Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық
пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында
тіркеңіз.
Philips динамикалық көлем щеткасы — дәл сән салонындағыдай
кәсіби келбетке қол жеткізу мүмкіндігін беретін, автоматты
түрде бұрау жүйесі бар фен. Оған қоса феннің барлық шаш
ұзындықтары мен сәндеу қалауларына сәйкес келетін әртүрлі
2 щетка саптамасы бар (кішкене және үлкен диаметрлі).
Сондай-ақ феннің шашты зақымдалудан қорғап, ең жақсы
нәтижелерді беретін мүмкіндіктері бар. Щетка саптамалары
шашты тегіс етіп, үйкелуді азайтатын табиғи қылдан жасалған.
Құралдың теріс зарядталған иондар шығаратын ионизаторы
бар. Иондар құралдан шыққан ауамен шашқа таралып, олардың
жалбырамай және шатаспай, жылтырап тұруын қамтамасыз
етеді. Ион функциясына қоса, бұл феннің керамикалық қабаты
болады, ол жылуды кәдімгі қабатқа қарағанда жұмсақ таратып,
шашты күйіп кетуден қорғайды.
Фенге жалпы шолу
a Үлкен щетка саптамасы:
шашты бір пішінге келтіреді, ұзын шаштарға арналған.
b Щетка саптамасын шешу түймесі.
c Бұрау жылдамдығының түймесі.
d Температура мен ауа ағынының түймесі.
e Бұрау бағытының түймелері.
f Ілмек.
g Үлкен щетканың қақпағы.
h Кішкене щетканың қақпағы.
Page 5
i Кішкене щетка саптамасы:
шаштың көлемін арттырады (қарқынды ішке немесе
сыртқа қарай бұйралау), қысқа шашқа арналған.
2 Маңызды ақпарат
Құралды қолданар алдында осы пайдалану нұсқаулығын мұқият
оқып шығыңыз және болашақта анықтама құралы ретінде
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• АБАЙЛАҢЫЗ! Бұл құралды судың жанында пайдаланбаңыз.
• Құралды жуынатын бөлмеде пайдалансаңыз, болғаннан кейін
токтан ажыратып қойыңыз. Құралдың токтан ажыратылған
күйінде де суға жақын болуы қауіпті.
• АБАЙЛАҢЫЗ! Құралды ванна, душ, бассейн
немесе сумен толтырылған басқа заттардың
жанында қолданбаңыз.
• Электр тогы соқпауы үшін, ауа кіріп-шығатын торларға темір
заттарды салмаңыз.
• Еш уақытта ауа кіріп-шығатын торларды бөгемеңіз.
• Құралды қосар алдында онда көрсетілген кернеу мөлшерінің
жергілікті кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
• Құралды осы нұсқаулықта көрсетілмеген басқа мақсаттарға
пайдаланбаңыз.
• Құралмен тек адам шашын кептіріңіз.
• Ток көзіне қосылып тұрғанда, құралды еш уақытта
қадағалаусыз қалдырмаңыз.
• Пайдаланып болғаннан кейін құралды токтан суырыңыз.
• Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты
ұсынбаған қосалқы құралдар мен бөлшектерді ешқашан
пайдаланбаңыз. Бұл қосалқы құралдар мен бөлшектерді
пайдалансаңыз, құралдың кепілдігі өз күшін жояды.
• Сымды құралға орамаңыз.
• Қуат сымы зақымдалса, қауіпті жағдай тумау үшін, оны
тек Philips, Philips рұқсат берген қызмет орталығы немесе
тиісінше мамандандырылған адамдар алмастырып беру керек.
Page 6
• Қозғалу, сезу немесе ойлау қабілеті төмен, тәжірибесі мен
білімі жоқ адамдардың (соның ішінде балалар) бұл құралды
қауіпсіздігі үшін жауапты адамның қадағалауынсыз немесе
осы құралды пайдалану туралы нұсқауларынсыз пайдалануына
болмайды.
• Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
• Қосымша қауіпсіздік үшін ваннаға кіргізілген электр желісіне
тізбекті ток құралын (RCD) орнату кеңесі беріледі. Бұл
RCD құралында мөлшерленген жұмыс жасау тогы 30
милиамперден аспау керек. Орнатушымен кеңесіңіз.
• Қатты қызып кетсе, құрал автоматты түрде өшеді. Құралды
ток көзінен ажыратып, бірнеше минут суытыңыз. Құралды
қайтадан токқа қосар алдында, ауа торын тексеріп, оның
мамықпен, шашпен немесе т.б. заттармен жабылып
қалмағанын тексеріңіз.
• Құралдың ыстық беттерін теріге тигізіп алмаңыз.
• Құралды боялған шаштарға пайдаланғанда, щетканың бетінде
дақ пайда болуы мүмкін.
• Құралды/щеткаларды ағын сумен шаймаңыз.
• Щетканы бұрау қосқышын саптама тағылмаған күйде қоспаңыз.
Шу деңгейі: Lc= 81 dB(A)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл құрал электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Нұсқаулықта көрсетілгендей
және ұқыпты қолданылған жағдайда, құралды пайдалану қазіргі
ғылыми дәлелдер негізінде қауіпсіз болып табылады.
Қоршаған орта
Құралдың қызмет ету мерзімі біткенде күнделікті
үй қоқысымен бірге тастамай, қайта өндеуге алатын
арнайы орынға өткізіңіз. Осылайша қоршаған ортаны
қорғауға көмектесесіз.
Page 7
3 Фенді пайдалану
Құралды 2-3 рет мұқият қолданып, дағдыланып алған дұрыс. Ол
үшін алдымен төмен бұрау жылдамдығынан бастаңыз.
Есте сақтаңыз: Саптамаларды жалғау немесе ажыратудың
алдында оларды және құралдың өзін суытып алыңыз. Құралды
су шашқа қолдануға болмайды. Шашты алдымен орамалмен
немесе жайып кептіріп алыңыз. Құрал орамалмен кептірілген
шашқа жақсы әсер етеді. Шаш щеткаға оралып қалмауы үшін,
алдымен тарақпен тарап алыңыз. Кептірілген және сәнделген
шашты тарақпен, щеткамен немесе саусақтарымен тарау
алдында, шашты суытып алыңыз. Еш уақытта щетка саптамалары
тағылмаған күйде бұрау функциясын қоспаңыз.
Кеңес: Құралдың шашты жұлынып кетуден қорғайтын қауіпсіздік
жүйесі бар. Шаштың щеткаға түсіретін қысымы белгілі бір
шектен асса, бұрау жылдамдығы төмендейді.
Шашты сәндеу алдында
1 Шашыңызға сәйкес келетін щетка саптамасын таңдап, фенге
тағыңыз (
2 Саптаманы алу үшін, шешу түймесін басып (
тартып шығарыңыз.
3 Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
4 Шашыңызды тарап кішірек бөліктерге бөліңіз.
5 Щетканың қақпағын шешіңіз (
6 Құралды қосу үшін, қажетті параметрді таңдаңыз (
• : зиян келтірмейтін температуралы күшті ауа ағыны
• : жоғары температуралы күшті ауа ағыны шашты жылдам
• : жылы ауа ағыны дымқыл шашты тым қатты кеуіп кетуден
• : Өшіру
).
), саптаманы
).
):
шашты сәндеуде қолайлы.
кептіреді.
сақтайды.
Page 8
• Құралды қосқанда, ион функциясы автоматты түрде
қосылады. Бұл функция шашты жылтыратып, шатасудан
сақтайды.
7 Қалаған бұрау жылдамдығын таңдаңыз (
дағдылану үшін, алғашқы бірнеше рет қолданғанда, төмен
жылдамдықты таңдаған дұрыс.
4 Қалған шашты сәндеу үшін, 1-3 қадамдарын қайталаңыз.
Шаштың ұшын сәндеу
1 Щетканы шаштың ұшына кіргізіңіз.
2 Қажетті нәтиже үшін бұрау бағытын таңдаңыз
(ішке немесе сыртқа).
3 Бұрау функциясын қосып, шаш толықтай кеуіп, бір пішінге
келгенше өшірмеңіз.
4 Қалған шашты сәндеу үшін, 1-3 қадамдарын қайталаңыз.
Шашты түзету
1 Щетканы шаштың астынан түбіне қойыңыз.
2 Щетканы шаштың бойымен түбінен ұшына қарай бұрау
функциясын қоспай тартыңыз.
3 Қалған шашты түзету үшін, 1-2 қадамдарын қайталаңыз.
Кеңес: Шашты сәндеу туралы басқа кеңестерді
www.philips.com/haircare торабынан көруге болады.
).
), шашты түбіне дейін
).
Page 9
4 Сақтау
Есте сақтаңыз: Сымды құралға орамаңыз. Құралды және оның
щеткаларын еш уақытта сумен шаймаңыз.
1 Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2 Оны әбден суығанша ыстыққа төзімді бетке қойыңыз.
3 Құралды және оның саптамаларын дымқыл шүберекпен
сүртіңіз. Щетка саптамасынан шаш пен кірді шығарыңыз,
бірақ тазалау үшін еш уақытта темір заттарды пайдаланбаңыз.
4 Щетка саптамаларын сақтау үшін әрдайым қақпақтарды
пайдаланыңыз.
5 Құралды шаңы жоқ, құрғақ және қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Оны ілмегінен іліп қоюға да болады.
5 Кепілдік және қызмет көрсету
Қосымша құралды ауыстыру сияқты қандай да бір ақпарат
керек болса немесе мәселе пайда болса, Philips компаниясының
www.philips.com/support веб-торабына кіріңіз немесе өз
еліңіздегі Philips тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына
хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүние жүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады. Егер еліңізде тұтынушыларға
қолдау көрсету орталығы болмаса, онда жергілікті Philips
компаниясының дилеріне барыңыз.
Page 10
6 Ақаулықтарды жою
МәселеСебебіШешімі
Құрал
жұмыс
істемейді.
Құрал қосылған
қабырғадағы розетка
жұмыс жасамай
тұруы мүмкін.
Құрал өте қатты
қызып кетті де, өзі
өшіп қалды.
Құрал жергілікті
кернеуге сәйкес
келмейді.
Розетканың жұмыс жасап
тұрғанын тексеріңіз.
Құралды ток өзінен
ажыратып, бірнеше
минут бойы суытыңыз.
Құралды қайтадан ток
өзіне қосар алдында, ауа
торын тексеріп, оның
мамықпен, шашпен, немесе
т.б. заттармен жабылып
қалмағанын тексеріңіз.
Құралдың табанында
көрсетілген кернеу
мөлшері жергілікті
кернеуге сәйкес келетінін
тексеріңіз.