Philips TAT4556WT/00, TAT4556BK/00 user manual [kz]

Page 1
Құлаққаптар
4000 сериялары
TAT4556
ұлаққаптар
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге және қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Page 2
Мазмұны
1
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі 2 Жалпы ақпарат 2
2
Сіздің сымсыз құлаққаптарыңыз
Қораптағы заттар 3 Басқа құрылғылар 3 Сымсыз құлаққаптарды шолу 4
3 Бастау 5
Батареяны зарядтау 5 Құлаққа тағу тәсілі 5 Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру Құлаққаптарды басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру
7
4 Құлаққаптарды пайдалану 7
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына жалғау 7 ANC функциясын басқару (шуды белсенді басу) 8 Қуатты қосу/өшіру 8 Қоңыраулар мен музыканы басқару Дауыстық көмекші 9 Құлаққаптардың жарықдиодты индикаторының күйі 9 Зарядтау қорапшасының жарықдиодты индикаторының күйі
2
3
6
8
9
5 Құлаққаптарды бастапқы
қалпына келтіру 10
6 Техникалық деректер 10
7 Ескертпе 11
Сәйкестік декларациясы 11 Ескі өнімдер мен батареяны жою 11 Ішкі батареяны шешіп алу Электрмагниттік өріс сәйкестігі 12 Қоршаған ортаға қатысты ақпарат Сәйкестік жайлы ескертпе 12
11
12
8 Сауда белгілері 14
9
Жиі қойылатын сұрақтар 15
KK
Page 3
1 Маңызды
қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
• Есту қабілетінің зақымдануының алдын алу үшін құлаққаптарды жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану уақытын шектеңіз және дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі қатты болған сайын қауіпсіз түрде тыңдау уақыты қысқарақ болады.
Құлаққаптарды пайдаланған кезде, мына нұсқауларды орындаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Есту деңгейі бейімделу кезінде дыбысты үздіксіз жоғарылатпаңыз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
• Қауіп әкелуі мүмкін жағдайларда абай болыңыз немесе пайдалануды уақытша тоқтатыңыз.
• Құлаққаптардың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке алып келуі мүмкін.
• Көлік жүргізу кезінде екі құлаққапты бір уақытта пайдаланбаған жөн және де бұл әрекет кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
• Қауіпсіздігіңіз үшін жол қозғалысы кезінде немесе басқа қауіпті ортада музыка немесе телефон қоңырауларының алаңдатуынан аулақ болыңыз.
KK
Жалпы ақпарат
Зақым немесе ақаулықты болдырмау үшін:
Абайлаңыз
• Құлаққаптарға шамадан тыс жылудың әсер етуіне жол бермеңіз.
• Құлаққаптарды жерге құлатпаңыз.
• Құлаққаптарға сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға болмайды. (Тиісті өнімнің IP көрсеткішін қараңыз)
• Құлаққаптарды суға салуға болмайды.
• Ұяшық немесе розетка дымқыл болғанда құлаққаптарды зарядтамаңыз.
• Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе абразивті заттар бар тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
• Тазалау қажет болса, жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз, қажет болса, өнімді тазалау үшін ең аз мөлшерде сумен немесе сұйылтылған жұмсақ сабынмен сулаңыз.
• Кірістірілген батарея күн сәулесі, от немесе т.б. сияқты шамадан тыс қызуға ұшырамауы тиіс.
• Егер батарея дұрыс ауыстырылмаған болса, жарылу қаупі бар. Ауыстырған кезде, дәл сондай батареяны немесе баламасын салыңыз.
• Белгілі бір IP көрсеткішіне қол жеткізу үшін зарядтау ұясының қақпағы жабық болуы тиіс.
• Батареяны отқа немесе ыстық пешке лақтыру немесе батареяны механикалық түрде ұсақтау немесе кесу жарылысқа алып келуі мүмкін.
• Батареяны өте жоғары температурадағы ортада қалдыру жарылысқа немесе жанғыш сұйықтықтың немесе газдың ағып кетуіне алып келуі мүмкін.
• Батарея аса төмен ауа қысымына ұшыраған жағдайда бұл жарылысқа немесе жанғыш сұйықтықтың немесе газдың ағып кетуіне алып келуі мүмкін.
Қолдану және сақтау температуралары мен ылғалдығы
• Салыстырмалы ылғалдылығы 90%-ға дейін, температурасы -20°C (-4°F) және 50°C (122 °F) аралығындағы жерде сақтаңыз.
• Салыстырмалы ылғалдылығы 90%-ға дейін, температурасы 0°C (32°F) және 45°C (113 °F) аралығындағы жерде пайдаланыңыз.
• Температурасы жоғары не төмен жағдайларда пайдалану әрекеті батареяның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін.
• Батареяны дұрыс емес түрімен ауыстыру құлаққаптар мен батареяны қатты зақымдау қаупін тудырады (мысалы, кейбір литий батареялары түрлерінде).
Page 4
2 Сымсыз
құлаққаптар
Headphones
Series
CTN
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips әлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығынан пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome сайтына тіркеңіз. Осы Philips True сымсыз құлаққаптарымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
• сымсыз қоңырау шалу және қабылдау;
• сымсыз режимде музыка тыңдау және оны басқару;
• қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Қораптағы заттар
Қысқа пайдаланушы нұсқаулығы
Халықаралық кепілдік
Қауіпсіздік туралы лифлет
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын және құлаққаптармен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, планшет, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары және т.б).
Philips True сымсыз құлаққаптары Philips TAT4556
Алмастырылатын резеңке құлақ қойындылары x 3 жұп
USB-C зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
KK
Page 5
Сымсыз құлаққаптарды шолу
Жарық диодты индикатор
(құлаққаптар)
Көп функциялы сенсор (MFT) Микрофон Жарық диодты индикатор (зарядтау
қорапшасы)
USB-C зарядтау ұясы
KK
Page 6
Кеңес
3 Бастау
Ескертпе
Кеңес
Батареяны зарядтаңыз
• Құлаққаптарды пайдаланар бұрын, оларды зарядтау қорапшасына салып, батарея сыйымдылығы мен қызмет ету мерзімін оңтайлы етіп сақтау үшін батареяны 2 сағат зарядтаңыз.
• Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін тек түпнұсқалы USB-C зарядтау кабелін қолданыңыз.
• Зарядтаудан бұрын қоңырауды аяқтаңыз. Құлаққаптар зарядтау үшін жалғаған кезде, олар өшіріледі.
Құлаққаптар
Құлаққаптарды зарядтау қорапшасына салыңыз
• Құлаққаптар зарядтала бастайды және көк жарықдиодты шам жанады
• Құлаққаптар толығымен зарядталған кезде, қызыл шам сөнеді
Зарядтау қорапшасы
USB-C кабелінің бір жағын зарядтау қорапшасына, ал екінші жағын қуат көзіне қосыңыз.
• Зарядтау процесін алдыңғы панельдегі қызыл немесе ақ түсті жарықдиодты шамымен тексеруге болады.
• Зарядтау қорапшасы толығымен зарядталған кезде, жарықдиодты шам сөнеді.
• Зарядтау қорапшасы құлаққаптарды зарядтауға арналған портативті қосымша батарея рөлін атқарады. Зарядтау қорапшасы толықтай зарядталған кезде, ол құлаққаптарды толығымен 3 рет зарядтайды.
• Қалыпты жағдайда USB кабелі арқылы толық зарядтау 2 сағат алады (құлаққаптар мен зарядтау қорапшасы үшін)
Құлаққа тағу тәсілі
Оңтайлы тағу үшін үйлесімді саптамаларды таңдаңыз
Нық, мықтап тағылған кезде ең жоғары дыбыс сапасы және шуды басу деңгейі қамтамасыз етіледі.
Ең жақсы дыбыс сапасын және тағу
1
ыңғайлылығын қамтамасыз ететін саптаманы табу үшін сынап көріңіз.
3 алмастырылмалы құлақ
2
қойындысы қамтамасыз етіледі: үлкен, орташа және кішкентай.
KK
Page 7
L M S
Құлаққаптарды тығу
Құлаққаптардың сол немесе оң
1
бағдарын тексеріңіз.
Құлаққаптарды құлаққа тағыңыз да,
2
нық киілгенше ақырындап бұраңыз.
Екі құлаққапта да ақ жарықдиодты шам әр 1 мин сайын жырылықтайды. Құлаққаптар қазір жұптастыру режимінде және Bluetooth құрылғысымен (мысалы, мобильді телефон) жұптастыруға дайын.
Bluetooth құрылғыңыздың Bluetooth функциясын қосыңыз.
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен жұптастырыңыз. Bluetooth құрылғыңыздың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
• Қосылғаннан кейін құлаққаптар бұрын қосылған Bluetooth құрылғысын таба алмаса, ол автоматты түрде жұптастыру режиміне ауысады.
Келесі мысал құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен қалай жұптастыру керектігін көрсетеді.
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру
Құлаққаптар толығымен зарядталғанына және өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Зарядтау қорапшасының жоғарғы қақпағын ашыңыз да, құлаққаптарды алыңыз. Құлаққап автоматты түрде қосылады, жұптастыру үлгісіне кіреді және оң және сол құлаққаптар қосылады.
KK
Bluetooth құрылғыңыздың
1
Bluetooth функциясын қосыңыз да, Philips TAT4556 құрылғысын таңдаңыз.
Сұралған жағдайда «0000» (4
2
нөл) құлаққап құпиясөзін енгізіңіз. Bluetooth 3.0 немесе одан жоғары нұсқадағы құрылғылар үшін құпиясөзді енгізудің қажеті жоқ.
Philips TAT4556
Page 8
Ескертпе
Бір құлаққап (моно режимі)
Ескертпе
Моно режимде қолдану үшін оң немесе сол құлаққапты зарядтау қорапшасынан шығарыңыз. Құлаққап автоматты түрде қосылады.
• Екінші құлаққапты зарядтау қорапшасынан алыңыз, сонда олар бір-бірімен автоматты түрде жұптастырылады.
Құлаққаптарды басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру
Құлаққаптармен жұптастырғыңыз келетін басқа Bluetooth құрылғысы болса, бұрын жұптастырылған немесе қосылған кез келген басқа құрылғыларда Bluetooth функциясының өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. «Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру» тармағындағы қадамдарды орындаңыз.
• Құлаққаптар жадында 10 құрылғыны сақтайды. Егер 10-нан аса құрылғыны жұптастыруға әрекеттенсеңіз, ең ерте жұптастырылған құрылғы жаңасымен ауыстырылады.
4
Құлаққаптарды пайдалану
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына жалғау
Bluetooth құрылғыңыздың Bluetooth функциясын қосыңыз
Зарядтау қорапшасының жоғарғы қақпағын ашыңыз да, құлаққаптарды зарядтау қорапшасынан алыңыз.
Ақ жарықдиодты шам 1 секунд сайын жыпылықтайды
Құлаққаптар соңғы қосылған Bluetooth құрылғысын іздейді және оған автоматты түрде қайта қосылады. Егер соңғы қосылған құрылғы қолжетімсіз болса, құлаққаптар жұптастыру режиміне кіреді.
Кеңес
• Құлаққаптар бір уақытта бірнеше құрылғыға жалғана алмайды. Егер сізде жұптастырылған екі Bluetooth құрылғысы болса, қосқыңыз келетін құрылғының Bluetooth функциясын ғана қосыңыз.
• Құлаққаптарды қосқаннан кейін Bluetooth құрылғысының Bluetooth функциясын қоссаңыз, құрылғының Bluetooth мәзіріне өтіп, құлаққаптарды құрылғыға қолмен қосу керек.
Ескертпе
• Құлаққаптар 5 минут ішінде кез келген Bluetooth құрылғысына қосылмаса, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде өшеді.
• Кейбір Bluetooth құрылғыларында қосылым автоматты түрде болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда құрылғының Bluetooth мәзіріне өтіп, құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына қолмен қосу керек.
KK
Page 9
ANC функциясын басқару
Ескертпе
(шуды белсенді басу)
ANC функциясын қосу
Оң құлаққапты екі рет түрту арқылы әр түрлі ANC режимдерін ауыстырып қосуға болады.
• Құлаққаптар қосылған кезде ANC функциясы өшіріледі.
• MFT түймесін екі рет түртіңіз, сол кезде ANC функциясы қосылады.
• MFT түймесін қайтадан екі рет түртіңіз, сол кезде ол «Сыртқы шуды есту» режиміне ауысады.
• MFT түймесін қайтадан екі рет түртіңіз, сол кезде ANC функциясы өшеді.
Қуатты қосу/өшіру
Тапсырма
Құлаққаптард ы қосу
Құлаққаптард ы өшіру
Сенсор / түйме
Пайдалану
Құлаққаптар ды зарядтау қорапшасын ан алу
Құлаққаптар ды қайтадан зарядтау қорапшасын а салу
Қоңыраулар мен музыканы басқару
Музыканы басқару
ANC өшіру
• Құлаққаптарды шешкен кезде, автоматты түрде ұйқы режимі іске қосылады. Құлаққаптарды қайтадан таққан кезде, олар белсенді режимге оралады.
Тапсырма
ANC ҚОСУ Оң
«Сыртқы шуды есту» режимі
ANC ӨШІРУ
Жылдам сезу
«Сыртқы шуды
есту» режимі
ANC ҚОСУ
MFT
құлаққап
Оң құлаққап
Оң құлаққап
Сол құлаққап
Пайдалану
Екі рет түрту
Екі рет түрту
Екі рет түрту
Екі рет түрту
Тапсырма
Музыканы ойнату немесе кідірту
Алға өткізу Оң
Артқа өткізу Үш рет
Дыбыс деңгейін реттеу +/-
Қоңырауды басқару
Тапсырма
Тұтқаны көтеру/қоңыр ау кезінде қоңырау шалушыны ауыстыру
Тұтқаны қою/қоңырауд ы қабылдамау
Сенсорлық басқару
Оң құлаққап
құлаққап Сол
құлаққап
Сенсорлық басқару
Оң құлаққап
Оң құлаққап
Пайдалану
Дыбыстық сигнал шыққанша 1 секунд ұстап тұру
Үш рет түрту
түрту
Мобильді телефон арқылы басқару
Пайдалану
Екі рет түрту
1 секунд басып тұрып, жіберу
KK
Page 10
Кеңес
Дауыстық көмекші
Тапсырма
Дауысты көмекшіні (Siri/Google) іске қосу
Түйме
Сол құлаққап
Пайдалану
Түртіп, 2 секунд ұстап тұру, содан кейін жіберу
Зарядтау қорапшасының жарықдиодты шамы индикаторының күйі
Зарядтау қорапшасының жарықдиодты шамы (USB қосулы)
Индикатор
Дауысты көмекшіні тоқтату
Сол құлаққап
Бір рет түрту
Құлаққаптардың жарықдиодты индикаторының күйі
Құлаққаптардың күйі
Құлаққаптар Bluetooth құрылғысына жалғанып тұр
Құлаққаптар жұптастыруға дайын
Құлаққаптар қосылып тұр, бірақ ешқандай Bluetooth құрылғысына жалғанып тұрған жоқ
Батарея заряды аз (құлаққаптар)
Батарея толық зарядталған (құлаққаптар)
Индикатор
Ақ жарықдиодты шам 5 секунд сайын жыпылықтайды
Ақ жарықдиодты шам 1 секунд сайын жыпылықтайды
Ақ жарықдиодты шам 1 секунд сайын жыпылықтайды
Қызыл жарық диодты шам 2 рет жыпылықтағанна н кейін, ол әрбір 5 секунд сайын жыпылықтайды
Қызыл жарықдиодты шам өшірулі
Қызыл ШАМ
Ақ ШАМ
ШАМ өшірулі
Зарядтау қорапшасының жарықдиодты шамы (USB өшірулі)
• USB кабелі зарядтау қорапшасына қосылмаған кезде зарядтау қорапшасы ашылса, жарық диоды шам 5 секунд бойы жанады.
Индикатор
Ақ ШАМ (5 сек)
Қызыл ШАМ (5 сек)
KK
Page 11
5
Құлаққаптарды
6 Техникалық
бастапқы қалпына келтіру
Жұптастыру немесе қосылу кезінде мәселеге тап болсаңыз, құлаққаптарды зауыттық әдепкі мәнге қайтару үшін келесі әрекеттерді орындауға болады.
Bluetooth құрылғысында Bluetooth
1
мәзіріне өтіп, Philips TAT4556 құрылғысын құрылғылар тізімінен алып тастаңыз.
Bluetooth құрылғыңыздың Bluetooth
2
функциясын өшіріңіз.
3
Құлаққаптар зарядтау қорапшасында болғанда, екі құлаққапта да көп функциялы түртуді кемінде 8 секунд басып тұрыңыз.
Құлаққаптарды Bluetooth
4
құрылғысымен жұптастыру үшін құлаққаптарды зарядтау қорабынан шығарып, қосыңыз. Bluetooth құрылғыңыздың Bluetooth функциясын қосыңыз да, Philips TAT4556 құрылғысын таңдаңыз.
деректер
• Музыка ойнату уақыты (ANC қосулы): 6 + 15 сағат
• Музыка ойнату уақыты (ANC өшірулі): 9 + 20 сағат
• Күту режиміндегі жұмыс уақыты: 80 сағат
• Зарядтау уақыты: 2 сағат
• Әр құлаққапта 55 мА•сағ литий-ион батареясы, зарядтау қорапшасында 500 мА•сағ литий-ион батареясы
• Bluetooth нұсқасы: 5.2
• Үйлесімді Bluetooth профильдері
HFP (хендсфри профилі)
A2DP (жетілдірілген аудио
тарату профилі)
AVRCP (аудио мен бейнені
қашықтан басқару профилі)
• Қолдау көрсетілетін аудио кодектер: AAC, SBC Жиілік ауқымы: 2,402–2,480 ГГц
• Таратқыштың қуаты: < 11 дБм
• Жұмыс істеу ауқымы: 10 метрге дейін (33 фут)
• Автоматты түрде қуатты өшіру
• Зарядтауға арналған USB-C порты
• Батарея төмендігі туралы ескерту: қолжетімді
KK
Ескертпе
• Техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Page 12
7 Ескертпе
Сәйкестік декларациясы
Келесі арқылы, MMD Hong Kong Holding Limited бұл өнім 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына және басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік декларациясын мына сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com.
Ескі өнімдер мен батареяны жою
Сіздің өніміңіз қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен құрамдастардан әзірленгеніп, жасалған.
Өнім бетіндегі бұл таңба оның 2012/19/EU Еуропалық директивасымен қамтылғандығын білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропалық директивасымен қамтылған, кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтын кірістірілген қайта зарядталатын батарея бар екенін білдіреді. Қайта зарядталатын батареяны кәсіби түрде шығарып алу үшін өнімді ресми қабылдау орнына немесе Philips қызмет көрсету орталығына апаруға кеңес береміз. Электрлік және электронды өнімдер мен қайта зарядталатын батареяларды жергілікті бөлек жинау жүйесі туралы өзіңіз хабарлаңыз. Жергілікті ережелерді сақтаңыз, сондай-ақ өнімді және қайта зарядталатын батареяларды кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі өнімдер мен қайта зарядталатын батареяларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсер етудің алдын алуға көмектеседі.
Ішкі батареяны шешіп алу
Еліңізде электронды өнімдерді жинау/қайта өңдеу жүйесі болмаса, құлаққаптарды тастамас бұрын батареяны шығарып, қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаны қорғай аласыз.
• Батареяны шығармас бұрын құлаққаптардың зарядтау қорапшасынан ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Батареяны шығармас бұрын зарядтау қорапшасы USB зарядтау кабелінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
KK
Page 13
Электрмагниттік өріс сәйкестігі
Бұл өнім электромагниттік өрістердің әсеріне қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Барлық қажетсіз қаптамалар алынып тасталды. Біз қаптаманы үш материалға оңай бөлуге тырыстық: картон (қорап), пенополистирол (буфер) және полиэтилен (сөмкелер, қорғаныш көбік парағы). Сіздің жүйеңізді мамандандырылған компания бөлшектеген жағдайда, ол қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Қаптама материалдарын, ескірген батареяларды және ескі жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Сәйкестік жайлы ескертпе
Құрылғы FCC ережелеріне (15-бөлім) сәйкес келеді. Пайдалану үшін төмендегі екі талап орындалуы тиіс:
1. Осы құрылғы кедергі жасамауы тиіс және
2. Бұл құрылғы кез келген алынған кедергілерді, соның ішінде қажетсіз жұмысты тудыруы мүмкін кедергілерді қабылдауы тиіс.
FCC ережелері
Бұл жабдық сыналған және FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес B класындағы цифрлық құрылғының шектеулеріне сәйкес екені анықталды. Бұл шектеулер тұрғын үй қондырғысында зиянды кедергілерден лайықты қорғауды қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл жабдық
радиожиілік энергиясын құрады, пайдаланады және шығара алады және нұсқаулыққа сәйкес орнатылмаса және пайдаланылмаса, радиобайланысқа зиянды кедергілер тудыруы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір орнату кезінде кедергі болмайтынына кепілдік жоқ. Егер бұл жабдық радио немесе теледидар қабылдауына зиянды кедергі тудырса, оны жабдықты өшіру және қосу арқылы анықтауға болады, пайдаланушыға келесі шаралардың бірі немесе бірнешеуімен кедергіні түзетуге тырысу ұсынылады:
• Қабылдағыш антеннаның бағдарын өзгерту немесе оны басқа жерге қою
• Жабдық пен қабылдағыш арасындағы қашықтықты арттыру
• Жабдықты қабылдағыш қосылғаннан басқа тізбектегі розеткаға қосыңыз
• Дилерге немесе тәжірибелі радио/теледидар маманына хабарласып, көмек сұрау
FCC радиациялық әсер туралы мәлімдеме:
Бұл жабдық бақыланбайтын орта үшін белгіленген FCC сәулелену әсерінің шектеріне сәйкес келеді. Бұл таратқышты басқа антеннамен немесе таратқышпен бірге орналастыруға немесе бірге пайдалануға болмайды.
Абайлаңыз: Сәйкестікке жауапты тарап тікелей мақұлдамаған өзгертулер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін екені ескертіледі.
Канада:
Бұл құрылғыда Канаданың инновация, ғылым және экономикалық даму RSS сипаттамаларына сәйкес лицензиядан босатылған таратқыш(тар)/қабылдағыш(тар) бар. Пайдалану үшін төмендегі екі талап орындалуы тиіс: (1) Осы құрылғы
KK
Page 14
кедергі жасамауы тиіс. (2) Бұл құрылғы кез келген кедергіні, соның ішінде құрылғының қалаусыз жұмысын тудыруы мүмкін кедергілерді қабылдауы керек.
L’émetteur/récepteur exempt de licence contenu dans le présent appareil est conforme aux CNR d’Innovation, Sciences et Développement économique Canada applicables aux appareils radio exempts de licence. L’exploitation est autorisée aux deux conditions suivantes : (1) L’appareil ne doit pas produire de brouillage; (2) L’appareil doit accepter tout brouillage radioélectrique subi, même si le brouillage est susceptible d’en compromettre le fonctionnement. CAN ICES-3(B)/NMB-3(B)
IC радиациялық әсер туралы мәлімдеме:
Бұл жабдық бақыланбайтын орталар үшін белгіленген Канаданың радиациялық әсер ету шектеріне сәйкес келеді. Бұл таратқышты басқа антеннамен немесе таратқышпен бірге орналастыруға немесе бірге пайдалануға болмайды.
KK
Page 15
8 Сауда
белгілері
Bluetooth
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері Bluetooth SIG, Inc. компаниясына тиесілі тіркелген сауда белгілері және мұндай белгілерді MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Басқа сауда белгілері мен сауда атаулары олардың тиісті иелеріне тиесілі.
Siri
Siri — Apple Inc. компаниясының АҚШ-та және басқа елдерде тіркелген сауда белгісі.
Google
Google және Google Play — Google LLC компаниясының сауда белгілері.
KK
Page 16
9 Жиі
қойылатын сұрақтар
Bluetooth құлаққаптары қосылмайды.
Батарея деңгейі төмен. Құлаққаптарды зарядтаңыз.
Bluetooth құлаққаптарын Bluetooth құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес.
Bluetooth өшірулі. Bluetooth құрылғысында Bluetooth функциясын қосыңыз және құлаққаптарды қоспас бұрын, Bluetooth құрылғысын қосыңыз.
Жұптастыру жұмыс істемейді.
• Құлаққаптардың екеуін де зарядтау қорапшасына салыңыз.
• Бұрын қосылған кез келген Bluetooth құрылғыларының Bluetooth функциясын өшіргеніңізге көз жеткізіңіз.
• Bluetooth құрылғысында Bluetooth тізімінен «Philips TAT4556» құрылғысын жойыңыз.
• Құлаққаптарды жұптастырыңыз (6 бетте «Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру» бөлімін қараңыз)
Bluetooth құрылғысы құлаққаптарды таппайды.
• Құлаққаптар одан бұрын жұптастырылған құрылғыға жалғанып тұруы мүмкін. Жалғанған құрылғыны өшіріңіз немесе оны ауқымнан шығарыңыз.
• Жұптастыру қалпына келтірілген немесе құлаққаптар бұрын басқа құрылғымен жұптастырылған болуы мүмкін. Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен қайта жұптастырыңыз. (6 бетте «Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру» бөлімін қараңыз)
Менің Bluetooth құлаққаптарым Bluetooth стерео қосылған ұялы телефонға қосылған, бірақ музыка тек ұялы телефон динамигінде ойнайды.
Мобильді телефоныңыздың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Музыканы құлаққаптар арқылы тыңдау үшін таңдаңыз.
Аудио сапасы нашар және шыртылдаған шу естіледі.
• Bluetooth құрылғысы ауқымнан тыс. Құлаққаптар мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтықты азайтыңыз немесе олардың арасындағы кедергілерді алып тастаңыз.
• Құлаққаптарды зарядтаңыз.
Ұялы телефоннан стриминг жасау кезінде дыбыс сапасы нашар, өте баяу немесе стриминг мүлдем жұмыс істемейді.
Ұялы телефоныңыздың (моно) HFP профилін ғана емес, сонымен қатар A2DP профилін де қолдайтынын және BT4.0x (немесе одан жоғары) үйлесімді екенін тексеріңіз (10-беттегі «Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
KK
Page 17
2021 © MMD Hong Kong Holding Limited. Барлық құқықтар қорғалған. Техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Philips және Philips Shield эмблемасы Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері және лицензия бойынша пайдаланылады. Бұл өнімді MMD Hong Kong Holding Limited немесе оның еншілес компанияларының бірі өндірген және оның жауапкершілігімен сатылады және MMD Hong Kong Holding Limited осы өнімге қатысты кепілгер болып табылады. Барлық басқа компания және өнім атаулары олар байланыстырылған сәйкес компаниялардың сауда белгілері болуы мүмкін.
Үлгісі: TAT4556
UM_TAT4556_00_KK_V1.0
Loading...