Philips HTL3170B/12 User guide [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
HTL3170B
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Өнім күтімі 3 Қоршаған ортаны күту 3 Сәйкестік 4 Анықтама және қолдау 4
2 Сіздің өніміңіз 4
Негізгі бөлік 4 Қашықтан басқару пульті 5 Қосқыштар 6 Сымсыз сабвуфер 6
3 Қосу 7
Орналастыру 7 Сабвуфермен жұптау 7 Теледидардан аудионы қосу 7 Басқа құрылғылардан аудионы қосу 9
4 Өніміңізді пайдалану 10
Дыбыс деңгейін реттеу 10 Дыбысты таңдау 10 Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату 11 NFC арқылы Bluetooth қосу 12 MP3 ойнатқышы 12 USB жад құрылғылары 13 Автоматты күту режимі 13 Дисплей жарықтығын орнату 13 Зауыттық параметрлерді қолдану 13
8 Ақаулықтарды жою 17
5 Бағдарламалық құралды жаңарту 14
Бағдарламалық жасақтама нұсқасын
тексеру 14
Бағдарламалық құралды USB арқылы
жаңарту 14
6 Қабырғаға орнату 15
7 Өнім сипаттамалары 15
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе, кепілдік қолданылмайды.

Қауіпсіздік

Электр тоғының соғу немесе өрт шығу қаупі бар!
Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту алдында барлық құрылғылар розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
Өнімге немесе оның қосалқы құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді және қосалқы құралдарды оттың немесе басқа қызу көздерінің жанына, соның ішінде тікелей күн сәулесіне қоймаңыз.
Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Батареялар (батарея топтамасы немесе орнатылған батареялар) күн сәулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
Найзағайлы бораннан бұрын өнімді розеткадан ажыратып қойыңыз.
Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан кабелінен емес, әрдайым ашасынан тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
Идентификаторды және жабдық рейтингтерін өнімнің артындағы немесе төменгі жағындағы түр тақтасында көріңіз.
Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу басқа болса, өнімді розеткаға қосушы болмаңыз.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу қауіпі бар!
Қабырғаға орнату үшін бұл өнім қабырғаға орнату нұсқауларына сай мықтап бекітілуі тиіс. Тек берілген қабырғаға орнату кронштейнін пайдаланыңыз (қолжетімді болса). Қабырғаға дұрыс емес орнату сәтсіз жағдайға, жарақатқа немесе зақымға әкелуі мүмкін. Қандай да бір сұрағыңыз болса, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді немесе басқа заттарды қуат сымдарының немесе электр жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
Өнім 5 °C градустан төмен температурада тасымалданған болса, оны қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға жалғамай тұрып, бөлме температурасына дейін жылынуын күтіңіз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
Бұл өнімді тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі үшін өнімнің айналасында міндетті түрде кемінде он сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі желдеткіш тесіктердің перделер немесе басқа заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Ластану қаупі!
Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
2 KK
Батареяны қайта қате салса, жарылыс қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
Батареялардың заряды таусылған немесе қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяларды шығарыңыз.
Ішінде химиялық заттар бар болғандықтан, батареяларды дұрыс тастау керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда батареяны балалардан аулақ ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі бар.
Батареяны жұтып қойды немесе денесінің басқа жеріне кіріп кетті деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Батареяны ауыстыру кезінде, барлық жаңа және ескі батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін, батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын тексеріңіз.
Егер батарея бөлімін жақсылап жабу мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш жерге қосу қамтамасыз етілмеген II СЫНЫПТЫ жабдық.
Пайдаланушы нұсқаулығындағы тізімде берілген қуат көздерін ғана пайдаланыңыз.

Өнім күтімі

Өнімді тек ұсақ талшықты шүберектермен тазалаңыз.

Қоршаған ортаны күту

Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EC еуропалық директивасына сай келетін, қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді. Электр және электрондық бұйымдар мен батареяларға арналған жергілікті жеке жинау жүйесінің ережелерімен танысыңыз. Жергілікті ережелерді орындаңыз және бұйымдар мен батареяларды қалыпты тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі бұйымдар мен батареяларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге көмектеседі.
3KK
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
Тасталатын батареяларды шығарып алу үшін батареяны орнату тарауын қараңыз.

Сәйкестік

Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай. Осы құжат арқылы Gibson Innovations компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны www.p4c.philips.com сайтынан табуға болады.

Анықтама және қолдау

Кеңейтілген онлайн қолдауын алу үшін келесі www.philips.com/support торабына кіріңіз:
пайдаланушы нұсқаулығы мен жылдам бастау нұсқаулығын жүктеп алу;
бейне материалдарды қарау (тек кейбір үлгілер үшін қол жетімді);
жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) жауаптарды табу;
электрондық пошта арқылы бізге сұрақ жіберу;
қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға да болады. Хабарласу алдында, өнімнің моделі мен сериялық нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің артқы немесе астыңғы жағынан таба аласыз.

2 Сіздің өніміңіз

Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдаудың артықшылығын (мысалы, өнімнің бағдарламалық құралын жаңарту туралы хабарландыру) толығымен пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome бетінде тіркеңіз.

Негізгі бөлік

Бұл бөлімде негізгі құрылғыға шолу жасалады.
a b d ec
a
Бұл өнімді қосыңыз немесе күту режиміне ауыстырыңыз.
b SOURCE
Осы өнім үшін кіріс көзін таңдаңыз.
c Дыбыс деңгейі +/-
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету.
d Дисплейлі панель e NFC тегі
Bluetooth қосылымы үшін тегтегі NFC­қосылған құрылғыны түртіңіз.
4 KK

Қашықтан басқару пульті

b
a
c d
f
g
h
i
e m
j
k
l
Бұл бөлімде қашықтан басқару құралына шолу жасалады.
a (Күту режимі қосылды)
Бұл өнімді қосыңыз немесе күту режиміне ауыстырыңыз.
b Негізді ашу түймелері
COAX: Дыбыс көзін коаксиалды қосылымға ауыстыру. OPTICAL: Дыбыс көзін оптикалық қосылымға ауыстыру.
AUX: Дыбыс көзін AUX қосылымына ауыстыру. AUDIO IN: дыбыс көзін MP3 қосылымына (3,5 мм ұя) ауыстыру. USB: USB режиміне ауыстыру.
: Bluetooth режиміне ауыстыру. HDMI ARC: көзді HDMI ARC қосылымына ауыстыру.
c
/ (Алдыңғы/келесі)
USB режимінде алдыңғы немесе келесі трекке өту.
d
(Ойнату/үзіліс)
USB режимінде бастау, кідірту немесе жалғастыру.
e BASS +/-
Бассты көбейту немесе азайту.
f Дауыс реттеуші
+/-: Дыбыс деңгейін жоғарылату
немесе төмендету.
: Дыбысты өшіру немесе қалпына
келтіру.
g MUSIC
Музыканың ерекше шығуы үшін стерео дыбыс режимін таңдаңыз.
h AUDIO SYNC +/-
Дыбыс кідірісін көбейту немесе азайту.
i DIM
Осы өнім үшін дисплей тақтасының жарықтығын орнату.
j NIGHT
Түн режимін қосу немесе өшіру.
k SURR
Бейненің ерекше шығуы үшін көлемдік дыбыс режимін таңдаңыз.
l VOICE
Дауыстың анықтығын арттыру үшін дауыстық дыбыс режимін таңдаңыз.
m TREBLE +/-
Жоғарғы дыбыс жиілігін көбейту немесе азайту.
5KK

Қосқыштар

Бұл бөлімде осы өнімде қол жетімді қосқыштарға шолу жасалады.
g f
g AUDIO IN
Мысалы, MP3 ойнатқыштан (3,5 мм ұя) дыбыс кірісі.

Сымсыз сабвуфер

Бұл өніммен бірге сымсыз сабвуфер беріледі.
a b
a b
a HDMI OUT (ARC) - TO TV
Теледидардағы HDMI (ARC) кірісіне жалғау.
b DC IN
Қуат көзіне жалғау.
c AUX IN (L/R)
Теледидардағы немесе аналогтық құрылғыдағы аналогтық дыбыс шығу ұясына жалғау.
d DIGITAL IN-COAXIAL
Теледидардағы немесе сандық құрылғыдағы коаксиальді дыбыс шығу ұясына жалғау.
e DIGITAL IN-OPTICAL
Теледидардағы немесе сандық құрылғыдағы оптикалық дыбыс шығу ұясына жалғау.
f
(USB)
• Аудио мультимедиасын ойнату үшін USB жад құрылғысына қосыңыз.
• Осы өнімнің бағдарламалық құралын жаңарту.
• USB құрылғысын өзгерту.
edc
c
a Сабвуфер көрсеткіші
• Қуат қосылған кезде, көрсеткіш жанады.
• Сабвуфер мен негізгі құрылғы арасында сымсыз жұптау кезінде көрсеткіш ақ болып жылдам жыпылықтайды.
• Жұптау сәтті аяқталғанда, көрсеткіш ақ болып жанады.
• Жұптау сәтсіз болғанда, көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
• Сымсыз байланыс бір минутқа ажыратылғанда, индикатор өшеді.
b CONNECT (жалғау)
Сабвуферде жұптау режиміне өту үшін басып тұрыңыз.
c AC MAINS~
Қуат көзіне жалғау.
6 KK

3 Қосу

Сабвуфермен жұптау

Бұл бөлім осы өнімді теледидарға және басқа құрылғыларға қосуға көмектеседі. Бұл өнім мен қосалқы құралдардың негізгі қосылымдары туралы ақпарат алу үшін жылдам бастау нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
Идентификаторды және жабдық рейтингтерін
өнімнің артындағы немесе төменгі жағындағы түр тақтасында көріңіз.
• Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту
алдында барлық құрылғылар розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.

Орналастыру

Сабвуферді негізгі құрылғыдан кемінде 1 метр және қабырғадан 10 сантиметр қашықтықта қойыңыз. Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін сабвуферді төмендегідей орналастырыңыз.
Негізгі құрылғы мен сабвуферді қосқанда, сымсыз қосылым үшін сымсыз сабвуфер негізгі құрылғымен автоматты түрде жұптасады. Егер сымсыз сабвуферден дыбыс естілмесе, сабвуферді қолмен жұптастырыңыз.
1 Негізгі құрылғы мен сабвуферді қосыңыз.
» Негізгі құрылғыға қосылым жоғалса,
сабвуфердегі көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
2 Жұптастыру режиміне өту үшін
сабвуфердегі CONNECT (жалғау) түймесін басып тұрыңыз.
» Сабвуфердегі көрсеткіш ақ болып
жылдам жыпылықтайды.
3 Алты секунд ішінде қашықтан басқару
құралындағы түймесін бір рет, TREBLE - түймесін бір рет, одан кейін
» Жұптау сәтті аяқталса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жанады.
» Жұптау сәтсіз болса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
4 Жұптау сәтсіз болса, жоғарыдағы
қадамдарды қайталаңыз.
түймесін екі рет, BASS -
түймесін басыңыз.

Теледидардан аудионы қосу

Бұл өнімді теледидарға қосыңыз. Бұл өнімнің динамиктері арқылы теледидар бағдарламаларының аудиосын тыңдауыңызға болады.
7KK
1-опция: HDMI (ARC) арқылы теледидарға жалғау
Ең жақсы сапалы дыбыс
Бұл өнім Дыбысты қайтару арнасы (ARC) мүмкіндігі бар HDMI көзін қолдайды. ARC мүмкіндігімен теледидар аудиосын осы өнім арқылы бір HDMI кабелі көмегімен естуге болады.
Қажетті әрекеттер
Жоғары жылдамдықты HDMI кабелі.
Теледидар HDMI ARC және HDMI­CEC параметрін қолдайды (толығырақ теледидардың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
Кейбір теледидар модельдері үшін теледидардың реттеу мәзірінен сыртқы динамик шығысын қосыңыз (толығырақ теледидардың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
немесе қажет болса, теледидар өндірушісіне хабарласыңыз.
3 HDMI ARC қосылымын қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
HDMI ARC түймесін басыңыз.
Ескертпе
Барлық HDMI-CEC құрылғыларымен 100%
үйлесімділікке кепілдік берілмейді.
• Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді болмаса,
теледидар дыбысын осы өнім арқылы есту үшін аудио кабельді жалғаңыз.
2-опция: теледидарға оптикалық кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
TV
TV
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, осы өнімдегі HDMI OUT (ARC) қосқышын теледидардағы HDMI
ARC қосқышына қосыңыз.
• Теледидардың HDMI ARC
қосқышының белгісі басқа болуы мүмкін. Мәліметтерді теледидардың пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
2 Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз.
• Теледидардағы HDMI-CEC
параметрлеріне қатысты ақаулар туралы ақпаратты алу мақсатында HDMI-CEC реттеуі дұрыс екенін тексеру үшін теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз
8 KK
1 Оптикалық кабель арқылы осы өнімдегі
OPTICAL қосқышын теледидардағы оптикалық шығыс көзіне қосыңыз.
• Теледидардағы цифрлық оптикалық шығыс көзі OPTICAL OUT, SPDIF немесе SPDIF OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Оптикалық қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы OPTICAL түймесін басыңыз.
3-опция: теледидарды коаксиалды кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
TV
1 Коаксиалды кабель арқылы осы өнімдегі
COAXIAL қосқышын теледидардағы коаксиалды шығыс көзіне қосыңыз.
• Теледидардағы цифрлық коаксиалды шығыс көзі COAXIAL/DIGITAL OUT немесе DIGITAL AUDIO OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Коаксиалды қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы COAX түймесін басыңыз.
4-опция: теледидарға аналогтық аудио кабельдері арқылы қосу
Қарапайым сапалы дыбыс
TV

Басқа құрылғылардан аудионы қосу

Сондай-ақ, аудионы басқа құрылғылардан осы өнімнің динамигі арқылы ойнатуға болады.
1-опция: басқа құрылғыға оптикалық кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
1 Оптикалық кабель арқылы осы
өнімдегі OPTICAL қосқышын сыртқы құрылғыдағы оптикалық шығыс көзіне қосыңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы цифрлық оптикалық шығыс көзі OPTICAL OUT, SPDIF немесе SPDIF OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Оптикалық қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы OPTICAL түймесін басыңыз.
1 Аналогтық аудио кабелі арқылы
осы өнімдегі AUX қосқыштарын теледидардағы аналогтық аудио шығыс көзіне қосыңыз.
• Теледидардағы аналогтық аудио шығыс көзі AUDIO OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Аналогтық аудио қосылымын қосу
үшін осы өнімнің қашықтан басқару құралындағы AUX түймесін басыңыз.
2-опция: басқа құрылғыға коаксиалды кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
9KK
1 Коаксиалды кабель арқылы осы
өнімдегі COAXIAL қосқышын сыртқы құрылғыдағы коаксиалды шығыс көзіне қосыңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы цифрлық коаксиалды шығыс көзі COAXIAL/
DIGITAL OUT немесе DIGITAL AUDIO OUT белгісімен белгіленуі
мүмкін.
2 Коаксиалды қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы COAX түймесін басыңыз.
3-опция: басқа құрылғыға аналогтық аудио кабельдері арқылы қосу
Қарапайым сапалы дыбыс
1 Аналогтық аудио кабелі арқылы осы
өнімдегі AUX қосқышын сыртқы құрылғыдағы аналогтық аудио шығыс көзіне қосыңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы аналогтық аудио шығыс көзі AUDIO OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Аналогтық аудио қосылымын қосу
үшін осы өнімнің қашықтан басқару құралындағы AUX түймесін басыңыз.
4 Өніміңізді
пайдалану
Бұл бөлім көздердің кең ауқымынан мультимедианы ойнату үшін осы өнімді пайдалануға көмектеседі.
Бастау алдында
Жылдам бастау нұсқаулығында сипатталған қажетті қосылымдарды орнатыңыз немесе Пайдаланушы нұсқаулығын www.philips.com/support веб-сайтынан жүктеп алыңыз.
Бұл өнімді басқа құрылғыларға арналған дұрыс көзге ауыстырыңыз.

Дыбыс деңгейін реттеу

1
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету үшін Дыбыс деңгейі +/- түймесін басыңыз.
• Дыбысты өшіру үшін,
басыңыз.
• Дыбысты қалпына келтіру үшін,
түймесін қайтадан басыңыз немесе Дыбыс деңгейі +/- түймесін басыңыз.

Дыбысты таңдау

Бұл бөлім бейне немесе музыка үшін тамаша дыбысты таңдауға көмектеседі.
түймесін
10 KK
Көлемдік дыбыс режимі
Көлемдік дыбыс режимдерімен терең дыбыс тәжірибесін алыңыз.
Көлемдік тыңдау тәжірибесін жасау үшін SURR түймесін басыңыз. Фильм көруге ыңғайлы.
Стерео дыбысты жасау үшін MUSIC түймесін басыңыз. Музыканы тыңдау үшін тамаша.
Адам дауысын тыңдау үшін анығырақ және ерекше ететін дыбыс әсерін жасау мақсатында VOICE түймесін басыңыз.
Эквалайзер
Бұл өнімнің жоғарғы жиілік (жоғарғы дыбыс жиілігі) және төменгі жиілік (басс) параметрлерін өзгертіңіз.
1 Жиілікті өзгерту үшін TREBLE +/- немесе
BASS +/- түймесін басыңыз.
Бейне мен дыбысты синхрондау
Егер дыбыс пен бейне синхрондалмаған болса, дыбысты бейнеге сай болатындай кідіртіңіз.
1 Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
AUDIO SYNC + дыбыс кідірісін
көбейтеді, ал AUDIO SYNC - дыбыс кідірісін азайтады.
Түн режимі
Ақырын тыңдау үшін түнгі режим дыбыс ойнатылған кезде қатты дыбыстардың деңгейін төмендетеді. Түн режимі тек Dolby Digital динамиктері үшін қол жетімді.
1 Түн режимін қосу немесе өшіру үшін
NIGHT түймесін басыңыз.
» Түн режимі қосылғанда дисплей
панелінде ON NIGHT белгішесі екі рет айналады.
» Түн режимі өшірілгенде дисплей
панелінде OFF NIGHT белгішесі екі рет айналады.

Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату

Bluetooth арқылы осы өнімді Bluetooth құрылғысымен (iPad, iPhone, iPod touch, Android телефоны немесе ноутбук сияқты) қосыңыз, сонда құрылғыда сақталған дыбыстық файлдарды осы өнімнің динамиктері арқылы тыңдай аласыз.
Қажетті әрекеттер
A2DP, AVRCP Bluetooth профилін қолдайтын және 4.0 + EDR Bluetooth нұсқасы бар Bluetooth құрылғысы.
Негізгі құрылғы мен Bluetooth құрылғысы арасындағы ең үлкен жұмыс ауқымы — шамамен 10 метр.
1 Бұл өнімді Bluetooth режиміне ауыстыру
үшін қашықтан басқару құралындағы түймесін басыңыз.
» BT дисплей панелінде жыпылықтап
көрсетіледі.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
қызметін қосыңыз, қосылымды бастау үшін іздеп, Philips HTL3170 параметрін таңдаңыз (Bluetooth қызметін қосу жолы туралы Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
» Қосылу барысында дисплей
панеліндегі BT жыпылықтайды.
3 Осы өнім дыбыстық сигнал шығарғанша
күтіңіз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда, дисплей панелінде BT көрсетіледі.
» Қосылым сәтсіз орнатылғанда,
дисплей панелінде BT үздіксіз жыпылықтайды.
11KK
4 Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап, ойнатыңыз.
• Ойнату кезінде қоңырау қабылданса, музыка ойнату уақытша тоқтатылады. Қоңырау аяқталғанда ойнату жалғасады (бұл мүмкіндік қосылған ұялы телефонға байланысты болады).
• Егер Bluetooth құрылғысы AVRCP профилін қолдайтын болса, әуенді өткізу үшін қашықтан басқару құралындағы басыңыз немесе ойнатуды уақытша тоқтату/жалғастыру үшін түймесін басыңыз.
/ түймесін
5 Bluetooth құрылғысынан шығу үшін басқа
көзді таңдаңыз.
• Bluetooth режиміне қайта ауысқанда Bluetooth қосылымы белсенді болып қалады.
Ескертпе
Музыка ағыны құрылғы мен осы өнім арасындағы
қабырға, құрылғыны жабатын металл корпус немесе бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын жердегі басқа құрылғылар сияқты кедергілерден үзілуі мүмкін.
• Осы өнімді басқа бір Bluetooth құрылғысына
жалғағыңыз келсе, ағымдағы жалғанған Bluetooth құрылғысын ажырату үшін, қашықтан басқару құралындағы
түймесін басып тұрыңыз.

NFC арқылы Bluetooth қосу

NFC (жақын арадағы байланыс) мобильді телефондары сияқты NFC-қосылған құрылғылары арасындағы қысқа ауқымды сымсыз байланысты іске қосатын технология болып табылады.
Қажетті әрекеттер
NFC функциясы бар Bluetooth құрылғысы.
Жұптастыру үшін осы өнімнің NFC тегіндегі NFC құрылғысын түртіңіз.
1 Bluetooth құрылғысындағы NFC іске
қосыңыз (мәліметтер үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
2 NFC құрылғысын осы өнімнің NFC
тегіне осы өнім дыбыстық сигнал шығарғанша тигізіңіз.
• Алғаш рет қосқанда кейбір мобильді құрылғыларда жұптау туралы сұрау хабары пайда болады, қосылымды орнату үшін «YES» (Иә) жауабын таңдаңыз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда, дисплей панелінде BT көрсетіледі.
» Қосылым сәтсіз орнатылғанда,
дисплей панелінде BT үздіксіз жыпылықтайды.
3 NFC құрылғысында дыбыс файлдарын
немесе музыканы таңдап, ойнатыңыз.
• Қосылымды үзу үшін осы өнімдегі NFC тегіне NFC құрылғысын қайта тигізіңіз.

MP3 ойнатқышы

Дыбыстық файлдарды немесе музыканы ойнату үшін MP3 ойнатқышын қосыңыз.
Қажетті әрекеттер
MP3 ойнатқышы.
3,5 мм стерео дыбыстық кабелі.
1 3,5 мм стерео дыбыстық кабелін
пайдаланып MP3 ойнатқышын осы өнімдегі AUDIO IN қосқышына қосыңыз.
2 Қашықтан басқару құралындағы AUDIO
IN түймесін басыңыз.
3 Дыбыстық файлдарды немесе
музыканы таңдау және ойнату үшін MP3 ойнатқышындағы түймелерді басыңыз.
12 KK

USB жад құрылғылары

Автоматты күту режимі

MP3 ойнатқышы және USB флэш жады, т.б. сияқты USB сақтау құрылғысындағы дыбысты тыңдаңыз.
Қажетті әрекеттер
FAT немесе NTFS файлдық жүйелерімен пішімделген және көлемдік жад сыныбына үйлесімді USB жад құрылғысы
USB сақтау құрылғысындағы MP3 файлы
1 USB жад құрылғысын осы өнімге қосыңыз. 2 Қашықтан басқару құралындағы USB
түймесін басыңыз.
3 Ойнатуды басқару үшін қашықтан
басқару құралын пайдаланыңыз.
• Ойнатуды бастау, кідірту немесе
жалғастыру үшін басыңыз.
• Алдыңғы немесе келесі жолға өту
үшін
/ түймесін басыңыз.
• USB ойнату кезінде қайталау
режиміне кіру үшін USB түймесін басып тұрыңыз, содан кейін келесі ойнату режимдерінің біреуін таңдау үшін USB түймесін басыңыз.
ONE RPT: ағымдағы жолды қайталау.
ALL RPT: бір қалтадағы барлық жолдарды қайталау.
SHUFFLE: бір қалтада кездейсоқ ретпен ойнату.
OFF RPT: қайталау немесе кездейсоқ ретпен ойнату режимінен шығу.
Ескертпе
Бұл өнім USB сақтау құрылғысының белгілі бір
түрлерімен үйлесімді болмауы мүмкін.
• USB ұзарту кабелін пайдалансаңыз, USB хабы немесе
USB мульти оқу құрылғысы, USB жад құрылғысы танылмауы мүмкін.
• Сандық камераның PTP және MTP протоколдарына
қолдау көрсетілмейді.
• USB сақтау құрылғысы оқылып жатқанда, оны
шығарып алмаңыз.
• DRM көмегімен қорғалған музыка файлдарына (MP3)
қолдау көрсетілмейді.
• USB портын қолдау: 5 В , 1 А.
түймесін
Жалғанған құрылғыдағы мультимедианы ойнатқанда, 15 минут бойы ешбір түйме басылмаса және жалғанған құрылғыдан дыбыс/бейне ойнатылмаса, бұл өнім күту режиміне автоматты түрде өтеді.

Дисплей жарықтығын орнату

Осы өнімде дисплейдің басқа жарықтық деңгейін таңдау үшін DIM түймесін қайта­қайта басуға болады. Егер AUTO OFF параметрін таңдасаңыз, түйме 10 секунд басылмағаннан кейін ЖД хабары өшеді.

Зауыттық параметрлерді қолдану

Бұл өнімді зауытта бағдарламаланған әдепкі параметрлерге қалпына келтіре аласыз.
1 Кез келген көз режимінде қашықтан
басқару құралындағы Дыбыс деңгейі -, BASS - және TREBLE -
түймелерін кезекпен үш секунд ішінде басыңыз.
» Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру аяқталған кезде бұл өнім автоматты түрде өшеді және қайта іске қосылады.
13KK
5 Бағдарламалық
құралды жаңарту
Ең жақсы мүмкіндіктерді және қолдауды алу үшін бұл өнімді соңғы бағдарламамен жаңартыңыз.

Бағдарламалық жасақтама нұсқасын тексеру

Кез келген көз режимінде қашықтан басқару құралындағы TREBLE -, BASS - және Дыбыс деңгейі - түймелерін кезекпен басыңыз.
» Бағдарламалық құрал нұсқасының нөмірі
дисплей панелінде көрсетіледі.

Бағдарламалық құралды USB арқылы жаңарту

5 Алты секунд ішінде қашықтан басқару
құралындағы Дыбыс деңгейі + түймесін бір рет басыңыз, содан кейін SURR түймесін басып тұрыңыз.
» Дисплей тақтасында «UPG»
(жаңарту) баяу жыпылықтайды, одан кейін жылдам жыпылықтайды.
түймесін екі рет және
6 «UPG» шамы жылдам жыпылықтағанда
жаңартуды бастау үшін басыңыз.
» Содан кейін «UPG» (жаңарту)
дисплей панелінде көрсетіледі.
түймесін
7 Жаңарту аяқталғанша күтіңіз.
» Жаңарту аяқталса, бұл өнім
автоматты түрде өшеді және қайтадан қосылады.
Ескерту
Бағдарламалық құралды жаңарту орындалып
жатқанда қуатты өшіріңіз немесе USB жад құрылғысын алып тастаңыз, себебі ойнатқыш зақымдалуы мүмкін.
1
Ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасын www.philips.com/support бетінен тексеріңіз.
• Үлгіні іздеп, «Бағдарламалық құрал мен драйверлер» санатын басыңыз.
2 Бағдарламалық құралды USB жад
құрылғысына жүктеңіз.
a Мұрағатталған болса, жүктеуді
мұрағаттан шығарып, мұрағаттан шығарылған файлдың атауы «HTL3170.bin» екенін тексеріңіз.
b «HTL3170.bin» файлын түбірлік
каталогқа қойыңыз.
3 USB жад құрылғысын осы өнімнің
(USB) қосқышына жалғаңыз.
4 Бұл өнімді HDMI ARC көзіне ауыстыру
үшін HDMI ARC түймесін басыңыз.
14 KK
6 Қабырғаға
7 Өнім
орнату
Ескертпе
Қабырғаға орнатпастан бұрын, қабырғаның осы өнім
салмағын ұстап тұра алатынын тексеріңіз.
• Қабырғаға орнату үшін бұл өнім қабырғаға орнату
нұсқауларына сай мықтап бекітілуі тиіс. Қабырғаға дұрыс емес орнату сәтсіз жағдайға, жарақатқа немесе зақымға әкелуі мүмкін. Қандай да бір сұрағыңыз болса, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұранда ұзындығы/диаметрі
Осы өнім орнатылатын қабырға түріне байланысты міндетті түрде ұзындығы мен диаметрі сәйкес келетін бұрандаларды пайдаланыңыз.
3.2-3.6 mm/0.13”-0.14”
≤9 mm/
0.35”
Бұл өнімді қабырғаға орнату жолын қысқаша бастау нұсқаулығындағы суреттен қараңыз.
1) Қабырғадан екі тесік тесіңіз.
2) Дюбельдерді және бұрандаларды тесіктерде бекітіңіз.
3) Осы өнімді бекітетін бұрандаларға іліңіз.
>25 mm/0.98”
3.5-4 mm/
0.14”-0.16”
сипаттамалары
Ескертпе
Техникалық сипаттамалар және дизайн ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Күшейткіш
Жалпы шығыс қуаты: 280 Вт ОКМ (+/- 0,5 дБ, 10% THD)
Жиілік жауабы: 20 Гц-20 кГц /+/- 3 дБ
Сигнал-шу қатынасы: > 65 дБ (CCIR) / (A-өлшенген)
Кіріс сезімталдық:
• AUX: 2 В
• AUDIO IN: 1 В
Дыбыс
S/PDIF сандық дыбыс кірісі:
• Коаксиалды: IEC 60958-3
• Оптикалық: TOSLINK
USB
Үйлесімділік: Hi-Speed USB (2.0)
Сынып қолдауы: USB Mass Storage Class (MSC)
Файлдық жүйе: FAT16, FAT32, NTFS
MP3 файл пішімдерін қолдайды
Bluetooth
Bluetooth профильдері: A2DP, AVRCP
Bluetooth нұсқасы: 4.0 + EDR
15KK
Негізгі бөлік
Қуаттың қамтамасыз етілуі:
• Моделі (Philips брэндіндегі айнымалы ток қуат адаптері): NU040A320125
• Кіріс: 100-240 В~ 50/60 Гц, 1,5 A
• Шығысы: 32 В
Күту режиміндегі қуат тұтыну: ≤ 0,5 Вт
Өлшемдері (Е x Б x Т): 950 x 51 x 69 мм
Салмағы: 1,7 кг
Кірістірілген динамиктер:
• Драйверлері: 3 x буфер (90 мм/3,5" x 34 мм/1,3") + 3 x твитер (25,4 мм/1")
• Кедергі: 4 Ом (вуфер); 4 Ом (твитер)
Жұмыс температурасы және ылғалдылығы: барлық климаттар үшін 0°C - 45°C, 5% - 90%
Сақтау температурасы және ылғалдылығы: -40 °C - 70 °C, 5% - 95%
, 1,25 A
Сабвуфер
Қуат көзі: 220-240 В~, 50 Гц
Қуат тұтыну: 30 Вт
Күту режиміндегі қуат тұтыну: ≤ 0,5 Вт
Кедергі: 3 Ом
Динамик драйвері: 1 x 134 мм (5,25") вуфер
Өлшемдері (Е x Б x Қ): 180 x 301 x 331 мм
Салмағы: 4,5 кг
Bluetooth қосылымын өшіру үшін қашықтан басқару құралында Bluetooth түймесін басып тұрыңыз.
Bluetooth қосылымын белсендіру үшін Bluetooth құрылғыңызда Bluetooth қосылымын белсендіріңіз немесе Bluetooth қосылымын NFC тегі (бар болса) арқылы қосыңыз.
Қашықтан басқару құралының батареялары
1 x AAA-R03-1,5 В
Күту режимінде қуатты басқару
15 минут бойы әрекетсіз тұрса, өнім күту режиміне немесе желілік күту режиміне автоматты түрде ауысады.
Күту режиміндегі немесе желілік күту режиміндегі қуатты тұтыну 0,5 Вт-тан азырақ болады.
16 KK
8 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
Ток соғу қаупі. Өнімнің корпусын ешқашан алмаңыз.
Кепілдік жарамдылығын сақтау үшін өнімді ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Егер осы өнімді пайдалануды мәселелер бар болса, қызметті сұрау алдында мыналарды тексеріңіз. Егер мәселе әлі бар болса, www.philips.com/support бетінде қолдау алыңыз.
Негізгі бөлік
Бұл өнімдегі түймелер жұмыс істемейді.
Бұл өнімді қуат көзінен бірнеше минутқа ажыратып, қайтадан қосыңыз.
Дыбыс
Бұл өнімнің динамиктерінде дыбыс шықпады.
Бұл өнімдегі аудио кабельді теледидар немесе басқа құрылғыларға қосыңыз.
Осы өнімдегі аудио кіріс көзі теледидардағы немесе басқа құрылғылардағы аудио шығыс көзіне қосылғанын тексеріңіз.
Бұл өнімді зауыттық параметрлеріне қалпына келтіріңіз.
Қашықтан басқару құралында дұрыс дыбыс кірісін таңдаңыз.
Бұл өнімнің дыбысы өшірілгендігін тексеріңіз.
Бұрмаланған дыбыс немесе жаңғырық.
Бұл өнім арқылы теледидардан дыбыс ойнатсаңыз, теледидар дыбысын өшіріңіз.
Дыбыс пен бейне синхрондалмаған.
Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
Дисплейден қате туралы хабар көрсетіледі.
«ERROR» жазуы көрсетілсе, бұл кіріс дыбыс пішіміне қолдау көрсетілмейтінін білдіреді.
«ARC» жыпылықтағанда, бұл жалғанған теледидар HDMI ARC үйлесімді емес екенін немесе қолдау көрсетілмейтін дыбыс пішімі анықталғанын білдіреді.
Bluetooth
Құрылғыны осы өніммен қосу мүмкін емес.
Құрылғы осы өнімге қажетті үйлесімді профайлдарды қолдамайды.
Құрылғының Bluetooth функциясын қоспағансыз. Функцияны қосу жолын құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Құрылғы дұрыс қосылмаған. Құрылғыны дұрыстап қосыңыз (ақылдасу 'Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату' бет 11).
Бұл өнім басқа бір Bluetooth құрылғысына әлдеқашан қосылған. Қосылған құрылғыны ажыратып, әрекетті қайталаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысынан дыбыс ойнату сапасы нашар.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны осы өнімге жақын жылжытыңыз немесе құрылғы мен осы өнім арасындағы кез келген кедергіні алып тастаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысы тұрақты түрде қосылады және ажыратылады.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны осы өнімге жақын жылжытыңыз немесе құрылғы мен осы өнім арасындағы кез келген кедергіні алып тастаңыз.
Кедергіні болдырмау үшін Bluetooth құрылғысындағы Wi-Fi функциясын өшіріңіз.
17KK
Кейбір Bluetooth үшін қуатты үнемдеу мақсатында Bluetooth қосылымын автоматты түрде ажыратуға болады. Бұл өнімнің бұзылғанын білдірмейді.
NFC
Құрылғыны NFC арқылы осы өніммен қосу мүмкін емес.
Құрылғыға NFC тарапынан қолдау көрсетілгендігін тексеріңіз.
NFC құрылғыда іске қосылғандығын тексеріңіз (мәліметтер үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Жұптастыру үшін осы өнімнің NFC тегіндегі NFC құрылғысын түртіңіз.
18 KK
Manufactured under license from Dolby Laboratories. Dolby, Pro Logic, and the double-D symbol are trademarks of Dolby Laboratories.
The terms HDMI and HDMI High-Denition Multimedia Interface, and the HDMI Logo are trademarks or registered trademarks of HDMI Licensing LLC in the United States and other countries.
The Bluetooth word mark and logos are registered trademarks owned by Bluetooth SIG, Inc. and any use of such marks by Gibson Innovations Limited is under license. Other trademarks and trade names are those of their respective owners.
The N Mark is a trademark of NFC Forum, Inc. in the United States and in other countries.
19
Specications are subject to change without notice 2016 © Gibson Innovations Limited. All rights reserved. This product has been manufactured by, and is sold under the responsibility of Gibson Innovations Ltd., and Gibson Innovations Ltd. is the warrantor in relation to this product. Philips and the Philips Shield Emblem are registered trademarks of Koninklijke Philips N.V. and are used under license.
HTL3170B_12_UM_V2.0
Loading...