Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2
Есту қауіпсіздігі 2
Жалпы ақпарат 2
2 Сымсыз Bluetooth гарнитурасы 3
Қораптағы заттар 3
Басқа құрылғылар 3
Сымсыз Bluetooth гарнитурасын шолу 4
3 Іске кірісу 5
Батареяны зарядтау 5
Гарнитураны
Bluetooth құрылғысымен алғаш
рет жұптастыру 6
Гарнитураны басқа Bluetooth
құрылғысымен жұптастыру 6
4 Гарнитураны қолдану 7
Гарнитураны Bluetooth
құрылғысына қайта жалғау 7
Қуатты қосу/өшіру 7
Қоңырауларды жəне музыканы басқару 7
ЖШД индикаторының күйі 8
Тағу əдісі 8
5 Гарнитураның зауыттық
параметрлерін қалпына келтіру 9
6 Техникалық деректер10
7 Хабарландыру 11
Сəйкестік мəлімдемесі 11
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 11
ЭМӨ талаптарына сəйкестік 12
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат 12
Сəйкестік туралы хабарландыру 12
8 Сауда белгілері 13
9 Жиі қойылатын сұрақтар 14
KZ
1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
•
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін гарнитураны
жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын
шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге
орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары
болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа
болады.
Гарнитураны қолданған кезде,
мына нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан
аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс
деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап
қолдану немесе қолдануды уақытша
тоқтату қажет.
• Гарнитураның шамадан тыс дыбыс
қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, гарнитураны екі
құлақты да жауып қолданған дұрыс емес
жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы
мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін
жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін
орталарда музыкаға немесе телефон
қоңырауларына назарыңызды бөліп
жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Зақым келмеуі немесе істен шығарып
алмау үшін:
Сақ болыңыз
• Гарнитураға шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды.
• Гарнитураны жерге түсіріп алмау керек.
• Гарнитураға сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
• Гарнитураны суға салуға болмайды.
• Құрамында спирт, аммиак, бензол , немесе
абразивті заттар бар тазартқыш заттарды
қолдануға болмайды.
• Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен
немесе сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен
аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
• Ішкі батареяға күн сəулесі. от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне
мүмкіндік бермеу керек.
• Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай
батареяны немесе баламасын салыңыз.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен
ылғалдығы туралы мəлімет
• Сақтау температурасы -10…65 °C
аралығында болуы тиіс. Қолдану
температурасы — 45°C (макс.)
(салыстырмалы ылғалдық 90%-дан
аспауы тиіс).
• Температура одан жоғары не төмен
болған жағдайда батареяның қызмет ету
мерзімі қысқаруы мүмкін.
KZ
2 Сымсыз
Bluetooth
гарнитурасы
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips
əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді
мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/welcome.
Осы сымсыз Philips гарнитурасымен мына
мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
USB Type-C зарядтау кабелі (тек
зарядтауға арналған)
Қысқаша нұсқаулық
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне
гарнитурамен үйлесімді мобильді телефон
немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, Bluetooth
адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.)
(10-беттегі «Техникалық деректер» бөлімін
қараңыз).
Зарядтау қабы
KZ
Сымсыз Bluetooth
гарнитурасын шолу
1. Микрофон
2. Көп функциялы түймелер
3. ЖШД индикаторы (гарнитура)
4. USB-C зарядтау ұясы
5. ЖШД индикаторы (зарядтау қабы)
KZ
3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Ескертпе
• Гарнитураны алғаш рет қолданудан бұрын,
батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі
оңтайлы болуы үшін гарнитураны зарядтау
қабына салып, батареяны 2 сағат зарядтаңыз.
• Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін
түпнұсқалы USB зарядтау кабелін ғана
қолданыңыз.
• Гарнитураны зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі гарнитураны зарядтау үшін
жалғаған кезде, ол өшіріледі.
Зарядтау қабы
USB кабелінің бір жағын зарядтау қабына,
ал екінші жағын қуат көзіне жалғаңыз.
Зарядтау қабы зарядтала бастайды.
• Зарядтау процесінің орындалып жатқанын
алдыңғы панельдегі көк ЖШД шамымен
тексеруге болады.
• Зарядтау қабы толығымен зарядталған
кезде, көк шам жанады.
• Зарядтау процесінің орындалып
жатқанын құлаққаптардағы ақ ЖШД
шамдарымен тексеруге болады.
• Гарнитура толығымен зарядталған
кезде, ақ шам сөнеді.
Ақыл-кеңес
• Əдетте толық зарядталуға 2 сағат кетеді
(гарнитура немесе зарядтау қабы үшін).
Гарнитураны Bluetooth
құрылғысымен алғаш рет
жұптастыру
Гарнитура толығымен зарядталғанына
көз жеткізіңіз.
Гарнитураларды зарядтау қабынан
шығарыңыз, сол кезде гарнитура
автоматты түрде қосылып, жұптастыру
режиміне өтеді де, оң жəне сол
гарнитура жалғанады.
Ақыл-кеңес
• Зарядтау қабы гарнитураны зарядтауға
арналған тасымалы қосалқы батарея рөлін
атқарады. Зарядтау қабы толығымен
зарядталған кезде, ол гарнитураны 3 рет
толығымен қайта зарядтай алады.
Гарнитура
Гарнитураны зарядтау қабына салыңыз.
Гарнитура зарядтала бастайды.
«Power on» (қосылу) жəне «Pairing»
(жұптастыру) деген дауыстық
хабарламалар естіледі. Одан кейін
бір-біріне жұптастырған кезде, оң
гарнитурадан «Right channel» (оң
арна), ал сол гарнитурадан «Left
channel» (сол арна) деген дауыстық
хабарлама естіледі.
KZ
Loading...
+ 11 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.