WHIRLPOOL AKT 8600/BA User Manual [kk]

МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл нұсқаулар веб торапта қолжетімді болады: www.whirlpool.eu
СІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ
Бұл нұсқаулық жəне құралдың өзі барлық уақытта оқылатын жəне қарастырылатын маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді.
Бұл – қауіпсіздікке қатысты, пайдаланушыларға жəне басқаларға ықтимал қауіп-қатер туралы ескертетін қауіптілік белгісі. Барлық қауіпсіздік ескертулері қауіп таңбасының жəне мына жазулардың артында тұрады:
ҚАУІПТІ
ЕСКЕРТУ
Алды алынбаған жағдайда ауыр жарақатқа əкелетін қауіпті жағдайды көрсетеді.
Алды алынбаған жағдайда ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін қауіпті жағдайды көрсетеді.
Қауіпсіздікке қатысты барлық хабарлар өздеріне қатысты ықтимал қауіп-қатерді көрсетеді жəне құрылғыны дұрыс пайдаланбау салдарынан туындайтын зақым, жарақат жəне электр тогына түсу қаупін азайту жолын көрсетеді. Мынаған сəйкес болғанын қадағалаңыз:
- Барлық босату жəне орнату операцияларын орындау үшін қорғаныс қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Кез келген орнату жұмысын орындау алдында құралды қуат көзінен ажырату қажет.
- Орнатуды жəне күтім көрсетуді өнім жасаушысының нұсқаулары мен жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техникалық маман орындауы керек. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз.
- Бұл құрылғыны жерге қосу керек.
- Қуат көзінің сымы құралды шкафтан негізгі қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті ұзын болуы қажет.
- Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сəйкес орнату үшін ең аз байланыс аралығы 3 мм болатын барлық полюсті ажыратып-қосқыш пайдаланылуы қажет.
- Ұзартқыштар немесе мульти розеткаларды пайдаланбаңыз.
- Құрылғының қуат кабелін тартпаңыз.
- Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет.
- Бұл құрылғы тек тамақ пісіру үшін тұрмыстық қолданысқа арналған. Басқа қолданыс
түріне рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді жылыту). Өндіруші дұрыс пайдаланбауға немесе басқару құралдарын дұрыс орнатпауға қатысты барлық жауапкершіліктерден бас тартады.
- Құрал жəне оның қолжетімді бөліктері пайдалану барысында қызады. Қыздырушы элементтерге тиіп кетуден абай болу керек. Енді жүретін сəбилерді (0-3 жас) жəне жас балаларды (3-8 жас) үздіксіз бақылау болмаса жолатпаңыз.
-8 жас жəне одан үлкен жастағы балалар жəне физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құралды тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Балаларға тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз.
- Қолдану барысында не одан кейін құрылғының қыздыру элементтерін ұстамаңыз. Барлық құрамдастары толығымен суығанша құралдың маталарға немесе басқа жанатын материалдарға тиюіне мүмкіндік бермеңіз.
KZ1
- Құрал ішіне немесе жанына жанатын материалдарды қоймаңыз.
- Артық қыздырылған май жəне май өнімдері оңай жанады. Құрамында тоң майы немесе сұйық майы көп тағам өнімдерін пісірген кезде сақ болыңыз.
- Бөлгіш тақта (берілмеген) құрылғының астындағы бөлікке орнатылуы керек.
- Егер беткі бөлік шытынап кетсе, электр тогына түсу қаупінің алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз (тек беті шыны құрылғыларға қатысты).
- Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралымен пайдаланылуға арналмаған.
- Тоң немесе сұйық маймен тамақ пісірген кезде пешті қараусыз қалдыру қауіпті болуы
жəне өртке себеп болуы мүмкін. Отты ЕШҚАШАН сумен өшіруге əрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп, отты қақпақ немесе өрт сөндіру жапқышы сияқты нəрсемен бүркеңіз. Өрт қаупі бар: заттарды пісіру беттеріне қойып сақтамаңыз.
- Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
- Пышақтар, шанышқылар, қасықтар жəне қақпақтар сияқты металл заттарды пеш бетіне қоюға болмайды, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
- Қолданыстан кейін, құрылғыны басқару тетігімен өшіріңіз жəне табаны анықтағыш функциясына сенбеңіз (тек индукциялық құрылғыларға қатысты).
KZ2
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Проблемалар болған жағдайда, сатушымен немесе қызмет орталығымен хабарласыңыз. Кірістірілген өлшемдері жəне орнату нұсқауларын алу үшін бұл бөлімдегі суреттерді қараңыз. Плита жəне оның үстіндегі сору түтігінің арасында минималды қашықтық сақталуы тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін плитаның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
R = Min. 6,5 mm
Max. 8 mm
490 mm
560 mm
0
+2
0
+2
Min. 70 mm
6 mm
min 20 mm
513 mm
583 mm
0
+2
0
+2
560 mm
490 mm
R = 11,5 mm
0
+2
0
+2
R = Min. 6,5 mm
FLUSH INSTALLATION
482 mm
552 mm
42 mm
510 mm
580 mm
Min. 70 mm
STANDARD INSTALLATION
580 X 510 mm
Орам материалдарын тастау
Орам материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне оның қайта өңдеу белгісі бар ( ). Орамның əр түрлі бөліктерін қоршаған ортаға таралдырмай, жергілікті ережелерге сай қоқысқа тастау керек.
Қоқысқа тастау
Бұл құрал электрлік жəне электрондық жабдықты қоқысқа тастау бойынша 2012/19/EC Еуропалық директивасына (WEEE) сай белгіленген. Құрылғының тиісті түрде қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы үшін ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға көмектесе аласыз.
Құрылғыдағы немесе онымен берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғының үй қоқыстарымен бірге тасталмай, электрондық жəне электрлік құрылғыларды қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау орнына
өткізу керектігін көрсетеді.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
Оңтайлы нəтижелер үшін, мынаны ұсынамыз:
түпкі ені пісіру аймағына сай келетін табаларды жəне кастрөлдерді пайдаланыңыз.
Тек түбі жалпақ кастрөлдер мен табаларды ғана пайдаланыңыз.
Мүмкін болған кезде, тамақ пісіру барысында кастрөл қақпақтарын жауып қойыңыз.
Қуат пен уақытты үнемдеу үшін қысыммен пісіру ыдысын пайдаланыңыз.
Кастрөлді пеш плитасының үстінде қызылмен белгіленген пісіру аймағының ортасына қойыңыз.
СƏЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
- Азық өнімдерімен жанасу үшін арналған бұл құрылғы 1935/2004 Ережесіне ( ) сəйкес келіп, 2006/95/EC Төменгі қуатдирективасының (73/23/EEC директивасының орнына жүретін) жəне 2004/108/EC “EMC (Электр- магниттік сыйымдылық)” директивасының ережелеріне сай жасақталған, жасалған жəне сатылған.
- Бұл құрылғы EN 60350-2 Еуропалық стандартына сəйкес, 66/2014 еуропалық ереженің эко дизайн талаптарына сəйкес.
ОРНАТУ
KZ3
Min. 40 cm
Min. 10 cm
Loading...
+ 6 hidden pages