Philips AEA1000 User Manual [kk]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
AEA1000
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Маңызды қауіпсіздік ақпараты 2 Ескерту 3
2 InRange құрылғыңыз 5
Кіріспе 5 Қораптың құрамы 5 InRange құрылғыңыз 5
3 Дайындау 6
iPhone 4S/iPhone 5 және жаңа iPad
құрылғысын дайындау 6 InRange құрылғысын дайындау 6 Bluetooth байланысын орнату 7
4 Пайдалану 9
iPhone 4S/iPhone 5/Жаңа iPad
немесе InRange құрылғысын табу 9 iPhone 4S/iPhone 5/Жаңа iPad және
InRange құрылғысы ауқымнан тыс
болғанда сізге ескерту 10 Ескертулері жоқ қауіпсіз ауқымды
белгілеу 10
Қазақша
5 Өнім туралы ақпарат 12
6 Ақаулықтарды жою 13
KK
1
1 Маңызды
ақпарат

Маңызды қауіпсіздік ақпараты

Бұл құжаттың аудармасы тек анықтама ретінде берілген.
Ағылшын нұсқасы мен аударылған нұсқасы арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда ағылшын нұсқасы басымырақ болады.
Ескерту
БАТАРЕЯ ДҰРЫС ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛМАСА,
ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БАР.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ
НҰСҚАУЛАРҒА СӘЙКЕС ҚОҚЫСҚА ТАСТАҢЫЗ.
Зақымды немесе ақаулықты болдырмау үшін:
Құрылғыны жылыту жабдығы немесе тікелей
күн сәулесінен туындайтын қатты ыстық жерде пайдаланбаңыз.
Құрылғыны түсіріп алмаңыз немесе үстіне басқа
заттардың түсуіне жол бермеңіз.
Құрылғыны суға салдырмаңыз. Батареясалғышқа су
кіргізіп алмаңыз, себебі су құрылғыға қатты зақым келтіруі мүмкін.
Жақын жердегі белсенді ұялы телефондар кедергі
келтіруі мүмкін.
Құрамында спирт, аммиак, бензин немесе абразивті
заттары бар тазартқыш құралдарды қолданбаңыз, себебі олар құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғыға заттар құлаған немесе құрылғы дұрыс істемеген кездер секілді қандайда жағдайда құрылғы зақымдалғанда қызмет көрсету жұмыстары қажет.
Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс.
Құрылғының үстіне қандайда бір қауіпті заттар (мысалы, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Осы құрылғының кішкентай бөлшектерін нәрестелер немесе кішкентай балалар жұтып қоюы мүмкін. Осы бөлшектерді балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жұмыс істеу және сақтау температурасы туралы
Температурасы әрқашан 0 және 35ºC (32 - 95ºF) арасында болатын жерде қолданыңыз
Температурасы әрқашан -20 және 45ºC (-4 - 113ºF) арасында болатын жерде сақтаңыз.
Батареяның жарамдылығы төмен температура шарттарында қысқаруы мүмкін.

Бөлшектерді/қосалқы құралдарды ауыстыру туралы

Қосалқы бөлшектерге/керек-жарақтарға тапсырыс беру үшін www.philips.com/support веб-торабына кіріңіз.

Батареяларды жұтып қою қаупі бар!

Құралда жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда батареяны балалардан аулақ ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі бар.
Батареяны жұтып қойды немесе денесінің басқа жеріне кіріп кетті деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Батареяны ауыстыру кезінде, барлық жаңа және ескі батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін,
2 KK
батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын тексеріңіз.
Егер батарея бөлімін жақсылап жабу мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.

Ескерту

Осы құжат арқылы WOOX Innovations компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны www.philips.com/support сайтынан табуыңызға болады.
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Philips және Philips Shield Emblem — Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері және оларды WOOX Innovations Limited компаниясы Koninklijke Philips N.V. компаниясынан алған лицензия бойынша пайдаланады.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі. WOOX кез келген уақытта бұрынғы жеткізілген жабдықтарды тиісінше реттеу міндетінсіз өнімдерді өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Қазақша
KK
3
Loading...
+ 11 hidden pages