WHIRLPOOL TTNF 8111 OX Use & Care [kk]

Денсаулық пен қауіпсіздік, пайдалану және күтіп
ұстау және орнату нұсқаулығы
www.whirlpool.eu/register
ҚАЗАҚ .................................3
2
KZ
ҚАЗАҚ
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК, ПАЙДАЛАНУ МЕН КҮТІП ҰСТАУ және ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
WHIRLPOOL ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ.
Толығырақ көмек алу үшін, құрылғыңызды www.whirlpool.eu/register сайтына тіркеңіз
Индекс
Денсаулық пен қауіпсіздік нұсқаулығы
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ ........................................................ 4
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ...................................................... 6
СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ..................................................... 6
Пайдалану және күтім көрсету нұсқаулығы
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ ............................................................. 7
ҚҰРЫЛҒЫ ........................................................................ 7
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ ................................................................. 8
ЕСІК ............................................................................ 9
ТОҢАЗЫТҚЫШ ШАМЫ ............................................................. 9
ТЕКШЕЛЕР ....................................................................... 9
ЖЕЛДЕТКІШ + БАКТЕРИЯҒА ҚАРСЫ СҮЗГІ ............................................ 9
NO-FROST ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ ................................................... 9
NO-FROST ҚАТЫРҒЫШ БӨЛІГІ ..................................................... 10
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР ................................................................ 10
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛЫ ................................................. 12
БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНУ ......................................................... 12
ОРНАТУ ........................................................................ 12
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ .......................................................... 13
ФУНКЦИЯЛАР ................................................................... 13
ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ ..................................................... 15
ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ............................................. 16
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНБАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС .............................. 19
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ................................................ 20
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ .................... 21
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ДЫБЫСТАР .................................................... 21
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ ............................................... 22
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ............................................. 24
Орнату нұсқаулығы ............................................................. 25
3
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ҰСТАНҒАН ЖӨН
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаға ақаулық үшін жауапты болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Енді жүретін сәбилер (0-3 жас) мен жас балаларды (3-8 жас) үздіксіз бақылауда болмаса құралға жақындатпаңыз. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Тазалау және жөндеу жұмыстарын, егер жанында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балаларға орындауға болмайды.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы
сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен пайдаланылуға арналмаған. Бұл құрылғы кәсіби емес, тек тұрмыста пайдалануға арналған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз. Құрылғының ішінде не қасында аэрозоль қауашақтары сияқты
жарылғыш немесе жанғыш заттарды сақтамаңыз бензинді немесе басқа тұтанғыш заттарды қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз: құрылғы кездейсоқ қосылып кетсе, өрт шығуы мүмкін. Бұл құрылғы тұрмыстық және сәйкес қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы:
- дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары;
- фермалар және қонақүйдегі, мотельдер мен басқа тұрғын үй орталарындағы клиенттерге арналған; – таңертеңгі аспен бөлмелерді ұсынатын қонақүй орталары; – қоғамдық тамақтандыру және сәйкес бөлшек саудағы жатпайтын қолданыстар. Құрылғы ішінде пайдаланылған шам тұрмыстық техника үшін арнайы жасақталған және үй ішіндегі жалпы бөлме жарықтандыру үшін жарамсыз болып табылады (ЕҚ реттеуі 244/2009). Құрылғы, техникалық төлқұжатта берілген климат класына сәйкес, температура келесі ауқымдарда болатын жерлерде жұмыс істеу үшін әзірленген. Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс температурада ұзақ уақытқа қалдырылған кезде, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Климаттық санаттағы орташа T. (°C)
SN 10 - 32 N 16 - 32 ST 16 - 38 T 16 - 43
Бұл құрылғы құрамында фреон жоқ. Салқындатқыш айналымы R600a (HC) болады. Құрамында изобутан (R600a) бар құрылғылар: изобутан
- қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылатын, бірақ жанғыш табиғи газ. Сондықтан хладагент тізбегінің құбырларын
зақымдалудан қорғаңыз. Құбырлар зақымдалған жағдайда, хладагент тізбегін босату әрекетіне ерекше назар аударыңыз. ЕСКЕРТУ: Құрылғыдағы хладагент тізбегінің құбырларын зақымдап алмаңыз. ЕСКЕРТУ: Құрылғы корпусындағы немесе кірістірілген құрылымдағы желдеткіш саңылауларын кедергісіз етіп сақтаңыз. ЕСКЕРТУ: Еріту процесін жылдамдату үшін өндіруші ұсынғаннан басқа механикалық, электрлік не химиялық құралдарды пайдаланбаңыз. ЕСКЕРТУ: Электрлік құрылғылар өндіруші арнайы рұқсат бермеген түрге жатса, оларды пайдаланбаңыз немесе құрылғы бөлімдерінің ішіне орналастырмаңыз. ЕСКЕРТУ: су көздеріне тікелей қосылмаған мұздатқыштар және/немесе су диспенсерлері тек ауыз сумен толтырылуы керек. ЕСКЕРТУ: Автоматты мұз жасағыштарды және/немесе су диспенсерлерін тек ауыз су беретін су көзіне жалғау керек, ағын су қысымы 0,17 және 0,81 мПа (1,7 және 8,1 бар аралығында болуы керек). Мұз пакеттерінің (кейбір үлгілерде) ішіндегісін (уытты емес) жұтпаңыз. Мұз текшелері немесе жеміс мұзы суық күйіктерін тудыра алатындықтан, оларды мұздатқыштан алған соң бірден аузыңызға салмаңыз. Қолжетімді желдеткіш қақпағының ішінде ауа сүзгісін пайдалану үшін жасақталған өнімдер үшін, тоңазытқыш жұмыс істеген кезде сүзгі әрқашан орнында болуы керек. Мұздату бөліміндегі сұйықтықтар жарылып кете алатындықтан, әйнек контейнерлерді бос мұздату бөлімімен сақтаңыз. Тамақты желдеткішке (бар
4
KZ
болса) кедергі келтіретіндей етіп қоймаңыз. Тағамды орналастырғаннан кейін, бөлімдердің есігі, әсірсе мұздату бөлімінің есігі дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған аралық тығыздағыш мүмкіндігінше дереу ауыстырылуы керек. Тоңазытқыш бөлімін тек жаңа піскен тағамды сақтау, ал мұздату бөлімін тек тоңазытылған тағамды сақтау, жаңа піскен тағамды тоңазыту және мұз текшелерін жасау үшін пайдаланыңыз. Қапталмаған тағамды тоңазытқыш не мұздату бөлімдерінің ішкі беттеріне тікелей тигізіп сақтамаңыз. Құрылғылардың арнайы бөлімдері болуы мүмкін (Жаңа піскен тағам бөлімі, нөл градустық жәшік,...). Өнімнің арнайы буклетінде басқаша көрсетілмеген болса, сәйкес өнімділіктерді сақтай отырып, оларды алып тастауға болады. C-пентан оқшаулағыш көбікте көбіктендіретін агент ретінде пайдаланылады және жанғыш газ болып табылады.
ОРНАТ У
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек. Құрылғының орамасын ашу және орнату үшін қорғаныс қолғаптарын пайдаланыңыз. Орнату және жөндеу жұмыстарын өнім жасаушысының нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті техникалық маман орындауы керек. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса. Орнату әрекеттерін балалар орындамауы керек. Орнату кезінде балаларды жақындатпаңыз. Орнату кезінде және одан кейін орам материалдарын (пластик дорба, пенопласт бөлшектері, тсс.) балалардың қолы жетпейтін
жерге қойыңыз. Құрылғыны жылжытқан кезде, есіктерін (мысалы, паркет) зақымдап алудан сақ болыңыз. Құрылғыны салмағын ұстау үшін еденге немесе жеткілікті қолдау көрсететін орынға және өлшемі мен қолданысы үшін жарамды жерге орнатыңыз және деңгейлетіңіз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Кез келген орнату жұмысының алдында құрал қуат көзінен ажыратылуы қажет. Орнату барысында, құрылғы қуат кабеліне зақым келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Құрылғының жеткілікті желдетілуін қамтамасыз ету үшін, оның екі жағынан және үстінен орын қалдырыңыз. Ыстық беткі қабаттарға тимеу үшін құрылғының артқы жағы мен құрылғының артындағы қабырғаның арасындағы қашықтық 50 мм болуға тиіс. Осы аралықты азайту өнімнің қуат тұтынуын арттырады. Құрылғыны тек орнату аяқталған соң іске қосыңыз. Хладагент тізбегі толығымен жұмыс істеуге қабілетті екендігіне көз жеткізу үшін құрылғыны қоспас бұрын кемінде екі сағат күтіңіз. Құрылғының қызу көзінің жанында тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орнату үшін ең кіші түйісу аралығы 3 мм-лік көп полярлы қосқышты пайдаланып, құрылғыны жерге тұйықтау қажет. Қуат сымына зақым келтірілген болса, бірдей түрімен ауыстырыңыз. Қуат кабелін ауыстыру жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сай, білікті техник орындауы қажет. Қызмет көрсету орталығына хабарласаңыз. Салынған ашасы штепсельді розеткаға сәйкес келмесе, білікті маманға хабарласыңыз. Қуат көзінің сымы құралды негізгі қуат көзіне байланыстыру үшін жеткілікті түрде ұзын болуы қажет. Қуат көзі кабелін тартпаңыз. Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз. Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Құралды дененің су бөлігімен түртпеңіз және аяқ киімсіз басқармаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз. Тазалау және қызмет көрсету үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Кез келген қызмет көрсету жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. Әйнек спрейлері, таратқыш құрамдар, жанатын сұйықтықтар, тазалағыш балауыздар, қоюлатылған тазартықштар, ағартқыштар немесе мұнай өнімдерін қамтитын тазартқыштар сияқты қырғыш немесе қатты тазартқыштарды пластикалық бөліктеріне, ішкі бөлігіне және есік төсемелеріне немесе тығыздауыштарына қолданбаңыз. Қағаз сүлгілерді, тазалағыш губкаларды немесе басқа қырғыш тазалау құралдарын қолданбаңыз.
5
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Орауыш материал 100% қайта өңделеді және ол қайта өңдеу белгісімен таңбаланған Орамның әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес және жауапкершілікпен өткізілуі қажет.
.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ТАСТАУ
Құрылғыны тастаған кезде, қуат сымын кесіп тастау және балалар оңай мінбеуі және қысылып қалмауы үшін есіктері мен сөрелерін (бар болса) алып тастау арқылы оны қажетсіз етіңіз. Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған. Оны жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес тастаңыз. Электрлік-тұрмыстық құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қоқысқа тастау бойынша қосымша ақпарат алу үшін, құзыретті жергілікті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрылғы электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/ EC Еуропалық директивасына сай белгіленген.
Бұл өнімнің тиісінше қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал теріс әсерлерге жол бере аласыз, бұл әсерлер осы өнімнің дұрыс емес қоқысқа тасталғанынан пайда болуы мүмкін. Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы
белгісі тұрмыстық қоқыс болып есептелмеуі керек және электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.
бұл құрылғы
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ КЕҢЕСТЕРІ
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеге, кез келген жылу көзінен алшақ (мысалы, радиатор, пеш және т.б.) және күн сәулесі тікелей түспейтін жерге орнатыңыз. Қажет болса, оқшаулағыш тақтаны пайдаланыңыз. Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін, орнату нұсқауларын орындаңыз. Өнімнің артындағы жеткіліксіз желдету қуат тұтынылуын арттырады және салқындату тиімділігін азайтады. Есіктің жиі ашылуы қуат тұтыну көлемінің артуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғының ішкі температураларына және қуат тұтыну көлеміне қоршаған орта температурасы, есіктің ашылу жиілігі және құрылғының орналасқан жері әсер етуі мүмкін. Температураны орнату кезінде осы факторларды ескеру қажет. Минималды есік орнын азайтыңыз. Еріп жатқан мұздатылған тағамды тоңазытқыш ішіне салыңыз. Мұздатылған өнімдердің төмен температурасы тоңазытқыш ішіндегі тағамды салқындатады. Жылы тағам мен сусындарды құрылғы ішіне салмас бұрын, оларға салқындауға мүмкіндік беріңіз. Тоңазытқыштағы сөрелердің орналасуы қуаттың тиімді қолданылуына әсер етпейді. Тағам тиісті ауа айналымын қамтамасыз ету үшін сөрелерге қойылуы керек (тағамдар бір біріне тимеуі керек және тағам мен артқы қабырға арасындағы қашықтық сақталуы керек). Мұздатылған тағамның сақтау сыйымдылығын, себеттерді және, бар болса, Қырауды тоқтату сөресін алып тастап, баламалы қуат тұтынылуын сақтау арқылы, арттыруға болады. Қуат класы жоғары өнімдер ұзақ уақыт қызмет ететін, бірақ қуат тұтынылуы төмен болатын пайдалы әсер коэффициенті жоғары моторлармен жабдықталған. Мотор ұзақ уақыт жұмыс істеуді жалғастырса, алаңдамаңыз.
СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Бұл құрылғы мына Еуропалық Директиваларға сай жасалған, құрастырылған және таратылған: LVD 2014/35/EU, EMC 2014/30/EU және RoHS 2011/65/EU.
6
Бұл құрылғы Экодизайн және EО директиваларының энергияны тұтынуды үнемдеу талаптарына сәйкес жасалған, құрастырылған және таратылған: 2009/125/EC және 2010/30/EU.
Пайдалану мен күтіп ұстау нұсқаулығы
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
ҚҰРЫЛҒЫ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
9
12
KZ
1. Мұз құралы*
2. Жылдам мұздатқыш*
3. Мұздату және сақтау
бөлімшесі
4. Тағамды 0°C-та сақтау
аймағы / Қауіпсіз жібіту*
5. Басқару панелі
6. Сөрелер*
7. Шөлмек ұстатқышы*
8. Жеміс-жидек пен көкөніс
жәшігі*
9. Жылжымалы сөрелер*
10. Сүт тағамдары сөресі*
11. Температура индикаторы*
12. Шөлмек сөресі
13. Деңгейлегіш тіреулер
13
* Саны және (немесе) орналасуы әр түрлі болады, тек кейбір үлгілерде ғана бар.
7
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
1
2
1. ON/STANDBY түймесі мен температура
түймесі
2. Индикатордың жарық диодтары ағымдағы
температураның орнатылған мәндерін немесе Тез мұздату функциясын көрсетуге арналған.
8
ЕСІК
KZ
ЕСІКТІҢ АШЫЛУ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ МҮМКІНДІГІ
ТОҢАЗЫТҚЫШ ШАМЫ
Тоңазытқыш бөліміндегі жарықтандыру жүйесі жарық диодты шам жүйесін пайдаланып, жақсы жарықтандыру мен қуаттың төмен деңгейде тұтынылуына мүмкіндік береді. Жарық диод шамының жүйесі жұмыс істемесе, оны ауыстыру үшін, қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Ескертпе: Есіктің ашылу бағытын өзгертуге болады. Осы операция кепілдік бойынша қызмет көрсету бөлімінің тарапынан орындалса, ол кепілдікте қамтылмайды. Есіктің ашылу бағытын ауыстыруды екі адам орындағаны жөн. Орнату нұсқаулығы ішіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Маңызды: Тоңазытқыштың есігі ашылған кезде тоңазытқыш бөлімінің шамы қосылады. Егер есік 10 минуттан артық ашық күйде қалса, шам автоматты түрде өшіріледі.
СӨРЕЛЕР
Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып алынатын себеттерді алуға болады.
ЖЕЛДЕТКІШ + БАКТЕРИЯҒА ҚАРСЫ СҮЗГІ
Желдеткіш өнім ішіндегі температура таратылуын жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның жақсырақ сақталуына мүмкіндік береді.
Ескертпе: Ауаның кіру аймағын тағамдармен бөгемеңіз.
Құрылғының желдеткіші болған жағдайында ол бактерияға қарсы сүзгімен жабдықталуы мүмкін. Оны сақтауыдысының тартпасында орналасқан жәшіктен шығарып, желдеткіш қақпағына енгізіңіз (суретте көрсетілгендей). Ауыстыру процедурасы сүзгі жәшігінде қамтылған.
NO-FROST ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Тоңазытқыш бөлімін еріту толық автоматты түрде орындалады.
Еріген су көп ағынды бөлік артына жасырылған төгу саңылауына автоматты түрде төгіліп, кейін контейнерде жиналып, буланады.
9
Loading...
+ 19 hidden pages