PHILIPS AZ1880 User Manual [kk]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
AZ1880
Қолданушының нұсқасы

Мазмұндар кестесі

1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Ескерту 3
2 CD дыбыстық құрылғысы 5
Кіріспе 5 Қораптың құрамы 5 Негізгі құрылғыны шолу 6 Қашықтан басқару құралына шолу 8
3 Жұмысты бастау 9
Қашықтан басқару құралын дайындау 9 Қуат көзін таңдау 9 Қосу 10
8 Сыртқы құрылғыны тыңдау 15
9 USB құрылғысына жазу 16
Ықшам дискіден USB ішіне жазу 16 USB құрылғысынан файлдарды жою 16
10 Өнім туралы ақпарат 17
Ерекшеліктер 17 USB құрылғысының ойнатылатыны
туралы мәліметтер 17
Қолдау көрсетілетін MP3 диск
форматтары 18
Техникалық қызмет көрсету 18
11 Ақаулықтарды жою 19
4 Ойнату 11
Дискіні ойнату 11 USB құрылғысынан ойнату 11
5 Ойнату опциялары 12
Қайталап және кездейсоқ ойнату 12 Жолдарды бағдарламалау. 12
6 Дыбыс реттеу 13
Дыбыс деңгейін реттеу 13 Дыбысты өшіру 13 Бассты жақсарту 13 Құлақаспап арқылы тыңдау 13
7 Радио тыңдау 14
Радио станцияға реттеу 14 Радио станцияларды автоматты
түрде бағдарламалау 14
Радио станцияларды қолмен
бағдарламалау 14
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау 14
1KK
1 Маңызды
ақпарат

Қауіпсіздік

a Осы нұсқауларды оқыңыз. b Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз. c Барлық ескертулерді ескеріңіз. d Барлық нұсқауларды орындаңыз. e Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
f Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз. g Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатыңыз.
h Радиаторлар, жылытқыштар,
пештер немесе жылу шығаратын басқа құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
i Қуат сымының әсіресе штепсельдік
ұштарын, электр розеткаларын және олардың құрылғыдан шығатын жерлерін басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
j Тек өндіруші көрсеткен қосымша/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
k Тек өндіруші көрсеткен немесе
құрылғымен бірге сатылатын арбашамен, тірекпен, үштағанмен, кронштейнмен немесе үстелмен бірге пайдаланыңыз. Арбаша пайдаланылғанда, арбаша/құрылғы екеуін жылжытқанда аударылып кетіп жарақат алмау үшін сақ болыңыз.
l Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт
қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
m Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғының қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалған болса, оған су тиіп немесе үстіне заттар түсіп кеткен болса, аппаратқа жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе құлап қалған және тағы да басқаша зақымдалған болса, қызмет көрсетуді қажет етеді.
n Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе құрылғының бүлінуін болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды + және - полюстерін құрылғыда белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде батареяларды шығарып алыңыз.
o Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
p Құрылғының үстіне қандай да бір
қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
q Бұл өнімнің құрамында қорғасын
немесе сынап болуы мүмкін. Бұл материалдардың тасталуы қоршаған
2 KK
орта туралы ережелерге байланысты реттелуі мүмкін. Тастау немесе қайта өңдеу туралы ақпарат алу үшін, жергілікті органдарға немесе Электрондық өнеркәсіп альянсына хабарласыңыз: www.eiae.org.
r Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
Бұл құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан
қарамаңыз.
Бұл құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат
сымына, штепсельге немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.

Есту қауіпсіздігі

Орташа дыбыс деңгейінде тыңдаңыз.
Құлақаспаптарды жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану есту қабілетіңізді нашарлатады. Бұл өнім дыбыстарды бір минуттан аз тыңдаған қалыпты адамның есту қабілетінің жоғалуына себеп болатын децибелдің ауқымда шығарады. Жоғары децибелдік ауқымдар есту қабілеті бұрыннан нашар адамдарға ұсынылады.
Дыбыс алдамшы болуы мүмкін. Уақыт өткен сайын естуге «қолайлы деңгейіңіз» жоғары дыбыс деңгейіне бейімделеді. Ұзақ уақыт тыңдағаннан кейін «қалыпты» дыбыстар қатты естілуі және есту органдарыңызға зиянды болады. Бұдан қорғану үшін есту органыңыз
бейімделместен бұрын дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатып, солай қалдырыңыз.
Қауіпсіз дыбыс деңгейін орнату үшін:
Дыбыс деңгейін реттегішті төмен параметрге орнатыңыз.
Дыбысты жақсы және бұрмаланусыз анық естігенге дейін баяулап көбейтіңіз.
Бірқалыпты уақыт аралығында тыңдаңыз:
Дыбысты ұзақ уақыт, тіпті «қауіпсіз» деңгейде тыңдау, есту қабілетінің жоғалуына себеп болады.
Жабдықты бірқалыпты пайдаланыңыз және тиісті үзілістер жасаңыз.
Құлақаспап пайдаланған кезде төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы уақыт аралығында тыңдаңыз.
Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен дыбыс деңгейін реттемеңіз.
Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз, айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз. Құлақаспапты көлік жүргізгенде, велосипед, скейтборд т.б. пайдаланғанда қолданбаңыз; апатты жағдай туғызады және көптеген аймақтарда заңсыз болып табылады.

Ескерту

Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
Бұл өнім келесі директивалар нұсқауының талабына сай: 2004/108/EC + 2006/95/EC
3KK
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
Көшіруден қорғалған материалдың, соның ішінде компьютерлік бағдарламалардың, файлдардың, телерадио хабарлары мен дыбыстық жазбалардың көшірмелерін рұқсатсыз жасау авторлық құқықты бұзу және қылмыстық іс болуы мүмкін. Бұл жабдық осындай мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.

Қайта өңдеу

Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Өнімде үсті сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі болса, өнім Еуропалық 2002/96/EC директивасына кіретінін білдіреді.
«Pb» химиялық таңбасы бар үсті сызылған дөңгелекті жәшік батареялардың директивада көрсетілген талаптарға сәйкес келетінін білдіреді.
Батареяларды бөлек жинау туралы жергілікті ережелермен танысыңыз. Батареяларды қоқысқа дұрыс әдіспен тастау арқылы қоршаған ортаны және адам денсаулығын сақтап қалуға болады.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Өнімді еш уақытта басқа тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Электр және электрондық өнімдердің бөлек жиналуы туралы жергілікті ережелермен танысыңыз. Ескі өнімді қоқысқа дұрыс әдіспен тастау арқылы қоршаған ортаны және адам денсаулығын сақтап қалуға болады.
Өнімге Еуропалық 2006/66/ЕС директивасының талаптарына сәйкес келетін батареялар салынған. Оларды кәдімгі тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайды.
4 KK
Windows Media және Windows логотипі АҚШ-тағы және басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Бұл құрылғыда мына белгі бар:
2 CD дыбыстық

Қораптың құрамы

құрылғысы
Сатып алынған зат құтты болсын және Philips қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін, өніміңізді www.Philips. com/welcome торабында тіркеңіз.

Кіріспе

Бұл құрылғымен дискілерден, USB құрылғыларынан, сыртқы құрылғылардан немесе радио стансалардан аудио тыңдауға болады.
Дыбыс әсерін арттыру үшін, құрылғы DBB (динамикалық бассты күшейту) мүмкіндігін ұсынады.
Құрылғы келесі мультимедиалық форматтарды қолдайды:
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
Негізгі бөлік
Қашықтан басқару пульті
1 x айнымалы ток адаптері
1 x MP3 байланыс кабелі
Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығы
Пайдаланушы нұсқаулығы
5KK
Loading...
+ 15 hidden pages