
Саундбар
HTL3325
Пайдаланушы
нұсқаулығы
Мына сайтта өніміңізді тіркеңіз және қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome

Мазмұны
1 Маңызды 4
Анықтама және қолдау 4
Қауіпсіздік 4
Өнімді күту 5
Қоршаған ортаны күту 5
Пайдаланушыларға арналған FCC
сақтық ескертуі және IC мәлімдесі
(тек АҚШ және Канада) 6
Талаптарға сәйкестік 6
2
Саундабарыңыз 7
Негізгі блок 7
Сымсыз сабвуфер 7
Қашықтан басқару құралы 7
Жалғағыштар 8
Қашықтан басқару құралын
дайындау 9
Орналастыру 9
3 Қосылу 10
HDMI (ARC) ұяшығына қосылу 10
Оптикалық ұяшыққа қосылу 10
AUX ұяшығына қосылу 10
Қуатқа қосылу 11
Сабвуфермен жұптастыру 11
5 Қабырғаға бекіту 14
6 Өнімнің техникалық
сипаттамалары 15
7
Ақаулықтарды
жою 16
Қазақша
4 Саундбарды пайдалану 12
Қосу және өшіру 12
Автоматты күту режимі 12
Режимдерді таңдау 12
Эквалайзер (EQ) әсерін таңдау 12
Дыбыс деңгейін реттеу 13
Bluetooth функциясын пайдалану 13
AUX / OPTICAL / HDMI ARC
ұяшықтарын пайдалану 13
USB функциясын пайдалану 14
3

1 Маңызды
Өнімді пайдалану алдында барлық нұсқауларды
оқып, түсініңіз. Зақымды нұсқауларды орындамау
тудырса, кепілдік қолданылмайды.
Анықтама және қолдау
Кеңейтілген онлайн қолдау алу үшін
www.philips.com/welcome бетіне мына
әрекеттерді орындау үшін кіріңіз:
• пайдаланушы нұсқаулығын және қысқаша
бастау нұсқаулығын жүктеп алу
• бейне оқулықтарды көру (тек кейбір үлгілер
үшін қолжетімді)
• жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС)
жауаптарды табу
• бізге сұрақты электрондық хабармен жіберу
• қолдау бөлімінің өкілімен сөйлесу.
Тілді таңдау үшін веб-сайттағы нұсқауларды
орындаңыз, содан кейін өнім үлгісінің нөмірін
енгізіңіз.
Я болмаса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласа аласыз. Хабарласу
алдында өніміңіздің үлгі нөмірін және сериялық
нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өніміңіздің
артқы немесе төменгі жағында таба аласыз.
Қауіпсіздік
Ток соғу немесе өрт қаупі бар!
• Кез келген байланыстарды орнату немесе
өзгерту алдныда барлық құрылғылар
розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
• Өнімге және қосалқы құралдарға жаңбырдың
немесе судың әсерін ешқашан тигізбеңіз.
Өнімның жанына вазалар сияқты сұйықтық
контейнерлерін ешқашан қоймаңыз. Өнімге
немесе оның ішіне сұйықтықтар төгілсе, оны
розеткадан дереу ажыратыңыз. Пайдалану
алдныда өнімді тексеруі үшін тұтынушыларды
қолдау орталығына хабарласыңыз.
• Өнімді және аксессуарларды ашық оттың
немесе басқа жылу көздерінің жанында,
соның ішінде тік күн жарығының астында
ешқашан қоймаңыз.
• Өнімдегі желдету саңылауларына немесе
басқа саңылауларға заттарды ешқашан
салмаңыз.
• Желілік аша немесе құрылғы
жалғастырғышы ажырату құралы
ретінде пайдаланғанда, ажырату құралы
пайдалануға дайын болуы керек.
• Батареяға (батареялар жинағы немесе
батареялар орнатылған) күн жарығы, от
немесе сол сияқтылардың артық жылу
әсерін тигізбеу керек.
• Найзағайлардың алдында өнімді розеткадан
ажыратыңыз.
• Қуат сымын ажырату кезінде кабельден
ешқашан тартпаңыз, әрқашан ашадан
тартыңыз.
Қысқа тұйықталу немесе өрт қаупі бар!
• Идентификацияны және қуат көзінің
көрсеткіштерін өнімнің артқы немесе
төменгі жағындағы түр тақтайшасында
қараңыз.
• Өнімді розеткаға қосу алдында қуат
кернеуі өнімнің артқы немесе төменгі
жағында басылған мәнге сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз. Кернеу басқа болса, өнімді
розеткаға ешқашан қоспаңыз.
Жарақат алу немесе осы өнімнің
зақымдалуы қаупі бар!
• Қабырғаға бектіу үшін бұл өнімді орнату
туралы нұсқауларға сай қабырғаға берік
түрде бекіту керек. Тек жинақтағы қабырғаға
бекіту кронштейнін (қолжетімді болса)
пайдаланыңыз. Қабырғаға тиісті емес бекіту
сәтсіз жағдайға, жарақатқа немесе зақымға
әкелуі мүмкін. Кез келген сұрауыңыз
болса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
• Қуат сымдарына немесе басқа электр
жабдыққа өнімді немесе заттарды ешқашан
қоймаңыз.
• Егер өнім 5°C-тан төмен температураларда
тасымалданса, өнімді орауыштан
шығарыңыз және розеткаға қосу
алдында оның температурасы бөлме
температурасымен бірдей болғанша күтіңіз.
• Бұл өнімнің бөліктері шыныдан жасалуы
мүмкін. Жарақатты және зақымды
болдырмау үшін ақырын ұстаңыз.
4

Қызып кету қаупі бар!
• Бұл өнімді тр кеңістікте ешқашан
орнатпаңыз. Желдету үшін өнімнің
айналасында әрқашан кемінде төрт дюйм
кеңістік қалдырыңыз. Өнімдегі желдету
жаңылауларын перделердің немесе басқа
заттардың ешқашан жаппауын қамтамасыз
етіңіз.
Ластану қаупі бар!
• Батареяларды (ескі және жаңа немесе
көміртекті және сілтілі, т.б.) араластырмаңыз.
• САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: батареялар дұрыс емес
ауыстырылса, жарылыс қаупі бар. Тек бірдей
немесе баламалы түріне ауыстырыңыз.
• Таусылған болса немесе қашықтан басқару
құралы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
батареяларды шығарыңыз.
• Батареялар химиялық заттарды қамтиды,
оларды қоқысқа тиісті түрде лақтыру керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
• Өнім/қашықтан басқару құралы жұтылуы
мүмкін тиын/түймешік түріне жататын
батареяны қамтуы мүмкін. Батареяны
әрқашан балалардан аулақ ұстаңыз!
Жұтылса, батарея ауыр жарақатқа немесе
өлімге әкелуі мүмкін. Жұтқаннан кейін екі
сағат ішінде қатты ішкі күйіктер орын алуы
мүмкін.
• Батарея жұтылған немесе дененің кез келген
бөлігінің ішіне қойылған деп күдіктенсеңіз,
дереу медициналық көмек алыңыз.
• Батареяларды ауыстырғанда, әрқашан
барлық жаңа және пайдаланылған
батареяларды балалардан аулақ ұстаңыз.
Батареяны ауыстырғаннан кейін батарея
бөлімі толығымен қорғалғанына көз
жеткізіңіз.
• Батарея бөлімін толығымен қорғау мүмкін
болмаса, өнімді пайдалануды тоқтатыңыз.
Балалардан аулақ ұстаңыз және өндірушіге
хабарласыңыз
Өнімді күту
Өнімді тазалау үшін тек микрофибраны
пайдаланыңыз.
Қоршаған ортаны күту
Ескі өнімді және батареяны қоқысқа лақтыру
Өніміңіз қайта өңдеуге және қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдарды және
құрамдастарды пайдаланып жобаланған және
өндірілген.
Өнімдегі бұл таңба өнім 2012/19/EU еуропалық
директивасымен қамтылатынын білдіреді.
Бұл таңба осы өнім кәдімгі тұрмыстық қоқыспен
бірге қоқысқа лақтыруға болмайтын, 2013/56/
EU еуропалық директивасымен қамтылған
батареяларды қамтитынын білдіреді.
Электр және электрондық өнімдерді және
батареяларды жергілікті бөлек жинау жүйесі
туралы ақпарат алыңыз. Жергілікті ережелерді
сақтаңыз және өнім мен батареяларды қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге ешқашан қоқысқа
лақтырмаңыз. Ескі өнімдер мен батареяларды
қоқысқа дұрыс лақтыру қоршаған орта мен адам
денсаулығына теріс салдарларды болдырмауға
көмектеседі.
Бір рет пайдалануға арналған батареяларды
шығару
Бір рет пайдалануға арналған батареяларды
шығаруды батареяны орнату бөлімінде қараңыз.
Қазақша
Бұл қос оқшаулауы бар II СЫНЫПТЫ құрылғы
және қорғағыш жер қосылымы қамтамасыз
етілмеген.
5

Пайдаланушыларға
арналған FCC сақтық
ескертуі және IC
мәлімдесі (тек АҚШ және
Канада)
Бұл құрылғы Канаданың Өнеркәсіп министрлігінің
лицензиядан босату туралы RSS стандарттарына
сай лицензиядан босатылған таратқыштарды/
қабылдағыштарды қамтиды. Пайдалануға келесі
екі шарт қолданылады:
1. Бұл құрылғы кедергілерді тудырмауы керек.
2. Бұл құрылғы кез келген кедергілерді, соның
ішінде құрылғының қалаусыз жұмысын
тудыруы мүмкін кедергілерді қабылдауы
керек.
FCC АҚПАРАТЫ
Ескерту:
• Бұл жабдықты радиатор және дене
арасында 20 см минималды қашықтығын
жасап орнату және пайдалану керек.
• Бұл құрылғыға талаптарға сәйкестікке
жауапты тараптың ашық бекітуінсіз
енгізілген өзгертулер пайдаланушының
жабдықты пайдалану құқығын жоюы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: бұл жабдық FCC ережелерінің
15-ші бөліміне сай сыналды және оның В
сыныпты цифрлық құрылғылардың лимиттеріне
сай екені анықталды. Бұл лимиттер тұрғын үйде
орнатқанда зиянды кедергілерден тиісті қорғауды
қамтамасыз етуге арналған. Бұл жабдық радио
жиілікті энергияны тудырады, пайдаланады және
тарата алады әрі нұсқауларға сай орнатылмаса
және пайдаланылмаса, радио байланысқа
зиянды кедергілерді тудыруы мүмкін.
Дегенмен, нақты орнату жағдайында кедергілер
орын алмайтынына кепілдік жоқ. Бұл жабдық
радио немесе теледидар сигналдарын
қабылдауға зиянды кедергілерді тудырмаса
(мұны жабдықты өшіріп, қосу арқылы анықтауға
болады), пайдаланушыға келесі шаралардың
біреуі немесе бірнешеуі арқылы кедергілерді
түзетуге әрекеттену ұсынылады:
• Қабылдау антеннасының бағытын
немесе орнын өзгертіңіз.
• Жабдық пен қабылдағыш арасындағы
қашықтықты арттырыңыз.
• Жабдықты қабылдағыш қосылғаннан
басқа тізбектегі розеткаға қосыңыз.
• Көмек алу үшін дилерге немесе
тәжірибелі радио/теледидар технигіне
хабарласыңыз.
Талаптарға сәйкестік
Бұл өнім Еуропалық Қауымдастықтың радио
кедергілер туралы талаптарына сәйкес келеді.
Осымен, MMD Hong Kong Holding Limited
бұл өнім 2014/53/EU директивасының негізгі
талаптарына және басқа қатысты шарттарына
сай екенін жариялайды. Сәйкестік туралы
декларацияны www.p4c.philips.com сайтында
таба аласыз.
6