Philips B1 User Manual [kk]

Қолданушының нұсқасы
Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Өнім күтімі 3 Қоршаған ортаны күту 3 Сәйкестік 3 Анықтама және қолдау 4
2 Сіздің өніміңіз 4
Негізгі бөлік 4 Қашықтан басқару пульті 5 Қосқыштар 6 Сымсыз сабвуфер 6
3 Қосу 7
Орналастыру 7 Сабвуфермен жұптау 7 Теледидардан аудионы қосу 8 Басқа құрылғылардан аудионы қосу 9 Сандық құрылғыларды HDMI
арқылы жалғау 10
4 Өніміңізді пайдалану 11
Сағатты орнату 11 Автоматты күту режимі 11 Дыбыс деңгейін реттеу 11 Дыбысты таңдау 12 Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату 12 MP3 ойнатқышы 13 USB жад құрылғылары 13 Дисплей жарықтығын орнату 14 Зауыттық параметрлерді қолдану 14
7 Ақаулықтарды жою 17
5 Бағдарламалық құралды жаңарту 14
Бағдарламалық жасақтама нұсқасын
тексеру 14
Бағдарламалық құралды USB арқылы
жаңарту 14
6 Өнім сипаттамалары 15
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе, кепілдік қолданылмайды.

Қауіпсіздік

Электр тоғының соғу немесе өрт шығу қаупі бар!
Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту алдында барлық құрылғылар розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
Өнімге немесе оның қосалқы құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді және қосалқы құралдарды оттың немесе басқа қызу көздерінің жанына, соның ішінде тікелей күн сәулесіне қоймаңыз.
Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Батареялар (батарея топтамасы немесе орнатылған батареялар) күн сәулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
Найзағайлы бораннан бұрын өнімді розеткадан ажыратып қойыңыз.
Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан кабелінен емес, әрдайым ашасынан тартып суырыңыз.
Өнімді тропиктік және/немесе қоңыржай климатта пайдаланыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
Идентификаторды және жабдық рейтингтерін өнімнің артындағы немесе төменгі жағындағы түр тақтасында көріңіз.
Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу басқа болса, өнімді розеткаға қосушы болмаңыз.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу қауіпі бар!
Өнімді немесе басқа заттарды қуат сымдарының немесе электр жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
Өнім 5 °C градустан төмен температурада тасымалданған болса, оны қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға жалғамай тұрып, бөлме температурасына дейін жылынуын күтіңіз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
Бұл өнімді тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің айналасында міндетті түрде кемінде 10 сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі желдеткіш тесіктердің перделер немесе басқа заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Ластану қаупі!
Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртек және сілті, т.б.).
Батареяны қайта қате салса, жарылыс қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
Батареялардың заряды таусылған немесе қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяларды шығарыңыз.
2 KK
Ішінде химиялық заттар бар болғандықтан, батареяларды дұрыс тастау керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда батареяны балалардан аулақ ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі бар.
Батареяны жұтып қойды немесе денесінің басқа жеріне кіріп кетті деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Батареяны ауыстыру кезінде, барлық жаңа және ескі батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін, батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын тексеріңіз.
Егер батарея бөлімін жақсылап жабу мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш жерге қосу қамтамасыз етілмеген II СЫНЫПТЫ жабдық.
~
Айнымалы ток кернеуі

Қоршаған ортаны күту

Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EU еуропалық директивасына сай келетін, қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді. Электр және электрондық бұйымдар мен батареяларға арналған жергілікті жеке жинау жүйесінің ережелерімен танысыңыз. Жергілікті ережелерді орындаңыз және бұйымдар мен батареяларды қалыпты тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі бұйымдар мен батареяларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге көмектеседі.
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
Тасталатын батареяларды шығарып алу үшін батареяны орнату тарауын қараңыз.

Өнім күтімі

Өнімді тек ұсақ талшықты шүберектермен тазалаңыз.

Сәйкестік

Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай. Осы құжат арқылы Gibson Innovations компаниясы бұл өнімнің 2014/53/EU
3KK
директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны www.p4c.philips.com сайтынан табуға болады.

Анықтама және қолдау

Кеңейтілген онлайн қолдауын алу үшін келесі www.philips.com/support торабына кіріңіз:
пайдаланушы нұсқаулығы мен жылдам бастау нұсқаулығын жүктеп алу;
бейне материалдарды қарау (тек кейбір үлгілер үшін қол жетімді);
жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) жауаптарды табу;
электрондық пошта арқылы бізге сұрақ жіберу;
қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға да болады. Хабарласу алдында, өнімнің моделі мен сериялық нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің артқы немесе астыңғы жағынан таба аласыз.

2 Сіздің өніміңіз

Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдаудың артықшылығын (мысалы, өнімнің бағдарламалық құралын жаңарту туралы хабарландыру) толығымен пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome бетінде тіркеңіз.

Негізгі бөлік

Бұл бөлімде негізгі құрылғыға шолу жасалады.
a b
c
a
Осы өнім үшін кіріс көзін таңдаңыз.
b
• Бұл өнімді қосыңыз немесе күту режиміне ауыстырыңыз.
• Бұл өнім күту режимінде кезде, күту режимінің көрсеткіші қызыл түске айналады.
c Дисплейлі панель d +/- (Дауысы)
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету.
d
4 KK

Қашықтан басқару пульті

b
a
c d
f
h i
e k
j
l
g
Бұл бөлімде қашықтан басқару құралына шолу жасалады.
a
Бұл өнімді қосыңыз немесе күту режиміне ауыстырыңыз.
b Негізді ашу түймелері
HDMI IN: көзді HDMI IN қосылымына ауыстыру.
HDMI ARC: көзді HDMI ARC қосылымына ауыстыру.
OPTICAL: Дыбыс көзін оптикалық қосылымға ауыстыру.
USB: USB режиміне ауыстыру.
: Bluetooth режиміне ауыстыру.
AUDIO IN: дыбыс көзін AUDIO IN немесе AUX қосылымына (3,5 мм ұя) ауыстырыңыз.
c
/
Алдыңғы немесе келесі әуенге өту.
d
Ойнатуды бастау, уақытша тоқтату немесе жалғастыру.
e BASS +/-
Негізгі құрылғыдағы басс деңгейін көтеру немесе төмендету.
f Дауыс реттеуші
+/-: Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету.
: Дыбысты өшіру немесе қалпына
келтіру.
g Дыбыс режимін басқару
MUSIC: Стерео дыбыс режимін таңдау. VOICE: Дауыс тазалығы дыбыс режимін
таңдау. MOVIE: Қоршаған дыбыс режимін таңдау.
h AUDIO SYNC +/-
Дыбыс кідірісін көбейту немесе азайту.
i DIM
Осы өнім үшін дисплей тақтасының жарықтығын орнату.
j NIGHT
Түн режимін қосу немесе өшіру.
k TREBLE +/-
Негізгі құрылғыдағы жоғарғы жиілік деңгейін көтеру немесе төмендету.
l
Сағатты орнату немесе шығару.
5KK

Қосқыштар

d

Сымсыз сабвуфер

Бұл бөлімде осы өнімде қол жетімді қосқыштарға шолу жасалады.
a b c
a HDMI OUT (ARC) - TO TV
Теледидардағы HDMI кіріс ұясына жалғау.
b HDMI IN
Сандық құрылғыдағы HDMI шығыс ұясына жалғау.
c USB
• Аудио мультимедиасын ойнату үшін USB жад құрылғысына қосыңыз.
• Осы өнімнің бағдарламалық құралын жаңарту.
d AUDIO IN
AUDIO IN немесе AUX көзі арқылы құрылғыдағы аудио шығысына жалғаңыз (қашықтан басқару құралындағы AUDIO IN түймесін қайта-қайта басыңыз).
e DC IN
Қуат көзіне жалғау.
f OPTICAL IN
Теледидардағы немесе сандық құрылғыдағы оптикалық дыбыс шығу ұясына жалғау.
f e
Бұл өніммен бірге сымсыз сабвуфер беріледі.
a
a b
b c
c
d
a PAIRING (жұптау)
Сабвуфердің жұптау режиміне өту үшін басыңыз.
b Сабвуфер көрсеткіші
• Қуат қосылған кезде, көрсеткіш жанады.
• Сабвуфер мен негізгі құрылғы арасында сымсыз жұптау кезінде көрсеткіш ақ болып жылдам жыпылықтайды.
• Жұптау сәтті аяқталғанда, көрсеткіш ақ болып жанады.
• Жұптау сәтсіз болғанда, көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
• Сымсыз байланыс 1 минут ажыратылғанда, көрсеткіш өшеді.
c SERVICE
Тек қызмет орталығының пайдалануы үшін арналған.
d AC MAINS~
Қуат көзіне жалғау.
6 KK

3 Қосу

Бұл бөлім осы өнімді теледидарға және басқа құрылғыларға қосуға көмектеседі. Бұл өнім мен қосалқы құралдардың негізгі қосылымдары туралы ақпарат алу үшін жылдам бастау нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
Идентификаторды және жабдық рейтингтерін
өнімнің артындағы немесе төменгі жағындағы түр тақтасында көріңіз.
• Қандай да қосылымдарды жасау немесе өзгерту
алдында барлық құрылғылар розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.

Орналастыру

Сабвуферді тігінен немесе көлденең қою туралы ақпаратты қысқаша пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Ескертпе
Сабвуферді тігінен қойсаңыз, сабвуфердің
тұрақсыздығын болдырмау үшін жинақтағы табан тірегін орнатыңыз.
• Сабвуферді көлденең қойсаңыз, сабвуфердің дірілін
болдырмау үшін бірге жеткізілген төрт қосымша резеңке аяқшасын сабвуфердің астына салыңыз.
• Тиісті желдетуді қамтамасыз ету үшін сабвуфердің
жетдету тесіктерінің арасы кемінде 10 см (4 дюйм) болуы қажет.
Сабвуферді негізгі құрылғыдан кемінде 1 метр және қабырғадан 10 сантиметр қашықтықта қойыңыз. Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін сабвуферді төмендегідей орналастырыңыз.

Сабвуфермен жұптау

Негізгі құрылғы мен сабвуферді қосқанда, сымсыз қосылым үшін сымсыз сабвуфер негізгі құрылғымен автоматты түрде жұптасады. Егер сымсыз сабвуферден дыбыс естілмесе, сабвуферді қолмен жұптастырыңыз.
1 Негізгі құрылғы мен сабвуферді қосыңыз.
» Негізгі құрылғымен байланыс
жоғалса, сабвуфердегі көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
2 Жұптастыру режиміне өту үшін
сабвуфердегі PAIRING (жұптау) түймесін басыңыз.
» Сабвуфердегі көрсеткіш ақ болып
жылдам жыпылықтайды.
3 HDMI ARC режимінде (HDMI ARC
түймесін басыңыз) алты секунд ішінде қашықтан басқару құралындағы түймесін екі рет, Дыбыс деңгейі + түймесін бір рет басыңыз, содан кейін BASS + түймесін басып тұрыңыз.
» Жұптау сәтті аяқталса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жанады.
7KK
» Жұптау сәтсіз болса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жай жыпылықтайды.
4 Жұптау сәтсіз болса, жоғарыдағы
қадамдарды қайталаңыз.
TV
Ескертпе
Егер сымсыз ажырату немесе жұптау 1 минут
жалғасса, сабвуфер автоматты түрде күту режиміне өтіп, сабвуфердегі ЖШД өшеді.

Теледидардан аудионы қосу

Бұл өнімді теледидарға қосыңыз. Бұл өнімнің динамиктері арқылы теледидар бағдарламаларының аудиосын тыңдауыңызға болады.
1-опция: HDMI (ARC) арқылы теледидарға жалғау
Ең жақсы сапалы дыбыс
Бұл өнім Дыбысты қайтару арнасы (ARC) мүмкіндігі бар HDMI көзін қолдайды. ARC мүмкіндігімен теледидар аудиосын осы өнім арқылы бір HDMI кабелі көмегімен естуге болады.
Қажетті әрекеттер
Жоғары жылдамдықты HDMI кабелі.
Теледидар HDMI ARC және HDMI­CEC параметрін қолдайды (толығырақ теледидардың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
Кейбір теледидар модельдері үшін теледидардың реттеу мәзірінен сыртқы динамик шығысын қосыңыз (толығырақ теледидардың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, осы өнімдегі HDMI OUT (ARC) қосқышын теледидардағы HDMI ARC қосқышына қосыңыз.
• Теледидардың HDMI ARC қосқышының белгісі басқа болуы мүмкін. Мәліметтерді теледидардың пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
2 Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз.
• Теледидардағы HDMI-CEC параметрлеріне қатысты ақаулар туралы ақпаратты алу мақсатында HDMI-CEC реттеуі дұрыс екенін тексеру үшін теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз немесе қажет болса, теледидар өндірушісіне хабарласыңыз.
3 HDMI ARC қосылымын қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
HDMI ARC түймесін басыңыз.
Ескертпе
Барлық HDMI-CEC құрылғыларымен 100%
үйлесімділікке кепілдік берілмейді.
• Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді болмаса,
теледидар дыбысын осы өнім арқылы есту үшін аудио кабельді жалғаңыз.
8 KK
2-опция: теледидарға оптикалық кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
2 Қашықтан басқару құралындағы
AUDIO IN түймесін дисплей панелінде AUX көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
TV
1 Оптикалық кабель арқылы осы өнімдегі
OPTICAL қосқышын теледидардағы
оптикалық шығыс көзіне қосыңыз.
• Теледидардағы цифрлық оптикалық шығыс көзі OPTICAL OUT, SPDIF немесе SPDIF OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Оптикалық қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
OPTICAL түймесін басыңыз.
3-опция: теледидарға аналогтық аудио кабельдері арқылы жалғау
Қарапайым сапалы дыбыс
AUDIO OUT
RL
1 Осы өнімдегі AUDIO IN (3,5 мм ұя)
қосқыштарын теледидардағы аналогтық аудио шығысына (қызыл және ақ) аналогтық кабельмен жалғаңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы аналогтық аудио шығыс көзі AUDIO OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
TV

Басқа құрылғылардан аудионы қосу

Сондай-ақ, аудионы басқа құрылғылардан осы өнімнің динамигі арқылы ойнатуға болады.
1-опция: басқа құрылғыға оптикалық кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
1 Оптикалық кабель арқылы осы
өнімдегі OPTICAL қосқышын сыртқы құрылғыдағы оптикалық шығыс көзіне қосыңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы цифрлық оптикалық шығыс көзі OPTICAL OUT, SPDIF немесе SPDIF OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Оптикалық қосылымды қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы OPTICAL түймесін басыңыз.
9KK
2-опция: басқа құрылғыға аналогтық аудио кабельдері арқылы жалғау
Қарапайым сапалы дыбыс
AUDIO OUT
RL
1 Осы өнімдегі AUDIO IN (3,5 мм ұя)
қосқыштарын сыртқы құрылғыдағы аналогтық аудио шығысына (қызыл және ақ) аналогтық кабельмен жалғаңыз.
• Сыртқы құрылғыдағы аналогтық аудио шығыс көзі AUDIO OUT белгісімен белгіленуі мүмкін.
2 Қашықтан басқару құралындағы
AUDIO IN түймесін дисплей панелінде AUX көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
2 Бұл өнімді теледидарға HDMI OUT
(ARC) арқылы жалғаңыз.
3 Жалғанған құрылғыда HDMI-CEC
әрекеттерін қосыңыз.
4 HDMI IN қосылымын қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы HDMI IN түймесін басыңыз.
• Егер ТД HDMI CEC үйлесімді болмаса, теледидарды дұрыс бейне кірісін таңдаңыз.
• ТД-дағы HDMI-CEC параметрлеріне қатысты ақаулар туралы ақпаратты алу мақсатында HDMI-CEC реттеуі дұрыс екенін тексеру үшін ТД пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз немесе қажет болса, ТД өндірушісіне хабарласыңыз.

Сандық құрылғыларды HDMI арқылы жалғау

Телеприставка, DVD/Blu-ray ойнатқышы немесе ойын консолі сияқты сандық құрылғыны осы өнімге бір HDMI жалғау жүйесі арқылы қосыңыз. Құрылғыларды осылайша жалғағанда және файлды немесе ойынды ойнатқанда,
теледидарда бейне көрсетіледі және
бұл өнімде дыбыс автоматты түрде шығады.
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып сандық құрылғыдағы HDMI
OUT қосқышын осы өнімдегі HDMI IN қосқышына қосыңыз.
• Жоғары жылдамдықты HDMI кабелі
ұсынылады.
10 KK
4 Өніміңізді
пайдалану
Бұл бөлім көздердің кең ауқымынан мультимедианы ойнату үшін осы өнімді пайдалануға көмектеседі.
Бастау алдында
Қысқаша бастау нұсқаулығында және пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған қажет қосылымдарды жасаңыз.
Бұл өнімді басқа құрылғыларға арналған дұрыс көзге ауыстырыңыз.

Сағатты орнату

Сағат параметрінде күту режимінің түрін таңдауға болады (Сағат көрсетілмейтін ECO күту режимі немесе сағат көрсетілетін қалыпты күту режимі).
1 Өнімді күту режиміне ауыстырыңыз (
басыңыз).
» --:-- (немесе сағат) көрсетіледі.
2 Сағат параметрлері режимін қосу үшін
түймесін басып тұрыңыз. » --:-- жыпылықтайды.
3 12 немесе 24 сағаттық пішімді таңдау
үшін, Дыбыс деңгейі +/- түймесін басып, одан кейін растау үшін басыңыз.
» Сағат сандары жыпылықтай
бастайды.
4 Сағатты орнату үшін Дыбыс деңгейі +/-
түймесін басып, одан кейін растау үшін
түймесін басыңыз. » Минут сандары жыпылықтай
бастайды.
5 Минутты орнату үшін Дыбыс
деңгейі +/- түймесін басып, одан кейін
растау үшін
» ECO жыпылықтай бастайды.
түймесін басыңыз.
түймесін
6 «ECO» немесе «CLOCK» режимін
таңдау үшін, Дыбыс деңгейі +/- түймесін басып, растау үшін,
» «ECO» режимін таңдасаңыз, күту
режимінде сағат 1 минут көрсетіліп, содан кейін дисплей өшеді.
» «CLOCK» режимі таңдалса, күту
режимінде сағат әрқашан көрсетіледі.
басыңыз.
Сағат көрсету
1 ECO күту немесе жұмыс режимінде
басыңыз.
» ECO күту режимінде сағат 1 минут
көрсетіліп, содан соң дисплей өшіріледі.
» Жұмыс режимінде сағат 10 секунд
көрсетіліп, дисплей ағымдағы алғашқы ақпаратқа ауысады.
Ескертпе
Ауыспалы ток қуаты ажыратылса сағат уақыты тек
12 сағат жасайды.
• Шектік бөлме температурасы сағат дәлдігіне әсер
етеді.

Автоматты күту режимі

Жалғанған құрылғыдағы мультимедианы ойнатқанда, 15 минут бойы ешбір түйме басылмаса және жалғанған құрылғыдан дыбыс/бейне ойнатылмаса, бұл өнім күту режиміне автоматты түрде өтеді.

Дыбыс деңгейін реттеу

1
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету үшін Дыбыс деңгейі +/- түймесін басыңыз.
• Дыбысты өшіру үшін, басыңыз.
түймесін
11KK
• Дыбысты қалпына келтіру үшін, түймесін қайтадан басыңыз немесе Дыбыс деңгейі +/- түймесін басыңыз.

Дыбысты таңдау

Бұл бөлім бейне немесе музыка үшін тамаша дыбысты таңдауға көмектеседі.
Дыбыс режимі
Бейнеге немесе музыкаға сай алдын ала анықталған дыбыс режимдерін таңдаңыз.
Көлемдік тыңдау тәжірибесін жасау үшін MOVIE түймесін басыңыз. Фильм көруге ыңғайлы.
Екі арналы немесе бірнеше арналы стерео жасау үшін MUSIC түймесін басыңыз. Музыканы тыңдау үшін тамаша.
Адам дауысын тыңдау үшін анығырақ және ерекше ететін дыбыс әсерін жасау мақсатында VOICE түймесін басыңыз.
Эквалайзер
Бұл өнімнің жоғарғы жиілік (жоғарғы дыбыс жиілігі) және төменгі жиілік (басс) параметрлерін өзгертіңіз.
1 Жиілікті өзгерту үшін TREBLE +/- немесе
BASS +/- түймесін басыңыз.
Түн режимі
Ақырын тыңдау үшін түнгі режим дыбыс ойнатылған кезде қатты дыбыстардың деңгейін төмендетеді. Түн режимі тек Dolby Digital динамиктері үшін қол жетімді.
1 Түн режимін қосу немесе өшіру үшін
NIGHT түймесін басыңыз.
• Түн режимі қосылғанда дисплейде ON NIGHT (түн қосулы) белгішесі дисплей панелінде бір рет айналады.
• Түн режимі өшірілгенде дисплейде OFF NIGHT (түн өшірулі) белгішесі дисплей панелінде бір рет айналады.

Дыбысты Bluetooth арқылы ойнату

Bluetooth арқылы осы өнімді Bluetooth құрылғысымен (iPad, iPhone, iPod touch, Android телефоны немесе ноутбук сияқты) қосыңыз, сонда құрылғыда сақталған дыбыстық файлдарды осы өнімнің динамиктері арқылы тыңдай аласыз.
Қажетті әрекеттер
A2DP, AVRCP Bluetooth профилін қолдайтын және 4.1 Bluetooth нұсқасы бар Bluetooth құрылғысы.
Осы өнім мен Bluetooth құрылғысының арасындағы ең үлкен жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
Бейне мен дыбысты синхрондау
Егер дыбыс пен бейне синхрондалмаған болса, дыбысты бейнеге сай болатындай кідіртіңіз.
1 Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
12 KK
1 Бұл өнімді Bluetooth режиміне ауыстыру
үшін қашықтан басқару құралындағы түймесін басыңыз.
» BT дисплей панелінде жыпылықтап
көрсетіледі.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз, қосылымды бастау үшін іздеп, Fidelio B1 параметрін таңдаңыз (Bluetooth функциясын қосу жолы туралы Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
» Қосылу барысында дисплей
панеліндегі BT жыпылықтайды.
3 Осы өнім дыбыстық сигнал шығарғанша
күтіңіз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда, дисплей панелінде BT көрсетіледі.
» Қосылым сәтсіз орнатылғанда,
дисплей панелінде BT үздіксіз жыпылықтайды.
4 Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап, ойнатыңыз.
• Ойнату кезінде қоңырау қабылданса, музыка ойнату уақытша тоқтатылады.
• Егер Bluetooth құрылғысы AVRCP профилін қолдайтын болса, әуенді өткізу үшін қашықтан басқару құралындағы немесе ойнатуды уақытша тоқтату/ жалғастыру үшін басыңыз.
/ түймесін басыңыз
түймесін
5 Bluetooth құрылғысынан шығу үшін басқа
көзді таңдаңыз.
• Bluetooth режиміне қайта ауысқанда Bluetooth қосылымы белсенді болып қалады.
Ескертпе
Музыка ағыны құрылғы мен осы өнім арасындағы
қабырға, құрылғыны жабатын металл корпус немесе бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын жердегі басқа құрылғылар сияқты кедергілерден үзілуі мүмкін.
• Осы өнімді басқа бір Bluetooth құрылғысына
жалғағыңыз келсе, ағымдағы жалғанған Bluetooth құрылғысын ажырату үшін, қашықтан басқару құралындағы
түймесін басып тұрыңыз.

MP3 ойнатқышы

Дыбыстық файлдарды немесе музыканы ойнату үшін MP3 ойнатқышын қосыңыз.
Қажетті әрекеттер
MP3 ойнатқышы.
3,5 мм стерео дыбыстық кабелі.
1 3,5 мм стерео дыбыстық кабелін
пайдаланып MP3 ойнатқышын осы өнімдегі AUDIO IN қосқышына қосыңыз.
2 Қашықтан басқару құралындағы AUDIO
IN түймесін дисплей панелінде AUDIO IN көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
3 Дыбыстық файлдарды немесе
музыканы таңдау және ойнату үшін MP3 ойнатқышындағы түймелерді басыңыз.

USB жад құрылғылары

MP3 ойнатқышы және USB флэш жады, т.б. сияқты USB сақтау құрылғысындағы дыбысты тыңдаңыз.
Қажетті әрекеттер
FAT немесе NTFS файлдық жүйелерімен пішімделген және көлемдік жад сыныбына үйлесімді USB жад құрылғысы.
1 USB жад құрылғысын осы өнімге қосыңыз. 2 Қашықтан басқару құралындағы USB
түймесін басыңыз.
3 Ойнатуды басқару үшін қашықтан
басқару құралын пайдаланыңыз.
• Ойнатуды бастау, кідірту немесе
жалғастыру үшін басыңыз.
• Алдыңғы немесе келесі жолға өту
үшін
/ түймесін басыңыз.
• USB құрылғысы ойнатылып жатқанда
төмендегі ойнату режимдерінің бірін таңдау үшін USB түймесін басыңыз.
• Қайталау режимі қосылғанда, дисплейде ALL REPEAT белгішесі бір рет айналады.
• Қайталау режимі өшірілгенде, дисплейде OFF REPEAT белгішесі бір рет айналады.
түймесін
13KK
Ескертпе
Бұл өнім USB сақтау құрылғысының белгілі бір
түрлерімен үйлесімді болмауы мүмкін.
• USB ұзарту кабелін пайдалансаңыз, USB хабы немесе
USB мульти оқу құрылғысы, USB жад құрылғысы танылмауы мүмкін.
• Сандық камераның PTP және MTP протоколдарына
қолдау көрсетілмейді.
• USB сақтау құрылғысы оқылып жатқанда, оны
шығарып алмаңыз.
• DRM көмегімен қорғалған музыка файлдарына (MP3)
қолдау көрсетілмейді.
• USB портын қолдау: 5 В , 1 А.

Дисплей жарықтығын орнату

Осы өнімде дисплейдің басқа жарықтық деңгейін таңдау үшін DIM түймесін қайта­қайта басуға болады. Егер AUTO OFF параметрін таңдасаңыз, түйме 10 секунд басылмағаннан кейін ЖД хабары өшеді.

Зауыттық параметрлерді қолдану

Егер өнім жауап бермесе бұл өнімнің зауытта орнатылған әдепкі параметрлерін қалпына келтіруге болады.
1 HDMI ARC режимінде (HDMI ARC
түймесін басыңыз) алты секунд ішінде қашықтан басқару құралындағы түймесін екі рет, Дыбыс деңгейі - түймесін бір рет басыңыз, содан кейін BASS - түймесін басып тұрыңыз.
» Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру аяқталған кезде бұл өнім автоматты түрде өшеді және қайта іске қосылады.
5 Бағдарламалық
құралды жаңарту
Ең жақсы мүмкіндіктерді және қолдауды алу үшін бұл өнімді соңғы бағдарламамен жаңартыңыз.

Бағдарламалық жасақтама нұсқасын тексеру

HDMI ARC көзінде қашықтан басқару құралындағы TREBLE -, BASS - және Дыбыс деңгейі - түймелерін кезекпен үш секунд ішінде басыңыз.
2 HDMI ARC режимінде (HDMI ARC
түймесін басыңыз) алты секунд ішінде қашықтан басқару құралындағы түймесін екі рет, TREBLE - түймесін бір рет басыңыз, содан кейін BASS - түймесін басып тұрыңыз.
» Бағдарламалық құрал нұсқасының нөмірі
дисплей панелінде көрсетіледі.

Бағдарламалық құралды USB арқылы жаңарту

Ескерту
Бағдарламалық құралды жаңарту орындалып
жатқанда қуатты өшірмеңіз немесе USB флэш дискісін шығарып алмаңыз, себебі осы өнімді зақымдауыңыз мүмкін.
1 Ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасын
www.philips.com/support бетінен тексеріңіз.
• Үлгіні іздеп, «Бағдарламалық құрал мен драйверлер» санатын басыңыз.
14 KK
2 Бағдарламалық құралды USB флэш
дискісіне жүктеп алыңыз.
a Жүктелген файлды мұрағаттан
шығарып, мұрағаттан шығарылған файлдың атауы «B1. bin» екенін тексеріңіз.
b «B1.bin» файлын түбірлік каталогқа
салыңыз.
3 USB флэш дискісін осы өнімнің USB
қосқышына жалғаңыз.
4 Бұл өнімді HDMI ARC көзіне
ауыстырыңыз (HDMI ARC түймесін басыңыз).
5 6 секунд ішінде қашықтан басқару
құралындағы кейін Дыбыс деңгейі + түймесін бір рет басыңыз, одан кейін MOVIE түймесін басып тұрыңыз.
» Содан кейін «UPG» (жаңарту)
дисплей панелінде көрсетіледі.
» USB флэш дискісі қосылмаса немесе
жарамсыз жаңарту файлы табылса, дисплей панелінде «ERROR» (қате) көрсетіледі.
түймесін екі рет, одан
6 «UPG» жыпылықтағанда жаңартуды
бастау үшін қашықтан басқару құралындағы
пернесін басыңыз.
7 Жаңарту аяқталғанша күтіңіз.
» Жаңарту аяқталса, бұл өнім
автоматты түрде өшеді және қайтадан қосылады.
6 Өнім
сипаттамалары
Ескертпе
Техникалық сипаттамалар және дизайн ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Күшейткіш
Жалпы шығыс қуаты: 320 Вт ОКМ (+/- 0,5 дБ, 10% THD)
Жиілік жауабы: 20 Гц-20 кГц / ±3 дБ
Сигнал-шу қатынасы: > 65 дБ (CCIR) / (A-өлшенген)
Кіріс сезімталдық:
• AUX: 1900 мВ
• AUDIO IN: 900 мВ
Дыбыс
S/PDIF сандық дыбыс кірісі:
• Оптикалық: TOSLINK
USB
Үйлесімділік: Hi-Speed USB (2.0)
Сынып қолдауы: USB Mass Storage Class (MSC)
Файлдық жүйе: FAT16, FAT32, NTFS
Ойнатуға болатын аудио файлдары: .aac, .mp3, .m4a
Ескертпе
Жаңартуға шамамен 3 минут уақыт кетуі мүмкін.
Bluetooth
Bluetooth профильдері: A2DP, AVRCP
Bluetooth нұсқасы: 4.1
Жиіліктер диапазоны/шығыс қуаты: 2400–2483,5 МГц / ≤ 20 дБм
NFC жиілігі: 13,56 МГц
15KK
Сымсыз динамикпен қосу
Жиіліктер диапазоны: 5740 – 5840 МГц
Шығыс қуаты: ≤ 14 дБм
Негізгі бөлік
Қуаттың қамтамасыз етілуі:
• Үлгі (Philips маркалы айнымалы ток қуат адаптері): DYS602-210309W;
AS650-210-AA309
• Кіріс: 100-240 В~ 50/60 Гц, 1,5 A
• Шығыс: 21В
Сағат көрсетілмейтін күту режимі: ≤ 0,5 Вт
Сағат көрсетілетін күту режимі: ≤ 1 Вт
Өлшемдері (Е x Б x Қ): 408 x 56,7 x 115 мм
Салмағы: 1,3 кг
Кірістірілген динамиктер
• 2 x майлар твитер (25 мм/1", 8 Ом)
• Алдыңғы/қоршаған арна үшін 4 x
жолдың толық ауқымды динамигі (
94,2 мм/3,7” x 35,2 мм/1,4”
, 3,09A
, 8 Ом)
Сабвуфер
Қуат көзі: 220-240 В~, 50-60 Гц
Қуатты тұтыну: 60 Вт
Күту режиміндегі қуат тұтыну: ≤ 0,5 Вт
Кедергі: 3 ом
Динамиктер: 69,4мм/2,9” x 201,5мм/7,9” динамик
Өлшемдері (Е x Б x Қ): 430 x 85,5 x 538,5 мм
Салмағы: 6,26 кг
Күту режимінде қуатты басқару
15 минут бойы әрекетсіз тұрса, өнім күту режиміне немесе желілік күту режиміне автоматты түрде ауысады.
Күту режиміндегі немесе желілік күту режиміндегі қуатты тұтыну 0,5 Вт-тан азырақ болады.
Bluetooth қосылымын өшіру үшін қашықтан басқару құралында Bluetooth түймесін басып тұрыңыз.
Bluetooth қосылымын белсендіру үшін Bluetooth құрылғыңызда Bluetooth қосылымын белсендіріңіз немесе Bluetooth қосылымын NFC тегі (бар болса) арқылы қосыңыз.
Қашықтан басқару құралының батареялары
1 x AAA-R03-1,5 В
16 KK
7 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
Ток соғу қаупі. Өнімнің корпусын ешқашан алмаңыз.
Кепілдік жарамдылығын сақтау үшін өнімді ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Егер осы өнімді пайдалануды мәселелер бар болса, қызметті сұрау алдында мыналарды тексеріңіз. Егер мәселе әлі бар болса, www.philips.com/support бетінде қолдау алыңыз.
Негізгі бөлік
Бұл өнімдегі түймелер жұмыс істемейді.
Бұл өнімді қуат көзінен бірнеше минутқа ажыратып, қайтадан қосыңыз.
Дыбыс
Бұл өнімнің динамиктерінде дыбыс шықпады.
Бұл өнімдегі аудио кабельді теледидар немесе басқа құрылғыларға қосыңыз. Бірақ, мына жағдайда бөлек дыбыстық қосылым қажет емес:
• Бұл өнім мен теледидар HDMI ARC
қосылымы арқылы қосылған немесе
• құрылғы осы өнімдегі HDMI IN
қосқышына қосылған.
Бұл өнімді зауыттық параметрлеріне қалпына келтіріңіз.
Қашықтан басқару құралында дұрыс дыбыс кірісін таңдаңыз.
Бұл өнімнің дыбысы өшірілгендігін тексеріңіз.
Сымсыз сабвуферден ешқандай дыбыс жоқ.
Сабвуферді негізгі құрылғыға сымсыз түрде қосыңыз.
Бұрмаланған дыбыс немесе жаңғырық.
Бұл өнім арқылы теледидардан дыбыс ойнатсаңыз, теледидар дыбысын өшіріңіз.
Дыбыс пен бейне синхрондалмаған.
Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
Дисплейден қате туралы хабар көрсетіледі.
«ERROR» жазуы көрсетілсе, бұл кіріс дыбыс пішіміне қолдау көрсетілмейтінін білдіреді.
«ARC» жыпылықтағанда, бұл жалғанған теледидар HDMI ARC үйлесімді емес екенін немесе қолдау көрсетілмейтін дыбыс пішімі анықталғанын білдіреді.
Bluetooth
Құрылғыны осы өніммен қосу мүмкін емес.
Құрылғы осы өнімге қажетті үйлесімді профайлдарды қолдамайды.
Құрылғының Bluetooth функциясын қоспағансыз. Функцияны қосу жолын құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Құрылғы дұрыс қосылмаған. Құрылғыны дұрыстап қосыңыз.
Бұл өнім басқа бір Bluetooth құрылғысына әлдеқашан қосылған. Қосылған құрылғыны ажыратып, әрекетті қайталаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысынан дыбыс ойнату сапасы нашар.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны осы өнімге жақын жылжытыңыз немесе құрылғы мен осы өнім арасындағы кез келген кедергіні алып тастаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысы тұрақты түрде қосылады және ажыратылады.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны осы өнімге жақын жылжытыңыз немесе құрылғы мен осы өнім арасындағы кез келген кедергіні алып тастаңыз.
Кедергіні болдырмау үшін Bluetooth құрылғысындағы Wi-Fi функциясын өшіріңіз.
Кейбір Bluetooth үшін қуатты үнемдеу мақсатында Bluetooth қосылымын автоматты түрде ажыратуға болады. Бұл өнімнің бұзылғанын білдірмейді.
KK
17
Manufactured under license from Dolby Laboratories. Dolby and the double-D symbol are trademarks of Dolby Laboratories.
For DTS patents, see http://patents.dts.com. Manufactured under license from DTS Licensing Limited. DTS, the Symbol, & DTS and the Symbol together are registered trademarks, and DTS Digital Surround is a trademark of DTS, Inc. © DTS, Inc. All Rights Reserved.
The terms HDMI and HDMI High-Denition Multimedia Interface, and the HDMI Logo are trademarks or registered trademarks of HDMI Licensing LLC in the United States and other countries.
The Bluetooth® word mark and logos are registered trademarks owned by Bluetooth SIG, Inc. and any use of such marks by Gibson Innovations Limited is under license. Other trademarks and trade names are those of their respective owners.
Qualcomm aptX is a product of Qualcomm Technologies International, Ltd. Qualcomm is a trademark of Qualcomm Incorporated, registered in the United States and other countries, used with permission. aptX is a trademark of Qualcomm Technologies International, Ltd., registered in the United States and other countries, used with permission.
18
Сатушы кепілдік талонды толық толтыруын талап етіңіз!
Кепілдік талон қате немесе толық емес толтырылған жағдайда, сатушының мөрі және сатып алушының қолы қойылмаса жарамсыз
болып табылады. Сатып алу туралы кассалық және тауарлық чектер осы кепілдік талонға жапсырылуы тиіс.
САТУШЫ:
Мекенжай және
Толтырылуы міндетті
Толтырылуы міндетті
КЕПІЛДІК ТАЛОНЫ
Толтырылуы міндетті
Толтырылуы міндетті
Толтырылуы міндетті
Толтырылуы міндетті
(ТАӘ және сатып алушының қолы)
орындалуына кепіл боламын. Кепілдік шарттарымен таныстым және келісемін.
Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы*
алдым. Барлық техникалық сипаттамаларымен, атқарымдық мүмкіндіктерімен және пайдалану
Құралды жарамды күйде, толық жиынтылықта, орыс тіліндегі пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен
ережелерімен таныстым. Құрал қаралды және менің қатысуымен тексерілді, сапасы мен сыртқы
барлық нұсқауды орындауға міндеттенемін және құралдың барлық пайдаланушыларымен
түріне наразылықтар жоқ. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және кепілдемелік талонда көрсетілген
E-mail:
МӨРІ
САТУШЫ
Кассалық және тауарлық
чектердің жапсыру орны
Модель:
Сату уақыты:
Сериялық нөмір:
Сауда ұйымының атауы:
Сауда ұйымының телефоны:
Назар аударыңыз!
KZ_NOV
19
Пайдаланушы нұсқаулығына қосымша
Бұйымды
әлдеқандай
Бұйымыңызды
сұйықтықтардың,
қадағалаңыз
нұсқаулығын
хабарласуыңызды
Өндіруші
экономикалық
импортшы «Тұтынушылардың
Беларус ь Республикасының
жайында
талап
және
Кепілдіктің
Орталығына
Бұл кепілдемелік
байланысты
авторластырылған
1. Тұтынушы құралмен байланысты пайдалану, сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзу.
2. пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа тиісті қолдану ережелерін сақтамау немесе дұрыс емес пайдалану;
3. пайда лану жөніндегі нұсқаулықпен қарастырылатын (егер оларды қолдану құралдың істен шығуына әкелген жағдайында) түп нұс
4. үшінші жақтағы тұлғалардың араласуы:
• уәкілетті емес тұлғалармен атқарылған жөндеу жұмысы, өндірушіге қайшы келетін құрылымдық немесе схема техникалық ж
• Мемлекеттік Техникалық Стандарттардан (МСТдан) және қоректендіру, телекоммуникациялық және желілік сым желілер ауы
• құралды тоқ көзінен ажыратпайынша (кез келген қосу түрлері тоқ көзі баратын желілерден қосылатын құралдар/тауарлар
5. еңсерілмейтін күш салдарынан (апат, өрт, найзағай және т.с.с.). Кепілдемелік, сонымен қатар, шығын заттары мен аксессуарларға, соның ішінде келесілерге шектелмейді: құлаққаптар, қаптамалар,
аккумуляторлар, сақтау экрандары, қолдану мерзімі шектелген басқа бөлшектер жатады.
РФ Қызмет көрсету орталықтары: Мәскеу қ., 1
ші Варшавский даңғ., 1а үй, 3 ғим.; С. Петербург, Ланское ш., 65 үй. Сізге жақын о
ақпаратты, олардың жұмыс уақыты, сонымен қоса, өнім туралы ақпаратты Сіз Ақпараттық Орталық келесі телефон нөмірі бойынша ала
мерзімі**
кинотеатры.
Стационарлық
Портативті
Кепілдік талонның мәтінінің қазақ тілінде алу үшін, Филипс ақпараттық орталығына немесе
Өндіруші құрылымына, сыртқы пішініне, жиынтығына, құралдың техникалық сипаттамаларына еш ескертусіз өзгерістер енгізуге өз құқ
жетімді.
Қызметкөрсету
8 800 080 0123
1 жыл 5 жыл
арқылы қоңырау шалаутег ін)
www.philips.kz веб-сайтына хабарласыңыз.
Қазақстан аймағында , соның ішінде ұялы телефондар
аласыз:
рналасқан басқа қызмет көрсету орталықтары туралы толығырақ
қалық емес аксессуарларды және/немее шығын заттарын қолдану;
тқушылықтары; құралды дұрыс емес орнтау және/немесе іске қосу;
әне бағдарламалық қолдауға өзгерістер енгізу;
байланыс сым желілер, әйнектен бұйымдар, ауыспалы шамдар, батарейкалар және
ажыратылған күйінде ғана жүзеге асу қажет).
8 820 0011 0068
ығын қалдырады. Өзекті ақпарат өндіруші сайтында қол
қоңырау шалау тегін)
(БР аймағында , соның ішінде ұялы телефондар арқылы
Құрметті Сатып алушы!
*
Бұйымның атауы Кепілдемелік мерзімі**
Philips сауда белгісінің бұйымын сатып алғаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз
8 800 200 0880
-
құқықтарын қорғау туралы» 07.02.1992 N 2300-1» РФ Заңымен қарастырылға н жағдайларында, Ресей Федерациясының аумағынд а сатып алынған тауар жайынд а тұтынушылардың талаптарын қабылдайды.
аумағында сатып алынған тауа р жайында талаптарды қабылдайтын заңды тұлға «БРСЦ-АС ПИРС» Минск, 220114, Независимости даңғылы, 123, 3 корпус. Қазақстан Респ убликасының аумағында сатып алынған тауар
қызмет көрсету орталығынахабарласыңыз. Кепілдемелік қызмет көрсету зақымданулар салдарынанпайда болған құралмен байланыстыкелесі жағдайларды қарастырмайды:
өтінеміз.
жәндіктердің жә не тағы басқасының ішіне түсуін болдыртпаңыз, барлық қызмет ету мезг іл бойы бұйымда көрсетілген моде льдің атал уы және сериялық нөмірі бар толық сәйкестендіруге арналғ ан ақпараттың сақталуын
ұқыпты және зейінді күтсеңіз және оны пайдалану ережелер імен сәйкес қолданған жағдайда ол Сізге ұзақ мерзім бойы сенімді қызмет етеді. Бұйымды пайдалану кезінде механикалық а қаулардың пайда болуын, бөтен заттардың,
сатып алу кезінде кеп ілдік талонның дұрыс толтыр ылғандығын тексеруіңізді қадала өт інеміз. С іздің сатып алған бұйымыңыздың серия лық нөмірі және моделінің атауы кепілдік талондағы жазбамен сәйкес болуы тиіс. Талонға
өзгерістерді, түзетулерді енгізуге б олмайды. Егер Сіз бұйымды сатып алғанда кепілдік талон қате немесе толық емес толтырылған, сонымен қатар чек кепілдік талонға жапсырылмаған жағдайд а – сатушыға дереу барыңыз.
одағының аумағындағы импортшы (импортталатын өнім жағдайында): «Гибсон Инновейшнс Евразия» ЖШҚ , РФ, 123022 Мәскеу қ., Сергея М акеева к-сі, 13 үй. Ресей және Е уразиялық экономикалық одағының аумағындағы
және басқа құжаттарды) сақтаңыз. Егер Сіз бұйымды пайдалану барысында оның жұмыс параметрлері пайдала нушы нұсқаулығында көрсетілгеннен өзгеше болуын байқасаңыз, Ақпараттық Орталыққа кеңес алу үші н
. Мүмкін болатын жаңылысудың алдын алу үшін барлық қызм ет ету мез гіл б ойы бұйымды сату ке зінде берілетін құжаттарды (осы кепілдік талонды, тауарлық және кассалық чектерді, жөнелтпе құжаттарды, пайда ланушы
: “Gibso n Innovations Limited” (Гибсон Инновейшнс Лимитед), Филипс Электроникс құрылысының бесінші қабаты, 5 Сайнс Парк Ист Авеню, Гонконг Сайнс Парк, Шатин, Нью Территориз, Гонконг. Ресей және Еуразиялық
мерзімі және шарттары:
талаптарды қабылдайтын заңды тұлға : «Smart Master Service (Смарт Мастер C ервис)» ЖШС Мұқанов к-сі, 315 үй, А литер, Алма ты қ., Қазақстан Республикасы. Егер С ізбен сатып алған бұйым арнайы орнатуды немесе іс ке қосылуды
еткен жағдайында, осындай қызмет түрімен айналысатын арна йы ұйымға жолығ уды кеңес етеміз. Сізге орнатуды жүзеге асыратын Тұлға (компания) атқарылған жұмысқа жауапкерш ілік тартады. Есте сақтаңыз, құралд ы білікті орнату
іске қосу кейінірек, оның дұрыс атқарымдылығы мен кепілдік қызметіне едәуір зор маңызды екендігін ескеріңіз.
аудио/бейне жүйелері, ойнатқыштар, тасымалданатын және автомагнитолалар, автокөлік медиаорталықтар, к үшейткіштер. 1 жыл 3 жыл
Үй
тек қана жеке, жанұялық, үй және басқа қажеттілі ктерге тиісті сатып алынған ж әне қолданылатын тол ық идентификациялық ақпаратты қамтитын, кәсіпрке лік әрекетті жүзеге асырумен
емес құралды қарастырады. Қызмет көрсету мерз імі аяқталған соң, профилактиқалық жұм ыстарды жүргізу және кейінірек, құралды пайдалану жөні ндегі кеңестермен танысу үшін
хабарласуды өтінеміз.
құрылғылар, тасымалданатын ойнатқы штар, компьютерлік периферия, автокөлікакустика, жеке қабылдауыш құрылғылар. 1 жыл 1 жыл
** егер беру уақытын анықтау мүмкін емес жағдайында, тұтынушыға тауарды беру уақытынан бастап есептелед і.. Құралдың шығарылу уақытын Сіз сериялық нөмірі бойынша (ххххААЖ Жхххххх, осынд а АА– жыл,
ЖЖ апта күні, x – кез келген таң ба) анықтай алас ыз. Мысалы: AJ0216281234 56 шығарылған уа қыты 2016 жылдың 28 аптасы. Шығарылған уақытын а нықтау қиынға соққан жағдайында Ақпараттық
Мемлекет Ресей Беларусь Қазақстан*
шалау тегін),
www.phili ps.ru www.phili ps.by www.phili ps.kz
8 (495) 961-1111
(РФ, соның ішінде ұялы телефондар арқылы қоңырау
Телефон
Веб-сайт
KZ_NOV
20
Specifications are subject to change without notice The Philips trademark and the Philips Shield Emblem are registered trademarks of Koninklijke Philips N.V. used under license. Copyright © 2016 Gibson Innovations Limited. Revised Edition © 2017 This product has been manufactured by, and is sold under the responsibility of Gibson Innovations Ltd., and Gibson Innovations Ltd. is the warrantor in relation to this product.
B1_12_UM_V4.0
Loading...