Philips TAE8005BK/10 user manual [kz]

Құлаққап
8000 қатары
TAE8005
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары 2
Есту қауіпсіздігі 2 Жалпы ақпарат 2
2 Сымсыз стетоскоп 3
Қораптағы заттар 3 Стетоскопты шолу 4 Док-станцияны шолу 4
3 Іске кірісу 5
Жалғау 5 Бірге берілген батареяларды орнату Стетоскопты зарядтау 6
4 Стетоскопты қолдану 7
Автоматты түрде қосылу/өшу 7 Дыбыс деңгейін реттеу 7 Сол/оң жақ тепе-теңдігін реттеу 7 Айналадағы дыбысты күшейту 7 Эквалайзер (EQ) 7 Стетоскопты сақтау жəне зарядтау 7
6
5 ЖШД күйі жəне дыбыс түрі 8
ЖШД күйі 8 Дыбыс түрі 8
6 Күтім жəне техникалық
қызмет көрсету 8
Стетоскопты жəне док-станцияны
тазалау 8
Саптамаларды тазалау 8
7 Аксессуарлар 9
8 Техникалық деректер 9
9 Құлақтандыру 10
Сəйкестік мəлімдемесі 10 ЭМӨ талаптарына сəйкестік 10 Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 10
10 Жиі қойылатын сұрақтар
11
KZ 1
1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
• Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады.
Гарнитураны қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап қолдану немесе қолдануды уақытша тоқтату қажет.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі құлақты да жауып қолданған дұрыс емес жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін орталарда музыкаға немесе телефон қоңырауларына назарыңызды бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Сақ болыңыз
• Өрт шығу немесе ток соғу қаупінің алдын алу: Осы өнімді əрдайым құрғақ күйде ұстаңыз. Оған жылыту жабдығының немесе тікелей түскен күн сəулесінің шамадан тыс қызуының əсер етуіне жол бермеңіз.
• Жанып тұрған шамдар сияқты ашық жалын көздерін жабдық үстіне қоюға болмайды.
• Өнімді суға салуға болмайды.
• Өнімді тазалау үшін: Сəл дымқыл жұмсақ шүберекті қолданыңыз. Құрамында алкоголь, спирт, аммиак немесе абразивті қосындылар бар тазалағыш заттарды қолдануға болмайды, себебі олар өнімді зақымдауы мүмкін.
• Өнімді бөлшектеуге болмайды.
• Өнімді температурасы 0°C-тан (32°F) төмен немесе 40°C-тан (104°F) жоғары жерде пайдалануға немесе сақтауға болмайды, əйтпесе батареяның қызмет ету мерзімі азаяды.
• Осы өнімге сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға болмайды.
• АТ/ТТ адаптерінің токқа жалғау айыры ажырату құрылғысы ретінде қолданылған жағдайда, ажырату құрылғысы қолданылуға дайын тұруы тиіс.
• Тек бірге берілген батареяларды қолданыңыз.
• Қайта зарядталатын немесе сілтілі батареялардың басқа түрлерін осы жүйеде зарядтау мүмкін емес.
• Батареяларға (батарея жинағы немесе орнатылған батареялар) күн сəулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу керек.
• Жарылу қаупі! Батареяларды жылудан, күн сəулелерінен немесе оттан аулақ ұстаңыз. Батареяларды отқа тастауға болмайды.
2 KZ
2 Сымсыз
стетоскоп
Қораптағы заттар
*Philips сымсыз стетоскопы
Док-станция
*Қайта зарядталатын литий-полимер батареясы
Қосалқы саптамалар
Пайдаланушы нұсқаулығы
Қысқаша нұсқаулық
Қуат адаптері
3,5 мм аудио кабель
Оптикалық кабель
RCA адаптері
KZ 3
Стетоскопты шолу Док-станцияны шолу
1. Аудио кірісі
2. AUDIO IN/OPTICAL IN қосқышы
3. Оптикалық кіріс
1. Саптама
2. Сымсыз/айнала режимінің түймесі
3. Сымсыз/айнала режимінің индикаторы
4. Сол/оң жақ тепе-теңдігін басқару элементі
5. Дыбыс деңгейін басқару түймесі
6. Батарея
4. ATT (аудио кіріс сигналын бəсеңдету қосқышы)
5. POWER (док-станцияның қуатын қосу немесе өшіру)
6. Қуат адаптерінің ұясы
7. Батареяны зарядтау ұясы
8. Стетоскопты зарядтау ұясы
9. Эквалайзер (EQ) түймесі
4 KZ
10. Батареяны зарядтау индикаторы
11. Стетоскопты зарядтау индикаторы
12. Эквалайзер (EQ) индикаторлары
EQ1: дауысты күшейту
EQ2: ЖЖ дыбысты күшейту
EQ3: ТЖ дыбысты күшейту
3 Іске кірісу
Сақ болыңыз
• Стетоскопты жалғап, орнатпас бұрын, «Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары» бөліміндегі қауіпсіздік нұсқауларын оқып шығуды ұмытпаңыз.
Жалғау
1. Аудио құрылғыны жалғау
Ескертпе
• Теледидардың дыбыс деңгейі жеткіліксіз болса, док-станция автоматты түрде өшеді.
• Зарядталып жатқанда, док-станция аудио сигналды таратпайды.
• Бір уақытта бір стетоскопты зарядтауға болады.
Төмендегі нұсқауларды орындап, аудио құрылғыны жалғаңыз жəне мынаны реттеңіз: ATT. 3,5 мм аудио шығысы бар теледидар немесе басқа құрылғылар үшін:
• бірге берілген 3,5 мм аудио кабельдің бір жағын док-станцияның 3,5 мм аудио кірісіне, ал екінші жағын 3,5 мм аудио шығысына жалғаңыз.
• мынаған ауысыңыз: AUDIO IN.
• мына параметрді төмендегіге ауыстырыңыз: ATT: 0 дБ (мынаған ауыстырыңыз: -8 дБ, дыбыс деңгейі тым жоғары болған жағдайда).
RCA шығысы бар теледидар немесе басқа құрылғылар үшін:
• бірге берілген RCA адаптерінің бір жағын аудио құрылғының RCA шығысына, ал екінші жағын бірге берілген 3,5 мм аудио кабельге жалғаңыз. 3,5 мм аудио кабельдің бос жағын док-станцияның 3,5 мм аудио кірісіне жалғаңыз.
• мынаған ауысыңыз: AUDIO IN жəне ATT: 8 дБ.
L R
Оптикалық шығысы бар теледидар немесе басқа құрылғы үшін:
• бірге берілген оптикалық кабельдің бір жағын құрылғының оптикалық шығысына, ал екінші жағын док-станцияның оптикалық кірісіне жалғаңыз.
• мынаған ауысыңыз: OPTICAL IN.
• аудио құрылғы PCM режиміне орнатылғанына көз жеткізіңіз (мəлімет алу үшін аудио құрылғы нұсқаулығын қараңыз).
PCM
KZ 5
2. Қуат адаптерін жалғау
Қосалқы батарея
Қосалқы батарея бірінші батареяны қайта зарядтау қажет болғанда, пайдалану уақытын ұзартады. Қосалқы батареяны төмендегідей салыңыз:
3. Дыбыс деңгейін реттеу
Ең жоғары дыбыс сапасына қол жеткізу үшін аудио құрылғының дыбыс деңгейін реттеңіз (мəлімет алу үшін аудио құрылғы нұсқаулығын қараңыз).
Бірге берілген батареяларды орнату
Бірінші батарея
Стетоскопқа батареяның қызмет мерзімінің барынша ұзақ болуы үшін жоғары сапалы қайта зарядталатын литий-полимер батареясы салынған. Бірінші батареяны төмендегідей салыңыз/алыңыз:
Стетоскопты зарядтау
Ескертпе
• Стетоскопты алғаш рет қолданудан бұрын, батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін бірге берілген батареяны 5 сағат зарядтаңыз.
• Бір уақытта бір стетоскопты зарядтауға болады.
• Əдетте толық зарядталуға 2,5 сағат кетеді.
1 Док-станция қуатын қосыңыз. 2 Стетоскопты док-станцияға қойыңыз.
» Сарғылт зарядтау ЖШД индикаторы
жыпылықтайды. Қосалқы батарея зарядтау ұясында тұрса, қосалқы батареяның сарғылт зарядтау ЖШД индикаторы да жыпылықтайды.
Ескертпе
• Уақыт өте батареяның сыйымдылығы азаяды. Батареяларға Philips қызмет көрсету орталықтары немесе мына мекенжайдағы онлайн дүкендер арқылы тапсырыс беруге болады:
www.shop.philips.com
6 KZ
4 Стетоскопты
қолдану
Автоматты түрде қосылу/өшу
Стетоскопты құлағыңызға таққан кезде, ол автоматты түрде қосылады. » Стетоскоптағы ЖШД ақ түске
боялады.
Стетоскопты шешкен кезде, ол автоматты түрде өшеді. Осының арқасында батарея заряды үнемделеді.
ON OFF
Дыбыс деңгейін реттеу
Стетоскоптың деңгейін басқару түймесін максималды деңгейге бұрғанда дыбыс деңгейі əлі де төмен болса, сымсыз таратылатын дыбыс сапасын жақсарту үшін теледидардың дыбыс деңгейін реттеуіңізге болады (мəлімет алу үшін аудио құрылғы нұсқаулығын қараңыз).
Сол/оң жақ тепе-теңдігін реттеу
Екі құлағыңыз да жақсы естуі үшін сол/оң жақ тепе-теңдігін реттеуіңізге болады (4-беттегі «Стетоскопты шолу» бөлімін қараңыз).
Айналадағы дыбысты күшейту
Теледидардың дыбысын өшіріп, айналадағы дыбыс пен адамдардың дауысын күшейту үшін микрофон түймесін басуыңызға болады (4-беттегі «Стетоскопты шолу» бөлімін қараңыз).
Эквалайзер (EQ)
EQ түймесін басып, мына параметрлер арасында біреуін таңдауға болады: дауысты күшейту EQ 1, ЖЖ дыбысты күшейту EQ 2, ТЖ дыбысты күшейту EQ 3 немесе өшіру; жеке қалауыңызға қарай таңдап, ең жоғары дыбыс сапасына қол жеткізіңіз (4-беттегі «Стетоскопты шолу» бөлімін қараңыз).
Стетоскопты сақтау жəне зарядтау
Қолданып болғаннан кейін, стетоскопты док-станцияға қойыңыз. Осының арқасында саптамалардың бір-бірінен алыстап, стетоскоптың қосыла беруіне себеп болуына жол берілмейді.
KZ 7
5 ЖШД күйі жəне
6 Күтім жəне
дыбыс түрі
ЖШД күйі
Сипаттама
Батарея Зарядталып
Док-станция Қосулы Ақ ЖШД
Эквалайзер (EQ)
Стетоскоп
Күйі ЖШД
жатқан жоқ Зарядталуда Сарғылт ЖШД
Зарядталды Ақ
Өшірулі Өшірулі
Зарядталуда Сарғылт ЖШД
Зарядталды Ақ
Стетоскопқа жалғанып тұр
Ізделуде Ақ ЖШД
Қосулы Ақ
Өшірулі Өшірулі
Өшірулі Өшірулі
Сымсыз режим
Айнала режимі Сарғылт
Байланыс үзілді
Батарея заряды аз
Өшірулі
жыпылықтайды.
жыпылықтайды.
жыпылықтайды.
Ақ
жыпылықтайды.
Ақ
Ақ ЖШД жыпылықтайды.
Сарғылт ЖШД жыпылықтайды.
техникалық қызмет көрсету
Стетоскопты жəне док-станцияны тазалау
1 Док-станция қуат көзінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
2 Өнімді абайлап тазалау үшін сəл
дымқыл шүберекті қолданыңыз.
Саптамаларды тазалау
1 Саптамаларды стетоскоптан абайлап
шешіп алыңыз.
2 Саптамаларды сабынды сумен
тазалаңыз.
3 Саптамаларды жақсылап кептіріңіз.
Ескертпе
• Саптамаларды жүйелі ауыстырып отыру керек. Саптамаларға Philips қызмет көрсету орталықтары немесе мына мекенжайдағы онлайн дүкендер арқылы тапсырыс беруге болады:
www.shop.philips.com
Дыбыс түрі
Күйі Дыбыстық сигнал Батарея заряды аз Минутына 1 сигнал
(4 минут бойы)
Батарея заряды жақында таусылады. Макс./мин. дыбыс деңгейіне жетті.
8 KZ
2 сигнал
1 сигнал
7 Аксессуарлар
Түпнұсқалы аксессуарларды ғана қолданыңыз. Ауыстыру үшін қосымша аксессуарларға Philips қызмет көрсету орталықтары немесе мына мекенжайдағы онлайн дүкендер арқылы тапсырыс беруге болады: www.shop.philips.com.
Қайта зарядталатын литий-полимер батареясы
Саптамалар
8 Техникалық
деректер
Жалпы спецификациялар мен мүмкіндіктер
Музыка ойнату уақыты: кемінде 5 сағат
Күту режиміндегі уақыт: 7000 сағатқа дейін
Толық зарядталуға кететін əдеттегі уақыт: 2,5 сағат
Жұмыс ауқымы: 50 метрге дейін (164 фут)
Оптикалық кіріс/3,5 мм кіріс қосқышы
2,4 ГГц РЖ шешімі
Автоматты түрде қосылу/өшу
Бəсеңдеткішті қосу/өшіру
Екінші батареяны зарядтауға арналған қосымша ұя
Эквалайзер (EQ) x 3
Жиілік ауқымы: 2406–2472 МГц
Таратқыш қуаты: <9 дБм
Батарея
Қайта зарядталатын литий-полимер батареясы (3,7 В, 350 мА·сағ)
Адаптер
YLJXC-O50055, кіріс ток: 100-240 В~, 50/60 Гц, шығыс ток: 5 В ТТ, 550 мА
Салмағы жəне өлшемдері
Стетоскоп: 65 грамм 216,1×158,9×21,5 мм (Б x Е x Т)
Док-станция: 112 грамм 42,0×120,0×95,0 мм (Б x Е x Т)
Ескертпе
• Сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
KZ 9
9 Құлақтандыру
Сəйкестік мəлімдемесі
Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EC директивасының негізгі талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com.
ЭМӨ талаптарына сəйкестік
Осы өнім электрмагниттік өрістердің əсер етуіне қатысты барлық тиісті стандарттар мен ережелерге сəйкес келеді.
Ескі өнімді жəне батареяны қоқысқа тастау
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен құрамдас бөліктерді қолдана отырып жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Электр жəне электрондық өнімдер мен батареяларды бөлек жинайтын жергілікті жүйе туралы мəлімет іздестіріңіз. Жергілікті ережелерді сақтап, өнімді жəне батареяларды əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі өнімдер мен батареяларды дұрыс қоқысқа тастау арқасында қоршаған орта мен адам денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға көмектесуге болады.
Қайта зарядталмайтын батареяларды шығарып алу
Қайта зарядталмайтын батареяларды шығарып алу үшін «Бірге берілген батареяларды орнату» бөлімін қараңыз.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Қажетсіз қаптама материалдарын қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон (қорап), көбікполистирол (аралық қабат) жəне полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік материал). Жүйеңіз мамандырылған компания бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болатын материалдардан тұрады. Қаптама материалдарын, таусылған батареяларды жəне ескі жабдықты қоқысқа тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU Еуропа директивасында қамтылғанын білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді.
10 KZ
10 Жиі қойылатын
сұрақтар
Ешқандай дыбыс естілмейді.
Қуат көзі мен адаптер дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз (5-беттегі «1. Аудио құрылғыны жалғау» бөлімін қараңыз).
Дыбыс деңгейін тиісті мəнге реттегеніңізге көз жеткізіңіз.
Батареялар зарядталғанына жəне батарея зарядтау ұясына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз (6-беттегі «Бірге берілген батареяларды орнату» бөлімін қараңыз).
Док-станциядағы ЖШД ақ түсті екеніне көз жеткізіңіз.
Батареялар ақаулы. Спецификациялары дəл сондай жаңа батареяларды сатып алыңыз.
Оптикалық шығысы бар аудио құрылғыларды қолданған жағдайда, аудио құрылғы PCM режиміне орнатылғанына көз жеткізіңіз (мəлімет алу үшін аудио құрылғы нұсқаулығын қараңыз).
Дыбыс бұрмаланады.
Дыбыс деңгейі тым жоғары. Дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
Стетоскоп сигнал ауқымының шетіне жақын жерде. Оны док-станцияға жақындатыңыз.
Стетоскоп жақын жердегі электр жабдықтан кедергі алады. Док-станцияны олардан алысырақ қойыңыз.
Стетоскоп қабырғалары қалың жерде тұр. Док-станцияны олардан алысырақ қойыңыз.
ATT параметрін реттеңіз (4-беттегі «Док-станцияны шолу» бөлімін қараңыз).
Аудио құрылғының дыбыс деңгейін реттеңіз.
Аудио сапасы нашар.
Стетоскоп сигнал ауқымынан тыс жерде. Стетоскоп пен аудио құрылғының арасындағы қашықтықты азайтыңыз немесе олардың арасындағы кедергілерді алып тастаңыз.
ATT параметрін реттеңіз (4-беттегі «Док-станцияны шолу» бөлімін қараңыз).
Аудио құрылғының дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбысты бір құлағыммен ғана естимін.
Сол/оң жақ тепе-теңдігін реттегеніңізге көз жеткізіңіз (4-беттегі «Стетоскопты шолу»).
Спецификацияда 50 метр (164 фут) жұмыс ауқымы белгіленген. Іс жүзіндегі ауқым неліктен одан аз?
Жұмыс ауқымын кедергілер шектейді, мысалы: қалың қабырғалар, есіктер немесе төбе. Стетоскопты док-станцияға жақындатыңыз.
Қосымша қолдау алу үшін мына сайтқа кіріңіз: www.philips.com/support.
Басымды қозғалтқанда, кедергі келтіретін шу естіледі.
Кедергінің пайда болуына Bluetooth, WiFi, роутер немесе 2,4 ГГц құрылғылары сияқты басқа сымсыз құрылғы себеп болуы мүмкін. Сымсыз құрылғыны алысырақ қойыңыз.
KZ 11
Philips жəне Philips қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері жəне олар лицензия бойынша қолданылады. Бұл өнімді MMD Hong Kong Holding Limited немесе оның еншілес компанияларының бірі өндірген жəне соның жауапкершілігімен сатылады, сондай-ақ MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнімнің кепілгері ретінде əрекет етеді.
Loading...