Сəйкестік мəлімдемесі 11
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 11
Ішкі батареяны шешіп алу 11
ЭМӨ талаптарына сəйкестік 12
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Сəйкестік туралы құлақтандыру 12
12
KZ 1
1 Маңызды
қауіпсіздік
Жалпы ақпарат
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау
үшін:
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары
дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне
дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс
деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты
соғұрлым қысқа болады.
Құлаққаптарды қолданған кезде, мына
нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан
аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс
деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін
жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап
қолдану немесе қолдануды уақытша
тоқтату қажет.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс
қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі
құлақты да жауып қолданған дұрыс емес
жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы
мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін
жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін
орталарда музыкаға немесе телефон
қоңырауларына назарыңызды бөліп
жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Сақ болыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.
Құлаққаптарға сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға
болмайды.
Құлаққапты суға салуға болмайды.
Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе абразивті
заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен немесе
сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана
суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған ұқсас
шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік
бермеу керек.
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай батареяны
немесе баламасын салыңыз.
Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау, мыжу
немесе кесу жарылысқа себеп болуы мүмкін;
Батарея температурасы өте жоғары жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық
не газ шығуы мүмкін;
Батарея ауа қысымы өте төмен жерде қалдырылса, ол
жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық не газ шығуы
мүмкін.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен
ылғалдығы туралы мəлімет
• Температурасы -20°C (-4°F) жəне 50°C
(122 °F) аралығындағы (салыстырмалы
ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде
сақтау керек.
• Температурасы 0°C (32°F) жəне 45°C
(113 °F) аралығындағы (салыстырмалы
ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде
қолдану керек.
• Температура одан жоғары не төмен
болған жағдайда батареяның қызмет ету
мерзімі қысқаруы мүмкін.
• Батареяны сақтық құралын бұзып өтуі
мүмкін батарея түрімен ауыстыру
(мысалы, кейбір литий батарея түрлері);
2 KZ
2 Шынымен
сымсыз
құлаққап
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips
əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толығымен пайдалану үшін
өніміңізді мына сайтта тіркеңіз:
www.philips.com/support.
Осы шынымен сымсыз Philips құлаққабымен
мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне
құлаққаптармен үйлесімді мобильді телефон
немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, планшет,
Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары,
т.б.) (10-беттегі «Техникалық деректер»
бөлімін қараңыз).
Шынымен сымсыз Philips TAT3216 құлаққабы
Алмастырылатын резеңке саптамалар x 3 жұп
USB-C зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
KZ 3
Шынымен сымсыз
құлаққапты шолу
6
1. Сенсорлық панель
2. ЖШД индикаторы (құлаққап)
3. ЖШД индикаторы (зарядтау қабы)
4. Көп функциялы түйме
5. ЖШД индикаторы
6. Type-C зарядтау ұясы
4 KZ
3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Ескертпе
Құлаққаптарды алғаш рет қолданудан бұрын, батарея
көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін
құлаққаптарды зарядтау қорапшасына салып,
батареяны 2 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін түпнұсқалы
USB-C зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Құлаққаптарды зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлаққаптарды зарядтау үшін
жалғаған кезде, олар өшіріледі.
Ақыл-кеңес
Зарядтау қорапшасы құлаққаптарды зарядтауға
арналған тасымалы қосалқы батарея рөлін атқарады.
Зарядтау қорапшасы толығымен зарядталған кезде, ол
құлаққаптарды 3 рет толығымен қайта зарядтай алады.
Əдетте USB кабелі арқылы толық зарядталуға 2 сағат
кетеді (құлаққаптар немесе зарядтау қорапшасы үшін).
Құлаққаптардың батарея заряды тым аз болғанда,
ұлаққаптардың шамы ашық сары түспен жыпылықтайды
қ
Құлаққапты Bluetooth
құрылғысымен алғаш рет
жұптастыру
Зарядтау
Құлаққапты зарядтау қабына салып, зарядтау
қабының қақпағын жабыңыз.
USB кабелінің бір жағын зарядтау қорапшасына,
ал екінші жағын қуат көзіне жалғаңыз.
Зарядтай бастау.
• Зарядтау процесінің орындалып жатқанын
артқы панельдегі ЖШД шамымен
тексеруге болады.
• Зарядтау қорапшасы толығымен
зарядталған кезде, шам сөнеді.
• Зарядтау қорапшасы 36–99%-ға
зарядталған кезде, ақ шам жанып тұрады.
• Зарядтау қорапшасы 0–35%-ға
зарядталған кезде, ашық сары шам жанып
тұрады.
Құлаққаптар толығымен зарядталғанына
жəне өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Зарядтау қорапшасының қақпағын
ашыңыз. Құлаққаптар автоматты түрде
қосылып, жұптастыру режиміне өтеді де,
оң жəне сол құлаққап жалғанады.
Екі құлаққаптағы шамдар жыпылықтап
тұр (ақ жəне көк)
Құлаққаптар осы кезде жұптастыру
режиміне өтіп, Bluetooth құрылғысымен
(мысалы, мобильді телефонмен)
жұптастырылуға дайын тұрады.
Bluetooth құрылғысының Bluetooth
функциясын қосыңыз.
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен
жұптастырыңыз. Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
Қуаты қосылғаннан кейін құлаққаптар бұрын
жалғанған ешбір Bluetooth құрылғысын таба алмаса,
олар автоматты түрде жұптастыру режиміне өтеді.
KZ 5
Loading...
+ 11 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.