Philips HD9270/91 user manual [kz]

HD927X
Пайдаланушы нұсқаулығы
2 ҚАЗАҚ
МАЗМҰНЫ
Маңызды ақпарат 3
Кіріспе 6
Жалпы сипаттама 6
Алғашқы рет қолданар алдында 8
Пайдалануға дайындау 8
Құралды қолдану 8
Тағам кестесі 8 Аэрогрильде пісіру 10 Жылы етіп сақтау режимін таңдау 14 Алдын ала орнату арқылы дайындау 15 Басқа алдын ала орнатуға өту 17 Үйде жасалған картоп тілімдерін дайындау 18
Тазалау 18
Тазалау кестесі 20
Сақтау 20
Өңдеу 20
Кепілдік және қолдау 21
Ақаулықтарды жою 21

Маңызды ақпарат

Қауіпті жағдайлар
- Қыздыру элементіне тимеуі үшін, қуырылатын ингредиенттерді әрдайым себетке салыңыз.
- Құрал жұмыс істеп жатқанда, ауа кіретін және шығатын тесіктерді жаппаңыз.
- Табаға май құймаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
- Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға
және ағынды судың астында жууға болмайды.
- Ток соғу қаупін алдын алу үшін, құралға су немесе басқа сұйықтық кірмеу керек.
- Ешқашан себетте көрсетілген максималды деңгейден асатын тамақ көлемін салмаңыз.
- Жұмыс істеп жатқанда, құралдың ішін қолмен ұстамаңыз.
- Әрқашан жылытқыштың бос екеніне және онда ешқандай
тағамның тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
Абайлаңыз
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар мен физикалық, сезу немесе ойлау қабілеттері шектеулі не болмаса тәжірибесі және білімі аз адамдар қадағалаумен немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана алады. Балалар құралмен ойнамауы керек. 8 жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс.
- Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
- Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана
қосуға болады. Әрдайым ашаның қабырға розеткасына дұрыс салынғанын тексеріңіз.
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқаруға арналмаған.
- Құралды қабырғаға қарсы немесе басқа да құралдарға қарсы қоймаңыз. Артқы және бүйір жақтарында кем дегенде 10см және құралдың үстіңгі жағында 10см бос
3ҚАЗАҚ
4 ҚАЗАҚ
орын қалдырыңыз. Құрылғының жоғарғы жағына ешнәрсе қоймаңыз.
- Құралды пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілмеген басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз.
- Қатты қуыру кезінде ыстық бу ауа шығаруға арналған саңылаулардан босатылады. Қолыңыз бен бетіңізді будан және ауа шығаруға арналған саңылаулардан қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. Сонымен қатар, құралдан табаны алу кезінде ыстық бу мен ауадан сақ болыңыз.
- Пайдалану барысында өнімнің ұстауға келетін жерлері ысып кетуі мүмкін.
- Мультипештің ішіндегі таба, себет және керек-жарақтар пайдалану кезінде ыстық болады. Оларды абайлап қолданыңыз.
- Құралды ыстық газ плитасының немесе электр плитасы мен электр табаларының барлық түрлерінің үстіне немесе жанына, не болмаса қыздырылған пештің ішіне қоймаңыз.
- Құрылғыда жеңіл ингредиенттерді немесе пісіру қағазын пайдалануға болмайды.
- Құралды дастарқан немесе перде сияқты тез жанатын материалдардың үстіне немесе жанына қоймаңыз.
- Істеп тұрғанда, құралды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Құрылғыдан қара түтін шықса, оны бірден ажыратыңыз. Құрылғыдан табаны тартып шығару алдында түтін шығысының тоқтауын күтіңіз.
- Картопты сақтау: температура сақталатын картоп түрлеріне сәйкес болуы және дайындалған тағамдарда акриламид әсері қаупін азайту үшін 6°C-тан жоғары болуы тиіс.
- Су қолмен құралды розеткаға жалғауға және басқару тақтасымен жұмыс істеуге болмайды.
- Бұл құрал 5ºC және 40ºC аралығындағы сыртқы температурада пайдалануға арналған.
Ескерту
- Бұл құрылғы тек үйде әдеттегідей қолдануға арналған. Ол, басқа жағдайда, соның ішінде: дүкендердегі қызметкерлерге арналған асүйлерде, кеңселерде, фермерлік шаруашылықтарда және сондай басқа да жерлерде қолданылуға арналмаған. Ол мейманханалардың, мотельдердің, қонақүйлердің және сондай басқа да мекемелердің тұрғындары тарапынан қолданылуға арналмаған.
- Құралды тексеру немесе жөндеу үшін, оны тек қана Philips әкімшілігі берген қызмет орталығына апарыңыз. Құрылғыны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз, әйтпесе кепілдік жарамсыз болады.
- Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса, пайдаланушы
нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
- Құралды құрғақ, орнықты, тегіс және көлденең бетке қойып пайдаланыңыз.
- Пайдаланып болғаннан кейін, құралды ток көзінен ажыратыңыз.
- Құралды пайдаланбас не тазаламас бұрын шамамен 30 минут бойы суытып алыңыз.
- Құралда дайындалған ингредиенттердің қара не қоңыр болмай, алтын сары болып шығуын қадағалаңыз. Күйіп кеткен қалдықтарын алып тастаңыз. Балғын картопты 180°C-ден жоғары мәнде қуырмаңыз (акриламид түзілуін азайту үшін).
- Пісіру камерасының жоғарғы аймағын тазалау кезінде абайлаңыз: ыстық қыздыру элементі, металл бөлшектердің шеті.
- Әрқашан мультипеште тағамның толықтай пісірілгеніне көз жеткізіңіз.
- Әрқашан мультипешті бақылауда ұстайтыныңызға көз жеткізіңіз.
- Майлы тағам пісіру кезінде мультипеш түтін шығаруы мүмкін.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philipsқұралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
5ҚАЗАҚ
Автоматты түрде өшіру
Құрал автоматты өшіру функциясымен жабдықталған. Егер 20 минут ішінде түймені баспасаңыз, құрал автоматты түрде өшіп қалады. Құралды қолмен өшіру үшін, қуатты қосу/өшіру түймесін басыңыз.
6 ҚАЗАҚ

Кіріспе

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-сайтында тіркеңіз. Philips аэрогрилі — бұл сүйікті тағамдарды аз май қосып немесе май қоспай және 90%-ға дейін аз маймен қуыратын бірегей Rapid Air технологиясы бар жалғыз аэрогриль. Технология Philips Rapid Air технологиясы кез келген жерде тағамдарды дайындайды, ал біздің "теңіз жұлдыздары" түріндегі дизайн алғашқы тістегеннен бастап соңына дейін керемет нәтиже береді. Philips аэрогрилімен сырты қытырлақ, іші жұмсақ болатын қуырылған керемет тағамнан ләззат ала аласыз. Денсаулыққа пайдалы, жылдам әрі оңай жолмен алуан түрлі тағамдарды әзірлеу үшін қуырыңыз, қақтаңыз және пісіріңіз. Көбірек шабыт алу үшін, мультипеш туралы рецепттер мен ақпаратты www.philips.com/kitchen веб-сайтына өтіп алыңыз немесе IOS® немесе Android™ арналған тегін NutriU қолданбасы* жүктеңіз. *NutriU қолданбасы еліңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Бұл жағдайда шабыт алу үшін жергілікті Philips веб-сайтына кіріңіз.

Жалпы сипаттама

1 Басқару панелі
A Температураны арттыру батырмасы B Температураны төмендету батырмасы C Меню түймесі D Алдын ала орнатылған мәзір E Қосу/Өшіру түймесі F Уақытты азайту батырмасы G Уақытты арттыру батырмасы H Уақытты бейнелеу I Экран J Температура көрсеткіші
2 MAX (ЕҢ ЖОҒ.) көрсеткіші 3 Себет 4 Себетті босату түймесі 5 Таба 6 Ток сымы 7 Ауа шығыс жерлері 8 Ауа кіретін тесік
J HI
7ҚАЗАҚ
A B C
G F
E
8
D
1
2
3
4
7
5
6
8 ҚАЗАҚ

Алғашқы рет қолданар алдында

1 Барлық қаптау материалын алып тастаңыз. 2 Құралдың барлық жапсырмаларын немесе белгілерін
(қолжетімді болса) алып тастаңыз.
3 Алғаш пайдаланбас бұрын құралды тазалау тарауында
көрсетілгендей мұқият тазалаңыз.

Пайдалануға дайындау

1 Құралды тұрақты, көлденең, тегіс және жылуға төзімді
беткі қабаттарға қойыңыз.
Ескертпе
• Құрылғының үстіне немесе жан-жағына ешнәрсе қоймаңыз. Бұл
ауа ағынын бұзуы және қуыру нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны қабырғалар мен ыдыс-аяқ
шкафтары сияқты бумен зақымданатын заттардың жанына немесе астына қоюға болмайды.
• Рәзіңке тығынды тұғырда қалдырыңыз. Оны дайындау алдында
шешпеңіз.

Құралды қолдану

Азық түрлері
Жұқа мұздатылған фри картоптары (7x7 мм/0.3x0.3 дюйм)

Тағам кестесі

Төмендегі кесте дайындағыңыз келетін тағам түрлеріне арналған негізгі параметрлерді таңдауға көмектеседі.
Ескертпе
• Мына параметрлер ұсынылатынын есте сақтаңыз. Ингредиенттер
шыққан жеріне, өлшеміне, пішіміне, сондай-ақ, брендіне қарай өзгеше болатындықтан, ингредиенттеріңіз үшін барынша сәйкес келетін параметрге кепілдік бере алмаймыз.
• Көбірек тағам көлемін әзірлейтін кезде (мысалы, қуырмаштар,
асшаяндар, сан еттер, мұздатылған тіскебасарлар), біркелкі нәтижеге қол жеткізу үшін себеттегі ингредиенттерді 2-3 рет шайқаңыз, аударыңыз немесе араластырыңыз.
Мин.– макс. мөлшері
200-800 г / 7-28 oz
Уақыт (мин)
Температура Ескертпе
14-31 180°C/350°F • Қабылдау алдында
шайқаңыз, төңкеріңіз немесе араластырыңыз.
Loading...
+ 16 hidden pages