PHILIPS SPA7355 User Manual [kk]

Page 1
Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
SPA7355
Қолданушының нұсқасы
Page 2
Page 3

Мазмұндар кестесі

1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Ескерту 3
2 Мультимедиалық динамик 5
3 Орнату 6
4 Жұмысты бастау 7
Қосымша функция 7
5 Өнім туралы ақпарат 8
6 Ақаулықтарды жою 8
1KK
Page 4

1 Маңызды ақпарат

Қауіпсіздік

Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз
Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді. Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін өнім корпусын алып тастамаңыз. «Леп белгісі» жұмыс және техникалық қызмет көрсету проблемаларын болдырмау үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс мүмкіндіктерге назар аудартады.
Абайлаңыз
Өнімге су тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс және
оның үстіне құмыралар сияқты сұйықтығы бар заттарды қоюға болмайды.
Қуат кірісін толық ажырату үшін өнімнің қуат ашасы
желіден ажыратылуы керек.
Мақсатты қолданыс кезінде өнімнің қуат ашасына кедергі
келтірілмеуі НЕМЕСЕ оған оңай қол жеткізілуі тиіс.
Өнімдерге жандырылған шамдар сияқты ашық от
көздерін қоймау керек.
2 KK
Page 5
Есту қауіпсіздігі

Ескерту

Есту қабілетіне зақым келтірмеу үшін гарнитураны жоғары
дыбыс деңгейінде пайдалану уақытын шектеп, дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге қойыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым қатты болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады.
Құлақаспап пайдаланған кезде төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы уақыт аралығында
тыңдаңыз.
Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен дыбыс деңгейін
жоғары деңгейге үздіксіз реттемеңіз.
Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз, айналаңыздағыны ести
алмай қаласыз.
Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият болыңыз немесе
уақытша пайдаланбаңыз.
Құлақаспаптардан немесе құлаққаптардан шамадан тыс
дыбыс қысымы есту қабілетін жоғалтуға себеп болуы мүмкін.
Ескерту
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
3KK
Page 6
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
Ескірген өнімді тастау
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
4 KK
Page 7
Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.

2 Мультимедиалық динамик

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
5KK
Page 8

3 Орнату

1 Сол жақ динамик ашасын SPEAKER L ұясына ( )
салыңыз.
2 Оң жақ динамик ашасын SPEAKER R ұясына ( )
салыңыз.
3 Оң жақ динамиктегі аудио кіріс ашасын компьютердегі
аудио шығыс ұясына ( ) жалғаңыз.
4 АТ ашасын АТ қуат розеткасына ( ) қосыңыз.
6 KK
Page 9

4 Жұмысты бастау

Ескертпе
Пайдаланардан бұрын мультимедиалық динамиктердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1 Мультимедиалық динамиктерді ( ) қосу үшін VOL
тұтқасын сағат тілімен бұраңыз.
» Сары ЖШД жанып тұр.
2 Дыбыс деңгейін VOL тұтқасымен немесе компьютер
қолданбасымен дұрыстаңыз.
3 Бассты ( ) реттеу үшін BASS түймесін бұраңыз. 4 Пайдаланғаннан кейін динамиктерді өшіріп, қуат көзінен
ажыратыңыз.

Қосымша функция

Құлақаспап арқылы тыңдау үшін:
Құлақаспапты (жинаққа кірмейді) ұясына жалғаңыз.
Музыканы MP3 ойнатқышы сияқты сыртқы аудио
құрылғысынан ойнату үшін:
1 MP3 байланыс кабелін (жинаққа кірмейді) AUX
ұясына және құрылғыдағы құлақаспап ұясына жалғаңыз.
2 Музыканы құрылғыдан ойнатыңыз.
7KK
Page 10

5 Өнім туралы ақпарат

Айнымалы ток қуаты
Үлгі SPA7355
Кіріс 100-240 В ~, 50/60 Гц, 5500 мА
Жүйе талаптары:
Компьютер Mac
Windows® 98SE, Windows® ME, Windows® 2000, Windows® XP немесе Windows® Vista™, Windows 7
Mac OS9/OS® X немесе одан кейінгі нұсқа

6 Ақаулықтарды жою

Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Өнімді пайдалану кезінде қиындықтарға кезіксеңіз, қызмет сұраудан бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп шығыңыз. Мәселе шешілмеген күйі қалса, өнімді www.philips.com/support сайтында тіркеп, қолдау алыңыз.
Динамиктердің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Жарық диодты шамның жанып тұрғанын тексеріңіз.
8 KK
Page 11
Page 12
Specifications are subject to change without notice 2013 © WOOX Innovations Limited. All rights reserved. This product was brought to the market by WOOX Innovations Limited or one of its affiliates, further referred to in this document as WOOX Innovations, and is the manufacturer of the product. WOOX Innovations is the warrantor in relation to the product with which this booklet was packaged. Philips and the Philips Shield Emblem are registered trademarks of Koninklijke Philips N.V.
SPA7355_12_UM_V3.0
Loading...