KK
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды
болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық
уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік
ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі
осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау,
құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару
параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде
туындаған ақаулық үшін жауапты емес.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы)
құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі
бақылау болмаса, жас балаларды (38 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек.
8 жас және одан үлкен жастағы балалар
және физикалық, сезімдік немесе рухани
мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек
басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану
нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана
алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам
болмаса, балалардың тазалау және жөндеу
жұмыстарын орындауына болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы және оның керекжарақтары пайдалану барысында ысып
кетеді. Қыздырғыш элементтерді қолмен
ұастаудан сақ болу керек. Үздіксіз қарап
отырмаған жағдайда 8 жасқа толмаған
балаларды құрылғыдан алыс ұстау керек.
Тағамды құрғату барысында құралды
ешқашан назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғы зонд пайдалану үшін қолайлы
болса, осы пеш үшін ұсынылатын зонд
температурасын ғана қолданыңы - өрт туу
қаупі.
Барлық бөліктері толығымен
суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа
жанатын заттарды құрылғыдан аулақ
ұстаңыз - өрт туу қаупі. Майлы тағамдарды
пісірген немесе спиртті ішімдікті қосқан кезде
сақ болыңыз - өрт шығу қатері бар. Табалар
мен керек-жарақтарды алып шығу үшін пеш
қолғабын киіңіз. Тамақ пісіріп болған соң
қақпағын ашқан кезде абай болыңыз, пешті
ашпас бұрын жайлап буды немесе ыстық
ауаны шығарыңыз -күйіп қалу қатері бар.
Пештің алдындағы ыстық ауа саңылауларын
бітемеңі - өрт туу қаупі.
Есік ашық немесе төмен қалыпта тұрған
жағдайда, есікті соғып кетпеу үшін, абай
болыңыз.
ЕСКЕРТУ: Есік немесе есікті
тығыздауыштар зақымдалған болса, білікті
адам ауыстырмайынша пешті пайдалануға
болмайды – зақымдану қаупі бар.
ЕСКЕРТУ: Сұйық заттар мен тағамдарды
жабық ыдыста қыздыруға болмайды жарылыс қаупі бар, ішімдіктерді қыздыру
соңыра шашырай қайнауға әкеліп соғуы
мүмкін, ыдыс ұстау кезінде абай болу керек
– күйіп қалу қаупі бар.
Микротолқынды пеш тағамды және
сусындарды ысытуға арналған. Азықтүлік немесе киім-кешектерді кептірмеңіз,
жылытқыш жастықтар, тәпішкелер, жөкелер
және т.б. жылытпаңыз - от тұтану қаупі
бар. Тағамды пеште пластик немесе қағаз
ыдыстарда қыздырған кезде, сақ болыңыз өрт туу қаупі бар.
Балаларды тамақтандыруға арналған
бөтелкелер мен ыдыстардың ішіндегіні
араластырып, шайқап, температурасын
өлшеу керек - күйіп қалу қаупі бар. Бүтін шикі
жұмыртқа мен қайнатылған жұмыртқаларды
пеш ішінде жылытпаңыз - жарылып кету
қаупі бар.
Микротолқынды пеште пайдалануға
арналған арнайы ыдысты ғана қолданыңыз.
Металл контейнерлерді қолданбаңыз жараланып қалу қаупі бар
Осы пешке ұсынылған температура
үлгісін ғана пайдаланыңыз - өрт туу қаупі
бар.
Түтін шықса, құрылғыны өшіріңіз немесе
токтан ажыратыңыз және жалынды өшіру
үшін есіктерді жауып қойыңыз.
Егер де құрылғы еден деңгейінен 850
мм немесе одан
жоғары орнатылса, контейнерлерді шешу
барысында айналмалы үстелдің алынып
кетпеуін қадағалаңыз - жарақаттанып қалу
қаупі бар.
Микротолқынды пешті тағамдарды
шыжғырып
қуыру мақсатында пайдаланбаңыз, себебі
майдың температурасы бақыланбайды.
Азық-түлік пен сусындарға арналған
металл контейнерлер микротолқынды
пеште тағам әзірлеуге жарамайды.
Қуыс
қабырғалары тұсындағы микротолқындар
кіретін қорғаныш пластиналарын шешпеңіз
(кейбір модельдер үшін ғана). Олар май мен
тағам бөлшектерінің шағын толқын кіретін
арналарға өтуіне жол бермейді.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы
таймер немесе бөлек қашықтан басқару
құралы сияқты алмастыру қондырғысымен
пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және сол сияқты
қолданыстарда пайдаланылуға арналған,
мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс
орталарындағы қызметкерлерге арналған
асхана аумақтары;
шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің,
мотельдердің, шағын мейманханалардың
және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің
пайдалануы.
Басқа қолданыс түріне рұқсат етілмейді
(мысалы, бөлмелерді жылыту).
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта
пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны
сыртта пайдаланбаңыз.
Құрылғының ішінде немесе жанында
жарылғыш немесе тұтанғыш заттарды
(мысалы, бензин немесе бүріккіш сауыттар)
сақтауға болмайды - өрт шығу қатері бар.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы
және орнатуы керек - жарақат алу қатері.
Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап
киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
Орнатуды, соның ішінде сумен
жабдықтауды (егер болса) және
электр сымдарын жалғауды білікті
техник маман жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе
ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы
нұсқаулығында солай деп жазылмаса.
Құрылғы орнатылатын жерге балаларды
жақындатпаңыз. Құрылғыны орамнан
шығарған соң, оның тасымалдау барысында
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақаулық
орын алса, дилерге немесе маңайдағы
тұтынушыға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін
орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті
полистирол т.с.с.) балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтау керек - тұншығып
қалу қатері. Кез келген орнату жұмысының
алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату
қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату
барысында құрылғының қуат сымына нұқсан
келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы
немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны
тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске
қосыңыз.
Құрылғыны жиһазға салмас бұрын,
барлық шкафты кесу жұмысын орындап,
ағаш қиқымдары мен ұнтақтарын алып
тастаңыз.
Орнату басталғанға дейін аспапты
полистирольді көбіктен жасалған тұғырынан
алмаңыз.
Орнату аяқталғанда, құрылғының түбі
толығымен жабық болуы тиіс - күйіп қалу
қаупі бар.
Бұл құрылғыны декоративті есіктің
артына орнатпаңыз – өрт қаупі бар.
Егер құрылғы жұмыс бетпейінің астында
орналасқан болса, пештің жұмыс бетпейі
мен жоғарғы шеті арасындағы кішкентай
саңылауды бітемеңіз - күйіп қалу қаупі бар.
Бұл құрылғы орнатылған құрылғы ретінде
пайдаланылуы керек. Өз бетінше тұрған
күйде пайдаланбаңыз немесе шкафта
орнатпаңыз.
Құрылғыны қаптамадан шығарған соң,
құрылғы есігі дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
Ақаулық орын алса, дилерге немесе
маңайдағы тұтынушыға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Пештің алдыңғы шетіндегі деректер
тақтасы (есік ашылған кезде көрінеді).
Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін
болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы
немесе электр сымдар жүйесі ережесімен
бойынша ол розеткадан қажет.
Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы
немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. ч.
Электр құрамдастары орнатудан кейін
пайдаланушы қатынаса алатындай болуы
қажет. Аяғыңыз су болса немесе жалаң
аяқ болсаңыз, құрылғыны пайдалануға
болмайды. Құрылғының қуат сымы немесе
ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс
істемесе немесе бұзылған немесе құлаған
болса, оны пайдаланбаңыз.
Егер ұзартқыш зақымдалса, қауіпке
жол бермеу үшін оны өндіруші, оның
қызмет көрсету делдалы немесе сол сияқты
білімді тұлғалары соған ұқсас ұзартқышпен
алмастыруы тиіс - электр тоғының соғу қаупі.
Қуат сымын ауыстыратын жағдайда
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
ЕСКЕРТУ: Шағын толқын қуатынан
қорғайтын панельдің алынуын қажет ететін
техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу
жұмыстарын біліктімаманнан басқа адамдар
орындаса, бұл оларға қауіп төндіруі мүмкін.
Пешті таза ұстамасаңыз, беткі
қаптаманың сапасына әсер етіп,
құрылғының қолданыс мерзіміне кері әсерін
тигізуі және қатерлі жағдайға әкелуі мүмкін.
Пешті жиі тазалап, кез келген тағам
қалдықтарын алып тастап отырған абзал.
ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден
бұрын құрылғының өшіріліп, қуат көзінен