Қауіпсіздік 2
Өнім күтімі 3
Қоршаған ортаны күту 3
Сәйкестік 4
Анықтама және қолдау 4
2 Сіздің өніміңіз 4
Негізгі бөлік 4
Қашықтан басқару пульті 5
Қосқыштар 6
3 Қосу 7
Орналастыру 7
Теледидардан аудионы қосу 7
Басқа құрылғылардан аудионы қосу 9
4 Өніміңізді пайдалану 10
Дыбыс деңгейін реттеу 10
Дыбысты таңдау 10
Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату 11
MP3 ойнатқышы 11
USB жад құрылғылары 12
Автоматты күту режимі 12
Дисплей жарықтығын орнату 12
Зауыттық параметрлерді қолдану 12
5 Бағдарламалық құралды жаңарту 13
Бағдарламалық жасақтама нұсқасын
тексеру 13
Бағдарламалық құралды USB арқылы
жаңарту 13
6 Қабырғаға орнату 14
7 Өнім сипаттамалары 14
8 Ақаулықтарды жою 16
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер
нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе,
кепілдік қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
• Қандай да қосылымдарды жасау немесе
өзгерту алдында барлық құрылғылар
розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
• Өнімге немесе оның қосалқы
құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі
керек. Өнімнің жанына ваза сияқты
сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз.
Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны
дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді
пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу
үшін тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Өнімді және қосалқы құралдарды оттың
немесе басқа қызу көздерінің жанына,
соның ішінде тікелей күн сәулесіне
қоймаңыз.
• Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
• Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
• Батареялар (батарея топтамасы немесе
орнатылған батареялар) күн сәулесі, от
немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу
әсеріне ұшырамауы тиіс.
• Найзағайлы бораннан бұрын өнімді
розеткадан ажыратып қойыңыз.
• Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан
кабелінен емес, әрдайым ашасынан
тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
• Идентификаторды және жабдық
рейтингтерін өнімнің артындағы немесе
төменгі жағындағы түр тақтасында
көріңіз.
• Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр
кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге
сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу
басқа болса, өнімді розеткаға қосушы
болмаңыз.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу
қауіпі бар!
• Қабырғаға орнату үшін бұл өнім
қабырғаға орнату нұсқауларына сай
мықтап бекітілуі тиіс. Тек берілген
қабырғаға орнату кронштейнін
пайдаланыңыз (қолжетімді болса).
Қабырғаға дұрыс емес орнату сәтсіз
жағдайға, жарақатқа немесе зақымға
әкелуі мүмкін. Қандай да бір сұрағыңыз
болса, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Өнімді немесе басқа заттарды
қуат сымдарының немесе электр
жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
• Өнім 5 °C градустан төмен
температурада тасымалданған болса,
оны қаптамасынан шығарыңыз да,
розеткаға жалғамай тұрып, бөлме
температурасына дейін жылынуын
күтіңіз.
• Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
• Бұл өнімді тар жерде орнатуға
болмайды. Желдетілуі үшін өнімнің
айналасында міндетті түрде кемінде он
сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі
желдеткіш тесіктердің перделер немесе
басқа заттармен жабылып қалмауын
қадағалаңыз.
2KK
Ластану қаупі!
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе
көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Батареяны қайта қате салса, жарылыс
қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе
соған тең түрімен ауыстырыңыз.
• Батареялардың заряды таусылған немесе
қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт
пайдаланылмайтын болса, батареяларды
шығарыңыз.
• Ішінде химиялық заттар бар
болғандықтан, батареяларды дұрыс
тастау керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
• Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында
жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас
батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда
батареяны балалардан аулақ ұстаңыз!
Жұтылған жағдайда батарея ауыр
жарақатқа немесе өлімге себеп болуы
мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат
ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі
бар.
• Батареяны жұтып қойды немесе
денесінің басқа жеріне кіріп кетті
деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге
қаралыңыз.
• Батареяны ауыстыру кезінде, барлық
жаңа және ескі батареяларды
балалардың қолы жетпейтін жерде
ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін,
батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын
тексеріңіз.
• Егер батарея бөлімін жақсылап жабу
мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерге
қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш
жерге қосу қамтамасыз етілмеген II
СЫНЫПТЫ жабдық.
Пайдаланушы нұсқаулығындағы тізімде
берілген қуат көздерін ғана пайдаланыңыз.
Өнім күтімі
Өнімді тек ұсақ талшықты шүберектермен
тазалаңыз.
Қоршаған ортаны күту
Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің
2012/19/EU еуропалық директивасы арқылы
қамтылатынын білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EU
еуропалық директивасына сай келетін,
қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға
болмайтын батареялар бар екенін білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдар мен
батареяларға арналған жергілікті жеке
жинау жүйесінің ережелерімен танысыңыз.
Жергілікті ережелерді орындаңыз және
3KK
бұйымдар мен батареяларды қалыпты
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Ескі бұйымдар мен батареяларды қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге
көмектеседі.
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
Тасталатын батареяларды шығарып алу үшін
батареяны орнату тарауын қараңыз.
Сәйкестік
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио
кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
Осы құжат арқылы Gibson Innovations
компаниясы бұл өнімнің 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптары мен
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін
мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны
www.p4c.philips.com сайтынан табуға болады.
2 Сіздің өніміңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдаудың артықшылығын (мысалы, өнімнің
бағдарламалық құралын жаңарту туралы
хабарландыру) толығымен пайдалану үшін
өнімді www.philips.com/welcome бетінде
тіркеңіз.
Негізгі бөлік
Бұл бөлімде негізгі құрылғыға шолу жасалады.
Анықтама және қолдау
Кеңейтілген онлайн қолдауын алу үшін келесі
www.philips.com/support торабына кіріңіз:
• пайдаланушы нұсқаулығы мен жылдам
бастау нұсқаулығын жүктеп алу;
• бейне материалдарды қарау (тек кейбір
үлгілер үшін қол жетімді);
• жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС)
жауаптарды табу;
• электрондық пошта арқылы бізге сұрақ
жіберу;
• қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу
үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, еліңіздегі тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласуыңызға да болады. Хабарласу
алдында, өнімнің моделі мен сериялық
нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің
артқы немесе астыңғы жағынан таба аласыз.
4KK
a
Бұл өнімді қосыңыз немесе күту
режиміне ауыстырыңыз.
b SOURCE
Осы өнім үшін кіріс көзін таңдаңыз.
c Дыбыс деңгейі +/-
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе
төмендету.
d Дисплейлі панель
ca bd
Қашықтан басқару пульті
b
a
c
d
f
g
h
i
em
j
k
l
Бұл бөлімде қашықтан басқару құралына
шолу жасалады.
a (Күту режимі қосылды)
Бұл өнімді қосыңыз немесе күту
режиміне ауыстырыңыз.
b Негізді ашу түймелері
COAX: Дыбыс көзін коаксиалды
қосылымға ауыстыру.
OPTICAL: Дыбыс көзін оптикалық
қосылымға ауыстыру.
AUX: Дыбыс көзін AUX қосылымына
ауыстыру.
AUDIO IN: дыбыс көзін
MP3 қосылымына (3,5 мм ұя) ауыстыру.
USB: USB режиміне ауыстыру.
Музыканың ерекше шығуы үшін стерео
дыбыс режимін таңдаңыз.
h AUDIO SYNC +/-
Дыбыс кідірісін көбейту немесе азайту.
i DIM
Осы өнім үшін дисплей тақтасының
жарықтығын орнату.
j NIGHT
Түн режимін қосу немесе өшіру.
k SURR (MOVIE)
Бейненің ерекше шығуы үшін көлемдік
дыбыс режимін таңдаңыз.
l VOICE
Дауыстың анықтығын арттыру үшін
дауыстық дыбыс режимін таңдаңыз.
m TREBLE +/-
Жоғарғы дыбыс жиілігін көбейту немесе
азайту.
5KK
Қосқыштар
Бұл бөлімде осы өнімде қол жетімді
қосқыштарға шолу жасалады.
h AUDIO IN
Мысалы, MP3 ойнатқыштан (3,5 мм ұя)
дыбыс кірісі.
h
g
acb
a HDMI OUT (ARC) - TO TV
Теледидардағы HDMI (ARC) кірісіне жалғау.
b DC IN
Қуат көзіне жалғау.
c SUBWOOFER
Берілген сабвуферді қосыңыз.
d AUX IN (L/R)
Теледидардағы немесе аналогтық
құрылғыдағы аналогтық дыбыс шығу
ұясына жалғау.
e DIGITAL IN-COAXIAL
Теледидардағы немесе сандық
құрылғыдағы коаксиальді дыбыс шығу
ұясына жалғау.
f DIGITAL IN-OPTICAL
Теледидардағы немесе сандық
құрылғыдағы оптикалық дыбыс шығу
ұясына жалғау.
g
(USB)
• Аудио мультимедиасын ойнату үшін
USB жад құрылғысына қосыңыз.
• Осы өнімнің бағдарламалық құралын
жаңарту.
• USB құрылғысын өзгерту.
fed
6KK
3 Қосу
Теледидардан аудионы қосу
Бұл бөлім осы өнімді теледидарға және басқа
құрылғыларға қосуға көмектеседі.
Бұл өнім мен қосалқы құралдардың негізгі
қосылымдары туралы ақпарат алу үшін
жылдам бастау нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
Идентификаторды және жабдық рейтингтерін
•
өнімнің артындағы немесе төменгі жағындағы түр
тақтасында көріңіз.
• Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту
алдында барлық құрылғылар розеткадан
ажыратылғанын тексеріңіз.
Орналастыру
Сабвуферді негізгі құрылғыдан кемінде
1 метр және қабырғадан 10 сантиметр
қашықтықта қойыңыз.
Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін
сабвуферді төмендегідей орналастырыңыз.
Бұл өнімді теледидарға қосыңыз. Бұл
өнімнің динамиктері арқылы теледидар
бағдарламаларының аудиосын тыңдауыңызға
болады.
1-опция: HDMI (ARC) арқылы
теледидарға жалғау
Ең жақсы сапалы дыбыс
Бұл өнім Дыбысты қайтару арнасы (ARC)
мүмкіндігі бар HDMI көзін қолдайды. ARC
мүмкіндігімен теледидар аудиосын осы өнім
арқылы бір HDMI кабелі көмегімен естуге
болады.
Қажетті әрекеттер
• Жоғары жылдамдықты HDMI кабелі.
• Теледидар HDMI ARC және HDMICEC параметрін қолдайды (толығырақ
теледидардың пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз).
• Кейбір теледидар модельдері үшін
теледидардың реттеу мәзірінен
сыртқы динамик шығысын қосыңыз
(толығырақ теледидардың пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз).
TV
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, осы өнімдегі HDMI OUT
(ARC) қосқышын теледидардағы HDMI
ARC қосқышына қосыңыз.
• Теледидардың HDMI ARC
қосқышының белгісі басқа болуы
мүмкін. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
7KK
2 Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз.
• Теледидардағы HDMI-CEC
параметрлеріне қатысты ақаулар
туралы ақпаратты алу мақсатында
HDMI-CEC реттеуі дұрыс екенін
тексеру үшін теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз
немесе қажет болса, теледидар
өндірушісіне хабарласыңыз.
3 HDMI ARC қосылымын қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
HDMI ARC түймесін басыңыз.
Ескертпе
Барлық HDMI-CEC құрылғыларымен 100%
•
үйлесімділікке кепілдік берілмейді.
• Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді болмаса,
теледидар дыбысын осы өнім арқылы есту үшін
аудио кабельді жалғаңыз.
2-опция: теледидарға оптикалық
кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
3-опция: теледидарды коаксиалды
кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
TV
1 Коаксиалды кабель арқылы осы өнімдегі
COAXIAL қосқышын теледидардағы
коаксиалды шығыс көзіне қосыңыз.
• Теледидардағы цифрлық коаксиалды
шығыс көзі COAXIAL/DIGITAL OUT немесе DIGITAL AUDIO OUT
белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Коаксиалды қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
COAX түймесін басыңыз.
4-опция: теледидарға аналогтық
аудио кабельдері арқылы қосу
Қарапайым сапалы дыбыс
TV
1 Оптикалық кабель арқылы осы өнімдегі
OPTICAL қосқышын теледидардағы
оптикалық шығыс көзіне қосыңыз.
• Теледидардағы цифрлық оптикалық
шығыс көзі OPTICAL OUT, SPDIF
немесе SPDIF OUT белгісімен
белгіленуі мүмкін.
2 Оптикалық қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
OPTICAL түймесін басыңыз.
8KK
TV
1 Аналогтық аудио кабелі арқылы осы
өнімдегі AUX қосқыштарын теледидардағы
аналогтық аудио шығыс көзіне қосыңыз.
• Теледидардағы аналогтық аудио
шығыс көзі AUDIO OUT белгісімен
белгіленуі мүмкін.
2 Аналогтық аудио қосылымын қосу
үшін осы өнімнің қашықтан басқару
құралындағы AUX түймесін басыңыз.
Басқа құрылғылардан
аудионы қосу
Сондай-ақ, аудионы басқа құрылғылардан
осы өнімнің динамигі арқылы ойнатуға
болады.
1-опция: басқа құрылғыға
оптикалық кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
1 Оптикалық кабель арқылы осы
өнімдегі OPTICAL қосқышын сыртқы
құрылғыдағы оптикалық шығыс көзіне
қосыңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы цифрлық
оптикалық шығыс көзі OPTICAL OUT, SPDIF немесе SPDIF OUT
белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Оптикалық қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
OPTICAL түймесін басыңыз.
2-опция: басқа құрылғыға
коаксиалды кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
1 Коаксиалды кабель арқылы осы
өнімдегі COAXIAL қосқышын сыртқы
құрылғыдағы коаксиалды шығыс көзіне
қосыңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы цифрлық
коаксиалды шығыс көзі COAXIAL/
DIGITAL OUT немесе DIGITAL
AUDIO OUT белгісімен белгіленуі
мүмкін.
2 Коаксиалды қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
COAX түймесін басыңыз.
3-опция: басқа құрылғыға аналогтық
аудио кабельдері арқылы қосу
Қарапайым сапалы дыбыс
1 Аналогтық аудио кабелі арқылы осы
өнімдегі AUX қосқышын сыртқы
құрылғыдағы аналогтық аудио шығыс
көзіне қосыңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы аналогтық
аудио шығыс көзі AUDIO OUT
белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Аналогтық аудио қосылымын қосу
үшін осы өнімнің қашықтан басқару
құралындағы AUX түймесін басыңыз.
9KK
4 Өніміңізді
пайдалану
Бұл бөлім көздердің кең ауқымынан
мультимедианы ойнату үшін осы өнімді
пайдалануға көмектеседі.
Бастау алдында
• Жылдам бастау нұсқаулығында
сипатталған қажетті қосылымдарды
орнатыңыз немесе Пайдаланушы
нұсқаулығын www.philips.com/support
веб-сайтынан жүктеп алыңыз.
• Бұл өнімді басқа құрылғыларға арналған
дұрыс көзге ауыстырыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
1
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе
төмендету үшін Дыбыс деңгейі +/-
түймесін басыңыз.
• Дыбысты өшіру үшін,
басыңыз.
• Дыбысты қалпына келтіру үшін,
түймесін қайтадан басыңыз
немесе Дыбыс деңгейі +/- түймесін
басыңыз.
Дыбысты таңдау
Бұл бөлім бейне немесе музыка үшін тамаша
дыбысты таңдауға көмектеседі.
Дыбыс режимі
Бейнеге немесе музыкаға сай алдын ала
анықталған дыбыс режимдерін таңдаңыз.
• Көлемдік тыңдау тәжірибесін жасау үшін
SURR (MOVIE) түймесін басыңыз. Фильм
көруге ыңғайлы.
түймесін
• Стерео дыбысты жасау үшін MUSIC
түймесін басыңыз. Музыканы тыңдау
үшін тамаша.
• Адам дауысын тыңдау үшін анығырақ
және ерекше ететін дыбыс әсерін жасау
мақсатында VOICE түймесін басыңыз.
Эквалайзер
Бұл өнімнің жоғарғы жиілік (жоғарғы
дыбыс жиілігі) және төменгі жиілік (басс)
параметрлерін өзгертіңіз.
1 Жиілікті өзгерту үшін TREBLE +/- немесе
BASS +/- түймесін басыңыз.
Бейне мен дыбысты синхрондау
Егер дыбыс пен бейне синхрондалмаған
болса, дыбысты бейнеге сай болатындай
кідіртіңіз.
1 Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
• AUDIO SYNC + дыбыс кідірісін
көбейтеді, ал AUDIO SYNC - дыбыс
кідірісін азайтады.
Түн режимі
Ақырын тыңдау үшін түнгі режим дыбыс
ойнатылған кезде қатты дыбыстардың
деңгейін төмендетеді. Түн режимі тек Dolby
Digital динамиктері үшін қол жетімді.
1 Түн режимін қосу немесе өшіру үшін
NIGHT түймесін басыңыз.
» Түн режимі қосылғанда дисплей
панелінде ON NIGHT белгішесі екі
рет айналады.
» Түн режимі өшірілгенде дисплей
панелінде OFF NIGHT белгішесі екі
рет айналады.
10KK
Дыбысты Bluetooth арқылы
ойнату
Bluetooth арқылы осы өнімді Bluetooth
құрылғысымен (iPad, iPhone, iPod touch,
Android телефоны немесе ноутбук сияқты)
қосыңыз, сонда құрылғыда сақталған
дыбыстық файлдарды осы өнімнің
динамиктері арқылы тыңдай аласыз.
Қажетті әрекеттер
• A2DP, AVRCP Bluetooth профилін
қолдайтын және 4.0 + EDR Bluetooth
нұсқасы бар Bluetooth құрылғысы.
• Негізгі құрылғы мен Bluetooth құрылғысы
арасындағы ең үлкен жұмыс ауқымы —
шамамен 10 метр.
1 Бұл өнімді Bluetooth режиміне ауыстыру
үшін қашықтан басқару құралындағы
түймесін басыңыз.
» BT дисплей панелінде жыпылықтап
көрсетіледі.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
қызметін қосыңыз, қосылымды бастау
үшін іздеп, Philips HTL2183 параметрін
таңдаңыз (Bluetooth қызметін қосу
жолы туралы Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
» Қосылу барысында дисплей
панеліндегі BT жыпылықтайды.
3 Осы өнім дыбыстық сигнал шығарғанша
күтіңіз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда, дисплей панелінде BT
көрсетіледі.
» Қосылым сәтсіз орнатылғанда,
дисплей панелінде BT үздіксіз
жыпылықтайды.
4 Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап,
ойнатыңыз.
• Ойнату кезінде қоңырау қабылданса,
музыка ойнату уақытша тоқтатылады.
Қоңырау аяқталғанда ойнату
жалғасады (бұл мүмкіндік қосылған
ұялы телефонға байланысты болады).
• Егер Bluetooth құрылғысы AVRCP
профилін қолдайтын болса, әуенді
өткізу үшін қашықтан басқару
құралындағы
немесе ойнатуды уақытша тоқтату/
жалғастыру үшін
басыңыз.
/ түймесін басыңыз
түймесін
5 Bluetooth құрылғысынан шығу үшін басқа
көзді таңдаңыз.
• Bluetooth режиміне қайта ауысқанда
Bluetooth қосылымы белсенді болып
қалады.
Ескертпе
Музыка ағыны құрылғы мен осы өнім арасындағы
•
қабырға, құрылғыны жабатын металл корпус немесе
бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын жердегі басқа
құрылғылар сияқты кедергілерден үзілуі мүмкін.
• Осы өнімді басқа бір Bluetooth құрылғысына
жалғағыңыз келсе, ағымдағы жалғанған Bluetooth
құрылғысын ажырату үшін, қашықтан басқару
құралындағы
түймесін басып тұрыңыз.
MP3 ойнатқышы
Дыбыстық файлдарды немесе музыканы
ойнату үшін MP3 ойнатқышын қосыңыз.
Қажетті әрекеттер
• MP3 ойнатқышы.
• 3,5 мм стерео дыбыстық кабелі.
1 3,5 мм стерео дыбыстық кабелін
пайдаланып MP3 ойнатқышын осы
өнімдегі AUDIO IN қосқышына қосыңыз.
2 Қашықтан басқару құралындағы AUDIO
IN түймесін басыңыз.
3 Дыбыстық файлдарды немесе
музыканы таңдау және ойнату үшін
MP3 ойнатқышындағы түймелерді
басыңыз.
11KK
USB жад құрылғылары
Автоматты күту режимі
MP3 ойнатқышы және USB флэш жады, т.б.
сияқты USB сақтау құрылғысындағы дыбысты
тыңдаңыз.
Қажетті әрекеттер
• FAT немесе NTFS файлдық жүйелерімен
пішімделген және көлемдік жад
сыныбына үйлесімді USB жад құрылғысы
• USB сақтау құрылғысындағы MP3 файлы
1 USB жад құрылғысын осы өнімге
қосыңыз.
2 Қашықтан басқару құралындағы USB
түймесін басыңыз.
3 Ойнатуды басқару үшін қашықтан
басқару құралын пайдаланыңыз.
• Ойнатуды бастау, кідірту немесе
жалғастыру үшін
• Алдыңғы немесе келесі жолға өту үшін
/ түймесін басыңыз.
• USB ойнату кезінде қайталау режиміне
кіру үшін USB түймесін басып тұрыңыз,
содан кейін келесі ойнату режимдерінің
біреуін таңдау үшін USB түймесін басыңыз.
• ONE RPT: ағымдағы жолды қайталау.
• ALL RPT: бір қалтадағы барлық
жолдарды қайталау.
• SHUFFLE: бір қалтада кездейсоқ
ретпен ойнату.
• OFF RPT: қайталау немесе кездейсоқ
ретпен ойнату режимінен шығу.
Ескертпе
Бұл өнім USB сақтау құрылғысының белгілі бір
•
түрлерімен үйлесімді болмауы мүмкін.
• USB ұзарту кабелін пайдалансаңыз, USB хабы немесе
USB мульти оқу құрылғысы, USB жад құрылғысы
танылмауы мүмкін.
• Сандық камераның PTP және MTP протоколдарына
қолдау көрсетілмейді.
• USB сақтау құрылғысы оқылып жатқанда, оны
шығарып алмаңыз.
• DRM көмегімен қорғалған музыка файлдарына (MP3)
қолдау көрсетілмейді.
• USB портын қолдау: 5 В , 1 А.
түймесін басыңыз.
Жалғанған құрылғыдағы мультимедианы
ойнатқанда, 15 минут бойы ешбір түйме
басылмаса және жалғанған құрылғыдан
дыбыс/бейне ойнатылмаса, бұл өнім күту
режиміне автоматты түрде өтеді.
Дисплей жарықтығын
орнату
Осы өнімде дисплейдің басқа жарықтық
деңгейін таңдау үшін DIM түймесін қайтақайта басуға болады.
Егер AUTO OFF параметрін таңдасаңыз,
түйме 10 секунд басылмағаннан кейін ЖД
хабары өшеді.
Зауыттық параметрлерді
қолдану
Бұл өнімді зауытта бағдарламаланған әдепкі
параметрлерге қалпына келтіре аласыз.
1 Кез келген көз режимінде қашықтан
басқару құралындағы Дыбыс
деңгейі -, BASS - және TREBLE -
түймелерін кезекпен үш секунд ішінде
басыңыз.
» Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру аяқталған кезде бұл өнім
автоматты түрде өшеді және қайта
іске қосылады.
12KK
5 Бағдарламалық
құралды
жаңарту
Ең жақсы мүмкіндіктерді және қолдауды
алу үшін бұл өнімді соңғы бағдарламамен
жаңартыңыз.
Бағдарламалық жасақтама
нұсқасын тексеру
Кез келген көз режимінде қашықтан басқару
құралындағы TREBLE -, BASS - және Дыбыс
деңгейі -түймелерін кезекпен басыңыз.
Бағдарламалық құралды USB
арқылы жаңарту
1
Ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасын
www.philips.com/support бетінен
тексеріңіз.
• Үлгіні іздеп, «Бағдарламалық құрал
мен драйверлер» санатын басыңыз.
2 Бағдарламалық құралды USB жад
құрылғысына жүктеңіз.
a Мұрағатталған болса, жүктеуді
мұрағаттан шығарып, мұрағаттан
шығарылған файлдың атауы
«HTL2183B.bin» екенін тексеріңіз.
b «HTL2183B.bin» файлын түбірлік
каталогқа қойыңыз.
5 Алты секунд ішінде қашықтан басқару
құралындағы
Дыбыс деңгейі + түймесін бір рет
басыңыз, содан кейін SURR (MOVIE)
түймесін басып тұрыңыз.
» Дисплей тақтасында «UPG»
(жаңарту) баяу жыпылықтайды, одан
кейін жылдам жыпылықтайды.
түймесін екі рет және
6 «UPG» шамы жылдам жыпылықтағанда
жаңартуды бастау үшін
басыңыз.
» Содан кейін «UPG» (жаңарту)
дисплей панелінде көрсетіледі.
түймесін
7 Жаңарту аяқталғанша күтіңіз.
» Жаңарту аяқталса, бұл өнім
автоматты түрде өшеді және
қайтадан қосылады.
Ескерту
Бағдарламалық құралды жаңарту орындалып
•
жатқанда қуатты өшіріңіз немесе USB жад
құрылғысын алып тастаңыз, себебі өнім зақымдалуы
мүмкін.
3 USB жад құрылғысын осы өнімнің
(USB) қосқышына жалғаңыз.
4 Бұл өнімді HDMI ARC көзіне ауыстыру
үшін HDMI ARC түймесін басыңыз.
13KK
6 Қабырғаға
7 Өнім
орнату
Ескертпе
Қабырғаға орнатпастан бұрын, қабырғаның осы өнім
•
салмағын ұстап тұра алатынын тексеріңіз.
• Қабырғаға орнату үшін бұл өнім қабырғаға орнату
нұсқауларына сай мықтап бекітілуі тиіс. Қабырғаға
дұрыс емес орнату сәтсіз жағдайға, жарақатқа
немесе зақымға әкелуі мүмкін. Қандай да бір
сұрағыңыз болса, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұранда ұзындығы/диаметрі
Осы өнім орнатылатын қабырға түріне
байланысты міндетті түрде ұзындығы мен
диаметрі сәйкес келетін бұрандаларды
пайдаланыңыз.
3.2-3.6 mm/0.13”-0.14”
≤9 mm/
0.35”
Бұл өнімді қабырғаға орнату жолын қысқаша
бастау нұсқаулығындағы суреттен қараңыз.
1) Қабырғадан екі тесік тесіңіз.
2) Дюбельдерді және бұрандаларды
тесіктерде бекітіңіз.
3) Осы өнімді бекітетін бұрандаларға іліңіз.
>25 mm/0.98”
3.5-4 mm/
0.14”-0.16”
сипаттамалары
Ескертпе
Техникалық сипаттамалар және дизайн ескертусіз
•
өзгертілуі мүмкін.
Күшейткіш
• Жалпы шығыс қуаты: 150 Вт ОКМ
(+/- 0,5 дБ, 10% THD)
• Моделі (Philips брэндіндегі айнымалы
ток қуат адаптері): TNUA3202003
• Кіріс: 100-240 В~, 50/60 Гц, 1,65 A
• Шығыс: 32 В
• Күту режиміндегі қуат тұтыну: ≤ 0,5 Вт
• Өлшемдері (Е x Б x Т): 950 x 51 x 69 мм
• Салмағы: 1,6 кг
• Кірістірілген динамиктер:
• Драйверлер: 3 x толық ауқым
(90 мм/3,5" x 34 мм/1,3")
• Кедергі: 4 Ом
• Жұмыс температурасы және
ылғалдылығы: барлық климаттар үшін
0°C - 45°C, 5% - 90%
• Сақтау температурасы және
ылғалдылығы: -40 °C - 70 °C, 5% - 95%
, 2,0 A
Сабвуфер
• Кедергі: 2 Ом
• Динамик драйвері: 1 x 134 мм (5,25")
вуфер
• Өлшемдері (Е x Б x Т):
165 x 240 x 296 мм
• Салмағы: 2,8 кг
• Bluetooth қосылымын белсендіру үшін
Bluetooth құрылғыңызда Bluetooth
қосылымын белсендіріңіз немесе
Bluetooth қосылымын NFC тегі (бар
болса) арқылы қосыңыз.
Қашықтан басқару құралының
батареялары
• 1 x AAA-R03-1,5 В
Күту режимінде қуатты басқару
• 15 минут бойы әрекетсіз тұрса, өнім күту
режиміне немесе желілік күту режиміне
автоматты түрде ауысады.
• Күту режиміндегі немесе желілік күту
режиміндегі қуатты тұтыну 0,5 Вт-тан
азырақ болады.
• Bluetooth қосылымын өшіру үшін
қашықтан басқару құралында Bluetooth
түймесін басып тұрыңыз.
15KK
8 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
•
Ток соғу қаупі. Өнімнің корпусын ешқашан алмаңыз.
Дисплейден қате туралы хабар көрсетіледі.
• «ERROR» жазуы көрсетілсе, бұл кіріс
дыбыс пішіміне қолдау көрсетілмейтінін
білдіреді.
• «ARC» жыпылықтағанда, бұл жалғанған
теледидар HDMI ARC үйлесімді емес
екенін немесе қолдау көрсетілмейтін
дыбыс пішімі анықталғанын білдіреді.
Кепілдік жарамдылығын сақтау үшін өнімді
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Егер осы өнімді пайдалануды мәселелер бар
болса, қызметті сұрау алдында мыналарды
тексеріңіз. Егер мәселе әлі бар болса,
www.philips.com/support бетінде қолдау
алыңыз.
Негізгі бөлік
Бұл өнімдегі түймелер жұмыс істемейді.
• Бұл өнімді қуат көзінен бірнеше минутқа
ажыратып, қайтадан қосыңыз.
Дыбыс
Бұл өнімнің динамиктерінде дыбыс
шықпады.
• Бұл өнімдегі аудио кабельді теледидар
немесе басқа құрылғыларға қосыңыз.
• Осы өнімдегі аудио кіріс көзі
теледидардағы немесе басқа
құрылғылардағы аудио шығыс көзіне
қосылғанын тексеріңіз.
• Бұл өнімді зауыттық параметрлеріне
қалпына келтіріңіз.
• Қашықтан басқару құралында дұрыс
дыбыс кірісін таңдаңыз.
• Бұл өнімнің дыбысы өшірілгендігін
тексеріңіз.
Бұрмаланған дыбыс немесе жаңғырық.
• Бұл өнім арқылы теледидардан дыбыс
ойнатсаңыз, теледидар дыбысын өшіріңіз.
Дыбыс пен бейне синхрондалмаған.
• Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
Bluetooth
Құрылғыны осы өніммен қосу мүмкін емес.
• Құрылғы осы өнімге қажетті үйлесімді
профайлдарды қолдамайды.
• Құрылғының Bluetooth функциясын
қоспағансыз. Функцияны қосу жолын
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Құрылғы дұрыс қосылмаған. Құрылғыны
дұрыстап қосыңыз (ақылдасу 'Дыбысты
Bluetooth арқылы ойнату' бет 12).
• Бұл өнім басқа бір Bluetooth
құрылғысына әлдеқашан қосылған.
Қосылған құрылғыны ажыратып, әрекетті
қайталаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысынан дыбыс
ойнату сапасы нашар.
• Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын жылжытыңыз немесе
құрылғы мен осы өнім арасындағы кез
келген кедергіні алып тастаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысы тұрақты
түрде қосылады және ажыратылады.
• Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын жылжытыңыз немесе
құрылғы мен осы өнім арасындағы кез
келген кедергіні алып тастаңыз.
• Кедергіні болдырмау үшін Bluetooth
құрылғысындағы Wi-Fi функциясын
өшіріңіз.
• Кейбір Bluetooth үшін қуатты үнемдеу
мақсатында Bluetooth қосылымын
автоматты түрде ажыратуға болады. Бұл
өнімнің бұзылғанын білдірмейді.
16KK
Manufactured under license from Dolby
Laboratories. Dolby, Pro Logic, and the
double-D symbol are trademarks of Dolby
Laboratories.
The terms HDMI and HDMI High-Denition
Multimedia Interface, and the HDMI Logo are
trademarks or registered trademarks of HDMI
Licensing LLC in the United States and other
countries.
The Bluetooth word mark and logos are
registered trademarks owned by Bluetooth
SIG, Inc. and any use of such marks by Gibson
Innovations Limited is under license. Other
trademarks and trade names are those of their
respective owners.
17
Сатушы кепілдік талонды толық толтыруын талап етіңіз!
Кепілдік талон қате немесе толық емес толтырылған жағдайда, сатушының мөрі және сатып алушының қолы қойылмаса жарамсыз
болып табылады. Сатып алу туралы кассалық және тауарлық чектер осы кепілдік талонға жапсырылуы тиіс.
САТУШЫ:
Мекенжай және
Толтырылуы міндетті
Толтырылуы міндетті
КЕПІЛДІК ТАЛОНЫ
Толтырылуы міндетті
Толтырылуы міндетті
Толтырылуы міндетті
Толтырылуы міндетті
(ТАӘ және сатып алушының қолы)
орындалуына кепіл боламын. Кепілдік шарттарымен таныстым және келісемін.
Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы*
алдым. Барлық техникалық сипаттамаларымен, атқарымдық мүмкіндіктерімен және пайдалану
Құралды жарамды күйде, толық жиынтылықта, орыс тіліндегі пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен
ережелерімен таныстым. Құрал қаралды және менің қатысуымен тексерілді, сапасы мен сыртқы
барлық нұсқауды орындауға міндеттенемін және құралдың барлық пайдаланушыларымен
түріне наразылықтар жоқ. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және кепілдемелік талонда көрсетілген
E-mail:
МӨРІ
САТУШЫ
Кассалық және тауарлық
чектердің жапсыру орны
Модель:
18
Сату уақыты:
Сериялық нөмір:
Сауда ұйымының атауы:
Сауда ұйымының телефоны:
Назар аударыңыз!
KZ_NOV
Пайдаланушы нұсқаулығына қосымша
Бұйымды
әлдеқандай
Бұйымыңызды
сұйықтықтардың,
қадағалаңыз
нұсқаулығын
хабарласуыңызды
Өндіруші
экономикалық
импортшы «Тұтынушылардың
Беларус ь Республикасының
жайында
талап
және
Кепілдіктің
Орталығына
кепілдемелік
байланысты
авторластырылған
1. Тұтынушы құралмен байланысты пайдалану, сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзу.
2. пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа тиісті қолдану ережелерін сақтамау немесе дұрыс емес пайдалану;
3. пайда лану жөніндегі нұсқаулықпен қарастырылатын (егер оларды қолдану құралдың істен шығуына әкелген жағдайында) түп нұс
4. үшінші жақтағы тұлғалардың араласуы:
• уәкілетті емес тұлғалармен атқарылған жөндеу жұмысы, өндірушіге қайшы келетін құрылымдық немесе схема техникалық ж
• Мемлекеттік Техникалық Стандарттардан (МСТдан) және қоректендіру, телекоммуникациялық және желілік сым желілер ауы
• құралды тоқ көзінен ажыратпайынша (кез келген қосу түрлері тоқ көзі баратын желілерден қосылатын құралдар/тауарлар
5. еңсерілмейтін күш салдарынан (апат, өрт, найзағай және т.с.с.).
Кепілдемелік, сонымен қатар, шығын заттары мен аксессуарларға, соның ішінде келесілерге шектелмейді: құлаққаптар, қаптамалар,
аккумуляторлар, сақтау экрандары, қолдану мерзімі шектелген басқа бөлшектер жатады.
РФ Қызмет көрсету орталықтары: Мәскеу қ., 1
ші Варшавский даңғ., 1а үй, 3 ғим.; С. Петербург, Ланское ш., 65 үй. Сізге жақын о
ақпаратты, олардың жұмыс уақыты, сонымен қоса, өнім туралы ақпаратты Сіз Ақпараттық Орталық келесі телефон нөмірі бойынша ала
мерзімі**
Үй
кинотеатры.
Стационарлық
Портативті
Кепілдік талонның мәтінінің қазақ тілінде алу үшін, Филипс ақпараттық орталығына немесе
Өндіруші құрылымына, сыртқы пішініне, жиынтығына, құралдың техникалық сипаттамаларына еш ескертусіз өзгерістер енгізуге өз құқ
жетімді.
Қызметкөрсету
8 800 080 0123
1 жыл5 жыл
арқылы қоңырау шалаутегі н)
www.philips.kz веб-сайтына хабарласыңыз.
Қазақстан аймағында , соның ішінде ұялы телефондар
аласыз:
рналасқан басқа қызмет көрсету орталықтары туралы толығырақ
қалық емес аксессуарларды және/немее шығын заттарын қолдану;
тқушылықтары; құралды дұрыс емес орнтау және/немесе іске қосу;
әне бағдарламалық қолдауға өзгерістер енгізу;
байланыс сым желілер, әйнектен бұйымдар, ауыспалы шамдар, батарейкалар және
ажыратылған күйінде ғана жүзеге асу қажет).
8 820 0011 0068
ығын қалдырады. Өзекті ақпарат өндіруші сайтында қол
қоңырау шалау тегін)
(БР аймағында , соның ішінде ұялы телефондар арқылы
Құрметті Сатып алушы!
*
Бұйымның атауыКепілдемелік мерзімі**
Philips сауда белгісінің бұйымын сатып алғаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз
8 800 200 0880
-
құқықтарын қорғау туралы» 07.02.1992 N 2300-1» РФ Заңымен қарастырылға н жағдайларында, Ресей Федерациясының аумағында сатып алынған та уар жайында тұтынушылард ың талаптарын қабылдайды.
аумағында сатып алынған тауа р жайында талаптарды қабылдайтын заңды тұлға «БРСЦ-АС ПИРС» Минск, 220114, Независимости даңғылы, 123, 3 корпус. Қазақстан Респ убликасының аумағында сатып алынған тауар
қызмет көрсету орталығынахабарласыңыз. Кепілдемелік қызмет көрсету зақымданулар салдарынанпайда болған құралмен байланыстыкелесі жағдайларды қарастырмайды:
өтінеміз.
жәндіктердің жә не тағы басқасының ішіне түсуін болдыртпаңыз, барлық қызмет ету мезг іл бойы бұйымда көрсетілген модельд ің аталуы және сериялық нөмірі бар толық сәйкестендіруге арналған ақпараттың сақталуын
ұқыпты және зейінді күтсеңіз және оны пайдалану ережелерімен сәйкес қолданған жағдайд а ол Сізге ұзақ мерзім бойы сенімді қызмет етеді. Бұйымды пайдалану кезінде механикалық ақаулардың пайда болуын, бөтен заттардың,
сатып алу кезінде кеп ілдік талонның дұрыс толтыр ылғандығын тексеруіңізді қадала өтінем із. Сіздің сатып алған бұйымыңыздың сериялық нөмірі және моделінің атауы кепілдік талондағы жазбамен сәйкес болуы тиіс. Тало нға
өзгерістерді, түзетулерді енгізуге б олмайды. Егер Сіз бұйымды сатып алғанда кепілдік талон қате немесе толық емес толтырылған, сонымен қатар чек кепілдік талонға жапсырылмаған жағдайд а – сатушыға дереу барыңыз.
одағының аумағындағы импортшы (импортталатын өнім жағдайында): «Гибсон Инновейшнс Евразия» ЖШҚ, РФ, 123022 Мәскеу қ., Сергея М акеева к-сі, 13 үй. Ресей және Еурази ялық экономикалық одағының аумағындағы
және басқа құжаттарды) сақтаңыз. Егер С із бұйымды пайдалану барысында оның жұмыс параметрлер і пайдалан ушы нұсқаулығында көрсе тілгеннен өзгеше болуын байқасаңыз, Ақпараттық Орталыққа кеңес ал у үш ін
. Мүмкін болатын жаңылысудың алдын алу үшін барлық қызм ет ету мез гіл б ойы бұйымды сату ке зінде берілетін құжаттарды (осы кепілдік талонды, тауарлық және кассалық чектерді, жөнелтпе құжаттарды, пайдалан ушы
: “Gibso n Innovations Limited” (Гибсон Инновейшнс Лим итед), Филипс Электроникс құрылысының бесінші қабаты, 5 Сайнс Парк Ист Авеню, Гонконг Сайнс Парк, Шатин, Нью Территориз, Гонконг. Ресей және Еуразиялық
мерзімі және шарттары:
талаптарды қабылдайтын заңды тұлға : «Smart Master Service (Смарт Мастер Cервис) » ЖШС Мұқанов к-сі, 315 үй, А литер, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Егер Сіз бен сатып алған бұйым арнайы орнатуды немесе іске қосылуд ы
еткен жағдайында, осындай қызмет түрімен айналысатын арна йы ұйымға жолығ уды кеңес етеміз. Сізге орнатуды жүзеге асыратын Тұ лға (компания) атқарылған жұмысқа жауапкерш ілік тартады. Есте сақтаңыз, құралды білікт і орнату
іске қосу кейінірек, оның дұрыс атқарымдылығы мен кепілдік қызметіне ед әуір зор маңызд ы екендігін ескеріңіз.
аудио/бейне жүйелері, ойнатқыштар,тасымалданатын және автомагнитолалар, автокөлікмедиаорталықтар, күшейткі штер.1 жыл3 жыл
тек қана жеке, жанұялық, үй және басқа қажеттілі ктерге тиісті сатып алынған жән е қолданылатын толы қ идентификациялық ақпаратты қамтитын, кәсіпркелі к әрекетті жүзеге асырумен
емес құралды қарастырады. Қызмет кө рсету мерзімі аяқталған со ң, профилактиқалық жұмыстарды жүргізу және кейінірек, құралды пайдалану жөніндегі кеңестермен та нысу үшін
хабарласуды өтінеміз.
құрылғылар, тасымалданатын ойнатқы штар, компьютерлік периферия, автокөлікакустика, жеке қабылдауыш құрылғылар.1 жыл1 жыл
** егер беру уақытын анықтау мүмкін емес жағдайында, тұтынушыға тауарды беру уақытынан бастап есептелед і.. Құралдың шығарылу уақытын Сіз сериялық нөмірі бойынша (ххххААЖЖххх ххх, осынд а АА– жыл,
Бұл
ЖЖ апта күні, x – кез келген таңба ) анықтай аласыз . Мысалы: AJ021628123456 – шығарылған уақыты 2016 жылдың 28 аптасы. Шығарылған уақытын анықтау қиын ға соққан жағдайында А қпараттық