Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы
мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді.
Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін өнім
корпусын алып тастамаңыз.
«Леп белгісі» жұмыс және техникалық
қызмет көрсету проблемаларын болдырмау
үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс
мүмкіндіктерге назар аудартады.
АБАЙЛАҢЫЗ: от немесе ток соғу қауіптерін
азайту үшін осы құрылғы жаңбыр немесе
ылғал жерде ашық қалмауы және вазалар
сияқты сұйықтықтармен толтырылған заттар
оның үстіне қойылмауы тиіс.
ЕСКЕРТУ: ток соғуды болдырмау үшін
штепсельдік ұш пен саңылауды жалпақ
жақтарымен келтіріп, толығымен кіргізіңіз.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
a Осы нұсқауларды оқыңыз.
b Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз.
c Барлық ескертулерді ескеріңіз.
d Барлық нұсқауларды орындаңыз.
e Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
f Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
g Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес
орнатыңыз.
h Радиаторлар, жылытқыштар,
пештер немесе жылу шығаратын
басқа құрылғылар (соның ішінде
күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне
жақын орнатпаңыз.
i Қуат сымын, атап айтқанда, ашаларынан,
розеткаларынан және құрылғыдан
шығып тұрған жерінен басылып немесе
қысылып қалудан қорғаңыз.
j Тек өндіруші көрсеткен
қосымшаларды/қосалқы құралдарды
қолданыңыз.
k Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт
қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток
көзінен ажыратыңыз.
l Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Құрылғының қуат сымы
немесе штепсельдік ұшы зақымдалған
болса, оған су тиіп немесе үстіне
заттар түсіп кеткен болса, аппаратқа
жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол
дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе
құлап қалған және тағы да басқаша
зақымдалған болса, қызмет көрсетуді
қажет етеді.
m Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене
жарақатының, мүліктің бүлінуінің
немесе құрылғының бүлінуін
болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды +
және - полюстерін құрылғыда
белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
2KK
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа
немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған
кезде батареяларды шығарып
алыңыз.
• Батареялар (батарея топтамасы
немесе орнатылған батареялар)
күн сәулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне
ұшырамауы тиіс.
n Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
o Құрылғының үстіне қандай да бір
қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық
толтырылған заттар, жағылған
шырақтар) қоймаңыз.
p Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Түстер штепсельдік ұштағы түстерге сәйкес
келмесе, штепсельдік ұштағы ұштарды келесі
түрде анықтаңыз:
1 Көк сымды N деп таңбаланған немесе
қара түспен боялған ұшына жалғаңыз.
2 Қоңыр сымды L деп таңбаланған немесе
қызыл түсті сымға жалғаңыз.
3 Ешбір сымды E (немесе е) деп
таңбаланған немесе жасыл түске боялған
(немесе жасыл және сары) штепсельдік
ұштағы жерге тұйықтау қысқышына
жалғамаңыз.
Штепсельдік ұштың қақпағын салмас
бұрын, сым ұстатқышының кабельдегі
сымдар бойына ғана емес, кабель бойына
қыстырылғанын тексеріңіз.
ҚК шеңберіндегі авторлық құқық
Материалды жазу және ойнату келісімді
талап етуі мүмкін. 1956 жылғы авторлық
құқықтар актісін және 1958 бен 1972 жылдар
арасындағы Орындаушыларды қорғау актісін
қараңыз.
Біріккен Корольдіктегі
пайдаланушылар үшін маңызды
ескертпелер.
Енгізу сақтандырғышы
Бұл ақпарат тек Ұлыбританияға арналған
штепсельдік ұшы бар өнімдерге қатысты.
Бұл өнімде мақұлданған үлгідегі штепсельдік
ұш бар. Сақтандырғышты ауыстырған
жағдайда, онда төмендегілер болуы керек:
• штепсельдік ұшта көрсетілген мәндер;
• BS 1362 мақұлдауы; және
• ASTA мақұлдау белгісі.
Пайдаланылатын сақтандырғыш түрі сенімді
болмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.
Ескерту: ЭМӨ директивасына сәйкес
(2004/108/EC), штепсельдік ұшты қуат
сымынан ажыратпаңыз.
Штепсельдік ұшты қосу жолы
Қуат сымындағы сымдар келесі түстермен
боялған: көк = бейтарап (N), қоңыр = жанды
(L).
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
• Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
• Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс
ұстаңыз.
• Құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат сымына,
штепсельге немесе адаптерге әрдайым оңай қол
жетуін қамтамасыз етіңіз.
Ескерту
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио
кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер
3KK
немесе түрлендірулер пайдаланушының
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы
мүмкін.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз
өзгертіледі. WOOX кез келген уақытта
бұрынғы жеткізілген жабдықтарды тиісінше
реттеу міндетінсіз өнімдерді өзгерту
құқығын өзінде қалдырады.
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымның
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды
қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды
қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және
адам денсаулығына кері әсерін тигізуден
сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген
қондырылған қайта жандандыруға болатын
батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық
ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды
қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды
қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған
ортаға және адам денсаулығына көрсететін
кері әсерлерден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық:
картон (қорап), көбік полистирол (буфер)
және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік
орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Philips және Philips Shield Emblem —
Koninklijke Philips N.V. компаниясының
тіркелген сауда белгілері және оларды
WOOX Innovations Limited компаниясы
Koninklijke Philips N.V. компаниясынан алған
лицензия бойынша пайдаланады.
«Made for iPod», «Made for iPhone»
және «Made for iPad» деген жазулар
электрондық қосалқы құрал тиісінше iPod,
iPhone немесе iPad құрылғысына жалғау
үшін арнайы жасалғанын және әзірлеуші
Apple өнімділік стандарттарына сәйкестігін
сертификаттағанын білдіреді. Apple бұл
құрылғының жұмысы немесе қауіпсіздік және
құқықтық стандарттарға сәйкестігі үшін
жауапты емес. Бұл қосалқы құралды iPod,
iPhone, немесе iPad құрылғысымен пайдалану
сымсыз жұмыс өнімділігіне әсер ететінін
ескеріңіз.
iPod және iPhone — Apple Inc.
корпорациясының АҚШ пен басқа елдерде
тіркелген сауда белгісі. iPad — Apple Inc.
корпорациясының сауда белгісі.
II сыныпты жабдық таңбасы:
4KK
Қос изоляциясы бар және қорғағыш жерге
қосу қамтамасыз етілмеген II СЫНЫПТЫ
жабдық.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында
орналасқан.
5KK
2 Қондырмалы
Негізгі құрылғыны шолу
ойын-сауық
жүйеңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.
philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Кіріспе
Бұл құрылғы арқылы iPod/iPhone/iPad
құрылғысындағы музыканы қызықтап, радио
мен басқа аудио құрылғыларды тыңдауға
болады.
iPod/iPhone/iPad және радионы оятар
ресурстары етіп орнатуға болады. Екі
оятарды әр түрлі уақытта өшетін етіп
орнатуға болады.
Дыбыс шығысын мына дыбыстық әсерлермен
байытуға болады:
• DSC (сандық дыбысты басқару)
• Динамикалық бассты күшейту (DBB)
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
• Негізгі бөлік
• Басып шығарылған материалдар
abcd
e
q
p
o
n
m
l
f
g
h
i
j
k
a FM антеннасы
b AUDIO IN
• Сыртқы дыбыс құрылғысын қосу.
c USB зарядтау порты
• Жылжымалы құрылғыны (мысалы,
30 істікті Apple құрылғысы немесе
MP3 ойнатқышы, т.б..) USB кабелі
(жинақта жоқ) арқылы зарядтаңыз.
d Ток сымы
e Жарық байланысы бар iPod/iPhone/iPad
құрылғысының қондырмасы
f TUNE+/TUNE- ( / )
• Күтурежимінде сағатты орнату
кезінде уақыт пішімін орнатыңыз
және сағатты/минутты реттеңіз.
• Оятарды орнату кезінде оятар
сағатын және дыбыс деңгейін
реттеңіз, сөйтіп дыбыс көзін
таңдаңыз.
• FM радио станциясын реттеу.
6KK
g OK/
• Қондырма режимінде iPod/iPhone/
iPad ойнатуды бастау немесе кідірту.
• FM режимінде FM стерео немесе FM
моно режимін таңдаңыз.
• FM радио станцияларын қолмен
бағдарламалауды растаңыз.
h PRESET +/PRESET - ( / )
• Алдыңғы/келесі трекке өту.
• Сақтаулы радио станцияны таңдау.
• Қондырма режимінде жылдам алға
айналдыру/артқа айналдыру үшін
басып, ұстап тұрыңыз.
i SOURCE
• Көзді таңдаңыз: DOCK, FM немесе
AUDIO IN.
j AL1/AL2
• Оятқышты орнату.
• Оятқыш параметрлерін көру.
• Оятқыш таймерін іске қосу/ажырату.
k Дисплейлі панель
• Ағымдағы күйін көрсетіңіз.
l SNOOZE/BRIGHTNESS
• Оятқышты кейінге қалдыру.
• Дисплейдің жарықтығын реттеу.
m
• Құрылғыны қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
• Оятарды тоқтату.
n PROG/SCAN ( )
• Радио станцияларды бағдарламалау.
• Радио станцияларды автоматты
түрде іздеу.
• Қондырма режимінде жылдам
алға айналдыру үшін басып, ұстап
тұрыңыз.
o SET TIME ( )
• Күту режимінде айды, күн мен
жылды орнату.
• Басқа режимдерде DBB
(Динамикалық бассты күшейту)
функциясын немесе DSC (Сандық
дыбыс басқару) дыбыстық әсерін
қосу/өшіру.
• Қондырма режимінде жылдам
артқа айналдыру үшін басып, ұстап
тұрыңыз.
p SLEEP
• Ұйқы таймерін орнатыңыз.
q VOL +/VOL - ( / )
• Дыбыс деңгейін арттыру/кеміту.
7KK
3 Жұмысты
бастау
Ескерту
• Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық
қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды
радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты
тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден
осы құрылғының үлгі және сериялық нөмірі
сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі —
құрылғының астыңғы жағында. Осы жерге
нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір
___________________________
Батареяларды орнату
Ескертпе
• Қуат көзі ретінде тек айнымалы ток қуатын
пайдалануға болады. Батареялар (жинақпен
берілмейді) тек қосалқы қуат көзі ретінде
пайдалануға арналған.
1 Батарея бөлімін ашыңыз.
2 AAA өлшемді 2 батареяны
көрсетілгендей дұрыс қаратып (+/-)
салыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.
Ескерту
• Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан,
күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз.
Батареяларды отқа тастамаңыз.
• Батареяның қызмет мерзімінің азаю қаупі бар!
Батареялардың әртүрлі брендтерін немесе түрлерін
ешқашан араластырмаңыз.
• Өнімді бұзып алу қаупі! Қашықтан басқару
құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жағдайда
батареяларды алып тастаңыз.
Қуатты қосу
Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзі кернеуінің
аппараттың астында жазылған кернеуге сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны күту режиміне ауыстыру үшін
түймесін басыңыз.
» Уақыт пен күн (орнатылса)
дисплейге шығады.
Уақыт пен күнді орнату
1 Күту режимінде SET TIME түймесін 2
секунд басып тұрыңыз.
» [24H ] жыпылықтай бастайды, одан
кейін дыбыстық белгі естіледі.
2 12/24 сағаттық пішімді таңдау үшін
TUNE+ немесе TUNE- түймесін
басыңыз.
3 Растау үшін, OK түймесін басыңыз.
» 00:00 дисплейде көрсетіледі, одан
кейін сағат сандары жыпылықтай
бастайды.
4 Сағатты, минутты, күнді, ай мен жылды
орнату үшін 2-3 қадамдарын қайталаңыз.
Кеңес
• 12 сағаттық форматта [MONTH--DAY] дисплейге
шығады.
• 24 сағаттық форматта [DAY--MONTH] дисплейге
шығады.
Ескертпе
• iPod/iPhone/iPad қосылғанда, қондырмадағы
құрылғы iPod/iPhone/iPad құрылғысындағы уақытпен
автоматты түрде синхрондайды.
9KK
4 Ойнату
iPod/iPhone/iPad
құрылғысынан ойнату
Осы құрылғы арқылы iPod/iPhone/iPad
дыбыстарын тыңдауға болады.
Үйлесімді iPod/iPhone/iPad
Құрылғы келесі iPod, iPhone және iPad
үлгілерін қолдайды.
Мыналар үшін жасалған:
• iPod nano (7-буын)
• iPod touch (5-буын)
• iPad (4-буын)
• iPad mini
• iPhone 5
• Ойнатуды уақытша тоқтату/
жалғастыру үшін түймесін
басыңыз.
• Трекке өту үшін / түймесін
басыңыз.
• Ойнату кезінде іздеу үшін, /
немесе PRESET +/PRESET - түймесін
басып тұрыңыз да, қалыпты ойнатуды
жалғастыру үшін босатыңыз.
iPod/iPhone/iPad құрылғысын
зарядтау
Құрылғы қуат көзіне қосылып тұрғанда,
қондырылған iPod/iPhone/iPad зарядтала
бастайды.
Кеңес
• Кейбір iPod модельдері үшін зарядтау көрсеткішінің
көрсетілуіне бір минутқа дейін уақыт кетуі мүмкін.
iPod/iPhone/iPad тыңдау
1 DOCK көзін таңдау үшін SOURCE
түймесін қайта-қайта басыңыз.
2 iPod/iPhone/iPad құрылғысын салу
10KK
Сыртқы құрылғыдан ойнату
Сондай-ақ, осы құрылғы арқылы сыртқы
аудио құрылғыны тыңдауға болады.
1 AUDIO IN ресурсын таңдау үшін
SOURCE түймесін қайталап басыңыз.
2 3,5 мм аудио байланыс кабелін (жинақта
берілмеген) төмендегілерге жалғаңыз:
• құрылғының артындағы AUDIO IN
ұясына (3,5 мм);
• сыртқы құрылғыдағы құлақаспап
ұясына.
» экранда жылжитын [AUDIO IN]
мәтіндік хабары, одан кейін ағымдағы
уақыт көрсетіледі.
3 Құрылғыны ойнатуды бастаңыз
(құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз).
5 Радио тыңдау
Ескертпе
• Бұл құрылғыда тек FM радио сигналын қабылдау
функциясы бар.
Ескертпе
• Сақтаулылар тізіміне 20 станцияға дейін сақтауға
болады.
• Егер алдын ала орнатылған станциялар тізімі толып
кеткен болса, [PROGRAM FULL] (бағдарлама толы)
жазуы экранда жылжиды.
• Егер бос емес орынға радио станция сақталатын
болса, бастапқы радио станцияны ауыстырылады.
Радио станцияға реттеу
Кеңес
• Оңтайлы қабылдау үшін FM антеннасын түгелдей
созып, реттеңіз.
• Антеннаны теледидардан, бейнемагнитофоннан
немесе басқа радиация көзінен мүмкіндігінше алыс
қойыңыз.
• [STEREO] — тюнер режимінің әдепкі параметрі.
• Тюнер режимінде [STEREO] және [MONO]
параметрін ауыстырып қосу үшін OK/ түймесін
қайталап басуға болады, өшірілгеннің немесе
басқа ресурстарға қосылғанның өзінде, құрылғы
параметрді есіне сақтап қалады.
1 FM режимін таңдау үшін SOURCE
түймесін қайталап басыңыз.
2 TUNE+/TUNE- түймесін 2 секундтан
артық басып тұрыңыз.
» Радио күшті қабылдау сигналы бар
келесі станцияға автоматты түрде
реттеледі.
3 Көбірек станцияларды реттеу үшін
2-қадамды қайталаңыз.
• Әлсіз стансаны баптау үшін оңтайлы
қабылдау сигналы табылғанша
TUNE+/TUNE- түймесін қайталап
басыңыз.
Радио станцияларды
бағдарламау
Радио станцияны сақтау радио станцияларды
сақтауға және жылдам таңдаулы станцияны
реттеуге мүмкіндік береді.
Радио станцияларды қолмен
бағдарламалау
1. FM режиміне өту үшін SOURCE түймесін
қайталап басыңыз.
2. Радио станцияға реттеу үшін
TUNE+/TUNE- түймесін басыңыз.
3. PROG/SCAN түймесін басыңыз.
» Орын нөмірі жыпылықтайды.
4. Ағымдағы радио станцияны таңдалған
орынға сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
Кеңес
• Радио станцияны сақтайтын орынды өзгерту үшін
PRESET +/PRESET - түймесін басыңыз.
Радио станцияларды автоматты
түрде бағдарламалау
1 FM режиміне өту үшін SOURCE
түймесін қайталап басыңыз.
2 PROG/SCAN түймесін басып тұрыңыз.
» Экраннан [AUTO] (автоматты)
көрсетіледі.
» Құрылғы барлық қол жетімді радио
станцияларды қарап шыға бастайды,
одан кейін оларды сақтаулылар
тізіміне сақтайды.
3 Автоматты қарап шығу аяқталғанша күтіңіз.
» Сақтаулылар тізіміндегі бірінші
станциядан хабар автоматты түрде
таратылады.
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау
1 Алдын ала орнатылған нөмірді таңдау
үшін / түймесін басыңыз.
11KK
6 Басқа
мүмкіндіктер
Кеңес
• Егер DOCK оятардың дыбыс көзі ретінде таңдалса,
құрылғы қондырмаға қойылмаған болса, оятар
автоматты түрде шырылдайтын күйге ауысады.
• Егер екі оятар да бір уақытқа қойылса, 1-оятар ғана
шырылдайды.
Оятқыш таймерін орнату
Екі дабылды әр түрлі уақытқа қоюға болады.
Ескертпе
• Сағаттың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1 AL1 немесе AL2 түймесін басып
тұрыңыз.
» Сағат сандары жыпылықтай
бастайды, одан кейін бір дыбыстық
белгі естіледі.
» [AL SET] (оятар орнатылған) жазуы
экранда жыпылықтай бастайды.
2 Сағатты орнату үшін, TUNE+/TUNE-
түймесін қайта-қайта басыңыз.
3 Растау үшін, OK түймесін басыңыз.
» Минут сандары жыпылықтай
бастайды.
» [AL SET] (оятар орнатылған) жазуы
экранда жыпылықтай бастайды.
4 Минутты орнату, дабыл қоңырауы
шалынатын уақытты таңдау және дабыл
дыбысының көзі мен дабыл дыбыс
деңгейін таңдау үшін 2-3-қадамдарды
қайталаңыз.
Оятардың дыбыс деңгейі қойылған соң,
құрылғы оятар қоюдан шығады, одан кейін
екі дыбыстық белгі естіледі.
Оятқыш параметрлерін қарап шығу
Оятар параметрлерін көру үшін AL1 немесе
AL2 түймесін басыңыз.
Оятар таймерін іске қосу/өшіру
Оятар параметрі экраннан көрсетілгенде,
таймерді іске қосу не өшіру үшін AL1/AL2
түймесін қайталап басыңыз.
» Егер таймер іске қосылса, [ AL 1]
немесе [ AL2] көрсетіледі.
» Егер таймер өшірілсе, [ AL1]
немесе [ AL2] өшеді.
Қалғу
Оятқыш дыбысы шыққанда SNOOZE
түймесін басыңыз.
» Оятар тоқтайды, одан кейін оятар
белгішесі жыпылықтайды.
» Оятар 9 минуттан кейін қайта
шырылдайды.
Ескертпе
• Батареяларды жұмысқа пайдаланғанда, оятарлар
дыбыс көзі ретінде тек шырылдағыш болып
пайдаланылады.
12KK
Дабыл шырылын тоқтату
Дабыл шырылдағанда, сәйкесінше AL1
немесе AL2 түймесін басыңыз.
» Оятқыш тоқтайды, бірақ оятқыш
параметрлері қалады.
Кеңес
• Оятарды тоқтату үшін де түймесін басуға болады.
Құрылғы соңғы таңдалған ресурсқа ауысады.
• Егер түймесін басып тұрсаңыз, оятар да тоқтайды,
одан кейін құрылғы күту режиміне шығады.
• Егер оятарды тоқтатпасаңыз, ол 30 минут
шырылдайды.
• Оятар шырылдағанда, ол төмен дыбыс деңгейімен
басталып, ең жоғарғы дыбыс деңгейіне 90 секундтан
кейін көтеріледі.
Ұйқы таймерін орнату
Бұл құрылғы күту режиміне белгіленген уақыт
кезеңінен кейін қосыла алады.
120, 90, 60, 45, 30 және 15 минутты таңдау
үшін SLEEP түймесін қайталап басыңыз.
» Ұйқы таймері іске қосылса, дисплей
көрсетеді.
Ұйқы таймерін өшіру үшін
1 [OFF] (өшіру) көрінгенше, SLEEP
түймесін қайта-қайта басыңыз.
» Ұйқы таймері өшірілсе,
дисплейден өшеді.
Дисплей жарықтығын
реттеу
Оятар шырылдап жатпағанда дисплей
жарығының әр түрлі деңгейлерін таңдау үшін
BRIGHTNESS түймесін қайталап басыңыз.
13KK
7 Дыбыс реттеу
Дыбыс деңгейін реттеу
Ойнап тұрғанда дыбыс деңгейін біртіндеп
көбейту/азайту үшін VOL +/- түймесін
басыңыз.
Кеңес
• Дыбыс деңгейін жылдамырақ көбейту/азайту үшін
VOL +/- түймесін басып тұрыңыз.
Дыбыс әсерін таңдау
Ойнап тұрғанда сақтаулы дыбыстық әсерді
таңдау және динамикалық басс жақсарту
функциясын қосу/өшіру үшін SET TIME
түймесін қайталап басыңыз.
қатынасы
Іздеу сезімталдығы>28 дБф
Гармоникалық мазмұн<2%
Сигнал-шу арақатынасы>50 дБ
600 мВ ОКМ, 22
кОм
108 МГц
<22 дБф
<43 дБф
Жалпы ақпарат
Айнымалы ток қуаты110-240
В~, 50/60
Гц
Жұмыс үшін қуат тұтынуы30 Вт
Күту режимінде қуат тұтынуы
(сағат дисплейі)
Мөлшері
- Негізгі құрылғы (Е x Б x Қ)260 x 137
Салмағы (Негізгі құрылғы,
орамсыз)
<1 Вт
x 185 мм
1,13 кг
Динамиктер
Үндеткіштің номиналдық
қарсылығы
Үндеткіш драйвері58 мм толық
Сезімталдық83 дБ/1 м/1 Вт
4 Ом
ауқым
15KK
9 Ақаулықтарды
жою
Ескерту
• Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
проблемалар орын алса, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips
веб-торабына (www.philips.com/support)
өтіңіз. Philips компаниясына хабарласқанда,
құрылғының қол жетімді жерде екеніне
және үлгі нөмірі мен сериялық нөмір көрініп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қуат жоқ
•Құрылғының айнымалы ток қуат
штепселінің дұрыс қосылуын қамтамасыз
етіңіз.
•АТ розеткасында қуат болуын
қамтамасыз етіңіз.
•Батареялардың дұрыс салынғанына көз
жеткізіңіз.
Дыбыс жоқ
•Дыбыс деңгейін реттеңіз.
•Құрылғының автоматты қарап шыққанын
тексеріңіз. Автоматты қарап шығу
барысында дыбыс өшірілген.
Құрылғыдан жауап жоқ
•Батареяларды (салынған болса) негізгі
құрылғыдан алып, АТ қуат сымын
ажыратып, қайта қосыңыз, одан кейін
құрылғыны қайтадан қосыңыз.
Нашар радио сигналын қабылдау
•Құрылғы мен теледидар немесе
бейнемагнитофон арасындағы
қашықтықты көбейтіңіз.