
Құлаққап
2000 қатары
TAT2236
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support

Мазмұны
1
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі 2
Жалпы ақпарат 2
2
Шын
ымен сымсыз құлаққап 3
Қораптағы заттар 3
Басқа құрылғылар 3
Шынымен сымсыз құлаққапты шолу
3 Іске кірісу 5
Батареяны зарядтау 5
Құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысымен алғаш рет
жұптастыру 5
Құлаққаптарды басқа Bluetooth
құрылғысымен жұптастыру 6
4 Құлаққапты қолдану 7
Құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысына жалғау 7
Қуатты қосу/өшіру 7
Қоңырауларды жəне
музыканы басқару 7
ЖШД индикаторының күйі 8
Дауысты көмекші 8
2
4
5 Құлаққаптарды бастапқы
қалпына келтіру 9
6 Техникалық деректер 10
7 Құлақтандыру 11
Сəйкестік мəлімдемесі 11
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 11
Ішкі батареяны шешіп алу 11
ЭМӨ талаптарына сəйкестік 12
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Сəйкестік туралы құлақтандыру 12
12
8 Сауда белгілері 14
9 Жиі қойылатын сұрақтар 15
KZ 1

1 Маңызды
қауіпсіздік
Жалпы ақпарат
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау
үшін:
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары
дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне
дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі
неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты
соғұрлым қысқа болады.
Құлаққаптарды қолданған кезде, мына
нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан
аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс
деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін
жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап
қолдану немесе қолдануды уақытша
тоқтату қажет.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс
қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі
құлақты да жауып қолданған дұрыс емес
жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы
мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы
мүмкін орталарда музыкаға немесе
телефон қоңырауларына назарыңызды
бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Сақ болыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.
Құлаққаптарға сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
Құлаққапты суға салуға болмайды.
Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе абразивті
заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен немесе
сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана
суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған ұқсас
шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік
бермеу керек.
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай батареяны
немесе баламасын салыңыз.
Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау, мыжу
немесе кесу жарылысқа себеп болуы мүмкін;
Батарея температурасы өте жоғары жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық
не газ шығуы мүмкін;
Батарея ауа қысымы өте төмен жерде қалдырылса,
ол жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық не газ шығуы
мүмкін.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен
ылғалдығы туралы мəлімет
• Температурасы -20°C (-4°F) жəне 50°C
(122 °F) аралығындағы (салыстырмалы
ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде
сақтау керек.
• Температурасы 0°C (32°F) жəне 45°C
(113 °F) аралығындағы (салыстырмалы
ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде
қолдану керек.
• Температура одан жоғары не төмен болған
жағдайда батареяның қызмет ету мерзімі
қысқаруы мүмкін.
• Батареяны сақтық құралын бұзып өтуі
мүмкін батарея түрімен ауыстыру (мысалы,
кейбір литий батарея түрлері);
2 KZ

2 Шынымен
сымсыз
құлаққап
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips
əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толығымен пайдалану үшін
өніміңізді мына сайтта тіркеңіз:
www.philips.com/support.
Осы шынымен сымсыз Philips құлаққабымен
мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
• сымсыз хендсфри режимінде қоңырау
шалу жəне қабылдау;
• сымсыз режимде музыка тыңдау жəне
оны басқару;
• қоңыраулар мен музыка арасында
ауысу.
Қораптағы заттар
Қысқаша нұсқаулық
Халықаралық кепілдік
Қауіпсіздік парақшасы
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне
құлаққаптармен үйлесімді мобильді
телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук,
планшет, Bluetooth адаптерлері, MP3
ойнатқыштары, т.б.) (10-беттегі «Техникалық
деректер» бөлімін қараңыз).
Шынымен сымсыз Philips TAT2236
құлаққабы
USB-C зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
KZ 3

Шынымен сымсыз
құлаққапты шолу
1
2
3
4
5
ЖШД индикаторы (құлаққаптар)
Көп функциялы түйме
Микрофон
ЖШД индикаторы (зарядтау қорапшасы)
USB-C зарядтау ұясы
4 KZ

3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысымен алғаш рет
жұптастыру
Ескертпе
Құлаққаптарды алғаш рет қолданудан бұрын, батарея
көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін
құлаққаптарды зарядтау қорапшасына салып,
батареяны 2 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін түпнұсқалы
USB-C зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Құлаққаптарды зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлаққаптарды зарядтау үшін
жалғаған кезде, олар өшіріледі.
Зарядтау
USB кабелінің бір жағын зарядтау қорапшасына,
ал екінші жағын қуат көзіне жалғаңыз.
Зарядтау қорапшасы зарядтала
бастайды.
Зарядтау процесінің орындалып жатқанын
алдыңғы панельдегі ЖШД шамымен
тексеруге болады.
Зарядтау қорапшасы толығымен
зарядталған кезде, шам сөнеді.
Құлаққаптар толығымен зарядталғанына
жəне өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Зарядтау қорапшасының қақпағын ашыңыз.
Құлаққаптардағы ЖШД индикаторлары
ақ жəне көк түспен кезек-кезек
жыпылықтайды.
Құлаққаптар осы кезде жұптастыру
режиміне өтіп, Bluetooth құрылғысымен
(мысалы, мобильді телефонмен)
жұптастырылуға дайын тұрады.
Bluetooth құрылғысының Bluetooth
функциясын қосыңыз.
Ақыл-кеңес
Зарядтау қорапшасы құлаққаптарды зарядтауға
арналған тасымалы қосалқы батарея рөлін атқарады.
Зарядтау қорапшасы толығымен зарядталған кезде, ол
құлаққаптарды 2 рет толығымен қайта зарядтай алады.
Əдетте USB кабелі арқылы толық зарядталуға 2 сағат
кетеді (құлаққаптар немесе зарядтау қорапшасы үшін).
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен
жұптастырыңыз. Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
Қуаты қосылғаннан кейін құлаққаптар бұрын
жалғанған ешбір Bluetooth құрылғысын таба алмаса,
олар автоматты түрде жұптастыру режиміне өтеді.
KZ 5