Philips PS1/12 User guide [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
PS1
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Өнім күтімі 4 Қоршаған ортаны күту 4 Анықтама және қолдау 4
2 SoundSphere DesignLine
5 Өнім сипаттамалары 18
6 Ақаулықтарды жою 19
7 Ескерту 21
Сәйкестік 21 Сауда белгілері 21
динамиктері 5
Кіріспе 5 Қораптың құрамы 5 Негізгі динамикке шолу 6 Қашықтан басқару құралына шолу 7
3 Жұмысты бастау 8
SoundSphere DesignLine
динамиктерін орамадан шығару және орнату 8
SoundSphere DesignLine
динамиктерін орнату 8 Қосу 9 Қашықтан басқару құралын дайындау 12 Қосу 12
4 SoundSphere DesignLine
динамиктерін пайдалану 14
HDMI ARC арқылы қосылған
теледидардан дыбысты ойнату 14 HDMI IN арқылы қосылған сандық
құрылғыдан дыбысты ойнату және
бейнені көру 14 Аналогтық дыбыс ұяшықтарына
қосылған сыртқы құрылғыдан
дыбысты ойнату 15 Bluetooth қолдайтын құрылғыдан
дыбысты ойнату 16 Дыбыс деңгейін реттеу 17 Алдын ала орнатылған дыбыс әсерін
таңдау 17
Қазақша
KK
1
1 Маңызды
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе, кепілдік қолданылмайды.

Қауіпсіздік

Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз
Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді. Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін корпусты алып тастамаңыз.
«Леп белгісі» жұмыс және техникалық қызмет көрсету проблемаларын болдырмау үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс мүмкіндіктерге назар аударуға шақырады.
АБАЙЛАҢЫЗ! От немесе ток соғу қауіптерін азайту үшін осы құрылғы жаңбыр немесе ылғал жерде ашық қалмауы және оның үстіне вазалар сияқты сұйықтықтармен толтырылған заттар қойылмауы тиіс.
ЕСКЕРТУ! Ток соғу қаупінің алдын алу үшін штепсельді толығымен кіргізіңіз. (Полярлы штепсельдері бар аймақтар үшін: ток соғу қаупінің алдын алу үшін штепсель мен саңылаудың жалпақ жақтарын сәйкес келтіріңіз.)
Барлық нұсқауларды орындаңыз.
Барлық ескертулерді ескеріңіз.
Бұл құрылғыны судың жанында қолданбаңыз.
Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатыңыз.
Радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе жылу шығаратын басқа құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
Қуат сымының әсіресе штепсельдік ұштарын, электр розеткаларын және олардың құрылғыдан шығатын жерлерін басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымша/ қосалқы құралдарды қолданыңыз.
Тек өндіруші көрсеткен немесе құрылғымен бірге сатылатын арбашамен, тірекпен, үштағанмен, кронштейнмен немесе үстелмен бірге пайдаланыңыз. Арбаша пайдаланылғанда, арбаша/ құрылғы екеуін жылжытқанда аударылып кетіп жарақат алмау үшін сақ болыңыз.
Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғы қандай да бір жолмен зақымданғанда, мысалы, қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалғанда, құрылғыға сұйықтық төгіліп кеткен
2 KK
немесе бір заттар құлап түскенде, құрылғы жаңбырдың астында немесе ылғалда қалғанда, қалыпты жұмыс істемей тұрғанда немесе құлап кеткенде қызмет көрсету қажет.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе құрылғының бүлінуін болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды + және - полюстерін құрылғыда белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Батареялар (батарея топтамасы немесе орнатылған) күн сәулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде батареяларды шығарып алыңыз.
Тиынға ұқсас батареяны жұтып қою қаупі бар!
• Құралда жұтуға болатын тиынға/
түймеге ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда батареяны балалардан аулақ ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі бар.
• Батареяны жұтып қойды
немесе денесінің басқа жеріне кіріп кетті деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
• Батареяны ауыстыру кезінде, барлық
жаңа және ескі батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін, батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын тексеріңіз.
• Егер батарея бөлімін жақсылап жабу мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс.
Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
Бұл құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат
сымына, штепсельге немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
Қатты қызып кету қаупі бар! Бұл құралды тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі үшін, құралдың айналасында міндетті түрде кемінде 10 сантиметр орын қалдырыңыз. Құралдағы желдеткіш тесіктердің перделер немесе басқа заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Желілік сақтандырғыш
Бұл ақпарат тек Ұлыбританияға арналған штепсельдік ұшы бар өнімдерге қатысты.
Бұл өнімде мақұлданған үлгідегі штепсельдік ұш бар. Сақтандырғышты ауыстырған жағдайда, онда төмендегілер болуы керек:
штепсельдік ұшта көрсетілген мәндер;
BS 1362 мақұлдауы; және
ASTA мақұлдау белгісі.
Қазақша
KK
3
Пайдаланылатын сақтандырғыш түрі сенімді болмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.
Ескерту: ЭМӨ директивасына сәйкес (2004/108/EC), штепсельдік ұшты қуат сымынан ажыратпаңыз.

Өнім күтімі

батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.
Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
Өнімді тек ұсақ талшықты шүберектермен тазалаңыз.

Қоршаған ортаны күту

Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке лақтыруыңызды өтінеміз.
Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.

Анықтама және қолдау

Біздің веб-сайттың www.philips.com/ support бетінен толық желілік қолдау алып, мына әрекеттерді орындаңыз:
толық пайдаланушы нұсқаулығын жүктеу;
жылдам бастау нұсқаулығын басып шығару;
бейне материалдарды қарау (тек кейбір үлгілер үшін қол жетімді);
жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) жауаптарды табу;
электрондық пошта арқылы бізге сұрақ жіберу;
қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, еліңіздегі тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға да болады. Бізге хабарласу алдында, өнімнің үлгі нөмірі мен сериялық нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің артқы немесе астыңғы жағынан таба аласыз.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын
4 KK
2 SoundSphere

Қораптың құрамы

DesignLine динамиктері
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді келесі торапта тіркеңіз: www.philips.com/welcome.
Егер тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарлассаңыз, сізден құрылғының үлгі және сериялық нөмірі сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі — құрылғының астыңғы жағында. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір ___________________________

Кіріспе

SoundSphere DesignLine динамиктері беретін мүмкіндіктер:
• HDMI ARC қосылымы арқылы ТД­дан дыбысты тыңдау.
• HDMI қосылымы арқылы приставка, DVD/Blu-ray ойнатқышы немесе ойын консолі сияқты сыртқы құрылғыдан дыбысты ойнату.
• AUX IN қосылымы арқылы сыртқы аналогтық құрылғыдан дыбысты тыңдау.
• Bluetooth қолдайтын құрылғылардан дыбысты тыңдау.
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
Always there to help you
Register your product and get support at
www.philips.com/welcome
Question? Contact Philips
Quick start guide
• 2 твитер істігін қамтитын 2 SoundSphere DesignLine динамиктері
• твитер істігін орнатуға арналған 1 әмбебап кілт және 2 бұранда
• 1 x динамик қосылым кабелі
• 1 HDMI кабелі
• 1 x айнымалы ток қуат сымы
• 1 x қашықтан басқару құралы
• Басып шығарылған материалдар
Қазақша
KK
5

Негізгі динамикке шолу

a
b c
a Твитер істігі b Қуат көрсеткіші
• Ұйқы режимінде қызыл түспен жанады.
• SoundSphere DesignLine динамиктері белсенді кезде қашықтан басқару құралын пайдалансаңыз, қызыл түспен жыпылықтайды.
• Күту режимінде немесе SoundSphere DesignLine динамиктері белсенді кезде өшеді.
c Көз көрсеткіші
• Таңдалған дыбыс көзі Bluetooth болса, көк түспен жанады.
• Таңдалған дыбыс көзі HDMI ARC болса, ақ түспен жанады.
• Таңдалған дыбыс көзі HDMI IN болса, жасыл түспен жанады.
d e f
g
k j i h
• Таңдалған дыбыс көзі AUX болса, сары түспен жанады.
d SWAP L/R
• Негізгі динамикті АТ розеткасының орнына байланысты теледидардың кез келген жағында орнату үшін сол немесе оң дыбыс арнасына ауыстыру.
e HDMI IN
• Сандық құрылғыдағы HDMI шығыс ұясына жалғау.
f HDMI OUT (ARC)
• ТД-дағы HDMI (ARC) кіріс ұяшығына жалғау.
g AC IN~
• Қуат көзіне жалғау.
h SPEAKER OUT +/-
• Берілген динамик кабелі арқылы екі динамикті қосыңыз.
6 KK
i AUX IN L/R
• Теледидардағы немесе сыртқы құрылғыдағы аналогтық дыбыс шығысы ұяшықтарына жалғау.
j APD (қосу)/ (өшіру)
• Auto Power Down (Қуатты автоматты өшіру) мүмкіндігін қосу немесе өшіру.
k
• (Басу) динамиктерді қосу немесе ұйқы режиміне өткізу.
• (3 секундтан көбірек басып тұру) күту режиміне өткізу.

Қашықтан басқару құралына шолу

a b
c d
e f
g h
j
i
b
• Музыканың дыбыс әсерін қосу.
c
• Фильмнің дыбыс әсерін қосу.
d SURR OFF/ON
• Виртуалдық көлемді дыбыс әсерін өшіру/қосу.
e (дыбыссыз)
• Дыбысты өшіру немесе қалпына келтіру.
f +/- (дыбыс деңгейі)
• Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету.
g AUX
• Дыбыс көзін AUX қосылымына ауыстыру.
h HDMI ARC
• Көзді HDMI ARC қосылымына ауыстыру. SoundSphere жүйесін HDMI ARC арқылы HDMI ARC құрылғысымен үйлесімді теледидарға қоссаңыз ғана HDMI ARC құрылғысын таңдауға болады.
i HDMI IN
• Көзді HDMI IN қосылымына ауыстыру.
j Bluetooth
• Bluetooth режиміне ауыстыру.
Қазақша
a
• (Басу) динамиктерді қосу немесе ұйқы режиміне өткізу.
• (3 секундтан көбірек басып тұру) күту режиміне өткізу.
KK
7
3 Жұмысты
бастау
Ескерту
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті бойынша орындаңыз.
2 Жинақтағы әмбебап кілт және
бұрандалар көмегімен твитер істіктерін динамиктерге орнатыңыз.
2

SoundSphere DesignLine динамиктерін орамадан шығару және орнату

Ескерту
Ашық кеңістікте твитер істіктерін орамадан
шығарыңыз және орнатыңыз.
Екі қолды пайдаланыңыз және динамиктерді
қораптан бір-бірлеп алғанда абайлаңыз.
1 Ашық кеңістікте твитер істіктерін
қораптан шығарыңыз, одан кейін динамиктерді (қаптардағы) екі қолмен шығарыңыз.

SoundSphere DesignLine динамиктерін орнату

1 АТ розеткасының орнына байланысты
динамиктерді теледидардың сол және оң жағында орнатыңыз.
2 Егер негізгі динамик теледидардың
сол жағында болса, негізгі динамиктің артындағы SWAP L/R қосқышын сол күйге сырғытыңыз.
• Егер негізгі динамик теледидардың оң жағында болса, SWAP L/R қосқышын оң күйге сырғытыңыз.
8 KK

Қосу

Бұл бөлім SoundSphere DesignLine динамиктерін теледидарға және басқа құрылғыларға қосуға көмектеседі.
SoundSphere DesignLine динамиктерінің және қосалқы құралдардың қосылымдарын орнату жолы туралы ақпаратты алу үшін, қысқаша бастау нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
Идентификатор мен жабдық рейтингтерін өнімнің
артындағы немесе төменгі жағындағы типтік кестеден қараңыз.
Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту
алдында барлық құрылғылар розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
1 Динамик коннекторларын бұрап
шығарыңыз.
2 Динамик кабелінің қызыл белгісі бар
шетін сол жақ қызыл (+) коннектор ішіне толықтай енгізіңіз.
3 Кабельге бекіту үшін сол жақ қызыл (+)
коннекторын бұраңыз.
4 Динамик кабелінің қызыл белгі жоқ
шетін сол жақ қара (-) коннектор ішіне толықтай енгізіңіз.
5 Кабельге бекіту үшін сол жақ қара (-)
коннекторын бұраңыз.
6 Динамик кабелін басқа динамиктегі
оң жақ коннекторларға қосу үшін, 2-5-қадамдарды қайталаңыз.
Қазақша
Динамик кабельдерін қосу
Ескертпе
Оңтайлы дыбыс үшін тек берілген динамиктерді
пайдаланыңыз.
Теледидарға HDMI (ARC) арқылы қосылу
SoundSphere DesignLine динамиктерін теледидарға қосыңыз. Телебағдарламалардың дыбысын SoundSphere DesignLine динамиктері арқылы тыңдай аласыз. SoundSphere DesignLine динамиктерінде және теледидарда қол жетімді сапасы ең жақсы қосылымды пайдаланыңыз.
SoundSphere DesignLine динамиктері ARC (аудио қайтару арнасы) бар HDMI қолдайды. Егер теледидар HDMI ARC үйлесімді болса, жалғыз HDMI кабелін пайдаланып, SoundSphere DesignLine динамиктері арқылы ТД дыбысын естуге болады.
KK
9
HDMI (ARC)
1 High Speed HDMI кабелін
пайдаланып SoundSphere DesignLine динамиктеріндегі HDMI OUT (ARC) ұяшығын теледидардағы HDMI ARC ұяшығына жалғаңыз.
• Теледидардағы HDMI ARC ұяшығының белгісі басқаша болуы мүмкін. Мәліметтерді теледидардың пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
2 Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз. Мәліметтерді теледидардың пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
Ескертпе
Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді болмаса,
теледидар дыбысын SoundSphere DesignLine динамиктері арқылы есту үшін, дыбыстық кабельді қосыңыз (ақылдасу 'Теледидарға немесе басқа құрылғыларға аналогтық дыбыстық кабельдер арқылы қосылу' бет 11).
Теледидардың DVI ұяшығы бар болса, теледидарға
қосылу үшін, HDMI/DVI адаптерін пайдалануға болады. Бірақ, кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
Сандық құрылғыларды HDMI арқылы жалғау
Телеприставка, DVD/Blu-ray ойнатқышы немесе ойын консолі сияқты сандық құрылғыны SoundSphere DesignLine динамиктеріне бір HDMI қосылымы арқылы қосыңыз. Құрылғыларды осылайша жалғағанда және фильмді ойнатқанда,
теледидарда бейне көрсетіледі және
дыбыс SoundSphere DesignLine динамиктерінде автоматты түрде ойнатылады.
10 KK
HDMI OUT
1 High Speed HDMI кабелі арқылы
сандық құрылғыдағы HDMI OUT ұяшығын SoundSphere DesignLine динамиктеріндегі HDMI IN ұяшығына жалғаңыз.
2 SoundSphere DesignLine динамиктерін
теледидарға HDMI OUT (ARC) арқылы қосыңыз.
• Егер ТД HDMI CEC үйлесімді болмаса, теледидарды дұрыс бейне кірісін таңдаңыз.
3 Жалғанған құрылғыда HDMI-CEC
әрекеттерін қосыңыз. Мәліметтер алу үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
HDMI (ARC)
Теледидарға немесе басқа құрылғыларға аналогтық дыбыстық кабельдер арқылы қосылу
Ескертпе
SoundSphere DesignLine динамиктері және ТД
HDMI ARC арқылы қосылған болса, бұл дыбыстық қосылым қажет емес.
Аналогтық дыбыстық кабельдер арқылы SoundSphere DesignLine динамиктеріндегі AUX IN L/R ұяшықтарын теледидардағы немесе басқа құрылғылардағы AUDIO OUT ұяшықтарына жалғаңыз.
Қуатты қосу
Ескерту
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі
құрылғының төменгі жағында басылған кернеуге сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Ток соғу қаупі бар! АТ адаптерін ажыратқанда,
ашаны әрқашан розеткадан суырыңыз. Сымды ешқашан тартпаңыз.
АТ қуат сымын қоспастан бұрын, барлық басқа
қосылымдарды аяқтағаныңызды тексеріңіз.
Қазақша
KK
11
АТ қуат сымын мынаған жалғаңыз
• негізгі динамиктің артқы жағындағы AC IN~ ұяшығына және
• розеткаға.

Қашықтан басқару құралын дайындау

Ескерту
Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан,
күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз. Батареяларды отқа тастамаңыз.
Алғаш қолдану үшін:
Қашықтан басқару құралының батареясын іске қосу үшін қорғаныш тілшікті алыңыз.
Қашықтан басқару құралының батареясын ауыстыру үшін:
Ескертпе
Қашықтан басқару құралындағы қандай да бір
функция түймесін басарда, алдымен негізгі құрылғымен емес, қашықтан басқару құралымен тиісті сигнал көзін таңдаңыз.
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз, батареясын шығарып алыңыз.
Жақсы қабылдау үшін қашықтан басқару құралын
негізгі динамиктің алдыңғы жағындағы IR сенсорына тікелей бағыттаңыз.

Қосу

түймесін басыңыз.
» SoundSphere DesignLine динамиктері
соңғы таңдалған көзге ауысады.
» Көз көрсеткіші сәйкес түспен
жанады.
Ұйқы режиміне ауысу
SoundSphere DesignLine динамиктерін ұйқы режиміне ауыстыру үшін, түймесін қайтадан басыңыз.
» Көз көрсеткіші өшіп тұрғанда қуат
көрсеткіші қызыл түспен жанады.
1 Батарея бөлімін ашыңыз. 2 Бір CR2032 батареясын көрсетілгендей
полюстерін дұрыс қаратып (+/-) салыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.
12 KK
Кеңес
SoundSphere DesignLine динамиктерін ұйқы
режимінен қайтадан қосу үшін, HDMI ARC арқылы қосылған теледидардың қашықтан басқару құралында қуат пернесін басуға да болады.
Ұйқы режимінде HDMI (ARC) арқылы қосылған
теледидарды қосқанда SoundSphere DesignLine динамиктері автоматты түрде оянады.
Күту режиміне ауысу үшін:
/ түймесін үш секундтан артық басып тұрыңыз.
» Қуат көрсеткіші өшеді.
Қуатты автоматты өшіру мүмкіндігін белсендіру үшін:
Негізгі динамиктің артындағы APD қосқышын төмен басыңыз ( : қосу; : өшіру).
» 30 минут бос тұрғаннан кейін
SoundSphere DesignLine динамиктері күту режиміне автоматты түрде өтеді.
Кеңес
Күту режимінен ояту үшін, негізгі динамикте немесе
SoundSphere DesignLine динамиктерінің қашықтан басқару құралында түймесін басуға болады.
Қазақша
KK
13
4 SoundSphere
DesignLine
» ТД дыбысын SoundSphere DesignLine
динамиктері арқылы тыңдай аласыз.
динамиктерін пайдалану
Бұл бөлім қосылған құрылғылардан дыбысты ойнату үшін, SoundSphere DesignLine динамиктерін пайдалануға көмектеседі.

HDMI ARC арқылы қосылған теледидардан дыбысты ойнату

1
TV
TV
HDMI
HDMI (ARC)
AV
2
1 SoundSphere DesignLine динамиктері
теледидарға HDMI ARC арқылы қосылғанын тексеріңіз (ақылдасу 'Теледидарға HDMI (ARC) арқылы қосылу' бет 9).
2 HDMI шығысы (ARC) көзін таңдау
үшін, динамиктердің қашықтан басқару құралында HDMI ARC түймесін басыңыз.
» Негізгі динамиктегі көз көрсеткіші ақ
түспен жанады.
3 Теледидарда дұрыс көзді таңдаңыз
(толығырақ мәліметті теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).

HDMI IN арқылы қосылған сандық құрылғыдан дыбысты ойнату және бейнені көру

HDMI OUT
HDMI
AV TV
HDMI (ARC)
2
1 Сандық құрылғы және ТД SoundSphere
DesignLine динамиктерінің HDMI IN және HDMI OUT (ARC) шығыстарына қосылғанын тексеріңіз (ақылдасу 'Сандық құрылғыларды HDMI арқылы жалғау' бет 10).
2 HDMI кіріс көзін таңдау үшін,
динамиктердің қашықтан басқару құралында HDMI IN түймесін басыңыз.
» Негізгі динамиктегі көз көрсеткіші
жасыл түспен жанады.
3 Теледидарда дұрыс көзді таңдаңыз
(толығырақ мәліметті теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
» Сандық құрылғы дыбысын
SoundSphere DesignLine динамиктері арқылы тыңдай аласыз. Оған қоса сандық құрылғыдағы бейнені ТД экранында көре аласыз.
1
TV
14 KK
Аналогтық дыбыс
T
ұяшықтарына қосылған сыртқы құрылғыдан дыбысты ойнату
4 Сыртқы құрылғыдағы дыбысты ойнату
(сыртқы құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
» Сыртқы құрылғы дыбысын
SoundSphere DesignLine динамиктері арқылы тыңдай аласыз.
Қазақша
2
1
TV
AV
V
HDMI
1 Сыртқы құрылғы (мысалы,
ТД) SoundSphere DesignLine динамиктеріндегі AUX IN ұяшықтарына қосылғанын тексеріңіз (ақылдасу 'Теледидарға немесе басқа құрылғыларға аналогтық дыбыстық кабельдер арқылы қосылу' бет 11).
2 AUX көзін таңдау үшін, динамиктердің
қашықтан басқару құралында AUX түймесін басыңыз.
» Негізгі динамиктегі көз көрсеткіші
сары түспен жанады.
3 Егер сыртқы құрылғы ТД болса,
теледидарда дұрыс көзді таңдаңыз (толығырақ мәліметті теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Dolby түнгі режимін қосу/өшіру
Dolby түнгі режимі, сонымен бірге DRC (динамикалық ауқымды бақылау) деп аталады, тыныш дыбысты немесе толығымен динамикалық дыбысты таңдауға мүмкіндік береді. Dolby түнгі режимі қосулы болса, қатты дыбыстың дыбыс деңгейі азайтылады, ал жұмсақ дыбыстың (мысалы, сөйлеу) дыбыс деңгейі көбейтіледі.
Dolby түнгі режимін қосу үшін:
AUX көзінде , SURR ON және түймелерін 3 секунд ішінде ретпен басыңыз.
» Қуат және көз көрсеткіштерінің
екеуі де бір уақытта екі рет жыпылықтайды.
» Динамиктерден тыныш дыбысты
естисіз.
Dolby түнгі режимін өшіру үшін:
AUX көзінде , SURR ON және түймелерін 3 секунд ішінде ретпен қайтадан басыңыз.
» Қуат және көз көрсеткіштерінің
екеуі де бір уақытта үш рет жыпылықтайды.
» Динамиктерден толық динамикалық
дыбысты естисіз.
Кеңес
Динамиктер өшіп, қайта қосылғаннан кейін Dolby
түнгі режимі автоматты түрде өшеді.
15
KK

Bluetooth қолдайтын құрылғыдан дыбысты ойнату

SoundSphere DesignLine динамиктерін Bluetooth қолдайтын құрылғыға (мысалы, iPad, iPhone, iPod touch, Android телефоны немесе ноутбук) жалғаңыз, сонда құрылғыда сақталған дыбыстық файлдарды SoundSphere DesignLine динамиктері арқылы тыңдай аласыз.
Қажетті әрекеттер
A2DP Bluetooth профилін қолдайтын және 2.1 + EDR Bluetooth нұсқасы бар Bluetooth құрылғысы.
SoundSphere DesignLine динамиктері мен Bluetooth құрылғысы арасындағы жұмыс ауқымы — шамамен 10 метр.
» Негізгі динамиктегі көз көрсеткіші
көк түспен үздіксіз жанады.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз, қосылымды бастау үшін, Philips PS1 деп іздеп, таңдаңыз (Bluetooth функциясын қосу жолы туралы Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
• Құпия сөз сұралғанда, «0000» мәнін енгізіңіз.
3 Көз көрсеткіші үздіксіз көк болып
жанғанша және SoundSphere DesignLine динамиктерінен сигнал дыбысын естігенше күтіңіз.
4 Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап, ойнатыңыз.
Кеңес
Ойнату кезінде кіріс қоңырау келсе, музыканы
ойнату уақытша тоқтайды. Қоңырау аяқталған кезде ойнату жалғасады.
Bluetooth құрылғысынан шығу үшін, басқа көзді таңдаңыз.
2
Philips PS1
1 SoundSphere DesignLine динамиктерін
Bluetooth режиміне ауыстыру үшін, қашықтан басқару құралындағы Bluetooth түймесін басыңыз.
16 KK
Кеңес
Bluetooth режиміне қайта ауысқанда Bluetooth
қосылымы белсенді болып қалады.
Ескертпе
Музыка ағыны құрылғы мен SoundSphere DesignLine
динамиктері арасындағы қабырға, құрылғыны жабатын металл корпус немесе бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын жердегі басқа құрылғылар сияқты кедергілерден үзілуі мүмкін.
Егер SoundSphere DesignLine динамиктерін басқа
Bluetooth қолдайтын құрылғымен қосу керек болса,
Bluetooth түймесін 3 секунд бойы басып тұрыңыз,
одан кейін түймесін басып, Bluetooth қосылымын қайта орнатыңыз.
Philips компаниясы барлық Bluetooth
құрылғыларымен 100% үйлесімділікке кепілдік бермейді.

Дыбыс деңгейін реттеу

Дыбыс деңгейін арттыру немесе азайту үшін, +/- (дыбыс деңгейі) түймесін басыңыз.
• Дыбысты өшіру үшін, (дыбысты
өшіру) түймесін басыңыз.
» Негізгі динамиктегі қуат
көрсеткіші баяу қызыл түспен жыпылықтайды.
• Дыбысты қалпына келтіру үшін,
(дыбысты өшіру) түймесін қайтадан басыңыз немесе +/- (дыбыс деңгейі) түймесін басыңыз.

Алдын ала орнатылған дыбыс әсерін таңдау

Ойнату кезінде музыка немесе фильм дыбысының әсерін таңдау үшін, немесе
түймесін басыңыз.
Виртуалдық көлемді дыбыс шығысының көмегімен шынайы дыбыс тәжірибесін алу үшін:
Көлемді дыбыс әсерін қосу үшін, SURR ON түймесін басыңыз.
Виртуалдық көлемді дыбыс әсерін өшіру үшін, SURR OFF түймесін басыңыз.
Қатаң дыбыс әсерін алу үшін:
3 секунд ішінде , , SURR ON және SURR OFF түймелерін ретпен басыңыз.
Қатаң дыбыс әсерін өшіру үшін, немесе
түймесін басыңыз.
Қазақша
KK
17
5 Өнім
сипаттамалары
Ескертпе
Техникалық сипаттамалар және дизайн ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Күшейткіш
Қуат спецификациясы: 2 x 100 Вт @ 0,1% THD
Жиілік жауабы: 20 Гц - 20 кГц +0 дБ /
-1 дБ
Сигнал/бұрмалану қатынасы: ≥ 90 дБА (A өлшенген)
Кіріс сезімталдық:
• AUX: 1000 мВ ± 200 мВ 22 кОм
Bluetooth
Қашықтан басқару құралының батареялары
1 x CR2025
Bluetooth нұсқасы: V2.1 + EDR
Жиілік диапазоны: 2,402-2,480 ГГц ISM диапазоны
Ауқым: 10 м (бос кеңістік)
Негізгі бөлік
Қуат көзі: 220-240 В~, 50/60 Гц
Қуатты тұтыну: 52 Вт
Күту режиміндегі қуат тұтыну: < 0,5 Вт
Дауыс зорайтқыш жүйесінің кедергісі: 4 Ом
Динамик бағыттағыштары: 6,5 дюймдік сабвуфер + 25 мм VC твитер
Өлшемдер (Е x Б x Қ) (әр динамик): 345,1 x 381,4 x 1104,3 мм
Салмағы: орамамен бірге 37 кг
18 KK
6 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
Ток соғу қаупі. Өнімнің корпусын ешқашан алмаңыз.
Негізгі динамиктегі көз көрсеткіші сары түспен үздіксіз жанады.
SoundSphere DesignLine динамиктеріндегі HDMI IN ұяшығын сандық құрылғыдағы HDMI шығысы ұяшығына дұрыс жалғағаныңызды тексеріңіз (ақылдасу 'Сандық құрылғыларды HDMI арқылы жалғау' бет
10).
Қазақша
Кепілдік жарамдылығын сақтау үшін өнімді ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Егер осы өнімді пайдалануды мәселелер бар болса, қызметті сұрау алдында мыналарды тексеріңіз. Егер мәселе әлі бар болса, www. philips.com/support бетінде қолдау алыңыз.
Негізгі бөлік
SoundSphere DesignLine динамиктеріндегі түймелер жұмыс істемейді.
SoundSphere DesignLine динамиктерін қуат көзінен бірнеше минутқа ажыратыңыз да, қайтадан қосыңыз.
HDMI
Негізгі динамиктегі көз көрсеткіші ақ түспен үздіксіз жыпылықтайды.
SoundSphere DesignLine динамиктерін теледидарда ARC HDMI емес ұяшықтарға жалғаған болуыңыз мүмкін. Дұрыс HDMI ARC ұяшығына жалғаңыз (ақылдасу 'Теледидарға HDMI (ARC) арқылы қосылу' бет 9).
ТД-дағы HDMI ARC немесе CEC параметрлері өшірілген болуы мүмкін. Осы мүмкіндіктер қосылып тұрғанын тексеріңіз (мәліметтерді ТД нұсқаулығынан қараңыз).
Дыбыс
SoundSphere DesignLine динамиктерінен дыбыс шықпайды.
SoundSphere DesignLine динамиктерінің дыбыстық кабелін теледидарға немесе басқа құрылғыларға жалғаңыз. Бірақ, мына жағдайда бөлек дыбыстық қосылым қажет емес:
• SoundSphere DesignLine динамиктері
және ТД HDMI ARC қосылымы арқылы жалғанған немесе
• құрылғы SoundSphere DesignLine
динамиктеріндегі HDMI IN коннекторына жалғанған.
Қашықтан басқару құралында дұрыс дыбыс кірісін таңдаңыз.
SoundSphere DesignLine динамиктерінің дыбысы өшірілмегенін тексеріңіз.
Бұрмаланған дыбыс немесе жаңғырық.
Егер теледидар дыбысын SoundSphere DesignLine динамиктері арқылы ойнатсаңыз, теледидардың үні өшіп тұрғанын тексеріңіз.
KK
19
Bluetooth
Құрылғы SoundSphere DesignLine динамиктеріне қосыла алмайды.
Құрылғы SoundSphere DesignLine динамиктеріне қажет үйлесімді профильдерді қолдамайды.
Құрылғының Bluetooth функциясын қоспағансыз. Функцияны қосу жолын құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Құрылғы дұрыс қосылмаған. Құрылғыны дұрыстап қосыңыз (ақылдасу 'Bluetooth қолдайтын құрылғыдан дыбысты ойнату' бет 16).
SoundSphere DesignLine динамиктері басқа Bluetooth құрылғысына жалғанған. Bluetooth қосылымын қайта орнату үшін,
Bluetooth түймесін 3 секунд бойы басып тұрыңыз да, түймесін басыңыз, одан кейін әрекетті қайталаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысынан дыбыс ойнату сапасы нашар.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны SoundSphere DesignLine динамиктеріне жақынырақ жылжытыңыз немесе құрылғы және SoundSphere DesignLine динамиктері арасындағы кедергіні алыңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысы тұрақты түрде қосылады және ажыратылады.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны SoundSphere DesignLine динамиктеріне жақынырақ жылжытыңыз немесе құрылғы және SoundSphere DesignLine динамиктері арасындағы кедергіні алыңыз.
Кедергіні болдырмау үшін Bluetooth құрылғысындағы Wi-Fi функциясын өшіріңіз.
Кейбір Bluetooth құрылғылары үшін қуатты үнемдеу мақсатында Bluetooth қосылымын автоматты түрде ажыратуға болады. Бұл SoundSphere DesignLine динамиктерінде қандай да бір ақаулық бар екенін көрсетпейді.
Кодтау пішімі өзгергенде қандай да бір көрсеткіш көрінеді ме?
Кіріс кодтау пішімі HDMI ұяшығында өзгеретіндіктен, динамиктердегі көз көрсеткіші сәйкесінше жыпылықтайды. Динамиктер кодтау пішімінің өзгерісін анықтамаса, көз көрсеткіші бар күйінде қалады.
• Динамиктер DTS ағынын
анықтағанда көз көрсеткіші үш рет жыпылықтайды.
• Динамиктер Dolby жүйесін
анықтағанда көз көрсеткіші екі рет жыпылықтайды.
20 KK

7 Ескерту

Бұл бөлімде заңдық және сауда белгілерге қатысты ескертулер берілген.

Сәйкестік

АҚШ лицензиясына сай жасалған. Патент нөмірлері: 5,956,674; 5,974,380; 6,487,535 және басқа АҚШ. шығарылған және аяқталмаған АҚШ пен дүние жүзі патенттері. DTS, таңба және DTS және таңба бірге — тіркелген сауда белгілері және DTS Digital Surround және DTS логотиптері — DTS, Inc. корпорациясының сауда белгілері. Өнімге бағдарламалық құрал кіреді. DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.
Қазақша
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
Осы құжат арқылы Philips Consumer Lifestyle компаниясы осы динамиктің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді.
Еуропа Қауымдастығының сәйкестік туралы мәлімдемесінің көшірмесін «www.philips.com/support» торабында пайдаланушы нұсқаулығының PDF пішімді нұсқасынан көруге болады.
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында
орналасқан.

Сауда белгілері

Philips және Philips Shield Emblem — Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері және оларды WOOX Innovations Limited компаниясы Koninklijke Philips N.V. компаниясынан алған лицензия бойынша пайдаланады.
Dolby зертханаларынан алынған лицензия бойынша жасалған. «Dolby» және қос «D» таңбасы Dolby Laboratories сауда белгілері болып табылады.
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері
Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және мұндай белгілерді Philips әрдайым лицензияға сәйкес пайдаланады.
© 2013 CSR plc және оның компаниялар тобы.
aptX® белгісі мен aptX логотипі — CSR plc немесе оның компаниялар тобының бірінің сауда белгісі және олар бір немесе бірнеше юрисдикцияда тіркелген болуы мүмкін.
HDMI мен HDMI High-Denition Multimedia Interface сөз тіркестері және HDMI белгісі Америка Құрама Штаттарындағы немесе басқа елдердегі HDMI Licensing ЖШҚ сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
KK
21
Specications are subject to change without notice. 2013 © WOOX Innovations Limited. All rights reserved. This product was brought to the market by WOOX Innovations Limited or one of its afliates, further referred to in this document as WOOX Innovations, and is the manufacturer of the product. WOOX Innovations is the warrantor in relation to the product with which this booklet was packaged. Philips and the Philips Shield Emblem are
registered trademarks of Koninklijke Philips N.V.
PS1_UM_12_V2.0
Loading...