
Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз
бар ма? Philips
компаниясына
хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
SHB5850
Қолданушының нұсқасы

1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіпті
• Есту қабілетіне зақым келтірмеу үшін гарнитураны
жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану уақытын
шектеп, дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатыңыз.
Дыбыс деңгейі жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты
қысқа болады.
Гарнитураны пайдаланған кезде төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.
• Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы
уақыт аралығында тыңдаңыз.
• Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен
дыбыс деңгейін жоғары деңгейге үздіксіз
реттемеңіз.
• Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз,
айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
• Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият
болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
• Құлақаспаптардан немесе
құлаққаптардан шамадан тыс дыбыс
қысымы есту қабілетін жоғалтуға себеп
болуы мүмкін.
• Көлікті жүргізу кезінде екі құлақты
гарнитурамен жабу ұсынылмайды және
жүргізу кезінде кейбір аймақтарда
заңсыз болуы мүмкін.
• Қауіпсіздігіңіз үшін көлікте немесе басқа
да ықтимал қауіпті орталарда әуенге
немесе ұялы телефонға алаң болмаңыз.
Зақымды немесе ақаулықты болдырмау
үшін:
Ескерту
• Құлақаспаптың қатты қызып кетуін болдырмаңыз.
• Құлақаспапты түсіріп алмаңыз.
• Құлақаспапқа сұйықтық тамшыламауы немесе
шашырамауы тиіс.
• Құлақаспаптың суға батуына жол бермеңіз.
• Құрамында алкоголь, аммиак, бензин немесе зімпара
бар тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
• Егер тазалау қажет болса, өнімді тазалау үшін
жұмсақ, қажет болса, аз мөлшердегі сумен
дымқылданған немесе сабынға малынған мата
пайдаланыңыз.
• Кірістірілген батарея күн сәулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
• Батарея дұрыс ауыстырылмаса жарылу қаупі болады.
Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
Жұмыс істеу және сақтау температурасы
мен ылғалдылығы туралы
• Температурасы -15 ºC (5 ºF) және 55
ºC (131 ºF) арасындағы жерде іске
қосыңыз немесе сақтаңыз (90 %-ға дейін
салыстырмалы ылғалдылық).
• Батареяның жұмыс уақыты жоғары
немесе төмен температура
жағдайларында қысқаруы мүмкін.
1KK

2 Bluetooth
тығынқұлақаспабы
Қысқаша нұсқаулық
Сатып алынған зат құтты болсын және Philips
қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды
толық пайдалану үшін өніміңізді www.philips.
com/welcome торабында тіркеңіз.
Осы Philips сымсыз тығын-құлақаспабымен
төмендегілерді істеуге болады:
• қолайлы сымсыз хэндсфри қоңыраулары
мүмкіндігін пайдалану;
• сымсыз әуенді тыңдау немесе басқару;
• қоңыраулар мен әуен арасында ауысу.
Қораптың құрамы
Philips SHB5850 Bluetooth тығын-құлақаспабы
Ауыстырылатын резеңке құлақ қалпақтары
Басқа құрылғылар
Bluetooth байланысын қолдайтын және
құлақаспаппен үйлесімді (ақылдасу
‘Техникалық мәліметтер’ бет 6)
мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы,
ноутбук, PDA, Bluetooth адаптерлері, MP3
ойнатқыштары, т.б.).
Bluetooth тығынқұлақаспабына шолу
e
d
a
b
c
a Микрофон
b Қосу/өшіру, музыканы/қоңырауды
басқару түймесі
c Micro USB зарядтау ұяшығы
d Дыбыс деңгейін/Жолды басқару
түймесі
e ЖШД көрсеткіші
USB зарядтау кабелі (тек зарядтау үшін)
2 KK

3 Жұмысты
бастау
Құлақаспапты зарядтау
Ескертпе
• Құлақаспапты бірінші рет пайдалану алдында
оңтайлы батарея сыйымдылығы мен қызмет мерзімі
үшін батареяны 5 сағат зарядтаңыз.
• Зақым келтірмеу үшін тек бастапқы USB зарядтау
кабелін пайдаланыңыз.
• Құлақаспапты зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлақаспапты зарядтау үшін
жалғағанда құлақаспап өшеді.
Жабдықталған USB зарядтау кабелін
төмендегіге қосыңыз:
• құлақаспаптағы микро-USB зарядтау
порты және;
• компьютердің зарядтағыш/USB
порты.
» ЖШД шамы зарядтау кезінде ақ
түске ауысады және құлақаспап
толық зарядталғанда өшеді.
Кеңес
• Әдетте, толық зарядтау үшін 2 сағат кетеді.
жұптауға әрекет етсеңіз, бұрын жұпталған
құрылғы жаңасымен ауыстырылады.
1 Құлақаспаптың толық зарядталғанын
және өшірілгенін тексеріңіз.
2 Қосу/өшіру түймесін көк және ақ ЖШД
шамы кезектесіп жыпылықтағанша басып
тұрыңыз.
» Құлақаспап жұптау режимінде 5
минут болады.
3 Ұялы телефон өшірілгенін және оның
Bluetooth мүмкіндігі қосылғанын
тексеріңіз.
4 Құлақаспапты мобильді телефоныңызбен
жұптаңыз. Толық мәліметтер алу
үшін ұялы телефонның пайдаланушы
нұсқаулығына жүгініңіз.
Төмендегі мысалда құлақаспапты мобильді
телефонмен жұптау жолы көрсетіледі.
1 Ұялы телефонның Bluetooth мүмкіндігін
белсендіріп, Philips SHB5850 параметрін
таңдаңыз.
2 Егер сұралса, гарнитура құпия сөзін
«0000» (4 нөл) енгізіңіз. Bluetooth
3.0 немесе одан кейінгі нұсқасымен
жабдықталған ұялы телефондар үшін
құпия сөзді енгізудің қажеті жоқ.
10:35
Back
Settings
Devices Found
Philips SHB5850
Select
Settings
Connectivity
Bluetooth
Add
Bluetooth
device
Select
3
10:36
Back
Settings Connectivity
Enter Password
Select
10:37
****
0000
Back
Құлақаспапты мобильді
телефоныңызбен жұптау
Құлақаспапты мобильді телефонмен
бірінші рет пайдалану алдында мобильді
телефонмен жұптаңыз. Сәтті жұптау
құлақаспап пен мобильді телефон арасында
бірегей шифрланған байланысты орнатады.
Құлақаспап соңғы 4 құрылғыны жадында
сақтайды. Егер 4-ден көп құрылғыны
3KK