WHIRLPOOL MWD 274 SL User Manual [kk]

KZ
ШАҒЫН РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН
/CPWCNFGWVKNK\CTG
Інструкція з експлуатації
МЕХАНИКА
www.whirlpool.com
1
KZ
ОРНАТУ
ҚОСУ АЛДЫНДА
Пешті басқа жылу көздерінен алшақ орналастырыңыз. Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін, пештің үстінде кемінде 30 см бос орын болу қажет.
Микротолқынды пешті шкафта орналастырмау керек. Осы пеш еден үстінен 850 мм төмен жұмыс бетінде орналастыруға немесе пайдалануға арналмаған.
Техникалық төлқұжаттағы кернеудің үйіңіздегі кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Пештің жұмыс камерасының бүйір қабырғасында орналасқан микротолқындарға арналған кіріс каналдарының қалқаншаларын алып тастамаңыз. Олар микротолқынды пештің кіріс каналдарына май мен тамақ бөлшектерінің кіріп кетуінен қорғайды.
Пешті және ішіне сіз салған тамақты жеткілікті түрде берік ұстап тұратын тұрақты, тегіс бетке орналастырыңыз. Қолдану кезінде абай болыңыз.
Пештің астындағы, үстіндегі және айналасындағы бос орынның тиісті ауа ағынына қамтамасыз ету үшін бос екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Пеш есігінің есік жақтауының тірегіне қарай тығыз жабылатынын және ішкі есіктің зақымдалмағанын тексеріңіз. Пешті босатыңыз және ішін жұмсақ, суланған матамен тазалаңыз.
Бұл құрылғыны егер желілік сымы немесе айыры зақымдалса, дұрыс жұмыс жасамаса немесе зақымдалған болса не құлап қалса басқармаңыз. Желілік шнурды немесе айырды суға батырмаңыз. Шнурды ыстық беттерден алшақ ұстаңыз. Нәтижесінде ток соғу, өрт немесе басқа да қауіптер орын алуы мүмкін.
Ұзартқышты пайдаланбаңыз: Егер қуатпен қамту шнуры тым қысқа болса, құрылғының жанында розетка орнату үшін білікті электршіге немесе монтерге хабарласыңыз.
САҚТАНДЫРУ: Жерге тұйықтау айырын тиісті түрде пайдаланбау ток соғу қаупіне алып келуі мүмкін. Егер жерге тұйықтау нұсқауларын толық түсінбесеңіз не болмаса микротолқынды пештің тиісті түрде жерге тұйықталмағанына күмәндансаңыз, білікті электршіден немесе монтерден кеңес алыңыз.
ҚОСҚАННАН КЕЙІН
Пештің есігі тығыз жабылған жағдайда ғана пешті пайдалануға болады. Нашар теледидар сигналы мен радиокедергі пеш теледидарға, радиоға немесе
антеннаға жақын орналасқан кезде орын алуы ықтимал. Құрылғыны жерге тұйықтау міндетті болып табылады. Өндіруші осы талапты сақтамау
нәтижесінде болған адамдардың, жануарлардың немесе нысандардың зақымдалғаны үшін өзіне жауапкершілікті алмайды.
Пайдаланушының осы нұсқауды сақтамағанынан болған кез келген мәселе үшін жауапты емес.
Символ Будь-який з елементів упаковки не призначений для контакту з Їжею.
2
KZ
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА ҚАРАУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
Пештің ішіндегі немесе сыртындағы материал тұтанса немесе түтін шықса, пештің есігін жабыңыз және оны өшіріңіз. Қуат шнурын ажыратыңыз немесе сақтандырғыштағы не желілік автоматтар қалқаншасындағы қуатты өшіріңіз.
Әсіресе тамақты әзірлеу процесінде қағаз, пластикалық немес басқа жанғыш материалдарды пайдаланған кезде, пешті қараусыз қалдырмаңыз. Тамақтарды жылыту кезінде қағаз көмірленуі немесе жануы, ал кейбір пластикалық материалдар балқуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ: Құрылғы мен оның қолжетімді бөлшектері пайдалану кезінде қызуы мүмкін. Пештің ішіндегі қызған элементтерді ұстаудан абай болыңыз. Жасы 8-ден кіші балалар үздіксіз түрде қадағалауда болмағанша пештен алшақ болу қажет.
Микротолқынды пеш тамақ пен сусындарды жылытуға арналған. Тамақты немесе кіимді кептіру және жылытқыш төсемдерді, үй шәркелерін, ысқыштарды, сулы матаны, т.с.с. жылыту жарақатқа, жануға немесе өртке алып келуі мүмкін.
Бұл құралды 8 жастағы және одан үлкен балалар мен физикалық, сезім немесе ой қабілеттері шектелген немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар тек құралды қауіпсіз жолмен пайдалану нұсқауы берілген және мүмкін жарақаттар туралы түсінігі болса ғана пайдалана алады. 8 жастағы және одан үлкен балалар тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз орындамау қажет. Балаларды құрылғымен ойнамайтынына көз жеткізу үшін қадағалау қажет. Құрал және оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
САҚТАНДЫРУ: Микротолқынды пешті вакуумдық контейнердегі өнімдерді жылыту үшін пайдаланбаңыз. Қысым артып, оны ашқан кезде зақымдалуға немесе оның жарылуына әкелуі ықтимал.
САҚТАНДЫРУ: Есік тығыздатқыштары мен есік тығыздатқышының айналасын жүйелі түрде зақымдалудан тексеру керек. Егер ол аймақтар зақымдалса, құрылғыны қызмет көрсету орталығының білікті маманы жөндегенше пайдаланбау қажет.
Микротолқынды пешті қабығы бар немесе қабығы жоқ бүтін жұмыртқаларды әзірлеу не жылыту үшін пайдаланбаңыз, себебі микротолқынды жылыту аяқталғаннан кейін олар жарылуы мүмкін.
3
KZ
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғылар сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы басқару үшін арналмаған.
Көп көлемдегі май немесе өсімдік майын пайдаланған жағдайда пешті қараусыз қалдырмаңыз, себебі олар қызып кетіп, өртке алып келуі ықтимал!
Пештің ішінде немесе жанында тұтанғыш материалдарды қыздырмаңыз немесе пайдаланбаңыз. Түтіндер өрт қаупін немесе жарылысты туындатуы мүмкін.
Микротолқынды пешті тоқыма өнімдерді, қағазды, дәмдеуіштерді, шөптерді, ағашты, гүлдерді немесе басқа да .тұтанғыш материалдарды кептіру үшін пайдаланбаңыз. Нәтижесінде өрт орын алуы мүмкін.
Коррозия туындататын химиялық заттар мен буларды құрылғының ішіне салмаңыз. Осы пеш түрі тамақты жылытуға және әзірлеуге арналған. Ол өндірістік және зертханалық қолданысқа арналмаған.
Пештің есігіне ауыр заттарды ілмеңіз немесе қоймаңыз, себебі ол ілмектің зақымдалуына әкеліп, нәтижесінде есік дұрыс ашылмауы мүмкін. Есіктің тұтқасын заттарды ілу үшін пайдаланбаңыз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Егер пеш жұмыс жасамаса, келесі тексеру жұмыстарын орындамайынша қызмет көрсету орталығына хабарласпаңыз:
• Айналдыратын науа мен айналдыратын науа тірегі орнында
• Айыр қабырға розеткасына тиісті түрде енгізілген.
• Есік тиісті түрде жабылған.
• Сақтандырғыштарды тексеріңіз және қуаттың қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз.
• Пеште жеткілікті желдету бар екенін тексеріңіз.
• 10 минут бойы күтіңіз, содан кейін пешті тағы бір рет қосып көріңіз.
• Әрекетті қайталамас бұрын есікті ашыңыз және жабыңыз. Сіз үшін ақылы болып табылатын қажетсіз шақырулардың алдын алады.
Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалған кезде, пештің сериялық нөмірі мен түрінің нөмірін беріңіз (Қызмет жапсырмасын қараңыз). Әрі қарай кеңес алу үшін кепілдеме талонды қараңыз.
Егер желілік шнурды ауыстыру қажет болса, оны біздің қызмет көрсету ұйымымыз арқылы қолжетімді түпнұсқалы желілік шнурмен ауыстыру қажет Желілік шнурды тек қызмет көрсету орталығының білікті маманы ауыстыру керек.
САҚТАНДЫРУ: Қызмет көрсету әрекеті тек қызмет көрсету орталығының білікті маманы арқылы орындалады. Кез келген қызмет көрсету немесе жөндеу жұмысын қызмет көрсету орталығының білікті маманынын басқа біреудің орындауы қауіпті, себебі оған микротолқын энергиясының әсерінен қорғаныс беретін кез келген жабынды алып тастау кіреді.
Ешқандай жабынды алмаңыз.
4
KZ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғы тек тұрмыстық қолданысқа арналған.
Микротолқындарды пайдаланған кезде ішіне тамақ салынбаған пешті қолданбау қажет. Осындай әдіспен пайдалану құрылғының зақымдалуына алып келеді.
Пештегі желдету саңылауларын жаппау қажет. Ауаға арналған кіріс немесе шығыс саңылаулардың бұғатталуы пешті зақымдап, сапасыз тамақ әзірлеу нәтижелеріне әкелуі ықтимал.
Пешті пайдалануды үйрену кезінде, ішіне бір стакан су қойыңыз. Су микротолқынды энергияны сіңіреді және пеш зақымдалмайды.
Бұл құрылғыны ғимараттан тыс сақтамаңыз немесе пайдаланбаңыз. Осы өнімді ас үй жуғышының қасында, ылғалды бетте немесе бассейн жанында не
т.с.с. жерлерде пайдаланбаңыз. Пештің камерасын ешқандай затты сақтау мақсатында пайдаланбаңыз.
Пешке қағаз немесе пластикалық пакеттерді салмас бұрын олардың бауларын алып тастаңыз.
Микротолқынды пешті жақсылап қуыру үшін пайдаланбаңыз, себебі май температурасын бақылау мүмкін емес.
Тамақ әзірлеп болған соң контейнерлерді, пеш бөліктерін және табаны ұстаған кезде күйіп қалуды болдырмау үшін, ыстық өткізбейтін қолғаптарды немесе тұтқыштарды пайдаланыңыз.
СҰЙЫҚТЫҚТАР
мысалы сусындар немесе су. Сұйықтықтың қайнау нүктесінен тыс қызып кетуі көпіршу белгісінсіз орын алуы мүмкін. Ол ыстық сұйықтықтың кенет қайнап кетуіне алып келеді.
Оның ықтималдығын болдырмау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Тар ауыздары бар тік қабырғалы контейнерлерді пайдаланбаңыз.
2. Контейнерді пешке орналастырмас бұрын сұйықтықты араластырыңыз және контейнерде шай қасығын қалдырыңыз.
3. Жылытқаннан кейін, сұйықтықты шамалы уақытқа пеште қалдырыңыз, контейнерді пештен мұқият алмас бұрын сұйықтықты тағы араластырыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Жылытқаннан кейін балалар тамағын немесе балалар бөтелкесіндегі не балалыр тамағының ыдысындағы сұйықтықтарды әрқашан араластырыңыз және температураны тексеріңіз. Ол жылудың бірқалыпты таралғанын қамтамасыз етеді және күйіп қалу немесе күйіктердің қаупін болдырмайды.
Толық мәлімет алу үшін, микротолқынды пешке арналған аспаздық кітабын қараңыз. Әсіресе, құрамында спирт бар тамақты әзірлеу немесе жылыту кезінде абай болыңыз. Жылыту алдында қақпақтың немесе емізіктің алынғанына көз жеткізіңіз.
5
KZ
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Нарықта көп көлемдегі керек-жарақтар қолжетімді. Сатып алмас бұрын, микротолқынды пеште пайдалану үшін олардың жарамдылығына көз жеткізіңіз.
Тамақ әзірлемес бұрын сіз пайдаланатын аспаптардың пеште қолдануға жарамды екеніне және микротолқындарды өткізуге мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз.
Микротолқынды пешке тамақ пен керек-жарақтарды салған кезде, олардың пештің ішкі бөлігіне тимейтініне көз жеткізіңіз.
Ол әсіресе металл немесе металл бөліктері бар керек-жарақтар үшін маңызды болып табылады.
Пеш жұмыс жасап жатқан кезде егер металды қамтитын керек-жарақтар пештің ішкі бөлігіне тисе, ұшқын пайда болып, пеш зақымдалуы ықтимал.
Пешті іске қоспас бұрын әрқашан айналдыратын науаның еркін айналатынына көз жеткізіңіз. Егер айналдыратын науа еркін айналмаса, кіші көлемдегі ыдысты немесе Stop Turntable (Айналдыратын науаны тоқтату) функциясын пайдалану қажет ("Үлкен ыдыстар" мақаласын қараңыз).
АЙНАЛДЫРАТЫН НАУА ТІРЕГІ Айналдыратын науа тірегін Әйнек айналдыратын науаның астына орнатыңыз. Айналдыратын науа тірегінің үстіне ешқашан басқа ешқандай аспаптарды қоймаңыз.
• Пешке айналдыратын науа тірегін орнатыңыз.
ӘЙНЕК АЙНАЛДЫРАТЫН НАУА Әйнек айналдыратын науаны барлық тамақ әзірлеу әдістерінде пайдаланыңыз. Ол шырын тамшылары мен тамақ бөлшектерін жинайды, әйтпесе пештің ішкі бөлігінде дақ қалдырып, бүлдіруі ықтимал.
• Әйнек айналдыратын науаны айналдыратын науа тірегіне орналастырыңыз.
БУҒА ПІСІРГІШ (тек арнайы үлгілерде қолжетімді) Балық, көкөністер және картоп сияқты тағамдар үшін сүзгісі бар буға пісіргішті орнында пайдаланыңыз.
• БУҒА ПІСІРГІШТІ әрқашан Әйнек айналдыратын науаға орналастырыңыз.
ТОР ТАҒАН (арнайы үлгілерде ғана қолжетімді) Тор тағанды Гриль функцияларымен пайдаланыңыз.
6
Loading...
+ 14 hidden pages