Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
AE1125
KK Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
2 Тасымалы радио 3
Қораптың құрамы 3
Қуат көзі 3
Өшіру 4
3 Портативті радионы пайдалану 5
Радио тыңдау 5
Ұялы телефонды зарядтау 5
Ni-MH батареялар жинағын зарядтау 6
Шамды қосу 7
Дабылды қосу 7
4 Өнім туралы ақпарат 8
5 Ақаулықтарды жою 9
6 Ескерту 10
1KK
1 Маңызды
ақпарат
• Осы нұсқауларды оқыңыз.
• Барлық ескертулерді ескеріңіз.
• Барлық нұсқауларды орындаңыз.
• Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
• Радиаторлар, жылытқыштар, пештер
немесе жылу шығаратын басқа
құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер)
сияқты жылу көздеріне жақын
орнатпаңыз.
• Тек өндіруші көрсеткен қосымша/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
• Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Құрылғы қандай да бір жолмен
зақымданғанда, мысалы, құрылғыға
сұйықтық төгіліп кеткен немесе
бір заттар құлап түскенде, құрылғы
жаңбырдың астында немесе ылғалда
қалғанда, қалыпты жұмыс істемей
тұрғанда немесе құлап кеткенде қызмет
көрсету қажет.
• Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене
жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе
құрылғының бүлінуін болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды +
және - полюстерін құрылғыда
белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа
немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған
кезде батареяларды шығарып
алыңыз.
• Батареялар (батарея топтамасы немесе
орнатылған батареялар) күн сәулесі, от
немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу
әсеріне ұшырамауы тиіс.
• Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
• Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Ішкі батареяны алу үшін өнімді әрдайым
кәсіпқой маманға апарыңыз. ( -сурет))
2 KK
2 Тасымалы
радио
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.
philips.com/support торабында тіркеңіз.
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
( -сурет))
b
Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден
осы құрылғының үлгі және сериялық нөмірі
сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі —
құрылғының астыңғы жағында. Осы жерге
нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір _______________________
Сілтілі батареялардан жұмыс
істеткізу
1 Батарея бөлімін ашыңыз.
2 3 x 1,5 В АAA батареясын (жинақпен
берілмейді) суретте көрсетілгендей
дұрыс полярлықпен (+/-) салыңыз. (
-сурет))
3 Батарея бөлімін жабыңыз.
4 Қуат көзінің қосқышын B AT T күйіне
жылжытыңыз. ( -сурет))
» Портативті радио сілтілі
батареялардан жұмыс істейді.
Қуат көзі
Ескерту
• Батареяларда химиялық заттар болуы мүмкін,
сондықтан оларды дұрыс тастау керек.
Портативті радионы жұмыс істеткізу үшін
сілтілі батареяларды немесе кірістірілген NiMH батареялар жинағын пайдалануға болады.
3KK