Сіздің қауіпсіздігіңіз бен басқалардың қауіпсіздігін
қамтамасызету өте маңызды.
Біз осы нұсқаулықта және құрылғыңызда қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қатысты көптеген ескертулер бердік.
Қауіпсіздікке қатысты барлық хабарларды әрқашан
оқыңыз және ұстаныңыз.
Бұл қауіпсіздікке қатысты ескерту белгісі.
Бұл сізді немесе басқаларды мерт қылуы немесе
жарақаттауы мүмкін қауіп
-қатерді ескертуге арналған
белгілер.
Барлық қауіпсіздікке қатысты ескертулер “ҚАУІПТІ”
немесе “ЕСКЕРТУ” ескерту белгілерімен берілген.
Бұл сөздердің мағынасы төменде берілген:
Егер нұсқауларды дереу орындамасаңыз, мерт боласыз
немесе қатты жарақат аласыз.
Егер нұсқауларды орындамасаңыз, мерт боласыз немесе
қатты жарақат аласыз.
Қауіпсіздікке қатысты хабарлардың барлығында ненің
ықтимал қауіп көзі екенін, жарақат алу қаупін азайту
және нұсқаулар орындалмаса не болатыны туралы
айтылады.
These words mean:
ҚАУІПТІ
ЕСКЕРТУ
1047
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, осы
қауіпсіздік нұсқауларын оқып шығыңыз.
Кейін қолдану үшін сақтап қойыңыз. Бұл
нұсқаулар мен құрылғының өзі орындалуы
тиіс қауіпсіздік жайлы маңызды ескертулерді
көрсетеді. Өндіруші осы қауіпсіздік
нұсқауларын орындамау, құрылғыны немесе
басқару параметрлерін дұрыс пайдаланбау
салдарынан болған бұзылу жағдайларына
қандай да жауапкершіліктен бас тартады.
Өте жас балаларды (0-3 жастағы)
құрылғыға жақындатпау керек. Жас балаларды
(3-8 жастағы) үздіксіз бақылап отырмаған
жағдайда, құрылғыға жақындатпаңыз. 8 жастағы
және одан үлкен балалар, физикалық, көру,
есту және ойлау қабілеті шектеулі немесе
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
құрылғыны қауіпсіз қолдану және одан туындауы
мүмкін қауіп туралы нұсқаулық алса немесе
жанында бақылаушы ересек адам болса ғана
бұл құрылғаны пайдалана алады. Балалар
құрылғымен ойнамауы тиіс. Құрылғыны жөндеу
және тазалау жұмыстарын балалар ересектердің
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 және 8 жас арасындағы балалар құрылғыға зат
салуға және ондағы заттарды алуына болады.
РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Бұл құрылғыны
таймер немесе пульт сияқты сырттан өшіру
құралымен басқаруға арналмаған.
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты
ортада пайдалануға арналған, мысалы:
дүкендердегі ас үйлер, кеңселер және
басқа жұмыс орталары, фермалар, қонақ
үйлердегі және мотельдердегі клиенттер,
таңғы ас және төсек ұсынатын қонақжайлар
мен басқа тұрғындық комплекстерде.
Бұл құрылғы кәсіби қолданысқа
арналмаған. Құрылғыны сыртта пайдалануға
болмайды.
Бұл құрылғының ішінде үй құрылғылары
үшін арнайы жасалған шам қолданылған
және оны үйді жарықтандыру үшін қолдануға
болмайды (ЕК ережесі 244/2009).
Бұл құрылғыны орташа ауа температурасы
климат санаттарына негізделген техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
аралықтан аспайтын ортада пайдалану
қажет. Құрылғы көрсетілген температура
аралығынан асатын жерде ұзақ уақыт тұрса,
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Климат санаттарына негізделген орташа
темп: T. (°C)
SN: 10 мен 32 °C арасында; N: 16-32°C
ST: 16 мен 38 °C арасында; T: 16-43°C
Бұл құрылғы құрамында CFC жоқ. Тоңазыту
блогының құрамында R600a (HC) бар. Құрамында
изобутан (R600a) бар: изобутан қоршаған ортаға
зияны жоқ табиғи газ болып табылады, бірақ
жанғыш газ. Сондықтан тоңазытқыш түтіктерінің
бүлінбеуін қадағалаңыз, әсіресе тоңазыту блогын
босатқанда.
ЕСКЕРТУ: Құрылғының қуат беру блогындағы
түтіктердің бүлінбеуін қадағалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны шкаф немесе
кіріктірілген қаптамаға орналастырғанда, оның
айналасында желдетуге жеткілікті орын болуы
керек
.
ЕСКЕРТУ: Жібіту үдерісін тездету үшін,
өндіруші ұсынған құралдардан басқа
механикалық, электр немесе химиялық
заттарды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер өндіруші тарапынан арнайы
нұсқаулық берілмесе, электр құрылғыларын
тоңазытқыштың ішкі бөліктерінде сақтамаңыз
немесе қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Су жүйесіне тікелей
қосылмаған мұз жасағышқа және/немесе су
диспенсеріне тек ауыз суын құю керек.
ЕСКЕРТУ: Автоматты мұз жасағыш және/
немесе су диспенсерлерін тек ауыз сумен
жабдықтайтын жүйеге ғана қосу керек
және негізгі құбырдағы су қысымы 20 фунт/
шаршы дюйм және 145 фунт/шаршы дюйм
(1,4 және 10 бар) болуы керек.
Тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль
сауыты тәрізді жарылғыш заттарды осы
тоңазытқышқа сақтамаңыз.
Мұз жастықшаларының (кей үлгілерде)
ішіндегі заттарды (улы емес) жұтып
қоймаңыз. Мұз текшелерін немесе
мұздақтарды мұздатқыштан алғаннан кейін
дереу жеуге болмайды: қару қаупі бар.
Есікті желдеткі ішінде ауа сүзгісі бар
құрылғылар үшін: тоңазытқыш қосылғанда,
сүзгі әрқашан орнында болуы тиіс.
Сұйық құйылған шыны сауыттарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз, себебі жарылып
кетуі мүмкін. Желдеткішті (егер бар болса)
тағаммен бөгемеңіз. Тағамды салғаннан кейін
бөлімдерінің есіктерінің, әсіресе мұздатқыш
есігінің дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
Бүлінген нығыздағыштарды дереу
ауыстыру керек.
Тоңазытқыш бөлімін жаңа тағам сақтау
үшін, ал мұздатқыш бөлімін мұздатылған
тағам сақтау, жаңа тағамды мұздату және
мұз қатыру үшін ғана пайдаланыңыз.
Оралмаған тағамды тоңазытқыштың ішкі
қабырғаларына, жаңа тағамдарға тигізіп қоймаңыз.
Құрылғылардың арнайы бөліктері (Жаңа тағам
бөлігі, Нөл температура бөлігі т.б.) бар болуы
мүмкін. Егер құрылғының кітапшасында басқаша
көрсетілмесе, оларды жұмыс жасау тиімділігін
сақтау үшін алып қоюға болады.
1048
Ескерту: Өрт қаупі бар/тұтанғыш
материалдардан келетін қауіп: құрылғының
келесі бөліктерінде құрылғының әр бөлігіндегі
температура таралымын ескере отырып,
мына арнайы тағам түрлерін сақтауға болады:
- Тоңазытқыш бөлік: Тропикалық жеміс,
қалбырдағы тағам, сусын, жұмыртқа,
асқатықтар, тұздалған тағамдар, сары май,
джем, ірімшік, сүт, сүт өнімдері, йогурт.
Сонымен қатар салқын тісбасарлар, ет және
балық, чизкейк, жаңа пісірілген макарон,
қышқыл қаймақ, пуддинг және кілегейлі
ірімшікті сақтауға болады.
Жеміс және көкөніс тартпасы тоңазытқыштың
астыңғы бөлігінде орналасқан: Жемістер
мен көкөністерді сақтаңыз (тропикалық
жемістерден басқасын)
Салқындатқыш бөлік: Ең суық тарпа ішінде
ет және балықты ғана сақтаңыз
- Мұздатқыш бөлік:
осы бөліктің ішінде температура біркелкі
таралатындықтан мұнда мұздатылған
тағамдарды және сырттан мұздатылған
қалпы әкелінген тағамдарды сақтауға
болады. Сатудан мұздатылған қалы алынған
тағамдардың жарамдылық мерзімі орамында
көрсетілген. Бұл жарамдылық мерзімінде
сақталатын тағам түрі ескерілген, сондықтан
оны сақтау уақытын ескеру керек. Жаңа
тағамдарды сақтау уақыты төменде берілген:
Ірімшік, балық, балмұздақ, бэкон/шұжық,
сүт, жаңа сұйықтықтарды 1-3; стейік немесе
шабылған ет (сиыр, қой, шошқа еттері)
4 ай; сары май немесе маргарин, құс еттері
(тауық, күркетауық) 6 ай; жемістер (цитрустан
басқасы), қуырылған ет (сиыр, қой, шошқа
еттері), көкөністер 8-12 ай. Тағамдардың
орамындағы жарамдылық уақытын сақтау
керек. Тағамның бұзылуына жол бермеу үшін
мына шараларды ескеру керек:
– Есікті ұзақ ашып тұру - құрылғы ішіндегі
бөліктердің температурасын әжептәуір
жоғарылатады.
– Тағам жиі жанасатын бөліктерді және
қолжетімді жердегі су төгетін саңылауларды
жиі тазалап отырыңыз.
– Су сауыттары 48 сағат бойы қолданылмаса,
онда тазалаңыз; егер 5 күн бойы ешбір су
қолданылмаған болса, су беру құбырына
қосылған су жүйесін шайып тазалаңыз.
– Шикі ет пен балықты басқа тағамдарға
тиіп кетпеу, оларға сөлі ағып кетпеу үшін
мұздатқыш ішіне тиісті сауыттарға салып
сақтаңыз.
Реттелетін бөлік ішінде тағамдарды былай
сақтау керек:
+10°C : ақ шарап сақтаңыз
+4°C: көкөністер мен жемістерді (тропикалық
жемістерден басқасын) сақтаңыз
0°C: тек ет пен балықты ғана сақтаңыз
1049
Нөлден төменгі көрсеткіштердің бәрі:
мұздатылған тағамдарды мұздатқыш
бөлікте сақтау
– Екі жұлдызды мұздату бөліктері алдын
ала мұздатылған тағамдарды сақтау,
балмұздақ. мұз текшелерін сақтау немесе
жасауға арналған.
– Жаңа тағамдарды екі немесе үш жұлдызды
бөліктерде сақтамаңыз.
– Егер мұздатқыш құрылғы ұзақ уақыт бойы
бос тұрса, құрылғы ішінде зең пайда болмау
үшін оны сөндіріп, мұзын ерітіп, кептіріп,
содан кейін есігін ашық қалдырыңыз.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі немесе одан көп адам
орнатуы тиіс, себебі жарақат алу қаупі бар.
Қораптан алғанда және орнатқанда қорғайтын
қолғап киіңіз, себебі жарақат алу қаупі бар.
Орнату жұмыстарын, оның ішінде су (бар
болса) және қуат жабдықтау жүйелерін қоса,
және жөндеу жұмыстарын тек қана техниктер
орындауы тиіс. Нұсқаулықта арнайы
көрсетілмесе, құрылғы бөлшектерін жөндеуге
немесе ауыстыруға болмайды. Балаларды
орнату алаңына жақындатпаңыз.
Құрылғыны қораптан шығарғанда,
тасымалдау кезінде бүлінбегенін тексеріңіз.
Егер қандай да мәселе туындаса, дилерге
немесе маңайдағы сатудан кейін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Орнатылған соң, орам материалдарын
(пластик, пенопласт бөлшектерін, т.б.)
балалардың қолы жетпейітін жерде
сақтаңыз, тұншығып қалу қаупі бар. Орнатуға
кіріспес бұрын құрылғыны барлық қуат
көздерінен ағыту қажет, тоқ соғу қаупі бар.
Орнату кезінде құрылғының қуат кабелін
жаншып тастамауын қадағалаңыз; өртке не
ток соғу жағдайларын себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны орнату жұмыстары аяқталған
соң ғана қосуға болады.
Құрылғыны жылжытқанда, еденді
(паркет) бүлдіріп алмау үшін абайлаңыз.
Құрылғыны оның салмағын көтере алатын
және оның өлшеміне сай келетін және
пайдалануға қолайлы жерге орнатыңыз.
Құрылғыны жылу көздерінен қашық жерге
қойыңыз және төрт аяғын еденге қажетінше
бейімдеп, арнайы өлшегішпен деңгейін
біркелкі етіп, тұрақты қылып орнатыңыз.
Тоңазыту жүйесі толығымен іске қосылуы
үшін, тоңазытқышты орнатқан соң кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны орналастырғанда,
қуат сымының бір нәрсеге оралып не бүлініп
қалмауын қадағалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тұрақсыз тұру салдарынан
болатын қауіп алдын алу үшін, орнату және
жөндеу жұмыстарын өндіруші нұсқаулығына
сай орындау маңызды. Тоңазытқыштың
артқы жағын (конденсатор шарғысын) газ
пешінің металл түтігіне, су құбырларына
немесе ток сымдарына тигізіп қоюға тыйым
салынған.
Желдеткішті бітеп тастамас үшін,
құрылғының екі бүйірінен және үстіңгі
жағынан ашық орын қалдырыңыз.
Құрылғының артқы жағы мен қабырға
арасында 50 мм орын болуы тиіс, әйтпесе
қызып кетуі мүмкін. Бұл аралық аз болса,
құрылғының қуат шығыны артады.
Егер есіктерін ауыстыру қажет болса,
техникалық көмек беру орталығына
хабарласыңыз.
Сумен жабдықтау және фиттинг немесе
құрылғының қосылатын тұс(тар)ына ‘рұқсат
етілген’, бір нүктеден тексеретін немесе
осыған ұқсас, бірақ тиімділігі жағынан кем
емес, судың кері ағуына жол бермейтін,
кемінде сұйықтықтың екінші санаты үшін
қолдануға болатын қауіпсіздік құралы
орнатылуы керек.
ҚУАТ ЖАБДЫҚТАУ ЕСКЕРТУЛЕРІ
Құрылғының қуат ашасын ток көзінен
ағыту арқылы өшіретін мүмкіндігі бар
болуы керек немесе тиісті ережелерге
және елдегі электр қауіпсіздігіне қатысты
қолданылатын стандарттарға сай қуат
қорабына орнатылатын бірнеше полярлы
айырып-қосқыш арқылы өшіру мүмкіндігі
қарастырылуы керек.
Ұзартқыш сымдарды, бірнеше көзді
ұяшықтарды немесе адаптерлерді
пайдаланбаңыз. Орнатылған құрылғының
электр бөліктеріне қол жылдам жететіндей
болуы тиіс. Құрылғыны су немесе жалаңаяқ
күйде пайдалануға болмайды. Қуат кабелі
немесе қуат ашасы бүлінген болса немесе
құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бұзылған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Егер қуат сымы бүлінген болса, өндіруші
шығарған дәл сондай сыммен ауыстыру
қажет және ток соғу қаупін тудырмас
үшін, ауыстыру жұмысын қызмет көрсету
орталығының арнайы маманы немесе білікті
техник орындауы тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғының артына бірнеше
ұяшықты жылжымалы қуат жабдықтағыш
құралдарды қоймаңыз
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
.
ЕСКЕРТУ: Күтім көрсету жұмыстарын
орындағанда, құрылғының өшіріліп,
қуат көзінен ажыратылғанын тексеріңіз;
құрылғыны бумен тазалауға болмайды - ток
соғу қаупі бар.
Терезе бүріккіш, қырғыш тазартқыштар,
тұтанғыш сұйықтықтар, тазартқыш балауыз,
қоюландырылған жуғыш заттар, ағартқыштар
немесе құрамында мұнай өнімдері бар
жуғыш заттар сияқты түрпілі немесе өткір
жуғыш құралдарды пластмасса бөлшектерге,
ішкі жағы мен есіктің астарларына немесе
тығыздауыштарына пайдалануға болмайды.
Қағаз сүлгілерді, ысқыш жөкелерді немесе
басқа да материалдарға зақым келтіруі мүмкін
қатты тазалағыш құралдарды пайдаланбаңыз.
ОРАМЫН ТАСТАУ
Орам материалдары 100% қайта қолдануға жарамды және
қайта қолдану белгісімен көрсетілген
Орам материалдарының бөліктерін жауапкершілікпен қайта
қолдану ережелері мен жергілікті құзырлы мекемелердің
нұсқауларына сай тастау қажет.
ҮЙДЕ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН
ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрылғы құрамында қайта қолдануға болатын материалдар
бар. Қолданыстан шыққан құрылғыны қоқысқа жергілікті ережелерге
сай тастау қажет. Электр құрылғыларды бөлшектеп, қайта қолдану
жайлы тиісті ақпаратты жергілікті құзырлы мекемелерден,
тұрмыстық қоқыстарды жинау орталығынан немесе құрылғын сатып
алған дүкеннен алыңыз. Құрылғыда Еуропалық Одақтың электр
және электроника құрылғыларын қоқысқа тастауға (WEEE) қатысты
2012/19/EC стандартына сай деген таңба бар. Осы өнімді қоқысқа
тиісті жолмен тастау арқылы сіз қоршаған орта мен адамдарды
денсаулығына залалды заттардан қорғауға үлес қосасыз.
Құрылғыдағы немесе берілген құжаттардағы белгісі бұл өнімді
тұрмыстық қоқысқа тастауға болмайтынын және электр немесе
электрондық құрылғыларды қайта қолдану орталықтарына
өткізу қажет екенін білдіреді.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ КЕҢЕСТЕРІ
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеге, жылу көздерінен
(мысалы, радиатор, пеш, т.с.с.) қашық және күн сәулесі тура
түспейтін жерге орнатыңыз. Қажетіне қарай, оқшаулағыш
тақтаны пайдалануға болады.
Тиісті түрде желдету үшін орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғының артқы жағынан желдетуге жеткілікті орын
қалдырылмаса, пайдаланатын қуат мөлшері көбейіп, тоңазыту
тиімділігі төмендейді.
Есігін жиі ашу қуат шығынын арттыруы мүмкін. Ішкі температурасы
мен қуат пайдалануға қоршаған орта температурасы мен
құрылғының тұрған жері де әсер етуі мүмкін. Температура
параметрін орнатқан кезде осы факторларды ескеру керек.
Есігінің ашылуын барынша азайтыңыз.
Мұздатылған тағам жібітілсе, оларды тоңазытқышқа қойыңыз.
Мұздатылған тағамдардың төмен температурасы тоңазытқыштың
ішіндегі заттарды салқындатады. Жылы тағам мен сусындарды
тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.
Сөрелерді тоңазытқышқа қойған кезде қуатты тиімді пайдалануға ешбір
әсер етпейді. Тағамдарды сөрелерге қойған кезде ауа айналымының
дұрыс болуын қамтамасыз ету керек (тағамдар бір-біріне тиіп тұрмауы
керек және тағамды артқы қабырғасына тигізбеген дұрыс).
Себеттерді және мұздатуды тоқтататын сөрені алып, тағам
сақтау сыйымдылығын арттыруға болады.
Осы Жылдам нұсқаулықта компрессордан шығатын шуылдың
қалыпты екені ескертілген, сондықтан оған абыржымаңыз.
.
1050
Ескі тоңазытқыштан дұрыс арылу
Тұншығып қалу қаупі
Ескі тоңазытқышыңыздың есіктерін алыңыз. Бұлай
істемеген жағдайда, мерт болу немесе миға зақым
келтіру қаупі бар.
Салқындатқыш заттардан арылу туралы білуіңіз керек
маңызды ақпарат:
Тоңазытқыштан Федералдық немесе жергілікті заңдарға
сәйкес арылыңыз. Тоңазытқыштарды уәкілетті EPA
сертификаты бар тоңазытқыш жөніндегі техник
белгіленген процедураларға сәйкес алып кетуге тиіс.
ҚАУІПТІ : Баланың қамалып қалу қаупі бар. Ескі
тоңазытқышты немесе мұздатқышты тастау алдында:
Есіктерін шешіп алыңыз.
■
Балалар құрылғының ішіне оңай кіріп кетпеу үшін
■
сөрелерді орындарынан алмаңыз.
ЕСКЕРТУ
МАҢЫЗДЫ: Баланың қамалып немесе тұншығып қалуы өткен
уақыттың мәселесі ғана емес. Қоқысқа тасталған немесе
қараусыз қалдырылған тоңазытқыштар, тіптен “бірнеше күнге”
ғана қалдырылса да, қатер төндіреді. Ескі тоңазытқышыңызды
қоқысқа тастайын деп жатсаңыз, төтенше жағдайға жол
бермеу үшін мына нұсқауларды орындаңыз.
1051
Кіріктірілген Мұз жасағыш
Pure Control (Таза басқару)
Дәлдікті 6th sense (6
-шы сезіммен) басқару
және Мұз сауыты
Суырмалы науа
Жаңа тағам бөлігі
Су сүзгісі
Оңай қол жеткізілетін науа
Жылдам мұздатқыш тартпалары
2 жоғарғы жарық жолақтары
Реттемелі сөре
2 бүйірлік жарық жолақтары
БӨЛШЕКТЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
A
BC
Реттемелі сөре
Жаңа тағам бөлігі
Баппен сақтайтын тартпа
A. Т
оңазытқыш
B. Мұздатқыш
C. Икемді мұздатқыш
Пайдаланушы интерфейсі
Мұз және су өлшейтін
шыныаяқтар
Суырмалы су
тамшылайтын науа
Сақтау сыйымдылығы:
Құрылғының арт
қы жағындағы заттаңба жапсырмасын тексеріңіз.
1052
ЕСІКТЕРДІҢ АРТЫНДА ҚАНДАЙ ЖАҢА НӘРСЕЛЕР БАР?
In-Door-Ice® Сақтайтын сауыт
Мұз қатырғыш пен мұз сақтау сауытының есікте орналасуы
түсетін мұзға оңай жетуге мүмкіндік беріп, тоңазытқыштың
ішіндегі сөрелердегі орынды босатады және бос орын
қосымша есік сауытына арналған.
Freeze Shield (Мұздату қалқаны)
Бұл мүмкіндік мұздатылған тағамның ылғалының таралуын
азайтады және мұздатқышта күйіктің пайда болуын
төмендетеді.
Суырмалы науа
Бұл ені кең, бері қарай сырғытып шығаруға болатын сөре
жеміс-жидек тартпаларының арасына қойылады және ең
астыңғы сөрені кәстрөлде пісірілген тағамдарды, пицца
қорабын және үлкен дастарқан табақтарын қою үшін
пайдалануға болады.
Баппен сақтайтын тартпалар
Ет, жеңсік заттар мен сусындар сияқты заттарды қолайлы
салқын жерде сақтауға арналған.
Өлшеп құю функциясы бар су диспенсері
Өлшеп құю функциясы сүзгіден өткізілген судың қалаған
мөлшерін 0,2 литр, 0,5 литр және 1 литр ыңғайлы үлеспен
құюға мүмкіндік береді.
LED шамының панорамалық жануы
Тоңазытқыш бөліктің, мұздатқыш бөліктің және ішкі
тартпалардың ішіндегі LED шамдардың бірнеше жолақтары
көлеңкені азайтып, жарықты тоңазытқышта біркелкі таратады.
Реттелетін бөлік
Орнатылған 6+ температура мәнінен жаңа талабыңызға
сәйкес келетін кеңістікті анықтап тетікті бір түртіп,
мұздатқыштан тоңазытқышқа ауысыңыз.
Pure Control (Таза басқару)
Озонды суық агентпен жабдықталған инновациялық құрылғы,
корпустың ішінде бактерияның таралуын алдын алады, иісті
азайтады және айналадағы ауаның сапасын жақсартады.
1053
ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Ток соғу қаупі бар.
Жерге тұйқыталған 3 істікті розеткаға қосыңыз.
Жерге тұйықталған істікшені алмаңыз.
Адаптерді пайдаланбаңыз.
Ұзартқыш сымды пайдаланбаңыз.
Бұл нұсқаулар орындалмаса, мерт болу немесе ток соғу
қаупі бар.
Артық салмақ қаупі
Тоңазытқышты жылжыту және орнату үшін екі немесе
одан да көп адамды жұмылдырыңыз.
Әйтпесеарқаңызға салмақ түседі немесе басқа жарақат
алуыңыз мүмкін.
Бастау
ОРНАТУ ТІЗІМІ
Электр қуаты
ЕСКЕРТУ
■
Тоңазытқышты жерге тұйықталған розеткаға қосыңыз.
Есіктер
Егер орнату кезінде есіктерді шешіп алу керек
■
болса, “Тоңазытқыш есіктерін алу және ауыстыру”
және “Мұздатқыш есігінің алдыңғы жақтарын алу және
ауыстыру” бөлімін қараңыз.
■ Есіктер тығыз жабылады.
Тоңазытқыш тегіс жерде тұр. Тіреуіштері еденге тығыз
■
ұстасып тұратындай етіп деңгейлеңіз.
Есіктері төбесімен қатарлас тұр. (Қажет болса, есікті
■
туралау функциясын пайдаланыңыз).
Соңғы тексерістер
■
Барлық орауыш материалдарды алып тастаңыз.
■
Температура тетіктерін ұсынылатын параметрге
орнатыңыз.
■
Нұсқаулар мен басқа құжаттарды сақтап қойыңыз.
■ Толығырақ көмек алу үшін өніміңізді сайтқа тіркеңіз.
www.whirlpool.com.
Су сүзгісін орнату
n
Тоңазытқыш камераның астыңғы сол жағындағы су сүзгісі
ұяшығын табыңыз. Сүзгі есікшесін ашу үшін оның оң жағын
басыңыз.
Су сүзгісінің қақпағындағы меңзерді сүзгінің корпусындағы
n
ойық белгімен туралаңыз да, сүзгіні салыңыз.
n
Сүзгіні салған соң, сүзгіні сағат тілімен 90°-қа (1/4 бұру)
бекітілгенше бұрай беріңіз.
n
Су сүзгісінің есікшесін ысырмаға итеріп жабыңыз.
11,4 л (3 галлон) сумен шайып, су жүйесіндегі ауаны
n
шығарыңыз және диспенсерден су тамшылап, диспенсер
ағынына әсер етуі мүмкін, соны тексеріңіз.
n
Пайдаланушы интерфейсі арқылы сүзгі есептегішін
бастапқы қалпына келтіріңіз. Пайдаланушыны басқару
бөлімінен сүзгіні қалпына келтіру процедурасын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сүзгі дұрыс орнатылмаса, судың ағу жылдамдығы
төмендейді де, мұз қатуы баяулайды. Сүзгінің дұрыс орнатылмауы
су сүзгісі шлангісінен су жылыстауына себеп болуы мүмкін.
Тоңазытқышты орауышынан алу
ЕСКЕРТУ
Тоңазытқышты жеткізу
Есіктің ойығы кем дегенде 838 мм (33 дюйм) болуға тиіс. Егер
есіктің ойығы 914 мм (36 дюйм) немесе одан аз болса, онда
есіктерді, тартпалар мен тоспаларды шешіп алу қажет болады.
Барлық есік ойықтары үшін тоңазытқышты бір бүйірінен сүйреңіз.
Тоңазытқышты жылжытқан кезде:
Тоңазытқыштың салмағы ауыр. Тоңазытқышты тазалау
немесе техникалық қызмет көрсету үшін орнынан
жылжытқан кезде, еденге зақым келтірмеу үшін еденді
картонмен немесе тақтаймен жабуды ұмытпаңыз.
Тоңазытқышты орнынан жылжытқан кезде әрқашан тік
ұстаңыз. Тоңазытқышты орнынан жылжытқыңыз келген
кезде бұлғақтатпаңыз немесе “жүргізбеңіз”, себебі
еденге зақым келуі мүмкін.
Орам материалдарын алу
■
Тоңазытқышты іске қосу алдында беттеріндегі таспаның
және желімнің дақтарын тазалаңыз. Желімнің үстіне ыдыс
жууға арналған сұйық сабынды саусағыңызбен шамалы
мөлшерде жағыңыз. Жылы сумен сүртіңіз де, кептіріңіз.
■
Таспаны немесе желімді алу үшін өткір құралдарды, спиртті,
тұтанғыш сұйықтарды немесе жеміргіш заттарды пайдаланбаңыз.
Бұл өнімдер тоңазытқыштың бетіне зақым келтіруі мүмкін.
Барлық орам материалдарын қоқысқа тастаңыз/қайта
■
өңдеуден өткізіңіз.
Іске пайдалану алдында тазалаңыз
Орам материалдарының барлығын алып болғаннан кейін
тоңазытқышты пайдалану алдында ішін тазалаңыз. Тазалауға
қатысты нұсқауларды “Тоңазытқышты күтіп ұстау” тарауынан қараңыз.
Шыны сөрелер мен қақпақтар туралы білуіңіз керек
маңыздыақпарат:
Шыны сөрелерді немесе қақпақтарды суық күйінде
жылы суға жуыңыз. Сөрелер мен қақпақтар
температура кенет өзгерсе немесе ұрылып-соғылса
сынып кетуі мүмкін. Шынықтырылған шыны көптеген
ұп-ұсақ бөлшектерге бөлініп кететіндей етіп жасалған.
Бұл қалыпты жағдай. Шыны сөрелер мен қақпақтар
ауыр болады. Оларды алған кезде, түсіріп алмау үшін
екі қолмен ұстаңыз.
1054
Орнатылатын орынға
Жарылыс шығу қаупі
тоңазытқыштан алыс ұстаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, мерт болу, жарылыс шығу
немесе өрт шығу қаупі бар.
Ток соғу қаупі бар.
Жерге тұйқыталған 3 істікті розеткаға қосыңыз.
Жерге тұйықталған істікшені алмаңыз.
Адаптерді пайдаланбаңыз.
Ұзартқышсымды пайдаланбаңыз.
Бұл нұсқаулар орындалмаса, мерт болу немесе ток соғу
қаупібар.
қойылатын талаптар
ЕСКЕРТУ
Бензин тәрізді тұтанғыш материалдарды және буларды
Тоңазытқыш дұрыс желдетілуі үшін екі жағынан және үстінен
1,25 см бос жер қалдырыңыз. Тоңазытқыштың артқы жағынан
5 см бос орын қалдырыңыз. Егер тоңазытқышыңыздың мұз
жасағышы бар болса, артқы жағынан су құбырына қосу
үшін орын қалдырыңыз. Тоңазытқышты қабырғаның қасына
орнатқан кезде, есікті айқара аша алу үшін тоңазытқыш пен
қабырғаның арасында кем дегенде 9,5 см орын қалдырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұл тоңазытқыш температурасы кем дегенде 10 °C
градустан 43 °C градусқа дейін болатын жерде қолдануға
арналған. Электр энергиясын тұтынуды төмендететін және
тамаша салқындатуды қамтамасыз ететін құрылғының
жақсы жұмыс істеуіне қолайлы бөлме температурасы 15 °C
градуспен 32 °C градус аралығын құрайды. Тоңазытқышты
пеш немесе батарея сияқты жылу көзінің жанына орнатпаңыз.
1,25 см
Электр жүйесіне қойылатын талаптар
ЕСКЕРТУ
МАҢЫЗДЫ: Орнату және электр желісіне қосу жұмыстарын
білікті техник өндірушінің нұсқауларына және жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орындауы керек.
Тоңазытқыш бөлек 220-240 В, 10 А, 50-60 Гц тізбегінде
■
жұмыс істейтін етіп жасалған.
■
Техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеудің
үйдегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
■
Құрылғыны қуат көзінен ашасынан суыру немесе
розетканың бас жағына орналасқан екі полюсты айырыпқосқыш арқылы ағытатын мүмкіндік болуға тиіс.
Қуат сымы зақымдалған болса, қатерлі жағдай орын алмас
■
үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті
немесе сол сияқты білікті адам ауыстыруға тиіс.
Тоңазытқышты түпкілікті орнына жылжытардың алдында
дұрыс электр қосылымы бар екеніне көз жеткізу керек:
Ұсынылатын жерге қосу тәсілі
220-240 В 50 Гц, 220 В 60 Гц, немесе 230/240 В 50 Гц
айнымалы ток тек 10 A сақтандырғышпен және жерге
қосылған электрмен жабдықталуы керек.
9,5 см
1055
B түрі
I түрі
Австралия мен Жаңа Зеландия үшін:
Сіздің жаңа аспабыңыз Австралияның барлық стандарттары
мен шарттарына сай келетін етіп арнайы жасап шығарылған.
Орнату бойынша нұсқаулардағы кейбір ескертпелер басқа
елдердегі электрлік талаптарға қатысты, сондықтан біз сондай
ескертпелерге сіздің назарыңызды ерекше аударамыз.
Құрылғыны кернеуі 230/240 В, 50 Гц, 10 А айнымалы тоққа
қосылған жерге тұйықталған розеткаға қосыңыз.
E және F түрі
M түрі
N түрі
G түрі
Электр желісіне қойылатын талаптар
(Ұлыбритания және Ирландия ғана)
МАҢЫЗДЫ: Бұл тоңазытқышты міндетті түрде жерге қосу керек.
Сақтандырғышты ауыстыру
Егер тоңазытқыштың негізгі сымына BS1363A, 13 А
сақтандырғышы бар аша орнатылған болса, осы тәрізді
сақтандырғышты ауыстыру үшін A.S.T.A. рұқсат еткен, BS 1362
түріндегі сақтандырғышты орнатыңыз және келесі әрекетті
орындаңыз:
1. (A) және (B) сақтандырғышының қақпағын алыңыз.
2. 13 А қосымша сақтандырғышты сақтандырғыштың
қақпағына орнатыңыз.
3. Сақтандырғышты және оның қақпағын ашаға қайта
орнатыңыз.
МАҢЫЗДЫ: Сақтандырғышты ауыстырған кезде
сақтандырғыштың қақпағын қайта орнату керек. Егер
сақтандырғыштың қақпағы жоғалып кетсе, дұрыс қақпақ тауып
салғанша ашаны пайдаланбау керек. Алмастыратын ашаны
астыңғы түсті жапсырмасына немесе түспен бөлектелген
“сөзге” қарап анықтауға болады. Ауыстырылатын
сақтандырғыш қақпақтарын жергілікті электр бұйымдары
дүкенінен сатып алуға болады.
A
B
Температура
Бұл құрылғы температурасы техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген ауа-райы санатына сәйкес
келесі ауқымдарда болатын жерлерде пайдалануға арналып
жасалған. Тоңазытқышты көрсетілген температура ауқымынан
тыс жерде ұзақ уақыт қалдырса дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Тоңазытқышты пеш немесе батарея тәрізді жылу
көзінің жанына орнатпауды ұсынамыз.
Ауа-райы сыныбы Қорш. орта T. (°C) Қорш. орта T. (°F)
SN10 және 32
арасында
N 16 және 32
арасында
ST 16 және 38
арасында
T 16 және 43
арасында
50 және 90
арасында
61 және 90
арасында
61 және 100
арасында
61 және 110
арасында
A. Сақтандырғыштың қақпағы
B. Сақтандырғыш
Ирландия Республикасы үшін (тек):
Ұлыбритания үшін берілген ақпарат жиі қолданылады,
бірақ аша мен розетканың 2-істікшелі, бүйір жағынан жерге
қосылатын үшінші түрі де қолданылады.
Розетка/Аша (екі ел үшін де жарамды):
Егер орнатылған аша сіздің розеткаңызға сай келмесе,
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып
қосымша нұсқау алыңыз. Ашаны өзіңіз ауыстыруға әрекет
етпеңіз. Бұл процедураны білікті техник өңдірушінің
нұсқауларына және қазіргі кезде қолданылатын
қауіпсіздік стандарттарына сәйкес орындауы керек.
1056
Тоңазытқыштың есіктерін алып-салу
Сымның ашасы
Үстіңгісол жақ топса
A. 5 мм тұқыр бұрандалар
Ортаңғы сол жақ топса
A. Топса
Үстіңгісол жақ
A. Үстіңгі топса
B. Үстіңгі топсаның қақпағы
Үстіңгіоң жақ
A. Үстіңгі топса қақпағының
B. Үстіңгі топсаның қақпағы
Үстіңгіоң жақ топса
A. 5 мм тұқыр бұрандалар
Ортаңғы оң жақ топса
A. Топса
ЕСКЕРІМ: Тоңазытқышты үйге кіргізу үшін оның есіктерін шешу немесе шешпеу керектігін білу үшін үйдің есігінің ойығының енін
өлшеп алыңыз. Егер есікті шешіп алу керек болса, төмендегі нұсқауларды қараңыз.
МАҢЫЗДЫ: Егер тоңазытқыш бұрын орнатылған болса, ал сіз оны үйден шығаратын болсаңыз, есіктерін шешіп алардан бұрын
тоңазытқыштың басқару құралдарын өшіріңіз. Тоңазытқыштың ашасын суырыңыз немесе қуат көзінен ағытыңыз. Азық-түлік пен
реттемелі есікті немесе есіктердегі ұсақ-түйек сауыттарын алып шығыңыз.
Есіктерді шешіп алмас бұрын қажетті құрал-сайманды жинап, барлық нұсқауларды оқыңыз.
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-САЙМАН: 6 мм тұқыр кілт, 5 мм тұқыр кілт және #2 айқас ұшты бұрағыш.
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар.
Есіктерді ағытып алу алдында қуат көзінен ажыратыңыз.
электр
қатерінеұшырау қаупі бар.
Бұлай істемеген жағдайда, мерт болу немесе
Су диспенсерінің
түтіктерін жалғау
A. Сыртқы шығыр
A
топсаның қақпағы
A
B
A
қақпағының бұрандасы
бұрандасы
топсаның қақпағы
A
B
A
A
1057
A
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар.
Бұлай істемеген жағдайда, мерт болу немесе электр
қатерінеұшырау қаупі бар.
Артық салмақ қаупі
Тоңазытқыш есігін көтеру үшін екі немесе одан көп
адам қажет.
Әйтпесе
алуыңыз мүмкін.
арқаңызға салмақ түседі немесе басқа жарақат
Сол жақ есікті шешіп алу
МАҢЫЗДЫ: Пайдаланушы интерфейсіне (UI) арналған
сымдар сол жақ есіктің топсасы арқылы өтеді, сондықтан
есікті шешіп алардан бұрын оларды ажырату қажет.
1. Айқас ұшты бұрағыштың көмегімен үстіңгі топсаның
қақпағын шешіп алыңыз.
Тоңазытқыштың есіктерін шешіп алу
ЕСКЕРТУ
Есіктерді ағытып алу алдында қуат көзінен ажыратыңыз.
Оң жақ есікті шешіп алу
1. Тоңазытқыштың ашасын суырыңыз немесе қуат көзінен
ағытыңыз.
2. Тоңазытқыштың есіктерін корпустан еркін көтеріп алуға
дайын болғанша жабық күйде ұстаңыз.
ЕСКЕРІМ: Топсаларын алып жатқан кезде тоңазытқыштың
есігін қосымша сүйемелдеп тұрыңыз. Өзіңіз жұмыс істеп
жатқанда, есік тығыздағыштарының магниттері есікті ұстап
тұрады деп сеніп қалмаңыз.
3. Айқас ұшты бұрағыштың көмегімен үстіңгі топсаның
қақпағын шешіп алыңыз.
4. 5 мм тұқыр кілтті пайдаланып, үстіңгі топсаның төрт
бұрандасын ағытып алып, бөлек қойыңыз.
A
B
A. Үстіңгі топса қақпағының бұрандасы
B. Үстіңгі топсаның қақпағы
2. Есіктің топсасының үстінде орналасқан электр сымының
ашасын ажыратыңыз.
Электр сымының ашаларын екі жағынан ұстаңыз. Сол
■
қолыңыздың бармағымен ысырманы босату үшін төмен
басыңыз да, ашалардың бөліктерін екі жаққа тартыңыз.
A
C
D
A. Үстіңгі топса қақпағының бұрандасы
B. Үстіңгі топсаның қақпағы
5. Тоңазытқыштың есігін ортаңғы топсаның білікшесінен
көтеріп алыңыз. Үстіңгі топса есікпен бірге жүреді.
C. 5 мм тұқыр бұрандалар
D. Үстіңгі топса
A
B
B
A. Сымның ашасы
B. Тұйықтап (жерге) жалғағыш
3. Есіктің топсасының үстінде орналасқан су диспенсері түтіктерін
ажыратыңыз. Қапсырмадан мықтап ұстап жоғары тартыңыз.
Содан кейін түтіктерді бекіткіштен тартып шығарыңыз.
ЕСКЕРІМ: Су диспенсерінің түтіктері тоңазытқыштың сол
жақ есігіне бекітулі күйде қалады.
1058
Loading...
+ 28 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.