Қуат көзі 6
Қосу немесе өшіру 7
Дереккөзді таңдау 7
4 Ойнату 8
Bluetooth қолдайтын құрылғылардан
ойнату 8
SD картасынан немесе USB
құрылғысынан ойнату 9
Сыртқы құрылғыдан ойнату 9
FM радиосын тыңдау 10
Құлақаспап арқылы тыңдау 10
Дыбыс деңгейін реттеу 11
5 Өнім туралы ақпарат 12
Ерекшеліктер 12
USB құрылғысының ойнатылатыны
туралы мәліметтер 12
6 Ақаулықтарды жою 14
Bluetooth құрылғысы туралы 14
7 Ескерту 15
Сәйкестік 15
Қоршаған ортаны күту 15
Өнімде көрсетілген тауар белгісі 16
1KK
Page 4
1 Маңызды
ақпарат
Абайлаңыз
• Өнімнің сыртқы қабатын алуға болмайды.
• Бұл өнімнің ешбір бөлігін майлауға болмайды.
• Өнімді басқа электр құрылғыларының үстіне қоюға
тыйым салынған.
• Бұл өнімді күн сәулесі тікелей түсетін жерлерден,
ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
• Осы нұсқауларды оқыңыз.
• Барлық нұсқауларды орындаңыз.
• Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
• Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес
орнатыңыз.
• Радиаторлар, жылытқыштар, пештер
немесе жылу шығаратын басқа
құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер)
сияқты жылу көздеріне жақын
орнатпаңыз.
• Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
• Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Құрылғы қандай да бір жолмен
зақымданғанда, мысалы, құрылғыға
сұйықтық төгіліп кеткен немесе
бір заттар құлап түскенде, құрылғы
жаңбырдың астында немесе ылғалда
қалғанда, қалыпты жұмыс істемей
тұрғанда немесе құлап кеткенде қызмет
көрсету қажет.
• Батареяны күн сәулесі, от немесе сол
сияқты шамадан тыс қызудың әсеріне
ұшыратуға болмайды.
• Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
• Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Есту қауіпсіздігі
Орташа дыбыс деңгейінде тыңдаңыз.
• Құлақаспаптарды жоғары дыбыс
деңгейінде пайдалану есту қабілетіңізді
нашарлатады. Бұл өнім дыбыстарды
бір минуттан аз тыңдаған қалыпты
адамның есту қабілетінің жоғалуына
себеп болатын децибелдің ауқымда
шығарады. Жоғары децибелдік ауқымдар
есту қабілеті бұрыннан нашар адамдарға
ұсынылады.
• Дыбыс алдамшы болуы мүмкін. Уақыт
өткен сайын естуге «қолайлы деңгейіңіз»
жоғары дыбыс деңгейіне бейімделеді.
Ұзақ уақыт тыңдағаннан кейін
«қалыпты» дыбыстар қатты естілуі және
есту органдарыңызға зиянды болады.
Бұдан қорғану үшін есту органыңыз
бейімделместен бұрын дыбыс деңгейін
қауіпсіз деңгейге орнатып, солай
қалдырыңыз.
Қауіпсіз дыбыс деңгейін орнату үшін:
• Дыбыс деңгейін реттегішті төмен
параметрге орнатыңыз.
• Дыбысты жақсы және бұрмаланусыз
анық естігенге дейін баяулап көбейтіңіз.
Бірқалыпты уақыт аралығында тыңдаңыз:
• Дыбысты ұзақ уақыт, тіпті «қауіпсіз»
деңгейде тыңдау, есту қабілетінің
жоғалуына себеп болады.
• Жабдықты бірқалыпты пайдаланыңыз
және тиісті үзілістер жасаңыз.
Құлақаспап пайдаланған кезде төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.
• Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы
уақыт аралығында тыңдаңыз.
• Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен
дыбыс деңгейін реттемеңіз.
• Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз,
айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
2KK
Page 5
• Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият
болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
3KK
Page 6
2 Портативті
динамигіңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді келесі
торапта тіркеңіз: www.philips.com/welcome.
Кіріспе
Осы динамикпен келесі әрекеттерді орындай
аласыз:
• FM радио станцияларын тыңдау және
• дыбысты Micro SD картасынан, USB
құрылғыларынан, Bluetooth қосылған
құрылғылардан және басқа сыртқы
құрылғылардан тыңдау.
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
• Динамик
• Зарядтауға арналған USB кабелі
• FM антенна
• Қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы
• Қауіпсіздік және ескерту парақшасы
4KK
Page 7
Өнімге шолу
abbcdefg
h
i
j
k
l
m
a SRC
• Дыбыс көзін таңдау.
b /
• Трек таңдаңыз.
• Ойнату ішінен іздеңіз.
• FM радио стансаларын баптаңыз.
c /PAIRING
• SD, USB немесе Bluetooth режимінде
ойнатуды кідірту немесе жалғастыру
үшін басыңыз.
• Bluetooth режимінде Bluetooth
қосылымын ажырату немесе жұптау
режиміне кіру үшін үш секунд бойы
басып тұрыңыз.
• FM режимінде FM
радиостанцияларын автоматты
түрде сақтау үшін екі секунд бойы
басып тұрыңыз.
• FM режимінде алдын ала орнатылған
радиостанцияны таңдау үшін
басыңыз.
d -/+
• Дыбыс деңгейін реттеу.
e
• Өнімді қосу немесе өшіру.
f Bluetooth көрсеткіші
g Бауды тағуға арналған тесік
h DC 5V
• Кірістірілген батареяны зарядтау.
i
• Құлақаспапты жалғау.
j AUDIO IN/
• Сыртқы дыбыс құрылғысын қосу.
• FM антеннасын қосыңыз.
k Дисплейлі панель
• Ағымдағы күйді көрсету.
l
• USB құрылғысын жалғау.
m SD ұясы
• Micro SD картасын қосыңыз.
5KK
Page 8
3 Жұмысты
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден
осы құрылғының үлгі және сериялық нөмірі
сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі —
құрылғының астыңғы жағында. Осы жерге
нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір
___________________________
DC 5V
Қуат көзі
Динамик кірістірілген қайта зарядталатын
батареямен жұмыс істейді.
Ескертпе
• Пайдаланбастан бұрын кірістірілген батареяны
толығымен зарядтаңыз.
• Зарядталатын батареяның зарядтау айналымы
шектеулі. Батареяның қызмет ету мерзімі мен
зарядтау кезеңдерінің саны қолданысқа және
параметрлеріне байланысты әр түрлі болады.
Ішкі батареяны зарядтау үшін:
Жинақтағы USB кабелін төмендегіге қосыңыз:
• динамиктегі DC 5V ұясына.
• компьютердегі USB ұясына.
Батарея күйіБатарея белгішесі
( )әрекет
Батарея деңгейі төменЖыпылықтауда
Зарядтау кезіндеТұтас қосулы
Толық зарядталған
немесе зарядтау
тоқтатылған
Өшіру
6KK
Page 9
Қосу немесе өшіру
Дереккөзді таңдау
• Өнімді қосу үшін қосқышын оңға
сырғытыңыз.
» Өнім соңғы таңдалған көзге ауысады.
• Өнімді өшіру үшін қосқышты солға
сырғытыңыз.
ECO күту режиміне ауысу
SD, Audio-in немесе Bluetooth режимінде
өнім Eco standby (Эко күту) режиміне келесі
жағдайларда автоматты түрде ауысады:
• 15 минут бойы музыканы ойнату
тоқтатылса;
• 15 минут бойы ешқандай Micro SD
картасы, USB құрылғысы немесе Audio-in
кабелі қосылмаса; немесе
• Bluetooth қосылымы 15 минут бойы
ажыратулы болса.
SD/USB/Audio-in/Bluetooth режиміне оралу
үшін:
• Ойнатуды жалғастыру үшін түймесін
басыңыз; немесе
• Алдымен өнімді өшіру үшін қосқышты
сырғытыңыз, одан кейін оны қосыңыз.
Дыбыс көзін таңдау үшін SRC түймесін
қайталап басыңыз: FM тюнері, USB, SD,
Bluetooth немесе Audio-in.
7KK
Page 10
4 Ойнату
Bluetooth қолдайтын
құрылғылардан ойнату
Бұл өніммен Bluetooth қолдайтын
құрылғылардан дыбысты тыңдай аласыз.
Құрылғыны қосу
Ескертпе
• Bluetooth құрылғысының осы өніммен үйлесімді
екенін тексеріңіз.
• Құрылғыны осы өніммен жұптастырудың алдында
Bluetooth үйлесімділігіне арналған пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
• Өнім ең көбі 4 жұптасқан құрылғыны сақтай алады.
Бесінші қосылған құрылғы біріншісін ауыстырады.
• Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы
екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын тексеріңіз.
• Осы өнім мен Bluetooth құрылғысының арасындағы
кез келген кедергі жұмыс ауқымын қысқартуы
мүмкін.
• Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр
құрылғысынан алыс ұстаңыз.
• Осы өнім мен Bluetooth құрылғысы арасындағы
жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
1 Bluetooth көзін таңдау үшін SRC
түймесін қайталап басыңыз.
» [bt] белгішесі көрсетіліп,
Bluetooth көрсеткіші көк түспен
жыпылықтайды.
2 дыбыстық сигналды естігенше PAIRING
түймесін басып тұрыңыз.
» Өнім жұптауға дайын.
» Bluetooth көрсеткіші (көк)
жыпылықтайды.
3 Bluetooth құрылғыңыздағы Bluetooth
функциясын қосыңыз және Bluetooth
құрылғыларын іздеңіз.
4 Жұптастыруды және қосуды бастау үшін
құрылғыда [Philips SD700] тармағын
таңдаңыз. Қажет болса, «0000» әдепкі
құпия сөзін енгізіңіз.
» Сәтті жұптап, қосқаннан кейін,
динамик екі рет сигнал шығарады
және Bluetooth көрсеткіші тұтас көк
түске айналады.
Bluetooth
көрсеткіші
Көк түсте
жылдам
жыпылықтау
Көк түсте баяу
жыпылықтау
Көк түспен жануҚосылған
Bluetooth қолдайтын құрылғыны ажырату
үшін:
• PAIRING түймесін үш секунд бойы
басып тұрыңыз;
• Құрылғыда Bluetooth функциясын
ажыратыңыз; немесе
• құрылғыны байланыс ауқымынан тыс
жылжытыңыз.
» Өнім екі рет дыбыстық сигнал
шығарады және Bluetooth көрсеткіші
көк түспен жыпылықтайды.
Bluetooth қосылған құрылғыны қайта қосу
үшін:
• Келесіде бұл өнім Bluetooth режиміне
өткен кезде, ол соңғы қосылған
құрылғыға автоматты түрде қайта
қосылады; немесе
• Қосылуды бастау үшін Bluetooth
құрылғысындағы Bluetooth мәзірінен
«Philips SD700» тармағын таңдаңыз.
Басқа Bluetooth қосылған құрылғыны қосу
үшін:
Статус
Жаңа құрылғы жұптауға
дайын
Жұптасқан құрылғыны
қосу әрекетін қайталау
1 Қазіргі уақытта қосылған құрылғыны
ажырату үшін PAIRING түймесін үш
секунд бойы басып тұрыңыз.
» Өнім Bluetooth жұптау режиміне
өтеді.
2 Екінші Bluetooth құрылғысын қосыңыз.
8KK
Page 11
Bluetooth құрылғысынан ойнату
Сәтті Bluetooth қосылымынан кейін Bluetooth
құрылғысында дыбысты ойнатыңыз.
» Дыбыс ағыны Bluetooth
құрылғысынан өнімге жіберіледі.
• Ойнатуды кідірту немесе жалғастыру
үшін PAIRING түймесін басыңыз.
SD картасынан немесе USB
құрылғысынан ойнату
Ескертпе
• USB сақтау құрылғысында немесе Micro SD
картасында ойнатылатын дыбыстық мазмұнның бар
екенін тексеріңіз.
Micro SD картасынан ойнату
1 SD картасы көзін таңдау үшін SRC
түймесін қайталап басыңыз.
» [SD] көрсетіледі.
2 Micro SD картасын карта ұясына
салыңыз.
» Автоматты түрде ойнатыла
бастайды.
Ойнатуды басқару
USB немесе SD режимінде ойнатуды басқару
үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
ТүймеФункция
/ Алдыңғы немесе келесі жолға өту
үшін басыңыз.
Ойнату кезінде алға жылдам
айналдыру немесе артқа жылдам
айналдыру үшін басып тұрыңыз,
одан кейін ойнатуды жалғастыру
үшін босатыңыз.
Ойнатуды бастау, кідірту немесе
тоқтату үшін басыңыз.
Кездейсоқ ойнату
Ойнату кезінде және түймелерін
бірге 2 секунд бойы басып тұрыңыз.
» [ ] көрсетіледі.
» Барлық әуендер кездейсоқ ретпен
ойнатылады.
USB құрылғысынан ойнату
1 USB ресурсын таңдау үшін SRC түймесін
қайталап басыңыз.
» [USB] көрсетіледі.
2 USB құрылғысын ұясына салыңыз.
» Автоматты түрде ойнатыла
бастайды.
Сыртқы құрылғыдан ойнату
Осы өніммен MP3 ойнатқышы сияқты
сыртқы дыбыстық құрылғыны тыңдауға
болады.
1 AUX ресурсын таңдау үшін SRC
түймесін қайталап басыңыз.
2 Дыбыс кірісі кабелін 3,5 мм қосқышпен
екі ұшынан
• динамиктегі AUDIO IN ұясына.
• сыртқы құрылғыдағы құлақаспап
ұяшығына.
9KK
Page 12
3 Дыбысты құрылғыда ойнатыңыз (оның
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
3 Осы / түймесін екі секунд бойы
басып тұрыңыз.
» Өнім күшті қабылдау сигналы
бар станцияға автоматты түрде
реттеледі.
4 Көбірек радиостанцияларға реттеу үшін
3-қадамды қайталаңыз.
Станцияны қолмен реттеу үшін:
• Қабылдау жақсарғанша / түймесін
қайталап басыңыз.
FM радио станцияларын автоматты
түрде сақтау
FM радиосын тыңдау
FM радио станцияларын реттеу
Ескертпе
• Радио кедергілерді болдырмау үшін өнімді басқа
электрондық құрылғылардан ары ұстаңыз.
1 FM антеннасын AUDIO IN/ ұясына
қосыңыз.
2 FM тюнер көзін таңдау үшін, SRC
түймесін қайта-қайта басыңыз.
Ескертпе
• Ең көбі 20 алдын ала орнатылған радиостанцияны
сақтай аласыз.
FM тюнер режимінде түймесін екі секунд
басып тұрыңыз.
» Барлық қол жетімді радиостанциялар
автоматты түрде сақталады, содан
кейін бірінші сақталған радиостанция
таратылады.
Кеңес
• Автоматты түрде тексеруді тоқтату үшін /
түймесін басуыңызға болады.
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау
Алдын ала орнатылған станцияны таңдау
үшін тюнер режимінде түймесін қайтақайта басыңыз.
Құлақаспап арқылы тыңдау
Құлақаспапты өнімдегі ұясына қосыңыз.
10KK
Page 13
Дыбыс деңгейін реттеу
Ойнату кезінде дыбыс деңгейін арттыру
немесе төмендету үшін -/+ түймесін басыңыз.
Кеңес
• Дыбыс деңгейін үздіксіз арттыру немесе төмендету
үшін -/+ түймесін 2 секунд басып тұруыңызға
болады.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веббетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips
компаниясына хабарласқанда, құрылғының
жақында болуын және үлгі нөмірі мен
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз
етіңіз.
Қуат жоқ
• Батареяны қайта зарядтаңыз.
Дыбыс жоқ немесе нашар
•Осы өнімде дыбыс деңгейін реттеңіз.
•Қосылған құрылғыда дыбыс деңгейін
реттеңіз.
•Дұрыс дыбыс көзінің таңдалғанын
тексеріңіз.
Өнімнен жауап жоқ
•Өнімді қосыңыз.
•Батареяны қайта зарядтаңыз.
•Алдымен өнімді өшіріңіз, одан кейін
өнімді күту режимінен іске қосу үшін
оны қосыңыз.
Нашар радио сигналын қабылдау
•Өнім мен басқа электр құралдары
арасындағы аралықты алшақтатыңыз.
•Жақсы қабылдау үшін FM антеннасын AUDIO IN/ ұясына қосыңыз.
•Антеннаны толығымен созып, орнын
реттеңіз.
USB құрылғысына қолдау көрсетілмейді
•USB құрылғысы құрылғымен үйлесімді
емес. Басқасын қолданып көріңіз.
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы
нашар.
•Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын орналастырыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
Жұптау үшін құрылғыда SD700 іздеу сәтсіз
аяқталды.
•PAIRING түймесін үш секунд бойы
басып тұрыңыз, содан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Құрылғыға қосылу мүмкін емес.
•Құрылғының Bluetooth функциясы
қосылмаған. Функцияны қосу жолдарын
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
•Бұл өнім басқа Bluetooth функциясын
қолдайтын құрылғымен қосылып
қойылған. Бұл құрылғыны ажыратып,
әрекетті қайталаңыз.
Жұпталған құрылғы тұрақты қосылып,
ажырайды.
•Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын орналастырыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
•Кейбір құрылғыларда Bluetooth
қосылымы қуатты үнемдеу мүмкіндігі
ретінде автоматты түрде ажыратылуы
мүмкін. Бұл өнімнің бұзылғанын
білдірмейді.
14KK
Page 17
7 Ескерту
2522
Gibson Innovations тікелей рұқсат бермеген
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер
немесе түрлендірулер пайдаланушының
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы
мүмкін.
Сәйкестік
Осы құжат арқылы Gibson Innovations
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары мен
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін
мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны
www.philips.com/support сайтынан
табуыңызға болады.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EО
еуропалық директивасына сай келетін,
қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға
болмайтын батареялар бар екенін білдіреді.
Кәсіпқой зарядталмалы батареяны алуы үшін
өнімді ресми жинау орнына немесе Philips
сервистік орталығына апару ұсынылады.
Электр және электрондық өнімдер мен
зарядталмалы батареяларға арналған
жергілікті жеке жинау жүйесімен танысыңыз.
Жергілікті ережелерді орындаңыз және
өнім мен батареяларды ешқашан қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
Ескі өнімдер мен батареяларды қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге
көмектеседі.
Ескерту
• Кірістірілген батареяны шығарып алу кепілдікті
жарамсыз етеді және өнімді бұзуы мүмкін.
Ішкі батареяны алу үшін өнімді әрдайым
кәсіпқой маманға апарыңыз.
Қоршаған ортаны күту
Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/
EU еуропалық директивасы арқылы
қамтылатынын білдіреді.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық:
картон (қорап), көбік полистирол (буфер)
және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік
орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
15KK
Page 18
Өнімде көрсетілген тауар
белгісі
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері
Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының
иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып
табылады және мұндай белгілерді Gibson
әрдайым лицензияға сәйкес пайдаланады.
Басқа сауда белгілері және сауда атаулары
сәйкес иелерінің меншігі болып табылады.