Zanussi ZOG 511211 W User Manual [ru]

KK
RU
UK
Қолдану туралы нұсқаулары 2 Инструкция по эксплуатации 23 Інструкція 47
Тұмшапеш Духовой шкаф Духова шафа
ZOG511211
KZ RU UA

Мазмұны

Сақтық шаралары 2 Қауіпсіздік нұсқаулары 3 Бұйым сипаттамасы 6 Бірінші қолданғанға дейін 6 Әркүндік қолдану 7 Сағат функциялары 8 Керек-жарақтарды қолдану 8
Қосымша функциялар 9 Ақыл-кеңес 9 Күту менен тазалау 15 Ақаулықты түзету 17 Орнату 18 Техникалық ақпарат 22
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

Сақтық шаралары

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2 www.zanussi.com

Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып­салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
KZ RU UA

Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
www.zanussi.com 3
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы құрылғының биіктігімен бірдей құрылғылармен жанастырып қою керек.
• Құрылғыны корпустың төменгі қақпағынсыз іске пайдаланбаңыз. Бұл функциональдық қауіпсіздік үшін қажет.
• Құрылғы электрлі салқындату жүйесімен жабдықталған. Ол электр қуатымен жұмыс істеуге тиіс.

Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Электр сымдарына қол тигізуге немесе құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе ыстық тұрған есікке жақындауға болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

Газға қосу

• Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті маман ғана іске асыру керек.
• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау жағдайлары (газдың түрі мен газдың қысымы) мен құрылғы параметрлерінің сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғының айналасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып әкететін құрылғыға жалғанбаған. Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету талаптарының дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.

Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және электр қатеріне ұшырау не жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын немесе ашық отты жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
4 www.zanussi.com
– суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.
• Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін жауып пісіріңіз.
• Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы, есіктің) артына орналастырылса, онда құрылғы жұмыс істеп тұрғанда есіктің ешқашан жабылмайтынына көз жеткізіңіз. Жиһаздың жабық панеліне жиналған жылу мен ылғал келешекте құрылғының, қаптаманың немесе еденнің бүлінуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыны қолданғаннан кейін толық суығанша жиһаздың панелін жаппаңыз.

Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның орамында көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.

Ішкі жарық шамы

• Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін шамдарды ғана қолданыңыз.

Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.

Сервис

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
www.zanussi.com 5

Бұйым сипаттамасы

1
2 63 4 5
1
12
5
4
3
2
1
7
8
9
11
10

Жалпы көрінісі

Басқару панелі
1
Гриль индикаторы
2
Тұмшапеш функцияларының тетігі
3
Минут операторының тетігі
4
Газды басқару тетігі
5
Қуат индикаторы
6
Желдеткіштің ауа шығатын
7
саңылаулары Қыздырғыш элемент
8
Шам
9
Бұрылмалы істіктің тесігі
10
Тұмшапеш қуысының табанындағы
11
пластинка Сөре деңгейлері
12

Керек-жарақтары

Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Алюминий пісірме табақ Торттар мен печеньелерге арналған.
Бұрылмалы істік Ет пен құс етінің ірірек кесектерін қуыруға арналған.
Торттар мен печеньелерге арналған.

Бірінші қолданғанға дейін

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Тұмшапеш қуысының табанындағы пластинка

Құрылғыны сатып алған кезде тұмшапештің керек-жарақтарында корпустың астыңғы табақшасы тұрады. Құрылғыны бірінші рет қолданар алдында "Өнімнің сипаттамасы" тарауында көрсетілгендей астыңғы табақшаны оттық аумағына орнатыңыз.

Алғашқы тазалау

Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
6 www.zanussi.com
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз. Керек-жарақтарды өз орындарына қойыңыз.

Алдын ала қыздыру

Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тұмшапешті салқындатыңыз. Жұмсақ матаны шамалы жуғыш зат қосылған суға
батырып, тұмшапештің ішін тазалау үшін пайдаланыңыз.

Әркүндік қолдану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Тұмшапеш функциялары

Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Жеңіл Шамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға арналған.
Гриль + Бұрылмалы істік
Температура мәндерін орнату
Еттен гриль, сондай-ақ, кәуап және кішкене еттерден гриль жасауға арналған.
Корпустың ортасындағы электр грилінің температурасын шамамен ең азы 50 °C градустан бастап, ең көбі 200 °C градусқа дейін реттеу үшін.
Пеш газы мен Гриль + Бұрылмалы істік функциясын бірге қолдана алмайсыз.

Қуат индикаторы

Қуат индикаторы тұмшапеш функцияларының тетігін бұраған кезде жанады.

Газды басқару тетігі

Белгі Функция
Тұмшапештің оттығы сөндірулі.
ең аз ­ең үлкен
Температураны реттеу ауқымы (150 °C - 250 °C).

Тұмшапештің газ оттығын жағу

Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ тұмшапеші термоэлементпен жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда, газдың берілуін тоқтатады.
1. Газды басқару тетігін басып,
қалпына бұраңыз.
2. Газды басқару тетігін, термореле
қызғанша 15 секунд немесе одан аз уақыт басып ұстап тұрыңыз. Бұлай істемесеңіз, газ берілмей қалады. Тетікті жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Тұмшапеш функцияларының тетігін 15 секундтан артық басып тұрмаңыз. Егер пештің оттығы 15 секундтан кейін жанбаса, тұмшапеш функцияларының тетігін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, тұмшапештің есігін ашып, кем дегенде 1 минуттан кейін тұмшапештің оттығын тағы бір рет жағып көріңіз.
www.zanussi.com 7
Пеш газының оттығын жаққаннан
A B
C
D
кейін
1. Газды басқару тетігін босатыңыз.
2. Газды басқару тетігін бұрап, қажетті
қызу параметрін орнатыңыз. Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер арқылы бақылаңыз.

Гриль

1. Тұмшапеш функциясының тетігін
сағат тілінің бағытымен бұрап, ең
жоғары температураға қойыңыз.
2. Гриль мен шұңғыл науаның
сырғытпасының деңгейін қалыңдығы әр
түрлі тағамға лайықтап реттеңіз.
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын және
баппен пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
• Ауа барынша жақсы ауысу үшін және
тағамды майы мен сөлінен бөлу үшін тағамның көбін шұңғыл науаға салып, оны тор сөреге қою керек. Егер

Сағат функциялары

қаласаңыз, балық, бауыр және бүйрек тәрізді тағамдарды шұңғыл науаға тура салуға болады.
• Тағамның май-сөлі шашырамас үшін тағамды қақтамас бұрын мұқият кептіру керек. Пісіру барысында кебір болып кетпес үшін майсыз еттер мен балыққа шамалы өсімдік майын немесе сары май жағыңыз.
• Етті қақтаған кезде қызанақ және саңырауқұлақ тәрізді қосымшаларды тордың астына салуға болады.
• Нанды қыздырған кезде үстіңгі сырғытпаны пайдалану керек.
• Тағамды пісіру барысында қажетінше аударып отыру керек.

Гриль индикаторы

Грильмен пісіру функциясы таңдалғаннан кейін гриль индикаторы жанады. Ол пеш қажетті температураға дейін қызған кезде өшеді. Одан соң жанып-сөну арқылы қажетті температураның реттелгенін көрсетеді.

Минут операторы

Тұмшапеш функциясының кері санақ уақытын орнату үшін пайдаланыңыз.
Бұл функция құрылғының жұмысына әсер етпейді.
Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз да, содан кейін қажетті уақытқа бұраңыз. Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал естіледі.

Керек-жарақтарды қолдану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Бұрылмалы істікті қолдану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті пайдаланған кезде абай болыңыз. Шанышқылары мен істігі өткір. Жарақат алу қаупі бар.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті алған кезде тұмшапеш қолғабын пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік пен гриль ыстық. Күйіп қалу қатері бар.
8 www.zanussi.com
A) Бұрылмалы істіктің жақтауы B) Шанышқылар C) Істік D) Тұтқасы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Шұңғыл табаны ең астыңғы сөре
қалпына қойыңыз.
3. Істіктің жақтауын астынан санағанда
үшінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз
да, содан кейін етті бұрылмалы істікке салып, екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің
тесігіне салыңыз.
7. Істіктің артқы жағын бұрылмалы істіктің
жақтауына салыңыз. "Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9. Бұрылмалы істік параметрі бар
функцияны таңдаңыз. Бұрылмалы істік айналады.
10. Қажетті температураны орнатыңыз.
Пісіру кестелеріне қараңыз.

Қосымша функциялар

Желдеткіш

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.

Ақыл-кеңес

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
www.zanussi.com 9
Кестелердегі температура мен пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде беріледі. Олар рецептерге, олардың құрамының сапасы мен мөлшеріне байланысты болады.

Жалпылама ақпарат

• Құрылғының сөре қоюға арналған бес деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының астыңғы жағынан бастап санаңыз.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда құрылғының есігін ашу қажет болса, әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10 минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын ылғалды жерлерін тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан кезде құрылғының ешбір бөлшектерін алюминий жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.

Торт пісіру

• Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
• Егер бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасына бір ашық қатар қалдырыңыз.

Ет пен балық пісіру

• Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
• Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
• Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып отырыңыз.

Пісіру уақыттары

Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге және тағамның мөлшеріне сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.

Газ тұмшапеште тамақ пісіру

Уақытқа алдын ала қыздыру уақыты кірмейді. Бос тұмшапешті әрқашан 10 минут қыздырыңыз.
Ет және Құс еті
Тағам Мөлшері
Сүйегі бар сиыр еті
1 мин. 40 - 50 3 Торкөз
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
10 www.zanussi.com
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Сүйексіз сиыр еті
Қой еті 1 мин. 40 - 50 3 Торкөз
Шошқа еті 1 180 - 190 75 - 85 3 Торкөз
Тауық/Қоян еті
Үйрек еті 1 190 80 - 90 3 Торкөз
Индейка 4,5 - 5,5 160 210 - 240 2 Шұңғыл
Көкөніс пісірмесі
Ағылшын ростбифі ­шала пісірілген
1 190 50 3 Торкөз
сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
1,2 220 - 230 75 - 85 3 Торкөз
сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
табаны қолданыңыз.
1 160 - 3 Көкөніс түріне
қарай әр түрлі болады.
- 220 44 - 50 3 Торкөз сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
www.zanussi.com 11
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Ағылшын ростбифі ­орташа пісірілген
Ағылшын ростбифі ­әбден пісірілген
- 220 51 - 55 3 Торкөз сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
- 220 56 - 60 3 Торкөз сөреде. Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
Кондитер өнімдері
Тағам Мөлшері
(кг)
Жеміс бәліштері
Жеміс бәліші - мин. 40 - 50 4 Тор сөреге
Шұжық орамалары
Чокс тоқашы - 190 25 - 30 4 Алюминий
Воловент тоқашы
Джем қосылған пирожныйлар
- 165 40 - 50 4 Тор сөреге
- 180 20 - 30 4 Алюминий
- 170 15 - 20 4 Алюминий
- 165 40 - 50 4 Тор сөреге
Температур
а (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
қойылған 26 см дөңгелек қалыпта
қойылған 26 см дөңгелек қалыпта
пісіру науасында
пісіру науасында
пісіру науасында
қойылған 26 см дөңгелек қалыпта
12 www.zanussi.com
Пудингтер
Тағам Мөлшері
Бен-мариде пісірілген жұмыртқа десерті
- мин. 60 - 75 3 Шұңғыл
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
табаға ішіне 2 см су құйылған 9 керамика стақандарды салыңыз
Торттар
Тағам Мөлшері
(кг)
Көп жеміс қосылған торт
Жай жеміс торты
Мадейра торты
Кішкене кекстер
Зімбір наны - мин. 35 - 45 4 Алюминий
- мин. 150 - 170 4 Тор сөреге
- мин. 150 4 Тор сөреге
- мин. 105 - 120 4 Тор сөреге
- мин. - 170 35 - 50 4 Алюминий
Температур
а (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
қойылған 20 см алюминий қалып
қойылған 20 см алюминий қалып
қойылған 20 см алюминий қалып
пісіру науасында
пісіру науасында
Нан
Тағам Мөлшері
(кг)
Нан бөлкелері 0,5 180 - 190 40 - 50 4 Алюминий
Нан бөлкелері 1 180 - 190 50 - 60 4 Алюминий
Температур
а (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
пісіру науасында
пісіру науасында
www.zanussi.com 13
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Орамалар, мейізді тоқаш
- 180 - 190 15 - 20 4 Алюминий

Гриль

Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 3 минут алдын ала қыздырыңыз.
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Саны (г) 1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет стейктері
Сиыр етінің стейктері
Шұжықтар 8 - макс. 12 - 15 10 - 12 4
Туралған шошқа еті
Тауық (2-ге бөлінген)
Кәуап 4 - макс. 10 - 15 10 - 12 4
Тауықтың төс еті
Гамбургер 6 600 макс. 13 - 15 12 - 14 4
Балықтың қоң еті
Тост сэндвичтері
Қыздырылғ ан нан
4 800 макс. 12 - 15 12 - 14 4
4 600 макс. 10 - 12 6 - 8 4
4 600 макс. 12 - 16 12 - 14 4
2 1000 макс. 30 - 35 25 - 30 4
4 400 макс. 12 - 15 12 - 14 4
4 400 макс. 12 - 14 10 - 12 4
4 - 6 - макс. 5 - 7 - 4
4 - 6 - макс. 2 - 4 2 - 3 4
Уақыт (мин.) Сөренің
пісіру науасында
орналасу
ы

Бұрылмалы істік

Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 3 минут алдын ала қыздырыңыз.
14 www.zanussi.com
Тағам Мөлшері Температура
(°C)
Құс еті 1000 - 1200 макс. 75 - 85 3
Қуырылған тағамдар 800 - 1000 макс. 75 - 85 3
Уақыт (мин.)

Күту менен тазалау

Сөренің
орналасуы
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Тазалауға қатысты ескерім

• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін тазалау үшін әдетте қолданылатын жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Май жиналғанда немесе басқа тағам қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Керек-жарақтарды әр қолданып болған сайын тазалап, құрғатып отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.

Тот баспайтын болаттан не алюминийден жасалған құрылғылар

Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз. Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі материалдарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін. Тұмшапештің басқару панелін де осындай сақтық шараларды орындап тазалаңыз.

Есіктің тығыздағышын тазалау

• Есіктің тығыздағышын уақытылы тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы тұмшапеш жақтауының айналасында орналасқан. Есіктің тығыздағышына нұқсан келсе, құрылғыны пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін тазалауға қатысты жапы ақпаратты қараңыз.

Тұмшапештің есігін тазалау

Тұмшапештің есігі екі шыны панельден тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің есігін алмай тұрып алғыңыз келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны ішкі шыны панельсіз пайдаланбаңыз.
Есікті шегіне дейін
1
ашып, есіктің екі топсасын ұстаңыз.
Қос топсадағы
2
тетіктерді көтеріңіз де бұраңыз.
www.zanussi.com 15
90°
2
1
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі жағына қарап тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін шыны панельдің безендірілген жағын ұстап көрген кезде қолға оның бұдыры сезілмеуге тиіс.
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс қойғаныңызды тексеріңіз.
Тұмшапештің есігін
3
бірінші ашу күйіне жартылай жабыңыз. Есікті алға қарай тартыңыз да, ұясынан шығарып алыңыз.
Ішкі шыны панельді
5
алу үшін бекіту жүйесін босатыңыз.
Әуелі шыны
7
панельді абайлап көтеріп, содан кейін алыңыз.
Есікті жұмсақ мата
4
төселген орнықты жерге қойыңыз.
Екі бекітпені 90°
6
градусқa бұраңыз да, ұясынан шығарып алыңыз.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз. Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны панельді және тұмшапештің есігін орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен орындаңыз.

Шамды ауыстыру

Құрылғының ішкі табанына шүберек төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы мен құрылғының ішіне нұқсан келмес үшін қажет.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар! Сақтандырғышты шамды ауыстыру алдында ағытыңыз. Шам және шамның қақпағы ыстық болуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Шамға майдың қалдығы жұғып күймес үшін, галоген шамды үнемі шүберекпен ұстаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе айырып-қоқышты ажыратыңыз.

Артқы шам

1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C шамға
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
16 www.zanussi.com

Ақаулықты түзету

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Тұмшапеш сөндірулі. Тұмшапешті іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Тұмшапеш жұмыс істемей тұр. Отты автоматты түрде жағу
функциясы жұмыс істемейді.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат тағамның үстіне және тұмшапештің корпусына жиналады.
Жалын тұтатқаннан кейін дереу сөніп қалады.
Тұмшапештің ішіне тағам ұзақ уақытқа қойылған.
Қыздырғыш элемент жеткілікті қызған жоқ.
Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қайта-қайта босап кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
Оттықтың отын сіріңкемен жағыңыз. Отты тұмшапештің табанындағы тесіктің жанында ұстап тұрыңыз. Сондай-ақ, газды басқару тетігін қатар басып, сағат тілінің бағытына қарсы ең жоғары температураға бұраңыз. Жалын пайда болғаннан кейін, газды басқару тетігін термореле қызғанша 15 секунд немесе одан аз уақыт басып ұстап тұрыңыз. Бұлай істемесе, газ беріліміне кедергі келеді.
Тағамды пісіргеннен кейін тұмшапеш ішінде 15 - 20 минуттан артық қалдырмаңыз.
От жанғаннан кейін газды басқару тетігін 15 секунд немесе одан азырақ басып ұстап тұрыңыз.

Қызмет көрсету дерегі

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының алдыңғы жақтауында орналасқан. Құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз. Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат техникалық ақпарат
www.zanussi.com 17
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
A B C
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................

Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Газға қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Газ беру алдында ашаны розеткадан ағытыңыз немесе сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғышты сөндіріңіз. Газбен жабдықтауға арналған негізгі клапанды жабыңыз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы құрылғының артқы жағында орналасқан.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Резеңке иілгіш түтіктерді пайдаланбаңыз!
Тұмшапешті кіріктірілген ас үй қаптамасының шегіне (шамамен 30 см) дейін кіргізбеңіз.
Иілгіш темір түтікпен немесе қатты темір түтік арқылы жалғау:
A) Газбен жабдықтау бағыттауышы,
бағыттауышы бар білікшенің ұшы
B) Тығырық C) Бунақты келтеқұбыр
Жинақпен келген тығыздағышты түтік пен газбен жабдықтайтын бағыттағыштың арасына салыңыз. Түтікті 1/2" газбен жабдықтау бағыттағышына бұраңыз.
1. Гайкаларды қатайту үшін 22 мм гайка
кілтін пайдаланыңыз. Газбен жабдықтау бағыттағышын дұрыс орынға қойыңыз. Газбен жабдықтау циклына салмақ түсірмеңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Газды тексеру үшін отты пайдаланбаңыз!
2. Тұмшапешті ас үй қаптамасының
шегіне дейін жылжытыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұмшапешті ас үй қаптамасының ішіне қарай жылжытқан кезде газбен жабдықтау бағыттағышын майыстырып алмаңыз.
3. Қосылымды дұрыс тығыздап
орнатыңыз. Газдың ағатын-ақпайтынын басқару үшін тексергішті пайдаланыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тек Ресей үшін: бұл құрылғы G20 20 мбар табиғи газбен жұмыс істейді. Газға қосар алдында параметрді қолданылатын газдың түріне дұрыс (G20 13 мбар) реттеп алу маңызды. "Құрылғыны газдың басқа түрлеріне лайықтау" тарауындағы нұсқауларды қараңыз.
Құрылғыны газдың басқа түрлеріне
лайықтау
Құрылғыны газдың басқа түріне сай лайықтау жұмысын тек уәкілетті маманға ғана тапсырыңыз.
18 www.zanussi.com
Егер құрылғы табиғи газға
A
B
C
D
F
E
бапталған болса, оны реттегіш инжекторларды қолданып сұйылтылған газға алмастыруға болады. Газдың тұтынылатын мөлшерін қажетінше лайықтауға болады.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Инжекторларды ауыстыру алдында, газ тетіктерінің "Off" қалпында тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны электр көзінен ажыратыңыз. Құрылғы суығанша күтіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
Құрылғы әдепкі газ түріне лайықтап бапталған. Параметрді өзгерту үшін үнемі тығыздағышты қолданыңыз.

Тұмшапештің инжекторын ауыстыру

1. Тұмшапеш қуысының астыңғы
пластинкасын (A) тұмшапештің оттығына (B) қол жеткізу үшін алыңыз.
2. Оттықты ұстап тұратын бұранданы (C)
босатыңыз.
4. Ақырын солға қарай жылжытыңыз.
Тұтату ашасының ағытпасының сымына (F) және термореле жалғастырғышына (E) салмақ салмаңыз.
5. Оттықтың инжекторын (D) 7 мм гайка
кілтімен босатып, орнына өзіңіз қолданатын газ түріне сәйкес келетін түрін салыңыз ("Техникалық ақпарат" тарауындағы кестені қараңыз). “Техникалық ақпарат” тарауын қараңыз.
6. Оттықты осы әрекеттерді кері ретпен
орындап салыңыз. Газбен жабдықтау бағыттауышының жанында орналасқан газ түрінің жапсырмасының орнына жаңа газ түріне қатысты жапсырманы қолданыңыз.
Газ пешінің оттығы үшін бастапқы газды реттеудің қажеті жоқ.
Құрылғының газбен жабдықтау қысымының ұсынылған мәндерге сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.
Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі немесе қажетті қысымнан басқаша болса, газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін орнату қажет.

Тұмшапеш оттығын ең төменгі деңгейге қою

1. Құрылғыны электр қуатынан
ажыратыңыз.
2. Газды басқару тетігін ең аз қалпына
3. Оттықты инжектор тағанынан (D) ептеп
алыңыз.
бұраңыз да, алыңыз.
3. Жалпақ жүзді бұранда бұрағышпен (A)
реттегіш бұранданы бұраңыз.
www.zanussi.com 19
A
Газ түрінің
min. 550
589
594
114
16
573
590
min. 560
594
558
21548
65 cm
2
x2
130 cm
2
110
50
3
5
өзгертілуі
Табиғи газдан сұйылтылған газға
Сұйылтылған газдан табиғи газға
Тек Ресей үшін:
Реттегіш
бұранданы
реттеу
Айналма бұранданы түгелдей қатайтып бұраңыз.
Реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/3 мөлшеріне дейін босатыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Ашаны розеткаға пештің барлық бөлшектерін өз орындарына қойып болғаннан кейін ғана сұғыңыз. Жарақат алу қаупі бар.
6. Газ пешінің оттығын жағыңыз.
"Әркүндік қолдану" тарауын қараңыз.
7. Газды басқару тетігін ең үлкен мәнге
қойыңыз да, тұмшапешті кем дегенде10
минут қыздырыңыз.
8. Газды басқару тетігін ең үлкен мәннен
ең кішкене мәнге бұраңыз. Жалынды бақылаңыз. Жалын өшсе, әрекетті қайталаңыз. Тұмшапеш оттығының шілтерінен жалын аз мөлшерде тұрақты шығып тұруға тиіс.
Осы қауіпсіздік шараларын сақтамасаңыз өндіруші ешбір жауапкершілік көтермейді.

Кіріктіріп орнату

• Құрылғыны ас үй ішіне немесе студио ас
үйге ғана орнатыңыз. Құрылғыны жуынатын немесе дем алатын бөлмеге орнатпаңыз.
• Құрылғыны "ішіне кіріктіріп" немесе
"астына кіріктіріп" орнатуға болады. Кіріктірілген ас үй өлшемдері тиісті суреттерге сай келуі керек.
Газ түрінің
өзгертілуі
Реттегіш
бұранданы
реттеу
Сұйылтылған газдан 13 мбар табиғи газға
Реттегіш бұранданы шамамен айналымның 3/4 мөлшеріне
20 мбар табиғи газдан 13 мбар табиғи газға
4. Газды басқару тетігін орнына салыңыз.
5. Құрылғыны электр тоғына қосыңыз.
20 www.zanussi.com
дейін босатыңыз.
Реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/4 мөлшеріне дейін босатыңыз.
min. 550
110
600
min. 560
558
589
594
114
16
573
594
21548
65 cm
2
x2
130 cm
2
min. 4 mm
3
5

Құрылғыны шкаф ішіне орнату

A
B
• Құрылғының үстіңгі жағы мен ас үй қаптамасының ішкі төбесіне дейін кем дегенде 4 мм орын болуы керек.
• Құрылғыны "ішіне кіріктіріп" (пештің астына) орнатқан кезде, пешті тұмшапешті орнатпай тұрып орнату керек.
• Материалдар қоршаған ортамен салыстырғанда кем дегенде 60 °C градустан бастап жоғарылайтын температураға төзімді болуы керек.
• Тұмшапеш қатты ысып кетпес үшін тұмшапештің айналасында ауа жеткілікті айналып тұруға тиіс.
• Дұрыс жұмыс істеу үшін тұмшапештің қаптамасы алдыңғы жағынан немесе бүйір жақтарынан кем дегенде 130 см² (кем дегенде әр жағынан 65 см²) болуға тиіс. Өндіруші кірпіштен жасалған қаптаманың алдыңғы жағынан 130 см², ағаштан жасалған қаптаманың бүйір жақтарынан 65 см² ашық орын

Электртоғына қосу

«Қауіпсіздік ақпараты» тарауындағы сақтық шаралары орындалмаса, өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен ғана жабдықталған.
Сым
Орнатуға немесе ауыстырғанда пайдалануға болатын сымдардың түрлері:
H05 V2V2-F (T90), H05 BB-F Электр сымының көлденең қимасын
техникалық ақпарат тақтайшасындағы жалпы қуатқа және кестеге қарап анықтаңыз:
қалдыруды ұсынады.
• Тұмшапештің үстіне пеш орнатқан кезде, пеш пен тұмшапешті электртоғына жеке-жеке қосыңыз. Қосылымды құрылғыға жіберілетін қуат параметріне сай кабельді пайдаланып іске асырыңыз.
Орнатып болғаннан кейін, жөндеу немесе күтім көрсету жұмыстары қажет болғанда құрылғыға оңай қол жеткізуге болатынын тексеріңіз.
www.zanussi.com 21
Жалпы қуат (Вт) Сымның
көлденең қимасы
(мм²)
ең көбі 1380 3 x 0,75
ең көбі 2300 3 x 1
ең көбі 3680 3 x 1,5
Пештің жерге тұйықталатын сымы (жасыл / сары сым) фаза және бейтарап сымдарға (көк және қоңыр сымдар) қарағанда 2 см ұзынырақ болуға тиіс.

Техникалық ақпарат

Техникалық дерек

ТОЛЫҚ ҚУАТЫ: Электр қуаты: 1.76 кВт
Бастапқы газ: G20 (2H) 20 мбар = 2.7 кВт
Газды ауыстыру: G30/G31 (3B/P) 30/30 мбар = 2.7 кВт
G20 (2H) 13 мбар = 2.7 кВт
Электрмен жабдықтау:
Құрылғының санаты: II2H3B/P
Газға қосу: G 1/2"
Құрылғының сыныбы: 3

Газ пешінің оттығы

220 - 240 В ~ 50 / 60 Гц
Газ түрі ГАЗДЫҢ
НОМИНАЛ
ЬДЫ
ҚУАТЫ
(кВт)
G20 (2H) 20 мбар 2.7 - 0.7 Қал.
G30/G31 (3B/P) 30/30 мбар
G20 (2H) 13 мбар 2.7 - 0.7 Қал. 130
- 196 0.7 43 80
ГАЗДЫҢ
НОМИНАЛ
ЬДЫ
БЕРІЛІСІ
(г/сағ)
Газдың
азайтылға
н қуаты
(кВт)
БАЙПАС
ИНЕ (1/100
мм)
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның
денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
ИНЖЕКТО
Р
ТАҢБАСЫ
(1/100 мм)
22 www.zanussi.com
Loading...
+ 50 hidden pages