Қолдану туралы
нұсқаулары2
Инструкция по
эксплуатации17
Інструкція33
Тұмшапеш
Духовой шкаф
Духова шафа
ZZB510301
Мазмұны
Сақтық шаралары2
Қауіпсіздік нұсқаулары3
Бұйым сипаттамасы6
Бірінші қолданғанға дейін6
Әркүндік қолдану6
Қосымша функциялар7
Ақыл-кеңес8
Күту менен тазалау12
Ақаулықты түзету14
Орнату14
Техникалық ақпарат16
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
• Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
• 3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2www.zanussi.com
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алыпсалған кезде үнемі қолғап киіңіз.
• Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
• Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
www.zanussi.com3
Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті
түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруға тиіс.
• Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе
ыстық тұрған есікке жақындауға
болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
• Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
• Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орналастырылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрғанда есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық панеліне
жиналған жылу мен ылғал келешекте
құрылғының, қаптаманың немесе
еденнің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
4www.zanussi.com
Құрылғыны қолданғаннан кейін толық
суығанша жиһаздың панелін жаппаңыз.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы
қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
www.zanussi.com5
Бұйым сипаттамасы
12
5
6
7
1
2
3
4
34
Жалпы көрініс
Басқару панелі
1
Температура шамы/белгішесі/
2
индикаторы
Температура тетігі
3
Тұмшапеш функцияларының тетігі
4
Желдеткіштің ауа шығатын
5
саңылаулары
Шам
6
Сөре деңгейлері
7
Керек-жарақтары
• Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды өз орындарына
қойыңыз.
Әркүндік қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
• Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін
шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлме
ішіндегі ауаның жеткілікті түрде ауысып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
6www.zanussi.com
Құрылғыны іске қосу және сөндіру
Тетіктің белгілері,
индикаторлары немесе
шамдарының болуы-болмауы,
құрылғының үлгісіне
байланысты.
• Тұмшапеш қызғанда
индикатор жанады.
• Құрылғы іске қосылғанда шам
жанады.
• Белгіше арқылы тетіктің
тұмшапеш функцияларын
немесе температураны
басқаратыны көрсетіледі.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары мен температура
тетіктерін "сөндіру" қалпына қойыңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясыҚолданылуы
Сөндіру қалпыҚұрылғы сөндірулі.
ЖеңілШамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға арналған.
Астыңғы қызуТүбі қытырлақ торттарды пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
Үстіңгі / Астыңғы
қызу
Үстіңгі қызуНан, торт және кондитер өнімдерін қызартуға арналған.
Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға арналған.
Піскен тағамдарды аяқтап пісіруге арналған.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
www.zanussi.com7
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
Ақыл-кеңес
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар
рецептерге, олардың құрамының
сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
Жалпылама ақпарат
• Құрылғының сөре қоюға арналған төрт
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санаңыз.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны
панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғының есігін ашу қажет болса,
әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту
үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын
ылғалды жерлерін тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий жұқалтырмен жаппаңыз.
Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп,
пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі
мүмкін.
• Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
• Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
• Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
• Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын
ыдыстарға, рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
Торт пісіру
• Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Пісіру және қуыру кестесі
Торттар
ТағамҮстіңгі/Астыңғы қызуУақыт (мин.)Түсіндірме
Температура
(°C)
Көпіршітілген
тағам рецептілері
Ашыған қамыр170224 - 34Тортқа арналған
170245 - 60Тортқа арналған
Сөренің
орналасуы
қалыпта
қалыпта
8www.zanussi.com
ТағамҮстіңгі/Астыңғы қызуУақыт (мин.)Түсіндірме
Сарысу қосылған
чизкейк
Алма торты
(Алма бәліші)
Температура
(°C)
170160 - 8026 см торт
1701100 - 120Тор сөреге
Сөренің
орналасуы
қалыбында
қойылған екі 20
см торт
қалыбында
Штрудель175260 - 80Пісірме табақта
Джем
тарталеткасы
170230 - 4026 см торт
қалыбында
Жеміс торты170260 - 7026 см торт
қалыбында
Қопсыма торт
(Майсыз қопсыма
170235 - 4526 см торт
қалыбында
торт)
Кристмас торты /
Көп жеміс
170250 - 6020 см торт
қалыбында
қосылған торт
170250 - 60Нан қалыбында
Қара өрік торты
1)
Кішкене кекстер170320 - 30Пісірме табақта
150320 - 30Пісірме табақта
Печеньелер
1)
Меренга100390 - 120Пісірме табақта
Тоқаштар
Пирожный
1)
1)
190315 - 20Пісірме табақта
190325 - 35Пісірме табақта
Тарталетка180345 - 7020 см торт
қалыбында
Виктория
сэндвичі
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
1801 немесе 240 - 55Сол + оң, 20 см
торт қалыбында
www.zanussi.com9
Нан және пицца
ТағамҮстіңгі/Астыңғы қызуУақыт (мин.)Түсіндірме
Ақ нан
Температура
(°C)
1)
190160 - 701 - 2 бөлке, бір
Сөренің
орналасуы
бөлкесі 500 г
Қарабидай наны190130 - 45Нан қалыбында
Булочка
Пицца
Шелпек
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
1)
1)
1)
190225 - 40Пісіру табасында
6 - 8 булочка
190120 - 30Шұңғыл табада
200310 - 20Пісірме табақта
Ашық бәліштер
ТағамҮстіңгі/Астыңғы қызуУақыт (мин.)Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Паста фланы180240 - 50Қалып
Көкөніс фланы200245 - 60Қалып
Киш190140 - 50Қалып
Лазанья200225 - 40Қалып
Каннелони200225 - 40Қалып
Йоркшир пудингі1)220220 - 306 пуддинг
қалыбы
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Ет
ТағамҮстіңгі/Астыңғы қызуУақыт (мин.)Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Сиыр еті200250 - 70Тор сөре мен
шұңғыл табада
Шошқа еті180290 - 120Тор сөре мен
шұңғыл табада
Бұзау еті190290 - 120Тор сөре мен
шұңғыл табада
10www.zanussi.com
ТағамҮстіңгі/Астыңғы қызуУақыт (мин.)Түсіндірме
Температура
(°C)
Ағылшын
ростбифі, шала
пісірілген
Ағылшын
ростбифі, орташа
пісірілген
Ағылшын
ростбифі, әбден
пісірілген
Шошқаның қол
омыртқасы
Шошқаның
жіліншігі
Қой еті1902110 - 130Сирақ
Тауық еті200270 - 85Шұңғыл табаға
Күркетауық еті1801210 - 240Шұңғыл табаға
Үйрек еті1752120 - 150Шұңғыл табаға
Қаз еті1751150 - 200Шұңғыл табаға
Үй қоянының еті190260 - 80Кесектеп
Қоян еті1902150 - 200Кесектеп
Қырғауыл190290 - 120Шұңғыл табаға
210244 - 50Тор сөре мен
210251 - 55Тор сөре мен
210255 - 60Тор сөре мен
1802120 - 150Шұңғыл табада
1802100 - 120Шұңғыл табаға 2
Сөренің
орналасуы
шұңғыл табада
шұңғыл табада
шұңғыл табада
кесектен
қойылады
бүтін қойылады
бүтін қойылады
бүтін қойылады
бүтін қойылады
туралған
туралған
бүтін қойылады
www.zanussi.com11
Балық
ТағамҮстіңгі/Астыңғы қызуУақыт (мин.)Түсіндірме
Температура
Бақтақ /Теңіз
мөңкесі
Тунец/Албырт
балық
(°C)
190240 - 553 - 4 балық
190235 - 604 - 6 филе
орналасуы
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін тазалау
үшін әдетте қолданылатын жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз. Май
жиналғанда немесе басқа тағам
қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
Сөренің
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған құрылғылар
Тұмшапештің есігін дымқыл
жөкемен ғана тазалаңыз.
Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды
орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
• Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі екі шыны панельден
тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны
панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің
есігін алмай тұрып алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі
жабылып қалуы мүмкін.
12www.zanussi.com
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
90°
2
1
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны ішкі шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
Есікті шегіне дейін
1
ашып, есіктің екі
топсасын ұстаңыз.
Тұмшапештің есігін
3
бірінші ашу күйіне
жартылай
жабыңыз. Есікті
алға қарай
тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз.
Қос топсадағы
2
тетіктерді көтеріңіз
де бұраңыз.
Есікті жұмсақ мата
4
төселген орнықты
жерге қойыңыз.
Әуелі шыны
7
панельді абайлап
көтеріп, содан кейін
алыңыз.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз.
Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны панельді
және тұмшапештің есігін орнатыңыз.
Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен
орындаңыз.
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі
жағына қарап тұруға тиіс. Орнатып
болғаннан кейін шыны панельдің
безендірілген жағын ұстап көрген кезде
қолға оның бұдыры сезілмеуге тиіс.
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз.
Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы мен
құрылғының ішіне нұқсан келмес үшін
қажет.
Ішкі шыны панельді
5
алу үшін бекіту
жүйесін босатыңыз.
Екі бекітпені 90°
6
градусқa бұраңыз
да, ұясынан
шығарып алыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар! Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында ағытыңыз.
Шам және шамның қақпағы
ыстық болуы мүмкін.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
www.zanussi.com13
айырып-қоқышты ажыратыңыз.
Артқы шам
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C шамға
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Не істерсіңіз, егер...
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Тұмшапеш қызбайды.Тұмшапеш сөндірулі.Тұмшапешті іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды.Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Шам жанбайды.Шамда ақаулық бар.Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат тағамның
үстіне және тұмшапештің
корпусына жиналады.
Тұмшапештің ішіне тағам ұзақ
уақытқа қойылған.
Ақаулыққа сақтандырғыштың
себеп болғанына көз
жеткізіңіз. Сақтандырғыш
қайта-қайта босап кетсе,
білікті электршіге
хабарласыңыз.
Тағамды пісіргеннен кейін
тұмшапеш ішінде 15 - 20
минуттан артық қалдырмаңыз.
Қызмет көрсету дерегі
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.).........................................
Өнім нөмірі (PNC).........................................
«Қауіпсіздік ақпараты»
тарауындағы сақтық шаралары
орындалмаса, өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен және
негізгі ашамен жабдықталған.
Сым
Орнатуға немесе ауыстырғанда
пайдалануға болатын сымдардың түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F,
H05 V2V2-F (T90), H05 BB-F
Сымды техникалық ақпарат
тақтайшасындағы жалпы қуат мәніне қарап
таңдаңыз. Кестеге назар аударуыңызға
болады:
Жалпы қуат (Вт)Сымның
көлденең қимасы
(мм²)
ең көбі 13803 x 0.75
ең көбі 23003 x 1
ең көбі 36803 x 1.5
Пештің жерге тұйықталатын сымы (жасыл /
сары сым) фаза және бейтарап сымдарға
(көк және қоңыр сымдар) қарағанда 2 см
ұзынырақ болуға тиіс.
Құрылғыны шкаф ішіне орнату
www.zanussi.com15
Техникалық ақпарат
Техникалық дерек
Кернеу230 В
Жиілік50 Гц
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік
және электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның
денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға
жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді
жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз
немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
16www.zanussi.com
Loading...
+ 36 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.