Philips FXD18/51 User guide [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
FXD18
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Ескерту 3
2 DVD Mini Hi-Fi жүйеңіз 6
Кіріспе 6 Қораптың құрамы 6 Негізгі құрылғыны шолу 7 Қашықтан басқару құралына шолу 8
3 Қосу 10
Құрылғыны орналастыру 10 Динамиктерді қосу 10 Бейне кабельдерді жалғау 10 Қосымша жалғаулар 11 Қуатты қосу 13
4 Жұмысты бастау 14
Қашықтан басқару құралын дайындау 14 Қосу 14 Радио станцияларын автоматты орнату 15 Дұрыс көру арнасын іздеу 15 Дұрыс ТД жүйесін таңдау 15 Жүйелік мәзірдің тілін өзгерту 15
6 Радио тыңдау 22
Радио станцияға реттеу 22 Радио станцияларды автоматты
түрде бағдарламалау 22
Радио станцияларды қолмен
бағдарламалау 22
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау 22
7 USB құрылғысына жазу 23
8 Параметрлерді реттеу 24
Жалпы реттеу 24 Бейнені реттеу 24 Дыбысты реттеу 26 Артықшылықтар 26
9 Өнім туралы ақпарат 28
Ерекшеліктер 28 Қолданылатын дискі пішімдері 29 USB құрылғысының ойнатылатыны
туралы мәліметтер 29
10 Ақаулықтарды жою 30
Қазақша
5 Ойнату 16
Bluetooth қолдайтын құрылғыдан
ойнату 16 Диск ойнату 17 USB немесе жазылған дискілерден
ойнату 18 Фондық музыкасы бар слайд
көрсетілімін ойнату 18 Ойнатуды басқару 19 Караоке пайдалану 19 Дыбыс деңгейін және дыбыс әсерін
реттеу 20
KK
1
1 Маңызды
ақпарат

Қауіпсіздік

Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз

Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз
Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді. Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін өнім корпусын алып тастамаңыз. «Леп белгісі» жұмыс және техникалық қызмет көрсету проблемаларын болдырмау үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс мүмкіндіктерге назар аударуға шақырады. ЕСКЕРТУ: от немесе ток соғу қауіптерін азайту үшін осы құрылғы жаңбыр немесе ылғал жерде ашық қалмауы және вазалар сияқты сұйықтықтармен толтырылған заттар оның үстіне қойылмауы тиіс. АБАЙЛАҢЫЗ: ток соғуды болдырмау үшін штепсельдік ұш пен саңылауды жалпақ жақтарымен келтіріп, толығымен кіргізіңіз.

Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

a Осы нұсқауларды оқыңыз. b Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз. c Барлық ескертулерді ескеріңіз. d Барлық нұсқауларды орындаңыз. e Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
f Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз. g Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатыңыз.
h Радиаторлар, жылытқыштар,
пештер немесе жылу шығаратын басқа құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
i Қуат сымын, атап айтқанда, ашаларынан,
розеткаларынан және құрылғыдан шығып тұрған жерінен басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
j Тек өндіруші көрсеткен қосымша/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
k Тек өндіруші көрсеткен немесе
құрылғымен бірге сатылатын арбашамен, тірекпен, үштағанмен, кронштейнмен немесе үстелмен бірге пайдаланыңыз. Арбаша пайдаланылғанда, арбаша/құрылғы екеуін жылжытқанда аударылып кетіп жарақат алмау үшін сақ болыңыз.
l Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт
қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
m Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғының қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалған болса, оған су тиіп немесе үстіне заттар түсіп кеткен болса, аппаратқа жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе құлап қалған және тағы да басқаша зақымдалған болса, қызмет көрсетуді қажет етеді.
2 KK
n Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе құрылғының бүлінуін болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды + және - полюстерін құрылғыда белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде батареяларды шығарып алыңыз.
o Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
p Құрылғының үстіне қандай да бір
қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
q Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Қатты қызып кету қаупі бар! Бұл құралды тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі үшін, құралдың айналасында міндетті түрде кемінде 10 сантиметр орын қалдырыңыз. Құралдағы желдеткіш тесіктердің перделер немесе басқа заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.

Ескерту

Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Абайлаңыз
Бұл құрылғының корпусын шешуші болмаңыз.
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
Осы құрылғыны тегіс, қатты және орнықты жерге
орналастырыңыз.
Бұл құрылғыны басқа электр жабдықтың үстіне
қоюшы болмаңыз.
Бұл құрылғыны тек іште пайдаланыңыз. Бұл
құрылғыны судан, ылғалдан және суға толы заттардан алыс ұстаңыз.
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
Құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан қарамаңыз.
Ескерту
Осы құжат арқылы WOOX Innovations компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны www.philips.com/support сайтынан табуыңызға болады. WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін. Техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі. WOOX кез келген уақытта бұрынғы жеткізілген жабдықтарды тиісінше реттеу міндетінсіз өнімдерді өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Қазақша
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
KK
3
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/ EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EC еуропалық директивасына сай келетін, қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді. Электр және электрондық бұйымдар мен батареяларға арналған жергілікті жеке жинау жүйесінің ережелерімен танысыңыз. Жергілікті ережелерді орындаңыз және бұйымдар мен батареяларды қалыпты тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі бұйымдар мен батареяларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге көмектеседі.
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
Тасталатын батареяларды шығарып алу үшін батареяны орнату тарауын қараңыз.
Батареяларды пайдалану туралы ақпарат:
Ескерту
Ағу қаупі: батареялардың тек көрсетілген түрін
пайдаланыңыз. Жаңа және пайдаланылған батареяларды араластырмаңыз. Батареялардың әртүрлі брендтерін араластырмаңыз. Полюстерін дұрыс қаратыңыз. Ұзақ уақыт пайдаланылмаған өнімдерден батареяларды алып тастаңыз. Батареяларды құрғақ орында сақтаңыз.
Жарақат алу қаупі: аққан батареяларды шығару
кезінде қолғап киіңіз. Батареяларды балалар мен үй жануарларына қол жетімсіз жерде сақтаңыз.
Жарылу қаупі: батареяларды қысқартпаңыз.
Батареялардың қатты қызып кетуін болдырмаңыз. Батареяларды өртке тастамаңыз. Батареяларды зақымдамаңыз немесе бөлшектемеңіз. Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз;
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.) Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.

Авторлық құқық ескертпесі

Бұл өнім авторлық құқықтарды қорғау технологиясын қамтиды, бұл технология АҚШ-тағы Rovi Corporation корпорациясының патенттер және басқа да зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған. Қайта құрастыруға және бөлшектеуге тыйым салынған.

Өнімде көрсетілген тауар белгісі

Dolby зертханаларынан алынған лицензия бойынша жасалған. «Dolby» және қос «D» таңбасы Dolby Laboratories сауда белгілері болып табылады.
DivX , DivX Ultra , DivX Certied осыған қатысты белгілер — Rovi корпорациясының немесе оның филиалдарының сауда белгілері және лицензия бойынша пайдаланылады. Кеңейтілген мүмкіндіктері және жоғары сапалы мазмұн бар DivX бейнелерін ойнатуға DivX Ultra куәландырылған. DIVX VIDEO ТУРАЛЫ: DivX дегеніміз Rovi корпорациясының филиалы DivX ЖШС жасаған сандақ бейне форматы болып
4 KK
табылады. Бұл DivX бейнесін ойнататын ресми DivX Certied құрылғысы. Файлдарды DivX бейнелеріне түрлендіру үшін divx.com сайтына кіріңіз. DIVX VIDEO-ON-DEMAND ТУРАЛЫ: DivX Certied құрылғысы сатып алынған DivX Video-on-Demand (VOD) фильмдерін ойнату үшін тіркелуі керек. Тіркеу кодын алу үшін құрылғының орнату мәзірінде DivX VOD бөлімінің орнын анықтаңыз. Тіркеуді аяқтау туралы толық ақпарат үшін vod.divx.com сайтына өтіңіз.
'DVD Video' DVD Format/Logo Licensing корпорациясының сауда белгісі болып табылады.
®
The terms HDMI and HDMI High-Denition Multimedia Interface, and the HDMI Logo are trademarks or registered trademarks of HDMI Licensing LLC in the United States and other countries.
Штаттары мен басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі.
Бұл құрылғыда мына белгі бар:
Қазақша
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының артқы жағында орналасқан.
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және мұндай белгілерді WOOX Innovations әрдайым лицензияға сәйкес пайдаланады. Басқа сауда белгілері және сауда атаулары сәйкес иелерінің меншігі болып табылады.
N белгісі — NFC Forum, Inc. корпорациясының Америка Құрама
KK
5
2 DVD Mini Hi-Fi
жүйеңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www. philips.com/welcome торабында тіркеңіз.

Кіріспе

Осы құрылғымен мына әрекеттерді орындауға болады:
DVD/VCD/SVCD ішіндегі немесе USB жад құрылғыларындағы бейнені көру
Дискілерден, USB жад құрылғыларынан, Bluetooth қолдайтын құрылғылардан немесе басқа сыртқы құрылғылардан дыбыс тыңдау
Дискілердегі немесе USB жад құрылғыларындағы суреттерді көру
FM радиосын тыңдау
Дыбыс шығысын мына дыбыстық әсерлермен байытуға болады:
Жедел қуатты күшейтуге арналған ең жоғары дыбыс
Бассты күшейту
EQ (эквалайзер) параметрлері
Бұл құрылғы мына құрал/диск пішімдерін қолдайды:
Төмендегі аймақтық кодымен белгіленген DVD дискілерін ойнатуға болады: Төмендегі аймақтық кодымен белгіленген DVD дискілерін ойнатуға болады:
DVD аймақтық коды Елдер
Ресей

Қораптың құрамы

Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
Негізгі бөлік
2 x динамик
Қашықтан басқару құралы (батареямен)
Ток сымы
FM антеннасы
Басып шығарылған материалдар
6 KK

Негізгі құрылғыны шолу

wx
srqp n mo
ab cdef ghijkl
a
• Құрылғыны қосу.
• Қалыпты күту режиміне немесе қуат
үнемдеу режиміне ауыстыру.
b SOURCE
• Дыбыс көзін таңдау: DISC, USB, FM,
AUDIO IN немесе BT.
c MODE
• Қайталау немесе еркін ойнату
режимін таңдаңыз.
• Дискіні немесе USB сақтау
құрылғысын ойнатып жатқанда қосымша ойнату опцияларын ашу.
d MAX SOUND
• Дыбыс үшін жедел қуатты күшейтуді
қосу немесе өшіру.
e BASS BOOST
• Динамикалық бассты күшейту
деңгейін таңдау.
f Дыбыс деңгейі тұтқасы
• Динамиктің дыбыс деңгейін реттеу.
g EQUALIZER
• Алдын ала орнатылған дыбыс
эквалайзері параметрін таңдау.
h USB REC
• USB жазу экранына өтіңіз.
i Диск бөлімінің қақпағы
VIDEO OUT
ANTENNA
FM
tu v
j MIC
• Микрофонды қосу.
k AUDIO IN
• 3,5 мм дыбыстық кабель (жинақта жоқ) арқылы сыртқы дыбыстық құрылғыны жалғаңыз.
l
• USB жад құрылғысын қосу.
m EJECT
• Диск бөлімін ашу немесе жабу.
n /
• Алдыңғы/келесі жолға, тақырыпқа немесе тарауға өту.
• Радиостансаны реттеу.
o NFC аймағы
• Bluetooth қосылымын автоматты түрде орнату үшін NFC үйлесімді құрылғымен түртіңіз.
p Дисплейлі панель
• Ағымдағы күйін көрсетіңіз.
q
• Ойнатуды тоқтату немесе бағдарламаны өшіру.
r PRESET +/-
• Алдын ала орнатылған радио станцияны таңдау.
TR WR WLTL
L
R
L
LOW
HIGHRLOW
HIGH
Қазақша
7
KK
s
• Ойнатуды бастау немесе уақытша тоқтату.
t ANTENNA (FM)
• Берілген FM антеннасына қосыңыз.
u VIDEO OUT
• Теледидардағы күрделі бейне кіріс ұясына жалғау.
v HDMI
• Теледидардағы HDMI кіріс ұясына жалғау.
w Динамикті қосу ұялары
• Берілген динамиктерді қосыңыз.
x AC қуат сымы

Қашықтан басқару құралына шолу

u t
s
r
q
p
o
n
DISC
ID3/INFO
1
2
4
56
789
0
LIGHT
AUDIO
USBSYNC
USB REC
OPTIONSBACK
MODE
3
EQ
a b
c d
e f
g
h
i
j
k
l
m
a
• Құрылғыны қосу.
• Қалыпты күту режиміне немесе қуат үнемдеу режиміне ауыстыру.
b AUDIO SYNC
• Тілді немесе арнаны таңдау.
• Дыбысты кідірту параметрін ашу үшін басып тұрыңыз да, бейнемен сәйкестендіру мақсатында дыбысты кідірту үшін шарлау түймелерін (сол жақ/оң жақ) басыңыз.
c USB
• USB көзіне ауысу.
d
• DISC/USB режимінде басты мәзірді ашыңыз немесе одан шығыңыз.
e USB REC
• USB жазу экранына өтіңіз.
f /
• Мәзірде жоғары/төмен өту.
• Сурет бұру.
• Бейнені ойнату кезінде баяу артқа/ алға режимін таңдаңыз.
• Радио режимінде алдын ала орнатылған радио станциясын таңдау.
g / ( / )
• Жолда немесе дискіде іздеу.
• Мәзірде солға/оңға өту.
• Радиостансаны реттеу.
h OPTIONS (MODE)
• Дискіні немесе USB сақтау құрылғысын ойнатып жатқанда қосымша ойнату опцияларын ашу.
• Қайталау немесе еркін ойнату режимін таңдаңыз.
i /
• Динамиктің дыбыс деңгейін реттеу.
j
• Ойнатуды тоқтату немесе бағдарламаны өшіру.
8 KK
k /
• Алдыңғы/келесі жолға, тақырыпқа немесе тарауға өту.
l Сандық пернетақта
• Тақырып/тарау/трек таңдау.
0 LIGHT (осы үлгі үшін қолжетімді емес): негізгі блоктың сәнді жарық әсерін қосу/өшіру.
m EQ
• Алдын ала орнатылған дыбыс эквалайзері параметрін таңдау.
n MAX SOUND
• Дыбыс үшін жедел қуатты күшейтуді қосу немесе өшіру.
o
• Ойнатуды бастау немесе уақытша тоқтату.
p
• Дыбысты өшіру немесе қалпына келтіру.
q BACK (ID3/INFO)
• Алдыңғы мәзірге оралу.
• Дискілер үшін ойнату параметрлеріне қол жеткізу немесе ағымдағы диск күйін көрсету.
• Слайд көрсетілімі үшін фотосуреттердің нобайларын көрсету.
• MP3 дискілері үшін қолжетімді болса, ID3 ақпаратын көрсету.
r OK
• Әрекетті немесе таңдауды растау.
s DISC
• Диск көзін таңдаңыз.
t FM/AUDIO IN
• FM және AUDIO IN көздерінің арасында ауысу.
u
• Bluetooth ресурсын таңдаңыз.
Қазақша
KK
9
Loading...
+ 23 hidden pages