Philips TAT4556WT/00, TAT4556BK/00 user manual [kz]

Құлаққаптар
4000 сериялары
TAT4556
ұлаққаптар
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге және қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі 2 Жалпы ақпарат 2
2
Сіздің сымсыз құлаққаптарыңыз
Қораптағы заттар 3 Басқа құрылғылар 3 Сымсыз құлаққаптарды шолу 4
3 Бастау 5
Батареяны зарядтау 5 Құлаққа тағу тәсілі 5 Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру Құлаққаптарды басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру
7
4 Құлаққаптарды пайдалану 7
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына жалғау 7 ANC функциясын басқару (шуды белсенді басу) 8 Қуатты қосу/өшіру 8 Қоңыраулар мен музыканы басқару Дауыстық көмекші 9 Құлаққаптардың жарықдиодты индикаторының күйі 9 Зарядтау қорапшасының жарықдиодты индикаторының күйі
2
3
6
8
9
5 Құлаққаптарды бастапқы
қалпына келтіру 10
6 Техникалық деректер 10
7 Ескертпе 11
Сәйкестік декларациясы 11 Ескі өнімдер мен батареяны жою 11 Ішкі батареяны шешіп алу Электрмагниттік өріс сәйкестігі 12 Қоршаған ортаға қатысты ақпарат Сәйкестік жайлы ескертпе 12
11
12
8 Сауда белгілері 14
9
Жиі қойылатын сұрақтар 15
KK
1 Маңызды
қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
• Есту қабілетінің зақымдануының алдын алу үшін құлаққаптарды жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану уақытын шектеңіз және дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі қатты болған сайын қауіпсіз түрде тыңдау уақыты қысқарақ болады.
Құлаққаптарды пайдаланған кезде, мына нұсқауларды орындаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Есту деңгейі бейімделу кезінде дыбысты үздіксіз жоғарылатпаңыз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
• Қауіп әкелуі мүмкін жағдайларда абай болыңыз немесе пайдалануды уақытша тоқтатыңыз.
• Құлаққаптардың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке алып келуі мүмкін.
• Көлік жүргізу кезінде екі құлаққапты бір уақытта пайдаланбаған жөн және де бұл әрекет кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
• Қауіпсіздігіңіз үшін жол қозғалысы кезінде немесе басқа қауіпті ортада музыка немесе телефон қоңырауларының алаңдатуынан аулақ болыңыз.
KK
Жалпы ақпарат
Зақым немесе ақаулықты болдырмау үшін:
Абайлаңыз
• Құлаққаптарға шамадан тыс жылудың әсер етуіне жол бермеңіз.
• Құлаққаптарды жерге құлатпаңыз.
• Құлаққаптарға сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға болмайды. (Тиісті өнімнің IP көрсеткішін қараңыз)
• Құлаққаптарды суға салуға болмайды.
• Ұяшық немесе розетка дымқыл болғанда құлаққаптарды зарядтамаңыз.
• Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе абразивті заттар бар тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
• Тазалау қажет болса, жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз, қажет болса, өнімді тазалау үшін ең аз мөлшерде сумен немесе сұйылтылған жұмсақ сабынмен сулаңыз.
• Кірістірілген батарея күн сәулесі, от немесе т.б. сияқты шамадан тыс қызуға ұшырамауы тиіс.
• Егер батарея дұрыс ауыстырылмаған болса, жарылу қаупі бар. Ауыстырған кезде, дәл сондай батареяны немесе баламасын салыңыз.
• Белгілі бір IP көрсеткішіне қол жеткізу үшін зарядтау ұясының қақпағы жабық болуы тиіс.
• Батареяны отқа немесе ыстық пешке лақтыру немесе батареяны механикалық түрде ұсақтау немесе кесу жарылысқа алып келуі мүмкін.
• Батареяны өте жоғары температурадағы ортада қалдыру жарылысқа немесе жанғыш сұйықтықтың немесе газдың ағып кетуіне алып келуі мүмкін.
• Батарея аса төмен ауа қысымына ұшыраған жағдайда бұл жарылысқа немесе жанғыш сұйықтықтың немесе газдың ағып кетуіне алып келуі мүмкін.
Қолдану және сақтау температуралары мен ылғалдығы
• Салыстырмалы ылғалдылығы 90%-ға дейін, температурасы -20°C (-4°F) және 50°C (122 °F) аралығындағы жерде сақтаңыз.
• Салыстырмалы ылғалдылығы 90%-ға дейін, температурасы 0°C (32°F) және 45°C (113 °F) аралығындағы жерде пайдаланыңыз.
• Температурасы жоғары не төмен жағдайларда пайдалану әрекеті батареяның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін.
• Батареяны дұрыс емес түрімен ауыстыру құлаққаптар мен батареяны қатты зақымдау қаупін тудырады (мысалы, кейбір литий батареялары түрлерінде).
2 Сымсыз
құлаққаптар
Headphones
Series
CTN
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips әлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығынан пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome сайтына тіркеңіз. Осы Philips True сымсыз құлаққаптарымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
• сымсыз қоңырау шалу және қабылдау;
• сымсыз режимде музыка тыңдау және оны басқару;
• қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Қораптағы заттар
Қысқа пайдаланушы нұсқаулығы
Халықаралық кепілдік
Қауіпсіздік туралы лифлет
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын және құлаққаптармен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, планшет, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары және т.б).
Philips True сымсыз құлаққаптары Philips TAT4556
Алмастырылатын резеңке құлақ қойындылары x 3 жұп
USB-C зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
KK
Сымсыз құлаққаптарды шолу
Жарық диодты индикатор
(құлаққаптар)
Көп функциялы сенсор (MFT) Микрофон Жарық диодты индикатор (зарядтау
қорапшасы)
USB-C зарядтау ұясы
KK
Кеңес
3 Бастау
Ескертпе
Кеңес
Батареяны зарядтаңыз
• Құлаққаптарды пайдаланар бұрын, оларды зарядтау қорапшасына салып, батарея сыйымдылығы мен қызмет ету мерзімін оңтайлы етіп сақтау үшін батареяны 2 сағат зарядтаңыз.
• Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін тек түпнұсқалы USB-C зарядтау кабелін қолданыңыз.
• Зарядтаудан бұрын қоңырауды аяқтаңыз. Құлаққаптар зарядтау үшін жалғаған кезде, олар өшіріледі.
Құлаққаптар
Құлаққаптарды зарядтау қорапшасына салыңыз
• Құлаққаптар зарядтала бастайды және көк жарықдиодты шам жанады
• Құлаққаптар толығымен зарядталған кезде, қызыл шам сөнеді
Зарядтау қорапшасы
USB-C кабелінің бір жағын зарядтау қорапшасына, ал екінші жағын қуат көзіне қосыңыз.
• Зарядтау процесін алдыңғы панельдегі қызыл немесе ақ түсті жарықдиодты шамымен тексеруге болады.
• Зарядтау қорапшасы толығымен зарядталған кезде, жарықдиодты шам сөнеді.
• Зарядтау қорапшасы құлаққаптарды зарядтауға арналған портативті қосымша батарея рөлін атқарады. Зарядтау қорапшасы толықтай зарядталған кезде, ол құлаққаптарды толығымен 3 рет зарядтайды.
• Қалыпты жағдайда USB кабелі арқылы толық зарядтау 2 сағат алады (құлаққаптар мен зарядтау қорапшасы үшін)
Құлаққа тағу тәсілі
Оңтайлы тағу үшін үйлесімді саптамаларды таңдаңыз
Нық, мықтап тағылған кезде ең жоғары дыбыс сапасы және шуды басу деңгейі қамтамасыз етіледі.
Ең жақсы дыбыс сапасын және тағу
1
ыңғайлылығын қамтамасыз ететін саптаманы табу үшін сынап көріңіз.
3 алмастырылмалы құлақ
2
қойындысы қамтамасыз етіледі: үлкен, орташа және кішкентай.
KK
Loading...
+ 11 hidden pages