Philips HTL3140B/51 User guide [kz]

Мы всегда готовы помочь!
Обратитесь в
Philips
Зарегистрируйте свое устройство и получите поддержку на
www.philips.com/support
HTL3140B
Руководство пользователя
Посібник користувача
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Анықтама және қолдау 2 Қауіпсіздік 2 Өнім күтімі 3 Сәйкестік 3 Қоршаған ортаны күту 3
2 Сіздің SoundBar жүйеңіз 4
Негізгі бөлік 4 Қашықтан басқару пульті 5 Қосқыштар 5 Сымсыз сабвуфер 6
3 Қосылу және параметрлерді
орнату 7
Сабвуфермен жұптау 7 Орналастыру 7 Теледидарға жалғау 7 Дыбысты теледидардан және басқа
құрылғылардан қосу 8
4 SoundBar жүйесін пайдалану 9
Дыбыс деңгейін реттеу 9 Дыбысты таңдау 9 Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату 10 NFC арқылы Bluetooth қосу 11 MP3 ойнатқышы 11 USB жад құрылғылары 12 Автоматты күту режимі 12 Дисплей жарықтығын орнату 12 Зауыттық параметрлерді қолдану 12
7 Өнім сипаттамалары 14
8 Ақаулықтарды жою 15
Қазақша
5 Бағдарламалық құралды жаңарту 13
Бағдарламалық жасақтама нұсқасын
тексеру 13
Бағдарламалық құралды USB арқылы
жаңарту 13
6 Қабырғаға орнату 14
KK
1
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе, кепілдік қолданылмайды.

Анықтама және қолдау

Кеңейтілген онлайн қолдауын алу үшін келесі www.philips.com/support торабына кіріңіз:
пайдаланушы нұсқаулығы мен жылдам бастау нұсқаулығын жүктеп алу;
бейне материалдарды қарау (тек кейбір үлгілер үшін қол жетімді);
жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) жауаптарды табу;
электрондық пошта арқылы бізге сұрақ жіберу;
қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға да болады. Хабарласу алдында, өнімнің моделі мен сериялық нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің артқы немесе астыңғы жағынан таба аласыз.

Қауіпсіздік

Электр тоғының соғу немесе өрт шығу қаупі бар!
Өнімге немесе оның қосалқы құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу
үшін тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді және қосалқы құралдарды оттың немесе басқа қызу көздерінің жанына, соның ішінде тікелей күн сәулесіне қоймаңыз.
Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Найзағайлы бораннан бұрын өнімді розеткадан ажыратып қойыңыз.
Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан кабелінен емес, әрдайым ашасынан тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу басқа болса, өнімді розеткаға қосушы болмаңыз.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу қауіпі бар!
Өнімді немесе басқа заттарды қуат сымдарының немесе электр жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
Өнім 5 °C градустан төмен температурада тасымалданған болса, оны қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға жалғамай тұрып, бөлме температурасына дейін жылынуын күтіңіз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
Бұл өнімді тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің айналасында міндетті түрде кемінде 10 сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі желдеткіш тесіктердің перделер немесе басқа заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.
2
KK
Ластану қаупі!
Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртек және сілті, т.б.).
Батареяны қайта қате салса, жарылыс қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
Батареялардың заряды таусылған немесе қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяларды шығарыңыз.
Ішінде химиялық заттар бар болғандықтан, батареяларды дұрыс тастау керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда батареяны балалардан аулақ ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі бар.
Батареяны жұтып қойды немесе денесінің басқа жеріне кіріп кетті деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Батареяны ауыстыру кезінде, барлық жаңа және ескі батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін, батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын тексеріңіз.
Егер батарея бөлімін жақсылап жабу мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш жерге қосу қамтамасыз етілмеген II СЫНЫПТЫ жабдық.

Өнім күтімі

Өнімді тек ұсақ талшықты шүберектермен тазалаңыз.

Сәйкестік

Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай. Осы құжат арқылы Gibson Innovations компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. ЕО сәйкестік туралы декларацияның көшірмесін www.philips.com/support сайтынан алуға болады.

Қоршаған ортаны күту

Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке лақтыруыңызды өтінеміз.
Қазақша
KK
3
Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
2 Сіздің
SoundBar
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды. Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
жүйеңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін SoundBar жүйесін www.philips.com/support торабында тіркеңіз.

Негізгі бөлік

Бұл бөлімде негізгі құрылғыға шолу жасалады.
a (Күту режимі қосылды/Күту
режимінің көрсеткіші)
• SoundBar жүйесін қосу немесе күту режиміне ауыстыру.
• SoundBar жүйесі күту режимінде болғанда күту режимінің көрсеткіші қызыл болады.
b SOURCE
SoundBar жүйесі үшін кіріс көзін таңдаңыз.
c Дисплейлі панель d +/- (Дауысы)
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету.
e NFC тегі
Bluetooth қосылымы үшін тегтегі NFC­қосылған құрылғыны түртіңіз.
d ea b c
4
KK

Қашықтан басқару пульті

b
a
c d
f g
h i j
e l
k
Бұл бөлімде қашықтан басқару құралына шолу жасалады.
a (Күту режимі қосылды)
SoundBar жүйесін қосу немесе күту режиміне ауыстыру.
b Негізді ашу түймелері
HDMI ARC: көзді HDMI ARC
қосылымына ауыстыру.
: Bluetooth режиміне ауыстыру.
USB: USB режиміне ауыстыру. OPTICAL: Дыбыс көзін оптикалық
қосылымға ауыстыру. COAX: Дыбыс көзін коаксиалды қосылымға ауыстыру. AUDIO IN: дыбыс көзін MP3 қосылымына (3,5 мм ұя) ауыстыру.
AUX: Дыбыс көзін AUX қосылымына ауыстыру.
c / (Алдыңғы/келесі)
USB режимінде алдыңғы немесе келесі трекке өту.
d (Ойнату/үзіліс)
• USB режимінде бастау, кідірту немесе жалғастыру.
e BASS +/-
Бассты көбейту немесе азайту.
f Дауыс реттеуші
+/-: Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету.
: Дыбысты өшіру немесе қалпына келтіру.
g SOUND
Дыбыс режимін таңдау.
h SURROUND ON/OFF
Көлемді дыбысты немесе стерео дыбысын таңдау.
i AUDIO SYNC +/-
Дыбыс кідірісін көбейту немесе азайту.
j DIM
SoundBar дисплей панелінің жарықтығын орнату.
k NIGHT
Түн режимін қосу немесе өшіру.
l TREBLE +/-
Жоғарғы дыбыс жиілігін көбейту немесе азайту.

Қосқыштар

Бұл бөлімде SoundBar жүйесінде қол жетімді қосқыштарға шолу жасалады.
Қазақша
KK
5
g f

Сымсыз сабвуфер

SoundBar жүйесі сымсыз сабвуфермен келеді.
acb
a DIGITAL IN-COAXIAL
Теледидардағы немесе сандық құрылғыдағы коаксиальді дыбыс шығу ұясына жалғау.
b AUX IN (L/R)
Теледидардағы немесе аналогтық құрылғыдағы аналогтық дыбыс шығу ұясына жалғау.
c DIGITAL IN-OPTICAL
Теледидардағы немесе сандық құрылғыдағы оптикалық дыбыс шығу ұясына жалғау.
d DC IN
Қуат көзіне жалғау.
e HDMI OUT (ARC) - TO TV
Теледидардағы HDMI кіріс ұясына жалғау.
f
• USB сақтау құрылғысынан алынған дыбыс көзі.
• Осы өнімнің бағдарламалық құралының нұсқасын жаңарту.
• USB құрылғысын зарядтау.
g AUDIO IN
Мысалы, MP3 ойнатқыштан (3,5 мм ұя) дыбыс кірісі.
de
a ҚОСУ (жалғау)
Сабвуфердің жұптау режиміне өту үшін басыңыз.
b Сабвуфер көрсеткіші
• Қуат қосылған кезде, көрсеткіш жанады.
• Сабвуфер мен негізгі құрылғы арасында сымсыз жұптау кезінде көрсеткіш ақ болып жылдам жыпылықтайды.
• Жұптау сәтті аяқталғанда, көрсеткіш ақ болып жанады.
• Жұптау сәтсіз болғанда, көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
c AC MAINS~
Қуат көзіне жалғау.
6
KK
3 Қосылу және
параметрлерді орнату
Бұл бөлім SoundBar жүйесін теледидарға және басқа құрылғыларға қосуға, одан кейін параметрлерін орнатуға көмектеседі. SoundBar жүйесі мен қосалқы құралдардың негізгі қосылымдары туралы ақпарат алу үшін жылдам бастау нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
• Идентификаторды және жабдық рейтингтерін
өнімнің артындағы немесе төменгі жағындағы түр тақтасында көріңіз.
• Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту
алдында барлық құрылғылар розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.

Сабвуфермен жұптау

кейін SURROUND ON түймесін басып тұрыңыз.
» Жұптау сәтті аяқталса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жанады.
» Жұптау сәтсіз болса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
4 Жұптау сәтсіз болса, жоғарыдағы
қадамдарды қайталаңыз.

Орналастыру

Сабвуферді SoundBar жүйесінен кемінде 1 метр (3 фут) алыс, ал қабырғадан он сантиметр алыс орналастырыңыз. Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін сабвуферді төмендегідей орналастырыңыз.
Қазақша
SoundBar жүйесін және сабвуферді қосқанда сымсыз сабвуфер SoundBar жүйесімен автоматты түрде жұптастырылады. Егер сымсыз сабвуферден дыбыс естілмесе, сабвуферді қолмен жұптастырыңыз.
1 SoundBar жүйесі мен сабвуферді
қосыңыз.
» SoundBar жүйесіне қосылым жоғалса,
сабвуфердегі көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
2 Жұптастыру режиміне өту үшін
сабвуфердегі ҚОСУ (жалғау) түймесін басыңыз.
» Сабвуфердегі көрсеткіш ақ болып
жылдам жыпылықтайды.
3 Алты секунд ішінде қашықтан басқару
құралындағы түймесін екі рет және
BASS + түймесін бір рет басыңыз, содан

Теледидарға жалғау

SoundBar жүйесін теледидарға қосыңыз. Телебағдарламалардың дыбысын SoundBar жүйесі арқылы тыңдай аласыз. SoundBar жүйесі мен теледидарда қол жетімді ең жақсы сапалы қосылымды пайдаланыңыз.
KK
7
Теледидарға HDMI (ARC) арқылы қосылу
SoundBar жүйесі Дыбысты қайтару арнасы (ARC) мүмкіндігі бар HDMI көзін қолдайды. Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді болса, бір HDMI кабелін пайдаланып, теледидар дыбысын SoundBar жүйесі арқылы ести аласыз.

Дыбысты теледидардан және басқа құрылғылардан қосу

Теледидардың немесе басқа құрылғылардың дыбысын Soundbar динамиктері арқылы ойнатыңыз. Теледидарда, Soundbar жүйесінде және басқа құрылғыларда қол жетімді ең жақсы сапалы қосылымды пайдаланыңыз.
TV
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, SoundBar жүйесіндегі HDMI OUT (ARC)-TO TV коннекторын теледидардағы HDMI ARC коннекторына жалғаңыз.
• Теледидардың HDMI ARC қосқышының белгісі басқа болуы мүмкін. Мәліметтерді теледидардың пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
2 Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз. Мәліметтерді теледидардың пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
Ескертпе
• Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді болмаса,
теледидар дыбысын SoundBar арқылы есту үшін дыбыстық кабельді жалғаңыз (ақылдасу 'Дыбысты теледидардан және басқа құрылғылардан қосу' бет
8).
• Теледидардың DVI қосқышы бар болса, теледидарға
қосылу үшін HDMI/DVI адаптерін пайдалануға болады. Бірақ, кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
Ескертпе
• Soundbar жүйесі мен теледидар HDMI ARC арқылы
қосылған кезде, дыбыстық қосылым қажет емес. (ақылдасу 'Теледидарға HDMI (ARC) арқылы қосылу' бет 7)
1-параметр: Дыбысты сандық оптикалық кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
TV
1 Оптикалық кабельді пайдаланып
SoundBar жүйесіндегі OPTICAL қосқышын теледидардағы немесе басқа құрылғыдағы OPTICAL OUT қосқышына қосыңыз.
• Сандық қосқышта SPDIF немесе SPDIF OUT белгісі болуы мүмкін.
8
KK
2-параметр: Дыбысты сандық коаксиалды кабель арқылы қосу
Жақсы сапалы дыбыс
1 Коаксиалды кабельді пайдаланып
SoundBar жүйесіндегі COAXIAL қосқышын теледидардағы немесе басқа құрылғыдағы COAXIAL/DIGITAL OUT қосқышына қосыңыз.
• Сандық коаксиалды қосқышта DIGITAL AUDIO OUT белгісі болуы мүмкін.
3-параметр: Дыбысты аналогтық дыбыстық кабельдер арқылы жалғау
Қарапайым сапалы дыбыс
1 Аналогтық кабельді пайдаланып
SoundBar жүйесіндегі AUX қосқыштарын теледидардағы немесе басқа құрылғыдағы AUDIO OUT қосқыштарына қосыңыз.
4 SoundBar
жүйесін пайдалану
Бұл бөлім қосылған құрылғылардан дыбысты ойнату үшін SoundBar жүйесін пайдалануға көмектеседі.
Бастау алдында
Қысқа бастау нұсқаулығында және пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған қажет қосылымдарды жасаңыз.
SoundBar жүйесін басқа құрылғылардың дұрыс көзіне қосыңыз.

Дыбыс деңгейін реттеу

1 Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе
төмендету үшін +/- (Дауысы) түймесін басыңыз.
• Дыбысты өшіру үшін (Дауыссыз)
түймесін басыңыз.
• Дыбысты қалпына келтіру үшін
(Дауыссыз) түймесін қайтадан басыңыз немесе +/- (Дауысы) түймесін басыңыз.
Қазақша
DVD

Дыбысты таңдау

Бұл бөлім бейне немесе музыка үшін тамаша дыбысты таңдауға көмектеседі.
Дыбыс режимі
Бейнеге немесе музыкаға сай алдын ала анықталған дыбыс режимдерін таңдаңыз.
KK
9
1 Дисплей панелінен дыбыс опциясын
таңдау үшін SOUND түймесін басыңыз.
AUTO: дыбыс ағынына негізделіп дыбыс параметрін автоматты түрде таңдау.
POWERFUL: қорқынышты аркада дыбыстарын тыңдаңыз, экшн көп бейнелер және шулы кештер үшін тамаша.
BALANCED: қосымша дыбыс әсерлерінсіз фильмдер мен музыканың бастапқы дыбысын тыңдау.
BRIGHT: зеріктіретін фильмдерді және музыканы қосымша дыбыс әсерлерімен қызық етіңіз.
CLEAR: музыкадағы әрбір детальді естіңіз және фильмдердегі дауыстарды анық етіңіз.
WARM: айтылған сөздерді және музыка вокалдарын ыңғайлы тыңдаңыз.
PERSONAL: таңдауға негізделіп дыбысты жекелендіріңіз.
Көлемдік дыбыс режимі
Көлемдік дыбыс режимдерімен терең дыбыс тәжірибесін алыңыз.
1 Айнала режимін қосу немесе өшіру үшін
SURROUND ON/OFF түймесін басыңыз.
Қосу: айнала тыңдау тәжірибесін жасаңыз.
Өшіру: Екі арналы стерео дыбыс. Музыканы тыңдау үшін тамаша.
Эквалайзер
SoundBar жүйесінің жоғарғы жиілік (жоғарғы дыбыс жиілігі) және төменгі жиілік (басс) параметрлерін өзгертіңіз.
1 Жиілікті өзгерту үшін TREBLE +/- немесе
BASS +/- түймесін басыңыз.
Бейне мен дыбысты синхрондау
Егер дыбыс пен бейне синхрондалмаған болса, дыбысты бейнеге сай болатындай кідіртіңіз.
1 Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
Түн режимі
Ақырын тыңдау үшін түнгі режим дыбыс ойнатылған кезде қатты дыбыстардың деңгейін төмендетеді. Түн режимі тек Dolby Digital динамиктері үшін қол жетімді.
1 Түн режимін қосу немесе өшіру үшін
NIGHT түймесін басыңыз.

Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату

Bluetooth арқылы SoundBar жүйесін Bluetooth құрылғысымен (iPad, iPhone, сенсорлы iPod, Android телефоны немесе ноутбук сияқты) қосыңыз, сонда құрылғыда сақталған дыбыстық файлдарды SoundBar динамиктері арқылы тыңдай аласыз.
Қажетті әрекеттер
A2DP, AVRCP Bluetooth профилін қолдайтын және 3.0 + EDR Bluetooth нұсқасы бар Bluetooth құрылғысы.
SoundBar жүйесі мен Bluetooth құрылғысы арасындағы ең үлкен жұмыс ауқымы — шамамен 10 метр.
1 SoundBar режимінен Bluetooth
режиміне ауысу үшін қашықтан басқару құралындағы түймесін басыңыз.
» BT дисплей панелінде жыпылықтап
көрсетіледі.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
қызметін қосыңыз, қосылымды бастау үшін іздеп, PHILIPS HTL3140B параметрін таңдаңыз (Bluetooth қызметін қосу жолы туралы Bluetooth
10
KK
құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
» Қосылу барысында дисплей
панеліндегі BT жыпылықтайды.
3 SoundBar жүйесінен сигнал дыбысы
естілгенше күтіңіз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда дисплейден BT көрсетіледі.
» Қосылым орнатылмаса, дисплейде
BT үздіксіз жыпылықтайды.
4 Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап, ойнатыңыз.
• Ойнату кезінде қоңырау қабылданса, музыка ойнату уақытша тоқтатылады. Қоңырау аяқталған кезде ойнату жалғасады.
• Егер Bluetooth құрылғысы AVRCP профилін қолдайтын болса, әуенді өткізу үшін қашықтан басқару құралындағы / түймесін басыңыз немесе ойнатуды уақытша тоқтату/жалғастыру үшін түймесін басыңыз.
5 Bluetooth құрылғысынан шығу үшін басқа
көзді таңдаңыз.
• Bluetooth режиміне қайта ауысқанда Bluetooth қосылымы белсенді болып қалады.

NFC арқылы Bluetooth қосу

NFC (жақын арадағы байланыс) мобильді телефондары сияқты NFC-қосылған құрылғылары арасындағы қысқа ауқымды сымсыз байланысты іске қосатын технология болып табылады.
Қажетті әрекеттер
NFC функциясы бар Bluetooth құрылғысы.
Жұптастыру үшін NFC құрылғысын SoundBar жүйесінің NFC белгісіне тигізіңіз.
1 Bluetooth құрылғысындағы NFC іске
қосыңыз (мәліметтер үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
2 SoundBar жүйесінен дыбыстық сигнал
естілгенше NFC құрылғысын SoundBar жүйесінің NFC тегіне тигізіңіз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда дисплейден BT көрсетіледі.
» Қосылым орнатылмаса, дисплейде
BT үздіксіз жыпылықтайды.
3 NFC құрылғысында дыбыс файлдарын
немесе музыканы таңдап, ойнатыңыз.
• Қосылымды тоқтату үшін қайтадан
NFC құрылғысын SoundBar жүйесінің NFC тегіне тигізіңіз.
Қазақша
Ескертпе
• Музыка ағыны құрылғы мен SoundBar жүйесі
арасындағы қабырға, құрылғыны жабатын металл корпус немесе бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын жердегі басқа құрылғылар сияқты кедергілерден үзілуі мүмкін.
• SoundBar жүйесін басқа Bluetooth құрылғысымен
қосқыңыз келсе, қазіргі уақытта қосылған Bluetooth құрылғысын ажырату үшін қашықтан басқару құралындағы түймесін басып тұрыңыз.
• Philips компаниясы барлық Bluetooth
құрылғыларымен 100% үйлесімділікке кепілдік бермейді.

MP3 ойнатқышы

Дыбыстық файлдарды немесе музыканы ойнату үшін MP3 ойнатқышын қосыңыз.
Қажетті әрекеттер
MP3 ойнатқышы.
3,5 мм стерео дыбыстық кабелі.
1 3,5 мм стерео дыбыстық кабелін
пайдаланып MP3 ойнатқышын SoundBar жүйесіндегі AUDIO IN қосқышына қосыңыз.
2 Қашықтан басқару құралындағы AUDIO
IN түймесін басыңыз.
KK
11
3 Дыбыстық файлдарды немесе музыканы
таңдау және ойнату үшін MP3 ойнатқышындағы түймелерді басыңыз.

USB жад құрылғылары

MP3 ойнатқышы және USB флэш жады, т.б. сияқты USB сақтау құрылғысындағы дыбысты тыңдаңыз.
Қажетті әрекеттер
FAT немесе NTFS файлдық жүйелерімен пішімделген және көлемдік жад сыныбына үйлесімді USB жад құрылғысы
USB сақтау құрылғысындағы MP3 немесе WMA файлы
1 USB жад құрылғысын осы өнімге
қосыңыз.
2 Қашықтан басқару құралындағы USB
түймесін басыңыз.
3 Ойнатуды басқару үшін қашықтан
басқару құралын пайдаланыңыз.
Түйме Әрекет
Ойнатуды бастау, уақытша тоқтату немесе жалғастыру.
/ Алдыңғы немесе келесі әуенге өткізу.
USB USB ойнату кезінде қайталау немесе
кездейсоқ ойнату режимін таңдау немесе ойнату режимін өшіру үшін қайта-қайта басыңыз.
Ескертпе
• Бұл өнім Windows Media Player арқылы
түрлендірілетін WMA файлдарын қолдайды (басқа файл пішімінің түрлендіргіштері арқылы түрлендірілген WMA файлдары жұмыс істемеуі мүмкін).
• Бұл өнім USB сақтау құрылғысының белгілі бір
түрлерімен үйлесімді болмауы мүмкін.
• USB ұзарту кабелін пайдалансаңыз, USB хабы немесе
USB мульти оқу құрылғысы, USB жад құрылғысы танылмауы мүмкін.
• Сандық камераның PTP және MTP протоколдарына
қолдау көрсетілмейді.
• USB сақтау құрылғысы оқылып жатқанда, оны
шығарып алмаңыз.
• DRM көмегімен қорғалған музыка файлдарына (MP3,
WMA) қолдау көрсетілмейді.
• USB портын қолдау: 5 В , 1 А.

Автоматты күту режимі

Жалғанған құрылғыдағы мультимедианы ойнатқанда, SoundBar жүйесі 29 минут түйме әрекетсіздігінен кейін және жалғанған құрылғыдан дыбыс/бейне ойнатылмаса күту режиміне өтеді.

Дисплей жарықтығын орнату

Осы өнімде дисплейдің басқа жарықтық деңгейін таңдау үшін DIM түймесін қайта­қайта басуға болады.

Зауыттық параметрлерді қолдану

Бұл өнімді зауытта бағдарламаланған әдепкі параметрлерге қалпына келтіре аласыз.
1 Кез келген сигнал көзі режимінде
қашықтан басқару құралындағы Дауысы -, BASS - және TREBLE - түймелерін кезекпен үш секунд ішінде басыңыз.
» Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру аяқталған кезде бұл өнім автоматты түрде өшеді және қайта
12
KK
іске қосылады.
5 Бағдарламалық
құралды жаңарту
Ең жақсы мүмкіндіктерді және қолдауды алу үшін бұл өнімді соңғы бағдарламамен жаңартыңыз.
Қажетті әрекеттер
Бұл өнімді теледидарға HDMI арқылы жалғаңыз.

Бағдарламалық жасақтама нұсқасын тексеру

HDMI ARC сигнал көзі режимінде қашықтан басқару құралындағы TREBLE -, BASS - және
Дауысы - түймелерін кезекпен басыңыз.
4 Бұл өнімді HDMI ARC көзіне ауыстырып,
теледидарыңызды HDMI көзіне ауыстырыңыз.
5 Алты секунд ішінде қашықтан басқару
құралындағы түймесін екі рет және Дауысы + түймесін бір рет басыңыз, содан кейін SURROUND ON түймесін басып тұрыңыз.
» Жаңарту медиасы анықталса,
теледидар экранында жаңартуды бастауға шақырыласыз.
» Жаңарту медиасы анықталмаса,
теледидар экранында қате хабар көрсетіледі. Бұл өнімнің соңғы бағдарламасы USB сақтау құрылғысына салынғандығын тексеріңіз.
6 Жаңартуды бастау үшін түймесін
басыңыз.
7 Жаңарту аяқталғанша күтіңіз.
» Жаңарту аяқталса, бұл өнім
автоматты түрде өшеді және қайтадан қосылады.
Қазақша

Бағдарламалық құралды USB арқылы жаңарту

1 Ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасын
www.philips.com/support бетінен тексеріңіз.
• Үлгіні іздеп, «Бағдарламалық құрал
мен драйверлер» санатын басыңыз.
2 Бағдарламалық құралды USB жад
құрылғысына жүктеңіз.
a Мұрағатталған болса, мұрағаттан
шығарып, мұрағаттан шығарылған файлдың аты «HTL3140.BIN» екенін тексеріңіз.
b «HTL3140.BIN» файлын түбірлік
каталогқа салыңыз.
3 USB жад құрылғысын осы өнімнің
(USB) коннекторына жалғаңыз.
Ескерту
• Бағдарламалық құралды жаңарту орындалып
жатқанда қуатты өшіріңіз немесе USB жад құрылғысын алып тастаңыз, себебі ойнатқыш зақымдалуы мүмкін.
KK
13
6 Қабырғаға
> 25mm
3.5-4mm
7 Өнім
орнату
Ескертпе
• Қабырғаға дұрыс емес орнату сәтсіз жағдайға,
жарақатқа немесе зақымға әкелуі мүмкін. Қандай да бір сұрағыңыз болса, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Қабырғаға орнатпастан бұрын, қабырғаның SoundBar
жүйесінің салмағын ұстап тұра алатынын тексеріңіз.
• Қабырғаға орнатпастан бұрын SoundBar жүйесінің
төменгі жағындағы төрт резеңке табанды алып тастамауыңыз керек, әйтпесе резеңке табандар қайта бекітілмеуі мүмкін.
Бұранда ұзындығы/диаметрі
SoundBar жүйесі орнатылатын қабырға түріне байланысты міндетті түрде ұзындығы мен диаметрі сәйкес келетін бұрандаларды пайдаланыңыз.
4mm
SoundBar жүйесін қабырғаға орнату әдісін қысқаша бастау нұсқаулығындағы суреттен қараңыз.
1) Қабырғадан екі тесік тесіңіз.
2) Дюбельдерді және бұрандаларды
тесіктерде бекітіңіз.
3) SoundBar жүйесін бекіту бұрандаларына
іліңіз.
сипаттамалары
Ескертпе
• Техникалық сипаттамалар және дизайн ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Күшейткіш
Жалпы шығыс қуаты: 200 Вт ОКМ (+/- 0,5 дБ, 10% THD)
Жиілік жауабы: 20 Гц-20 кГц / ±3 дБ
Сигнал-шу қатынасы: > 65 дБ (CCIR) / (A-өлшенген)
Кіріс сезімталдық:
• AUX: 900 мВ
• AUDIO IN: 500 мВ
Дыбыс
S/PDIF сандық дыбыс кірісі:
• Коаксиалды: IEC 60958-3
• Оптикалық: TOSLINK
USB
Үйлесімділік: Hi-Speed USB (2.0)
Сынып қолдауы: USB Mass Storage Class (MSC)
Файлдық жүйе: FAT16, FAT32, NTFS
MP3 және WMA файл пішімдерін қолдайды
Іріктеу жиілігі
• MP3: 8 кГц, 11 кГц, 12 кГц, 16 кГц,
22 кГц, 24 кГц, 32 кГц, 44,1 кГц, 48 кГц
• WMA: 44,1 кГц, 48 кГц
Тұрақты сандық ағын:
• MP3: 8 кб/сек-320 кб/сек
• WMA: 32 Кб/сек - 192 Кб/сек
Нұсқа:
• WMA: V7, V8, V9
14
KK
Ескертпе
• Бұл өнім Windows Media Player арқылы
түрлендірілетін WMA файлдарын қолдайды (басқа файл пішімінің түрлендіргіштері арқылы түрлендірілген WMA файлдары жұмыс істемеуі мүмкін).
8 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
• Ток соғу қаупі. Өнімнің корпусын ешқашан алмаңыз.
Bluetooth
Bluetooth профильдері: A2DP, AVRCP
Bluetooth нұсқасы: 3.0 + EDR
Негізгі бөлік
Қуаттың қамтамасыз етілуі:
• Үлгі (Philips маркалы айнымалы ток қуат адаптері): DYS602-210309W; AS650-210-AA309
• Кіріс: 100-240 В~ 50/60 Гц, 1,5 A
• Шығыс: 21В , 3,09A
Күту режиміндегі қуат тұтыну: ≤ 0,5 Вт
Динамик кедергісі
• Вуфер: 8 Ом
• Твитер: 16 Ом
Динамиктер: 2 x (90 мм x 34 мм) вуфер + 2 x 31 мм твитер
Өлшемдері (ЕxБxД): 843 x 52 x 60 мм
Салмағы: 1,4 кг
Сабвуфер
Қуаттың қамтамасыз етілуі: 220-240 В~, 50-60 Гц
Қуат тұтыну: 35 Вт
Күту режиміндегі қуат тұтыну: ≤ 0,5 Вт
Кедергі: 3 ом
Динамиктер: 1 x 134 мм вуфер
Өлшемдері (ЕxБxД): 226 x 251 x 306 мм
Салмағы: 4,14 кг
Қашықтан басқару құралының батареялары
1 x AAA-R03-1,5 В
Кепілдік жарамдылығын сақтау үшін өнімді ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Егер осы өнімді пайдалануды мәселелер бар болса, қызметті сұрау алдында мыналарды тексеріңіз. Егер мәселе әлі бар болса, www.philips.com/support бетінде қолдау алыңыз.
Негізгі бөлік
SoundBar жүйесіндегі түймелер жұмыс істемейді.
SoundBar жүйесін қуат көзінен бірнеше минутқа ажыратыңыз да, қайтадан қосыңыз.
Дыбыс
SoundBar динамиктерінен ешқандай дыбыс жоқ.
SoundBar жүйесінің дыбыстық кабелін теледидарға немесе басқа құрылғыларға қосыңыз. Дегенмен, SoundStage және ТД HDMI ARC байланысы арқылы қосқанда, бөлек дыбыстық қосылым қажет емес.
SoundBar жүйесін зауыттық параметрлеріне қайта орнатыңыз.
Қашықтан басқару құралында дұрыс дыбыс кірісін таңдаңыз.
SoundBar жүйесінің үні өшірілмегендігін тексеріңіз.
Сымсыз сабвуферден ешқандай дыбыс жоқ.
Сабвуферді SoundBar жүйесіне сымсыз жолмен жалғаңыз (ақылдасу 'Сабвуфермен жұптау' бет 6).
Қазақша
KK
15
Бұрмаланған дыбыс немесе жаңғырық.
Егер теледидар дыбысын SoundBar жүйесі арқылы ойнатсаңыз, теледидардың үні өшірулі екенін тексеріңіз.
Дыбыс пен бейне синхрондалмаған.
Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
Дисплейден қате туралы хабар көрсетіледі.
«ERROR» жазуы көрсетілсе, бұл кіріс дыбыс пішіміне қолдау көрсетілмейтінін білдіреді.
«USB ERROR» жазуы көрсетілсе, бұл жалғанған USB құрылғысына қолдау көрсетілмейтінін білдіреді.
«HDMI ARC» жыпылықтаса, бұл жалғанған теледидар HDMI ARC үйлесімді емес екенін немесе қолдау көрсетілмейтін дыбыс пішімі анықталғанын білдіреді.
Bluetooth
Құрылғы SoundBar жүйесімен қосыла алмайды.
Құрылғы SoundBar жүйесіне қажетті профайлдарды қолдамайды.
Құрылғының Bluetooth функциясын қоспағансыз. Функцияны қосу жолын құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Құрылғы дұрыс қосылмаған. Құрылғыны дұрыстап қосыңыз.
SoundBar басқа бір Bluetooth құрылғысымен жұпталып қойған. Қосылған құрылғыны ажыратып, әрекетті қайталаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысынан дыбыс ойнату сапасы нашар.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны SoundBar жүйесіне жақындатыңыз немесе құрылғы мен SoundBar арасындағы қандай да бір кедергіні алып тастаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысы тұрақты түрде қосылады және ажыратылады.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны SoundBar жүйесіне жақындатыңыз немесе құрылғы мен SoundBar арасындағы қандай да бір кедергіні алып тастаңыз.
Кедергіні болдырмау үшін Bluetooth құрылғысындағы Wi-Fi функциясын өшіріңіз.
Кейбір Bluetooth үшін қуатты үнемдеу мақсатында Bluetooth қосылымын автоматты түрде ажыратуға болады. Бұл SoundBar жүйесінің бұзылғанын білдірмейді.
NFC
Құрылғы SoundBar жүйесімен NFC арқылы қосыла алмайды.
Құрылғыға NFC тарапынан қолдау көрсетілгендігін тексеріңіз.
NFC құрылғыда іске қосылғандығын тексеріңіз (мәліметтер үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Жұптастыру үшін NFC құрылғысын SoundBar жүйесінің NFC белгісіне тигізіңіз.
16
KK
Manufactured under license from Dolby Laboratories. Dolby and the double-D symbol are trademarks of Dolby Laboratories.
The terms HDMI and HDMI High-Denition Multimedia Interface, and the HDMI Logo are trademarks or registered trademarks of HDMI Licensing LLC in the United States and other countries.
The Bluetooth® word mark and logos are registered trademarks owned by Bluetooth SIG, Inc. and any use of such marks by Gibson is under license. Other trademarks and trade names are those of their respective owners.
The N Mark is a trademark or registered trademark of NFC Forum, Inc. in the United States and in other countries.
17
Specifications are subject to change without notice 2015 © Gibson Innovations Limited. All rights reserved. This product has been manufactured by, and is sold under the responsibility of Gibson Innovations Ltd., and Gibson Innovations Ltd. is the warrantor in relation to this product. Philips and the Philips Shield Emblem are registered trademarks of Koninklijke Philips N.V. and are used under license from Koninklijke Philips N.V.
HTL3140B_51_UM_V3.0
Loading...