Philips SHB6250/00 User guide [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
SHB6250
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2
Есту қауіпсіздігі 2 Жалпы ақпарат 2
2 Bluetooth сымсыз құлақаспабыңыз 3
Қораптың құрамы 3 Басқа құрылғылар 3 Bluetooth сымсыз құлақаспабына шолу 3
3 Жұмысты бастау 4
Құлақаспапты зарядтау 4 Құлақаспапты мобильді
телефоныңызбен жұптау 4
4 Құлақаспапты пайдалану 6
Құлақаспапты Bluetooth
құрылғысына жалғаңыз 6 Қоңыраулар мен әуенді басқару 6 Гарнитураны кию 7
5 Техникалық мәліметтер 8
6 Ескерту 9
Сәйкестік туралы декларация 9 Ескірген бұйымдарды және
батареяны жою 9 Электр магнитті өріспен (ЭМӨ)
үйлесімділігі 9 Сауда белгілері 10
7 Жиі қойылатын сұрақтар 11
1KK
1 Маңызды

Жалпы ақпарат

қауіпсіздік нұсқаулары

Есту қауіпсіздігі

Қауіпті
• Есту қабілетіне зақым келтірмеу үшін құлақаспапты
жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану уақытын шектеп, дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты қысқа болады.
Гарнитураны пайдаланған кезде төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы уақыт аралығында тыңдаңыз.
Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен дыбыс деңгейін жоғары деңгейге үздіксіз реттемеңіз.
Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз, айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
Құлақаспаптардан немесе құлаққаптардан шамадан тыс дыбыс қысымы есту қабілетін жоғалтуға себеп болуы мүмкін.
Көлікті жүргізу кезінде екі құлақты құлақаспаппен жабу ұсынылмайды және жүргізу кезінде кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
Қауіпсіздігіңіз үшін көлікте немесе басқа да ықтимал қауіпті орталарда әуенге немесе мобильді телефонға алаңдамаңыз.
Зақымды немесе ақаулықты болдырмау үшін:
Ескерту
• Құлақаспаптың қатты қызып кетуін болдырмаңыз.
• Құлақаспапты түсіріп алмаңыз.
• Құлақаспапқа сұйықтық тамшыламауы немесе
шашырамауы тиіс.
• Құлақаспаптың суға батуына жол бермеңіз.
• Құрамында алкоголь, аммиак, бензин немесе зімпара
бар тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
• Егер тазалау қажет болса, өнімді тазалау үшін
жұмсақ, қажет болса, аз мөлшердегі сумен дымқылданған немесе сабынға малынған мата пайдаланыңыз.
• Кірістірілген батарея күн сәулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
• Батарея дұрыс ауыстырылмаса жарылу қаупі болады.
Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
Жұмыс істеу және сақтау температурасы мен ылғалдылығы туралы
Температурасы -15 ºC (5 ºF) және 55 ºC (131 ºF) арасындағы жерде іске қосыңыз немесе сақтаңыз (90 %-ға дейін салыстырмалы ылғалдылық).
Батареяның жұмыс уақыты жоғары немесе төмен температура жағдайларында қысқаруы мүмкін.
2 KK
2 Bluetooth
c
d

Басқа құрылғылар

сымсыз
құлақаспабыңыз
Сатып алынған зат құтты болсын және Philips қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өніміңізді www.philips. com/welcome торабында тіркеңіз. Осы Philips сымсыз құлақаспабымен төмендегілерді істеуге болады:
қолайлы сымсыз хэндсфри қоңыраулары мүмкіндігін пайдалану;
сымсыз әуенді тыңдау немесе басқару;
қоңыраулар мен әуен арасында ауысу.

Қораптың құрамы

Philips Bluetooth SHB6250 сымсыз құлақаспабы
USB зарядтау кабелі
Bluetooth байланысын қолдайтын және құлақаспаппен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, PDA, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.).

Bluetooth сымсыз құлақаспабына шолу

g
f
e
a ЖШД көрсеткіші b
Қуат түймесі
c Микрофон d /
Жұптау/Дыбысты өшіру түймесі
e Дыбыс деңгейі/Трек басқару f Micro USB зарядтау ұяшығы g
Музыканы/Қоңырауды басқару түймесі
a
b
Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығы
3KK
3 Жұмысты
бастау
Құлақаспапты мобильді телефонмен жұптаудың екі жолы бар:
Қолмен жұптастыру
NFC жұптастыру

Қолмен жұптастыру

Құлақаспапты зарядтау

Ескертпе
• Құлақаспапты бірінші рет пайдалану алдында
оңтайлы батарея сыйымдылығы мен қызмет мерзімі үшін батареяны 5 сағат зарядтаңыз.
• Зақым келтірмеу үшін тек бастапқы USB зарядтау
кабелін пайдаланыңыз.
• Құлақаспапты зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлақаспапты зарядтау үшін жалғағанда құлақаспап өшеді.
Жабдықталған USB зарядтау кабелін төмендегіге қосыңыз:
• құлақаспаптың USB қосқышы және;
• USB қуат көзі.
» ЖШД шамы зарядтау кезінде ақ
түске ауысады және құлақаспап толық зарядталғанда өшеді.
Кеңес
• Әдетте, толық зарядтауға 3 сағат кетеді.

Құлақаспапты мобильді телефоныңызбен жұптау

Құлақаспапты мобильді телефонмен бірінші рет пайдалану алдында мобильді телефонмен жұптаңыз. Сәтті жұптау құлақаспап пен мобильді телефон арасында бірегей шифрланған байланысты орнатады. Құлақаспап соңғы 4 құрылғыны жадында сақтайды. Егер 4-ден көп құрылғыны жұптауға әрекет етсеңіз, бұрын жұпталған құрылғы жаңасымен ауыстырылады.
1 Құлақаспап толығымен зарядталғанын
тексеріңіз.
2 Құлақаспапты қосу үшін түймесін
басып тұрыңыз.
3 ЖШД кезектесіп көк және ақ түспен
жыпылықтағанша түймесін басып тұрыңыз.
4 Мобильді телефонның Bluetooth
функциясын қосыңыз.
» Құлақаспап жұптау режимінде 2
минут болады.
5 Құлақаспапты мобильді телефоныңызбен
жұптаңыз. Толық мәліметтерді мобильді телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

NFC жұптастыру

1 Телефондағы NFC функциясын
қосқаныңызға және телефонның экраны қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз.
2 Телефонды гарнитураның үстіне
қойыңыз, сонда әр құрылғының NFC анықтау аумағы бір-біріне тиіп тұрады.
3 Құлақаспапты мобильді телефоныңызбен
жұптаңыз. Толық ақпаратты мобильді телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Ескертпе
• Мобильді телефоныңызда NFC мүмкіндігінің қол
жетімді және қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
• Мобильді телефоныңыздың күту режимінде
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• NFC арқылы жұптау Android 4.2 немесе одан кейінгі
мобильді операциялық жүйеге ғана жарамды.
• NFC анықтау аумағын мобильді телефонның
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
4 KK
Төмендегі мысалда құлақаспапты мобильді телефонмен жұптау жолы көрсетіледі.
1 Ұялы телефонның Bluetooth мүмкіндігін
белсендіріп, Philips SHB6250 параметрін таңдаңыз.
2 Егер сұралса, гарнитура құпия сөзін
«0000» (4 нөл) енгізіңіз. Bluetooth
3.0 немесе одан кейінгі нұсқасымен жабдықталған ұялы телефондар үшін құпия сөзді енгізудің қажеті жоқ.
Settings
Bluetooth
Add Bluetooth device
Select
10:35
Connectivity
Back
Settings
Devices Found
Philips SHB6250
Select
10:36
Back
Settings Connectivity
Enter Password
Select
10:37
****
0000
Back
5KK
4 Құлақаспапты
пайдалану

Құлақаспапты Bluetooth құрылғысына жалғаңыз

1 Ұялы телефонды/Bluetooth құрылғысын
қосыңыз.
2 Гарнитураны қосу үшін түймесін
басып тұрыңыз.
» Көк ЖШД шамы жыпылықтайды. » Гарнитура соңғы қосылған ұялы
телефонға/Bluetooth құрылғысына автоматты түрде қайта қосылады. Егер соңғысы қолжетімді болмаса, гарнитура екінші соңғы қосылған құрылғыны қайта қосуға әрекет етеді.
Кеңес
• Гарнитураны қосқан соң ұялы телефонды/Bluetooth
құрылғысын қоссаңыз немесе Bluetooth мүмкіндігін белсендірсеңіз, гарнитураны және ұялы телефонды/ Bluetooth құрылғысын қолмен қайта қосу қажет болады.
Ескертпе
• Гарнитура 5 минут ішінде Bluetooth құрылғысына
қосылмаса, ол батарея қуатын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.

Қоңыраулар мен әуенді басқару

Қосу/өшіру
Тапсырма Түйме Жұмыс жасау
Құлақаспапты қосу.
Құлақаспапты өшіру.
Музыканы басқару
Тапсырма Түйме Жұмыс
Әуенді ойнату немесе уақытша тоқтату.
Дыбыс деңгейін реттеу.
Алға айналдыру.
Артқа айналдыру.
Дыбыс деңгейін/тректі басқару
VOL +/-
Дыбыс деңгейін/тректі басқару
Дыбыс деңгейін/ тректі басқару
2 секундтай басып тұрыңыз.
4 секундтай басып тұрыңыз.
» Ақ ЖШД
қосылады және баяу өшеді.
жасау
Бір рет басыңыз.
Бір рет басыңыз немесе басып тұрыңыз.
Бір рет басыңыз.
Екі рет басыңыз
6 KK
Қоңырауды басқару
Тапсырма Түйме Жұмыс жасау
Қоңырауға жауап беру/ аяқтау.
Бір рет басыңыз.
» 1 дыбыстық
сигнал.
Кіріс қоңырауын қабылдамау.
Сөйлесу кезінде абонементті ауыстыру.
Сөйлесу кезінде микрофонды өшіру/қосу.
Дауыспен басқару
Тапсырма Түйме Жұмыс жасау
Siri/Google Now. Бір рет басыңыз.
Дыбыс деңгейін/ тректі басқару
/
2 секундтай басып тұрыңыз.
» 1 ұзақ
дыбыстық сигнал.
Бір рет басыңыз.
» 1 дыбыстық
сигнал.
Бір рет басыңыз.
» 1 дыбыстық
сигнал.

Гарнитураны кию

Жүгенді басыңыздың өлшеміне сәйкестеу үшін лайықтаңыз.
Басқа құлақаспап индикаторының күйі
Құлақаспап күйі Индикатор
Құлақаспап күту режимінде кезде немесе музыка тыңдау кезінде құлақаспап Bluetooth құрылғысына қосылады.
Құлақаспап жұптауға дайын.
Құлақаспап қосылған, бірақ Bluetooth құрылғысына жалғанбаған.
Батарея зарядының деңгейі төмен.
Батарея толығымен зарядталды.
Көк ЖШД 8 секунд сайын жыпылықтайды.
ЖШД кезектесіп көк және ақ түспен жыпылықтайды.
Көк ЖШД жылдам жыпылықтайды.
Қуаты аяқталғанша ақ ЖШД 10 секунд сайын 3 рет жыпылықтайды.
Ақ ЖШД өшеді.
Кеңес
• Пайдаланғаннан кейін құлақаспапты қолайлы сақтау
үшін бұрап жинап қойыңыз.
7KK
5 Техникалық
мәліметтер
11 сағат музыка тыңдау немесе сөйлесу уақыты
Кемінде 200 сағат күту уақыты
Толық зарядтау үшін қалыпты уақыт: 3 сағат
Қайта зарядталатын литий-полимер батарея (200 мА/сағ)
Bluetooth 3.0, Bluetooth монодыбыс режиміне қолдау көрсетіледі (Headphones Prole - HSP, Hands-Free Prole - HFP), Bluetooth стереодыбыс режиміне қолдау көрсетіледі (Advanced Audio Distribution Prole - A2DP; Audio Video Remote Control Prole - AVRCP)
Жұмыс ауқымы: 10 метрге дейін (33 фут)
Санды жаңғырық және шуды басу
Автоматты түрде өшу
Ескертпе
Техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі.
8 KK

6 Ескерту

Сәйкестік туралы декларация

Осы құжат арқылы WOOX Innovations компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны www.p4c.philips.com сайтынан табуыңызға болады. Бұл өнім Еуропалық R&TTE 1999/5/ EC директивасына сәйкес жасақталған, тексерілген және өндірілген.

Ескірген бұйымдарды және батареяны жою

Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
өнімді ресми жинау орнына немесе Philips сервистік орталығына апару ұсынылады. Электр және электрондық өнімдер мен зарядталмалы батареяларға арналған жергілікті жеке жинау жүйесімен танысыңыз. Жергілікті ережелерді орындаңыз және өнім мен батареяларды ешқашан қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Ескі өнімдер мен батареяларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге көмектеседі.

Кірістірілген батареяны алып тастау

Ескертпе
• Батареяны алмас бұрын гарнитураның USB зарядтау
кабелінен ажыратылғанын тексеріңіз.
Егер еліңізде электронды өнімдерді жинау/ қайта өңдеу жүйесі жоқ болса, қоршаған ортаны гарнитураны қоқысқа тастаудан бұрын батареяны алып тастау және қайта өңдеу арқылы қорғауыңызға болады.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/ EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EО еуропалық директивасына сай келетін, қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді. Кәсіпқой зарядталмалы батареяны алуы үшін

Электр магнитті өріспен (ЭМӨ) үйлесімділігі

Бұл өнім электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық:
9KK
картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.) Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.

Сауда белгілері

Bluetooth

Bluetooth сөз белгісі мен логотиптері Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының иелігінде және мұндай белгілерді WOOX Innovations Limited лицензияға сәйкес пайдаланады. Siri — Apple Inc. компаниясының АҚШ-та тіркелген сауда белгісі. және басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.

Google

Google және Google логотипі — Google Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері.
10 KK
7 Жиі қойылатын
сұрақтар
Bluetooth құлақаспабым қосылмайды.
Батарея зарядының деңгейі төмен. Құлақаспапты зарядтаңыз.
Bluetooth құлақаспабымды мобильді телефонмен жұптау мүмкін емес.
Bluetooth ажыратылған. Мобильді телефондағы Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз немесе құлақаспапты жалғаудан бұрын мобильді телефонды қосыңыз.
Жұптау жұмыс істемейді.
Құлақаспап жұптау режимінде екенін тексеріңіз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған қадамдарды орындаңыз. (ақылдасу 'Құлақаспапты мобильді телефоныңызбен жұптау' бет 4)
түймесін босатудан бұрын ЖШД шамы кезектесіп көк және ақ түспен жыпылықтайтынын тексеріңіз. Егер көк ЖШД шамын ғана көрсеңіз, түймені басып тұруды тоқтатпаңыз.
Мобильді телефон құлақаспапты таба алмайды.
Құлақаспап алдыңғы жұпталған құрылғыға жалғанған болуы мүмкін. Қосылған құрылғыны өшіріңіз немесе оны ауқымнан тыс жерге жылжытыңыз.
Жұптау бастапқы қалпына келтірілген болуы немесе құлақаспап бұрын басқа құрылғымен жұпталған болуы мүмкін. Құлақаспапты мобильді телефонмен пайдаланушы нұсқаулығында (ақылдасу 'Құлақаспапты мобильді телефоныңызбен жұптау' бет 4) сипатталғандай жұптаңыз.
Дауысты теру немесе оқу менің ұялы телефонымда жұмыс істемейді.
Ұялы телефоныңыз бұл мүмкіндікті қолдамауы мүмкін.
Мобильді телефонда арғы жақтағы кісі мені естімейді.
Микрофон өшірілген. Микрофонды қосу үшін
түймесін бір рет басыңыз.
Bluetooth құлақаспабым Bluetooth стерео қосылған мобильді телефонға жалғанған, бірақ музыка мобильді телефон динамигінде ғана ойнайды.
Мобильді телефонның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Құлақаспап арқылы музыка тыңдау үшін таңдаңыз.
Дыбыс сапасы нашар және импульстік шуыл естіледі.
Bluetooth құрылғысы ауқымнан алшақ. Құлақаспап пен Bluetooth құрылғысының арасын жақындатыңыз немесе олардың арасындағы кедергі заттарды алып тастаңыз.
Дыбыс сапасы, ұялы телефоннан ағынмен тасымалдау өте баяу болғанда, нашар немесе дыбыстың ағынмен тасымалдауы тіптен жұмыс істемейді.
Ұялы телефоны HSP/HFP ғана емес, бірақ сонымен қатар A2DP (ақылдасу 'Техникалық мәліметтер' бет 8) қолдайтынын тексеріңіз.
Bluetooth құрылғысындағы әуенді естимін, бірақ басқара алмаймын (мыс. ойнату/ уақытша тоқтату/алға/артқа айналдыру).
Bluetooth дыбыс көзі AVRCP (ақылдасу 'Техникалық мәліметтер' бет 8) қолдайтынын тексеріңіз.
«Google Now» қолданбасын пайдаланғаннан кейін музыка құлақаспаптың орнына мобильді телефонның динамигі арқылы ойнатыла бастайды, бірақ Bluetooth әлі қосылған, не істей аламын?
Siri/Google now түймесін қайта басыңыз, музыка құлақаспаптан ойнатылуын жалғастырады.
Барлық бастапқы құлақаспап параметрлерін қалай қалпына келтіруге болады?
Құлақаспап қуаты өшірілгенде түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз. Гарнитура қосылады, жұптастыру режиміне кіреді, содан кейін өшеді. Зауыттық параметр қалпына келеді.
Болашақта қолдау алу үшін www.philips.com/ support торабына кіріңіз.
11KK
2015 © WOOX Innovations Limited. Барлық құқықтары қорғалған.
Philips және Philips Shield Emblem — Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері және оларды WOOX Innovations Limited компаниясы Koninklijke Philips N.V. компаниясынан алған лицензия бойынша пайдаланады.
UM_SHB6250_00_UK_V1.0 wk1452
0890
Loading...