
3000 сериясы
Пайдаланушы
Саундбар динамигі
HTL3320
нұсқаулығы
Өніміңізді тіркеп, мына бетте қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome

Мазмұны
1 Маңызды 3
Анықтама және қолдау 3
Қауіпсіздік 3
Өнімді күту 4
Қоршаған ортаны күту 4
Пайдаланушыларға арналған FCC
және IC сақтық ескерту мәлімдемесі
(тек АҚШ және Канада) 5
Талаптарға сәйкестік 5
2 Саундбарыңыз 6
Негізгі блок 6
Сымсыз сабвуфер 6
Қашықтан басқару құралы 6
Жалғағыштар 7
Қашықтан басқару құралын
дайындау 8
Орналастыру 8
3 Қосу 9
HDMI (ARC) ұяшығына қосылу 9
Оптикалық ұяшыққа қосыңыз 9
AUX ұяшығына қосыңыз 9
Қуатқа қосу 10
Сабвуфермен жұптастыру 10
4 Саундбарды пайдалану 11
Қосу және өшіру 11
Автоматты күту режимі 11
Режимдерді таңдау 11
Эквалайзер (EQ) әсерін таңдау 11
Дыбыс деңгейін реттеу 12
Bluetooth функциясын пайдалану 12
AUX/OPTICAL/HDMI ARC
режимдерін пайдалану 12
USB режимін пайдалану 13
5 Қабырғаға бекіту 13
6 Өнімнің техникалық
сипаттамалары 14
7 Ақаулықтарды жою 15
2

1 Маңызды
Өнімді пайдалану алдныда барлық нұсқауларды
оқып, түсініңіз. Нұсқауларды орындамаудан зақым
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Анықтама және қолдау
Кең онлайн қолдауды алу үшін www.philips.com/
welcome бетіне мыналар үшін кіріңіз:
• пайдаланушы нұсқаулығын және қысқаша
бастау нұсқаулығын жүктеп алу
• бейне туториалдарды көру (тек кейбір
үлгілер үшін қолжетімді)
• жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС)
жауаптарды табу
• бізге сұрақты электрондық хабармен жіберу
• қолдау қызметінің өкілімен сөйлесу.
Тілді таңдау үшін веб-сайттағы нұсқауларды
орындаңыз, содан кейін өнім үлгісінің нөмірін
енгізіңіз.
Я болмаса, сіз еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласа аласыз. Хабарласу
алдында өнімнің үлгі нөмірін және сериялық
нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің
артқы немесе төменгі жағында таба аласыз.
Қауіпсіздік
Тоқ соғу немесе өрт қаупі бар!
• Кез келген қосылымдарды жасау немесе
өзгерту алдында барлық құрылғылар
розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
• Өнімге және қосалқы құралдарға
жаңбырдың немесе судың әсерін ешқашан
тигізбеңіз. Вазалар сияқты сұйықтық
ыдыстарын өнім жанында ешқашан
қоймаңыз. Өнімге немесе оның ішінде
сұйықтықтар төгілсе, оны розеткадан дереу
ажыратыңыз. Пайдалану алдында өнімді
тексеруі үшін тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
• Өнімді және қосалқы құралдарды ашық
жалындардың немесе басқа жылу
көздерінің, соның ішінде тік күн жарығының
жанында ешқашан қоймаңыз.
• Өнімдегі желдету слоттарына немесе басқа
саңылауларға заттарды ешқашан кіргізбеңіз.
• Желілік аша немесе құрылғы штепселі
ажырату құрылғысы ретінде пайдаланылса,
ажырату құрылғысы пайдалануға дайын
болуы керек.
• Батареяға (орнатылған батареялар жинағы
немесе батареялар) күн жарығы, от сияқты
артық жылудың немесе сол сияқтылардың
әсерін тигізбеу керек.
• Найзағайлар алдында өнімді розеткадан
ажыратыңыз.
• Қуат сымын ажыратқанда кабельді емес,
әрқашан ашаны тартыңыз.
Қысқа тұйықталу немесе өрт қаупі бар!
• Идентификациялық мәліметтерді және қуат
көзі көрсеткіштерін өнімнің артқы немесе
төменгі жағындағы зауыттық тақтайшаны
қараңыз.
• Өнімді розеткаға қосу алдында қуат
кернеуі өнімнің артқы немесе төменгі
жағында басылған мәнге сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз. Кернеу басқа болса, өнімді
розеткаға ешқашан қоспаңыз.
Жарақат алу немесе осы өнімнің зақымдалуы
қаупі бар!
• Қабырғаға бекіту үшін бұл өнімді орнату
нұсқауларына сай қабырғаға берік түрде
бекіту керек. Тек жинақтағы қабырғаға
бекіту кронштейнін (қолжетімді болса)
пайдаланыңыз. Қабырғаға тиісті емес орнату
сәтсіз жағдайға, жарақатқа немесе зақымға
әкелуі мүмкін. Кез келген сұрауыңыз
болса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
• Өнімді немесе кез келген заттарды қуат
сымдарына немесе басқа электр жабдыққа
ешқашан қоймаңыз.
• Өнім 5°C-тан төмен температураларда
тасымалданса, өнімді орауыштан
шығарыңыз және розеткаға қосу алдында
температурасы бөлме температурасына
жеткенше күтіңіз.
• Бұл өнімнің бөліктері шыныдан жасалуы
мүмкін. Жарақатты және зақымды
болдырмау үшін сақтықпен ұстаңыз.
Қазақша
3

Қызып кету қаупі бар!
• Бұл өнімді тар кеңістікте ешқашан
орнатпаңыз. Желдету үшін өнім
айналасында әрқашан кемінде төрт дюйм
кеңістік қалдырыңыз. Перделердің немесе
басқа заттардың өнімдегі желдету слоттарын
ешқашан жаппауын қамтамасыз етіңіз.
Ластану қаупі бар!
• Батареяларды араластырмаңыз (ескі және
жаңа немесе көміртекті және сілтілік, т.б.)
• САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: батареялар дұрыс емес
ауыстырылса, жарылыс қаупі бар. Тек бірдей
немесе баламалы түрмен ауыстырыңыз.
• Таусылса немесе қашықтан басқару құралы
ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
батареяларды шығарыңыз.
• Батареялар химиялық заттарды қамтиды,
оларды тиісті түрде қоқысқа лақтыру керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
• Өнімде/қашықтан басқару құралында
жұтылуы мүмкін тиын/түйме түріндегі
батарея болуы мүмкін. Батареяны әрқашан
балалардан аулақ ұстаңыз! Жұтылса,
батарея ауыр жарақатқа немесе өлімге
әкелуі мүмкін. Жұтудан кейін екі сағат ішінде
ауыр ішкі күйіктер орын алуы мүмкін.
• Батарея жұтылды немесе дененің кез келген
бөлігінің ішіне салынды деп күдіктенсеңіз,
дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
• Батареяларды ауыстырғанда әрқашан
барлық жаңа және пайдаланылған
батареяларды балалардан аулақ ұстаңыз.
Батареяны ауыстырудан кейін батареялар
бөлімі толығымен қорғалғанына көз
жеткізіңіз.
• Батареялар бөлімін толығымен қорғау
мүмкін болмаса, өнімді пайдалануды
тоқтатыңыз. Балалардан аулақ ұстаңыз және
өндірушіге хабарласыңыз.
Өнімді күту
Өнімді тазалау үшін тек микро талшықты
шүберекті пайдаланыңыз.
Қоршаған ортаны күту
Ескі өнімді және батареяны қоқысқа лақтыру
Өніміңіз қайта өңдеуге және қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдарды және
құрамдастарды пайдаланып жобаланған және
өндірілген.
Өнімдегі бұл таңба өнімді 2012/19/EU еуропалық
директивасы қамтитынын білдіреді.
Бұл таңба өнім 2013/56/EU еуропалық
директивасымен қамтылған, қалыпты тұрмыстық
қоқыспен бірге қоқысқа лақтыру мүмкін емес
батареяларды қамтитынын білдіреді. Электр
және электрондық өнімдер мен батареяларды
жергілікті бөлек жинау жүйесі туралы ақпарат
алыңыз. Жергілікті ережелерді сақтаңыз және
өнім мен батареяларды ешқашан қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге қоқысқа лақтырмаңыз.
Ескі өнімдер мен батареяларды қоқысқа
дұрыс лақтыру қоршаған ортаға және адам
денсаулығына теріс салдарларды болдырмауға
көмектеседі.
Бұл — қос оқшаулауы бар және қорғағыш жер
қосылымы қамтамасыз етілмеген II СЫНЫПТЫ
құрылғы.
4
Бір рет пайдаланатын батареяларды шығару
Бір рет пайдаланатын батареяларды шығару
үшін батареяны орнату бөлімін қараңыз.

Пайдаланушыларға
арналған FCC және
IC сақтық ескерту
мәлімдемесі (тек АҚШ
және Канада)
Бұл құрылғы Канаданың Инновация, ғылым
және экономикалық даму министрлігінің
лицензиядан босатылған RSS стандарттарына
сай лицензиядан босатылған таратқыш(тар)ын/
қабылдағыш(тар)ын қамтиды. Пайдалануға келесі
екі шарт қолданылады:
1. Бұл құрылғы кедергілер тудырмауы керек.
2. Бұл құрылғы кез келген кедергілерді, соның
ішінде құрылғының қалаусыз жұмысын
тудыруы мүмкін кедергілерді қабылдауы
керек.
Қазақша
FCC АҚПАРАТЫ
Ескерту:
• Бұл жабдықты радиатор және денеңіз
арасында 20 см минималды қашықтықта
орнату және пайдалану керек.
• Талаптарға сәйкестікке жауапты тараптың
ашық бекітуінсіз осы құрылғыға енгізілген
өзгертулер пайдаланушының жабдықты
пайдалану құқығын жояды.
ЕСКЕРТПЕ: бұл жабдық сыналды және
FCC ережелерінің 15-бөліміне сай оның В
сыныпты цифрлық құрылғы лимиттеріне сай
екені анықталды. Бұл лимиттер тұрғын үйде
орнатқанда зиянды кедергілерден тиісті
қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Бұл
жабдық радио жиілікті энергияны тудырады,
пайдаланады және шығарады және нұсқауларға
сай орнатылмаса және пайдаланылмаса, радио
байланысқа зиянды кедергілерді тудыруы мүмкін.
Дегенмен, нақты орнатымда кедергілер орын
алмайтынына кепілдік жоқ. Бұл жабдық радио
немесе теледидар сигналдарын қабылдауға
зиянды кедергілерді тудырса (мұны жабдықты
өшіру және қосу арқылы анықтауға болады),
пайдаланушыға келесі шаралардың біреуі
немесе бірнешеуі арқылы кедергілерді түзету
ұсынылады:
• Қабылдаушы антеннаның бағытын
немесе орнын өзгертіңіз.
• Жабдық пен қабылдағыш арасындағы
қашықтықты арттырыңыз.
• Жабдықты қабылдағыш қосылғаннан
басқа тізбектегі розеткаға қосыңыз.
• Анықтама алу үшін дилерге немесе
тәжірибелі радио/ТД технигіне
хабарласыңыз.
Талаптарға сәйкестік
Бұл өнім Еуропалық қоғамдастықтың радио
кедергілерге қойылатын талаптарына сай.
Осымен, MMD Hong Kong Holding
Limited компаниясы бұл өнім 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптарына және басқа
қатысты шарттарына сай екенін жариялайды.
Сәйкестік туралы декларацияны www.p4c.philips.
com бетінде табуға болады.
5