WHIRLPOOL WDO 93F B K User Manual [kk]

Пайдаланушы және күтім нұсқаулығы
KZ
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл нұсқаулар веб торапта да қолжетімді: docs.whirlpool.eu
СІЗДІҢ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ АСА МАҢЫЗДЫ.
Берілген нұсқаулық пен құрылғы қауіпсіздік жөніндегі аса маңызды ескертулерді қамтиды, оларды әрдайым оқып, орындап отыру қажет.
Қауіпсіздік жөніндегі барлық хабарламалар ескерту белгісі мен төмендегі сөздермен қатар жүреді:
ҚАУІПТІ
ЕСКЕРТУ
болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатқа
әкелетін қауіпті жағдайды анықтайды.
болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатқа
әкелетін қауіпті жағдайды анықтайды.
Қауіпсіздік жөніндегі барлық хабарламалар потенциалды қауіптің/ескертудің сипатын және құрылғыны дұрыс пайдаланбау нәтижесінде туындайтын жарақат, зиян және электр тоғынан зақым алу қаупін азайту туралы баяндайды. Әрдайым төмендегі нұсқаулықтарды орындап жүріңіз:
Құрылғыны орнату және оған техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жергілікті қауіпсіздік техникасы ережелері мен өндірушінің нұсқаулығын
сақтай отырып, білікті мамандар орындауы тиіс. Егер қолданушы
нұсқаулығында атап өтілмеген болса, құрылғының қандай да бір бөлігін
жөндемеңіз және ауыстырмаңыз.
Құрылғының қандай да бір орнату жұмыстарын орындамас бұрын, оны
электр желісінен ажырату қажет.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет (алайда, сипаттамалар
жапсырмасында
таңбасымен белгіленген ІІ класс сорғыларына міндетті
емес).
Құрылғыны электр желісі розеткасына қосу үшін, қуат кабелі жеткілікті
түрде ұзын болуы керек.
Құрылғыны ажырату үшін қуат кабелін тартуға болмайды.
Құрылғыны орнатқаннан кейін электрлік компоненттер қолданушының
қолы жетпейтін жерде орналасуы қажет.
Құрылғыны су қолыңызбен ұстамаңыз және жалаң аяқ жүргеніңізде оған
тимеңіз.
KZ3
Бұл құрылғыны балаларға (8 жасар және одан үлкен), физикалық,
сенсорлық және ақыл-ой кемістігі бар адамдарға немесе берілген құрылғы
жөнінде білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдарға, егер олар ересектердің
бақылауында болмаса немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану жөніндегі
нұсқаулықпен таныс болмаса және құрылғыны пайдалану нәтижесінде
туындауы мүмкін қауіптерді жете түсінбесе, құрылғыны қолдануға рұқсат
етілмейді. Балалардың құрылғымен ойнауына болмайды. Құрылғыны
тазалау және оған техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ересек
адамдардың бақылауынсыз балаларға орындауға болмайды.
Нұсқаулықта көрсетілмеген құрылғының қандай да бір бөлігін жөндемеңіз,
ауыстырмаңыз. Ақауы бар кез келген бөлшектерді алмастырғанда, олар тек
түпнұсқалық қосалқы бөлшектер болуы керек. Техникалық қызмет көрсетуге
қатысты кез келген басқа жұмыстарды білікті маман орындауы тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін, олар әрдайым бақылауда болуы
керек.
Қабырғаны немесе төбені бұрғылайтын болсаңыз, электр сымдарын
және/немесе құбырларға зақым тигізбеуге тырысыңыз.
Желдету каналдары пайдаланылған ауаны әрдайым сыртқа шығаруы керек.
Пайдаланылған ауа газды немесе өзге де отын жүйелерінде пайда
болатын буларды шығару үшін қолданылатын түтіндік арқылы
шығарылмауы тиіс; оның бөлек шығу саңылауы болуы керек.
Пайдаланылған ауаға қатысты барлық ұлттық ережелер сақталуы тиіс.
Егер де сорғы газ немесе өзге отын түрін пайдаланатын басқа
құралдармен қатар қолданылатын болса, бөлмедегі теріс қысым 4 Па-дан
аспауы қажет (4 x 10-5 бар). Сондықтан бөлменің жақсы желдетілуіне
баса көңіл аударыңыз.
Өндіруші құрылғыны дұрыс пайдаланбау немесе басқару элементтерін
дұрыс баптамау қателіктері үшін жауапты болып табылмайды.
Мерзімді тазалау және техникалық қызмет көрсету құрылғының дұрыс
жұмыс істеуін және жұмыс өнімділігінің тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Майлар жиналып қалмауы үшін, қатты беттердегі ластануларды жүйелі
түрде тазалап тұрыңыз. Сүзгілерді жүйелі түрде алып тастап, тазалап,
алмастырып тұрыңыз.
Сорғыны тазалау және сүзгілерді тазалау және алмастыру
нұсқаулықтарын орындамау өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Сорғыны орнатылған май сүзгілерінсіз ашуға болмайды, және де оны
үнемі бақылауда ұстау қажет.
Егер де газ плитасының үш немесе одан көп пісіру бөлімдері
пайдаланылса, сорғы 2 немесе одан жоғары қуат деңгейіне орнатылуы
қажет. Осылайша, құрылғыда артық жылу жиналмайды.
Құрылғыны орнату және техникалық қызмет көрсетуге қатысты кез келген
жұмыстарды орындағанда, қорғаныш қолғаптарын киіңіз.
Бұл құрылғы сыртта қолдануға жарамайды.
Сорғы қосылып тұрғанда, сорғының қол жететін бөліктері ыстық болуы мүмкін.
МЫНА НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ОРЫНДАҢЫЗ
KZ4
Сәйкестік декларациясы
Бұл өнім төмендегілерге сәйкес жасақталған, өндірілген және нарыққа өткізілген:
- Еуропалық Ережелердің экодизайн талаптары n. 66/2014, n. 327/2011, n. 244/2009, n. 245/2009, n.1194/2012,
n. 2015/1428; Құрылғы бекітілген тұйықтау жүйесіне дұрыс жалғанған жағдайда ғана оның электрлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
Тамақ пісіре бастағанда сорғыны ең төменгі жылдамдыққа қойыңыз, ал тамақ пісіріп болғаннан кейін оның бірнеше
минут жұмыс істеп тұруына мүмкіндік беріңіз.
Жылдамдықты тек бу немесе түтін көбейіп кеткен жағдайда ғана арттырыңыз, сондай-ақ тек "Boost (Күшейткіш)"
параметр(лер)індегі төтенше жағдайлар баптауын қолданыңыз.
Иістің тиімді азаюын сақтау үшін, көміртекті сүзгіні (сүзгілерді) алмастырыңыз.
Қажет болған жағдайда, тиімділікті арттыру үшін, май сүзгісін (сүзгілерін) тазалаңыз.
Тиімділікті оңтайландыру және шу деңгейін барынша азайту үшін, берілген нұсқаулықта көрсетілгендей диаметрі
максималды құбырды пайдаланыңыз.
ОРНАТУ
Құрылғыны қаптамадан шығарғаннан кейін, оның тасымалдау барысында зақымданбағандығына көз жеткізіңіз. Ақаулар орын алса, дилерге немесе маңайдағы тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғыға қандай да бір зақым тиіп қалмас үшін, орнату барысында оны полистирол негізінен ажырата тұрыңыз.
ОРНАТУҒА ӘЗІРЛЕУ
ЕСКЕРТУ
Өнім техникалық қызмет көрсетуге қатысты қандай да бір операциялар жүргізу қажет болған жағдайда сорғы мен электронды компоненттерге қол жететіндей орнатылуы қажет.
Электронды компоненттері бар метал қорапты газ плитасынан 65 см қашықтықта немесе кез келген жағдайда сорғының сору нүктесінен 65 см қашықтыққа орналастырыңыз.
Біз электронды компоненттері бар метал қорапты еденнен 10 см биік етіп орнатуды ұсынамыз (мәселен: пеш немесе плита жақта).
Сонымен қатар, орнатар алдында, плитаны қолдану нұсқаулығында көрсетілген минималды қашықтықтарды тексеріп алыңыз.
Егер де плитаны орнату нұсқаулығында плита мен сорғы арасындағы қашықтық үлкен деп көрсетілсе, дәл сондай қашықтық сақталуы тиіс.
ЭЛЕКТР ҚОСЫЛЫМЫ
Құрылғының идентификациялық тақтайшасында көрсетілген кернеудің желі кернеуіне сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз. Бұл ақпарат сорғының май сүзгісінің астындағы ішкі бөлігінде орналасқан. Қуат кабелін (H05 VV-F 3 x 0,75 мм
хабарласыңыз. Егер де сорғы электрлік ашамен жабдықталған болса, құрылғыны қолданыстағы нормаларға сәйкес келетін және
қолжетімді жерде орналасқан ұяшыққа жалғаңыз. Егер аша (электр желісіне тікелей өткізу) орнатылмаған болса, немесе ұяшық қолжетімді жерде орналаспаған болса, стандартталған екіполюсті автоматты қосқыш орнатыңыз, ол кернеу ІІІ дәрежелі шамадан асып кеткенде, электрмонтаждау ережелеріне сәйкес құрылғыны желіден толықтай оқшаулауға мүмкіндік береді.
Егер кабель штепсель айырымен жабдықталған емес, төмендегі кестеде сәйкес сымдарды жалғаңыз:
Тоқ кернеуі мен жиілігі сым байланысы
220-240 В – 50 Гц
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР Пайдаланудың алдында
Керек-жарақтардан қорғаныш картондарын, мөлдір пленканы және жабысқыш этикаларды алып тастаңыз. Тасымалдау барысында құрылғыға зақым тиген-тимегендігін тексеріңіз.
Пайдалану барысында
Құрылғы зақымдалып қалмауы үшін, оның үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Құрылғының атмосфералық агенттермен қатынасуына жол бермеңіз.
бұл құрылғы ауыр; сорғышты екі немесе одан көп адам көтеруі және орнатуы
қажет. .
2
түрі) тек өкілетті электр маманы алмастыруы тиіс. Қызмет көрсету орталығына
: сары/жасыл
N : көк L. : қоңыр
KZ5
Loading...
+ 9 hidden pages