Philips TAT8506WT/00, TAT8506BK/00 user manual [kz]

Құлаққап
8000 қатары
TAT8506
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2
Есту қауіпсіздігі 2 Жалпы ақпарат 2
Қораптағы заттар 3 Басқа құрылғылар 3 Шынымен сымсыз құлаққаптарды шолу 4
3 Іске кірісу 5
Батареяны зарядтау 5 Тағу əдісі 6 Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру 6 Құлаққаптарды басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру 7
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына жалғау 8 ANC функциясын басқару (шуды
белсенді басу) 8 Қуатты қосу/өшіру 9 Қоңырауларды жəне музыканы
басқару 9 Дауысты көмекші 9 Дауысты көмекші функциясын қолдану (Google қолданбасы арқылы) 9 Құлаққаптардың/зарядтау қорапшасының ЖШД индикаторының күйі 10
5 Құлаққаптарды бастапқы
қалпына келтіру 11
7 Құлақтандыру 12
Сəйкестік мəлімдемесі 12 Ескі өнімді жəне батареяны қоқысқа тастау 12 Ішкі батареяны шешіп алу 12 ЭМӨ талаптарына сəйкестік 13 Қоршаған ортаға қатысты ақпарат 13 Сəйкестік туралы құлақтандыру 13
8 Сауда белгілері 15
9 Жиі қойылатын сұрақтар 16
1 Маңызды
қауіпсіздік
Жалпы ақпарат
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау үшін:
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты
жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады.
Құлаққапты қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап қолдану немесе қолдануды уақытша тоқтату қажет.
• Құлаққаптардың жəне құлаққаптың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
• Құлаққапты екі құлақты да жауып қолданған дұрыс емес жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін орталарда музыкаға немесе телефон қоңырауларына назарыңызды бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
2 KZ
Сақ болыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды.
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды. (Тиісті өнімнің IP көрсеткішін қараңыз)
Құлаққапты суға салуға болмайды.Коннектор немесе ұя су болғанда құлаққапты
зарядтамаңыз.
Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе
абразивті заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен
немесе сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу керек.
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай батареяны немесе баламасын салыңыз.
Белгілі бір IP көрсеткішіне қол жеткізу үшін
зарядтау ұясының қақпағы жабық болуы тиіс.
Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау,
мыжу немесе кесу жарылысқа себеп болуы мүмкін.
Батарея температурасы өте жоғары жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық не газ шығуы мүмкін.
Батарея ауа қысымы өте төмен жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық не газ шығуы мүмкін.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен ылғалдығы
Температурасы -20°C (-4°F) жəне 50°C (122 °F) аралығындағы, салыстырмалы ылғалдық 90%-дан аспайтын жерде сақтау керек.
Температурасы 0°C (32°F) жəне 45°C (113 °F) аралығындағы, салыстырмалы ылғалдық 90%-дан аспайтын жерде қолдану керек.
Температура одан жоғары не төмен болған жағдайда батареяның қызмет ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
Батарея түрі сəйкес келмейтін басқа батареяға ауыстырылған кезде, құлаққаптарға жəне батареяға қатты зақым келуі мүмкін (мысалы, кейбір литий батарея түрлері).
2 Шынымен
сымсыз құлаққаптар
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/support. Осы шынымен сымсыз Philips құлаққаптарымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
• сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау
• сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару
• қоңыраулар мен музыка арасында ауысу
Қораптағы заттар
USB-C зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
Қысқаша нұсқаулық
Халықаралық кепілдік
Қауіпсіздік парақшасы
Шынымен сымсыз Philips TAT8506 құлаққаптары
Comply™ көбік саптамалары x 1 жұп
Силикон саптамалар x 6 жұп
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне құлаққаптармен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, планшет, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.).
3 KZ
Шынымен сымсыз құлаққаптарды шолу
Көп функциялы сенсор (MFT)
ЖШД индикаторы (BT арқылы жұптастыру жəне
зауыттық параметрлерді қалпына келтіру)
ЖШД индикаторы (құлаққаптар)
Bluetooth арқылы жұптастыру түймесі
ЖШД индикаторы (батарея күйі немесе
зарядтау күйі)
USB-C зарядтау ұясы
4 KZ
3 Іске кірісу
Ескертпе
Ақыл-кеңес
Ақыл-кеңес
Ақыл-кеңес
Батареяны зарядтау
Құлаққаптарды қолданудан бұрын, батарея
көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін оларды зарядтау қорапшасына салып, батареяны 2 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін
түпнұсқалы USB-C зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Зарядтаудан бұрын қоңырауды аяқтаңыз.
Құлаққаптар зарядтау үшін жалғаған кезде, олар өшіріледі.
Зарядтау қорапшасы
USB-C кабелінің бір жағын зарядтау қорапшасына, ал екінші жағын қуат көзіне жалғаңыз.
Зарядтау қорапшасы құлаққаптарды
зарядтауға арналған тасымалы қосалқы батарея рөлін атқарады. Зарядтау қорапшасы толығымен зарядталған кезде, ол құлаққаптарды 3 рет толығымен қайта зарядтай алады.
Əдетте USB кабелі арқылы толық зарядталуға
2 сағат кетеді (құлаққаптар немесе зарядтау қорапшасы үшін).
Сымсыз зарядтау
(Сымсыз зарядтағыш бірге берілмейді)
Зарядтау қорапшасында сымсыз зарядтау катушкасы бар. Батареяны сымсыз зарядтағышпен немесе сымсыз зарядтағыш ретінде жұмыс істейтін басқа құрылғымен зарядтауға болады.
Сақ болыңыз
Сымсыз зарядтауға қатысты сақтық шаралары Зарядтау қорапшасы мен сымсыз зарядтағыш
арасында металл заттар мен магниттер сияқты өткізгіш материалдар болса, зарядтау қорапшасын сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз.
Зарядтау қорапшасын жоғары температурадан
жəне су көздерінен аулақ ұстаңыз. Зарядтау кезінде қорапша жылуы мүмкін. Бұл — əдеттегі жағдай.
Батареяны сымсыз зарядтағышпен зарядтау.
• Құлаққаптарды зарядтау қорапшасына салыңыз
• Зарядтау қорапшасының қақпағын жабыңыз
• Зарядтау қорапшасын сымсыз зарядтағыштың ортасына орналастырыңыз
• Толық зарядтаған кезде, зарядтау қорапшасын сымсыз зарядтағыштан алыңыз
Құлаққаптар
Құлаққаптарды зарядтау қорапшасына салыңыз.
• Құлаққаптар зарядтала бастайды жəне көк ЖШД шамы жанады
• Құлаққаптар толығымен зарядталған кезде, көк шам сөнеді
Сымсыз зарядтаған жағдайда, толық
зарядталуға 4 сағат кетеді.
5 KZ
Loading...
+ 12 hidden pages