Zanussi ZOG 11311 XK User Manual [ru]

KK
Қолдану туралы нұсқаулары
RU
Инструкция по эксплуатации
2
22
ZOG11311
KZ
RU
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2 Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3 Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6 Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6 Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7 Сағат фунциялары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9 Керек-жарақтарды қолдану _ _ _ _ _ _ _ 9 Қосымша функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 10 Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13 Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14 Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15 Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
• Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны іске қосуды ұсынаыз.
2
www.zanussi.com
• Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Осы құрылғыны орнату жəне сымды ауыстыру жұмысын тек білікті маман ғана орындауға тиіс.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып­салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Шыны
есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
• Сөре сырғытпаларын алу үшін əуелі сөре сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын əрекеттерді керісінше орындап салыңыз.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
www.zanussi.com
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы құрылғының биіктігімен бірдей құрылғылармен жанастырып қою керек.
3
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер
мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Электр сымдарын құрылғының есігіне, əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған жəне оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
4
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Газға қосу
• Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау жағдайлары (газдың түрі мен газдың қысымы) жəне құрылғының параметрлері сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғының
айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып əкететін құрылғыға жалғанбаған. Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету талаптарының дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.
Пайдалану
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының қатеріне ұшырау немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға
арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа шығуы үмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
Ашық
тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
www.zanussi.com
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін үнемі жабық ұстаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын немесе ашық отты жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының
ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін: – пештің ыдыстарын немесе басқа заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз. – алюминий жұқалтырды құрылғының табанына тура қоймаңыз. – ыстық суды құрылғының ішіне тура қоймаңыз. – тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыстарды жəне тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.
-жарақтарды алып-салған кезде
керек абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына əсер етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.
Тағамды
əрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр
!
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның орамында көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар болса) ешбір
жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін шамдарды ғана қолданыңыз.
www.zanussi.com
5
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті əкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Бұйым сипаттамасы
2 71 3 4 5 6
4
3
14
2
1
13
10
11
12
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз
Басқару панелі
1
Қуат индикаторы
2
Температура индикаторы
3
Температура тетігі
4
8
9
Минут операторы
5
Тұмшапеш функцияларының тетігі
6
Газдың бітелгенін хабарлау
7
индикаторы Желдеткіштің ауа шығатын
8
саңылаулары Гриль
9
Тұмшапештің шамы
10
Бұрылмалы істіктің тесігі
11
Тұмшапеш қуысының табанындағы
12
пластинка Сөренің алмалы сырғытпалары
13
Техникалық ақпарат тақташасы
14
Тұмшапештің керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарын қоюға, тағам қуыруға арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
• Керек-жарақтарының барлығын жəне алмалы сөре сырғытпаларын (бар болса) алыңыз.
6
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын таба ретінде қолдануға арналған.
Бұрылмалы істік
Ет пен құс етінің ірірек кесектерін қуыруға арналған.
• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Өте маңызды! "Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
www.zanussi.com
Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. Ең үлкен температураға қойып, бос құрылғыны шамамен 60 - 90 минут қосып қойыңыз.
2.
Ең үлкен температураны жəне функциясын орнатып, бос құрылғыны шамамен 5 - 10 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып тұруы мүмкін. Құрылғыдан иіс жəне түтін шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның жеткілікті түрде айналып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тұмшапешті салқындатыңыз. Жұмсақ
матаны шамалы жуғыш зат қосылған суға батырып, тұмшапештің ішін тазалау үшін пайдаланыңыз.
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Тұмшапештің
шамы
Бұрылмалы істігі
бар электр грилі
Температура
мəндерін орнату
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
Еттен гриль, сондай-ақ, кəуап немесе кішкене еттерден гриль
Электр грилінің температурасын реттеуге (шамамен ең азы 50 ºC
градустан бастап, ең көбі 200 ºC градусқа дейін) арналған.
Қуат индикаторы
Қуат индикаторы тұмшапеш функциясын басқаратын тетікті бұраған кезде ғана жанады.
Газ пешті басқару тетігі
Белгіш
е
мин. -
240
Тұмшапештің оттығы сөндірулі
Температура мəндерін орнату ауқымы.
Функция
Газ тұмшапеште тамақ пісіру Тұмшапештің газ оттығын тұтату:
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Газ тұмшапешін басқару тетігін басып, қалпына бұраңыз. Оны бірнеше
секунд басып тұрыңыз, бірақ 15
арналған.
жасауға арналған.
секундтан артық баспаңыз. Оны жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Қолдан тұтату:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
www.zanussi.com
7
3. Сонымен бір мезгілде газ пешін басқару тетігін басып, сағат тілінің бағытына қарсы ең жоғары температураға бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің басқару тетігін шамамен 15 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер арқылы бақылаңыз.
Егер тұмшапештің газ оттығы от алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ пешінің басқару тетігін босатыңыз да, “Off” қалпына қойыңыз.
2. Тұмшапештің
есігін ашық қалдырыңыз.
3. Бір минуттан кейін тұмшапештің газ оттығын қайта тұтатып көріңіз.
Жағып болғаннан кейін:
1. Газ пешінің басқару тетігін босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Газ тұмшапешінің басқару тетігін қажетті температураға қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ пештің терморелесі бар.. Ол жалын сөніп қалғанда, газдың берілуін тоқтатады.
Газ пеші мен бұрылмалы істігі бар электр грилін (бар болса) бір мезгілде
қатар пайдалануға болмайды.
Қақтау
1. Тұмшапештің функциясын басқаратын тетікті сағат тілінің бағытымен қалпына бұраңыз. Басқару тетігінің белгісі температура ауқымын көрсетеді. (шамамен кем дегенде 50ºC градустан, ең көбі 200°C градусқа дейін)
2. Гриль мен гриль науасының сырғытпасының деңгейін тағамның əр түрлі қалыңдығына лайықтап реттеңіз. Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі қыздырғыш элементке жақын, баппен пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
– Ауаның барынша жақсы таралуын
қамтамасыз ету жəне тағамды майы мен сөлінен бөлу үшін тағамның көбін гриль науасындағы торға салу керек. Егер қаласаңыз, балық, бауыр жəне бүйрек тəрізді тағамдарды гриль науасына тура қоюға болады.
– Тағамның май-сөлі шашырамас үшін
тағамды қақтамас бұрын мұқият кептіру керек. Пісіру барысында кебір болып кетпес үшін майсыз еттер мен балыққа шамалы өсімдік майын немесе сары май жағыңыз.
– Етті қақтаған кезде қызанақ жəне
саңырауқұлақ тəрізді қосымшаларды тордың астына
салуға болады.
Нанды қыздырған кезде үстіңгі
сырғытпаны пайдалану керек.
Тағамды пісіру барысында қажетінше
аударып отыру керек.
Гриль индикаторы
Гриль индикаторы ("Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз) гриль пісіру функциясы таңдалған кезде жанады. Ол пеш қажетті температураға дейін қызған кезде өшеді. Одан соң жанып-сөну арқылы қажетті температураның реттелгенін көрсетеді.
8
www.zanussi.com
Сағат фунциялары
Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ уақытын орнату үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
Бұл функция тұмшапештің жұмысына ешбір əсер етпейді.
Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Бұрылмалы істік
Назарыңызда болсын! Бұрылмалы
істікті пайдаланған кезде абай болыңыз. Шанышқылары мен істігі өткір. Жарақат алу қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Бұрылмалы
істікті алған кезде тұмшапеш қолғабын пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік пен гриль ыстық. Күйіп қалу қатері бар.
3
2
1
4
1. Таймердің тетігін шегіне дейін бұрап, содан кейін қажетті уақыт мерзіміне бұраңыз.
2. Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал естіледі.
3. Бұрылмалы істіктің жақтауын астынан
санағанда екінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз
да, содан кейін етті бұрылмалы істікке салып, екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің тесігіне
салыңыз. "Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз.
7. Істіктің алдыңғы жағын бұрылмалы
істіктің жақтауына салыңыз.
Тұтқасы
1
Істік
2
Шанышқылар
3
Бұрылмалы істіктің жақтауы
4
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке салыңыз.
2. Қуыру табағын ең астыңғы сөре деңгейіне қойыңыз.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
www.zanussi.com
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9.
Тұмшапеш функциясының тетігін қалпына бұраңыз. Бұрылмалы істік айналады.
10.Қажетті температураны орнатыңыз.
Пісіру кестелеріне қараңыз.
желдеткіш автоматты түрде қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
9
құрылғының температурасы салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
• Құрылғының сөре қойылатын төрт деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының астыңғы жағынан бастап санау керек.
• Құрылғы ауа айналдыратын жəне буды үздіксіз қайта айналдырып отыратын арнайы жүйемен жабдықталған. Осы жүйенің көмегімен тағамды булы ортада, ішін жұмсақ жəне сыртын күтірлек етіп пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша азайтады.
• Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын оның ылғалын тазалаңыз.
• Тағам пісірген кезде заттарды құрылғының табанына қоймаңыз жəне құрылғының бөлшектеріне алюминий жұқалтыр жаппаңыз. Бұл пісіру нəтижесін өзгертіп, эмаль
қаптамаға да нұқсан
келтіруі мүмкін.
Торт пісіру
• Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
• Егер бір уақытта екі пісіру табағын пайдалансаңыз, араларына бір бос деңгей қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
• Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
• Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
• Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына жəне мөлшеріне байланысты. Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
Газ тұмшапеште пісіру
Уақытқа
алдын ала қыздыру уақыты
кірмейді. Бос тұмшапешті əрқашан 10 минут қыздырыңыз.
Минутқа
Салм
ағы
(кг)
Темп. (°C) деңгейі
ЕТ ЖƏНЕ ҚҰС ЕТІ
1 Сүйегі бар сиыр еті мин.
ТАҒАМ ТҮРІ
Газ тұмшапеште
пісіру
2 немесе
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
3
40
10
Ескерімдер
www.zanussi.com
Минутқа
Салм
ағы
(кг)
Темп. (°C) деңгейі
1 Сүйексіз сиыр еті 190
1 Қой еті мин.
1 Шошқа еті 175
1,2 Тауық/Қоян еті 210
1 Үйрек еті 190
1 Күркетауық еті 180
0,5 Бұқтырма тағам мин.
1 Көкөніс пісірмесі мин. 2
ТОҚАШ ӨНІМДЕРІ
Жеміс бəліштері 165 2 35
Жеміс бəліші мин.
Шұжық орамалары 180
Чокс тоқашы 190
Воловент тоқашы 175
ПУДДИНГ
ТОРТТАР
Жай жеміс торты мин.
ТАҒАМ ТҮРІ
Джем қосылған пирожныйлар
Бен-мариде пісірілген жұмыртқа десерті
Көп жеміс қосылған торт
Газ тұмшапеште
пісіру
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
180
мин.
мин.
2 немесе
2 немесе
2 немесе
2 немесе
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
50
40 - 50
50
70 - 80
80
60
150
көкөніс түріне қарай əр түрлі
35
20
25 - 30
15
30 - 40
60 - 75
150 - 170
150
тор сөреге қойылған 26 см
алюминий қалып
тор сөреге қойылған 20 см
алюминий қалып
Ескерімдер
болады
www.zanussi.com
11
Минутқа
Салм
ағы
(кг)
Темп. (°C) деңгейі
Мадейра торты мин.
Кішкене кекстер мин. 3 30 - 40
Зімбір наны мин. 3 35 - 45
НАН
0,5 Нан бөлкелері 190
1 Нан бөлкелері 190
Печеньелер 180
ТАҒАМ ТҮРІ
Орамалар, мейізді тоқаш
Газ тұмшапеште
пісіру
2 немесе
2 немесе
2 немесе
180
2 немесе
2 немесе
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
105 - 120
3
3
3
3
3
40 - 50 алюминий пісіру науасында
50 - 60 алюминий пісіру науасында
15 - 20
25 - 35
Ескерімдер
Қақтау
Бос тұмшапешті тағам пісірмес бұрын 10 минут алдын ала қыздырыңыз.
Мөлшері Қақтау Пісіру уақыты [мин]
ТАҒАМ ТҮРІ Саны [г] Сөренің
Қоң ет стейктері 4 800 4 макс. 12 - 15 12 - 14
Сиыр етінің стейктері
Шұжық 8 - 4 макс. 12 - 15 10 - 12
Туралған шошқа еті 4 600 4 макс. 12 - 16 12 - 14
Тауық (2-ге бөлінген)
Кəуап 4 - 4 макс. 10 - 15 10 - 12
Тауықтың төс еті 4 400 4 макс. 12 - 15 12 - 14
Гамбургер 6 600 4 макс. 13 - 15 12 - 14
Балықтың қоң еті 4 400 4 макс. 12 - 14 10 - 12
Тост сэндвичтері 4 - 6 - 4 макс. 5 - 7 -
Қыздырылған нан 4 - 6 - 4 макс. 2 - 4 2 - 3
4 600 4 макс. 10 - 12 6 - 8
2 1000 4 макс. 30 - 35 25 - 30
орналасуы
Темп.
[°C]
1-ші жағы 2-ші жағы
12
www.zanussi.com
Бұрылмалы істік
Бос тұмшапешті тағам пісірмес бұрын 10 минут алдын ала қыздырыңыз.
ТАҒАМ ТҮРІ [г] Сөренің
орналасуы
Құс еті 1000 2 макс. 50 – 60
Қуырылған тағамдар 800 2 макс. 50 – 60
Темп. [°C] Пісіру уақыты
[мин]
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Металл беттерді тазалау үшін кəдімгі жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
• Тұмшапешті пайдаланып болған сайын ішкі жағын тазалаңыз. Май жиналғанда немесе басқа тағам қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін. Гриль табағында бұндай қауіп одан да күшті.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Тұмшапештің керек-жарақтарын пайдаланып болған сайын тазалаңыз жəне кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Себебі ластық жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
Болаттан немесе алюминийден жасалған құрылғылар:
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана тазалаңыз. Жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз. Жүн мақтаны, қышқылды немесе жеміргіш материалдарды пайдаланбаңыз, себебі тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де осындай сақтық шараларды орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
• Есіктің тығыздағышын уақытылы тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы тұмшапеш жақтауының айналасында орналасқан. Есіктің тығыздағышына нұқсан келсе, құрылғыны пайдаланбаңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін тазалауға қатысты жалпылама нұсқауларды қараңыз.
Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа жолдарды алып қоюға болады.
Сөре сырғытпаларын алу
2
1
Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын қабырғадан тартып шығарыңыз.
Сырғытпа жолдардың артқы жақтарын қабырғадан ағытып алыңыз.
www.zanussi.com
13
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын əрекеттерді керісінше орындап салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігін алып тазалауға болады.
1
Есікті шегіне дейін ашып, есіктің екі топсасын ұстаңыз.
3
Тұмшапештің есігін бірінші ашу күйіне (жартылай) қарай жабыңыз. Есікті алға қарай тартыңыз да, ұясынан шығарып алыңыз. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты жерге қойыңыз.
2
Екі топсадағы тетіктерді көтеріңіз жəне бұраңыз.
Тұмшапештің есігін сабын сумен тазалаңыз. Тұмшапештің есігін мұқият тазалаңыз. Тазалап болғаннан кейін тұмшапештің есігін орнына салыңыз. Тұмшапештің есігін орнына салу үшін жоғарыда айтылған қадамдарды керісінше орындаңыз.
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің
шамын ауыстырған кезде абай
болыңыз. Электр қатері бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш шамын салыңыз. Шамның дəл осындай түрін пайдаланыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
жəне шыны
Не істерсіңіз, егер...
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
14
www.zanussi.com
Loading...
+ 30 hidden pages