Қысқаша нұсқаулық
T1 T2 T3 T4 T5 T6 T7 T8 T9 T10 T11SL1 SL2
WHIRLPOOL ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ
ҮШІН РАХМЕТ
Толығырақ көмек алу үшін, құрылғыңызды
www . whirlpool . eu/ register веб-сайтында тіркеңіз
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ
AIR VENT (АУА ЖЕЛДЕТКІШІ)(СОРУ НҰСҚАЛАРЫ ҮШІН)
Сорғы мен қабырғадағы саңылауларды ауа өткізуге арналған
саңылаумен бірдей диаметрді сақтап (байланыстырушы фланец),
байланыстырыңыз .
Өлшемі одан кіші қабырға саңылаулары мен құбырларды
пайдалану ауа сору өнімділігінің төмендеп, шудың күрт көбеюіне
алып келеді.
Сондықтан, бұл мәселе жөніндегі кез келген жауапкершілік
қабылданбайды.
! Ұзындығы минималды құбырды пайдаланыңыз.
! Шынтақшалары максималды құбырды пайдаланыңыз
(шынтақшаның максималды бұрышы: 90°).
! Құбырдың көлденең қимасындағы кез келген оқыс өзгерістен
сақтаныңыз.
! Аталған ережелер сақталмаған жағдайда, компанияға ешқандай
жауапкершілік жүктелмейді.
СҮЗУ ӘЛДЕ АУАНЫ ҚҰБЫРМЕН ШЫҒАРУ?
! Сіздің сорғыңыз ауа сору нұсқасында қолдануға дайын.
Сорғыны сүзу нұсқасында пайдалану үшін, арнайы ACCESSORY
KIT (Керек-жарақтар жинағы) жинағы орнатылуы қажет.
ACCESSORY KIT (Керек-жарақтар жинағы) бар-жоғын немесе оны
бөлек сатып алу керектігін тексеріңіз.
KZ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын Қауіпсіздік
нұсқаулығын мұқият оқыңыз.
Ескерту: Жинақ құрамында бар болған жағдайда, сорғыға қосымша
белсендірілген көмірмен сүзу жүйесін орнатуға болады. Сорғыны
ауа сору нұсқасынан сүзу нұсқасына алмастыру туралы ақпарат
“Safety Instructions & Installation (Қауіпсіздік және орнату нұсқаулығы)”
бөлімінде қамтылған.
АУА СОРУ НҰСҚАСЫ
Бұл жағдайда, сорғыштың үстінде орналасқан біріктіретін сақинаға
қосылған арнайы құбыр арқылы, түтін сыртқа жылжиды.
Назар аударыңыз!! Сорып алатын түтікпен жабдықталмаған
және оны бөлек сатып алуыңызды қажет. Сорып алатын түтіктің
диаметрі біріктіргіш сақинамен бірдей болуы тиіс.
Назар аударыңыз!! Егер сорғы белсенді көміртегі сүзгісімен
жабдықталған болса, оны ауыстыру қажет.
СҮЗГІ НҰСҚАСЫ
Сорылған ауа бөлмеге қайта жіберілмес бұрын
майсыздандырылып, иіссіздендіріледі.
Бұл нұсқадағы сорғыны пайдалану үшін, сіздің белсендірілген
көмірге негізделген қосымша сүзу жүйесін орнатуыңыз қажет
болады.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
T1. ТҮНГІ ЖАРЫҚ ҚОСУ/ӨШІРУ
Жұмсақ фон жарығын қосу немесе өшіру үшін басыңыз..
T2. ПЛИТАНЫҢ ШАМДАРЫН ҚОСУ/ӨШІРУ - ТҮС
ТЕМПЕРАТУРАСЫН ТАҢДАУ
Плитаның жарығын қосу немесе өшіру үшін басыңыз:
• Жарықтандыру функциясы қосулы тұрғанда, жарықтың
қарқынын азайту немесе арттыру үшін, SL1 жарықдиодты
жолағының оң немесе сол жағын саусағыңызбен сырғытыңыз.
Жарықтандырудың түс температурасын орнату үшін, қайтадан
басыңыз (басып тұрыңыз):
• Жарықтың қарқынын ашығырақ немесе көмескілеу етіп орнату
үшін, SL1 жарықдиодты жолағының бойымен саусағыңызбен
оңға немесе солға сырғытыңыз.
Егер сіз түсті бес секунд ішінде өзгертпесеңіз, S L1 сіз таңдаған түс
баптауы жыпылықтай бастап, дыбыстық белгі беріледі де, жүйенің
осы конфигурацияны сақтап қалғандығы білдіріледі.
T1. Night light ON / OFF (Түнгі жарық ҚОСУ/
ӨШІРУ)
T2. Hob lights ON / OFF – Select the colour
temperature (Плитаның шамдарын
ҚОСУ/ӨШІРУ - Түс температурасын
таңдау)
T3. "ZEN mode" ("ZEN режимі")
T4. Motor ON / OFF (Қозғалтқышты ҚОСУ/
ӨШІРУ)
T5. "POWER BOOST 1" ("ҚУАТ
КҮШЕЙТКІШ 1")
T6. "POWER BOOST 2" ("ҚУАТ
КҮШЕЙТКІШ 2") функциясы
T7. Automatic "Cook Sense" function
(Автоматты "Sense пісіру" функциясы)
T8. Сүзгінің қанығу көрсеткіші
T9. "Daily air sense" operating mode
ON / OFF ("Sense Күнделікті ауа"
жұмыс режимін ҚОСУ/ӨШІРУ)
T10. "Intensive air sense" operating mode
ON / OFF ("Sense Қарқынды ауа"
жұмыс режимін ҚОСУ/ӨШІРУ)
T11. "Anti-condensation function" ON / OFF
("Антиконденсациялық функция"
ҚОСУ/ӨШІРУ)
Назар аударыңыз: Жарық құрылғыны өшірмес бұрын орнатылған
соңғы жарық қарқынын сақтап сөнеді.
T3. "ZEN MODE" ("ZEN РЕЖИМІ")
"ZEN" ауа сору режимін іске қосу немесе сөндіру үшін басыңыз.
Бұл функция ауа сору жылдамдығын тыныштық күйі мен тиімділік
(ауа сору тиімділігі) арасындағы мінсіз үйлесімділікті сақтай отырып
іске қосуға мүмкіндік береді.
T4. МОТОР ҚОСУ/ӨШІРУ
Ауа сору қозғалтқышын қосу немесе сөндіру үшін басыңыз:
• Қозғалтқыш қосулы тұрғанда, SL2 ауа сору жылдамдығын
(қуатын) азайту немесе арттыру үшін, SL1 жарықдиодты
жолағының оң немесе сол жағын саусағыңызбен сырғытыңыз.
T5. "POWER BOOST 1" ("ҚУАТ КҮШЕЙТКІШ 1")
Ауа сору қозғалтқышы қосулы тұрғанда, T5 басып, "Қ УАТ
КҮШЕЙТКІШ 1" қарқынды ауа сору жылдамдығын (қуатын) іске
қосыңыз (уақытпен реттеледі).
Назар аударыңыз: Сорғы соңғы рет қолданылған жылдамдыққа бес
минуттан соң оралады.
T6. "POWER BOOST 2" ("ҚУАТ КҮШЕЙТКІШ 2") ФУНКЦИЯСЫ
Ауа сору қозғалтқышы қосулы тұрғанда, T6 басып, "ҚУАТ
КҮШЕЙТКІШ 2" қарқынды ауа сору жылдамдығын (қуатын) іске
қосыңыз (уақытпен реттеледі).
Назар аударыңыз: Сорғы соңғы рет қолданылған жылдамдыққа бес
минуттан соң оралады.
T7. АВТОМАТТЫ "COOK SENSE" ("SENSE ПІСІРУ") ФУНКЦИЯСЫ
Егер сорғы ішіндегі датчик қоршаған орта жағдайлары
жылдамдықты арттыруды қажет ететіндігін анықтаса, сорғы
автоматты түрде ауа сору жылдамдығын (қуатын) 1-ге дейін
арттырады.
Егер қоршаған орта жағдайы өзгерместен, сорғы 1-ші ауа сору
жылдамдығын (қуатын) қолданып жатқан болса, сорғы бес
минуттан соң сөніп қалады.
Назар аударыңыз: Бұл функцияның дұрыс қолданылып
жатқандығына көз жеткізу үшін, тиісті бөлімде сипатталғандай,
автоматты режим параметрлерін орнатыңыз.
Назар аударыңыз: Автоматты режим қолданылғанда, жылдамдықты
басқаратын кез келген басқа функцияларды өзгертетін болсаңыз,
автоматты желдету функциясы өшіп қалады.
T8. СҮЗГІНІҢ ҚАНЫҒУ КӨРСЕТКІШІ
Белгілі бір уақыт аралығынан кейін, сорғы сүзгіге қызмет көрсету
қажет екендігі туралы белгі бере бастайды.
Назар аударыңыз: Индикаторлар сорғы қосылу тұрғанда ғана жұмыс
істейді.
T8 батырмасы жанып тұр: Май сүзгісіне техникалық қызмет
көрсетіңіз.
T8 батырмасы жыпылықтап тұр: Белсенді көміртекті сүзгіге
техникалық қызмет көрсетіңіз.
Сүзгінің қанығу индикаторларын қайта орнату:
Назар аударыңыз: Бұл әрекетті сорғы қосулы тұрғанда орындау
қажет.
T8 батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.
Белсенді көміртегі сүзгісінің қанығу индикаторын іске қосу
Назар аударыңыз: Бұл әрекет орындалғанда, ауа сору қозғалтқышы
сөндірулі болу керек.
Әдетте бұл индикатор сөндірулі болады – функцияны іске қосу
үшін, T1 және T9 батырмаларын бір уақытта қатар басып, ұстап
тұрыңыз: Батырмалар функцияның іске қосылғандығын білдіріп
жанады.
Функцияны сөндіру үшін, дәл сол (T1 және T9) батырмаларды
қайтадан басып, ұстап тұрыңыз: Батырмалар функцияның
сөндірілгенін білдіру үшін, алдымен қысқа уақыт жыпылықтайды
да, өшіп қалады.
T9. "DAILY AIR SENSE" ("SENSE КҮНДЕЛІКТІ АУА") ЖҰМЫС
РЕЖИМІН ҚОСУ/ӨШІРУ)
Егер сорғы ішіндегі датчик қоршаған орта жағдайлары
жылдамдықты арттыруды қажет ететіндігін анықтаса, сорғы
автоматты түрде ауа сору жылдамдығын (қуатын) 1-ге дейін
арттырады.
Егер анықталған сыртқы орта жағдайларына байланысты ауа
сору жылдамдығы өзгеріссіз қалса, сорғы екі сағаттан кейін сөніп
қалады.
Кез келген жағдайда, қандай жұмыс режимі қолданылғандығына
қарамастан, сорғы бес сағат жұмыс істегеннен кейін өшіп қалады.
Назар аударыңыз: Бұл функцияның дұрыс қолданылып
жатқандығына көз жеткізу үшін, алдымен тиісті бөлімде
сипатталғандай автоматты режим параметрлерін орнатыңыз.
T10. "INTENSIVE AIR SENSE" ("SENSE ҚАРҚЫНДЫ АУА")
ЖҰМЫС РЕЖИМІН ҚОСУ/ӨШІРУ
Егер сорғы ішіндегі датчик қоршаған орта жағдайлары
жылдамдықты арттыруды қажет ететіндігін анықтаса, сорғы
автоматты түрде ауа сору жылдамдығын (қуатын) 5 1-ге дейін
арттырады.
Егер анықталған сыртқы орта жағдайларына байланысты ауа
сору жылдамдығы өзгеріссіз қалса, сорғы екі сағаттан кейін сөніп
қалады.
Кез келген жағдайда, қандай жұмыс режимі қолданылғандығына
қарамастан, сорғы бес сағат жұмыс істегеннен кейін өшіп қалады.
Назар аударыңыз: Бұл функцияның дұрыс қолданылып
жатқандығына көз жеткізу үшін, алдымен тиісті бөлімде
сипатталғандай автоматты режим параметрлерін орнатыңыз.
T11. "ANTI-CONDENSATION FUNCTION"
("АНТИКОНДЕНСАЦИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯ") ҚОСУ/ӨШІРУ
Антиконденсациялық функция сорғы бетін конденсаттардың
пайда болуынан қорғайды. Қажет болған жағдайда іске
қосыңыз.
"Антиконденсациялық функцияны" ҚОСУ/ӨШІРУ: Қозғалтқыш
қосулы тұрғанда, функцияны іске қосу немесе өшіру үшін, T11
батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз: Сорғы, сорғыны өшірмес бұрын қолданылған
соңғы параметрлерді есте сақтап қалып, келесі іске қосылғанда дәл
сол параметрлерді қолданатын болады.
Назар аударыңыз: Бұл функция ешқашан іске қосылмайтын болса
да, "Техникалық қызмет көрсету – Тазалау – Конденсациялық
табаға техникалық қызмет көрсету" бөлімінде көрсетілгендей,
конденсатқа арналған сыйымдылыққа мерзімді түрде техникалық
қызмет көрсетіп тұрыңыз.
АВТОМАТТЫ РЕЖИМ ПАРАМЕТРЛЕРІН ОРНАТУ
Автоматты режимнің дұрыс қолданылып жатқандығына көз жеткізу
үшін, сорғыны калибрлеп, плитаның түрін таңдауыңыз қажет
(төменнен қараңыз).
Сорғыны калибрлеу
Назар аударыңыз: Бұл әрекеттерді құрылғы күту режимінде тұрғанда,
яғни қозғалтқыш өшкеннен кейін бір минут өткен соң орындау қажет.
T4 батырмасын бес секунд басып, ұстап тұрыңыз.
1-ші ауа сору жылдамдығы (қуаты) 1 іске қосылып, T4 батырмасы
сорғыны калибрлеу әрекеті басталғандығын көрсетіп жыпылықтай
бастайды (бұл шамамен 15 минутқа созылады).
Назар аударыңыз: Калибрлеу процесін тоқтату үшін, T4 батырмасын
бес секунд басып, ұстап тұрыңыз. Сонда калибрлеу әрекеті
жарамсыз деп танылады, сондықтан оны қайталау керек болады.
Назар аударыңыз: Калибрлеу әрекеті құрылғы бірінші рет іске
қосылғанда автоматты түрде орындалады. T4 жанады. Калибрлеу
аяқталғанша, 15 минут күте тұрыңыз.
Плитаның түрін таңдау
Назар аударыңыз: Бұл әрекеттерді құрылғы күту режимінде тұрғанда,
яғни қозғалтқыш өшкеннен кейін бір минут өткен соң орындау қажет.
T9 және T10 батырмаларын бес секунд басып, ұстап тұрыңыз.
T9 және T10 батырмалары жанады.
Плитаны қуаттандыру үшін газды пайдаланатын болсаңыз,
T9 батырмасын басыңыз: батырма таңдалғандығын көрсетіп
жыпылықтай бастайды.
Плитаны қуаттандыру үшін электр энергиясын пайдаланатын
болсаңыз, T10 батырмасын басыңыз: батырма таңдалғандығын
көрсетіп жыпылықтай бастайды.
Батырманы басқаннан кейін, ол сіздің таңдауыңыздың
сақталғандығын көрсетіп үш секунд жыпылықтайды.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Биіктігі (см) Ені (см) Тереңдігі (см) сорып алатын түтіктің Ø (см)
105 -148.6 89.8 36.9 15 - 12.5 - 12