Zanussi ZZB 510401W User Manual [ru]

KK
RU
UK
Қолдану туралы нұсқаулары 2 Инструкция по эксплуатации 18 Інструкція 35
Тұмшапеш Духовой шкаф Духова шафа
ZZB510401

Мазмұны

Сақтық шаралары 2 Қауіпсіздік нұсқаулары 3 Бұйым сипаттамасы 6 Бірінші қолданғанға дейін 6 Әркүндік қолдану 6 Қосымша функциялар 7
Ақыл-кеңес 8 Күту менен тазалау 13 Ақаулықты түзету 14 Орнату 15 Техникалық ақпарат 17
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

Сақтық шаралары

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2 www.zanussi.com

Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып­салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы құрылғының биіктігімен бірдей құрылғылармен жанастырып қою керек.
www.zanussi.com 3

Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Электр сымдарына қол тигізуге немесе құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе ыстық тұрған есікке жақындауға болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және электр қатеріне ұшырау не жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын немесе ашық отты жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.
• Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін жауып пісіріңіз.
• Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы, есіктің) артына орналастырылса, онда құрылғы жұмыс істеп тұрғанда есіктің ешқашан жабылмайтынына көз жеткізіңіз. Жиһаздың жабық панеліне жиналған жылу мен ылғал келешекте құрылғының, қаптаманың немесе еденнің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
4 www.zanussi.com
Құрылғыны қолданғаннан кейін толық суығанша жиһаздың панелін жаппаңыз.

Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның орамында көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.

Ішкі жарық шамы

• Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін шамдарды ғана қолданыңыз.

Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.

Сервис

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
www.zanussi.com 5

Бұйым сипаттамасы

6
7 8
4
3
2 1
9
21 3 4 5

Жалпы көрініс

Басқару панелі
1
Температура шамы/белгішесі/
2
индикаторы Температура тетігі
3
Тұмшапеш функцияларының тетігі
4
Қуат шамы / белгісі / индикатор
5
Желдеткіштің ауа шығатын
6
саңылаулары Қыздырғыш элемент
7
Шам
8
Сөре деңгейлері
9

Керек-жарақтары

Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
Пісірме табақ Торттар мен печеньелерге арналған.

Бірінші қолданғанға дейін

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Алғашқы тазалау

Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз. Керек-жарақтарды өз орындарына қойыңыз.

Алдын ала қыздыру

Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.

Әркүндік қолдану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
6 www.zanussi.com
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыны іске қосу және сөндіру

Тетіктің белгілері, индикаторлары немесе шамдарының болуы-болмауы, құрылғының үлгісіне байланысты.
• Тұмшапеш қызғанда индикатор жанады.
• Құрылғы іске қосылғанда шам жанады.
• Белгіше арқылы тетіктің тұмшапеш функцияларын немесе температураны басқаратыны көрсетіледі.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары мен температура тетіктерін "сөндіру" қалпына қойыңыз.

Тұмшапеш функциялары

Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Үстіңгі / Астыңғы қызу
Үстіңгі қызу Нан, торт және кондитер өнімдерін қызартуға арналған.
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және тағамды
Гриль Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және тост нанын
Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға арналған.
Піскен тағамдарды аяқтап пісіруге арналған.
консервілеуге арналған.
жасауға арналған.

Қосымша функциялар

Желдеткіш

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш автоматты түрде қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.

Қауіпсіздік термостаты

Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге арналған термостатпен жабдықталған. Температура төмендеген кезде тұмшапеш қайта автоматты түрде қосылады.
www.zanussi.com 7

Ақыл-кеңес

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кестелердегі температура мен пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде беріледі. Олар рецептерге, олардың құрамының сапасы мен мөлшеріне байланысты болады.

Жалпылама ақпарат

• Құрылғының сөре қоюға арналған төрт деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының астыңғы жағынан бастап санаңыз.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда құрылғының есігін ашу қажет болса, әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10 минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын ылғалды жерлерін тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан кезде құрылғының ешбір бөлшектерін алюминий жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
• Егер бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасына бір ашық қатар қалдырыңыз.

Ет пен балық пісіру

• Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
• Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
• Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып отырыңыз.

Пісіру уақыттары

Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге және тағамның мөлшеріне сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.

Торт пісіру

• Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.

Пісіру және қуыру кестесі

Торттар
Тағам Үстіңгі/Астыңғы қызу Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Көпіршітілген тағам рецептілері
Ашыған қамыр 170 2 24 - 34 Тортқа арналған
170 2 45 - 60 Тортқа арналған
Сөренің
орналасуы
қалыпта
қалыпта
8 www.zanussi.com
Тағам Үстіңгі/Астыңғы қызу Уақыт (мин.) Түсіндірме
Сарысу қосылған чизкейк
Алма торты (Алма бәліші)
Температура
(°C)
170 1 60 - 80 26 см торт
170 1 100 - 120 Тор сөреге
Сөренің
орналасуы
қалыбында
қойылған екі 20 см торт қалыбында
Штрудель 175 2 60 - 80 Пісірме табақта
Джем тарталеткасы
170 2 30 - 40 26 см торт
қалыбында
Жеміс торты 170 2 60 - 70 26 см торт
қалыбында
Қопсыма торт (Майсыз қопсыма
170 2 35 - 45 26 см торт
қалыбында
торт)
Кристмас торты / Көп жеміс
170 2 50 - 60 20 см торт
қалыбында
қосылған торт
170 2 50 - 60 Нан қалыбында
Қара өрік торты
1)
Кішкене кекстер 170 3 20 - 30 Пісірме табақта
150 3 20 - 30 Пісірме табақта
Печеньелер
1)
Меренга 100 3 90 - 120 Пісірме табақта
Тоқаштар
Пирожный
1)
1)
190 3 15 - 20 Пісірме табақта
190 3 25 - 35 Пісірме табақта
Тарталетка 180 3 45 - 70 20 см торт
қалыбында
Виктория сэндвичі
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
180 1 немесе 2 40 - 55 Сол + оң, 20 см
торт қалыбында
www.zanussi.com 9
Нан және пицца
Тағам Үстіңгі/Астыңғы қызу Уақыт (мин.) Түсіндірме
Ақ нан
Температура
(°C)
1)
190 1 60 - 70 1 - 2 бөлке, бір
Сөренің
орналасуы
бөлкесі 500 г
Қарабидай наны 190 1 30 - 45 Нан қалыбында
Булочка
Пицца
Шелпек
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
1)
1)
1)
190 2 25 - 40 Пісіру табасында
6 - 8 булочка
190 1 20 - 30 Шұңғыл табада
200 3 10 - 20 Пісірме табақта
Ашық бәліштер
Тағам Үстіңгі/Астыңғы қызу Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Паста фланы 180 2 40 - 50 Қалып
Көкөніс фланы 200 2 45 - 60 Қалып
Киш 190 1 40 - 50 Қалып
Лазанья 200 2 25 - 40 Қалып
Каннелони 200 2 25 - 40 Қалып
Йоркшир пудингі1)220 2 20 - 30 6 пуддинг
қалыбы
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Ет
Тағам Үстіңгі/Астыңғы қызу Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Сиыр еті 200 2 50 - 70 Тор сөре мен
шұңғыл табада
Шошқа еті 180 2 90 - 120 Тор сөре мен
шұңғыл табада
Бұзау еті 190 2 90 - 120 Тор сөре мен
шұңғыл табада
10 www.zanussi.com
Тағам Үстіңгі/Астыңғы қызу Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Ағылшын ростбифі, шала пісірілген
Ағылшын ростбифі, орташа пісірілген
Ағылшын ростбифі, әбден пісірілген
Шошқаның қол омыртқасы
Шошқаның жіліншігі
Қой еті 190 2 110 - 130 Сирақ
Тауық еті 200 2 70 - 85 Шұңғыл табаға
Күркетауық еті 180 1 210 - 240 Шұңғыл табаға
Үйрек еті 175 2 120 - 150 Шұңғыл табаға
Қаз еті 175 1 150 - 200 Шұңғыл табаға
Үй қоянының еті 190 2 60 - 80 Кесектеп
Қоян еті 190 2 150 - 200 Кесектеп
Қырғауыл 190 2 90 - 120 Шұңғыл табаға
210 2 44 - 50 Тор сөре мен
210 2 51 - 55 Тор сөре мен
210 2 55 - 60 Тор сөре мен
180 2 120 - 150 Шұңғыл табада
180 2 100 - 120 Шұңғыл табаға 2
Сөренің
орналасуы
шұңғыл табада
шұңғыл табада
шұңғыл табада
кесектен қойылады
бүтін қойылады
бүтін қойылады
бүтін қойылады
бүтін қойылады
туралған
туралған
бүтін қойылады
www.zanussi.com 11
Балық
Тағам Үстіңгі/Астыңғы қызу Уақыт (мин.) Түсіндірме
Бақтақ /Теңіз мөңкесі
Тунец/Албырт балық
Температура
(°C)
190 2 40 - 55 3 - 4 балық
190 2 35 - 60 4 - 6 филе
Сөренің
орналасуы

Гриль жасау

Бос тұмшапешті тағам пісірер алдында 10 минут алдын ала қыздырыңыз.
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Саны (г) 1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет стейктері
Сиыр етінің стейктері
Шұжықтар 8 - 250 12 - 15 10 - 12 3
Туралған шошқа еті
Тауық (2-ге бөлінген)
Кәуап 4 - 250 10 - 15 10 - 12 3
Тауықтың төс еті
Гамбургер 6 600 250 20 - 30 - 3
Балықтың қоң еті
Тост сэндвичтері
Қыздырылғ ан нан
4 800 250 12 - 15 12 - 14 3
4 600 250 10 - 12 6 - 8 3
4 600 250 12 - 16 12 - 14 3
2 1000 250 30 - 35 25 - 30 3
4 400 250 12 - 15 12 - 14 3
4 400 250 12 - 14 10 - 12 3
4 - 6 - 250 5 - 7 - 3
4 - 6 - 250 2 - 4 2 - 3 3
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
12 www.zanussi.com

Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Тазалауға қатысты ескерім

• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін тазалау үшін әдетте қолданылатын жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Май жиналғанда немесе басқа тағам қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Керек-жарақтарды әр қолданып болған сайын тазалап, құрғатып отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.

Тот баспайтын болаттан не алюминийден жасалған құрылғылар

Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз. Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі материалдарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін. Тұмшапештің басқару панелін де осындай сақтық шараларды орындап тазалаңыз.

Есіктің тығыздағышын тазалау

• Есіктің тығыздағышын уақытылы тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы тұмшапеш жақтауының айналасында орналасқан. Есіктің тығыздағышына нұқсан келсе, құрылғыны пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін тазалауға қатысты жапы ақпаратты қараңыз.

Тұмшапештің есігін тазалау

Тұмшапештің есігі екі шыны панельден тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің есігін алмай тұрып алғыңыз келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны ішкі шыны панельсіз пайдаланбаңыз.
Есікті шегіне дейін
1
ашып, есіктің екі топсасын ұстаңыз.
Тұмшапештің есігін
3
бірінші ашу күйіне жартылай жабыңыз. Есікті алға қарай тартыңыз да, ұясынан шығарып алыңыз.
Қос топсадағы
2
тетіктерді көтеріңіз де бұраңыз.
Есікті жұмсақ мата
4
төселген орнықты жерге қойыңыз.
www.zanussi.com 13
90°
2
1
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс қойғаныңызды тексеріңіз.
Ішкі шыны панельді
5
алу үшін бекіту жүйесін босатыңыз.
Әуелі шыны
7
панельді абайлап көтеріп, содан кейін алыңыз.
Екі бекітпені 90°
6
градусқa бұраңыз да, ұясынан шығарып алыңыз.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз. Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны панельді және тұмшапештің есігін орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен орындаңыз.
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі жағына қарап тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін шыны панельдің безендірілген жағын ұстап көрген кезде қолға оның бұдыры сезілмеуге тиіс.

Ақаулықты түзету

Шамды ауыстыру

Құрылғының ішкі табанына шүберек төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы мен құрылғының ішіне нұқсан келмес үшін қажет.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар! Сақтандырғышты шамды ауыстыру алдында ағытыңыз. Шам және шамның қақпағы ыстық болуы мүмкін.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе айырып-қоқышты ажыратыңыз.

Артқы шам

1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C шамға
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Тұмшапеш сөндірулі. Тұмшапешті іске қосыңыз.
14 www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат тағамның үстіне және тұмшапештің корпусына жиналады.

Қызмет көрсету дерегі

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тұмшапештің ішіне тағам ұзақ уақытқа қойылған.
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының алдыңғы жақтауында орналасқан. Құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз.
Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қайта-қайта босап кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
Тағамды пісіргеннен кейін тұмшапеш ішінде 15 - 20 минуттан артық қалдырмаңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат техникалық ақпарат
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................

Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
www.zanussi.com 15

Кіріктіріп орнату

589
594
114
19
21
540
570
558
min. 550
20
6
600
min. 560
3
6
min. 550
20
580
min. 560
589
594
114
19
21540
570
558
9
A
B

Электртоғына қосу

«Қауіпсіздік ақпараты» тарауындағы сақтық шаралары орындалмаса, өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен ғана жабдықталған.
Сым
Орнатуға немесе ауыстырғанда пайдалануға болатын сымдардың түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05 V2V2-F (T90), H05 BB-F
Сымды техникалық ақпарат тақтайшасындағы жалпы қуат мәніне қарап таңдаңыз. Кестеге назар аударуыңызға болады:
Жалпы қуат (Вт) Сымның
көлденең қимасы
(мм²)
ең көбі 1380 3 x 0.75
ең көбі 2300 3 x 1
ең көбі 3680 3 x 1.5
Пештің жерге тұйықталатын сымы (жасыл / сары сым) фаза және бейтарап сымдарға (көк және қоңыр сымдар) қарағанда 2 см ұзынырақ болуға тиіс.

Құрылғыны шкаф ішіне орнату

16 www.zanussi.com
Loading...
+ 36 hidden pages