
www.philips.com/support
BT100
Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз
бар ма? Philips
компаниясына
хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
Қолданушының нұсқасы

Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2
Ескерту 3
2 Портативті динамигіңіз 6
Кіріспе 6
Қораптың құрамы 6
Динамикке шолу 7
3 Жұмысты бастау 9
Кірістірілген батареяны зарядтау 9
Көзді таңдау немесе өшіру 10
4 Bluetooth құрылғыларын пайдалану 11
Құрылғыны қосу 11
Дыбысты Bluetooth функциясы арқылы ойнату 12
Қоңырау шалу 13
5 Сыртқы құрылғыны тыңдау 14
6 Өнім туралы ақпарат 15
Күшейткіш 15
Bluetooth 15
Жалпы ақпарат 15
7 Ақаулықтарды жою 16
Жалпы ақпарат 16
Bluetooth құрылғысы туралы 17
1KK

1 Маңызды ақпарат
Қауіпсіздік
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
• Барлық ескертулерді ескеріңіз.
• Барлық нұсқауларды орындаңыз.
• Бұл құрылғыны судың жанында қолданбаңыз.
• Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндірушінің нұсқауларына сәйкес
орнатыңыз.
• Радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе жылу шығаратын басқа
құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын
орнатпаңыз.
• Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/қосалқы құралдарды қолданыңыз.
• Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсетуші
мамандарға істетіңіз. Құрылғы қандай да бір жолмен зақымданғанда,
мысалы, қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалғанда, құрылғыға
сұйықтық төгіліп кеткен немесе бір заттар құлап түскенде, құрылғы
жаңбырдың астында немесе ылғалда қалғанда, қалыпты жұмыс істемей
тұрғанда немесе құлап кеткенде қызмет көрсету қажет.
• Құрылғыларға сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс.
• Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық
толтырылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
• Батарея дұрыс ауыстырылмаса жарылу қаупі болады. Дәл сондай немесе
соған тең түрімен ауыстырыңыз.
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
• Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне қоюшы болмаңыз.
2 KK

Ескерту
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда
бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану
құқығынан айыруы мүмкін.
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын
талаптарына сай.
Осы құжат арқылы WOOX Innovations компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес
келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны www.philips.com/support
сайтынан табуыңызға болады.
Ескірген өнімді тастау
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар
мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол
бұйымның Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті
ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай,
жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген
қондырылған қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі
3KK

тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды қоқысқа
тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа
лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам денсаулығына
көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
Ішкі батареяны алу үшін өнімді әрдайым кәсіпқой маманға апарыңыз.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол
(буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға
қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
4 KK