Мәзірлердегі және қолданбалардағы анықтама..............................................134
Құрылғыда диагностикалық тексерулерді іске қосу.........................................134
Қайта іске қосу, қалпына келтіру және жөндеу................................................ 135
Бізге бағдарламалыққұралды жаңартуға көмектесу......................................136
Кепілдік, МСК және пайдалану туралы нұсқаулар........................................... 136
Құрылғыны қайта өңдеу.................................................................................... 136
Құқықтық ақпарат............................................................................................... 137
5
Бастау
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
Бұл Xperia™ XA UltraAndroid™ 7.0 бағдарламалыққұрал нұсқасына арналған пайдалану
нұсқаулығы. Құрылғыңызда бағдарламалыққұралдыңқай нұсқасы орнатылғанын білмесеңіз,
оны «Параметрлер» мәзірі арқылы тексеруге болады.
Жүйе және қолданба жаңартулары құрылғыдағы мүмкіндіктерді осы пайдаланушы
нұсқаулығында сипатталғаннан басқаша жолмен көрсетуі мүмкін. Жаңартуда Android™
нұсқасына әсер етілмеуі мүмкін. Бағдарламалық құрал жаңартулары туралы қосымша
ақпарат алу үшін Құрылғыны жаңарту бөлімін 36 бетінде қараңыз.
Құрылғының ағымдағы бағдарламалық құрал нұсқасын тексеру үшін
1
Негізгі экран ішінде белгішесін түртіңіз.
2
Параметрлер > Телефон туралы > Android™ нұсқасы тармағын тауып,
түртіңіз.
Құрылғының үлгі нөмірін және атауын табу үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
белгішесін тауып, түртіңіз.
Құрылғының үлгі нөмірі мен атауы көрсетіледі.
Қызметтер мен мүмкіндіктер шектеулері
Осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған кейбір қызметтерге және мүмкіндіктерге кейбір
елдерде немесе аймақтарда, я болмаса, кейбір желілерде немесе қызмет көрсетушілерде қолдау
көрсетілмейді. GSM халықаралық жедел қызмет нөмірін құрылғы мобильді желіге қосулы болса,
әрқашан барлық елдерде, аймақтарда және барлыққызмет көрсетушілерде пайдалануға
болады. Нақты бір қызметтің немесе функцияныңқол жетімділігі туралы және қатынас немесе
пайдалану үшін қосымша ақы төлеу туралы ақпарат алу үшін желі операторына немесе қызмет
көрсетушіге хабарласыңыз.
Осы нұсқаулықта сипатталған белгілі бір мүмкіндіктер мен қолданбаларды пайдалану интернетке
қосылуды қажет етуі мүмкін. Интернетке құрылғыдан қосылғанда деректер байланысының
берілуін бастау мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін сымсыз желі қызмет көрсетушісіне
хабарласыңыз.
Nano SIM картасын алыңыз, содан кейін орнына түскенше науаны ұяға ақырын итеріңіз.
5
Nano SIM/жад картасы ұясыныңқақпағын жабыңыз.
Жад картасын алу үшін
1
Құрылғыны өшіріңіз.
2
Құрылғы төмен қарап тұрғанда nano SIM/жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
3
Ұясынан босату үшін жад картасын ақырын итеріңіз. Жад картасын алып, nano SIM/жад
картасы ұясыныңқақпағын жабыңыз.
Экранды қорғау
Құрылғыны пайдаланбас бұрын мөлдір үлдірді шығып тұрған бөлігінен тартып, алып
тастаңыз.Құрылғыны пайдалану алдында шығып тұрған құлақшаны жоғары қарай тарту
арқылы қорғау үлдірін алыңыз.
Құрылғыны сіздің Xperia™ моделіңізге арналған Sony маркалы экран жабынымен немесе
қорғағышымен қорғаған абзал. Үшінші тараптардың экранды қорғайтын керек-жарақтары
сенсорларды, объективтерді, динамиктерді немесе микрофондарды жауып, құрылғының дұрыс
жұмыс істеуіне кедергі жасауы және кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.
Құрылғыны бірінші рет іске қосу
Құрылғыңызды бірінші рет қоспас бұрын кем дегенде 30 минут зарядтауға кеңес беріледі.
Құрылғыны зарядталып жатқанда пайдалана бере аласыз, Құрылғыны зарядтау бөлімін 33бетінде қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда реттеу нұсқаулығы негізгі параметрлерді
конфигурациялауға, құрылғыны жекелендіруге және есептік жазбаалрға (мысалы, Google™
есептік жазбасына) кіруге көмектеседі.
Құрылғыны қосу үшін
Құрылғыны зарядтағанда USB кабелін (қамтамасыз етілген) пайдалану маңызды, өйткені
USB кабельдерінің басқа түрлері құрылғыңызды зақымдауы мүмкін. Құрылғыны алғаш рет
қоспас бұрын батареяны кем дегенде 30 минут зарядтау ұсынылады.
Опциялар мәзірі ашылғанша қуат түймесін түртіп ұстап тұрыңыз.
2
Опциялар мәзірінде Өшіру түймесін түртіңіз.
Құрылғының өшуі біраз уақыт алуы мүмкін.
Маған Google™ есептік жазбасы не үшін қажет?
Sony компаниясы жасаған Xperia™ құрылғысында Google™ компаниясы әзірлеген Android™
платформасы орнатылған. Құрылғыны сатып алған кезде, оған бірқатар Google™ қолданбалары
мен қызметтері орнатылып тұрады, мысалы, Gmail™, Google Maps™, YouTube™ және Android™
қолданбаларын жүктеп алуға арналған Google Play™ онлайн дүкеніне кіруге мүмкіндік беретін
Play Store™ қолданбасы. Осы қызметтердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін сізге
Google™ есептік жазбасы қажет. Мысалы, Google™ есептік жазбасы келесі әрекеттердің
барлығын орындауға мүмкіндік береді:
•
Google Play™ дүкенінен қолданбалар жүктеп, орнату.
•
Gmail™ арқылы электрондық поштаны, контактілерді және күнтізбені синхрондаңыз.
•
Hangouts™ қолданбасы арқылы достармен әңгімелесу.
•
Google Chrome™ веб-браузері арқылы шолу тарихы мен бетбелгілерді қадамдастыру.
•
Xperia™ Companion қолданбасымен бағдарламалыққұралды жөндегеннен кейін рұқсатыңыз бар
пайдаланушы екеніңізді дәлелдеңіз.
•
my Xperia™ немесе Android™ Device Manager қызметтері арқылы жоғалған я ұрланған
құрылғыны қашықтан табу, құлыптау немесе тазалау.
Android™ және Google™ туралы қосымша ақпарат алу үшін http://support.google.com сайтына
өтіңіз.
Google™ есептік жазбаңыздың пайдаланушы аты мен кілтсөзін есіңізде сақтау өте
маңызды. Кейбір жағдайларда, қауіпсіздікке қатысты себептерге байланысты өзіңізді
Google™ есептік жазбаңызбен айқындауыңыз қажет болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда
Google™ пайдаланушы атыңыз бен кілтсөзіңізді енгізе алмасаңыз, құрылғы құлыпталады.
Сондай-ақ сізде бірнеше Google™ есептік жазбасы болса, тиісті есептік жазбаның
мәліметтерін енгізуді ұмытпаңыз.
Құрылғыда Google™ есептік жазбасын реттеу үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Есептік жазбалар және синхрондау > Есептік жазба қосу
белгішесін түртіңіз.
> Google тармағын тауып, түртіңіз.
3
Google™ есептік жазбасын жасау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз немесе есептік
жазба бар болса, оған кіріңіз.
Сондай-ақ, құрылғыны бірінші рет іске қосқан кезде Google™ есептік жазбасына кіруге
немесе реттеу нұсқаулығынан оны жасауға болады. Я болмаса, онлайн өтіп,
www.google.com/accounts бетінде есептік жазба жасауыңызға болады.
Google™ есептік жазбасын жою үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер >Есептік жазбалар және синхрондау >Google тармағын
белгішесін түртіңіз.
түртіңіз.
3
Жою керек Google™ есептік жазбасын таңдаңыз.
4
> Есептік жазбаны жою тармағын түртіңіз.
5
Растау үшін Есептік жазбаны жою пәрменін қайтадан түртіңіз.
Google™ есептік жазбаңызды жойсаңыз, Google™ есептік жазбасына байланыстырылған
барлық қауіпсіздік мүмкіндіктері қол жетімді болмай қалады.
Құрылғыңыз жоғалту немесе ұрлану жағдайында ұсынылатын бірнеше қауіпсіздік опциясын
қамтиды.
Бұл опциялар келесідей:
•
Біреудіңқұрылғыңызға қол жеткізуін немесе оны ысыруын болдырмау үшін PIN кодын, кілтсөзді
немесе өрнекті пайдаланып құрылғыда қорғалған экран құлпын орнатыңыз.
•
Құрылғы ұрланған немесе оның деректері өшірілген кезде, басқа адамдарға құрылғыны
қолдануға жол бермеу үшін Google™ есептік жазбасын қосыңыз.
•
«Protection by my Xperia» немесе Android™ Device Manager веб қызметін іске қосыңыз. Осы
қызметтердің біреуін пайдаланып жоғалған құрылғыны қашықтан табуға, құлыптауға немеседеректерін тазалауға болады.
Құрылғыға иелікті тексеру
Белгілі бір қорғау мүмкіндіктері PIN кодымен, құпия сөзбен, өрнекпен экран құлпын ашуды
немесе Google™ есептік жазбасының ақпаратын енгізуді қажет етеді. Төменде қорғау
мүмкіндіктерінің мысалдары мен қажетті тіркелгі деректері берілген:
Зауыттық параметрлерді
қалпына келтіруден
қорғау
my Xperia қорғауы
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіруге рұқсат алу үшін алдымен
экран құлпын ашуыңыз керек.
Осы қызметті пайдаланып құрылғыңызды қашықтан қалпына
келтірсеңіз, қызметпен байланысты Google™ есептік жазбасының
пайдаланушы аты мен құпия сөзін енгізу керек. Орнату процесін орындау
үшін құрылғы интернетке қосылып тұруы керек. Әйтпесе, қалпына
келтіргеннен кейін құрылғыны пайдалана алмайсыз.
Android™ құрылғы
менеджері
Осы қызмет арқылы құрылғыңызды қашықтан қалпына келтірсеңіз,
Google™ есептік жазбасының пайдаланушы аты мен құпия сөзін
енгізуіңіз қажет. Орнату процесін орындау үшін құрылғы интернетке
қосылып тұруы керек. Әйтпесе, қалпына келтіргеннен кейін құрылғыны
пайдалана алмайсыз.
Бағдарламалыққұралды
жөндеу
Android™ Device Manager үшін Google™ есептік жазбасынан ақпаратты енгізу қажет. Бұл
құрылғыда сіз ие ретінде реттеген кез келген Google™ есептік жазбасы болуы мүмкін.
Параметрлерді орнату процесі барысында тиісті есептік жазба ақпаратын бере
алмасаңыз, құрылғыны мүлдем қолдана алмайтын боласыз.
Жөндеу аяқталғаннан кейін құрылғыны іске қосқанда Google™ есептік
жазбаңыздың пайдаланушы аты мен құпиясөзін енгізу керек.
Экран құлпы
Бірнеше экран құлпы опциясы қол жетімді. Әрбір құлыптау түрінің қауіпсіздік деңгейі төменде ең
әлсізден ең күштісіне қарай келтірілген:
•
Айналдыру: қорғалмаған, бірақ негізгі экранға жылдам кіре аласыз.
•
Өрнек: құрылғы құлпын ашу үшін саусағыңызбен қарапайым өрнек сызасыз
•
PIN: құрылғыныңқұлпын ашу үшін кемінде төрт цифрдан тұратын сандық PIN кодын енгізіңіз.
•
Кілтсөз: құрылғыныңқұлпын ашу үшін әріптік-сандық кілтсөз енгізіңіз.
Экран құлпы өрнегін, PIN кодын немесе кілтсөзді есте сақтау өте маңызды. Бұл ақпаратты
ұмытсаңыз, контактілер және хабарлар сияқты маңызды деректерді қалпына келтіру мүмкін
болмайды. Егер Xperia™ құрылғысында Microsoft® Exchange ActiveSync® (EAS) есептік жазбасын
орнатсаңыз, EAS қауіпсіздік параметрлері құлыптау экранының түрін тек PIN коды немесе
кілтсөзбен шектеуі мүмкін. Бұл желі әкімшісі кәсіпорын қауіпсіздігі мақсатында барлық EAS
есептік жазбалары үшін құлыптау экранының түрін көрсеткенде пайда болады. Мобильді
Айналдыру арқылы құлыпты ашу функциясын іске қосу үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Экран құлпы
белгішесін түртіңіз.
тармағын тауып, түртіңіз.
3
Экран құлпы түрлерінің қайсысы қосылғанына байланысты экран құлпын ашу үшін
өрнегін салыңыз, я болмаса, PIN кодын немесе кілтсөзді енгізіңіз.
4
Жанап өту тармағын, содан кейін ИӘ, ЖОЮ пәрменін түртіңіз.
Құрылғының құлпын автоматты түрде ашу
Smart Lock мүмкіндігі құрылғыны белгілі бір жағдайларда автоматты түрде құлпын ашуға
реттеуге мүмкіндік береді, мысалы, Bluetooth® құрылғысына қосылғанда немесе өзіңізбен ұстап
жүргенде. Smart Lock қосылған болса, қайта іске қосудан кейін және құрылғыны 4 сағат бойы
әрекетсіз қалдырудан кейін бәрібір құрылғы құлпын қолмен ашу керек.
Келесі Smart Lock параметрлерінен таңдаңыз:
•
Өзіңмен бірге болғанын анықтау: Өзіңізбен бірге тасымалдаған кезде құрылғыны
құлыпсыз ұстаңыз.
Сенімді орындар: Үй сияқты таныс, сенімді орында болғанда құрылғыны құлыпсыз
ұстаңыз.
•
Сенімді құрылғылар: Сенімді Bluetooth® немесе NFC құрылғысы қосылған кезде
құрылғыны құлыпсыз ұстаңыз.
•
Сенімді бет: Қарау арқылы телефон құлпын ашыңыз.
•
Сенімді дауыс: Құлыптау экранынан немесе зарядталып жатқанда құрылғы құлпын ашу
және Google™ жүйесін іске қосу үшін дауысты тануды пайдаланыңыз.
Smart Lock мүмкіндігін Google™ әзірлеген, сондықтан уақыт өте келе оның функциялары
өзгертілуі немесе жаңартылуы мүмкін. Бұған қоса, бұл мүмкіндік кейбір нарықтарда,
елдерде немесе аймақтарда қолжетімсіз болуы мүмкін.
Smart Lock мүмкіндігін қосу үшін
1
Әлі істемеген болсаңыз, өрнекті, PIN кодын немесе кілтсөзді экран құлпы ретінде
орнатыңыз.
2
Негізгі экран ішінде
3
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Сенімді агенттер
белгішесін түртіңіз.
тармағын тауып, түртіңіз.
4
Функцияны қосу үшін Smart Lock (Google) слайдерін түртіңіз.
5
Сенімді агенттер жанында артқа көрсеткісін түртіңіз.
6
Smart Lock тармағын тауып, түртіңіз.
7
Өрнекті, PIN кодын немесе құпия сөзді енгізіңіз. Smart Lock параметрлерін өзгерту керек
кез келген уақытта осы тіркелгі деректерін енгізу қажет.
8
Smart Lock түрін таңдаңыз.
Сенімді бетті реттеу немесе жою үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
белгішесін түртіңіз.
Сенімді бет тармағын тауып, түртіңіз.
3
РЕТТЕУ > КЕЛЕСІ тармағын түртіңіз. Құрылғыдағы нұсқауларды орындаңыз, содан
кейін АЯҚТАЛДЫ пәрменін түртіңіз.
4
Сенімді бетті жою үшін Сенімді бетті жою > ЖОЮ тармағын түртіңіз.
Дәлдікті жақсарту үшін
түртіңіз.
Сенімді бет > Бет сәйкестігін табуды жақсарту тармағын
Сенімді дауысты реттеу үшін
1
Негізгі экран ішінде белгішесін түртіңіз.
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
Сенімді дауыс тармағын тауып, түртіңіз.
3
Құрылғыдағы нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны тасымалдау кезінде оны құлыпсыз ұстау
Денеден табу мүмкіндігін пайдалана отырып, құрылғыны қолыңызбен, қалтаңызда не
сөмкеңізде тасымалдағанда құрылғы құлпын ашықұстауға болады. Құрылғыңыздағы
акселерометр алып жүрілгенін сезіп тұрғанында құрылғыңызды құлпы ашылған күйде ұстайды.
Акселерометр құрылғыныңқойылғанын сезгенде, құрылғы құлыпталады.
Денеден табу мүмкіндігін пайдаланғанда келесі жағдайларды ескеруіңіз қажет:
•
Әрбір қойғанда және алып жүрмегеніңізді анықтағанда құрылғы автоматты түрде құлыпталады.
•
Құрылғының құлыпталуына бір минутқа дейін кетуі мүмкін.
•
Көлікке, автобусқа немесе басқа жерде жүретін көлікке кіргенде құрылғы құлыптауға дейін 5
және 10 минут аралығында кідірте алады.
•
Ұшаққа немесе кемеге (немесе басқа жерде жүрмейтін көлікке) кіргенде құрылғы автоматты
түрде құлыпталмауы мүмкін, сондықтан қажет болса, оны қолмен құлыптаңыз.
•
Құрылғыны қайта көтергенде немесе көліктен шыққанда бар болғаны бір рет оныңқұлпын
ашыңыз, сонда құрылғыңыз сізде болғанша құлпы ашылған күйде тұрады.
Денеден табу мүмкіндігі кімнің денесі қосылғанын анықтай алмайды. Егер денеден табу
мүмкіндігі көмегімен құлпы ашылған құрылғыны басқа біреуге берсеңіз, құрылғы басқа
пайдаланушы үшін құлыпсыз қалуы мүмкін. Денеден табу қауіпсіздік мүмкіндігі ретінде
өрнектен, PIN кодынан не кілтсөзден әлсізірек екенін жадыңыздан шығармаңыз.
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
Өзіңмен бірге болғанын анықтау тармағын тауып, түртіңіз.
3
Функцияны қосу үшін слайдерді түртіңіз, содан кейін ЖАЛҒАСТЫРУ пәрменін түртіңіз.
Функцияны өшіру үшін Қосулы жанындағы слайдерді түртіңіз.
Сенімді құрылғыларға қосылу
Bluetooth® немесе NFC арқылы жүйелі түрде қосылатын құрылғыңыз болса (мысалы, үй ойынсауық жүйесі немесе фитнес трекері), уақытты үнемдеу үшін оны сенімді құрылғы ретінде қосуға
және құлыптау экраныныңқосымша қауіпсіздік шарасын айналып өтуге болады. Бұл мүмкіндік
сіз осы құрылғыны пайдаланған кезде әдетте қауіпсіз жерде болатын жағдайда жарамды. Кей
жағдайларда сенімді құрылғыны қоспас бұрын қолмен құрылғыныңқұлпын ашу қажет болуы
мүмкін.
Bluetooth® пернетақталары немесе тінтуірлері сияқты сенімді құрылғыларға тұрақты түрде
құрылғыларды қосуға кеңес берілмейді.
Сенімді құрылғы өшкенде немесе ауқымнан шыққанда, экран құлыпталады және оның
құлпын ашу үшін PIN коды, өрнек не құпиясөз қажет болады.
Сенімді Bluetooth® құрылғысын қосу немесе жою үшін
1
Құрылғы байланыстырылғанына және сенімді құрылғы ретінде қосқыңыз келетін
Bluetooth® құрылғысына қосылғанына көз жеткізіңіз.
2
Негізгі экран ішінде
3
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock тармағын
тауып, түртіңіз.
4
Smart Lock мәзірінде Сенімді құрылғылар > СЕНІМДІ ҚҰРЫЛҒЫ ҚОСУ >
Bluetooth тармағын түртіңіз.
5
Қосылған және байланыстырылған құрылғылардың тізімінен таңдау үшін құрылғы атын
түртіңіз, содан кейін ИӘ, ҚОСУ пәрменін түртіңіз.
6
Байланыстырылған құрылғыны жою үшін тізімнен таңдап, СЕНІМДІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ
ЖОЮ пәрменін түртіңіз.
белгішесін түртіңіз.
Сенімді NFC құрылғысын қосу немесе жою үшін
1
Құрылғы байланыстырылғанына және сенімді құрылғы ретінде қосқыңыз келетін
Bluetooth® құрылғысына қосылғанына көз жеткізіңіз.
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock тармағын
тауып, түртіңіз.
3
Сенімді құрылғылар >СЕНІМДІ ҚҰРЫЛҒЫ ҚОСУ >NFC тармағын түртіңіз.
4
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5
Байланыстырылған құрылғыны жою үшін тізімнен таңдап, СЕНІМДІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ
ЖОЮ пәрменін түртіңіз
Сенімді құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіз екеніңізді тексеру
Түрлі Bluetooth® құрылғылары түрлі Bluetooth® стандарттары мен қауіпсіздік мүмкіндіктерін
қолдайды. Сенімді құрылғы бұдан әрі жаныңызда болмаса да, әлдекім Bluetooth® байланысын
имитациялай отырып, Xperia™ құрылғысын құлыпсыз ұстауы ықтимал. Құрылғы әлдекім
байланысты имитациялауы әрекетінің болмауын үнемі анықтай алмайды.
Құрылғы қауіпсіз байланысыңызды пайдаланып жатқаныңызды анықтай алмайтын кезде
Xperia™ құрылғысында хабарландыру аласыз және сенімді құрылғы оныңқұлпын ашпас бұрын
қолмен құлпын ашу қажет болуы мүмкін.
Bluetooth® байланыс ауқымы құрылғының үлгісі, қосылған Bluetooth® құрылғысы және
ортаңыз сияқты факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Осы факторларға
байланысты Bluetooth® байланыстары 100 метрге дейін қашықтықта жұмыс істей алады.
Сенімді орындар мүмкіндігі реттелген кезде Xperia™ құрылғысындағы құлыптау экраны
қауіпсіздігі сіз белгіленген сенімді орында болғанда өшеді. Бұл мүмкіндік жұмыс істеуі үшін
интернет байланысы (мүмкіндігінше Wi-Fi арқылы) болып, құрылғыға ағымдағы орынды
пайдалануға рұқсат берілуі керек.
Сенімді орындарды орнату үшін алдымен үй не пайдаланушылық орындарды қоспас бұрын
жоғары дәлдік орны режимі не батарея зарядын үнемдеу орны режимі құрылғыда қосулы екеніне
көз жеткізіңіз.
Сенімді орынның дәл өлшемдері шамаланған болып табылады және сенімді орындар
ретінде қосылған үйдегі не басқа орындардағы физикалық қабырғалар арқылы өтуі
мүмкін. Бұл мүмкіндік құрылғыны 80 метрге дейін радиуспен құлыпсыз ұстай алады.
Сондай-ақ, орын сигналдарын қайта шығару не басқаруға мүмкін екенін ескеріңіз. Арнайы
жабдыққа қатынасы бар әлдекім құрылғының құлпын ашқан болуы мүмкін.
Үй орнын қосу үшін
1
Негізгі экран ішінде белгішесін түртіңіз.
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
Сенімді орындар > Негізгі экран тармағын тауып, түртіңіз.
3
Қажетті орынды енгізу үшін іздеу жолағында мекенжайды теріңіз. Құрылғы енгізілген
орынды іздейді.
Үй орнын өңдеу үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
Сенімді орындар тармағын тауып, түртіңіз.
3
Үй орнын таңдаңыз.
4
Өңдеу пәрменін түртіңіз.
5
Іздеу жолағында үй орны ретінде пайдаланғыңыз келетін орынды енгізіңіз.
белгішесін түртіңіз.
Басқа тұрғылықты жерлер де көше мекенжайыңызды пайдаланса, ғимарат кешеніндегі
үйіңіздің нақты орнын пайдаланушылық орын ретінде қосуға болады.
Үй орнын жою үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
белгішесін түртіңіз.
Сенімді орындар > Негізгі экран тармағын тауып, түртіңіз.
3
Өңдеу > тармағын түртіңіз.
Арнайы орындарды пайдалану
Құрылғы құлыптан шыққан күйде қала алатын арнайы орындарда сенімді ретінде кез келген
орынды қосуға болады.
Пайдаланушылық орын қосу үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
Сенімді орындар тармағын тауып, түртіңіз.
3
Сенімді орын қосу пәрменін түртіңіз.
4
Ағымдағы орынды теңшелетін орын ретінде пайдалану үшін Осы орынды таңдау
пәрменін түртіңіз.
5
Я болмаса, басқа орынды енгізу үшін
енгізілген орынды іздейді. Ұсынылған мекенжайды пайдалану үшін түртіңіз.
6
Орынды дәл реттеу үшін мекенжай жанында артқа көрсеткісін түртіңіз, содан кейін Осы
орынды таңдау пәрменін түртіңіз.
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
Сенімді орындар тармағын тауып, түртіңіз.
3
Өңдегіңіз келетін орынды таңдаңыз.
4
Мекенжайды өңдеу пәрменін түртіңіз.
5
Басқа орынды енгізу үшін
Құрылғы енгізілген орынды іздейді. Ұсынылған мекенжайды пайдалану үшін мекенжайдытүртіңіз.
6
Орынды дәл реттеу үшін мекенжай жанында артқа көрсеткісін түртіңіз, содан кейін Осы
орынды таңдау пәрменін түртіңіз.
Пайдаланушылық орынды жою үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > Smart Lock >
Сенімді орындар тармағын тауып, түртіңіз.
3
Жою қажет орынды таңдаңыз.
4
Жою пәрменін түртіңіз.
белгішесін түртіңіз, содан кейін мекенжайды теріңіз.
белгішесін түртіңіз.
SIM картасын қорғау
Құрылғыда пайдаланатын әр SIM картасын PIN кодымен құлыптауға және құлпын ашуға
болады. SIM картасы құлыпталған кезде картаға байланыстырылған жазылым дұрыс
пайдаланбаудан қорғалады, яғни құрылғыны әр іске қосқан кезде PIN кодын енгізіп отыруыңыз
қажет.
PIN кодын тым көп рет дұрыс емес енгізсеңіз, SIM картаңыз бұғатталады. Одан кейін PUK (Жеке
бұғаттаудан шығару кілті) кодын және жаңа PIN кодын енгізу керек. PIN және PUK кодтарын желі
операторы береді.
SIM карта құлпын орнату немесе жою үшін
1
Негізгі экранда
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > SIM картасын
құлыптау реттеу тармағын тауып, түртіңіз.
3
SIM картасыныңқұлпын қосу немесе өшіру үшін SIM карт-н құлыптау слайдерін
түртіңіз.
4
SIM картасының PIN кодын енгізіп, OK түймесін түртіңіз. SIM карта құлпы енді белсенді
және сізден құрылғыны қайта қосқан іске сайын осы PIN кодын енгізу сұралады.
SIM картасының PIN кодын өзгерту үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > SIM картасын
құлыптау реттеу тармағын тауып, түртіңіз.
3
SIM PIN кодын өзгерту пәрменін түртіңіз.
4
Ескі SIM картасының PIN кодын енгізіңіз де, OK түймесін түртіңіз.
5
Жаңа SIM картасының PIN кодын енгізіңіз де, OK түймесін түртіңіз.
6
Жаңа SIM картасының PIN кодын қайта теріңіз де, OK түймесін түртіңіз.
PUK коды арқылы блокталған SIM картасының құлпын ашу үшін
1
PUK кодын енгізіп,
2
Жаңа PIN кодын енгізіп, белгішесін түртіңіз.
3
Жаңа PIN кодын қайтадан енгізіп, белгішесін түртіңіз.
Қате PUK кодын бірнеше мәрте енгізсеңіз, жаңа SIM картасын алу үшін желі операторына
хабарласуыңыз қажет.
белгішесін түртіңіз.
белгішесін түртіңіз.
белгішесін түртіңіз.
Құрылғының идентификациялық нөмірін табу
Құрылғыда бірегей идентификациялық нөмір бар. Бұл нөмір IMEI (Халықаралық мобильді
жабдық идентификациясы) деп аталады. Осы нөмірдің көшірмесін сақтауыңыз керек. Ол,
мысалы, құрылғыны тіркеу үшін Xperia™ Care қолдау қызметіне қол жеткізгенде қажет болуы
мүмкін. Сондай-ақ, егер құрылғы ұрланса, кейбір желі жеткізушілері құрылғыны елдегі немесе
аймақтағы желіге кіру мүмкіндігін тоқтату үшін осы нөмірді пайдалана алады.
Жапсырма жолағында IMEI нөмірін көру үшін
1
Nano SIM/жад картасы ұясыныңқақпағын ашыңыз.
2
SIM картасының науасын алыңыз.
3
Тырнақты пайдаланып жолақты сыртқа қарай сүйреңіз. IMEI нөмірі жолақта көрсетіледі.
Сондай-ақ, IMEI нөмірін телефон тергішін ашу және *#06# нөмірін енгізу арқылы көруге
болады.
Құрылғы параметрлері арқылы IMEI нөмірін көру үшін
1
Негізгі экран ішінде белгішесін түртіңіз.
2
Параметрлер > Телефон туралы > Күйі > IMEI ақпараты тармағын тауып,
түртіңіз.
Жоғалған құрылғыны табу
Google™ есептік жазбаңыз болса, «Protection by my Xperia» веб-қызметі құрылғыңызды табуға
және жоғалған жағдайда қорғауға көмек көрсетеді. Бұл қызметті құрылғыңызда қосқан
болсаңыз, мыналарды орындауға болады:
•
Құрылғыңызды картадан табыңыз.
•
Құрылғы «Мазаламау» режимінде болса да, дабылды ойнатыңыз.
•
Құрылғыны қашықтан құлыптап, құрылғыңыздың тауып алған адамдарға байланыс
деректеріңізді көрсетуін реттеңіз.
•
Соңғы шара ретінде құрылғының ішкі және сыртқы жадын қашықтан өшіріңіз.
Егер «Protection by my Xperia» веб қызметі арқылы құрылғының ішкі жадын өшірсеңіз,
құрылғыны келесіде қосқанда құрылғыда мұның алдында синхрондалған Google™ есептік
жазбасына кіру қажет.
«Protection by my Xperia» қызметі барлық елдерде немесе аймақтарда бола бермеуі
мүмкін.
Белсенді деректер байланысы бар екенін тексеріп, құрылғыда орынды анықтау
қызметтерін қосыңыз.
2
Негізгі экран ішінде белгішесін түртіңіз.
3
Параметрлер > Құлыптау экраны және қауіпсіздік > my Xperia арқылы
қорғау > Белсендіру тармағын тауып, түртіңіз.
4
Қызметтің шарттары мен талаптарымен келісу үшін құсбелгі қойыңыз да, Қабылдау
түймесін түртіңіз.
5
Сұралса, Google™ есептік жазбасына кіріңіз немесе жоқ болса, жаңа есептік жазба
жасаңыз.
6
«Protection by my Xperia» қызметі құрылғыңызды анықтай алатынына көз жеткізу үшін
myxperia.sonymobile.com бетіне өтіп, құрылғыда пайдаланып жатқан Google™ есептік
жазбасын пайдаланып кіріңіз.
Құрылғыны бірнеше пайдаланушылармен бөлісіп жатсаңыз, «Protection by my Xperia»
қызметі ие ретінде кірген пайдаланушы үшін ғана қол жетімді болатынын ескеріңіз.
Android™ Device Manager көмегімен жоғалған құрылғыны табу
Google™ компаниясы Android™ Device Manager деп аталатын құрылғы орнын анықтау және
қауіпсіздік веб қызметін ұсынады. Оны my Xperia арқылы қорғау қызметімен бірге немесе оған
балама ретінде пайдалануға болады. Құрылғыңыз жоғалса, Android™ Device Manager қызметін
мына мақсаттармен пайдалануға болады:
•
Құрылғыңыз тұрған жерді табу және көрсету.
•
Құрылғыны шылдырлату немесе құлыптау, оның ішіндегі барлық нәрсені өшіру немесе
құлыптау экранына телефон нөмірін қосу.
Android™ Device Manager туралы қосымша ақпарат алу үшін www.support.google.com бетіне
өтіңіз.
Android™ Device Manager қызметі құрылғыңыз өшіп тұрса немесе интернетке қосылмаған
болса, жұмыс істемейді. Android™ Device Manager қызметі барлық елдерде немесе
аймақтарда жұмыс істемеуі мүмкін.
Android™ Device Manager қызметін іске қосу үшін
1
Құрылғыны бірнеше пайдаланушы қолданып жүрсе, жүйеге ие ретінде кіруді ұмытпаңыз.
2
Белсенді деректер байланысы бар екеніне және орынды анықтау қызметтері қосылғанына
көз жеткізіңіз.
3
Негізгі экран ішінде
4
Параметрлер > Google > Қауіпсіздік тармағын тауып, түртіңіз.
5
Функциялардың екеуін де қосу үшін Осы құрылғыны қашықтан табу және
белгішесін түртіңіз.
Қашықтан құлыптауға және деректерін өшіруге рұқсат беру жанындағы
слайдерлерді түртіңіз.
6
Сұралса, Осы құрылғы әкімшісін белсендіру пәрменін түрту арқылы шарттар
мен талаптарға келісіңіз.
7
Қызметті іске қосқаннан кейін Android™ Device Manager құрылғыңызды таба алатынын
тексеру үшін www.android.com/devicemanager бетіне өтіп, Google™ есептік жазбаңызбен
кіріңіз.
Сондай-ақ, Android Device Manager мүмкіндігін «Құрылғы әкімшілері» тармағында
Құлыптау экраны және қауіпсіздік ішінде іске қосуға болады.
Негізгі экран тақталары ішінде солға не оңға айналдырыңыз.
•
Қосымша опцияларды алу үшін солға немесе оңға жанап өтіңіз.
Сипап өту
•
Мысалы, тізім не веб-бет ішінде жылдам айналдырыңыз. Айналдыруды экранды түрту арқылы
тоқтатуға болады.
Экранды құлыптау және құлыпты ашу
Құрылғы қосылып тұрып белгілі бір уақыт ішінде қолданылмаса, батареяны үнемдеу үшін экран
өшіп автоматты түрде құлыпталады. Бұл құлып телефонды пайдаланбаған кезде сенсорлық
экранда қажетсіз әрекеттердің орындалуына жол бермейді. Құрылғыны сатып алған кезде негізгі
экранды айналдыру құлпы орнатылып тұрады. Яғни, оныңқұлпын ашу үшін экранда жоғары
қарай жанап өту керек. Қауіпсіздік параметрлерін кейінірек өзгертіп, басқа құлыптау түрлерін
қоса аласыз. Экран құлпы бөлімін 10 бетінде қараңыз.
Экран белсенді кезде қуат пернесін қысқа уақыт бойы басыңыз.
2
Я болмаса, негізгі экранда кез келген бос аумақты екі рет түртіңіз. Бұл функцияны қосу
үшін құрылғы дірілдегенше негізгі экранда кез келген аумақты түртіп, ұстап тұрыңыз,
содан кейін белгішесін түртіңіз және «Ұйықтау үшін екі рет түрту» жанындағы
слайдерді түртіңіз.
Негізгі экран
Негізгі экран құрылғыны пайдаланудың бастапқы орны болып табылады. Ол компьютердегі
жұмыс үстеліне ұқсас. Негізгі экранда қалыпты экран дисплейінің енінен асатын жиырмаға дейін
тақта болуы мүмкін. Негізгі экран тақталарының саны негізгі экранның төменгі жағындағы
нүктелер қатарымен көрсетіледі. Бөлектелген нүкте қазіргі уақытта көрсетіліп тұрған тақтаны
көрсетеді.
1
Xperia™ виджетіне қош келдіңіз — виджетті ашу үшін түртіңіз, сөйтіп ескі құрылғыдан мазмұнды көшіру немесе
Xperia™ қызметтерін реттеу сияқты тапсырманы таңдаңыз
2Нүктелер — негізгі экран тақталарының санын көрсетеді
Негізгі экранға өту үшін
•
пернесін басыңыз.
Негізгі экранда іздеу
Негізгі экран тақталары
Негізгі экранға жаңа тақталар қосуға (ең көбі жиырмаға дейін) және тақталарды жоюға болады.
Сондай-ақ, негізгі экрандағы басты тақта ретінде пайдаланылатын тақтаны орнатуға болады.
Тақтаны негізгі экранның негізгі тақтасы ретінде орнату үшін
1
Құрылғы дірілдегенше негізгі экранның кез келген жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
2
Негізгі экранның басты тақтасы ретінде орнату керек тақтаны іздеу үшін солға немесе
оңға жанап өтіңіз де, белгішесін түртіңіз.
Google Search және Now қосулы кезде осы қызмет үшін шеткі сол жақ тақта сақталады
және негізгі экранның басты тақтасын өзгерту мүмкін болмайды. Қосымша ақпаратты
Google Search және Now бөлімінде 125 бетінде қараңыз.
Негізгі экранға тақта қосу үшін
1
Құрылғы дірілдегенше негізгі экранның кез келген жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
2
Тақталарды шолу үшін оң жаққа немесе сол жаққа соңына дейін сырғытыңыз, содан
кейін
Google Search & Now қосулы кезде шеткі сол жақ тақта осы қызмет үшін сақталады және
сол жаққа қосымша тақталарды қосу мүмкін болмайды. Қосымша ақпаратты GoogleSearch және Now бөлімінде 125 бетінде қараңыз.
түймесін түртіңіз.
Негізгі экраннан тақтаны жою
1
Негізгі экранда құрылғы дірілдегенше кез келген аумақты түртіп тұрыңыз.
2
Жоб қажет тақтаға өту үшін солға немесе оңға жанап өтіңіз, содан соң тақтаның оң жақ
жоғарғы бұрышындағы
түймесін түртіңіз.
Негізгі экран параметрлері
Қолданбаны негізгі экраннан өшіру немесе жою үшін
Алдын ала орнатылған қолданбаны өшіру барлық деректерді жояды, бірақ қолданбаны
Параметрлер > Қолданбалар тармағында қайтадан қосуға болады. Тек жүктелген
қолданбаларды толығымен жоюға болады.
1
Құрылғы дірілдегенше негізгі экранның кез келген жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
2
Тақталарды қарау үшін солға немесе оңға шертіңіз. Өшіруге немесе жоюға болатын
барлыққолданбалар
3
Тиісті қолданбаны түртіңіз, содан кейін қолданба құрылғыда алдын ала орнатылған
белгішесімен көрсетіледі.
болса, Өшіру пәрменін немесе қолданба жүктелген болса және оны жойғыңыз келсе,
OK пәрменін түртіңіз.
Негізгі экранда белгішелердің өлшемін реттеу
1
Негізгі экранда құрылғы дірілдегенше кез келген аумақты түртіп тұрыңыз, содан соң
түймесін түртіңіз.
2
Белгіше өлшемі түймесін түртіп, опцияны таңдаңыз.
Қолданбалар экраны
Басты экраннан ашылған Қолданбалар экранында құрылғыңызда алдын ала орнатылатын және
өзіңіз жүктеп алған қолданбалар сақталады.
Қолданбалар экранында сол не оң жаққа қарай сипап өтіңіз.
Ұсынылатын қолданбалар тізімдерін қосу немесе өшіру үшін
Қолданбалар экранына бірінші рет кіргенде ұсынылатын қолданбалардың тізімдерін қосу немесе
өшіру опциясын аласыз. Сондай-ақ, төмендегі қадамдарды орындау арқылы бұл мүмкіндіктікейінірек қосуға немесе өшіруге болады:
1
Құрылғы дірілдегенше негізгі экранда кез келген аумақты түртіп, ұстап тұрыңыз, содан
кейін белгішесін түртіңіз.
2
Қолданба ұсыныстары слайдерін түртіңіз.
Қолданбалар терезесінен қолданбаны ашу
•
Қолданба экраны ашылғанда қолданбаны табу үшін сол не оң жаққа сырғытып,
қолданбаны түртіңіз.
Қолданбаны қолданбалар экранында іздеу үшін
1
Қолданбалар экраны ашылғанда Бағдарламаларды іздеу пәрменін түртіңіз немесе
жай қолданбалар экранында немесе негізгі экранда төмен қарай айналдырыңыз.
Қолданбалар экранында қолданба белгішесін басып, құрылғы дірілдегенше ұстап
тұрыңыз да, белгішені экранның жоғарғы жағына қарай сүйреңіз. Негізгі экран ашылады.
2
Белгішені негізгі экрандағы қажетті жерге сүйреп, содан кейін жіберіңіз.
Қолданбалар экранындағы қолданбаны жылжыту үшін
1
Қолданбалар экраны ашылғанда
2
Қолданбаларды сұрыптау астында Жеке рет таңдалғанын тексеріңіз.
3
Қолданбаны түртіп, құрылғы дірілдегенше ұстап тұрыңыз, содан кейін оны жаңа орынға
белгішесін түртіңіз.
сүйреңіз.
Қолданбаны қолданбалар экранынан өшіру немесе жою үшін
Алдын ала орнатылған қолданбаны өшіру барлық деректерді жояды, бірақ қолданбаны
Параметрлер > Қолданбалар тармағында қайтадан қосуға болады. Тек жүктелген
қолданбаларды толығымен жоюға болады.
1
Құрылғы дірілдегенше қолданбалар экранының кез келген жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
Сол кезде өшіруге немесе жоюға болатын барлыққолданбалар белгішесімен
көрсетіледі.
2
Тиісті қолданбаны түртіңіз, содан кейін қолданба құрылғыда алдын ала орнатылған
болса, ӨШІРУ пәрменін немесе қолданба жүктелген болса және оны жойғыңыз келсе,
OK пәрменін түртіңіз.
Қолданбаларды шарлау
Жылжу кілттері және соңғы пайдаланылған барлық бағдарламаларды оңай ауыстыруға
мүмкіндік беретін соңғы пайдаланылған бағдарламалар терезесі арқылы бағдарламалар
арасында жылжуға болады. Шарлау пернелері: «Артқа» пернесі, «Басты» пернесі және
«Жақындағы қолданбалар» пернесі. Сондай-ақ, қолданба бірнеше терезе функциясын қолдаса,
бөлінген экран режимін пайдаланып экранда бірден екі қолданбаны ашуға болады. Шығу үшін
«Басты» пернесін
басқанда кейбір қолданбалар жабылады, басқалары уақытша тоқтатылады
немесе фондық режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Егер қолданба тоқтатылған не фондық
режимде қосулы болса, қолданбаны келесі ашқанда жұмысты тоқтаған жерден жалғастыруға
болады.
1Барлығын тазалау - Жақында пайдаланылған барлыққолданбаларды жабу
2Соңғы пайдаланылған қолданбалар терезесі – соңғы пайдаланылған қолданбаны ашу
3Соңғы қолданбалар пернесі – соңғы пайдаланылған қолданбалар терезесін және таңдаулылар жолағын ашу
4Негізгі экран пернесі – қолданбадан шығу және негізгі экранға оралу
5Артқа пернесі – қолданба ішіндегі алдыңғы экранға қайту не қолданбаны жабу
Соңғы пайдаланылған қолданбалар терезесін ашу
•
басыңыз.
Жақында пайдаланылған қолданбалар арасында жылдам ауысу үшін
•
екі рет жылдам басыңыз.
Жақында пайдаланылған барлық қолданбаларды жабу үшін
•
түртіңіз де, БАРЛЫҒЫН ТАЗАЛАУ пәрменін түртіңіз.
Қолданба ішіндегі мәзірді ашу үшін
•
Қолданбаны пайдаланғанда
Мәзір барлық қолданбаларда бола бермейді.
пернесін түртіңіз.
Бөлінген экран режимі
Бөлінген экран режимі сізге екі қолданбаны бірден көруге мүмкіндік береді, мысалы, электрондық
поштаның кіріс жәшігін және веб-браузерді бір уақытта көргіңіз келсе.
11-қолданба жоғарғы терезеде
2Бөлінген экранның жиегі – Терезелердіңөлшемін өзгерту үшін сүйреңіз
4Бөлінген экран пернесі – Жақында пайдаланылған қолданбаны таңдау
5Басты пернесі – Басты экранға оралу
6Артқа пернесі – қолданба ішіндегі алдыңғы экранға қайту не қолданбаны жабу
Кейбір қолданбалар бөлінген экран режимін қолдамайды.
Бөлінген экран режимін пайдалану үшін
1
Бөлінген экран режимінде пайдаланғыңыз келетін екі қолданба ашық екенін және фонда
жұмыс істеп жатқанын тексеріңіз.
2
Бөлінген экран режимінде пайдаланғыңыз келетін қолданбаны ашыңыз, содан кейін
басып, ұстап тұрыңыз. Қолданба бөлінген экранның бірінші бөлігіне тағайындалады.
3
Пиктограммалар тізімінде екінші қажетті қолданбаны таңдаңыз.
4
Бөлінген экран терезелерініңөлшемін өзгерту керек болса, бөлінген экран жиегін ортаға
сүйреңіз.
5
Бөлінген экран режимінен шығу үшін бөлінген экран терезелері көрсетіліп тұрғанда
белгішесін түртіп, ұстап тұрыңыз.
Бір қолмен орындалатын әрекеттер
Құрылғыны бір қолмен пайдалану үшін бір қолмен орындалатын әрекет режимін іске қосуға
болады.
Бір қолмен орындалатын әрекеттерді қосу немесе өшіру үшін
1
Негізгі экраннан
2
Функцияны қосу немесе өшіру үшін Экран көлемін өзгерту слайдерін түртіңіз.
3
белгішесін түртіңіз, содан кейін басбармақты экранның оң бұрышынан ортасына
сүйреңіз.
> Параметрлер > Бір қолмен ор-тын әр-р тармағын түртіңіз.
Опцияларды бір қолмен орындалатын әрекеттерге теңшеу үшін «Оңтайландырылған
қолданбалар» слайдерін түртіңіз.
Экран орнын реттеу үшін
1
Экранды сол жаққа немесе оң жаққа жылжыту үшін сәйкесінше
немесе белгішесін
түртіңіз.
2
Экранды жоғары қарай немесе төмен қарай жылжыту үшін өлшемі өзгертілген экранның
жиегіндегі көлденең жолақтарды сүйреңіз.
3
Экран өлшемін өзгерту үшін өлшемі өзгертілген экранның жиегіндегі үш диагональ
жолақты сүйреңіз.
Толық экранды режимге қайту үшін
белгішесін түртіңіз.
Виджеттер
Виджеттер – тікелей негізгі экранда пайдалануға болатын шағын қолданбалар. Сондай-ақ, олар
төте жолдар функциясын атқарады. Мысалы, «Ауа райы» виджеті ауа райы туралы негізгі
ақпаратты тікелей негізгі экраннан көруге мүмкіндік береді. Виджетті түрткенде толық «Ауа райы»
қолданбасы ашылады. Google Play™ ішінен қосымша виджеттерді жүктеуге болады.
Негізгі экранға виджет қосу үшін
1
Құрылғы дірілдегенше Негізгі экран экранының кез келген бос аумақты түртіп, ұстап
тұрыңыз, содан кейін Виджеттер тармағын түртіңіз.
Құрылғы дірілдегенше виджетті түртіп, ұстап тұрыңыз, содан кейін жіберіңіз. Виджет
өлшемін өзгерту мүмкін болса, мысалы, «Күнтізбе» виджетінің, онда бөлектелген жақтаумен өлшемін өзгерту нүктелері пайда болады.
2
Виджетті қысу немесе жаю үшін нүктелерді ішке немесе сыртқа сүйреңіз.
3
Виджеттің жаңа өлшемін растау үшін Негізгі экран экранының кез келген жерінде
түртіңіз.
Виджетті жылжыту үшін
•
Виджетті түртіп, құрылғы дірілдегенше ұстап тұрыңыз, содан кейін оны жаңа орынға
сүйреңіз.
Виджетті жою үшін
•
Виджетті түртіп, құрылғы дірілдегенше ұстап тұрыңыз, содан кейін оны Негізгі
экраннан жою пәрменіне сүйреңіз.
Төте жолдар және қалталар
Қолданбаларды басқару және негізгі экранды ретте ұстау үшін төте жолдар мен қалталарды
пайдаланыңыз.
1
Төте жол көмегімен қолданбаны ашу
2Ішінде қолданбалар бар қалтаны ашу
Негізгі экранға қолданба төте жолын қосу үшін
1
Негізгі экран экранында бос аумақты түртіп ұстап тұрыңыз.
Тізімде жылжып, бір қолданбаны таңдаңыз. Таңдалған қолданба Негізгі экран
экранына қосылады.
Негізгі экранда элементті жылжыту үшін
•
Элементті түртіп, құрылғы дірілдегенше ұстап тұрыңыз, содан кейін элементті жаңа
орынға сүйреңіз.
Негізгі экраннан элементті жою үшін
•
Элементті түртіп, құрылғы дірілдегенше ұстап тұрыңыз, содан кейін элементті экранның
жоғарғы жағында Негізгі экраннан жою пәрменіне сүйреңіз.
Негізгі экранда қалта жасау үшін
•
Қолданба белгішесін немесе төте жолды түртіп, құрылғы дірілдегенше ұстап тұрыңыз,
одан кейін оны басқа қолданба белгішесінің немесе төте жолдыңүстіне сүйріп апарып
тастаңыз.
Құрылғы дірілдегенше элементті түртіп, ұстап тұрыңыз, содан кейін элементті қалтаға
сүйреңіз.
Негізгі экранда қалта атын өзгерту үшін
1
Ашу үшін қалтаны түртіңіз.
2
Қалта атауы өрісін көрсету үшін қалтаның атау жолағын түртіңіз.
3
Жаңа қалта атауын енгізіп, ДАЙЫН түймесін түртіңіз.
Фон және тақырыптар
Құрылғыныңәдепкі фоны болады, бірақәр түрлі түстері және өрнектері бар фон суреттерін
және тақырыптарды пайдаланып негізгі экран мен құлыптау экранын жеке стиліңізге бейімдей
аласыз.
Фон суретін негізгі экранның және құлыптау экранының басқа элементтерінің ешқайсысын
өзгертпестен пайдалануға болады. Нақты уақыттағы фон суреттері сенсорлық экранмен өзара
әрекеттесулерге көрнекі әсерлерді қосып, дисплейдің динамикалық түрде өзгеруіне мүмкіндік
береді.
Тақырыптар фон суретін, экран сақтағышын, атау жолақтарын және дыбыс схемасын қамтуы
мүмкін. Олардың барлығы бірігіп, құрылғыңыздың бірегей интерфейс стилін жасайды.
Фон суретін өзгерту үшін
1
Құрылғы дірілдегенше Негізгі экран экранының кез келген бос аумағын түртіп, ұстап
тұрыңыз.
2
Фон суреттері тармағын түртіп, опцияны таңдаңыз.
Сондай-ақ құлыптау экранының фон суретін өзгертуге немесе негізгі экран мен құлыптау
экраны үшін бірдей кескінді орнатуға болады. Жоғарыдағы қадамдарды орындаңыз,
содан кейін Альбом пәрменін түртіңіз. Қалаған кескінді түртіп, опцияны таңдаңыз.
Тақырып орнату үшін
1
Құрылғы дірілдегенше Негізгі экран бос аумағын түртіп, ұстап тұрыңыз.
2
Тақырыптар тармағын түртіңіз.
3
Опцияны таңдаңыз:
•
Бар тақырыпты пайдалану үшін тақырыпты таңдаңыз, содан кейін ТАҚЫРЫП
ҚОЛДАНУ пәрменін түртіңіз.
•
Шағын қолданбаны жүктеу үшін ҚОСЫМША ТАҚЫРЫПТАР АЛУ пәрменін
түртіңіз.
Тақырыпты өзгерткенде кейбір қолданбаларда фон да өзгереді.
Скриншот түсіру
Құрылғыдағы кез келген экранның фотосуреттерін скриншот ретінде түсіруге болады. Түсірілген
скриншоттар автоматты түрде Альбом ішіне сақталады.
Скриншот түсіру үшін
1
Көмекші терезесі ашылғанша қуат пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
2
белгішесін түртіңіз.
Сондай-ақ бір уақытта қуат пернесін және дыбыс деңгейін төмендету пернесін басып,
ұстап тұру арқылы скриншот түсіруге болады.
Скриншотты көру үшін
1
Хабарландыру панелін көрсету үшін күй жолағын екі рет түртіңіз.
2
Скриншотты түртіңіз.
Сондай-ақ, скриншоттарды «Альбом» қолданбасында көруге болады.
Хабарландырулар жаңа хабарлар, күнтізбе хабарландырулары және ағымдағы файл жүктеулері
сияқты әрекеттер туралы хабарлайды. Хабарландырулар мына орындарда шығады:
•
Күй жолағы
•
Хабарландыру панелі
•
Құлыптау экраны
Хабарландыру панелін ашу немесе жабу үшін
1
Хабарландыру панелін ашу үшін күй жолағын төмен қарай сүйреңіз немесе жай оны екі
рет түртіңіз.
2
Хабарландыру панелін жабу үшін панельді жоғары қарай сүйреңіз немесе шертіңіз.
Хабарландыру панелін ашқаннан кейін «Жылдам параметрлер» панелін күй жолағын
қайтадан төмен қарай сүйреу арқылы ашуға болады.
Хабарландыру панеліндегі хабарландыруда әрекет ету үшін
•
Хабарландыруды түртіңіз.
Хабарландыру панелінде чат хабарларына немесе электрондық хабарларға тікелей
жауап беруге болады.
Хабарландыру панелінен хабарландыруды жою үшін
•
Хабарландыруды солға немесе оңға айналдырыңыз.
Кейбір хабарландыруларды жою мүмкін емес.
Хабарландырулардың параметрлерін өзгерту үшін бар болғаны хабарландыруды солға
немесе оңға баяу сүйреңіз, содан кейін белгішесін түртіңіз.
Хабарландыру панелінде хабарландыруды ұлғайту үшін
•
Қолданбаны ашусыз кеңейту және хабарландыру туралы қосымша ақпаратты көру үшін
хабарландыруды төмен қарай сүйреңіз.
Кейбір хабарландырулар ұлғайтылмайды.
Хабарландыру панелінен хабарландырулардың барлығын тазалау үшін
•
БАРЛЫҒЫН ТАЗАЛАУ пәрменін түртіңіз.
Құлыптау экранынан хабарландыруда әрекет ету
•
Хабарландыруды екі рет түртіңіз.
Құлыптау экранынан хабарландыруды алып тастау үшін
Құлыптау экранында барлық хабарландыруларды алыңыз. Бұл параметр қосулы
болса, қатысты қолданбаларды Қолданба хабар-лары параметрлер
мәзірінде Құпия мазмұнды жасыру ретінде белгілемесеңіз, бүкіл мазмұн
(соның ішінде, кіріс электрондық хабарлардың және чат хабарларының мазмұны)
құлыптау экранында көрінетінін есте сақтаңыз.
Бұл параметр қол жетімді болуы үшін экран құлпы ретінде орнатылған PIN,
кілтсөз немесе өрнек болуы керек. Мазмұн жасырылғанқұпия
хабарландырулар келген кезде құлыптау экранында көрсетіледі. Мысалы, кіріс
электрондық хат немесе чат хабарландыруын аласыз, бірақ мазмұн құлыптау
экранында көрінбейді.
Құлыптау экранында ешқандай хабарландырулар алмайсыз.
Құлыптау экранында көрсетілетін хабарландыруларды таңдау үшін
1
Негізгі экран ішінде белгішесін түртіңіз.
2
Параметрлер > Хабарландырулар тармағын тауып, түртіңіз.
3
белгішесін түртіңіз, содан кейін Құлып экранында тармағын түртіңіз.
4
Опцияны таңдаңыз.
Алып тастау үшін айналдырғанша хабарландыруларды құлыптау экранында ұстауға
болады. Бұл мүмкіндікті қосу үшін Құлыптау экран-да еск-лерді сақт. слайдерін түртіңіз.
Қолданбаның хабарландыру деңгейін орнату
Барлығына тыйым салу
Дыбыстар мен дірілдер
өшірулі
Тек басым кедергілер
Таңдалған қолданбадан барлық хабарландыруларға тыйым салу.
Дыбыстық және экрандық хабарландыруларға тыйым салу.
Тіпті «Мазаламау» режимі «Тек басым» мәніне орнатылса да, осы
қолданбадан хабарландырулар алу.
Қолданбаның хабарландыру деңгейін орнату үшін
1
Негізгі экран ішінде
2
Параметрлер > Хабарландырулар тармағын тауып, түртіңіз.
3
Керек қолданбаны таңдаңыз.
4
Хабарландыру параметрлерін қажетінше реттеу үшін слайдерлерді түртіңіз.
белгішесін түртіңіз.
Хабарландыру шамы
Хабарландыру шамы батарея күйі және кейбір басқа оқиғалар туралы хабарлайды. Мысалы,
жыпылықтаған ақ шам жаңа хабарды немесе қабылданбаған қоңырауды білдіреді.
Хабарландыру шамы әдепкісінше қосылған, біраққолмен ажыратылады.
Хабарландыру шамы өшірілген кезде, ол тек батарея күйі ескертуі болғанда жанады,
мысалы, батарея деңгейі 15 пайыздан төмен болғанда.
Параметрлер > Хабарландырулар > тармағын тауып, түртіңіз.
3
Функцияны қосу немесе өшіру үшін Импульстық ескерту жарығы жанындағы
слайдерді түртіңіз.
Күй тақтасындағы белгішелер
Күй белгішелері
SIM картасы жоқ
Сигнал күші
Сигнал жоқ
Роуминг
LTE деректерін жіберу және жүктеу
GPRS деректерін жіберу және жүктеу
EDGE деректерін жіберу және жүктеу
3G деректерін жіберу және жүктеу
HSPA+ деректерін жіберу және жүктеу
Мобильді деректер өшірілген
Wi-Fi байланысы қосылған және деректер тасымалданып жатыр
Wi-Fi байланысы қосылған, бірақ интернет байланысы жоқ.
Сондай-ақ, бұл белгіше қорғалған Wi-Fi желісіне қосылуға тырысқанда көрсетіледі.
Сәтті кіргеннен кейін леп белгісі жоғалады.
Google™ қызметтеріне сіздің аумақта тыйым салынған болса, құрылғы Wi-Fi желісіне
қосылып, интернет байланысы жұмыс істеп тұрғанда да деп белгісі көрсетілуі мүмкін.
Батарея күйі
Батарея зарядталып жатыр
Ұшақ режимі іске қосылған
Bluetooth® функциясы іске қосылған
Микрофон дыбысы өшірілген
Спикерфон қосулы
«Мазаламау» режимі іске қосылған
Діріл режимі
Оятар орнатылған
GPS іске қосылған
Синхрондау орындалуда
Кіруге немесе синхрондауға қатысты мәселе
Қызмет көрсетушісіне, желіге немесе аймаққа байланысты осы тізімдегі кейбір белгішелер
арқылы көрсетілетін функциялар немесе қызметтер қол жетімді болмайды.
Параметрлер > Дисплей > Жүйелік белгішелер тармағын тауып, түртіңіз.
3
Күй тақтасында көрсетілуі қажет жүйе белгішелерініңұяшығына белгі қойыңыз.
Хабарландыру белгішелері
Жаңа мәтіндік немесе мультимедиалық хабар
Ағымдағы қоңырау
Қабылданбаған қоңырау
Күтудегі қоңырау
Қоңырау бағытын өзгерту мүмкіндігі қосылған
Жаңа дауыстық пошта хабары
Жаңа электрондық хабар
Деректер жүктелуде
Деректер кері жүктелуде
Мобильді деректер өшірілген
Құрылғыны негізгі реттеуді орындау
Бағдарламалыққұрал жаңартуы қол жетімді
Жүйелік жаңартулар қол жетімді
Жүйелік жаңартулар жүктелуде
Жүктелген жүйелік жаңартуларды орнату үшін түртіңіз
STAMINA режимі іске қосылған
Ultra STAMINA режимі іске қосылған
Скриншот түсірілді
Hangouts™ қолданбасы арқылы достармен бейне чатпен сөйлесіңіз
Ән ойнап жатыр
Радио қосулы
Құрылғы компьютерге USB кабелі арқылы қосылған
Ішкі жад 75% толы — деректерді жад картасына тасымалдау үшін түртіңіз
Ескерту
Қосымша көрсетілмеген хабарландырулар
Құрылғыда көрсетілуі мүмкін белгішелердің кейбіреулері мұнда тізілмеген. Бұл тізім тек
анықтама ретінде берілген және өзгертулер ескертусіз енгізілуі мүмкін.
Қолданбаға хабарландырулар жіберуге тыйым салу үшін
1
Негізгі экранда
2
Параметрлер > Хабарландырулар тармағын тауып, түртіңіз.