Philips AJ3275DZ/12 Instructions for use [kz]

Page 1
Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
AJ3275DZ
Қолданушының нұсқасы
Page 2
Page 3
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Батареяларды жұтып қою қаупі бар 2
2 Сіздің радиосағатыңыз 3
Кіріспе 3 Қораптың құрамы 3 Радиосағаттың жалпы шолуы 4
3 Жұмысты бастау 5
Батареяны салу 5 Қуатты қосу 5 Сағатты орнату 6
4 iPod/iPhone құрылғысынан ойнату 7
Үйлесімді iPod/iPhone 7 iPod/iPhone құрылғысындағы дыбысты тыңдау 7 iPod/iPhone құрылғысын зарядтау 8 Дыбыс деңгейін реттеу 8
5 FM радионы тыңдау 9
FM радио станцияларын реттеу 9 FM радио станцияларын автоматты түрде сақтау 9 FM радио станцияларын қолмен сақтау 9 Алдан ала орнатылған радио станцияны таңдау 9
9 Ескерту 14
6 Басқа мүмкіндіктер 10
Оятар таймерін орнату 10 Ұйқы таймерін орнату 10 Дисплей жарықтығын реттеу 11
7 Өнім туралы ақпарат 12
Ерекшеліктер 12
8 Ақаулықтарды жою 13
1KK
Page 4
1 Маңызды
ақпарат
Абайлаңыз
Бұл радио-сағаттың корпусын ешқашан алмаңыз.
Осы радио-сағаттың ешбір бөлігін ешқашан
майламаңыз.
Бұл радио-сағатты ешқашан басқа электр
құрылғының үстіне қоюшы болмаңыз.
Бұл радио-сағатты күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызатын жерлерден алыс ұстаңыз.
Радио-сағатты қуат көзінен ажырату үшін, қуат
сымына, ашаға немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
Желдету үшін өнім айналасында жеткілікті бос орын бар екендігін тексеріңіз.
Осы радио-сағат үстіне судың тамшылауына немесе шашырауына жол беруге болмайды.
Радиосағаттың үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық құйылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Direct Plug-in адаптерінің ашасы ажырату құрылғысы ретінде пайдаланылатын жерде, ажырату құрылғысы пайдалануға дайын болып қалуы керек.

Батареяларды жұтып қою қаупі бар

Өнімде немесе қашықтан басқару құралында жұтылып кетуі мүмкін түйме тәрізді батарея болады. Барлық жағдайда батареяны балалардан аулақ ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі бар.
Батареяны жұтып қойды немесе денесінің басқа жеріне кіріп кетті деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Батареяны ауыстыру кезінде, барлық жаңа және ескі батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін, батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын тексеріңіз.
Егер батарея бөлімін жақсылап жабу мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
2 KK
Page 5
2 Сіздің
радиосағатыңыз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www. philips.com/welcome торабында тіркеңіз.

Кіріспе

Осы радиосағатпен келесі әрекеттерді орындай аласыз:
Аудио құрылғылардан дыбысты тыңдау
FM радио станцияларын тыңдау
Оятар таймерін немесе ұйқы таймерін орнату

Қораптың құрамы

Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
Сағат радиосы
Айнымалы ток/тұрақты ток адаптері
Қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы
Қауіпсіздік және ескертпелер парағы
www.philips.com/support
Short User Manual
www.philips.com/support
Safety Sheet
3KK
Page 6

Радиосағаттың жалпы шолуы

a b c d e f g
k
j
i
h
o
n
m
l
a iPod/iPhone қондырмасы b iPhone
• iPod/iPhone көзін таңдаңыз.
c SCAN/PROG/SET TIME
• FM радиостанцияларын қолмен іздеу.
• Радио станцияларды бағдарламалау.
• Уақытты орнату.
d SLEEP
• Ұйқы таймерін орнату.
e - VOL/VOL +
• Дыбыс деңгейін реттеу.
f AL1/AL2
• 1-дабылды немесе 2-дабылды қосу
немесе өшіру.
g SNOOZE/BRIGHTNESS
• Шылдырлағанда дабылды кейінге
қалдыру.
• СКД дисплейдің жарықтығын реттеу.
h СКД дисплейдің панелі i RADIO
• FM радиосының көзін таңдау.
j - MIN/MIN +/PRESET
• Минутты реттеу.
• Алдын ала орнатылған
радиостанцияларды таңдау.
k - HR/HR +/TUNING
• Сағатты реттеу.
• FM радио стансаларын баптаңыз.
l DC IN 5V m AL1/AL2
• Дабыл дыбысын таңдау.
n FM ANT o Батарея бөлімі
4 KK
Page 7
3 Жұмысты
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті бойынша орындаңыз.
Батареяны ауыстыру үшін

Батареяны салу

Абайлаңыз
Жарылу қаупі бар! Батареяны қызудан, күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз. Ешқашан батареяны отқа тастамаңыз.
Батарея дұрыс ауыстырылмаса жарылу қаупі болады.
Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
Батареяда химиялық заттар бар, сондықтан оларды
дұрыс тастау керек.
Ескертпе
Қуат көзі ретінде тек айнымалы ток қуатын
пайдалануға болады. CR2032 литий батареясы сағат және дабыл параметрлерінің ғана сақтық көшірмесін жасай алады.
Қуат ажыратылған кезде дисплейдің артқы жарығы
өшеді.
Бірінші рет пайдалану үшін
Батареяны іске қосу үшін қорғаныш құлақшаны алыңыз.

Қуатты қосу

Ескерту
Өнімді бұзып алу қаупі! Электр кернеуінің
радиосағаттың артқы немесе түп жағында басылған кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Ток соғу қаупі бар! Айнымалы ток адаптерін
ажыратқанда, ашаны әрқашан розеткадан суырыңыз. Сымды ешқашан тартпаңыз.
5KK
Page 8

Сағатты орнату

1
Күту режимінде SET TIME түймесін екі секунд бойы басып тұрыңыз.
2 12/24 сағаттық форматты таңдау үшін
- HR/HR + (немесе - MIN/MIN +)
түймесін басыңыз.
3 Растау үшін SET TIME түймесін басыңыз.
» Сағат пен минут сандары
жыпылықтайды.
4 Тиісті сағат пен минутты орнату үшін -
HR/HR + және - MIN/MIN + түймелерін
басыңыз.
5 Растау үшін қайтадан SET TIME түймесін
басыңыз.
Ескертпе
iPod/iPhone құрылғысы қосылған кезде радио-
сағат iPod/iPhone уақытымен автоматты түрде синхрондалады.
2 sec
6 KK
Page 9
4 iPod/iPhone
құрылғысынан ойнату
Осы радио-сағат арқылы iPod/iPhone дыбысын тыңдауға болады.

Үйлесімді iPod/iPhone

Радио-сағат мына iPod және iPhone үлгілеріне қолдау көрсетеді: Мыналар үшін жасалған.
iPod touch (5-буын)
iPod nano (7-буын)
iPhone 6 Plus
iPhone 6
iPhone 5
iPhone 5s
iPhone 5c

iPod/iPhone құрылғысындағы дыбысты тыңдау

1
iPod/iPhone құрылғысын докқа қойыңыз.
2 iPod/iPhone режиміне кіру үшін iPhone
түймесін басыңыз.
3 iPod/iPhone құрылғысындағы дыбысты
ойнатыңыз.
• Тректі өткізіп жіберу үшін - HR/HR + (немесе - MIN/MIN +) түймесін басыңыз.
• Ойнату кезінде іздеу үшін - HR/HR + (немесе - MIN/MIN +) түймесін басып тұрыңыз да, қалыпты ойнатуды жалғастыру үшін босатыңыз.
Кеңес
Күту режиміне ауысу үшін iPhone түймесін қайта
басыңыз.
iPod/iPhone құрылғысын алу:
iPod/iPhone құрылғысын доктан тартып шығарыңыз.
7KK
Page 10

iPod/iPhone құрылғысын зарядтау

Радио-сағат қуат көзіне қосылған кезде докқа қойылған iPod/iPhone зарядтала бастайды.

Дыбыс деңгейін реттеу

Дыбыс деңгейін реттеу үшін - VOL/VOL + түймесін басыңыз.
8 KK
Page 11
5 FM радионы
тыңдау
2 Осы SCAN/PROG түймесін екі секунд
бойы басып тұрыңыз.
» Радиосағат барлық қол жетімді
FM радиостанцияларын сақтайды және бірінші қолжетімді станцияны автоматты түрде таратады.

FM радио станцияларын реттеу

Кеңес
Антеннаны теледидардан немесе басқа радиация
көзінен мүмкіндігінше алыс қойыңыз.
Жақсырақ қабылдау үшін, антеннаны толық шығарып,
орнын дұрыстаңыз.
TUNING
TUNING +/-
HR HR
RADIO
Ескертпе
Радионы қосу немесе өшіру үшін RADIO түймесін
басыңыз.

FM радио станцияларын қолмен сақтау

1
FM радиостанциясын реттеу.
2 SCAN/PROG түймесін басыңыз.
» TАлдын ала орнатылған сан
жыпылықтай бастайды.
3 Нөмірді таңдау үшін PRESET +/-
түймесін қайта-қайта басыңыз.
4 Растау үшін қайтадан SCAN/PROG
түймесін басыңыз.
5 Басқа станцияларды сақтау үшін
1-4-қадамдарды қайталаңыз.
Ескертпе
Алдын ала сақталған станцияны алып тастау үшін
оның орнына басқа станцияны таңдаңыз.

Алдан ала орнатылған радио станцияны таңдау

Тюнер режимінде алдын ала орнатылған радиостанцияны таңдау үшін PRESET +/- түймесін басыңыз.

FM радио станцияларын автоматты түрде сақтау

Ең көбі 20 FM радиостанциясын сақтауға болады.
1 Радионы қосу үшін RADIO түймесін
басыңыз.
9KK
Page 12
6 Басқа
мүмкіндіктер

Оятар таймерін орнату

Кеңес
Дабыл уақыты келгенде және сіз iPod/iPhone
құрылғысынан радионы немесе аудионы тыңдап жатсаңыз, зумменді тек дабыл дыбысы ретінде белсендіру мүмкін болады.
Егер iPod/iPhone құрылғысын дабыл көзі ретінде
таңдаған болсаңыз, бірақ iPod/iPhone қосылмаған болса, зуммер дабыл уақыты келгенде шығады.
Екі оятқышты әр түрлі уақытта сигнал шығаруға орнатуға болады.
Ескертпе
Сағаттың дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
1 Оятар орнату режимін енгізу үшін
AL1/AL2 түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
» Сағат пен минут сандары
жыпылықтайды.
» Сәйкесінше
немесе көрсетіледі.
2 Тиісті сағат пен минутты орнату үшін
- HR/HR + және - MIN/MIN + түймесін
басыңыз.
3 Растау үшін қайтадан AL1/AL2 түймесін
басыңыз.

Оятқыш дыбысын таңдау

Оятар дыбысы үшін дыбыстық белгіні, соңғы тыңдаған радионы немесе iPod/iPhone құрылғысында ойналған әнді таңдауға болады.

Оятар таймерін іске қосу/ажырату

1 Оятқыш параметрлерін көру үшін,
AL1/AL2 түймесін басыңыз.
2 Оятқыш таймерін іске қосу немесе
ажырату үшін, AL1/AL2 түймесін қайтадан басыңыз.
»
немесе оятқыш таймері қосулы болса көрсетіледі және өшірулі болса кетеді.
• Оятқышты тоқтату үшін, сәйкес AL1/AL2 түймесін басыңыз.
» Оятқыш қоңырау келесі күні
қайтадан соғылады.

Оятқышты кейінге қалдыру

Оятқыш дыбысы шыққанда, SNOOZE түймесін басыңыз.
» Оятар кейінге қалдырылып,
тоғыз минуттан кейін қайтадан шырылдайды.

Ұйқы таймерін орнату

10 KK
Осы радиосағат алдын ала орнатылған кезеңнен кейін күту режиміне автоматты түрде ауыса алады.
Ұйқы таймерінің кезеңін (минуттар түрінде) таңдау үшін, SLEEP түймесін қайта-қайта басыңыз.
» Ұйқы таймері іске қосылғанда,
көрсетіледі.
Page 13
Ұйқы таймерін ажырату үшін:
[OFF] (ажырату) пайда болғанша SLEEP түймесін қайта басыңыз.
15 30 60 90 120

Дисплей жарықтығын реттеу

Дисплей жарықтығын реттеу үшін SNOOZE/ BRIGHTNESS түймесін қайталап басыңыз.
OFF
11KK
Page 14
7 Өнім туралы
ақпарат
Ескертпе
Өнім туралы ақпарат алдын ала ескертусіз
өзгертіледі.

Ерекшеліктер

Күшейткіш

Номиналды шығыс қуаты 2W RMS

Теңшегіш

Реттеу ауқымы (FM) 87,5 - 108 МГц Реттеу торы 50 кГц Сезімталдық
- Моно, 26 дБ С/Ш
қатынасы
- Стерео, 46 дБ С/Ш
қатынасы Іздеуді таңдау мүмкіндігі >28 дБф Жалпы гармоникалық
бұрмаланулар Сигнал-шу арақатынасы >50 дБА
<22 дБф
>43 дБф
<3%
Жұмыс үшін қуат тұтынуы
Күту режимінде қуат тұтынуы
Ең жоғарғы iPod/iPhone үшін жүктеме
Өлшемдер - негізгі құрылғы (Е x Б x Қ)
Салмағы - негізгі құрылғы
<10 Вт
< 2 Вт
1 A
5 В
130 x 76 x 145 мм 0,55 кг

Жалпы ақпарат

АТ қуаты Үлгі: AS100-050-
AЕ200; Кіріс: 100­240 В ~, 50/60Гц, 0,5 A;Шығыс: 5 В
2 А
Батарея (тек қосалқы ретінде)
12 KK
CR2032 3 В
Page 15
8 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Бұл құрылғыны пайдалану кезінде мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб­бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips компаниясына хабарласқанда, құрылғының жақында болуын және үлгі нөмірі мен сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыдан жауап жоқ
Айнымалы ток қуат штепселін ажыратып, қайта қосыңыз, одан кейін жүйені қайтадан қосыңыз.
Нашар радио сигналын қабылдау
Құрылғы мен теледидар немесе басқа радиация көздерінің арасындағы қашықтықты арттырыңыз.
FM антеннасын толығымен ұзартыңыз.
13KK
Page 16

9 Ескерту

Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай. WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
«iPod үшін жасалған» және «iPhone үшін жасалған» электрондық қосалқы құралдың арнайы iPod немесе iPhone құрылғысына қосылу үшін жасалғанын, сәйкесінше Apple өнімділік стандарттарына сәйкес келу үшін әзірлеуші тарапынан куәландырылғанын білдіреді. Apple компаниясы бұл құрылғының жұмысына немесе оның қауіпсіздік және нормалық стандарттарға сәйкестігіне жауапты емес. Осы қосалқы құралды iPod немесе iPhone құрылғысымен пайдалану сымсыз жұмысқа әсер етуі мүмкін екендігін ескеріңіз. iPod және iPhone — Apple Inc. корпорациясының АҚШ-та және басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.
Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/ EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EC еуропалық директивасына сай келетін, қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді. Электр және электрондық бұйымдар мен батареяларға арналған жергілікті жеке жинау жүйесінің ережелерімен танысыңыз. Жергілікті ережелерді орындаңыз және бұйымдар мен батареяларды қалыпты тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі бұйымдар мен батареяларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге көмектеседі.
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
Тасталатын батареяларды шығарып алу үшін батареяны орнату тарауын қараңыз.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.) Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
14 KK
Page 17
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш жерге қосу қамтамасыз етілмеген II СЫНЫПТЫ жабдық.
15KK
Page 18
2015 © WOOX Innovations Limited. Барлық құқықтары қорғалған.
Philips және Philips Shield Emblem — Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері және оларды WOOX Innovations Limited компаниясы Koninklijke Philips N.V. компаниясынан алған лицензия бойынша пайдаланады.
AJ3275DZ_12_UM_V1.0
Loading...