PHILIPS HTL5120 User Manual [kk]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
νΟί "3KLOLSV  ί
νΟί "3KLOLSV  ί
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
HTL5120
Қолданушының нұсқасы

Мазмұндар кестесі

1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Өнім күтімі 3 Қоршаған ортаны күту 3 Анықтама және қолдау 4
2 Сіздің SoundBar жүйеңіз 5
Негізгі бөлік 5 Қашықтан басқару пульті 5 Қосқыштар 6
3 Қосу 8
Теледидарға жалғау 8 Сандық құрылғыларды HDMI
арқылы жалғау 8
Дыбысты теледидардан және басқа
құрылғылардан қосу 9
4 SoundBar жүйесін пайдалану 10
Дыбыс деңгейін реттеу 10 Дыбысты таңдау 10 MP3 ойнатқышы 11 Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату 11 Автоматты күту режимі 12 Зауыттық параметрлерді қолдану 12
5 SoundBar жүйесін қабырғаға
орнату 13
Қабырғаға орнату 13
6 Өнім сипаттамалары 14
7 Ақаулықтарды жою 15
8 Ескерту 17
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе, кепілдік қолданылмайды.

Қауіпсіздік

Электр тоғының соғу немесе өрт шығу қаупі бар!
• Өнімге немесе оның қосалқы құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Өнімді және қосалқы құралдарды оттың немесе басқа қызу көздерінің жанына, соның ішінде тікелей күн сәулесіне қоймаңыз.
• Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
• Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
• Найзағайлы бораннан бұрын өнімді розеткадан ажыратып қойыңыз.
• Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан кабелінен емес, әрдайым ашасынан тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
• Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу басқа болса, өнімді розеткаға қосушы болмаңыз.
Жарақаттану немесе SoundBar жүйесіне зақым келу қауіпі бар!
• Қабырғаға ілінетін өнімдерді тек жинақпен берілген қабырға кронштейнімен іліңіз. Қабырға кронштейнін өнім мен қабырға кронштейнінің салмағын ұстап тұра алатын қабырғаға орнатыңыз. WOOX Innovations қабырғаға дұрыс орнатылмау салдарынан апатқа, адамның жарақаттануына немесе зақымдануға жауапкершілік артпайды.
• Өнімді немесе басқа заттарды қуат сымдарының немесе электр жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
• Өнім 5 °C градустан төмен температурада тасымалданған болса, оны қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға жалғамай тұрып, бөлме температурасына дейін жылынуын күтіңіз.
• Осы өнімнің бөлшектері әйнектен жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
• Бұл өнімді тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің айналасында міндетті түрде кемінде 10 сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі желдеткіш тесіктердің перделер немесе басқа заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Ластану қаупі!
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртек және сілті, т.б.).
• Батареяны қайта қате салса, жарылыс қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
• Батареялардың заряды таусылған немесе қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяларды шығарыңыз.
• Ішінде химиялық заттар бар болғандықтан, батареяларды дұрыс тастау керек.
2 KK
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
• Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда батареяны балалардан аулақ ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі бар.
• Батареяны жұтып қойды немесе денесінің басқа жеріне кіріп кетті деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
• Батареяны ауыстыру кезінде, барлық жаңа және ескі батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін, батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын тексеріңіз.
• Егер батарея бөлімін жақсылап жабу мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, өндірушіге хабарласыңыз.

Қоршаған ортаны күту

Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш жерге қосу қамтамасыз етілмеген II СЫНЫПТЫ жабдық.

Өнім күтімі

Өнімді тек ұсақ талшықты шүберектермен тазалаңыз.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды. Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
3KK

Анықтама және қолдау

Кеңейтілген онлайн қолдауын алу үшін келесі www.philips.com/support торабына кіріңіз:
• пайдаланушы нұсқаулығы мен жылдам бастау нұсқаулығын жүктеп алу;
• бейне материалдарды қарау (тек кейбір үлгілер үшін қол жетімді);
• жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) жауаптарды табу;
• электрондық пошта арқылы бізге сұрақ жіберу;
• қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға да болады. Хабарласу алдында, өнімнің моделі мен сериялық нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің артқы немесе астыңғы жағынан таба аласыз.
4 KK
2 Сіздің
SoundBar жүйеңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін SoundBar жүйесін www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.

Негізгі бөлік

Бұл бөлімде негізгі құрылғыға шолу жасалады.
Bluetooth
a (Күту режимі қосылды/Күту
режимінің көрсеткіші)
• SoundBar жүйесін қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
• SoundBar жүйесі күту режимінде
болғанда күту режимінің көрсеткіші қызыл болады.
b Дыбыс деңгейінің көрсеткіші/Көз
көрсеткіштері
Дыбыс деңгейі өзгертілген кезде, дыбыс деңгейінің көрсеткіштері дыбыс деңгейін көрсету үшін жанады. Көз таңдалған кезде көз көрсеткіші жанады.
HDMI ARC: Кіріс көзі ретінде HDMI
ARC таңдалған кезде жанады. таңдалған HDMI ARC көзінен
ешқандай дыбыс анықталмаған кезде немесе қолдау көрсетілмейтін дыбыс пішімі анықталған кезде жыпылықтайды.
HDMI 1: кіріс көзі ретінде HDMI IN 1 таңдалған кезде жанады. Dolby дыбысын ойнатқанда бес секундқа жыпылықтайды.
HDMI 2: кіріс көзі ретінде HDMI IN 2 таңдалған кезде жанады. DTS дыбысын ойнатқанда бес секундқа жыпылықтайды.
OPTICAL: Оптикалық кіріс көзіне ауысқан кезде жанады.
AUX/Bluetooth: Аналогтық кіріс көзіне ауысқан кезде жанады. Bluetooth режиміне ауыстырылғанда жыпылықтайды.
COAXIAL: Коаксиалдық кіріс көзіне ауысқан кезде жанады.
c Дыбыс деңгейінің көрсеткіші/В. SURR
көрсеткіші
• Дыбыс деңгейі өзгертілген кезде, дыбыс деңгейінің көрсеткіштері дыбыс деңгейін көрсету үшін жанады.
• Виртуалды көлемді дыбыс таңдалғанда жанады.
d Дыбыс деңгейінің көрсеткіші/MUSIC
iLINK көрсеткіші
• Дыбыс деңгейі өзгертілген кезде, дыбыс деңгейінің көрсеткіштері дыбыс деңгейін көрсету үшін жанады.
• Кіріс көзі ретінде MUSIC iLINK таңдалған кезде жанады.

Қашықтан басқару пульті

Бұл бөлімде қашықтан басқару құралына шолу жасалады.
5KK
Loading...
+ 13 hidden pages