1 Біріктірілген UV сүзгісі бар жарық шығару терезесі
2 Саптамалар
2A - Бетке арналған саптама: бетте жақ сүйегінен
төмен және басқа сезімтал аймақтарда
пайдалануға арналған қосымша жарық сүзгісі бар
2B - Денеге арналған саптама: мойыннан төменгі
барлық дене аймақтарына қолайлы
2C - Бикини аймағының саптамасы: бикини аймағын
тазалауға арналған арнайы сүзгі (тек SC2008)
3 Саптама ішіндегі металл жақтау
4 Қауіпсіздік жүйесі (байланыс қосқышы бар қауіпсіздік
сақинасы)
5 Жарық түймесі
6 Қарқындылық шамы (1-5)
7 ▲ Қарқынды арттыру түймесі
8 ▼ Қарқынды азайту түймесі
9 Зарядталып жатқандығын және батареясы аз екендігін
білдіретін жарық
10 Қосу/өшіру түймесі
11 «Дайын» жарығы
12 Құрал қабырға розеткасы
13 Ауа булығы
6
Кіріспе
48
hr.
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips
компаниясына қош келдіңіз
- Жарық негізіндегі түк алу — көпке созылатын нәтижемен
денедегі керексіз түкті алудың ең тиімді әдістерінің бірі.
Бұл инновациялық жарық негізіндегі түктің қайта өсуінің
алдын алу технологиясын өз үйіңізде оңаша, қалаған
уақытта және жерде қолдануға болады.
Philips Lumea Precision Plus технологиясы барлық денедегі,
оның ішінде беттегі (үстіңгі ерін, иек пен жақтағы) қажетсіз түкті
арнайы саптамамен алуға мүмкіндік береді.
- Philips Lumea Precision Plus түк алу жүйесі түк пен терінің
астындағы түктің түбіне жеңіл жарық импульстерін
қолданады. Нәтижесінде түк табиғи жолмен түсіп,
түктің қайта өсуі тежеледі.
Philips Lumea Precision Plus IPL түк алу жүйесі туралы қосымша
ақпаратты және Lumea жүйесін пайдалану жолы көрсетілген
фильмдерді www.philips.com/Lumea торабынан қараңыз.
Өніміңізді www.philips.com/welcome торабында тіркеуге де болады.
!
ҚАЗАҚША
Қолданар алдында
1 Хабардар болыңыз!
Бұл құрал барлық адамдарға арналмаған. Осы қысқаша бастау
нұсқаулығы пайдаланушы нұсқаулығын алмастырмайды.
Philips Lumea Precision Plus түк алу жүйесі сізге лайық екеніне
және қолдануыңыз қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін,
Ескертпе. Барлық күнге күю
түрлері түк алу қауіпсіздігіне ықпал
етуі мүмкін. Құралды қолданар
алдында күнге күйгеннен кейін
кемінде 48 сағат күтіңіз. Philips
Lumea Precision Plus құралын
дененің күнге күйген аймақтарына
қолданбаңыз. Қосымша ақпаратты
пайдаланушы нұсқаулығындағы
«Қараю кезіндегі кеңес»
бөлімінен қараңыз.
қолданарда пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
Philips Lumea Precision Plus жүйесін пайдаланбастан бұрын,
тері сынағын орындаңыз: түгі алынатын жерге жақын түксіз
аймақты таңдаңыз. Теріңіздің түсі үшін ұсынылатын ең төменгі
жарық күшімен бір рет жарқылдатыңыз («Пайдалану» тарауындағы
3-7 қадамды қараңыз). Параметрді ұсынылатын параметрлер
ауқымы ішінде бір деңгейден жоғарылатып отырыңыз.
Сынақтан кейін 24 сағат күтіп, теріде реакциялар бар-жоғын
тексеріңіз. Реакцияларды байқасаңыз, келесі жолы пайдалану үшін
ешқандай реакция бермеген ең жоғарғы параметрді таңдаңыз.
алғаш рет
7
2 Ұсынылатын жарық күштері кестесі:
Тері мен дене түгі түсіне сәйкес жарық күшін анықтау үшін
келесі беттегі кестені пайдаланыңыз және бұл әдістің толығымен
сізге сәйкестігін тексеріңіз.
Әдіс жоғарырақ жарық күштерінде тиімдірек болады,
дегенмен, ауырсыну немесе қолайсыздық сезілсе, жарық күшін
азайтқаныңыз жөн. Жарық күші теріге жылы немесе ыстық болып
сезілуі мүмкін, бірақ ауыртпауы тиіс.
жағдайлар» бөлімін қараңыз. Кейбір дәрі-дәрмектер мен
денсаулық жағдайлары құралды қолданған кезде кері әсер
тудыруы мүмкін.
Ұсынылған жарық қарқыны
Жоғарыдағы кестеде құралдың сізге жарамайтынын білдіреді.
8
Пайдалануға дайындау
1Құралды зарядтаңыз.
2Өңделетін аймақтарды қырыңыз.
Пайдалану
1 Саптамаларда және жарық шығатын терезеде қандай
да бір кір, түк немесе талшықтар бар-жоғын тексеріңіз.
Егер ластанған болса, оны жинақпен берілген шүберекпен
тазалаңыз.
ҚАЗАҚША
2Дұрыс саптаманы таңдаңыз
- Денеге арналған саптама
Денеге арналған саптаманы дененің мойыннан төмен,
әсіресе аяқтардағы, барлық аймақтарындағы керексіз түкті
алу үшін қолдануға болады (қолдануға болмайтын жерлерді
пайдаланушы нұсқаулығындағы «Маңызды» тарауының
«Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінен қараңыз).
Денеге арналған саптама жылдам түк алуға мүмкіндік береді.
Оны бетке қолданбаңыз.
- Бетке арналған саптама
Бетке арналған саптама қосымша біріктірілген жарық сүзгісін
қамтиды және оны беттегі, үстіңгі еріндегі, иектегі және
жақтағы керексіз түкті алу үшін пайдалануға болады.
Сондай-ақ, оны қолтықтар, бикини тұсы немесе қол
жетпейтін жерлер сияқты дененің басқа сезімтал
аймақтарында пайдалануға болады.
9
5
3
4
2
1
- Бикини тұсына арналған саптама (тек SC2008 үлгісінде)
Бикини тұсына арналған саптамада бикини тұсындағы
түкті алуға арналған арнайы сүзгі бар. Бұл саптама бикини
тұсындағы түкті тиімдірек азайтуға арналған. Ол осы
аумақтағы қатты түктерді алу үшін арнайы жасалған. Бикини
тұсына арналған саптаманы қолтықтарға да пайдалануға
болады. Бикини тұсына арналған саптаманы бетке
пайдаланбаңыз.
3Құрылғыны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
4Жарық күшін өзгерту үшін жарық күшін көбейту/азайту
түймесін жоғары немесе төмен басыңыз (1-5 аралығында).
5 Құралды саптама мен қауіпсіздік сақинасы теріге тиетіндей
етіп теріге 90° бұрышта қойыңыз.
90°
6 Қауіпсіздік сақинасын теріге ақырындап толық басыңыз.
Құралдың барлық жанасатын қосқыштары теріге тигеннен
кейін, құралдың артындағы «дайын» шамы жасыл болып
жанады.
10
7Жарқылды шығару үшін жарқыл түймесін басыңыз.
Енді сізде келесі жарқылды шығару үшін 2 параметр бар:
A Жарқыл түймесін басып тұрыңыз. Қауіпсіздік сақинасы теріге
толық тиіп тұрғанда құрал бір жарқылдан кейін екіншісін
шығарады. Құрал жарқылдаған бойдан, құралды келесі
аймаққа сырғытыңыз. Қауіпсіздік сақинасының теріге толық
басылғанын тексеріңіз.
Бұл «Жылжыту және жарқыл режимі» әсіресе аяқ сияқты үлкен
аймақтардағы түкті алғанда қолайлы.
B Әр жарқылдан кейін жарқыл түймесін босатыңыз. Келесі
жарқыл үшін құралды алдыңғы жарқыл қолданылған аймақтың
жанындағы аймаққа қойыңыз. Қауіпсіздік сақинасының теріге
толық басылғанын тексеріңіз.
Бұл «Қадам және жарқыл режимі» мысалы, үстіңгі еріндегі,
тізелердегі не тобықтағы түкті дұрыстап алуға кепілдік береді.
Ескертпе. Бірнеше секундтан кейін, құрал тағы да жарқылға
дайын болады, сондықтан ол жарқылдаған бойдан оны келесі
аймаққа міндетті түрде жылжытыңыз.
Бір сеанс кезінде бір орынды бірнеше рет өңдеуге болмайды.
Бұл түк алу тиімділігін арттырмайды, бірақ тері реакциясының
қаупін арттырады.
ҚАЗАҚША
3 cm
8 Құрал тимеген жерлер болмауы үшін теріге құралды қайта
қойғанда алдыңғы жерлермен сәйкес келуін тексеріңіз.
9Жұмысты аяқтағаннан кейін құралды өшіріңіз.
10Саптамада және/немесе жарық шығу терезесінде қандай
да бір кір болса, құралды қорапқа сақтамастан бұрын
тазалаңыз. Қажет болса, берілген шүберекті сумен
немесе тазалауға арналған жоғарғы пайызды алкогольмен
ылғалдаңыз. Қосымша ақпаратты осы нұсқаулықтағы
«Тазалау және техникалық қызмет көрсету» бөлімінен
қараңыз.
Кеңес: Ақ түсті қалам
Өңделіп қойған терінің бөлігін есте сақтауға көмектесу үшін
ақ түсті қаламмен аяқтағы бөлімдерді белгілеуіңізге болады.
11
3 cm
1 cm
1 Ақ түсті қаламды алып, аяғыңызға сызық сызыңыз. Аяқтың
24
hr.
кез келген жерінен бастаңыз және тік сызық сызыңыз.
2 Егер құралды көлденеңінен пайдалансаңыз, бірінші сызықтан
3 см қашықтықта, ал құралды тігінен пайдалансаңыз, 1 см
қашықтықта қосымша сызықтар сызыңыз.
Түк алуды бөлім-бөлімдеп орындаңыз. Сеанс кезінде үзіліс
жасағыңыз келсе, соңғы өңделген аймақты ақ түсті қаламмен жай
ғана белгілеңіз де, түк алуды кейінірек жалғастырыңыз.
Ескертпе. Тек ақ түсті қаламды пайдаланыңыз. Басқа түстер
жарықты жұтып, терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Пайдаланғаннан кейін
Түгі алынған жерлерді күнге шығару үшін кемінде 24 сағат
немесе барлық қызару белгілері кеткенше күтіңіз. Түкті алғаннан
кейін екі апта бойы түгі алынған жерлерді жауып жүріңіз немесе
күннен қорғайтын құрал (SPF 30+) қолданыңыз.
Оңтайлы нәтижелерге қол
жеткізу тәсілі
- Түкті толығымен сәтті алып тастау үшін және түк
фолликуласы қайта белсенді болуына жол бермеу үшін,
бірінші 4-5 түк алу әрекеті үшін екі апта сайын Lumea
Precision Plus жүйесін пайдаланыңыз (түктерді одан жиі алу
жылдамырақ немесе жақсырақ нәтижелер бермейді).
- Түктерді алу әрекеттерінің арасында түк табиғи жолмен
түсіп, түктің қайта өсуі тежеледі. Сонда теріңіз тегіс болады.
Терінің тегістігін қамтамасыз ету үшін түк алуды қажет кезде
қайталаңыз. Түктерді алу әрекеттерінің арасындағы уақыт
өзіңіздің түктеріңіздің қайта өсуіне қарай әртүрлі болуы,
сондай-ақ дененің әртүрлі аймақтарына қарай әртүрлі болуы
мүмкін. Ең жақсы нәтижелерді сақтау үшін түк алу әрекетін
4-8 апта сайын қайталауды ұсынамыз.
Түк алу тиімді болу үшін, әдетте алғашқы бірнеше түкті алу
-
кезінде орын алатын түктердің өсуі тоқтағанға дейін құралды
қолданар алдында түгі алынатын жерді қырып тұрыңыз.
12
Loading...
+ 26 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.