Қауіпсіздік 2
Өнім күтімі 3
Қоршаған ортаны күту 3
3D денсаулыққа зияндығын ескерту 4
2 Үй кинотеатрыңыз 4
Негізгі бөлік 4
Қашықтан басқару пульті 5
Қосқыштар 6
3 Қосылу және параметрлерді
орнату 7
Динамиктерді қосу 7
Теледидарға жалғау 9
Дыбысты теледидардан және басқа
құрылғылардан қосу 10
Динамиктерді орнату 11
EasyLink (HDMI-CEC бақылауы)
параметрлерін орнату 11
Үй желісіне қосылу және
параметрлерді орнату 12
4 Үй кинотеатрын пайдалану 14
Бастапқы мәзірге қатынау 14
Авто ойнату 15
Дискілер 15
Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату 17
NFC арқылы Bluetooth қосу 18
Деректер файлдары 18
USB жад құрылғылары 19
Дыбыс, бейне және сурет опциялары 19
Радио 21
Сыртқы аудио құрылғысы 22
Smart TV шолу 22
Мультимедиа ағынын Miracast
арқылы жіберу 24
Компьютерді DLNA арқылы шолу 24
Караоке 27
Дыбысты таңдау 28
5 Параметрлерді өзгерту 29
Тіл параметрлері 29
Сурет және бейне параметрлері 30
Дыбыс параметрлері 30
Ата-ана бақылауының параметрлері 30
Көрсету параметрлері 31
Қуатты үнемдеу параметрлері 31
Динамик параметрлері 31
Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру 32
6 Бағдарламалық жасақтаманы
жаңарту 32
Бағдарламалық жасақтама нұсқасын
тексеру 32
USB арқылы бағдарламаны жаңарту 33
Бағдарламаны интернет арқылы
жаңарту 33
7 Өнім сипаттамалары 34
8 Ақаулықтарды жою 38
9 Ескерту 41
Авторлық құқықтары 41
Ашық бастапқы бағдарламалық құрал 42
Сәйкестік 42
10 Тіл коды 43
11 Индекс 44
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер
нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе,
кепілдік қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
• Өнімге немесе оның қосалқы
құралдарына жаңбыр немесе су
тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза
сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды
қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар
төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан
ажыратыңыз. Өнімді пайдалану алдында
тексеріп алу үшін, Philips компаниясының
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Өнімді және қосалқы құралдарды оттың
немесе басқа қызу көздерінің жанына,
соның ішінде тікелей күн сәулесіне
қоймаңыз.
• Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
• Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
• Батареялар (батарея топтамасы немесе
орнатылған батареялар) күн сәулесі, от
немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу
әсеріне ұшырамауы тиіс.
• Найзағайлы бораннан бұрын өнімді
розеткадан ажыратып қойыңыз.
• Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан
кабелінен емес, әрдайым ашасынан
тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
• Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр
кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге
сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу
басқа болса, өнімді розеткаға қосушы
болмаңыз.
Үй кинотеатрына зақым келу қауіпі!
• Қабырғаға ілінетін өнімдерді
тек жинақпен берілген қабырға
кронштейнімен іліңіз. Қабырға
кронштейнін өнім мен қабырға
кронштейнінің салмағын ұстап
тұра алатын қабырғаға орнатыңыз.
Koninklijke Philips N.V. қабырғаға дұрыс
орнатылмау салдарынан апатқа, адамның
жарақаттануына немесе зақымдануға
жауапкершілік артпайды.
• Тіректі динамиктер үшін тек жинақпен
берілетін тіректерді пайдаланыңыз.
Тіректерді динамиктерге берік
орнатыңыз. Жиналған тіректерді
динамик пен тіректің салмағын көтере
алатын жалпақ, тегіс бетке қойыңыз.
• Өнімді немесе басқа заттарды
қуат сымдарының немесе электр
жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
• Өнім 5 °C градустан төмен
температурада тасымалданған болса, оны
қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға
жалғамай тұрып, бөлме температурасына
дейін жылынуын күтіңіз.
• Ашық жағдайда көрінетін және
көрінбейтін лазерлік сәулелену. Радио
сәулелерін шығаруына жол бермеңіз.
• Диск бөліктерінің ішінен дискінің
оптикалық линзаларына қолыңызды
тигізбеңіз.
• Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
• Бұл өнімді тар жерде орнатуға
болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің
айналасында міндетті түрде кемінде
10 сантиметр орын қалдырыңыз.
Өнімдегі желдеткіш тесіктердің
перделер немесе басқа заттармен
жабылып қалмауын қадағалаңыз.
2KK
Ластану қаупі!
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе
көміртек және сілті, т.б.).
• Батареяны қайта қате салса, жарылыс
қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе
соған тең түрімен ауыстырыңыз.
• Батареялардың заряды таусылған немесе
қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт
пайдаланылмайтын болса, батареяларды
шығарыңыз.
• Ішінде химиялық заттар бар болғандықтан,
батареяларды дұрыс тастау керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
• Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында
жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас
батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда
батареяны балалардан аулақ ұстаңыз!
Жұтылған жағдайда батарея ауыр
жарақатқа немесе өлімге себеп болуы
мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат ішінде
ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі бар.
• Батареяны жұтып қойды немесе
денесінің басқа жеріне кіріп кетті
деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге
қаралыңыз.
• Батареяны ауыстыру кезінде, барлық
жаңа және ескі батареяларды
балалардың қолы жетпейтін жерде
ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін,
батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын
тексеріңіз.
• Егер батарея бөлімін жақсылап жабу
мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерге
қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш
жерге қосу қамтамасыз етілмеген II
СЫНЫПТЫ жабдық.
Өнім күтімі
• Диск бөлігіне дискіден өзге ешнәрсе
салуға болмайды.
• Диск бөлігіне майысқан немесе
жарылған дискілерді салуға болмайды.
• Өнімді тек ұсақ талшықты
шүберектермен тазалаңыз.
Қоршаған ортаны күту
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді. Электр және
электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру
жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз.
Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген
қондырылған қайта жандандыруға болатын
батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық
ретінде лақтыруға болмайды.
3KK
Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті
ережелерімен танысып алыңыз. Себебі
бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін
сақтау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына көрсететін кері әсерлерден
сақтайды.
3D денсаулыққа зияндығын
ескерту
• Сіз немесе сіздің отбасыңыз қояншық
немесе жарық сезгіштіктен ауырсаңыз,
жарық көздеріне, жылдам кескін ретіне
шықпастан бұрын немесе 3D көрместен
бұрын медицина қызметкерімен
кеңесіңіз.
• Бастың айналуы, бастың ауыруы
немесе бағдардың бұзылуы сияқты
ыңғайсыздықты болдырмау үшін ұзақ
уақыт 3D көрмеуіңізді ұсынамыз. Кез
келген ыңғайсыздықты сезінсеңіз, 3D
көруді тоқтатыңыз және симптомдар
кетпейінше, кез келген ықтималды
қаупі бар әрекетпен (мысалы, көлік
жүргізумен) бірден айналыспаңыз.
Симптомдар бар болса, бірінше
медицина қызметкерімен кеңеспейінше,
3D көруді жалғастырмаңыз.
• 3D көру кезінде ата-аналар өздерінің
балаларын қадағалауы қажет және
жоғарыда айтылған ыңғайсыздықтарды
сезінбейтіндеріне көз жеткізуі
қажет. Көру қабілеті әлі толық
жетілмегендіктен, алты жасқа толмаған
балаларға 3D көру ұсынылмайды.
4KK
2 Үй
кинотеатрыңыз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдаудың артықшылығын (мысалы, өнімнің
бағдарламалық құралын жаңарту туралы
хабарландыру) толығымен пайдалану үшін
өнімді www.philips.com/welcome бетінде
тіркеңіз.
Негізгі бөлік
Бұл бөлімде негізгі құрылғыға шолу жасалады.
gabcde f
a (Ашу/жабу)
Диск бөлімін ашу немесе жабу.
b
(Ойнату/үзіліс)
Ойнатуды бастау, уақытша тоқтату
немесе жалғастыру.
c
(Тоқтату)
Ойнатуды тоқтату.
d SOURCE
Үй кинотеатры үшін дыбысты, бейнені,
радио көзін немесе Bluetooth режимін
таңдаңыз.
e -
f
g NFC тегі
+ (Дауысы)
Дыбыс деңгейін төмендету немесе
жоғарылату.
(Күту режимі қосылды)
Үй кинотеатрын қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
Bluetooth қосылымы үшін тегтегі NFCқосылған құрылғыны түртіңіз.
Қашықтан басқару пульті
s
r
d
e
x
w
j
l
a
h
v
c
n
q
i
f
g
m
o
k
t
u
b
p
Бұл бөлімде қашықтан басқару құралына
шолу жасалады.
a (Күту режимі қосылды)
• Үй кинотеатрын қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
• EasyLink мүмкіндігі қосылып
тұрғанда барлық жалғанған HDMI
CEC үйлесімді құрылғыларды күту
режиміне ауыстыру үшін кемінде үш
секунд басып тұрыңыз.
b SOURCE
Ресурс көзін таңдау: үй кинотеатрына
арналған радио/HDMI ARC/AUX/
OPTICAL/COAXIAL/AUDIO IN.
c
(Бастапқы)
Бастапқы мәзірге кіреді.
d SMART TV
Желілік Smart TV қызметін ашу.
e DISC MENU
• Диск көзіне ауысу.
• Дискіні ойнатқанда дискі мәзірін
немесе қалқымалы мәзірді ашу
немесе одан шығу.
f Жылжу түймелері
• Мәзірлерге өту.
• Радио режимінде автоматты іздеуді
бастау үшін оңға немесе солға
басыңыз.
• Радио режимінде радио жиілігін
реттеу үшін жоғары немесе төмен
басыңыз.
g OK
Енгізуді немесе таңдауды растайды.
h
• Алдыңғы мәзір экранына қайта оралу.
• Радио режимінде ағымдағы алдын
ала орнатылған радио станцияларды
өшіру үшін басып ұстап тұрыңыз.
i Түрлі түсті түймелер
Blu-ray дискілерінің тапсырмаларын
немесе опцияларын таңдау.
j
(Ашу/жабу)
Диск бөлімін ашу немесе жабу.
k
(Ойнату)
Ойнатуды бастау немесе жалғастыру.
l
/ (Алдыңғы/келесі)
• Алдыңғы немесе келесі жолға,
бөлімге не файлға өткізіп жібереді.
• Радио режимінде алдын ала
орнатылған радио станциясын
таңдау.
5KK
m / (Жылдам кері айналдыру /
d ecf gab
Жылдам алдыға айналдыру)
Артқа қарай немесе алға қарай іздеу.
Іздеу жылдамдығын өзгерту үшін
қайталай басыңыз.
n
(Дауыссыз)
Дыбысты өшіру немесе қалпына келтіру.
o +/- (Дауысы)
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе
төмендету.
p Әріптік-сандық түймелер
Мәндерді немесе әріптерді енгізу (SMS
мәнерін енгізу арқылы).
q SUBTITLE
Бейне үшін субтитр тілін таңдау.
r AUDIO
Тілді немесе арнаны таңдау.
s
Дыбыс опцияларын ашу немесе жабу.
t
(Уақытша тоқтату)
Ойнатуды уақытша тоқтату.
u
Ойнатуды тоқтату.
v
• Дискіні немесе USB сақтау
құрылғысын ойнатып жатқанда
қосымша ойнату опцияларын ашу.
• Радио режимінде радио станциясын
орнату.
w TOP MENU
Дискінің негізгі мәзірін ашу.
x
Bluetooth режиміне ауыстыру.
Алдыңғы қосқыштар
a MIC 1
Микрофоннан қабылданатын аудио кірісі.
b MIC 2
Микрофоннан қабылданатын аудио кірісі.
c AUDIO IN
MP3 ойнатқышы (3,5 мм ұяшық) сияқты
сыртқы құрылғыдан қабылданатын аудио
кірісі.
d
(USB)
USB сақтау құрылғысындағы дыбыс,
бейне немесе сурет кірісі.
BD-Live қызметін ашу үшін USB көлемді
жадын қосыңыз.
Ескертпе
MP3 ойнатқышын үй кинотеатрына 3,5 мм дыбыстық
•
кабельмен қосқанда, үй кинотеатрының қалыпты
жұмысын қамтамасыз ету үшін MP3 ойнатқышын
MIC 1 немесе MIC 2 қосқышына емес, AUDIO IN
қосқышына қосыңыз.
Артқы ұялар
i h
333 3
cbad
Қосқыштар
Бұл бөлімде үй кинотеатрында қол жетімді
қосқыштарға шолу жасалады.
Теледидардағы немесе сандық
құрылғыдағы коаксиальді дыбыс шығу
ұясына жалғау.
e DIGITAL IN-OPTICAL
Теледидардағы немесе сандық
құрылғыдағы оптикалық дыбыс шығу
ұясына жалғау.
f LAN
Жылдамдығы жоғары модем немесе
маршрутизатордағы LAN кіріс ұясына
жалғау.
g FM ANTENNA
Қамтамасыз етілген FM антеннасына
қосыңыз.
h HDMI OUT (ARC)
Теледидардағы HDMI кіріс ұясына
жалғау.
i AUDIO IN-AUX
Теледидардағы немесе аналогтық
құрылғыдағы аналогтық дыбыс шығу
ұясына жалғау.
3 Қосылу және
параметрлерді
орнату
Бұл бөлім үй кинотеатрын теледидарға
және басқа құрылғыларға қосуға, содан кейін
параметрлерін орнатуға мүмкіндік береді.
Үй кинотеатры мен қосалқы құралдардың
негізгі қосылымдары туралы ақпарат алу үшін
қысқа бастау нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
Идентификаторды және жабдық рейтингтерін
•
өнімнің артындағы немесе төменгі жағындағы түр
тақтасында көріңіз.
• Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту
алдында барлық құрылғылар розеткадан
ажыратылғанын тексеріңіз.
Динамиктерді қосу
Динамик кабельдері оңай қосу үшін түспен
белгіленген. Динамикті үй кинотеатрына қосу
үшін динамик кабелінің түсін қосқыш түсіне
сәйкестендіріңіз.
Динамиктің орны көлемдік дыбыс әсерін
орнатуда маңызды рөл ойнайды. Ең жақсы
әсер үшін барлық динамиктерді отыратын
орынға қарай орналастырыңыз және құлақ
деңгейіне (отырғандағы) жақын орнатыңыз.
7KK
SUB
WOOFER
FRONT
LEFT
FRONT
CENTER
FRONT
RIGHT
4 REAR LEFT (артқы сол жақ) және REAR
RIGHT (артқы оң жақ) динамиктер:
Артқы көлемдік динамиктерді отырған
орынның сол жағына және оң жағына,
онымен бір қатарға немесе оның
артында қойыңыз.
5 SUBWOOFER (сабвуфер)
Сабвуферді теледидардан кемінде бір
метр солға немесе оңға орнатыңыз.
Қабырғадан шамамен 10 сантиметр бос
аралық қалдырыңыз.
REAR
LEFT
REAR
RIGHT
* Нақты динамик кескіндері жоғарыдағы
суреттен басқаша болуы мүмкін.
Ескертпе
Көлемдік дыбыс бөлме пішіні және өлшемі, қабырға
•
мен төбе түрі, терезелер мен шағылыстыратын
беттер және динамик акустикасы сияқты
факторларға байланысты. Оңтайлы параметрді табу
үшін динамик орындарымен тәжірибелер өткізіңіз.
Динамиктерді орналастыру үшін мына жалпы
нұсқауларды орындаңыз.
1 Отырған орын:
Бұл тыңдау аймағының ортасы.
2 FRONT CENTER (алдыңғы ортаңғы)
динамик:
Ортаңғы динамикті тікелей отырған
орынның алдында, теледидардан жоғары
немесе төмен орнатыңыз.
3 FRONT LEFT (алдыңғы сол жақ) және
FRONT RIGHT (алдыңғы оң жақ)
динамиктер:
Сол жақ және оң жақ динамиктерді
алдында, ортаңғы динамиктен бірдей
қашықтықта орнатыңыз. Сол жақ, оң
жақ және ортаңғы динамиктер отырған
орыннан бірдей қашықтықта екенін
тексеріңіз.
Артқы динамиктерді сымсыз ету
Сымсыз модуль қосалқы құралын пайдаланып,
артқы динамиктерді үй кинотеатрына
сымсыз қосыңыз. Мәліметтерді сымсыз
модуль нұсқаулығында қараңыз.
Қажетті әрекеттер
• Philips сымсыз модулі. (үлгі: Philips
RWSS5512, бөлек сатылады)
1 Сымсыз таратқышты үй
кинотеатрындағы WIRELESS REAR
AUDIO қосқышына қосыңыз.
2 Артқы динамиктерді сымсыз
қабылдағышқа жалғаңыз.
3 Сымсыз қабылдағышты қуат көзіне
жалғаңыз.
8KK
Теледидарға жалғау
Бейнелерді көру үшін үй кинотеатрын
теледидарға жалғаңыз. ТД дыбысын үй
кинотеатрының динамиктері арқылы
тыңдауға болады.
Үй кинотеатры мен теледидарда қол жетімді
ең жақсы сапалы қосылымды пайдаланыңыз.
1-параметр: Теледидарды HDMI
(ARC) арқылы жалғау
Ең жақсы сапалы бейне
Үй кинотеатры Дыбысты қайтару арнасы
(ARC) бар HDMI нұсқасын қолдайды. Егер
теледидар HDMI ARC үйлесімді болса, жалғыз
HDMI кабелін пайдаланып, үй кинотеатры
арқылы ТД дыбысын естуге болады.
береді. (ақылдасу 'EasyLink (HDMICEC бақылауы) параметрлерін
орнату' бет 11)
3 Үй кинотеатры арқылы ТД дыбысын
ести алмасаңыз, дыбыс параметрлерін
қолмен орнатыңыз. (ақылдасу 'Дыбыс
параметрлерін орнату' бет 12)
2-параметр: Теледидарды
стандартты HDMI арқылы жалғау
Ең жақсы сапалы бейне
ТД HDMI ARC үйлесімді болмаса, үй
кинотеатрын теледидарға стандартты HDMI
қосылымы арқылы жалғаңыз.
TV
TV
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, үй кинотеатрындағы HDMI
OUT (ARC) қосқышын теледидардағы
HDMI ARC қосқышына жалғаңыз.
• Теледидардың HDMI ARC
қосқышының белгісі басқа болуы
мүмкін. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
2 Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
• HDMI-CEC — HDMI арқылы
қосылған CEC технологиясымен
үйлесімді құрылғыларды теледидар
мен үй кинотеатрының екеуіне да
арналған дыбыс деңгейін басқару
құралы сияқты қашықтан басқару
құралы арқылы басқаруға мүмкіндік
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, үй кинотеатрындағы HDMI
OUT (ARC) қосқышын теледидардағы
HDMI IN қосқышына жалғаңыз.
2 ТД дыбысын үй кинотеатры арқылы
есту үшін дыбыстық кабельді жалғаңыз
(ақылдасу 'Дыбысты теледидардан және
басқа құрылғылардан қосу' бет 10).
3 Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
• HDMI-CEC — HDMI арқылы
қосылған CEC технологиясымен
үйлесімді құрылғыларды теледидар
мен үй кинотеатрының екеуіне да
арналған дыбыс деңгейін басқару
құралы сияқты қашықтан басқару
құралы арқылы басқаруға мүмкіндік
береді. (ақылдасу 'EasyLink (HDMICEC бақылауы) параметрлерін
орнату' бет 11)
9KK
4 Үй кинотеатры арқылы ТД дыбысын
ести алмасаңыз, дыбыс параметрлерін
қолмен орнатыңыз. (ақылдасу 'Дыбыс
параметрлерін орнату' бет 12)
құрылғыдағы OPTICAL OUT қосқышына
жалғаңыз.
• Сандық қосқышта SPDIF немесе
SPDIF OUT белгісі болуы мүмкін.
Ескертпе
Теледидардың DVI қосқышы бар болса, теледидарға
•
қосылу үшін HDMI/DVI адаптерін пайдалануға
болады. Бірақ, кейбір мүмкіндіктер қол жетімді
болмауы мүмкін.
Дыбысты теледидардан
және басқа құрылғылардан
қосу
Үй кинотеатрының динамиктері арқылы
ТД немесе басқа құрылғылардың дыбысын
ойнатыңыз.
ТД, үй кинотеатры мен басқа құрылғыларда
қол жетімді ең жақсы сапалы қосылымды
пайдаланыңыз.
Ескертпе
Үй кинотеатры мен ТД HDMI ARC арқылы
•
жалғанған кезде дыбыстық қосылым қажет емес
(ақылдасу '1-параметр: Теледидарды HDMI (ARC)
арқылы жалғау' бет 9).
1-параметр: Дыбысты сандық
оптикалық кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
2-параметр: Дыбысты сандық
коаксиалды кабель арқылы қосу
Жақсы сапалы дыбыс
1 Коаксиалды кабельді пайдаланып
үй кинотеатрындағы COAXIAL IN
қосқышын теледидардағы немесе басқа
құрылғыдағы COAXIAL/DIGITAL OUT
қосқышына жалғаңыз.
• Сандық коаксиалды қосқышта
DIGITAL AUDIO OUT белгісі болуы
мүмкін.
3-параметр: Дыбысты аналогтық
дыбыстық кабельдер арқылы жалғау
Қарапайым сапалы дыбыс
1 Аналогтық кабельді пайдаланып үй
кинотеатрындағы AUDIO IN-AUX
қосқыштарын теледидардағы немесе
басқа құрылғыдағы AUDIO OUT
қосқыштарына жалғаңыз.
TV
1 Оптикалық кабельді пайдаланып үй
кинотеатрындағы DIGITAL IN-OPTICAL
қосқышын теледидардағы немесе басқа
10KK
VCR
Динамиктерді орнату
Бапталған көлемдік дыбысты алу үшін
динамиктер параметрлерін қолмен
орнатыңыз.
Бастау алдында
Қысқа бастау нұсқаулығында сипатталған
қажет қосылымдарды жасаңыз да,
теледидарды үй кинотеатры үшін дұрыс
көзге ауыстырыңыз.
1 (Бастапқы) түймесін басыңыз.
2 [Setup] опциясын таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
3 [Audio] > [Speaker setup] тармағын
таңдаңыз.
4 Әр динамик үшін қашықтықты енгізіңіз
де, сынақ үндерін тыңдап, дыбыс
деңгейін өзгертіңіз. Тамаша параметрді
табу үшін динамик орындарымен
тәжірибелер өткізіңіз.
EasyLink (HDMI-CEC
бақылауы) параметрлерін
орнату
Теледидарда HDMI CEC (Тұтынушылардың
электрондық бақылауы) протоколын
пайдаланатын Philips EasyLink мүмкіндігі бар.
HDMI арқылы қосылған EasyLink үйлесімді
құрылғыларын бір қашықтан басқару
құралымен басқаруға болады.
Ескертпе
Өндірушіге байланысты HDMI-CEC көп аттармен
•
аталады. Құрылғы туралы ақпарат алу үшін
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
• Philips компаниясы барлық HDMI СЕС
құрылғыларымен үйлесімді болуына 100% кепілдік
бермейді.
Бастау алдында
• Үй кинотеатрын HDMI-CEC үйлесімді
құрылғыға HDMI қосылымы арқылы
жалғаңыз.
• Қысқа бастау нұсқаулығында сипатталған
қажет қосылымдарды жасаңыз да,
теледидарды үй кинотеатры үшін дұрыс
көзге ауыстырыңыз.
EasyLink мүмкіндігін қосу
1 (Бастапқы) түймесін басыңыз.
2 [Setup] опциясын таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
3 [EasyLink] > [EasyLink] > [On]
тармақтарын таңдаңыз.
4 Теледидарда және басқа жалғанған
құрылғыларда HDMI-CEC бақылауын
қосыңыз. Мәліметтерді теледидардың
немесе басқа құрылғылардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
• Теледидарда дыбыс шығысын
теледидар динамиктері емес,
«Күшейткіш» деп орнатыңыз.
Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
EasyLink басқару элементтері
EasyLink көмегімен үй кинотеатрын,
теледидарды және басқа жалғанған HDMICEC үйлесімді құрылғыларды бір қашықтан
басқару құралымен басқара аласыз.
• [One Touch Play] (бір түртумен ойнату):
диск диск бөлімінде кезде, теледидарды
күту режимінен ояту үшін
түймесін басыңыз да, дискіні ойнатыңыз.
• [One Touch Standby] (бір түртумен күту
режиміне өткізу): егер бір түртумен
күту режиміне өткізу қосылған болса,
үй кинотеатрын күту режиміне
теледидардың немесе басқа HDMI-CEC
құрылғыларының қашықтан басқару
құралының көмегімен ауыстыруға
болады.
(Ойнату)
11KK
• [Жүйе дыбысын басқару] (жүйелік
дыбысты басқару):жүйелік дыбысты
басқару қосылған болса, құрылғыны
ойнатқанда, үй кинотеатрының
динамиктерінен жалғанған құрылғының
дыбысы автоматты түрде шығарылады.
• [Дыбыс кірісін салыстыру] (Дыбыстық
кірісті салыстыру):егер жүйелік дыбысты
басқару жұмыс істемесе, жалғанған
құрылғыны үй кинотеатрындағы
дұрыс дыбыстық кіріс қосқышына
салыстырыңыз (ақылдасу 'Дыбыс
параметрлерін орнату' бет 12).
Егер үй кинотеатрының динамиктері арқылы
қосылған құрылғының дыбыстық шығысын
естімесеңіз, келесі әрекеттерді орындаңыз:
• Барлық құрылғыларда EasyLink функциясы
қосулы екенін тексеріңіз (ақылдасу
'EasyLink (HDMI-CEC бақылауы)
параметрлерін орнату' бет 11) және
• теледидарда дыбыс шығысын теледидар
динамиктері емес, «Күшейткіш»
(ТД динамиктерінің орнына) деп
орнатыңыз. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз
және
• EasyLink дыбысты басқару элементін
реттеңіз.
1 (Бастапқы) түймесін басыңыз.
2 [Setup] опциясын таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
3 [EasyLink] > [Жүйе дыбысын басқару]
> [On] тармақтарын таңдаңыз.
• ТД динамиктерінің дыбысын ойнату
үшін [Off] пәрменін таңдап, келесі
қадамдарды өткізіп жіберіңіз.
4 [EasyLink] > [Дыбыс кірісін салыстыру]
тармақтарын таңдаңыз.
5 Жалғанған құрылғыны үй
кинотеатрындағы дыбыс кірістеріне
салыстыру үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
• Үй кинотеатрын теледидарға HDMI ARC қосылымы арқылы қоссаңыз, ТД
дыбысы үй кинотеатрындағы ARC
кірісіне салыстырылғанын тексеріңіз.
Үй желісіне қосылу және
параметрлерді орнату
Желіні орнату үшін үй кинотеатрын желілік
маршрутизаторға жалғаңыз және мыналарды
пайдаланыңыз:
• Ағынды мультимедиа мазмұн (ақылдасу
'Компьютерді DLNA арқылы шолу' бет
24)
• Smart TV (ақылдасу 'Smart TV шолу' бет
22)
• BD Live қолданбалары (ақылдасу 'Blu-ray
дискісіндегі BD-Live' бет 16)
• Бағдарламалық құралды жаңарту
(ақылдасу 'Бағдарламаны интернет
арқылы жаңарту' бет 33)
Ескерту
Желілік маршрутизатормен, мультимедиа сервері
•
бағдарламасымен және желі принциптерімен
танысыңыз. Қажет болса, желі құрамдастарымен
бірге келген құжаттаманы оқыңыз. Philips
компаниясы жоғалған, зақымданған немесе бүлінген
деректерге жауап бермейді.
Бастау алдында
• Smart TV және бағдарлама жаңартулары
үшін желілік маршрутизаторда
жылдамдығы жоғары қосылым бар
интернетке қатынасы бар екенін және
брандмауэрлермен немесе басқа
қауіпсіздік жүйелерімен шектелмегенін
тексеріңіз.
12KK
• Қысқа бастау нұсқаулығында сипатталған
LAN
қажет қосылымдарды жасаңыз да,
теледидарды үй кинотеатры үшін дұрыс
көзге ауыстырыңыз.
Сымды желі параметрлерін орнату
Қажетті әрекеттер
• Желілік кабель (RJ45 түзу кабелі).
• Желілік маршрутизатор (DHCP
мүмкіндігі қосылған)
www
Сымсыз желіні орнату
Үй кинотеатрында сымсыз желіге оңай
қатынасуға арналған ендірілген Wi-Fi бар.
Қажетті әрекеттер
• Желілік маршрутизатор (DHCP
мүмкіндігі қосылған) Ең жақсы сымсыз
өнімділік, қамту және үйлесімділік
үшін 802.11n маршрутизаторын
пайдаланыңыз.
1 Желілік кабельді пайдаланып үй
кинотеатрындағы LAN қосқышын желілік
маршрутизаторға жалғаңыз.
2 (Бастапқы) түймесін басыңыз.
3 [Setup] опциясын таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
4 [Network] > [Network installation] >
[Сымды қос. (Ethernet)] тармақтарын
таңдаңыз.
5 Параметрлерді орнатуды аяқтау үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
• Қосылым үзілсе, [Қайтала] пәрменін
таңдап, OK түймесін басыңыз.