Zanussi IPZ6443KC User Manual

GETTING STARTED?
EASY.
User Manual
IPZ6443KC
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Пісіру алаңы
RU Инструкция по эксплуатации 18

ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды жұмыс
істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
оның орнына құрылғыны сөндіріп, жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б. тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің элементін,
ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз және ток көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне электр корапшасы арқылы қосылған болса, құрылғыны тоқтан ағыту үшін сақтандырғышты алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған пеш
қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
3

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОРНАТУ

ЕСКЕРТУ! Бұл құрылғыны тек
білікті маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғылар мен заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыстар құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Әр құрылғының астыңғы жағында өз желдеткіштері бар.
• Егер құрылғы тартпаның үстіне орнатылса:
– Желдеткішке кіріп кетуі мүмкін кішкене
қағаздарды немесе парақтарды сақтамаңыз, себебі олар салқындатқышқа зақым келтіруі немесе салқындату жүйесін зақымдауы мүмкін.
– Құрылғының астыңғы жағы мен
тартпада сақталған заттардың арасына кемінде 2 см орын қалдырыңыз.

ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ

ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып, құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау
желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымды тартылудан босататын қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
4

ПАЙДАЛАНУ

ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, күйіп қалу
және тоқ соғу қаупі бар.
• Алғаш пайдалану алдында барлық орамдарын, жапсырмалары мен қорғағыш таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын "off" қалпына қойыңыз.
• Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Кардиостимуляторы бар адамдар құрылғы іске қосылып тұрған кезде индукциялық пісіру алаңдарынан кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ! Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық әйнек бетіне қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден жасалған немесе астына нұқсан келген ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке сызат түсіреді. Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

• Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе металл заттарды пайдаланбаңыз.

СЕРВИС

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ

ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
5
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
210 mm
210 mm
145 mm
180 mm
1 1
121
1 2 3 5 64
10 789
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН БЕТТІҢ КӨРІНІСІ

БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ КӨРІНІСІ

Индукциялық пісіру алаңы
1
Басқару панелі
2
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Сенсорл
ық өріс
1
2
3
6
Функция Түсіндірме
ҚОСУ/СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге
Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы
Bridge Функцияны іске қосады және сөндіреді.
арналған.
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын ағытады.
Сенсорл
ық өріс
Функция Түсіндірме
- Қыздыру параметрінің
4
- Пісіру алаңдарының
5
- Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге
6
7
8
9
10

ҚЫЗУ ПАРАМЕТРІНІҢ БЕЙНЕБЕТТЕРІ

Дисплей Сипаттама
-
бейнебеті
индикаторлары
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
- Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
/
- Қызу параметрін орнатуға арналған.
/
PowerBoost Функцияны іске қосады және сөндіреді.
Пісіру алаңы сөндірулі.
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
Автоматты түрде қыздыру жұмыс істейді.
PowerBoost жұмыс істейді.
Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін орнатылғанын көрсетуге арналған.
арналған.
арналған.
+ сан

ҚАЛДЫҚ ҚЫЗУ ИНДИКАТОРЫ

ЕСКЕРТУ! Қалдық қызуға күйіп
қалу қаупі бар.
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Құлып /Бала қауіпсіздігінің құралы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс қойылған не мүлдем ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде сөндіру жұмыс істейді.
Индукциялық пісіру алаңдары тағам пісіру үшін қажет қызуды ыдыс түбінен тура жібереді. Ыдыстағы қалдық қызу пештің керамика бетін қыздырады.
7

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.

ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ СӨНДІРУ

Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін белгісін 1 секунд түртіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНДІРУ Функция пештің үстін келесі жағдайларда
автоматты түрде сөндіреді:
• барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса,
• пештің үстін іске қосқан соң қызу параметрін орнатпасаңыз,
• басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Заттарды алыңыз немесе басқару панелін тазалаңыз.
• пештің үсті қатты қызып кетсе (мысалы, кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін қайта қолдану алдында пісіру алаңын салқындатыңыз.
• егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса. белгісі жанып, пісіру алаңы 2 минуттан кейін автоматты түрде сөнеді.
• пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе қызу параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы
уақыттан кейін жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт пен қызу параметрінің арасындағы байланыс:

Қызу параметрі

, 1 - 2
3 - 4 5 сағаттан кейін
5 4 сағаттан кейін
6 - 9 1,5 сағаттан кейін
ҚЫЗУ ПАРАМЕТРІ
Қызу параметрі мәнін көбейту үшін белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін азайту үшін
белгісін түртіңіз. Пісіру алаңын сөндіру үшін
және белгісін бір уақытта басыңыз.
жанады да, пеш
Пештің үсті мына
уақыттан кейін
сөнеді:
6 сағаттан кейін

BRIDGE

Бұл функция қазан екі аймақтың орталсын жапқанда жұмыс істейді.
Бұл функция екі сол жақ пісіру алаңын өзара қосады да, олар бір пісіру алаңы ретінде жұмыс істейді.
Әуелі сол жақ пісіру алаңдарының біріне қызу параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: түймешігін басыңыз. Қызу параметрін орнату немесе өзгерту үшін басқару сенсорларының бірін түртіңіз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз. Пісіру алаңдары дербес жұмыс істейді.

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚЫЗДЫРУ

Егер осы функцияны іске қоссаңыз, қысқа уақыт ішінде қажетті қызу параметріне қол жеткізесіз. Бұл функция біраз уақыт қыздыру параметрінің ең жоғары мәнін орнатады да, содан кейін дұрыс қыздыру параметріне дейін түсіреді.
Бұл функцияны іске қосу үшін, пісіру алаңы суық болуы керек.
Функцияны пісіру алаңы үшін қосқыңыз келсе:
Дереу түймешігін түртіңіз ( жанады). Дұрыс қызу параметрі жанғанша, тетігін дереу басыңыз. 3 секундтан кейін
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз.
Пісіру алаңының функциясын бейнебетте
түймешігін басыңыз, одан кейін ең жоғарғы 9­қыздыру параметрін таңдаңыз және
түймешігін қайтадан басыңыз. Қажетті қыздыру параметрін орнату үшін түймесін
дереу басыңыз. Функцияны сөндіру үшін: қызу параметрін
өзгертіңіз.

POWERBOOST

Бұл функция индукциялық пісіру алаңдарына көп қуат береді. Функция шекті уақыт
түймешігін басыңыз ( жанады).
жанады.
болмағанда белсендіру үшін:
8
аралығында индукциялық пісіру алаңдары үшін ғана іске қосылуы мүмкін. Осы уақыт өткеннен кейін, индукциялық пісіру алаңы автоматты түрде ең үлкен қыздыру параметріне қойылады.
"Техникалық ақпарат" тарауын қараңыз.
Функцияны пісіру алаңы үшін іске қосу: белгішесін басыңыз. белгішесі жанады.
Функцияны сөндіру үшін: немесе түймешігін басыңыз.

ТАЙМЕР

Кері санақ таймері
Бұл функцияны қолданып пісіру алаңының бір пісіру циклы кезінде қанша уақыт жұмыс істейтінін көрсетіңіз.
Алдымен пісіру алаңы үшін қыздыру параметрін, содан кейін функцияны орнатыңыз.
Пісіру алаңын орнату үшін: түймешігін қажетті пісіру алаңының индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
Функцияны іске қосу немесе уақытты өзгерту үшін: таймердің
түймешігін басып уақытты (00 - 99 минут) орнатыңыз. Пісіру алаңының индикаторы баяу жыпылықтай бастаған кезде, уақыт кері санала бастайды.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру алаңын
арқылы орнатыңыз. Пісіру алаңының индикаторы жылдам жыпылықтай бастайды. Бейнебетте қалған уақыт көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру алаңын арқылы орнатыңыз және белгішесін
басыңыз. Қалған уақыт 00-ге кері санайды. Пісіру алаңының индикаторы сөнеді.
Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды. Пісіру алаңы сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін: түймешігін басыңыз.
немесе
Минут операторы
Бұл функцияны пісіру алаңдары жұмыс істемей, пеш іске қосылып тұрғанда Минут операторы ретінде қолдануға болады.
Бейнебетте қыздыру параметрі көрсетіледі
.
Функцияны қосу үшін: түймешігін басыңыз. Уақытты орнату үшін таймердің немесе түймешігін басыңыз. Уақыт
аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін: түймешігін басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін, содан кейін түймешігін түртіңіз. Қалған
уақыт 00-ге дейін кері саналады
Бұл функция пісіру алаңдарының жұмысына еш әсер етпейді.

ҚҰЛЫП

Басқару панелін пісіру алаңдары жұмыс істеп тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: белгішесін
басыңыз. жанады.Таймер қосулы күйде қалады.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу параметрі жанады.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ

Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд басыңыз.
белгішесі жанады. Пештің үстін
көмегімен сөндіріңіз.
Функцияны сөндіру үшін: пештің үстін көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз.
белгішесі жанады. Пештің үстін
көмегімен сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін ғана қайта орнату: пештің үстін көмегімен іске
қосыңыз. белгішесі жанады. белгішесін 4
белгішесі 4 секунд
Пешті сөндірген кезде, осы функция да сөнеді.
белгішесін 4 секунд басыңыз.
9
секунд басыңыз. Қызу параметрін 10 секунд ішінде орнатыңыз. Пештің үстін іске қосуға
болады. Пешті көмегімен сөндірген кезде, функция қайта жұмыс істейді.

ҚУАТТЫ БАСҚАРУ

• Пісіру алаңдары пештегі фаза санымен және орналасқан орындарына қарай топтастырылған. Суретке қараңыз.
• Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр жүктемесін көтере алады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру алаңдарының арасындағы қуат мөлшерін бөледі.
• Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру алаңдарының жалпы электр жүктемесі 3700 Вт-тан артқанда іске қосылады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған басқа пісіру алаңдарының қуат мөлшерін төмендетеді.

АҚЫЛ-КЕҢЕС

• Қуаты азайған алаңдардың қызу параметрін көрсететін дисплейде екі деңгей кезек-кезек көрсетіліп тұрады.
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

ЫДЫС-АЯҚ

Индукциялық пісіру алаңдарында, электр-магнитті өріс ыдыс ішінде жылдам қызу пайда болдырады.
Индукциялық пісіру алаңына дұрыс ыдыс қойып пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір, табаны көп қабаттан тұратын ыдыс (өндіруші тарапынан жарамдылығы көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары мыс,
шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай келеді, егер:
• жоғары қызу параметрі орнатылған пісіру алаңына аз су қойылса, жылдам қайнап кетеді.
• ыдыстың түбіне магнитке жабысса.
Ыдыстың түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
Ыдыстардың өлшемдері
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс табанының өлшеміне белгілі бір шамада автоматты түрде бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың диаметріне байланысты. Диаметрі көрсетілген ең кіші диаметрден кіші ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай алады.
"Техникалық ақпарат" тарауын қараңыз.
ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ ШУЫЛ Егер келесі шуыл естілсе:
• сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр түрлі материалдардан жасалған (көп қатпарлы құрылым).
• ысқырған дыбыс: сіз пісіру алаңын жоғары қуат деңгейіне қойып пайдаланасыз, және ыдыс әр түрлі материалдардан жасалған (көп қатпарлы құрылма).
• гуілдеу: жоғары қуат деңгейін пайдаланғансыз.
• шыртылдау: электр тоғы қосылып­ажыратылады.
• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс істейді.
Бұл шуыл қалыпты болып есептеледі және пештің ақаулығына жатпайды.
10

ТАҒАМ ПІСІРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ

Пісіру алаңының қызу параметрі мен қуатты тұтыну мәні өзара тура байланысты емес. Қызу параметрін көбейткен кезде, пісіру алаңы пайдаланатын қуат мәні пропорциональды түрде көбеймейді. Сондықтан орташа қызу
параметрін қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген.
Қызу параметрі Пайдалану:
- 1
1 - 2 Голланд тұздығы,
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет,
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
3 - 4 Буға піскен көкөністер, балық,
4 - 5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л су
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп,
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып
Піскен тағамды жылы ұстаңыз.
балқытылған: сары май, шоколад, желатин.
піскен жұмыртқалар.
тағамдарды баяу қайнату, дайын тағамдарды жылыту.
ет.
бұқтырылған тағамдар мен көже пісіру.
"кордон блё" бұзау еті, котлет, риссоль, шұжық, бауыр, майға қуырылған ұн, жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
картоп, қоң ет, бифштекстер.
пісіру), фри қуыру үшін.
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. PowerBoost қосылады.
Уақыт (мин.)
қажеті не орай
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
25 - 50 Кемінде күріштен екі есе көп
20 - 45 Бірнеше ас қасық сұйықтық
60 ­150
қажеті не орай
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
Ақыл-кеңес
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
сұйық қосыңыз, сүт тағамдарын пісірудің ортасына келгенде араластырыңыз.
құйыңыз.
пайдаланыңыз.
3 литрге дейін су және құраластар.
Орта тұсында аударыңыз.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11
Loading...
+ 25 hidden pages