Кіріспе 6
Қораптың құрамы 6
Негізгі құрылғыны шолу 7
Қашықтан басқару құралына шолу 8
3 Жұмысты бастау 10
Қашықтан басқару құралын дайындау 10
Қуатты қосу 10
Қосу 11
4 Ойнату 12
Негізгі ойнату әрекеттері 12
iPod/iPhone құрылғысынан ойнату 12
USB құрылғысынан ойнату 13
Ойнату опциялары 14
5 Радио тыңдау 15
Радиостанцияларды реттеу 15
Радиостанцияларды сақтау 15
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау 15
7 Қосымша мүмкіндіктер 17
Дыбысты сыртқы құрылғыдан ойнату 17
Hi-Fi жүйесі арқылы сөйлеу немесе
ән айту 17
Бір уақытта ойнатуды пайдалану 18
Декорациялық жарықты реттеу 18
8 Өнім туралы ақпарат 19
Ерекшеліктер 19
USB құрылғысының ойнатылатыны
туралы мәліметтер 19
9 Ақаулықтарды жою 20
6 Дыбысты реттеу 16
Динамиктің дыбыс деңгейін реттеу 16
Дыбыс әсерін таңдау 16
Дыбысты өшіру 16
Дыбыс шығару режимін таңдау 16
1KK
1 Маңызды
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
ақпарат
Қауіпсіздік
Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз
Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы
мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді.
Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін өнім
корпусын алып тастамаңыз.
«Леп белгісі» жұмыс және техникалық
қызмет көрсету проблемаларын болдырмау
үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс
мүмкіндіктерге назар аудартады.
АБАЙЛАҢЫЗ: от немесе ток соғу қауіптерін
азайту үшін осы құрылғы жаңбыр немесе
ылғал жерде ашық қалмауы және вазалар
сияқты сұйықтықтармен толтырылған заттар
оның үстіне қойылмауы тиіс.
ЕСКЕРТУ: ток соғуды болдырмау үшін
штепсельдік ұш пен саңылауды жалпақ
жақтарымен келтіріп, толығымен кіргізіңіз.
a Осы нұсқауларды оқыңыз.
b Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз.
c Барлық ескертулерді ескеріңіз.
d Барлық нұсқауларды орындаңыз.
e Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
f Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
g Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес
орнатыңыз.
h Радиаторлар, жылытқыштар,
пештер немесе жылу шығаратын
басқа құрылғылар (соның ішінде
күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне
жақын орнатпаңыз.
i Қуат сымын, атап айтқанда, ашаларынан,
розеткаларынан және құрылғыдан
шығып тұрған жерінен басылып немесе
қысылып қалудан қорғаңыз.
j Тек өндіруші көрсеткен қосымша/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
k Тек өндіруші көрсеткен немесе
құрылғымен бірге сатылатын
арбашамен, тірекпен, үштағанмен,
кронштейнмен немесе үстелмен
бірге пайдаланыңыз. Арбаша
пайдаланылғанда, арбаша/құрылғы
екеуін жылжытқанда аударылып кетіп
жарақат алмау үшін сақ болыңыз.
l Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт
қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток
көзінен ажыратыңыз.
2KK
m Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Құрылғының қуат сымы
немесе штепсельдік ұшы зақымдалған
болса, оған су тиіп немесе үстіне
заттар түсіп кеткен болса, аппаратқа
жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол
дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе
құлап қалған және тағы да басқаша
зақымдалған болса, қызмет көрсетуді
қажет етеді.
n Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене
жарақатының, мүліктің бүлінуінің
немесе құрылғының бүлінуін
болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды +
және - полюстерін құрылғыда
белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа
немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған
кезде батареяларды шығарып
алыңыз.
o Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
p Құрылғының үстіне қандай да бір
қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық
толтырылған заттар, жағылған
шырақтар) қоймаңыз.
q Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Желілік сақтандырғыш
Бұл ақпарат тек Ұлыбританияға арналған
штепсельдік ұшы бар өнімдерге қатысты.
Бұл өнімде мақұлданған үлгідегі штепсельдік
ұш бар. Сақтандырғышты ауыстырған
жағдайда, онда төмендегілер болуы керек:
• штепсельдік ұшта көрсетілген мәндер;
• BS 1362 мақұлдауы; және
• ASTA мақұлдау белгісі.
Пайдаланылатын сақтандырғыш түрі сенімді
болмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.
Ескерту: ЭМӨ директивасына сәйкес
(2004/108/EC), штепсельдік ұшты қуат
сымынан ажыратпаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар! Бұл құралды
тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі
үшін, құралдың айналасында міндетті түрде
кемінде 10 сантиметр орын қалдырыңыз.
Құралдағы желдеткіш тесіктердің перделер
немесе басқа заттармен жабылып қалмауын
қадағалаңыз.
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының корпусын шешуші болмаңыз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
• Осы құрылғыны тегіс, қатты және орнықты жерге
орналастырыңыз.
• Бұл құрылғыны басқа электр жабдықтың үстіне
қоюшы болмаңыз.
• Бұл құрылғыны тек іште пайдаланыңыз. Бұл
құрылғыны судан, ылғалдан және суға толы
заттардан алыс ұстаңыз.
• Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс
ұстаңыз.
Есту қауіпсіздігі
Орташа дыбыс деңгейінде тыңдаңыз.
• Құлақаспаптарды жоғары дыбыс
деңгейінде пайдалану есту қабілетіңізді
нашарлатады. Бұл өнім дыбыстарды
бір минуттан аз тыңдаған қалыпты
адамның есту қабілетінің жоғалуына
себеп болатын децибелдің ауқымда
шығарады. Жоғары децибелдік ауқымдар
есту қабілеті бұрыннан нашар адамдарға
ұсынылады.
• Дыбыс алдамшы болуы мүмкін. Уақыт
өткен сайын естуге «қолайлы деңгейіңіз»
жоғары дыбыс деңгейіне бейімделеді.
Ұзақ уақыт тыңдағаннан кейін
«қалыпты» дыбыстар қатты естілуі және
есту органдарыңызға зиянды болады.
3KK
Бұдан қорғану үшін есту органыңыз
бейімделместен бұрын дыбыс деңгейін
қауіпсіз деңгейге орнатып, солай
қалдырыңыз.
Қауіпсіз дыбыс деңгейін орнату үшін:
• Дыбыс деңгейін реттегішті төмен
параметрге орнатыңыз.
• Дыбысты жақсы және бұрмаланусыз
анық естігенге дейін баяулап көбейтіңіз.
Бірқалыпты уақыт аралығында тыңдаңыз:
• Дыбысты ұзақ уақыт, тіпті «қауіпсіз»
деңгейде тыңдау, есту қабілетінің
жоғалуына себеп болады.
• Жабдықты бірқалыпты пайдаланыңыз
және тиісті үзілістер жасаңыз.
Құлақаспап пайдаланған кезде төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.
• Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы
уақыт аралығында тыңдаңыз.
• Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен
дыбыс деңгейін реттемеңіз.
• Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз,
айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
• Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият
болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
Құлақаспапты көлік жүргізгенде,
велосипед, скейтборд т.б. пайдаланғанда
қолданбаңыз; апатты жағдай туғызады
және көптеген аймақтарда заңсыз
болып табылады.
Ескерту
тіркелген сауда белгілері және оларды
WOOX Innovations Limited компаниясы
Koninklijke Philips N.V. компаниясынан алған
лицензия бойынша пайдаланады.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз
өзгертіледі. WOOX кез келген уақытта
бұрынғы жеткізілген жабдықтарды тиісінше
реттеу міндетінсіз өнімдерді өзгерту
құқығын өзінде қалдырады.
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымның
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды
қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды
қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және
адам денсаулығына кері әсерін тигізуден
сақтайды.
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио
кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер
немесе түрлендірулер пайдаланушының
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы
мүмкін.
Philips және Philips Shield Emblem —
Koninklijke Philips N.V. компаниясының
4KK
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген
қондырылған қайта жандандыруға болатын
батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық
ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды
қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды
қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған
ортаға және адам денсаулығына көрсететін
кері әсерлерден сақтайды.
Көшіруден қорғалған материалдың, соның
ішінде компьютерлік бағдарламалардың,
файлдардың, телерадио хабарлары мен
дыбыстық жазбалардың көшірмелерін
рұқсатсыз жасау авторлық құқықты бұзу
және қылмыстық іс болуы мүмкін. Бұл жабдық
осындай мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық:
картон (қорап), көбік полистирол (буфер)
және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік
орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
iPod және iPhone — Apple Inc.
корпорациясының АҚШ-та және басқа
елдерде тіркелген сауда белгілері.
«iPod үшін жасалған» және «iPhone үшін
жасалған» электрондық қосалқы құралдың
арнайы iPod немесе iPhone құрылғысына
қосылу үшін жасалғанын, сәйкесінше Apple
өнімділік стандарттарына сәйкес келу үшін
әзірлеуші тарапынан куәландырылғанын
білдіреді. Apple компаниясы бұл құрылғының
жұмысына немесе оның қауіпсіздік және
нормалық стандарттарға сәйкестігіне
жауапты емес. Осы қосалқы құралды iPod
немесе iPhone құрылғысымен пайдалану
сымсыз жұмысқа әсер етуі мүмкін екендігін
ескеріңіз.
5KK
2 Mini Hi-Fi
жүйеңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.
philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Кіріспе
Осы Hi-Fi жүйесі беретін мүмкіндіктер:
• iPod/iPhone құрылғысынан, USB
жад құрылғыларынан немесе басқа
сыртқы құрылғылардан дыбыс
тыңдау
• iPod/iPhone құрылғысын қос
айналмалы док арқылы зарядтау
• арна реттегішінің көмегімен қос
дыбыс көзінің арасында ойнатуды
ауыстыру
• FM радиостанцияларын тыңдау
• микрофондар көмегімен құрылғының
зорайтқыштары арқылы сөйлеу
немесе ән айту
Дыбысты жақсарту үшін, осы Hi-Fi жүйесі
сізге мына дыбыс әсерлерін ұсынады:
• DSC (сандық дыбысты басқару)
• Динамикалық бассты күшейту (DBB)
• Жедел қуатты күшейтуге арналған ең
жоғары дыбыс
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
• Негізгі бөлік
• Қашықтан басқару құралы (батареялары
бар)
• Ток сымы
• FM антеннасы
• Пайдаланушы нұсқаулығы
• Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығы
•
6KK
Негізгі құрылғыны шолу
abcdfe
DISPLAY FLIP
DISPLAY FLIP
a MIC 1/MIC 2
• Микрофондарды жалғау.
sr q p
FM
o
nlmkghij
b MIC VOL
• Жалғанған микрофондардың дыбыс
деңгейін реттеу.
7KK
c DISPLAY FLIP
• Экранда көрсетілген мәтінді кері
көрсету.
d VOL
• Құлақаспаптың дыбыс деңгейін
реттеу.
e
• Бақылау үшін құлақаспапты қосу.
f OUTPUT A/B
• Құлақаспап шығысын A және B
дыбыс көзі арасында ауыстыру.
g (A/B)
• USB жад құрылғысын қосу.
h Ойнатуды басқару пернелері
/
• Алдыңғы/келесі жолға өту.
• Радиостанцияға реттеу үшін (басып
тұрыңыз).
ALBUM/PRESET /TUNING (A)
ALBUM +/- (B)
• Алдын ала орнатылған радио
станцияны таңдау.
• USB ойнату кезінде алдыңғы/келесі
альбомға өту.
• Ойнатуды бастау немесе уақытша
тоқтату.
i Дисплейлі панель
• Ағымдағы күйді көрсету.
j Дыбыс деңгейі тұтқасы
• Динамиктің дыбыс деңгейін реттеу.
k MAX SOUND
• Жедел қуатты күшейтуді қосу/өшіру.
l DBB
• Динамикалық бассты жақсартуды
қосу/өшіру.
m
• Құрылғыны қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
n DSC
• Алдын ала орнатылған дыбыс
параметрін таңдаңыз.
o FM
• Тюнердің көзін таңдау.
p CROSS FADER ASSIGN
• ойнатуды A және B дыбыс көздері
арасында ауыстыру.
q MP3 LINK(A/B)
• Сыртқы дыбыс құрылғысын қосу.
r iPod/iPhone үшін док(A/B)
s Көзді таңдау пернелері (A/B)
• Көзді таңдау: iPod/iPhone, USB
немесе MP3 LINK.
Қашықтан басқару құралына
шолу
a
b
c
d
e
f
g
h
i
j
k
l
m
MODE
p
o
n
8KK
a
• Құрылғыны қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
b LIGHT
• Динамиктер арасындағы
декорациялық жарықты реттеу.
c SOURCE A/B
• Көзді таңдау (A/B): iPod/Phone, USB
немесе MP3-LINK.
d OK/
• Ойнатуды бастау немесе уақытша
тоқтату.
• таңдауды растау.
e
• Док режимінде iPod/iPhone мәзіріне
өту.
• : тюнер режимінде
радиостанцияға реттеу.
• : USB ойнату кезінде алдыңғы/
келесі альбомға өту.
f FM
• Тюнердің көзін таңдау.
g MENU/
• Ойнатуды тоқтату.
• iPod/iPhone мәзіріне кіру.
• Радионы бағдарламалауды тоқтату.
h /
• Алдыңғы/келесі жолға өту.
• Жол ішінде іздеңіз.
• Алдын ала орнатылған радио
станцияны таңдау.
i VOL +/-
• Динамиктің дыбыс деңгейін реттеу.
j Сандық пернетақта (0 - 9)
• USB режимінде жолды тікелей
таңдау.
• Тюнер режимінде алдын ала
орнатылған радиостанцияны тікелей
таңдау.
k MODE
• Қайталап/аралас ойнату режимдерін
таңдау.
l DBB
• Динамикалық бассты жақсартуды
қосу/өшіру.
m DSC
• Алдын ала орнатылған дыбыс
параметрін таңдаңыз.
n MAX SOUND
• Жедел қуатты күшейтуді қосу/өшіру.
o PROG
• Радио станцияларды бағдарламалау.
p
• Дыбысты өшіру немесе қалпына
келтіру.
9KK
3 Жұмысты
бастау
Ескерту
• Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық
қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды
радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты
тудыруы мүмкін.
Ескертпе
• Батареяларды күн сәулесі, от немесе т.с.с сияқты
артық қызу көзіне шығармау керек.
• Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз, батареяларды шығарып
қойыңыз.
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі
және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Батареяларда химиялық заттар бар, сондықтан
оларды дұрыс тастау керек.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден
осы құрылғының моделі мен сериялық нөмірі
сұрайды. Модель нөмірі және сериялық нөмір
— құрылғының артқы жағында. Осы жерге
нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір
___________________________
Қашықтан басқару құралын
дайындау
1 Сырғытып ашу үшін батарея салғышты
басып итеріңіз (суреттегі «1» бөлігін
қараңыз).
2 Екі AAA батареясын көрсетілгендей
дұрыс полярлықпен (+/-) салыңыз.
3 Батарея салғышты итеріп, артқа
сырғытыңыз (суреттегі «3» бөлігін
қараңыз).
Қуатты қосу
Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі АТ
қуат сымының басында басылған кернеуге сәйкес
келетіндігін тексеріңіз.
• Ток соғу қаупі бар! Қуат сымын ажыратқанда,
әрқашан розеткадан ашадан ұстап суырыңыз. Сымды
ешқашан тартпаңыз.
Ескертпе
• АТ қуат сымын қоспастан бұрын, барлық басқа
қосылымдарды аяқтағаныңызды тексеріңіз.
• АТ қуат сымын мынаған жалғаңыз
• осы құрылғыдағы ~ AC IN ұясына
және
• розеткаға.
10KK
Қосу
1 Артқы панельдегі POWER ON/OFF
қосқышын | күйіне бұрыңыз.
2 түймесін басыңыз.
» Құрылғы соңғы таңдалған көзге
ауысады.
Күту режиміне ауысу
• Құрылғыны күту режиміне шығару үшін
түймесін басыңыз.
» Дисплей панеліндегі артқы жарық
өшеді.
11KK
4 Ойнату
Негізгі ойнату әрекеттері
Ойнатуды келесі әрекеттер арқылы
басқаруға болады.
iPod/iPhone құрылғысынан
ойнату
Осы құрылғы арқылы iPod/iPhone
құрылғысынан музыка тыңдауға болады.
Қос док көмегімен бір уақытта екі iPod/
iPhone құрылғысын қоюға және ойнатуды
солардың арасында ауыстырып отыруға
болады.
ФункцияӘрекет
Ойнатуды
тоқтату үшін
Ойнатуды
кідірту
немесе
жалғастыру
үшін
Жолға өту
үшін
Ойнату
кезінде іздеу
үшін
Ойнатуды
A және
B дыбыс
көздері
арасында
ауыстыру
үшін
* Ойнатуды A және B көздері арасында
ауыстыру үшін арна реттегішін пайдаланғанда
музыканы ойнату үзілмейді. Мысалы, арна
реттегішін солдан оңға жылжытқанда, A
көзінен ойнатылып жатқан ән біртіндеп
дыбыссыздыққа дейін азайтылады (әлсірейді),
ал B көзінен ойнатылып жатқан ән біртіндеп
дыбыссыздықтан артады (күшейеді).
MENU/ түймесін басыңыз.
түймесін басыңыз.
/ түймесін басыңыз.
/ түймесін басып
тұрыңыз, одан кейін қалыпты
ойнатуға оралу үшін
жіберіңіз.
• SOURCE A немесе
SOURCE B түймесін
қайта-қайта басыңыз.
• * Жоғарғы панельде
арна реттегішін күшейту
және әлсірету үшін солға
(A) немесе оңға (B)
жылжытыңыз.
Үйлесімді iPod/iPhone
Құрылғы келесі iPod/iPhone үлгілерін
қолдайды.
Мыналар үшін жасалған.
• iPod touch (1, 2, 3 және 4-буын)
• Классикалық iPod
• iPod nano (2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші және
6-шы буын)
• iPhone 4S
• iPhone 4
• iPhone 3GS
• iPhone 3G
• iPhone
iPod/iPhone құрылғысын салу
1 iPod/iPhone құрылғысын доктың сол
жағында (A) немесе оң жағында (B)
салыңыз.
2 Қажет болса, доктың бағытын реттеңіз.
12KK
iPod/iPhone құрылғысын алу
• iPod/iPhone құрылғысын доктан тартып
шығарыңыз.
iPod/iPhone құрылғысын зарядтау
Қос доктар бір уақытта iPod/iPhone
құрылғысын қоюға және зарядтауға мүмкіндік
береді.
Құрылғы қосылғанда докқа қойылған
iPod/iPhone құрылғысы автоматты түрде
зарядтала бастайды.
iPod/iPhone құрылғысын тыңдау
Ескертпе
• iPod/iPhone берік орнатылғанын тексеріңіз.
1 Тыңдағыңыз келетін көзге байланысты
iPod/iPhone көзін таңдау үшін SOURCE
A немесе SOURCE B түймесін басыңыз.
2 Музыканы iPod/iPhone құрылғысында
ойнатуды бастаңыз.
» Hi-Fi жүйесінен музыканы тыңдай
аласыз.
Негізгі ойнату әрекеттері
Негізгі ойнату әрекеттеріне қоса, сонымен
бірге, iPod/iPhone құрылғысын ойнатуды
келесі әрекеттер арқылы басқара аласыз.
USB құрылғысынан ойнату
Ескертпе
• USB құрылғысында ойнатылатын аудио мазмұнның
бар екеніне көз жеткізіңіз.
1 USB жад құрылғысын сол жақтағы (А)
немесе оң жақтағы (В) ұяшығына
қосыңыз.
2 USB ресурсын таңдау үшін SOURCE
түймесін қайталап басыңыз.
» Автоматты түрде ойнатыла
бастайды.
ФункцияӘрекет
iPod/iPhone мәзіріне
кіру үшін
Жоғары/төмен
шарлау үшін
Солға/оңға шарлау
үшін
Таңдауды растау
үшін
MENU/ түймесін
басыңыз.
түймесін
басыңыз.
/ түймесін
басыңыз.
түймесін басыңыз.
13KK
Ойнату опциялары
Қайталап немесе кездейсоқ ойнату
• Мыналардан таңдау үшін, MODE
түймесін қайта-қайта басыңыз:
• -1 (біреуін қайталау): ағымдағы
жолды қайта-қайта ойнату.
• (барлығын қайталау): барлық
жолдарды қайталап ойнату.
• (аралас): барлық жолдарды
кездейсоқ ретпен ойнату.
• (аралас қайталау): барлық
жолдарды кездейсоқ ретпен қайтақайта ойнату.
• Жоқ: қалыпты ойнатуды жалғастыру.
Құлақаспап арқылы тыңдау
Ескертпе
• Құлақаспап арқылы тыңдағанда және бақылағанда
құрылғы зорайтқышының дыбысы өшірілмейді.
1 Құлақаспапты жоғарғы панельдегі
ұяшығына қосыңыз.
2 Тыңдағыңыз келетін дыбыс көзіне
байланысты OUTPUT сол жаққа (A)
немесе оң жаққа (B) ауыстырыңыз.
3 Монитор құлақаспабының дыбыс
деңгейін реттеу үшін VOL
пайдаланыңыз.
14KK
5 Радио тыңдау
Радиостанцияларды реттеу
Ескертпе
• FM қабылдауын жақсарту үшін артқы панельге
бекітілген FM антеннасын толығымен ұзартыңыз
және оның күйін реттеңіз.
1 FM тюнер көзін таңдау үшін FM түймесін
басыңыз.
2 Үш секунд бойы түймесін басып
тұрыңыз.
» Hi-Fi жүйесі күшті қабылдау сигналы
бар станцияға автоматты түрде
реттеледі.
3 Көбірек станцияларды реттеу үшін
2-қадамды қайталаңыз.
Әлсіз станцияны реттеу үшін:
• Оңтайлы қабылдау табылғанша
түймесін қайталап басыңыз.
Ескертпе
• Сондай-ақ, сандық пернетақтаны пайдаланып алдын
ала орнатылған нөмірді тікелей белгілеуге болады. 2
таңбалы санды белгілеу үшін бірінші санға сай санды
басыңыз, содан кейін 2 секунд ішінде екінші санға
сай санды басыңыз.
• Бағдарламаланған станцияны қайта жазу үшін, оның
орнына басқа станцияны сақтаңыз.
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау
• Тюнер режимінде алдын ала орнатылған
радиостанцияны таңдау үшін /
түймесін қайта-қайта басыңыз.
Кеңес
• Сондай-ақ, сандық пернетақтаны пайдаланып,
сақтаулы нөмірді тікелей таңдауға болады. 2 таңбалы
санды белгілеу үшін бірінші санға сай санды басыңыз,
содан кейін 2 секунд ішінде екінші санға сай санды
басыңыз.
Радиостанцияларды сақтау
Ескертпе
• Ең көбі 20 FM радиостанциясын сақтауға болады.
1 Радиостансаны реттеу.
2 Бағдарламаға енгізуді іске қлсу үшін
PROG түймесін басыңыз.
3 Бұл радиостанцияға нөмір (1-20)
белгілеу үшін / түймесін басыңыз,
содан кейін растау үшін PROG түймесін
басыңыз.
» Алдын ала орнатылған нөмір мен
радио станция жиілігі көрсетіледі.
4 Басқа стансаларды бағдарламалау үшін
алдыңғы қадамдарды қайталаңыз.
15KK
6 Дыбысты
реттеу
Динамиктің дыбыс деңгейін
реттеу
• Ойнату кезінде динамиктің дыбыс
деңгейін арттыру/азайту үшін VOL +/-
түймесін басыңыз.
Дыбыс әсерін таңдау
Ескертпе
• Бір уақытта әр түрлі дыбыс әсерлерін пайдалану
мүмкін емес.
Дыбыс қуатын күшейту
Бұл мүмкіндік дыбыс қуатын лезде күшейтуге
мүмкіндік береді.
• Жедел қуатты күшейтуді қосу немесе
өшіру үшін MAX SOUND түймесін
басыңыз.
Алдын ала орнатылған дыбыс
әсерін таңдау
DSC (Digital Sound Control) мүмкіндігі
ерекше дыбыс әсерлерін тыңдауға мүмкіндік
береді.
• Ойнату кезінде келесіні таңдау үшін
DSC түймесін қайталап басыңыз:
• [SAMBA] (самба)
• [ROCK] (рок)
• [JUNGLE] (джунгли)
• [POP] (поп)
Бассты жақсарту
Ең жақсы DBB (Dynamic Bass Enhancement)
параметрі әр DSC таңдауы үшін автоматты
түрде жасалады. Тыңдау ортасына ең
қолайлы DBB параметрін қолмен таңдауға
болады.
• Ойнату кезінде келесіні таңдау үшін
DBB түймесін қайталап басыңыз:
• DBB 1
• DBB 2
• DBB 3
• DBB OFF (DBB өшірулі)
Дыбысты өшіру
• Ойнату кезінде дыбыс шығаруды өшіру
немесе қалпына келтіру үшін түймесін
басыңыз.
Дыбыс шығару режимін
таңдау
• Артқы панельдегі CHANNEL
CONTROLкелесі күйлердің біреуіне
ауыстырыңыз:
• RR: тек оң жақ арнаға дыбыс шығару;
• RL: сол және оң жақ арналарда
дыбыс шығару;
• LL: тек сол жақ арнаға дыбыс шығару.
16KK
7 Қосымша
мүмкіндіктер
Дыбысты сыртқы
құрылғыдан ойнату
Бұл Hi-Fi жүйесінің көмегімен сыртқы
дыбыстық құрылғыдан дыбысты ойнатуға
болады.
Hi-Fi жүйесі арқылы сөйлеу
немесе ән айту
Осы Hi-Fi жүйесі арқылы микрофон
көмегімен сөйлеуге немесе ән айтуға болады.
1
CIM
1 Микрофонды (жинақта жоқ) жоғарғы
панельдегі MIC 1 немесе MIC 2
ұяшығына жалғаңыз.
2 Микрофонның дыбыс деңгейін реттеу
үшін жоғарғы панельдегі MIC VOL
тұтқасын пайдаланыңыз.
1 MP3 байланыс кабелін (жинаққа
кірмейді) келесіге жалғаңыз:
• жоғарғы панельдің сол (А) немесе
оң (В) жағындағы MP3-LINKұяшығы
• сыртқы құрылғыдағы құлақаспап
ұяшығы
2 MP3 байланыс көзін таңдау үшін
SOURCE A немесеSOURCE Bтүймесін
қайта-қайта басыңыз.
3 Сыртқы құрылғыны ойнатыңыз
(құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз).
17KK
Бір уақытта ойнатуды
пайдалану
Бір уақытта ойнатуды пайдалану үшін
дыбысты бірнеше Hi-Fi жүйесіне (FWP1000)
шығаруға болады.
1 Дыбыстық кабельдерді (ақ/қызыл)
мынаған жалғаңыз:
• осы құрылғының артқы панеліндегі
AUDIO OUT (AUDIO L/R)
ұяшықтары.
• үйлесімді Hi-Fi жүйесіндегі
(FWP1000) AUDIO IN (AUDIO L/R)ұяшықтары.
2 Сигнал кабелін (жасыл) мынаған
жалғаңыз:
• құрылғының артқы панеліндегі
AUDIO OUT (SIGNAL) ұяшығы.
• үйлесімді Hi-Fi жүйесіндегі
(FWP1000) AUDIO IN (SIGNAL)ұяшығы.
3 Қажет болса, бірдей әдіспен көбірек
үйлесімді Hi-Fi жүйелерін (FWP1000) бір
біріне жалғаңыз.
жұмыс істеу үшін қосымша карта оқу
құралдары қажет)
Қолданылатын пішімдер:
• USB немесе жад файлы пішімі: FAT16,
FAT32 (сектор өлшемі: 512 байт)
• MP3 арналған бит жылдамдығы
(деректерді жеткізу жылдамдығы):
32-320 кбит/с және өзгертпелі бит
жылдамдығы
• 8 деңгейге дейін енгізулері бар
каталогтар
• Альбомдар/ қалталар саны: ең көбі
255
• Жолдар/жазылымдар саны: ең көбі
999
• Unicode UTF8 пішіміндегі файл атауы
(ең үлкен ұзындығы: 128 байт)
Қолданылмайтын пішімдер:
• бос альбомдар: бос альбом -
құрамында MP3/WMA файлдары
жоқ және дисплейде көрсетілмейтін
альбом.
• Қолданылмаған файл пішімдері
өткізіліп жіберіледі. Мысалы, Word
құжаттары (.doc) еленбейді және
ойнатылмайды.
• AAC, WAV, PCM дыбыстық файлдары
• WMA файлдары
19KK
9 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
проблемалар орын алса, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips
веб-торабына (www.philips.com/welcome)
өтіңіз. Philips компаниясына хабарласқанда,
құрылғының жақында болуын және үлгі
нөмірі мен сериялық нөмір көрініп тұруын
қамтамасыз етіңіз.
Қуат жоқ
•Құрылғының АТ қуат штепселінің дұрыс
қосылғанын тексеріңіз.
•АТ розеткасында қуаттың бар екендігін
тексеріңіз.
•Артқы панельдегі POWER ON/OFF
қосқышы | күйіне бұрылғанын тексеріңіз.
•Қуатты үнемдеу үшін жүйе 30 минут
әрекетсіздіктен кейін автоматты түрде
өшеді (мысалы, кідірту немесе тоқтату
режимінде).
Дыбыс жоқ немесе нашар
•Дыбыс деңгейін реттеңіз.
•Динамиктің дыбысы өшірілген болуы
мүмкін. Дыбысты шығаруды қалпына
келтіру үшін түймесін басыңыз.
Hi-Fi жүйесінен жауап жоқ
•Айнымалы ток ашасын ажыратып, қайта
жалғаңыз, одан кейін жүйені қайтадан
қосыңыз.
•Қуат үнемдеу мүмкіндігі ретінде жолды
ойнату соңына жеткеннен кейін және
ешқандай басқару элементі істемесе,
құрылғы 30 минуттан кейін автоматты
түрде өшеді.
Қашықтан басқару құралы жұмыс істемейді
•Қандай да бір функция түймесін
баспастан бұрын, алдымен негізгі
құрылғының орнына қашықтан басқару
құралымен дұрыс көзді таңдаңыз.
•Қашықтан басқару құралы мен құрылғы
арасын жақындатыңыз.
Innovations Limited or one of its afliates, further referred
to in this document as WOOX Innovations, and is the
manufacturer of the product. WOOX Innovations is the
warrantor in relation to the product with which this booklet
was packaged. Philips and the Philips Shield Emblem are
registered trademarks of Koninklijke Philips N.V.
FWP3200D_12_UM_V4.0
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.