыны
қолданбаған кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғының мұзын жібітіңіз.
4. Құрылғыны және оның керекжарақтарының барлығын
тазалаңыз.
5. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есікті ашық қалдырыңыз.
АқаулықЫқтимал себептеріШешімі
Құрылғы жұмыс істемейді.Құрылғы сөндірулі.Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Розеткада тоқ жоқ.Розеткаға басқа электр
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Акустикалық және естілетін
сигналдар қосылып тұр.
Құрылғы дұрыс
орнықпаған.
Бөлік жақында қосылған."Есік ашық ескерту
Құрылғының ішіндегі
температура тым жоғары.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
сигналы" немесе "Жоғары
температураны ескерту
сигналы" тарауын қараңыз.
"Есік ашық ескерту
сигналы" немесе "Жоғары
температураны ескерту
сигналы" тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ15
АқаулықЫқтимал себептеріШешімі
Есік ашық қалған.Есікті жабыңыз.
Компрессор үздіксіз жұмыс
істейді.
Бір мезгілде тым көп тағам
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
қойылған.
"Басқару панелі" тарауын
қараңыз.
Бірнеше сағат күтіңіз де,
содан кейін
температураны қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы тым
"Орнату" тарауын қараңыз.
жоғары.
Құрылғыға тым жылы
тағамдар қойылған.
Тағамдарды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан
кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Компрессор "Frostmatic"
тетігін басқаннан кейін
немесе температураны
Frostmatic функциясы
қосылған.
Компрессор біраз уақыттан
кейін жұмыс істей
бастайды.
"Frostmatic функциясы"
бөлімін қараңыз.
Бұл қалыпты жағдай,
ешқандай ақаулық жоқ.
өзгерткеннен кейін бірден
жұмыс істей бастамайды.
Желдеткіш торкөз есікке
кедергі жасап тұр немесе
Құрылғы деңгейі дұрыс
орнатылмаған.
Орнату нұсқаулықтарын
қараңыз.
есік дұрыс деңгейленген
жоқ.
Есік оңай ашылмайды.Есікті жапқаннан кейін
дереу қайта ашуға әрекет
еткенсіз.
Есікті жауып, содан кейін
қайта ашқанша бірнеше
секунд күтіңіз.
Қырау, мұз тым көп қатқан. Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Тығыздағыш майысқан
немесе ластанған.
Тағамдар дұрыс
оралмаған.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
Құрылғы толығымен
жүктеліп, ең төменгі
температура орнатылған.
"Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Тағамдарды жақсылап
ораңыз.
"Басқару панелі" тарауын
қараңыз.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз. "Басқару панелі"
тарауын қараңыз.
www.aeg.com16
АқаулықЫқтимал себептеріШешімі
Құрылғыда орнатылған
температура тым төмен
және қоршаған орта
Жоғарырақ температураға
қойыңыз. "Басқару панелі"
тарауын қараңыз.
температурасы тым
жоғары.
Су еденге ағады.Еріген су ағатын түтікше,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
қосылмаған.
Температура
орнатылмайды.
"Frostmatic функциясы"
қосылған.
"Frostmatic функциясын"
қолмен сөндіріңіз, немесе
температураны орнату
үшін функцияның өздігінен
сөнуін күтіңіз. "Frostmatic
функциясы" бөлімін
қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура өте төмен/өте
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
жоғары.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Азық-түліктердің
температурасы өте
жоғары.
Азық-түліктің
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам
сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын
азық-түліктер мөлшерін
азайтыңыз.
Мұздың қалыңдығы 4-5 мм. Құрылғының мұзын
жібітіңіз.
Есік тым жиі ашылған.Есікті ашу қажет болса
ғана ашыңыз.
Frostmatic функциясы
қосылған.
Құрылғының ішінде суық
ауа айналымы жоқ.
"Frostmatic функциясы"
бөлімін қараңыз.
Құрылғы ішінде суық
ауаның айналуын
қамтамасыз етіңіз. "Ақыл-
кеңестер және ұсыныстар"
тарауын қараңыз.
АқаулықЫқтимал себептеріШешімі
SSSRRR!
CLICK!
HISSS!
BRRR!
BLUBB!
Қуат индикаторының шамы
жыпылықтайды.
Температураны өлшеген
кезде қате орын алды.
Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына немесе білікті
электрші маманға
хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ17
Егер ақыл-кеңес күткен
нәтиже бермесе, жақын
жердегі уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8.2 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
Орнату нұсқаулықтарын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі
жағындағы техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат
жапсырмасында көрсетілген.
Loading...
+ 39 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.