Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз
бар ма? Philips
компаниясына
хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
AE2600
Қолданушының
нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2
Ескерту 3
2 Тасымалы радио 4
Қораптың құрамы 4
Кіріспе 4
Негізгі құрылғыны шолу 5
3 Жұмысты бастау 6
Қуатты қосу 6
Сағатты орнату 7
Қосу 7
4 Радио тыңдау 8
FM/MW диапазонын таңдау 8
Радио станцияға реттеу 8
Радио станцияларды автоматты
түрде бағдарламалау 8
Радио станцияларды қолмен
бағдарламалау 8
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау 9
Қазақша
5 Басқа мүмкіндіктер 10
Дыбыс деңгейін реттеу 10
Құлақаспап арқылы тыңдау 10
6 Өнім туралы ақпарат 11
Тюнер 11
Жалпы ақпарат 11
7 Ақаулықтарды жою 12
KK
1
1 Маңызды
Есту қауіпсіздігі
ақпарат
Қауіпсіздік
• Желдету үшін өнім айналасында
жеткілікті бос орын бар екендігін
тексеріңіз.
• Тек өндіруші көрсеткен қосымша
құралдарды немесе аксессуарларды
қолданыңыз.
• Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене
жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе
өнімнің зақымдалуын болдырмау үшін:
• Батареяларды өнімде белгіленгендей
+ және - белгілері бойынша
дұрыстап салыңыз.
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа
немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Өнім ұзақ уақыт пайдаланылмаған
кезде батареяларды
шығарып қойыңыз.
• Батареяларды күн сәулесі, от
немесе т.с.с сияқты артық қызу
көзіне шығармау керек.
• Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы
тізімде берілген қуат көздерімен
қолданыңыз.
• Өнімге сұйықтық тамшыламауы немесе
шашырамауы тиіс.
• Өнімнің үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
• Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
A pleine puissance, l’écoute prolongée
du baladeur peut endommager
l’oreille de l’utilisateur.
Абайлаңыз
• Есту қабілетіне келетін ықтимал зақымның алдын
алу үшін жоғары дыбыс деңгейімен ұзақ уақыт
тыңдамаңыз.
Құлақаспаптың максималды шығыс
кернеуі 150 мВ-тан аспайды.
Орташа дыбыс деңгейінде тыңдаңыз.
• Құлақаспаптарды жоғары дыбыс
деңгейінде пайдалану есту қабілетіңізді
нашарлатады. Бұл өнім дыбыстарды
бір минуттан аз тыңдаған қалыпты
адамның есту қабілетінің жоғалуына
себеп болатын децибелдің ауқымда
шығарады. Жоғары децибелдік ауқымдар
есту қабілеті бұрыннан нашар адамдарға
ұсынылады.
• Дыбыс алдамшы болуы мүмкін. Уақыт
өткен сайын естуге «қолайлы деңгейіңіз»
жоғары дыбыс деңгейіне бейімделеді.
Ұзақ уақыт тыңдағаннан кейін
«қалыпты» дыбыстар қатты естілуі және
есту органдарыңызға зиянды болады.
Бұдан қорғану үшін есту органыңыз
бейімделместен бұрын дыбыс деңгейін
қауіпсіз деңгейге орнатып, солай
қалдырыңыз.
Қауіпсіз дыбыс деңгейін орнату үшін:
• Дыбыс деңгейін реттегішті төмен
параметрге орнатыңыз.
• Дыбысты жақсы және бұрмаланусыз
анық естігенге дейін баяулап көбейтіңіз.
2 KK
Бірқалыпты уақыт аралығында тыңдаңыз:
• Дыбысты ұзақ уақыт, тіпті «қауіпсіз»
деңгейде тыңдау, есту қабілетінің
жоғалуына себеп болады.
• Жабдықты бірқалыпты пайдаланыңыз
және тиісті үзілістер жасаңыз.
Құлақаспап пайдаланған кезде
төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
• Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы
уақыт аралығында тыңдаңыз.
• Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен
дыбыс деңгейін реттемеңіз.
• Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз,
айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
• Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият
болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
Құлақаспапты көлік жүргізгенде,
велосипед, скейтборд т.б. пайдаланғанда
қолданбаңыз; апатты жағдай туғызады
және көптеген аймақтарда заңсыз
болып табылады.
Динамик шығысынан басымдығы
төменірек құлақаспап шығысы жай
қосымша опция болып табылады.
Ескерту
WOOX Innovations тікелей рұқсат
бермеген құрылғыға енгізілген қандайда
бір өзгерістер немесе түрлендірулер
пайдаланушының жабдықты пайдалану
құқығынан айыруы мүмкін.
Еуропалық одақ үшін ескертпе
Осы құжат арқылы WOOX Innovations
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары
мен басқа да тиісті ережелеріне
сәйкес келетінін мәлімдейді.
Ескірген өнімді тастау
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар
мен бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/
EU еуропалық директивасы арқылы
қамтылатынын білдіреді. Электр және
электрондық бұйымдардың қалдықтарын
жинау жөніндегі жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді
орындаңыз және бұйымдарды әдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Ескі бұйымдарды қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және
адам денсаулығына тиетін зиянды
әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
II сыныпты жабдық таңбасы
Бұл таңба осы өнімде екі еселік оқшауланған
жүйенің бар екендігін көрсетеді.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға
оңай ажыратылатын етіп жасауға
тырыстық: картон (қорап), көбік
полистирол (буфер) және полиэтилен
(дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
Қазақша
KK
3