Philips BDP5600K/51 User guide [kz]

Question?
Contact
Philips
Question?
Contact
Philips
Always there to help you
Register your product and get support at
www.philips.com/support
BDP5600K
User manual 9   27
Посібник користувача 74
Қолданушының нұсқасы 95
EN Before you connect this Blu-ray disc/ DVD player, read and understand all accompanying
instructions.
HI      Blu-ray / DVD    ,       . RU Перед подключением данного проигрывателя дисков Blu-ray/DVD внимательно
ознакомьтесь со всеми прилагаемыми инструкциями.
UK Перед тим як під’єднувати програвач дисків Blu-ray/DVD, уважно прочитайте всі інструкції,
що постачаються із ним.
KK Осы Blu-ray диск/ DVD ойнатқышын қоспастан бұрын, онымен бірге келген бүкіл нұсқауларды
оқып, түсініңіз.
2
O
C
OA
AUDIO OUT
1
Register your product and get support at
www.philips.com/welcome
VIDE
IAL
COAXIAL AUDIO OUT
HDMI OUTVIDEO
( )
3
2
VIDE
O
T
1 HDMI
HDMI VIDEO COAXIAL AUDIO LINE OUT
2 VIDEO+AUDIO LINE OUT
HDMI  VIDEO COAXIAL AUDIO LINE OUT
HDMI
LINE
AUDIO LINE OUT
4
OU
VIDEO
3 COAXIAL
4 AUDIO LINE OUT
HDMI VIDEO COAXIAL AUDIO LINE OUT
COAXIAL
HDMI VIDEO COAXIAL AUDIO LINE OUT
AUDIO LINE OUT
5
3
SOURCE
1
2
TV
4
5
6
6
USB
2
1
BD BD 3D
DVD/VCD/CD DivX Plus HD/MKV MP3 / JPEG
1
3
4
2
3
7

Мазмұндар кестесі

1 Қосу және ойнату 2-7
2 Blu-ray диск/ DVD ойнатқышын
пайдалану 96
Негізгі ойнатуды басқару 96 Дыбыс, бейне және сурет опциялары 97 DivX бейнелері 98 Музыкалық слайдшоуды ойнату 99 Blu-ray дискісіндегі BonusView 99 Blu-ray дискісіндегі BD-Live 100 Blu-ray 3D бейнесін ойнату 100 Желіні орнату 100 Смартфонды басқару 101 Компьютерді DLNA арқылы шолу 102 Android құрылғысынан мультимедиа
ағынын жіберу 103 Караоке 103 Philips EasyLink режимін пайдалану 103
3 Параметрлерді өзгерту 104
Сурет 104 Дыбыс 104 Желі (орнату...) 105 Параметрлер (тілдер, ата-ана
бақылауы...) 105 Қосымша опциялар (жадты тазалау...) 106
Қазақша
4 Бағдарламалық жасақтаманы
жаңарту 107
Бағдарламалық құралды Интернет
арқылы жаңарту 107 Бағдарламалық құралды USB арқылы
жаңарту 107
5 Ерекшеліктер 108
6 Ақаулықтарды жою 109
7 Қауіпсіздік және маңызды
хабарлама 111
KK
95
2 Blu-ray
диск/ DVD ойнатқышын пайдалану
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдаудың артықшылығын (мысалы, өнімнің бағдарламалық құралын жаңарту) толығымен пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome бетінде тіркеңіз.

Негізгі ойнатуды басқару

Ойнату кезінде басқару үшін келесі түймелерді басыңыз.
Түйме Әрекет
Ойнатқышты қосу немесе күту режиміне ауысу.
Бастапқы мәзірге кіру. Ойнатуды тоқтату.
Диск бөлімін ашу немесе жабу үшін басып тұрыңыз (4 секундтан ұзақ)`.
96
KK
Түйме Әрекет
Ойнатуды уақытша тоқтату. Кадрлар бойынша баяу алға айналдыру үшін қайта­қайта басыңыз.
Ойнатуды бастау немесе жалғастыру.
/ Алдыңғы немесе келесі
жолға, бөлімге не файлға өткізіп жіберу.
/ Тез артқа айналдыру
немесе алға айналдыру. Іздеу жылдамдығын өзгерту үшін қайталай басыңыз. Баяу алға айналдыру үшін
түймесін бір рет басыңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
AUDIO Тілді немесе арнаны
таңдау.
SUBTITLE Субтитрдің тілін таңдау. DISC MENU /
POP-UP MENU TOP MENU Бейне дискісінің негізгі
Түрлі түсті түймелер
Мәзірлерді шарлау.
OK Таңдауды немесе енгізуді
Диск мәзірін ашу немесе жабу.
мәзірін ашу. Blu-ray дискілерінің
тапсырмаларын немесе опцияларын таңдау.
Слайдшоу кезінде суретті сағат тілі бағытымен немесе сағат тілінінің бағытына қарсы бұру үшін
түймесін басыңыз.
таңдау. Алдыңғы дисплей мәзіріне
оралу. Ойнату кезінде қосымша
опцияларға қол жеткізу.
Әріптік-сандық түймелер
SMART TV Бұл мүмкіндік осы нұсқада
Ойнатылатын нысанды таңдау. Мәндерді енгізу. SMS мәнерінде әріптерді енгізу.
қолжетімді емес. Диск бөлімін ашу немесе
жабу.

Дыбыс, бейне және сурет опциялары

Дискіден немесе USB жад құрылғысынан бейнені немесе суретті ойнату үшін қосымша опциялар қол жетімді.
Бейне опциялары
2
3
Қазақша
1
Бейнені ойнату кезінде қосымша опцияларға қол жеткізу.
[Audio Language]: Дыбыс тілін таңдаңыз.
[Subtitle Language]: Субтитр тілін таңдау.
[Subtitle Shift]: экрандағы субтитр орнын
өзгерту. Субтитр орнын өзгерту үшін
түймесін басыңыз.
[Info]: ойнату туралы ақпаратты көрсету.
[Character Set]: DivX бейне
субтитрлерін қолдайтын таңбалар жиынын таңдау (тек DivX бейнелері үшін).
[Time Search]: қашықтан басқару құралындағы сандық түймелер арқылы белгілі бір уақытқа өту.
KK
97
[2nd Audio Language]: екінші дыбыс тілін
таңдау (тек BonusView қолдайтын Blu­ray дискілері үшін).
[2nd Subtitle Language]: екінші субтитр тілін таңдау (тек BonusView қолдайтын Blu-ray дискілері үшін).
[Titles]: тақырыпты таңдау.
[Chapters]: тарауды таңдау.
[Karaoke]: Караоке функциясының
параметрлерін орнату.
[Angle List]: камера бұрышын таңдау.
[Menus]: диск мәзірін көрсету.
[PIP Selection]: сурет ішіндегі сурет
терезесін көрсету (тек BonusView үшін қолдау көрсететін Blu-ray дискілері үшін).
[Zoom]: бейне суретін үлкейту. Масштабтау коэффициентін таңдау үшін
түймесін басыңыз.
[Repeat]: тарауды немесе тақырыпты қайталау.
[Repeat A-B]: тарау ішіндегі екі нүктені қайталап ойнату үшін белгілеу немесе қайталау режимін өшіру.
[Picture Settings]: Алдын ала анықталған түс параметрін таңдау.
Ескертпе
Қол жетімді бейне параметрлері бейне көзіне
тәуелді болады.
[Rotate +90]: суретті 90 градусқа сағат тілінің бағытымен бұру.
[Rotate -90]: суретті 90 градусқа сағат тілінің бағытына қарсы бұру.
[Zoom]: суретті үлкейту. Масштабтау коэффициентін таңдау үшін басыңыз.
[Info]: сурет туралы ақпаратты көрсету.
[Duration per slide]: слайдшоу үшін
көрсету аралығын орнату.
[Slide Animation]: слайдшоу үшін өту әсерін таңдау.
[Picture Settings]: Алдын ала анықталған түс параметрін таңдау.
[Repeat]: таңдалған қалтаны қайталау.
Дыбыс опциялары
түймесін
Төмендегі опцияларды айналдырып өткізу үшін
түймесін қайта-қайта басыңыз.
Ағымдағы жолды қайталау.
Дискідегі немесе қалтадағы барлық
жолдарды қайталау.
Дыбыс жолдарын кездейсоқ тұйықпен ойнату.
Қайталау режимін өшіру.
Сурет опциялары
2
3
1
Слайдшоу кезінде қосымша опцияларға қол жеткізу.
98
KK

DivX бейнелері

DivX бейнелерін дискіден, USB жад құрылғысынан немесе желілік бейне қоймасынан («Желілік бейнелерді жалға алу» бөлімін қараңыз) ойнатуға болады.
DivX үшін VOD коды
DivX бейнелерін сатып алу және осы ойнатқышта ойнату алдында, осы ойнатқышты DivX VOD кодын пайдаланып www.divx.com торабына тіркеңіз.
DivX VOD кодын көрсету: түймесін басып, [Setup] > [Advanced] > [DivX®
VOD Code] тармағына өтіңіз.
DivX субтитрлері
Тілді таңдау үшін SUBTITLE түймесін басыңыз.
Субтитр дұрыс көрсетілмесе, DivX субтитрін қолдайтын таңбалар жиынына ауысыңыз. Таңбалар жиынын таңдау: түймесін басып, [Character set] пәрменін таңдаңыз.
Таңбалар жиыны
[Standard] Ағылшын, албан, дат, нидерланд,
[Central Europe]
[Cyrillic] Болгар, белорус, ағылшын,
[Greek] Грек [Baltic] Солтүстік Еуропа
USB жад құрылғысынан немесе желілік бейнелер
қоймасынан DivX DRM қорғалған файлдарды ойнату үшін осы ойнатқышты теледидарға HDMI арқылы жалғаңыз.
Субтитрлерді пайдалану үшін субтитр файлының
атауы DivX бейне файлының атауымен бірдей екенін тексеріңіз. Мысалы, DivX бейне файлының атауы «movie.avi» болса, субтитр файлын «movie.sr t» немесе «movie.sub» ретінде сақтаңыз.
Бұл ойнатқыш келесі пішімдердегі субтитр
файлдарын ойната алады: .srt, .sub, .txt, .ssa және .smi.
Тілдер
фин, француз, гэль, неміс, итальян, күрд (латын), норвег, португал, испан, швед және түрік
Албан, хорват, чех, нидерланд, ағылшын, неміс, венгр, ирланд, поляк, румын, словак, словен және серб
македон, молдаван, ресей, серб және украин
Ескертпе

Музыкалық слайдшоуды ойнату

Музыкалық слайд-шоу жасау үшін музыка мен суреттерді бір мезгілде ойнатыңыз.
1 Дискіден немесе қосылған USB
жад құрылғысынан музыка файлын ойнатыңыз.
2 түймесін басыңыз да, суреттер
қалтасына өтіңіз.
3 Бір дискідегі немесе USB
құрылғысындағы суретті таңдап, слайдшолуды бастау үшін OK түймесін басыңыз.
4 Слайдшоуды тоқтату үшін түймесін
басыңыз.
5 Музыканы ойнатуды тоқтату үшін
түймесін қайта басыңыз.

Blu-ray дискісіндегі BonusView

Арнайы мазмұнды (мысалы, аңғартпалар) шағын экранды терезеде көріңіз. Бұл мүмкіндік тек BonusView функциясымен (сондай-ақ, сурет ішіндегі сурет ретінде белгілі) үйлесімді Blu-ray дискілеріне қатысты.
1 Ойнату кезінде түймесін басыңыз.
» Опциялар мәзірі көрсетіледі.
2 [PIP selection] > [PIP] тармағын таңдап,
OK түймесін басыңыз.
» PIP опциялары [1]/[2] бейне
мазмұнына байланысты.
» Қосымша бейне терезесі көрсетіледі.
3 [2nd audio language] немесе [2nd Subtitle
Language] параметрін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
Қазақша
KK
99

Blu-ray дискісіндегі BD-Live

Фильм трейлерлері, ойындар, рингтондар және басқа бонустық мазмұндар сияқты ерекше желілік қызметтерге қол жеткізіңіз. Бұл мүмкіндік тек BD-Live үшін қолдау көрсететін Blu-ray дискілерінде қол жетімді.
1 Интернет қосылымын дайындаңыз және
желіні орнатыңыз («Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
2 Осы ойнатқыштың (USB)
қосқышына USB жад құрылғысын жалғаңыз.
USB жад құрылғысы жүктелген
BD-Live мазмұнын сақтау үшін пайдаланылады.
Бұл ойнатқышты Интернетке Wi-Fi
USB адаптері (бөлек сатылады) арқылы қоссаңыз, бірнеше USB порты қолжетімді болуы үшін осы ойнатқышқа USB концентраторын (жинақпен берілмейді) жалғаңыз.
Жадты босату мақсатында бұрын
USB жад құрылғысына жүктелген BD­Live мазмұнын жою үшін басып, [Setup] > [Advanced] > [Clear memory] тармағын таңдаңыз.
түймесін
3 BD-Live қосылған дискіні ойнатыңыз. 4 Диск мәзірінде BD-Live белгішесін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
» BD-Live жүктеле бастайды. Жүктеу
уақыты дискіге және Интернет қосылымына байланысты.
5 BD-Live интерфейсінде қол жеткізу
керек элементті таңдаңыз.
Ескертпе
BD-Live қызметтері дискілерге және елдерге қарай
өзгеріп отырады.
BD-Live қызметін пайдаланғанда, дискідегі және осы
ойнатқыштағы деректерге мазмұн провайдері қол жеткізеді
Жүктелген мазмұнды сақтау үшін кемінде 1 Гбайт
бос орны бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз.
Егер осы ойнатқышпен бірге USB хабы
пайдаланылса, USB қуаты жеткіліксіз болмауы үшін USB хабына тым көп USB құрылғысын қоспаңыз.

Blu-ray 3D бейнесін ойнату

Қажетті әрекеттер
3D үйлесімді теледидар
Бұл ойнатқыш теледидарға HDMI
арқылы қосылған
Теледидармен үйлесімді 3D көзілдірік
3D Blu-ray дискісі
1 3D шығысы қосулы екенін тексеріңіз:
түймесін басып, [Setup] > [Video]
>[Watch 3D video] > [Auto] тармағын
таңдаңыз.
2 Blu-ray 3D бейнесін ойнатыңыз. 3 3D әсерлерін көру үшін 3D көзілдірігін
киіңіз.
3D бейнесін 2D режимінде ойнату үшін Blu-ray 3D шығысын өшіріңіз ( түймесін басып, [Setup] > [Video] > [Watch 3D video] > [Off] тармағын таңдаңыз).

Желіні орнату

100
Қызметтерге қол жеткізу үшін осы ойнатқышты компьютер желісіне және Интернетке қосыңыз:
Browse PC (DLNA) (Компьютерді шолу (DLNA)): компьютерден ағынмен
жіберілетін фотосуреттерді, музыканы және бейне файлдарын ойнату.
KK
Internet services (Интернет қызметтері):
суреттер, музыка және бейне дүкендері сияқты желілік қызметтерге қол жеткізу.
Update software (Бағдарламалық құралды жаңарту): осы ойнатқыштағы
бағдарламалық құралды Интернет арқылы жаңарту.
BD-Live: желідегі бонустық мүмкіндіктерге қол жеткізу (BD-Live үшін қолдау көрсететін Blu-ray дискілеріне қатысты).
1 Осы ойнатқышты компьютер желісіне
және Интернетке сымды (Ethernet) немесе сымсыз қосылым арқылы қосыңыз.
Сымды қосылым үшін желілік
кабельді (берілмейді) ойнатқыштың артқы панеліндегі LAN портына жалғаңыз.
PC (DLNA)
Бұл ойнатқышта сымсыз қосылымға
арналған бекітілген Wi-Fi бар.
PC (DLNA)
2 Желіні орнатуды орындаңыз.
1) түймесін басыңыз.
2) [Setup] параметрін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3) [Network] > [Network installation] тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4) Орнатуды аяқтау үшін теледидар
экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескерту
Желіге қосылмай тұрып желілік маршрутизатормен,
DLNA үшін мультимедиалық сервер бағдарламалық құралымен және желі принциптерімен танысыңыз. Қажет болған жағдайда, желілік құрылғылармен бірге келетін құжаттарды оқып шығыңыз. Philips компаниясы жоғалған, зақымданған немесе бүлінген деректерге жауап бермейді.

Смартфонды басқару

Қазақша
Осы ойнатқыштағы мультимедиа файлдарын шолу, басқару және ойнату үшін смартфонды пайдаланыңыз.
Қажетті әрекеттер
iPhone (iOS 3.1.3 және жоғары) немесе Android негізіндегі құрылғы (Android
2.1 және жоғары)
101
KK
Смартфонда Philips MyRemote қолданбасын жүктеңіз
iPhone үшін қолданбаны App Store
ішінен іздеңіз
Android негізіндегі құрылғы үшін
қолданбаны Android Market ішінен іздеңіз
Бастау алдында
Бұл ойнатқышты үй желісіне қосыңыз («Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
Смартфонды да сол үй желісіне қосыңыз (мәліметтер алу үшін смартфонның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Осы ойнатқышты қосу
Ойнатқышты басқару
Осы ойнатқыштағы мультимедиалық файлдарды шолу, басқару және ойнату үшін смартфонды пайдаланыңыз.
1 Деректер дискісін немесе USB жад
құрылғысын осы ойнатқышқа салыңыз.
2 Смартфонда басты экранда MyRemote
(Қашықтан басқару құрылғым)
белгішесін түртіңіз.
» Осы ойнатқыштың атауы
смартфонда көрсетіледі.
3 Смартфон экранынан осы ойнатқышты
таңдаңыз.
» Виртуалдық қашықтан басқару
құралы ретінде пайдаланылатын смартфон қосылады.
4 Смартфонда Media (Тасушы)
қойындысын түртіңіз, содан кейін дискіні немесе USB көзін таңдаңыз.
» Деректер дискісіндегі немесе USB жад
құрылғысындағы қалталар көрсетіледі.
5 Қалтаны ашыңыз және ойнату керек
файлды таңдаңыз.
Қашықтан басқару құралына қол
жеткізу үшін алдыңғы смартфон экранына оралыңыз, содан кейін
Remote (Қашықтан басқару құралы)
қойындысын түртіңіз. Тек тиісті түймелер қосылады.
102
KK
6 Ойнатуды басқару үшін смартфондағы
басқару түймелерін түртіңіз.
Қосымша басқару түймелеріне қол жеткізу үшін экранда солға немесе оңға жанап өтіңіз.
Қолданбадан шығу үшін смартфонда басты түймесін басыңыз.

Компьютерді DLNA арқылы шолу

Бұл ойнатқыш арқылы компьютерден теледидарға бейне, музыка және фотосурет ағынын жіберіп, ойнатуға болады.
Бастау алдында
Компьютерде DLNA үйлесімді мультимедиа сервер қолданбасын (мысалы, Windows Media Player 11 немесе одан жоғары) орнатыңыз
Компьютерде мультимедианы ортақ пайдалануды және файлдарды ортақ пайдалануды қосыңыз (мультимедиа сервері қолданбасындағы «Анықтама» құжатын қараңыз)
1 Осы ойнатқышты және компьютерді бір
үй желісіне қосыңыз («Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
Жақсырақ бейне сапасы үшін
мүмкін болса желілік қосылымды пайдаланыңыз.
2 түймесін басыңыз.
» Теледидар экранында басты мәзір
көрсетіледі.
3 [browse PC] параметрін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
» Мазмұн шолғышы көрсетіледі.
4 Файлды таңдап, ойнату үшін OK
түймесін басыңыз.
Ойнатуды басқару үшін қашықтан
басқару құралын пайдаланыңыз.

Android құрылғысынан мультимедиа ағынын жіберу

Philips SimplyShare көмегімен, осы ойнатқыштан мультимедиа файлдарының ағынын Android негізіндегі құрылғыдан теледидарға жіберуге болады. Мәліметтер алу үшін www.philips.com/support бетіне өтіңіз
Караоке бастапқы дауысы
Бастапқы дауыс өшкенше қашықтан басқару құралындағы AUDIO түймесін қайта-қайта басыңыз. Бастапқы дауысты толығымен болдырмау дискіге байланысты.

Philips EasyLink режимін пайдалану

Караоке

1 Микрофонды (жинақпен берілмейді) осы
ойнатқыштағы MIC ұяшығына жалғаңыз.
2 Басты мәзірді көрсету үшін түймесін
басыңыз.
3 [Setup] > [Audio] > [Караоке] тармағын
таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
» Караоке мәзірі көрсетіледі.
4 [Микрофон] > [On] тармағын таңдап,
микрофонның дыбыс шығысын қосу үшін
OK түймесін басыңыз.
5 Дискіні ойнатыңыз да, микрофон арқылы
ән айтыңыз.
Караоке параметрлерін караоке мәзірі арқылы орнату\
[Микрофон]: микрофонның дыбыс шығысын қосу немесе өшіру.
[Микрофонның дыбыс деңгейі]:
микрофонның дыбыс деңгейін өзгерту.
[Жаңғырық]: жаңғырық деңгейін өзгерту.
[Перне]: дауысыңызға сәйкес келетін үн деңгейін өзгерту.
Бұл ойнатқышта HDMI CEC (Тұтынушылардың электрондық бақылауы) протоколын пайдаланатын Philips EasyLink мүмкіндігі бар. HDMI арқылы жалғанған EasyLink үйлесімді құрылғыларды басқару үшін бір қашықтан басқару құралын пайдалануға болады. Philips компаниясы HDMI СЕС құрылғыларымен үйлесімді болуына 100% кепілдік бермейді.
1 HDMI CEC үйлесімді құрылғыларды
HDMI арқылы жалғап, теледидарда және басқа жалғанған құрылғыларда HDMI CEC әрекеттерін қосыңыз (мәліметтер алу үшін теледидардың немесе басқа құрылғылардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
2 түймесін басыңыз. 3 [Setup]> [EasyLink] тармақтарын
таңдаңыз.
4 [EasyLink], [One Touch Play] және [One
Touch Standby] опциялары астында [On]
опциясын таңдаңыз.
» EasyLink функциясы қосылады.
Бір түртумен ойнату
Бейне дискісі диск бөлімінде кезде, теледидарды күту режимінен ояту үшін түймесін басыңыз да, дискіні ойнатыңыз.
Бір түртумен күту режиміне өткізу
Жалғанған құрылғы (мысалы, ТД) өзінің қашықтан басқару құралымен күту режиміне енгізілгенде, бұл ойнатқыш күту режиміне автоматты түрде енгізіледі.
Қазақша
KK
103
3 Параметрлерді
өзгерту
Бұл бөлім осы ойнатқыштың параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.
1
[HDMI Deep Color]: бейне мазмұны қою түс режимінде түсірілгенде және теледидар бұл мүмкіндікті қолдағанда түстерді көбірек көлеңкемен және реңктермен көрсетеді.
[Picture settings]: Алдын ала анықталған түс параметрін таңдау.
[Watch 3D video]: Blu-ray 3D дискісін ойнатқанда 3D немесе 2D шығысына орнатыңыз. Ойнатқышты 3D теледидарына HDMI арқылы қосу керек.
2
TV type Multi
3
Watch 3D video
Ескертпе
Сұр түске боялған мәзір опциясын өзгерту мүмкін
емес.
Алдыңғы мәзірге оралу үшін түймесін басыңыз.
Мәзірден шығу үшін

Сурет

1
түймесін басыңыз.
2 Бейне параметрлері опцияларына қол
жеткізу үшін [Setup] > [Video] тармағын таңдаңыз.
[TV type]: теледидарыңызға сай келетін түс жүйесін таңдаңыз.
[TV display]: ТД экранына сай суретті көрсету пішімін таңдау.
[HDMI video]: HDMI бейне ажыратымдылығын таңдау.
түймесін басыңыз.
Ескертпе
Егер параметрді өзгертсеңіз, ТД жаңа параметрді
қолдайтынын тексеріңіз.
HDMI қатысты параметрлер үшін теледидарды
HDMI арқылы қосу керек.
Композиттік қосылым (VIDEO қосқышы арқылы)
үшін бейне шығысын қосу үшін [HDMI video] астында 480i/576i немесе 480p/576p бейне ажыратымдылығын таңдаңыз.

Дыбыс

1
түймесін басыңыз.
2 Дыбыс параметрлері опцияларына қол
жеткізу үшін [Setup] > [Audio] тармағын таңдаңыз.
[Night Mode]: тыныш немесе толық динамикалық дыбысты таңдау. Түнгі режим қатты дыбыстың дыбыс деңгейін төмендетеді және жай дыбыстың (мысалы, сөйлеген сөздердің) дыбыс деңгейін арттырады.
[Neo 6]: 2.0 арналы дыбыстан түрлендірілетін көлемді дыбыс әсерін қосу немесе ажырату.
[HDMI Audio]: осы ойнатқыш HDMI арқылы жалғанғанда HDMI дыбыс пішімін орнату.
[Digital Audio]: осы ойнатқыш сандық қосқыш (коаксиальды) арқылы жалғанғанда дыбыс шығысы үшін дыбыс пішімін таңдау.
104
KK
[PCM Downsampling]: осы ойнатқыш сандық қосқыш (коаксиальды) арқылы жалғанғанда PCM дыбыс шығысы үшін дискретизация жиілігін орнату.
[Karaoke]: Караоке функциясының параметрлерін орнату («Blu-ray дискісі/ DVD ойнатқышын пайдалану» > «Караоке» бөлімін қараңыз).
Ескертпе
HDMI қатысты параметрлер үшін теледидарды
HDMI арқылы қосу керек.
Түнгі режим тек Dolby-кодталған DVD және Blu-ray
дискілері үшін қол жетімді.

Желі (орнату...)

1
түймесін басыңыз.
2 Желіні орнату опцияларына қол жеткізу
үшін [Setup] > [Network] тармағын таңдаңыз.
[Network installation]: желіні жұмыс істету үшін сымды немесе сымсыз орнатуды бастау.
[View network settings]: ағымдағы желі күйін көрсету.
[View wireless settings]: ағымдағы Wi-Fi күйін көрсету.
[Clear Smart TV memory]: Бұл мүмкіндік осы нұсқада қолжетімді емес.
[Name your Product:]: үй желісінде идентификациялау үшін осы ойнатқыштың атын өзгертіңіз.

Параметрлер (тілдер, ата-ана бақылауы...)

1
түймесін басыңыз.
2 Жалпы параметрлер опцияларына қол
жеткізу үшін [Setup] > [Preference] тармағын таңдаңыз.
[Menu language]: экрандық дисплей мәзірінің тілін таңдаңыз.
[Audio]: бейне үшін дыбыс тілін таңдау.
[Subtitle]: бейне үшін субтитр тілін
таңдау.
[Disc Menu]: бейне дискі үшін мәзір тілін таңдау.
[Parental Control]: жас рейтингтерімен жазылған дискілерге қатынасты шектеу. Шектеу параметрлеріне қол жеткізу үшін «0000» мәнін енгізіңіз. Рейтингіне тәуелсіз барлық дискілерді ойнату үшін «8» деңгейін таңдаңыз.
[Screen Saver]: экран қорғағыш режимін қосу немесе ажырату. Қосылған болса, экран 10 минут әрекетсіздіктен кейін күту режиміне өтеді (мысалы, кідірту немесе тоқтату режимінде).
[Auto Subtitle Shift]: субтитрлерді жылжытуды қосу немесе ажырату. Қосылған болса, субтитр күйі теледидар экранына сыятындай автоматты түрде өзгереді (бұл мүмкіндік тек кейбір Philips теледидарларында жұмыс істейді).
[Change Password]: шектелген дискіні ойнату үшін құпия сөзді орнату немесе өзгерту. Сізде құпия сөз болмаса немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, «0000» санын енгізіңіз.
[Display Panel]: ойнатқыштың дисплей панелінің жарықтығын өзгерту.
[Auto Standby]: авто күту режимін қосу немесе өшіру. Қосылған болса, бұл ойнатқыш 30 минут әрекетсіздіктен кейін күту режиміне автоматты түрде ауысады (мысалы, кідірту немесе тоқтату режимінде).
[Fast wake up]: ойнатқыштың күту режимінен тезірек оянуын қосу немесе ажырату. Егер тез ояту өшірулі болса, күту режимінде азырақ қуат тұтынылады.
[VCD PBC]: VCD және SVCD үшін мазмұн мәзірін көрсету немесе өткізіп жіберу.
Қазақша
KK
105
Ескертпе
Егер диск тілі, дыбысы немесе субтитрі үшін
таңдаулы тіл қол жетімді болмаса, мәзір опциялары ішінен [Other] опциясын таңдап, осы пайдаланушы нұсқаулығының артында табуға болатын 4 санды тіл кодын енгізуге болады.
Егер дискіде қол жетімді емес тілді таңдасаңыз, бұл
ойнатқыш дискінің әдепкі тілін пайдаланады.

Қосымша опциялар (жадты тазалау...)

1
түймесін басыңыз.
2 Қосымша орнату опцияларына қол
жеткізу үшін [Setup] > [Advanced] тармағын таңдаңыз.
[BD-Live security]: BD-Live қызметіне қол жеткізуші шектеу немесе оған рұқсат ету (тек коммерциялық емес, пайдаланушы жасаған BD-Live дискілері үшін).
[Downmix mode]: 2 арналы стерео дыбыс шығысын басқару.
[Software update]: бағдарламалық құралды желіден немесе USB жад құрылғысынан жаңарту үшін таңдау.
[Clear memory]: USB жад құрылғысындағы алдыңғы BD-Live жүктелімін жою. BD-Live жүктелімін сақтау үшін «BUDA» қалтасы автоматты түрде жасалады.
[DivX® VOD Code]: осы ойнатқыш үшін DivX® тіркеу кодын немесе тіркеуден шығару кодын көрсету.
[Netix ESN]: осы ойнатқыштың ESN (Электрондық сериялық нөмір) нөмірін көрсету.
[Deactivation]: осы ойнатқыштағы Netix іске қосылуынан бас тарту.
[Version information]: осы ойнатқыштың бағдарламалық құрал нұсқасын көрсету.
[Restore default settings]: осы ойнатқыштың зауыттық әдепкі параметрлерін қалпына келтіру (құпия сөз және ата-аналық бақылау деңгейі кірмейді).
Ескертпе
Коммерциялық Blu-ray дискілерінде Интернетке қол
жеткізуді шектеу мүмкін емес.
DivX бейнелерін сатып алу және осы ойнатқышта
ойнату алдында, осы ойнатқышты DivX VOD кодын пайдаланып www.divx.com торабында тіркеңіз.
106
KK
4 Бағдарламалық
жасақтаманы жаңарту
Осы ойнатқыштың бағдарламалық құралын жаңарту алдында ағымдағы бағдарламалық құрал нұсқасын тексеріңіз:
түймесін басыңыз, содан кейін [Setup]
> [Advanced] > [Version information]
тармағын таңдаңыз және OK түймесін басыңыз.

Бағдарламалық құралды Интернет арқылы жаңарту

1
Ойнатқышты Интернетке жалғаңыз («Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
2 түймесін басыңыз және [Setup]
пәрменін таңдаңыз.
3 [Advanced] > [Software update]>
[Network] тармағын таңдаңыз.
» Егер жаңарту мультимедиасы
анықталса, сізге жаңартуды бастау ұсынылады.
4 Бағдарламалық құралды жаңарту үшін
теледидар экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
» Жаңарту аяқталғанда ойнатқыш
автоматты түрде өшеді және қайтадан қосылады.

Бағдарламалық құралды USB арқылы жаңарту

1
Ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасын www.philips.com/support бетінен тексеріңіз.
Үлгіні іздеп, «Бағдарламалық құрал
мен драйверлер» санатын басыңыз.
2 Бағдарламалық құралды USB жад
құрылғысына жүктеңіз.
a Жүктелімді мұрағаттан шығарыңыз
және мұрағаттан шығарылған файл орналасқан қалтаның атауы «UPG_ ALL» екенін тексеріңіз.
b «UPG_ALL» қалтасын түбірлік
каталогқа орнатыңыз.
3 USB жад құрылғысын осы ойнатқыштың
(USB) қосқышына жалғаңыз.
4 түймесін басыңыз және [Setup]
пәрменін таңдаңыз.
5 [Advanced] > [Software update]> [USB]
тармағын таңдаңыз.
» Егер жаңарту мультимедиасы
анықталса, сізге жаңартуды бастау ұсынылады.
6 Бағдарламалық құралды жаңарту
үшін ТД экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
» Жаңарту аяқталғанда ойнатқыш
автоматты түрде өшеді және қайтадан қосылады.
Ескерту
Бағдарламалық құралды жаңарту орындалып
жатқанда қуаттын өшіріңіз немесе USB жад құрылғысын алып тастаңыз, себебі ойнатқыш зақымдалуы мүмкін.
Қазақша
KK
107

5 Ерекшеліктер

Ескертпе
Техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
Аймақ коды
Бұл ойнатқыш келесі аймақ коды бар дискілерді ойната алады.
DVD Blu-ray Елдер
Ресей, Үндістан
C
Ойнатылатын медиа
BD-Video, BD 3D
DVD-Video, DVD+R/+RW, DVD-R/-RW,
DVD+R/-R DL (қос қабат)
VCD/SVCD
Audio CD, CD-R/CD-RW,
MP3 мультимедиа, WMA мультимедиа, JPEG файлдары
DivX (Ultra)/DivX Plus HD мультимедиа, MKV мультимедиа
USB сақтау құрылғысы
Файл пішімі
Бейне: .avi, .divx, .mp4, .mkv
Дыбыс: .mp3, .wma, .wav
Сурет: .jpg, .gif, .png
Бейне
Сигнал жүйесі: PAL / NTSC / Multi
Құрама бейне шығысы: 1 Vp-p (75 Ом)
HDMI шығысы: 480i/576i, 480p/576p,
720p, 1080i, 1080p, 1080p/24 Гц
Дыбыс
2 арналы аналогтық шығыс
Алдыңғы сол және оң жақ дыбыс:
2 орташа квадраттық В (> 1 кОм)
Сандық шығыс: 0,5 Vp-p (75 Ом)
Коаксиалды кабель
HDMI шығысы
Іріктеу жиілігі
• MP3: 32 kHz, 44.1 kHz, 48 kHz
WMA: 44,1 кГц, 48 кГц
Тұрақты сандық ағын:
MP3: 112 кбит/с - 320 кбит/с
WMA: 48 кбит/с - 192 кбит/с
USB
Үйлесімділік: Hi-Speed USB (2.0)
Сынып қолдауы: USB Mass Storage Class
Файл жүйесі: FAT16, FAT32
USB порты: 5В
HDD (жылжымалы қатты дискіні)
қолдайды: сыртқы қуат көзі қажет болуы мүмкін.
Негізгі бөлік
Қуат көзінің номиналы: 220-240 В~, 50-60 Гц
Қуат тұтынуы: 16 Вт
Күту режимінде қуатты тұтыну (тез ояту
ажыратылған): < 0,5 Вт
Өлшемдері (е x б x қ): 360 x 42 x 219 (мм)
Таза салмағы: 1,18 кг
Қамтамасыз етілген қосалқы құралдар
Қашықтан басқару құралы және батареялар
Пайдаланушы нұсқаулығы
Қуат сымы
Лазер сипаттамасы
Лазер түрі (диодтық): AlGaInN (BD), AlGaInP (DVD/CD)
Толқын ұзындығы: 405+7 нм/-7 нм (BD),
660+10 нм/-10 нм (DVD), 785+10/-10 нм
(CD)
Шығаратын қуаты: 1 мВт (BD), 0,26 мВт
(DVD), 0,3 мВт (CD)
, 500мA (әр портта)
108
KK
6 Ақаулықтарды
жою
Ескертпе
Идентификаторды және жабдық рейтингтерін
өнімнің артындағы немесе төменгі жағындағы түр тақтасында көріңіз.
Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту
алдында барлық құрылғылар розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
Абайлаңыз
Ток соғу қаупі. Ойнатқыштың корпусын ешқашан алмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін ойнатқышты ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Егер осы ойнатқышты пайдалануда мәселелер бар болса, қызметті сұрау алдында мыналарды тексеріңіз. Егер мәселе әлі бар болса, ойнатқышты www.philips.com/support бетінде тіркеңіз және қолдау алыңыз. Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден осы ойнатқыштың үлгісі және сериялық нөмірі сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі ойнатқыштың артқы жағында орналасқан. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз: Үлгі нөмірі __________________________ Сериялық нөмір _______________________
Негізгі бөлік
Осы ойнатқыштағы түймелер жұмыс істемейді.
Осы ойнатқышты қуат көзінен бірнеше минутқа ажыратып, қайтадан қосыңыз.
Сурет
Сурет жоқ.
Теледидар осы ойнатқыш үшін дұрыс көзге қосылғанын тексеріңіз.
Теледидарға композиттік қосылым үшін (VIDEO қосқышы арқылы) ойнатқышта бейне шығысын қосу үшін 480i/576i немесе 480p/576p бейне ажыратымдылығын таңдаңыз ( түймесін басып, [Setup] > [Video] >
[HDMI video] тармағын таңдаңыз).
HDMI байланысында сурет жоқ.
HDMI кабелі ақаулы емес екенін тексеріңіз. Егер ақаулы болса, жаңа HDMI кабелімен ауыстырыңыз.
Қашықтан басқару құралында түймесін басыңыз, содан кейін суретті көрсетуді қалпына келтіру үшін «731» сандық түймелерін басыңыз. Я болмаса автоматты қалпына келуді 10 секунд бойы күтіңіз.
Егер ойнатқыш HDMI кабелімен рұқсат етілмеген көрсету құрылғысына қосылса, дыбыстық және бейне сигналдар шығарылмауы мүмкін.
Диск ажыратымдылығы жоғары бейнелерді ойнатпайды.
Дискдіде ажыратымдылығы жоғары бейне бар екенін тексеріңіз.
ТД ажыратымдылығы жоғары бейнені қолдайтынын тексеріңіз.
Дыбыс
Теледидардан дыбыс шығарылмайды.
Дыбыс кабельдері теледидардың дыбыс кірісіне қосылғанын тексеріңіз.
Теледидар осы ойнатқыш үшін дұрыс көзге қосылғанын тексеріңіз.
Сыртқы дыбыстық құрылғының (үй кинотеатры немесе күшейткіш) динамиктерінен дыбыс шықпайды.
Дыбыстық кабельдер құрылғының дыбыстық кірісіне қосылғанын тексеріңіз.
Қазақша
KK
109
Сыртқы дыбыстық құрылғыны дұрыс
дыбыстық кіріс көзіне ауыстырыңыз.
HDMI байланысында дыбыс жоқ.
Қосылған құрылғы HDCP үйлесімді болмаса немесе тек DVI үйлесімді болса, HDMI шығысынан ешбір дыбыс естілмеуі мүмкін.
Сурет ішіндегі сурет мүмкіндігі үшін қосымша дыбыс шығысы жоқ.
[HDMI аудио] немесе [Digital Audio] мәзірінен [Bitstream]
тармағы таңдалғанда, Суреттегі сурет мүмкіндігіндегі қосалқы дыбыс сияқты интерактивті дыбыс өшіріледі.
[Bitstream] таңдауын алыңыз.
Ойнату
Дискіні ойнату мүмкін емес.
Дискіні тазартыңыз.
Диск дұрыс салынғанын тексеріңіз.
Ойнатқыш дискіні қолдайтынын
тексеріңіз. «Техникалық сипаттамалар» бөлімін қараңыз.
Ойнатқыш DVD немесе BD дискісінің аймақ кодын қолдайтынын тексеріңіз.
DVD±RW немесе DVD±R үшін дискінің түпкілікті етілгеніне көз жеткізіңіз.
DivX бейне файлдарын ойнату мүмкін емес.
DivX бейне файлы толық екенін тексеріңіз.
Бейне файлы атауының кеңейтімі дұрыс екенін тексеріңіз.
USB жад құрылғысынан немесе желіден DivX DRM қорғалған файлдарды ойнату үшін осы ойнатқышты теледидарға HDMI арқылы жалғаңыз.
DivX субтитрлері дұрыс көрсетілмейді.
Субтитр файлының атауы DivX бейне файлының атауымен бірдей екенін тексеріңіз.
Субтитр файлының кеңейтім атауына осы ойнатқыш қолдау көрсететінін тексеріңіз (.srt, .sub, .txt, .ssa немесе .smi).
Қосылған USB жад құрылғысының мазмұнын оқу мүмкін емес.
USB жад құрылғысының пішімі ойнатқышпен үйлесімді екенін тексеріңіз.
USB жад құрылғысындағы файлдық жүйеге ойнатқыш қолдау көрсететінін тексеріңіз.
USB HDD (жылжымалы қатты диск) үшін сыртқы қуат көзі қажет болуы мүмкін.
Теледидарда «No entry» (Жазба жоқ) пайда болады.
Операцияны орындау мүмкін емес.
EasyLink мүмкіндігі жұмыс істемейді.
Осы ойнатқыш Philips бренді бар EasyLink теледидарына қосылғанын және EasyLink опциясы қосылғанын («Blu-ray дискі/DVD ойнатқышын пайдалану» > «Philips EasyLink мүмкіндігін пайдалану» бөлімін қараңыз).
BD-Live мүмкіндіктеріне қол жеткізу мүмкін емес.
Ойнатқыш желіге қосылғанын тексеріңіз («Blu-ray диск/ DVD ойнатқышын пайдалану» > «Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
Желі орнатылғанын тексеріңіз («Blu-ray диск/ DVD ойнатқышын пайдалану» > «Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
Blu-ray дискісі BD-Live мүмкіндіктерін қолдайтынын тексеріңіз.
Жад қоймасын тазалау («Параметрлерді өзгерту» > «Қосымша параметрлер (BD­Live қауіпсіздігі, жадты тазалау...)»).
Желідегі бейне дүкеіннен бейнені жүктеу мүмкін емес.
Ойнатқыш желіге қосылғанын тексеріңіз («Blu-ray диск/ DVD ойнатқышын пайдалану» > «Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
Ойнатқыш теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғанғанын тексеріңіз.
Бейнеге төлегеніңізді және оның жалға алу кезеңінде екенін тексеріңіз.
110
KK
Желі
Сымсыз желі табылмады немесе бұрмаланған.
Желі дұрыс қосылғанын тексеріңіз («Blu­ray диск/ DVD ойнатқышын пайдалану» > «Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
Желі орнатылғанын тексеріңіз («Blu-ray диск/ DVD ойнатқышын пайдалану» > «Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
Сымсыз желіге микротолқынды пештердің, DECT телефондарының немесе басқа жақын орналасқан Wi-Fi құрылғыларының кедергі жасамайтынын тексеріңіз.
Сымсыз желі дұрыс жұмыс істемесе, сымды желіні орнатып көріңіз («Blu-ray диск/ DVD ойнатқышын пайдалану» > «Желіні орнату» бөлімін қараңыз).
Компьютерді шолу баяу жұмыс істейді.
Іште пайдалану, тасымалдау жылдамдығы және сигнал сапасының басқа факторлары туралы ақпаратты сымсыз маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Маршрутизатор үшін Интернетке жылдамдығы жоғары байланыс қажет.
3D бейнелері
3D әсерлерін көру мүмкін емес
3D шығысы қосулы екенін тексеріңіз («Blu-ray диск/ DVD ойнатқышын пайдалану» > «Blu-ray 3D бейнелерін ойнату» бөлімін қараңыз).
Ойнатылып жатқан диск тақырыбы Blu­ray 3D үйлесімді екенін тексеріңіз.
Теледидар 3D және HDMI үйлесімді екенін және теледидар 3D режиміне орнатылғанын тексеріңіз (Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
3D көзілдірігі белсендірілгенін тексеріңіз (Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
7 Қауіпсіздік
және маңызды хабарлама
Осы Blu-rayдиск/DVD ойнатқышын пайдалану алдында бүкіл нұсқауларды оқып, түсініңіз. Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу қаупі бар!
Өнімге немесе оның қосалқы құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді пайдалану алдында тексеріп алу үшін, Philips компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді және қосалқы құралдарды оттың немесе басқа қызу көздерінің жанына, соның ішінде тікелей күн сәулесіне қоймаңыз.
Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Батареялар (батарея топтамасы немесе орнатылған батареялар) күн сәулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
Найзағайлы бораннан бұрын өнімді розеткадан ажыратып қойыңыз.
Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан кабелінен емес, әрдайым ашасынан тартып суырыңыз.
Қазақша
KK
111
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу басқа болса, өнімді розеткаға қосушы болмаңыз.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу қауіпі бар!
Ашық жағдайда көрінетін және көрінбейтін лазерлік сәулелену. Радио сәулелерін шығаруына жол бермеңіз.
Диск бөліктерінің ішінен дискінің оптикалық линзаларына қолыңызды тигізбеңіз.
Өнімді немесе басқа заттарды қуат сымдарының немесе электр жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
Өнім 5 °C градустан төмен температурада тасымалданған болса, оны қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға жалғамай тұрып, бөлме температурасына дейін жылынуын күтіңіз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
Бұл өнімді тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің айналасында міндетті түрде кемінде 10 сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі желдеткіш тесіктердің перделермен немесе басқа заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Ластану қаупі!
Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
Батареялардың заряды таусылған немесе қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяларды шығарыңыз.
Ішінде химиялық заттар бар болғандықтан, батареяларды дұрыс тастау керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Бұйымда/қашықтан басқару құрылғысында жұтуға болатын тиынға ұқсас батарея болуы мүмкін.
Барлық жағдайда батареяны балалардан аулақ ұстаңыз!
II сыныпты жабдық таңбасы:
Бұл таңба осы өнімде екі еселік оқшауланған жүйенің бар екендігін көрсетеді.
CLASS 1
LASER PRODUCT
3D денсаулыққа зияндығын ескерту
Сіз немесе сіздің отбасыңыз қояншық немесе жарық сезгіштіктен ауырсаңыз, жарық көздеріне, жылдам кескін ретіне шықпастан бұрын немесе 3D көрместен бұрын медицина қызметкерімен кеңесіңіз.
Бастың айналуы, бастың ауыруы немесе бағдардың бұзылуы сияқты ыңғайсыздықты болдырмау үшін ұзақ уақыт 3D көрмеуіңізді ұсынамыз. Кез келген ыңғайсыздықты сезінсеңіз, 3D көруді тоқтатыңыз және симптомдар кетпейінше, кез келген ықтималды қаупі бар әрекетпен (мысалы, көлік жүргізумен) бірден айналыспаңыз. Симптомдар бар болса, бірінше медицина қызметкерімен кеңеспейінше, 3D көруді жалғастырмаңыз.
112
KK
3D көру кезінде ата-аналар өздерінің балаларын қадағалауы қажет және жоғарыда айтылған ыңғайсыздықтарды сезінбейтіндеріне көз жеткізуі қажет. Көру қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, алты жасқа толмаған балаларға 3D көру ұсынылмайды.
Өнім күтімі
Диск бөлігіне дискіден өзге ешнәрсе салуға болмайды.
Диск бөлігіне майысқан немесе жарылған дискілерді салуға болмайды.
Егер өнімді ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, дискілерді диск бөлігінен алып тастаңыз.
Өнімді тек микроталшықты шүберектермен тазалаңыз.
Қоршаған ортаны күту
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды. Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
Авторлық құқықтары
Бұл өнім авторлық құқықтарды қорғау технологиясын қамтиды, бұл технология АҚШ-тағы Rovi Corporation корпорациясының патенттер және басқа да зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған. Қайта құрастыруға және бөлшектеуге тыйым салынған.
Ашық бастапқы бағдарламалық құрал
Philips Electronics Singapore Pte Ltd
компаниясы осы арқылы авторлық құқықтармен қорғалған берілген өнімде пайдаланылатын ашық бастапқы бағдарламалар пакеттеріне тиесілі толық ресурстық кодтың көшірмесін сұрау бойынша ұсынады. Бұл ұсыныс тиісті лицензиялармен сұралады. Бұл ұсыныс осы ақпаратты алу кезінде кез келген адамға бұйым сатылған күннен бастап үш жылға дейін жарамды. Бастапқы код алу үшін open.source@philips.com мекенжайын хабарласыңыз. Егер электрондық поштаны пайдаланғыңыз келмесе немесе бұл электрондық пошта мекенжайына жібергеннен кейін расталғаны туралы хабар алмасаңыз, мына мекенжайға жазыңыз: "Open
Қазақша
KK
113
Source Team, Philips Intellectual Property & Standards, P.O. Box 220, 5600 AE Eindhoven,
The Netherlands." Егер хатыңыз үшін растауды уақтылы алмасаңыз, жоғарыдағы электрондық пошта мекенжайына электрондық хабар жіберіңіз. Бұл өнімде Verance корпорациясы лицензия бойынша берген патенттелген технология бар және № 7 369 677 АҚШ патентті мен басқа да АҚШ-тағы және дүние жүзіндегі берілген және қаралып жатқан патенттермен, сондай-ақ авторлық құқықпен және мұндай технологияның кейбір аспектілеріне арналған коммерциялық құпия туралы заңдармен қорғалады. Cinavia — Verance корпорациясының сауда белгісі. Copyright 2004-2010 Verance Corporation. Барлық құқықтар Verance тарапынан қорғалған. Қайта құрастыруға немесе бөлшектеуге тыйым салынған.
Cinavia ескертпесі
Бұл өнімде кейбір коммерциялық мақсатта шығарылған фильм мен бейнелердің және олардың дыбыс жолдарын рұқсатсыз көшірілуін шектейтін Cinavia технологиясы пайдаланылады. Рұқсатсыз көшірменің пайдаланылуы анықталғанда, дисплейге хабар шығып, ойнату немесе көшіру тоқтатылады. Cinavia технолгиясы туралы қосымша ақпарат http://www.cinavia.com торабындағы Cinavia тұтынушыларға арналған онлайн ақпараттық орталықта берілген. Пошта арқылы Cinavia туралы қосымша ақпарат алу үшін, мына мекенжайға пошталық мекенжайыңызды көрсетіп ашықхат жіберіңіз: Cinavia Consumer
Information Center, P.O. Box 86851, San Diego, CA, 92138, USA.
114
KK
Trademarks
‘Blu-ray ’, ‘Blu-ray Disc ’, ‘Blu-ray Disc ’ logo, ‘Blu-ray 3D the trademarks of Blu-ray Disc Association.
HDMI, and HDMI logo and High-Denition
Multimedia Interface are trademarks or registered trademarks of HDMI licensing LLC in the United States and other countries.
’ and ‘Blu-ray 3D ’ logo are
DivX®, DivX Cer tied®, DivX Plus® HD and associated logos are trademarks of Rovi Corporation or its subsidiaries and are used under license.
Manufactured under license under U.S. Patent
Nos: 5,956,674; 5,974,380; 6,226,616; 6,487,535; 7,212,872; 7,333,929; 7,392,195; 7,272,567 &
other U.S. and worldwide patents issued & pending. DTS-HD, the Symbol, & DTS-HD and the Symbol together are registered trademarks & DTS-HD Master Audio is a trademark of DTS, Inc. Product includes software. © DTS, Inc. All Rights Reserved.
Manufactured under license from Dolby Laboratories. Dolby and the double-D symbol are trademarks of Dolby Laboratories.
ABOUT DIVX VIDEO: DivX® is a digital video format created by DivX, LLC, a subsidiary
of Rovi Corporation. This is an ofcial DivX Certied
divx.com for more information and software
tools to convert your les into DivX videos.
ABOUT DIVX VIDEO-ON-DEMAND: This
DivX Certied
in order to play purchased DivX Video-on­Demand (VOD) movies. To obtain your registration code, locate the DivX VOD section in your device setup menu. Go to vod.divx.com for more information on how to complete your registration.
DivX Certied
HD (H.264/MKV) video up to 1080p HD including premium content.
®
device that plays DivX video. Visit
®
device must be registered
®
to play DivX® and DivX Plus
®
BONUSVIEW™
‘BD LIVE trademarks of Blu-ray Disc Association.
‘ and ‘BONUSVIEW ‘ are
‘DVD Video’ is a trademark of DVD Format/
Logo Licensing Corporation.
Java and all other Java trademarks and logos are trademarks or registered trademarks of Sun Microsystems, Inc. in the United States and/or other countries.
115
Abkhazian 6566
Language Code
Afar 6565 Afrikaans 6570 Amharic 6577 Arabic 6582 Armenian 7289 Assamese 6583 Avestan 6569 Aymara 6589 Azerhaijani 6590 Bahasa Melayu 7783 Bashkir 6665 Belarusian 6669 Bengali 6678 Bihari 6672 Bislama 6673 Bokmål, Norwegian 7866 Bosanski 6683 Brezhoneg 6682 Bulgarian 6671 Burmese 7789 Castellano, Español 6983 Catalán 6765 Chamorro 6772 Chechen 6769 Chewa; Chichewa; Nyanja 7889 9072
Ё᭛
Chuang; Zhuang 9065 Church Slavic; Slavonic 6785 Chuvash 6786 Corsican 6779 Česky 6783 Dansk 6865 Deutsch 6869 Dzongkha 6890 English 6978 Esperanto 6979 Estonian 6984 Euskara 6985
Faroese 7079 Français 7082 Frysk 7089 Fijian 7074 Gaelic; Scottish Gaelic 7168 Gallegan 7176 Georgian 7565 Gikuyu; Kikuyu 7573 Guarani 7178 Gujarati 7185 Hausa 7265 Herero 7290 Hindi 7273 Hiri Motu 7279 Hrwatski 6779 Ido 7379 Interlingua (International)7365 Interlingue 7365 Inuktitut 7385
6976
Inupiaq 7375 Irish 7165
Íslenska 7383 Italiano 7384 Ivrit 7269 Japanese 7465 Javanese 7486 Kalaallisut 7576 Kannada 7578 Kashmiri 7583 Kazakh 7575 Kernewek 7587 Khmer 7577 Kinyarwanda 8287 Kirghiz 7589 Komi 7586 Korean 7579 Kuanyama; Kwanyama 7574 Kurdish 7585 Lao 7679 Latina 7665 Latvian 7686 Letzeburgesch; 7666 Limburgan; Limburger 7673 Lingala 7678 Lithuanian 7684 Luxembourgish; 7666 Macedonian 7775 Malagasy 7771 Magyar 7285 Malayalam 7776 Maltese 7784 Manx 7186 Maori 7773 Marathi 7782 Marshallese 7772 Moldavian 7779 Mongolian 7778 Nauru 7865 Navaho; Navajo 7886 Ndebele, North 7868 Ndebele, South 7882 Ndonga 7871 Nederlands 7876 Nepali 7869 Norsk 7879 Northern Sami 8369 North Ndebele 7868 Norwegian Nynorsk; 7878 Occitan; Provencal 7967 Old Bulgarian; Old Slavonic 6785 Oriya 7982 Oromo 7977 Ossetian; Ossetic 7983 Pali 8073 Panjabi 8065 Persian 7065 Polski 8076 Português 8084
Pushto 8083 Russian 8285 Quechua 8185 Raeto-Romance 8277 Romanian 8279 Rundi 8278 Samoan 8377 Sango 8371 Sanskrit 8365 Sardinian 8367 Serbian 8382 Shona 8378 Shqip 8381 Sindhi 8368 Sinhalese 8373 Slovensky 8373 Slovenian 8376 Somali 8379 Sotho; Southern 8384 South Ndebele 7882 Sundanese 8385 Suomi 7073 Swahili 8387 Swati 8383 Svenska 8386 Tagalog 8476 Tahitian 8489 Tajik 8471 Tamil 8465 Tatar 8484 Telugu 8469 Thai 8472 Tibetan 6679 Tigrinya 8473 To nga (Tonga Islands) 8479 Tsonga 8483 Tswana 8478 Türkçe 8482 Turkmen Tw i 8487 Uighur 8571 Ukrainian 8575 Urdu 8582 Uzbek 8590 Vietnamese 8673 Volapuk 8679 Walloon 8765 Welsh 6789 Wolof 8779 Xhosa 8872 Yiddish 8973 Yoruba 8979 Zulu 9085
8475
116
Specifications are subject to change without notice © 2016 Koninklijke Philips N.V. All rights reserved. Trademarks are the property of Koninklijke Philips N.V. or their respective owners.
BDP5600K_51_UM_V4.0
Loading...