Philips AZ330T/12 User guide [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
AZ330T
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Ескерту 3
2 CD дыбыстық құрылғысы 5
Кіріспе 5 Қораптың құрамы 5 Негізгі құрылғыны шолу 6
3 Жұмысты бастау 8
Қуатты қосу 8 Қосу 9 Өшіру 9
4 Ойнату 10
Ықшам дискіні ойнату 10 USB құрылғыларынан ойнату 10 FM радио станцияларын реттеу 11 Bluetooth қолдайтын құрылғылардан ойнату 11 Сыртқы құрылғыдан ойнату 12
5 Ойнату опциялары 13
Ойнатуды басқару 13 Жолдарды бағдарламалау. 13 Дыбысты реттеу 13
6 Өнім туралы ақпарат 14
Ерекшеліктер 14 Қолдау көрсетілетін MP3 дис форматтары 15 USB ойнату мүмкіндігі туралы ақпарат 15 Техникалық қызмет көрсету 15
7 Ақаулықтарды жою 16
Bluetooth құрылғысы туралы 16
1KK
1 Маңызды
ақпарат

Қауіпсіздік

Осы нұсқауларды оқыңыз.
Барлық нұсқауларды орындаңыз.
Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатыңыз.
Радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе жылу шығаратын басқа құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
Қуат сымын, атап айтқанда, ашаларынан, розеткаларынан және құрылғыдан шығып тұрған жерінен басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымша/ қосалқы құралдарды қолданыңыз.
Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
Авторлық құқық пен үшінші тараптардың құқықтары бұзылмайтындықтан жазуға болады.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы зақымдалса, оған су тиіп немесе үстіне заттар түсіп кетсе, құрылғыға жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол дұрыс істемей тұрса немесе құлап қалса, қызмет көрсетуді қажет етеді.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе құрылғының бүлінуін болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды +
және - полюстерін құрылғыда белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде батареяларды шығарып алыңыз.
Батареялар (батарея топтамасы немесе орнатылған батареялар) күн сәулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
АБАЙЛАҢЫЗ: батарея дұрыс ауыстырылмаса жарылу қаупі болады. Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс.
Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған заттар, жағылған балауыз шамдар) қоймаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
Бұл құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан
қарамаңыз.

Ескерту

Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
2 KK

Ескерту

WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.

Сәйкестік

WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін. Осы құжат арқылы WOOX Innovation компаниясы бұл өнімнің 1999/5/ EC директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны www.philips.com/support сайтынан табуыңызға болады.

Қоршаған ортаны күту

Ескірген өнімді тастау
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/ EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдардың қалдықтарын жинау жөніндегі жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді орындаңыз және бұйымдарды әдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі бұйымдарды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орауышты үш материалға оңай бөлінетін етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), қағаз полистирол (буфер) және полиэтилен (сөмкелер, қорғағыш көбік орауышы.) Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.

Өнімде көрсетілген тауар белгісі

Көшіруден қорғалған материалдың, соның ішінде компьютерлік бағдарламалардың, файлдардың, телерадио хабарлары мен дыбыстық жазбалардың көшірмелерін рұқсатсыз жасау авторлық құқықты бұзу және қылмыстық іс болуы мүмкін. Бұл жабдық осындай мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.
USB-IF логотиптері — Universal Serial Bus Implementers Forum, Inc корпорациясының сауда белгілері.
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және мұндай белгілерді WOOX Innovations әрдайым лицензияға сәйкес пайдаланады.
3KK
Бұл құрылғы мына белгілерді қамтиды:
II сыныпты жабдық таңбасы
Бұл таңба осы құрылғыда екі еселік оқшаулау жүйесінің бар екендігін көрсетеді.
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
4 KK
Loading...
+ 14 hidden pages