Philips AZ1837/12 User guide [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
AZ1837
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2
2 CD дыбыстық құрылғысы 4
Кіріспе 4 Қораптың құрамы 4 Негізгі құрылғыны шолу 4
3 Жұмысты бастау 7
Батареяларды орнату 7 Қуатты қосу 7
4 CD дыбыстық құрылғысын
пайдалану 8
Ықшам дискіні ойнату 8 USB құрылғысынан ойнату 8 Радио тыңдау 8 Ойнатуды басқару 8 Ойнату режимдерін таңдау 9
5 Басқа мүмкіндіктер 10
Жолдарды бағдарламалау. 10 Сыртқы құрылғыны тыңдау 10
6 Өнім туралы ақпарат 11
USB құрылғысының ойнатылатыны
туралы мәліметтер 11
7 Ақаулықтарды жою 12
Ақаулықтарды жою 12
8 Ескерту 13
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Қауіпсіздік
Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз
Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді. Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін корпусты алып тастамаңыз. «Леп белгісі» жұмыс және техникалық қызмет көрсету проблемаларын болдырмау үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс мүмкіндіктерге назар аударуға шақырады. АБАЙЛАҢЫЗ! От немесе ток соғу қауіптерін азайту үшін осы құрылғы жаңбыр немесе ылғал жерде ашық қалмауы және оның үстіне вазалар сияқты сұйықтықтармен толтырылған заттар қойылмауы тиіс. ЕСКЕРТУ! Ток соғу қаупінің алдын алу үшін штепсельді толығымен кіргізіңіз. (Полярлы штепсельдері бар аймақтар үшін: ток соғу қаупінің алдын алу үшін штепсель мен саңылаудың жалпақ жақтарын сәйкес келтіріңіз.)
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық нұсқауларды орындаңыз.
Барлық ескертулерді ескеріңіз.
Бұл құрылғыны судың жанында қолданбаңыз.
Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатыңыз.
Радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе жылу шығаратын басқа құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
Қуат сымының әсіресе штепсельдік ұштарын, электр розеткаларын және олардың құрылғыдан шығатын жерлерін басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымша/ қосалқы құралдарды қолданыңыз.
Тек өндіруші көрсеткен немесе құрылғымен бірге сатылатын арбашамен, тірекпен, үштағанмен, кронштейнмен немесе үстелмен бірге пайдаланыңыз. Арбаша пайдаланылғанда, арбаша/ құрылғы екеуін жылжытқанда аударылып кетіп жарақат алмау үшін сақ болыңыз.
Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғы қандай да бір жолмен зақымданғанда, мысалы, қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалғанда, құрылғыға сұйықтық төгіліп кеткен немесе бір заттар құлап түскенде, құрылғы жаңбырдың астында немесе ылғалда қалғанда, қалыпты жұмыс істемей тұрғанда немесе құлап кеткенде қызмет көрсету қажет.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе құрылғының бүлінуін болдырмау үшін:
2 KK
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Батареяны құрылғыда көрсетілгендей + және - белгісімен дұрыс салыңыз.
• Батареяларды күн сәулесі, от немесе т.с.с сияқты артық қызу көзіне шығармау керек.
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде батареяны шығарыңыз.
Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс.
Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Direct Plug-in адаптерінің ашасы ажырату құрылғысы ретінде пайдаланылатын жерде, ажырату құрылғысы пайдалануға дайын болып қалуы керек.
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
Бұл құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
Бұл құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан
қарамаңыз.
Бұл құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат
сымына, штепсельге немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
3KK
2 CD дыбыстық
құрылғысы
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www. philips.com/welcome торабында тіркеңіз.

Кіріспе

CD дыбыстық құрылғысымен мыналарды жүзеге асыруға болады:
ықшам дискілерді, MP3/wma дискілерін ойнату;
USB құрылғыларындағы mp3/wma файлдарын ойнату;
FM/MW радиосын тыңдау
тректердің ойнатылу ретін бағдарламаға енгізіңіз.

Қораптың құрамы

Қораптың ішіндегілерді тексеріп анықтаңыз:
Негізгі құрылғы (батареяларсыз)
1 x АТ/ТТ қуат адаптері
1 x MP3 байланыс кабелі
Пайдаланушы нұсқаулығы
4 KK

Негізгі құрылғыны шолу

a db c e f
gj hklmn i
o
q pr
5KK
a Көз қосқышы: CD•USB/MW/FM/OFF
• CD•USB, MW(AM), FM көзін таңдау
немесе құрылғыны өшіру.
b
• USB ұясы.
c VOL+/-
• Дыбыс деңгейін реттеу.
d Дисплейлі панель
• Ағымдағы күйді көрсету.
e OPEN/CLOSE
• Диск бөлімін ашу немесе жабу үшін
басу.
f Реттеу
• Радиостанцияларды реттеу.
g USB
• USB құрылғы көзін таңдау.
h CD
• CD көзін таңдау.
i - ALBUM +
• MP3 ықшам дискілері үшін: MP3
ықшам дискісіндегі келесі/алдыңғы альбомға өту.
j /
• Алдыңғы/келесі жолды таңдау.
• Артқа/алға іздеу.
k
• Ойнатуды уақытша тоқтату немесе
жалғастыру.
l
• Ойнатуды тоқтату.
• Бағдарламаны өшіру.
m MODE
• Ойнату режимін таңдау: REPEAT
(ҚАЙТАЛАУ) немесе SHUFFLE (КЕЗДЕЙСОҚ).
n PROG
• MP3 ықшам дискілері үшін: жолдарды
бағдарламалау және бағдарламаны шолу.
o Телескопиялық антенна
• FM қабылдауын реттеңіз.
p MP3 LINK
• Сыртқы құрылғыны қосуға арналған ұяшық.
q DC IN
• Қуат көзі ұясы.
r Батарея бөлімі
6 KK
3 Жұмысты
бастау
Ескерту
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті бойынша орындаңыз. Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден осы құрылғының үлгі және сериялық нөмірі сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі — құрылғының астыңғы жағында. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз: Үлгі нөмірі __________________________ Сериялық нөмір ___________________________
Батареяларды орнату
Ескертпе
Осы құрылғының қуат көзі ретінде батареяларды да,
АТ қуатын да пайдалануға болады.
6 x 1.5 V R14/UM2/C CELL

Қуатты қосу

Ескерту
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі өнімнің
артқы жағында немесе астында көрсетілген кернеуге сәйкес екенін тексеріңіз.
Ток соғу қаупі бар! Айнымалы ток шнурын
ажыратқанда, ашаны әрқашан розеткадан суырыңыз. Сымды ешқашан тартпаңыз.
АТ қуат сымын қосудың алдында барлық басқа
қосылымдарды аяқтағаныңызды тексеріңіз.
Ескертпе
Қуатты үнемдеу үшін: пайдаланудан кейін көз
қосқышын OFF күйіне ауыстырыңыз.
15 минут бойы белсенді емес болса, құрылғы күту
режиміне ауысады.
1 Батарея бөлімін ашыңыз. 2 6 x 1,5 В R14/UM2/C CELL батареяларын
(жинақпен берілмейді) суретте көрсетілгендей дұрыс жағымен (+/-) салыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.
7KK
4 CD дыбыстық
USB құрылғысынан ойнату
құрылғысын пайдалану
Ықшам дискіні ойнату
Ескертпе
Авторлық құқықтарды қорғау технологияларының
көмегімен кодталған ықшам дискілерді ойнату мүмкін емес.
Сатылатын дыбыстық ықшам дискілерді ойнатуға болады:
CD-Recordables (CD-R)
CD-Rewritables (CD-RW)
MP3 ықшам дискілері
WMA ықшам дискілері
1 Көз қосқышын CD•USB күйіне
ауыстырыңыз.
2 Ықшам диск бөлімінің қақпағын басып,
ашыңыз.
3 Ықшам дискіні жапсырма басылған
жағын жоғары қаратып салыңыз, одан кейін ықшам диск қақпағын жабыңыз.
4 CD көзін таңдау үшін, CD түймесін
басып, ойнатуды бастау үшін, түймесін басыңыз.
» [ ] көрсетіледі.
• Ойнатуды тоқтату үшін түймесін басыңыз.
• Ойнатуды кідірту немесе жалғастыру үшін түймесін басыңыз.
Ескертпе
USB құрылғысында қолдау көрсетілетін пішімдердегі
ойнатуға болатын аудио мазмұн бар екенін тексеріңіз.
1 USB жад құрылғысын ұяшығына
жалғаңыз.
2 Көз қосқышын CD•USB күйіне
ауыстырыңыз да, USB көзін таңдау үшін,
USB түймесін басыңыз.
3 Қалтаны таңдау үшін, - ALBUM +
түймесін басыңыз.
4 Файлды таңдау үшін, / түймесін
басып, ойнатуды бастау үшін, түймесін басыңыз.
• Ойнатуды тоқтату үшін түймесін басыңыз.
• Ойнатуды кідірту немесе жалғастыру үшін түймесін басыңыз.
Радио тыңдау
1 MW/FM қосқышын MW немесе FM
күйіне ауыстырыңыз.
2 Оңтайлы қабылдауды тапқанша,
TUNING дөңгелегін бұраңыз.
Кеңес
FM қабылдауын жақсарту үшін ең жақсы қабылдауды
тапқанша, телескоптық антеннаны ұзартуға, еңкейтуге немесе бұруға болады.
MW қабылдауын жақсарту үшін, құрылғыны басқа
бағытқа бұрыңыз.
8 KK
Ойнатуды басқару
Түймелер Функциялар VOL Дыбыс деңгейін реттеу үшін
бұраңыз. Ойнатуды тоқтату. Ойнатуды уақытша тоқтату
немесе жалғастыру.
/ Алдыңғы/келесі жолды таңдау
үшін басыңыз. Жылдам артқа/алға айналдыру үшін басып тұрыңыз.
Ескертпе
Іздеу жолдың соңына жеткенде ықшам диск
тоқтайды.
Ойнату режимдерін таңдау
1 Ойнату режимін таңдау үшін MODE
түймесін қайта-қайта басыңыз:
[ ] (қайталау) – жолды қайталау
[ ALL] (барлығын қайталау) ­бүкіл ықшам дискіні/бағдарламаны қайталау
[ ] (кездейсоқ) - жолдарды кездейсоқ ретпен ойнату
[ ] (барлығын кездейсоқ қайталау) - барлық жолдарды кездейсоқ ретпен қайталау.
2 Қалыпты ойнатуға оралу үшін ойнату
режимінің белгішелері кеткенше, MODE түймесін қайталап басыңыз.
Кеңес
Бағдарламаға енгізілген тректерді ойнатқанда еркін
ойнатуды таңдау мүмкін емес.
9KK
5 Басқа
Сыртқы құрылғыны тыңдау
мүмкіндіктер

Жолдарды бағдарламалау.

20 жолға дейін қажетті ретпен бағдарламалауға болады.
1 Тоқтату режимінде ойнату ретін
бағдарламалау үшін, PROG түймесін басыңыз.
» [PROG] және [P01] көрсетіледі.
2 MP3 ықшам дискілері үшін, - ALBUM +
түймесін басы, альбомды таңдаңыз.
3 Жолды таңдау үшін, / түймесін
басыңыз, одан кейін растау үшін, PROG түймесін басыңыз.
4 Басқа тректерді бағдарламаға енгізу үшін
2-3 қадамдарды қайталаңыз.
» Барлық 20 жол сақталғаннан кейін
басқа жолдарды таңдау мүмкін емес және [FUL] көрсетіледі.
5 Бағдарламаны ойнату үшін, түймесін
басыңыз.
• Тоқтату режимінде бағдарламаланған жоларды шолу үшін, PROG түймесін басып тұрыңыз.
6 Бағдарламаны жою үшін, тоқтату
режимінде түймесін басыңыз.
» [CLr] көрсетіледі.
Сондай-ақ, осы құрылғы арқылы сыртқы аудио құрылғыны тыңдауға болады.
Құлақаспап ұяшығы бар дыбыстық құрылғы үшін:
1 Берілген MP3 LINK кабелін келесіге
қосыңыз:
• құралдың артқы жағындағы MP3- LINK розеткасына және
• MP3 ойнатқышындағы құлақаспап ұяшығына
2 MP3 ойнатқышын ойнатуды бастаңыз.
(MP3 ойнатқышының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)
10 KK
6 Өнім туралы
ақпарат
Ескертпе
Өнім туралы ақпарат алдын ала ескертусіз
өзгертіледі.
Қуат көзі
- АТ/ТТ қуат адаптері
- Батарея
Қуатты тұтыну Белсенді <12 Вт Қуат шығысы 2 x 1 Вт RMS USB 300 мА Жұмыс
температурасының ауқымы
Өлшемдері (Е x Б x Қ)
Салмағы 1,8 кг
USB құрылғысының ойнатылатыны туралы мәліметтер
Үлгі: SEF0800100E1BA Кіріс: 100-240 В~ 50/60 Гц, 0,3 A Шығыс: 8,0 В 1,0 A 6 x 1,5 В R14/UM2/C CELL батареясы
-10 °C - 50 °C 14 °F - 122 °F
341 x 122 x 236 мм
Қолданылатын пішімдер:
• USB немесе жад файлы пішімі: FAT12, FAT16, FAT32 (сектор өлшемі: 512 байт)
• MP3 арналған бит жылдамдығы (деректерді жеткізу жылдамдығы): 32-320 кбит/с және өзгертпелі бит жылдамдығы
• WMA v9 не одан бұрынғы
• 8 деңгейге дейін енгізулері бар каталогтар
• Альбомдар/ қалталар саны: ең көбі 99
• Жолдар/жазылымдар саны: ең көбі 999
• ID3 тэгі, 2.0 нұсқасы немесе одан кейінгі
• Unicode UTF8 пішіміндегі файл атауы (ең үлкен ұзындығы: 128 байт)
Қолданылмайтын пішімдер:
• Бос альбомдар: бос альбом ­құрамында MP3/WMA файлдары жоқ және дисплейде көрсетілмейтін альбом.
• Қолданылмаған файл пішімдері өткізіліп жіберіледі. Мысалы, Word құжаттары (.doc) немесе .dlf кеңейтімді MP3 файлдары еленбейді және ойнатылмайды.
• AAC, WAV, PCM дыбыстық файлдары
• DRM арқылы қорғалған WMA файлдары (.wav, .m4a, .m4p, .mp4, .aac)
• Lossless пішіміндегі WMA файлдары
Үйлесімді USB құрылғылары:
• USB флеш жады (USB 2.0 немесе USB1.1)
• USB флеш ойнатқыштары (USB 2.0 немесе USB1.1)
• жад карталары (осы құрылғымен жұмыс істеу үшін қосымша карта оқу құралы қажет)
11KK
7 Ақаулықтарды
жою
Ақаулықтарды жою
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Бұл құрылғыны пайдалану кезінде мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб­бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips компаниясына хабарласқанда, құрылғының жақында болуын және үлгі нөмірі мен сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз етіңіз.
Қуат жоқ
Құрылғының АТ қуат штепселінің дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
АТ розеткасында қуаттың бар екендігін тексеріңіз.
Батареяларды полярлықтарымен (+/– белгілері) көрсетілгендей салыңыз.
Батареяны ауыстырыңыз.
Дыбыс жоқ
Дыбыс деңгейін реттеңіз.
Ойнатылатын жол үйлесімді пішімде екенін тексеріңіз.
Дисплей дұрыс жұмыс істемейді. /Басқару элементтерінің кез келгенін пайдалануға реакция жоқ.
АТ қуат сымын ажыратыңыз.
Бірнеше секундтан кейін АТ қуат сымын қосыңыз.
Дискіні ойнату мүмкін емес
Диск жапсырмасы басылған жағының жоғары қаратып салынған тексеріңіз.
Дискіні тазалау шүберегімен ортасынан жиегіне қарай түзу сызықпен сүртіңіз.
Бұл диск ақаулы болуы мүмкін. Басқа дискіні ойнатыңыз.
Ықшам диск түпкілікті етілген CD/CD-R/ CD-RW екенін тексеріңіз.
Лазерлік линза таза екенін тексеріңіз.
Ықшам дискінің авторлық құқықтарды қорғау технологияларымен кодталмағанын тексеріңіз.
Ықшам диск жолдарды өткізіп жібереді
Ықшам диск зақымдалмағанын немесе лас емес екенін тексеріңіз.
Бағдарлама/кездейсоқ режимі өшірілгенін тексеріңіз.
USB құрылғысына немесе SD/MMC картасына қолдау көрсетілмейді
USB құрылғысы немесе SD/MMC картасы құрылғымен үйлесімді емес. Басқасын қолданып көріңіз.
12 KK
8 Ескерту
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
ортаға және адам денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.) Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Windows Media және Windows логотипі АҚШ-тағы және басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгілері болып табылады.
USB-IF логотиптері — Universal Serial Bus Implementers Forum, inc. корпорациясының сауда белгілері. Материалды жазу және ойнату келісімді талап етуі мүмкін. 1956 жылғы авторлық құқықтар актісін және 1958 бен 1972 жылдар арасындағы Орындаушыларды қорғау актісін қараңыз.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған
Көшіруден қорғалған материалдың, соның ішінде компьютерлік бағдарламалардың, файлдардың, телерадио хабарлары мен дыбыстық жазбалардың көшірмелерін рұқсатсыз жасау авторлық құқықты бұзу және қылмыстық іс болуы мүмкін. Бұл жабдық осындай мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.
13KK
Бұл құрылғы мына белгілерді қамтиды:
II сыныпты жабдық таңбасы
Бұл таңба осы құрылғыда екі еселік оқшаулау жүйесінің бар екендігін көрсетеді.
14 KK
15KK
Specications are subject to change without notice. 2013 © WOOX Innovations Limited. All rights reserved. This product was brought to the market by WOOX Innovations Limited or one of its afliates, further referred to in this document as WOOX Innovations, and is the manufacturer of the product. WOOX Innovations is the warrantor in relation to the product with which this booklet was packaged. Philips and the Philips Shield Emblem are
registered trademarks of Koninklijke Philips N.V.
AZ1837_12_UM_V3.0
Loading...